46 - сөз

МАХАББАТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

...Түнімен үй тұрғызғандай шаршап, көзімнің алды тұманданып, оқып отырған әріптерім бір-бірінен адасып, жартылай қалғып отырғанмын. Қолымда кітап. Оралхан Бөкей. "Ұйқым келмейді".

Екінші бетіне көз жүгірткенім сол еді жартылай жұмылып отырған көзім ашылып, көңілім оянайын деді. Себебі, кітапта МАХАББАТ жайлы сөз болып жатыр еді... Әлқисса... Жеңісханның ұйқысын ашып, өткенін еске түсіріп, қолына қалам алғызған да осы пәтшағар. Махаббат майданындағы еткен ерліктерін айтып отыр. Бақыттың барын ұрлап, жеңіске жеткен Жеңісхан жазуда. Некелі жары шырт ұйқыда. Оны (Жеңісханды) түн ортасында орнынан тұрғызған не? Махаббат дейтіндей ол сезімнің сарқыншағы да қалмаған қазір.

Кейіпкерімізді оятқан біреуде қалған өкпе, ұят, ар-намыс деген құдіреттер еді. Махаббаттың шарабына мас болған Жеңісхан Бақыттың арына қол жұмсады. Кетті. Қайта бұрылмады. Сезінбеді. Уақыт өтті: ұмытылды. Кейіннен өзі көрмеген баласының моласынан бір уыс топырақ алды. Сақтады. Некелі баласы болмаған соң, өкінді. Мен өлгенде молама шашар деп әлгі болмай кеткен бала топырағын сары алтындай сандығында сақтады. Соның бәрін осы түні ой елегінен өткізіп, жазып отыр. Жылайын десе, жас жоқ. Өкініштен туған жазулар қағаз бетіне түсіп жатыр, түсіп жатыр... Ол да еріксіз.

Маржан Әбіш

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір 522 рет оқылды Қосылған: 15.03.17
    • #1
    • Сұлуларға ғашық жан
    • сн, 15/03/2017 - 11:54

    о о о қыздарды қатты уважаю и обажаю. қыздар болмаса не болатын едік ә

    • #2
    • Жігіт
    • жм, 17/03/2017 - 11:05

    Тақырып тың аты жақсы .өзіде сұлу ақын жазушы, қыз екен.Суретін телофон да арнайы сақтайтын орынға қойып қойдым .

    • #3
    • Төре
    • жм, 17/03/2017 - 19:41

    Менің бір жолдасым айтушы еді; О махаббат саусаң сиыр, Мінсең ат! Дұрыс айтқан екен...

    • #4
    • Төреге
    • сб, 18/03/2017 - 21:32

    Әй, Төре, сен тек қоқиған шала бұзық екенсің! Айттың ба, ақырына дейін толық айтпайсың ба қасқайтып тұрып! Қартайғанда аузымен орақ оратын төрелер де болады екен-ау, о, өмір деген!..Қайтып оңамыз?!.

    • #5
    • Дұрыс тақырып
    • жб, 19/03/2017 - 15:53

    Көктем келді енді күйлейтіңдер күйлейді

Пікір қосу

  • 1 + 13 =

Вход