Мәйекті

БИЛІКТЕ БҮГІН БІРАЗ АУЫС-ТҮЙІС БОЛУЫ МҮМКІН

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгін Үкіметте біраз ауыс-түйіс болуы мүмкін, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың орнына әкім болып «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалуы мүмкін.

Бұдан бөлек Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері ауысады деп күтілуде.  Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің орнына Президент әкімшілігі басшысының қазіргі орынбасары Құмар Ақсақалов, ал Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің орынына премьер-министр канцеляриясының жетекшісі Ерлан Кошанов тағайындалуы мүмкін. Басқа да облыстардың басшылары ауысады деп күтілуде.

Осы ауыс-түйіс кезінде Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев те креслосымен қоштасуы ықтимал деп жатқандар бар. 

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

37 пікір 1171 рет оқылды Қосылған: 14.03.17
    • #1
    • маңғыстаулық
    • сс, 14/03/2017 - 11:15

    Алик мырза менен Мұқтар мырзаларды бүгін ауыстырмау керек еді дұрыс Аликтіңде Мұқтардың да елге еңбектері бар бірақ бүгін Маңғыстау обылысында көрісіу күні жылда Алик мырза жергілікті халықтың салты дегендеи бүгін ол отпан тауға барып үлкен ақсақалдар менен көрісіу керек дегенім енді көңлі түсетін болды Алик мырзаның

    • #2
    • Еркін
    • сс, 14/03/2017 - 11:18

    Бір ұрының орның екінші ұрымен ауыстырғаннан не өзгереді? Бұлардың бəрінің орны түрме.

    • #3
    • Астаналық
    • сс, 14/03/2017 - 11:20

    Қосылғыштың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді ...

    • #4
    • Мурат
    • сс, 14/03/2017 - 11:33

    Еркiнге 100% келicем. Казак елiне улкен саяасый озгерiс керек!

    • #5
    • Ауылдық
    • сс, 14/03/2017 - 11:50

    Біреуі кетіп, орнына екіншісі ауысып келгенімен ешнәрсе өзгермейді. Тек қана үстіндегі шапаны мен бетіндегі маскасын ауыстып киіп алғанмен бірдей. Барлығы да бір - біріне ұқсайтын, бір - бірінің дәл көшірмесі.

    • #6
    • Алжыған шал
    • сс, 14/03/2017 - 11:56

    әкімдер ауысқанмен пайда жоқ сол жартас баяғы жартас. одан да өздерің өзгеріңдер сол дұрыс болады

    • #7
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 14/03/2017 - 11:58

    Көсекеңнің артынан шыққан "продуктіні" екінші сондай "продуктіге" ауыстырғанда ол сары-қоңыр "өнім" сарымайға айнала ма ? !

    • #8
    • Шәгір
    • сс, 14/03/2017 - 11:59

    Маңғыстау облысы жеке облыс болғалы обкомның 1 хатшысы тұтқабай Әшімбаев және облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов үлгіліде жақсы еңбектерімен халық есінде қалды. Екеуіде Жамбыл облысының ұрпақтары. Әсіресе, Бауыржан Мұхамеджанов еңбегін аңыз қылып айтуға тұрарлық. Өзіне дейін қызмет істеген 10 әкімнің талай жылдап істей алмаған жұмыстарын, айналасы бір жарым жылда жасады. Облысты гүл қылды. "Жақсының жақсылығын айтқын, нұры тасысын" демекші, Бауыржан Мұхамеджанов Маңғыстау халқының "Нағыз азаматы" атауына ие болған тұлға. Амал Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын Маңғыстаулық ағайындар!

    • #9
    • ақтау марат
    • сс, 14/03/2017 - 12:01

    кімдер келіп кімдер кетпеді маңғыстауға сол баяғы жартас обылыста ауыл шаруашылығының дамыу нөл мал шаруашылығы немесе егістік яғни (теплица) дамып жатқан жоқ тек айтатыны су жоқ деп бір мұнайдың артына қарап отыра береді әкімдер тек бюжет санаудан бері келмеиді аудан әкімдерінде мүлдем әрекет жоқ тек күнде жиналыс аудан әкімшілігінде оның орнына ауыл-шаруашылық мамандарын көбеитпеиме көп емеспе маңғыстауда ауыл шаруашылық мамндары жоқ болса әр обылыстан білікті мамандарды тартыу керек бірақ оларды не қылсын бәрі дайын асқа қарап қалғандар бюжетің ақшасына қарап отырғандар кімі депудатың кіиеу баласы кімі жендері әкімшілікте отырғандар нағыз мамандар қаңғып жүр қазақ жерінің түпкір түпкірінде

