Мәйекті

КУЛАГИННЕН БАСҚА КІМДЕР АУЫСТЫ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгін Мемлекет басшысының пәрменімен бірқатар ауыс-түйіс болатынын жазған ек. Айтқанымыздай, Қарағанды облысының әкімі орынына - Ерлан Қошанов жайғасты.

Қарағанды облысының экс-әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ҚР Есеп комитетінің төрағалығына барды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Дархан Мыңбай келді.

Ал бұл орынтақта осыған дейін отырған  Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының жарлығымен Маңғыстау облысы әкімі қызметіне тағайындалды.

Ал Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің орнына Мәлік Мырзалин (Мурзалин) келді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Абай ақпарат

17 пікір 1338 рет оқылды Қосылған: 14.03.17
    • #1
    • аңқау қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 18:01

    кулагинді сүт фермасына бас директор қылып жіберу керек сияқты

    • #2
    • Амантай
    • сс, 14/03/2017 - 18:01

    "Ожық кетсе , Шаппас қонады " деген. Әкім болудың ең басты мұраты халқына жақын болу. Әкім елі, халқы үшін, қазақ халқының мүддесі үшін жасаған көрнекті ісімен ғана бағалануы қажет-ақ. Қазіргі әкімдердің көбі әлдекімдерге көріну, жағу үшін іс қылады. Ол да маңайына ләппай тақсырларды, екі жүзді, жағымпаздарды жинайды. Сондықтан іс ақсайды, бірақ әкім өсе береді.

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 14/03/2017 - 18:04

    Шіркеуге өзінің мордиясын салдырған Құлагиннің құлағына тепкендері болмаған екен, "көреген" һәм "кемеңгер" көсекеңнің көне "гвардееці" емес пе еді ?

    • #4
    • Төре
    • сс, 14/03/2017 - 19:16

    Абай кз-дегі "Доктрина" тақырыбына жазатын білімді маман жоқ па? Сонша жылдан бері бос тұр. Мемлекеттің даму Доктринасы бар ма? Әлде Доктринаны жолдаумен ауыстрылған ба? Басы жоқ, аяғы жоқ реформаға елігіп бастары қатқан Pdh докторлары қайдасыздар? Әлде Доктрина дегеннің не екенін әлі білікіремей жүрсіздер ме? ... жауап күтеміз.

    • #5
    • Ескеру
    • сс, 14/03/2017 - 19:36

    Бәрінің орыны құтты болсын. Д.Мыңбайға Жергілікті жерде әр ұлт ассамблеясы басында қазақша ең болмаса жақсы сөйлейтін айтқанға түсінетін адамдар болу керек, оқи жаза білсе тамаша. Көбі қазақтың басқалар өз мәдениетін,әдет ғұрыптарын сақтау үшін құрғанын түсінбейтіндер көбейсе бұлардың пайдасынан зияны көбейеді. Қазірдің өзінде жиналысты түсінікті орыс тілінде жүргізбесең біз кеттік дешілер көбейіп келеді.Бұл Қазақ елі тәуелсіздігін мойындамау. Ондайлар маған не керек.

    • #6
    • Мақсұт
    • сс, 14/03/2017 - 22:27

    Кадрлық өзгерту -деген сайын елең ете қаламыз... Бірақ еш өзгеріс жоқ...Тек қана -екі, үш столды ола бір, бұлай бір ауыстырып қоя салу. Одан гөрі сол ескірген шиқылдақ "столдарды"сыртқа шығарып тастап, ең болмаса орындарына тәуірлеулерін әкелсеші...

    • #7
    • #1#1#1
    • сс, 14/03/2017 - 23:24

    Рокировка? Ұтылып жатырмыз ба?

    • #8
    • жəй Қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 23:49

    Кулагинді жəй ғана жұмыстан аз. Ең бастысы 1 млн. га Қазақ жерін қайтару керек. Тапал Қортық қалай келісім берді екен.

    • #9
    • #1#1#1ге
    • сн, 15/03/2017 - 0:03

    король шаршамаиды екен пешкаларды ауыстырудан алде нагыз гроссмейстер шахмат оинамагансын осындаи козбояаушылыктармен партия бир кун келип битер шыдаиык.

    • #10
    • Мақсұт
    • сн, 15/03/2017 - 0:14

    Кулагин жұмыссыз қалса ...Біздің "Флюгер" -Елбастының желдің бағыты қалай ауыса бастағанын сезейін дегені шығар?! Соңғы кездегі ЕАЭО -тағы Лукашенко бастап, қалғандары қобалжып, қозғалысқа келе жатқаны Мәскеулік "кеменің" түбі тесіліп, егеуқұйрықтардың қашуға бет алғанын байқатпайды ма?!

    • #11
    • Амантай қажы
    • сн, 15/03/2017 - 9:51

    Құлағин өлмейді, оның қаншама жері, элеваторы, техникасы, өңдеу зауыттары бар. Ондай адамдар аштан өлуші ме еді. Құдай біледі, соның қолында бір таза қазақ ауданы жұртының дүие-мүлкі бар. Соншама мүкәммәлді бір ауданды толтыратын қазақ ағайын қалайша көзі қиып, өз еркімен сол латифундистің қолына ұстата салды екен? Осыны сұраған, тексерген құқық қорғаушылар бар ма екен? Біздің құқық қоғау органы ылғи жемқорлар мен алаяқтарды іздестіреді, оларды іздеп не керек? Жүрген жоқпа топыралап, ұстап алда жауап ала бер, қателспейсің. Солай ма, Есенғлай кластас???

    • #12
    • акылсыз
    • сн, 15/03/2017 - 10:32

    ким биледи осы ауыстырулар неге боп жатыр?

    • #13
    • Шаман
    • сн, 15/03/2017 - 18:19

    Кулагин деген немеңіз,Қазақтың жерін түгелдей,Үш төртеуіміз емеміз.
    Деп отыр дейді сабазың.Қарапайым халқыңыз не жазса да болмайды, Қолына алып қағазын.
    Осындайларды не себеп,Қарғыс ұрматынына таң қалам!
    Көз тиеді деуші ед апамдар,Тимейтініне таң қалам!
    Ұрлық түбі қорлық деуші еді,Қорланбайтынына таң қалам!
    Жегені желкесінен шығады деуші ед,Шықпайтынына таң қалам!
    Қолың сынғыр деуші еді,Сынбайтынына таң қалам!
    Қақалып қалады деуші еді,Қақалматынына таң қалам!
    Түйіліп өледі деуші еді,Түйілмейтініне таң қалам"
    Осындайларды көрмейтін заң орындарына таңданам!?

    • #14
    • қазақ
    • бн, 16/03/2017 - 16:33

    маңғыстаулықтарға кімнің әкім болып келгені қызық емес, бұрынғы әкімнен құтылғандарына қуанып жатыр...

    • #15
    • қазақ
    • бн, 16/03/2017 - 16:33

    маңғыстаулықтарға кімнің әкім болып келгені қызық емес, бұрынғы әкімнен құтылғандарына қуанып жатыр...

    • #16
    • ардақ
    • бн, 16/03/2017 - 16:35

    кулагин қазіргінің бай-құлағы ғой

    • #17
    • арман
    • бн, 16/03/2017 - 16:38

    маңғыстаудың кеткен әкімі кезінде Көшербаевтың және аз ғана уақыт әкім болса да қыруар іс тындырған Мұхаметжановтың жасап кеткен жұмыстарымен артын жауып, дым істемей кеткені білінбей кетен сығңайлы..

Пікір қосу

  • 6 + 2 =

Вход