Абай-ақпарат

Жаманқұлов жымқырған қаржысының 5,3 млн теңгесін қайтарып берді

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында «Феникс» кинофильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына және «Т.К. Turan Universal Business» ЖШС-нің қызметкерлеріне қатысты сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сотта зардап шеккен тарап – Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері Серік Эстияровтан жауап алынды. Ол тағылған айыптарды толығымен қолдады. Айтарлығы, зардап шеккен тарап жан-жақты және объективті тергеу нәтижесінде ақша жымқыру фактілері толықтай расталғанын атап айтты.

Тергеу барысында «Қазақфильм» АҚ фильмді түсіруге алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуге «Т.К. Turan Universal Business» ЖШС-не 79 млн теңге аударғаны анықталды. Соның ішінде 69 млн теңгені аталған компания арқылы картинаның бас директоры Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырғаны дәлелденді. Нақтырақ айтқанда, ұрланған қаражат қосалқы мердігерлік ұйымдардың көмегімен қолма-қол ақша түрінде Т. Жаманқұловқа жеткізіліп отырған.

Серік Эстияровтың айтуынша, бүгінге дейін Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгенің 5,3 млн. теңгесін мемлекет есебіне қайтарды.

Абай ақпарат

2 пікір 343 рет оқылды Қосылған: 14.03.17
    • #1
    • аңқау қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 18:00

    мәссаған сонда жаманқұл 69 миллионды жымқырсам ешкім білмей қалады деп ойлаған ба. жымқырдың ба түгелін жымқыру керек еді сонда дым білінбейтін еді. 10 миллионды зря жұтпадың

    • #2
    • аңқау қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 18:04

    егер сот оның жымқырғандығы дәлелдей алса сосын ол шынымен де жеп қойғаны рас болса бірақ өз басым оған сенгім келмей тұр. просто ол байқамай қалтасына сала салған шығар жатқасын. бізде сөйтеміз ғой ана жерде жатыр екен қалтама салып алдым деп. Тұңғышбай Жаманқұлов кино сценариіне сұранып тұр. мынадай киноға түссе "Тұңғышбай жемқор емес" деген, қалай сіздерге киношылдарға ұнай ма

Пікір қосу

  • 9 + 35 =

Вход