    • #10
    • жəй Қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 12:04

    Көптен айта алмай жүрген ой, пікір жазу үшін ең болмаса орта сауат болсын, құрметті Абай кз. оқырмандары. КӨКЕМнің маңында аса ақылды адам тұрақтамайды. Ал кəзіргі нөкерлер ортан қол ТЖ-тар, олар Қоғамды алдыға сүйрей алмайды. Біраз мезгіл қалта толтыруға мүмкіндік ашылады. Бəрін білетін бірақ жан, ол КӨКЕМ.

    • #11
    • Жұбан
    • сс, 14/03/2017 - 12:09

    Шәгір мырзаның айтқанына 200 пайыз қосыламын. Облысқа әкім болған маңғыстаулық Л. Қиынов, қызлордалық Б. Палымбетов, қызылордалық Қ. Көшербаев Маңғыстау облысы басшылығы кезінде облысты күл қылғаны Рас, ал Б. Мұхамеджанов облысты гүл қылғаныда Рас.

    • #12
    • апыр-топыр
    • сс, 14/03/2017 - 12:11

    Амалбек Тшанды неге облыс әкімі етпеске. Ермұқаммет Ертысбаев деген сарай бұлбұлы болушы еді сол қай інге кіріп кеткені белгісіз соны інінен шығарып сарайға қайтарсақ. онсыз саясат қызық болмай жатыр

    • #13
    • Алжыған шал
    • сс, 14/03/2017 - 12:22

    Жезқазған, Арқалық, Семей облыс болса облыс деген статусты қайтару керек. Қызылордаға Алматы секілді ерекше статус беру керек. қанша дегенмен ол бұрынғы астана ғой

    • #14
    • Ракон Исатаиский
    • сс, 14/03/2017 - 12:34

    Есеке саған екі емшек қосса сиыр боласыңба?аааа?

    • #15
    • 11-ге
    • сс, 14/03/2017 - 12:39

    сен айтып отырған әкімдерің мұнайдың бақасы көтерліп тұрған кезде басқарды яғни май шелпектің уақтында дұрыс соның ішіндеҚырымбек мырза болады кішкене қаланың дамуына мал шаруашылығының дамуына үлесі бар кеинен Бауыржан мырзада тәртіп олда қаланың дамуына үлесі бар ал Алик мырза дағдарыс кезде әкім болып келді бірақ қолдан келгенше маңғыстаудың тұралап қалмауы үшін қолдан келгенше аянбай жұмыс жасады әр әкімнің әр уақытта қалай алып шығанын нақты айтыу міндет қандай әкім келседе маңғыстауға бюжетің артына қарап отырмай көптеп ауыл шаруашылығын дамытыу керек маңғыстаудың климатына қарай су жоқ деп отыра бермеи халықты жұмыс пенен қамтыу керек тек уақытша үкіметің алты айға беретін ақшасы менен алдап қоимай тұрақты өмірлік тіршілік көзі бардай жұмыстар ашыу керек боқ пенен сідікке керек емес жұмыстар ашпай

    • #16
    • Жұбан
    • сс, 14/03/2017 - 13:03

    15-ке. Мэлс Қосымбаев ақынның "Адайдың көзін ашқан Көшербаев" дегенін қолдайсың ғой. Ал, Көшербаевтың 2011 жылғы Жаңаөзен әрекетінде қолдайтын шығарсың. Көшербаев Ақтау-Сити саламын деп халықты жинады-ау келіп жинады. Енді не болды, "хана".

    • #17
    • 16-ға
    • сс, 14/03/2017 - 13:15

    солай айтқаны ұшын мэлс жазасын алған сияқты қырқ-мылтықтардан яғни ( шоғылардан )ал жаңа-өзенге келетін болсақ бұл жерде Қырбектің кінәсі емес тікелеи НӘНІҢ кінәсі сосын мен Қырымбекті өкіртіп мақтап жатқаным жоқ тек жасаған жұмсын айтып жатырмын кішкене болсада менде құдай емеспін жаңа өзен оқиқасын кешіре салатын бірақ әрбір адам өзінің арының алдында жауап бере жатар

    • #18
    • 7-ге Есенғалиға
    • сс, 14/03/2017 - 13:40

    Есеке егер сенің құлағыңды созса ешек боп кетесіңбе, а?

    • #19
    • акымак
    • сс, 14/03/2017 - 13:42

    Билік деп былғары диванның суретін салып қойыпты, сонда ел басқаратын билік деген жатып демалатын диван болғаны ма?

    • #20
    • Жұбан
    • сс, 14/03/2017 - 14:22

    15, 17-ге. Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе, соңғы дөңгелегіде солай жүреді. Ағаларың қол сүйгіш еді, Көшербаевтың қолын сүйген пендесің.

    • #21
    • маке Жұбанға
    • сс, 14/03/2017 - 14:34

    осы көп айтады қолын сүигенін бірақ ютубтан табалмады қайсы жиналсында немесе қай отырысында я қалай ютубтан көріуге болады

    • #22
    • Жұбанға
    • сс, 14/03/2017 - 15:30

    Айтқандай, "Ақтау Сити" деген жоба не болды? Кезінде арабтың алпауыттары Маңғыстау облысында қала салады деп көп шулаған еді, кейіннен тынышталып қалды.

    • #23
    • қазез
    • сс, 14/03/2017 - 15:35

    креслосы жақсы екен бірақ сол орынға отыратын тұлға тұлға емес тулақ болып тұр. қайсынның сұхбатын оқысаң да халық үшін емес көсеушіге адалмын деп далбаңдайды. америкада не бұлар үлгі тұтатын европада басшыға басұрмайды халықты құрметейді солар үшін еңбек етеді.бұлар осы орынға лайық емес екендерін біледі оған су жұқпас көкелерінің арқасында отыр сол үшін туфли жаламағанда не істейді.

    • #24
    • диуана
    • сс, 14/03/2017 - 15:38

    қайдағы ақтау сити керек болса қарайған айдаласы шаңқытып жатқан жоқпа шор басып мақтауын берді қолын сүигізді арқасынан қағып арғы дүнеге шығарып салды

    • #25
    • Жұбан
    • сс, 14/03/2017 - 16:37

    22-ге. Ақтау-Сити жобасы не болды дейсіңіз? Бәлду-бәлду бәрі өтірік болды! Біздің елдің басшы азаматтары елдіміздің экономикасының жетістігін алдыңғы қатарлы 30 елдің емес, өтірік айтудан алдыңғы қатарлы 5 кіргізеді.

    • #26
    • Ауғаннан келген
    • сс, 14/03/2017 - 16:43

    Қырекең мырза Ақтау-ситиді салып бітіріп, енді Қызылорда-ситиді салып жатыр. Ол кісіні Құрылысшылар күнінде марапаттау керек!

    • #27
    • Жұбанға
    • сс, 14/03/2017 - 17:04

    Ютубтен Арлан Батталовтың "Ақтау Сити Қуат қаласы" деген видеоны көріп, керім қала екен деп таң қалып отырмын. Мына Ақтау Сити дегенің Дубай сияқты ғой, 340 метр биік ғимараты, не бір "Нефтетехнический", "Жилой", "Университет" деген аудандары, "Парки Виста" деген бағы бегендерің ертегідегі сияқты.

    • #28
    • сайлаубек
    • сс, 14/03/2017 - 17:22

    ақтау ситиді білмедім бірақ осы біздің ауданда қырымбектен қалған балдар жалпы мына ауданан ана ауданға әкім болып аусып жүре беретіндер тек бюжетің ақшасына адам жүретін тратуар яғни бір жылдан кеиін оилып қалатын сосын алаң яғни олда бір жылдан кеиін қирап қалатын сала беретіндер тек бюжет ақшасын дәм болсын шашып отырғандар егер кішкене өздігінен сыртан инвестор тартып мал шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығын ( ТЕПЛИЦА )көптеп салса елге керек кандитерлік цехтар салса тек айтатындары су жоқ деп отыра береді ізденіу жоқ маңғыстаудың климаты менен қай ел тең келеді олар қалай тіршілік жасап жатыр депте оиланбайды жылда көшенің жағасына қарайған тал отырғызады бірде бір өспеиді сол әр талға қарайған водавоз су құиып қанша ақша ысрап қылып жатыр тек үкімет ақшасын тарам тараж жасап жатыр тек 2020-деген жұмыс пенен қамтыу бағдарламасы бар алтай сол жерде жұмыс жасайсың яғни суқұиып немесе сыпырып деген сияқты тұрақты жұмыс орындар мүлдем жоқ десеңде болады енді құрлысты айтпайын ол жерде сыртан келгендер толып саған жұмыс бермеиді

    • #29
    • Зиялы
    • сс, 14/03/2017 - 17:42

    Абай сайты, бүгін Қазақстанның 4 бірдей облысының әкімі ауысты. Ассамблея Хатшылығына жаңа меңгеруші тағайындалды. Неге сайттағы ақпарат жаңартылмайды? Кеш батып барады. Ал сайтта әлі ескі ақпарат тұр. Орыстілді сайттар өзгерістерді қолма қол жариялап жатыр. Ал сіздерде баяғы жартас, бір жартас. Журналистік ұшқырлық, жаңалықтың мәні деген ұғымдар қайда?Бұл қалай?

    • #30
    • аңқау қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 18:17

    29 ға кішкене күте тұрсаңшы, не деген асығыстық. кеш батқанмен ай шыққан жоқ қой әлі. қазақ тасбақамен ақ көмір тасыған жоқ па еді.

    • #31
    • Төре
    • сс, 14/03/2017 - 19:18

    Абай кз-дегі "Доктрина" тақырыбына жазатын білімді маман жоқ па? Сонша жылдан бері бос тұр. Мемлекеттің даму Доктринасы бар ма? Әлде Доктринаны жолдаумен ауыстрылған ба? Басы жоқ, аяғы жоқ реформаға елігіп бастары қатқан Pdh докторлары қайдасыздар? Әлде Доктрина дегеннің не екенін әлі білікіремей жүрсіздер ме? ... жауап күтеміз.

    • #32
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 14/03/2017 - 20:50

    "Доктрина, доктрина" деп қақсап мезі қылдың ғой !
    Қайда сол мемлекттік доктринаң, доктринаң болмаса, маман несін жазады ?

    • #33
    • Төре
    • сс, 14/03/2017 - 20:58

    БИЛІКТЕ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ТАҒЫ БАЙҚАЛДЫ.
    Мүмкін емес? Мына мен таптым! Кадр тапшылығын былай шешу керек! Кіші Сағадиевті Президент етіп "адал" сайлау өткізіп "ұлықтауымыз" керек! Ал ол өз кезегінде әкесін, үлкен Сағадиевті Премьиер-министр етіп тағайындайды! Арғысын Есенғали айтсын! Тек балағаттамай айтсын? Төрені боқтасаңыз аузыңыз қисайып қалады! Жол сіздікі, көрсетіңіз өнеріңізді?

    • #34
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 14/03/2017 - 22:10

    Кәллесін қашаумен ашып, миын ауыстырмаса қазақша қақпайтын, бірақ көне иврит пен хинд тілдерін, ағылшын һәм "великий и могучий" тілді білетін сабаз - премьер-министр,
    Ақорда "соловейі" - мәдениет һәм спорт министрі (грузиндердің шарабы мен кәуабына тойған шығар, енді қазақтарға шарап ішу мәдениетін үйретсін),
    Аймира Шаукентаева - телекоммуникация министрі,
    Адильбек Джаксыбеков - "Казахфильм" студиясының директоры,
    экс-әкім Кулагин - "ассамблея" деген паразит мекеменің бастығы,
    опера әншісі, "елдочка" - парламент спикері...
    Осылай өкімет пен үкімет құрамын мәңгүрттер мен көзқамандардан һәм "старший браттардан" жасақтасақ, Кремльде отырған "пайғамбар" Мазақстанды Рәссей мәтушкенің "жылы құшағына" қабылдап, "Мәтушкенің 86-шы субъекті" деген "құрметті" атақ беруі мүмкін.

    • #35
    • Қостанайлық қазақ
    • сн, 15/03/2017 - 11:41

    Әкімдер қатарындағы соңғы көккөзден құтылдық. Иншалла жақсылыққа, ұзаққа болғай! Қаракөздеріміз қаншалықты жарылқайды, оны да көріп алалық

    • #36
    • Эдгар По
    • сб, 18/03/2017 - 10:58

    А разница в чем????!!!! Разницы не вижу. В чем? Один мудак поменял другого.

    • #37
    • Орда
    • сн, 22/03/2017 - 14:13

    Көшербаев президент болуға лайық, жемқорлықтан ең таза адам.

Пікір қосу

  • 9 + 22 =

Вход