Абай-ақпарат

ЕО соты жұмыста хиджаб киюге салынған тыйымды заңды деп таныды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Еуропалық сот мұсылмандардың жұмыста хиджаб тағуына салынған тыйымды заңды деп таныды. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады. Еуропалық одақтың жоғарғы сот инстанциясы осындай шешім шығарған. Франция мен Бельгияның хиджаб үшін жұмыстан қуылғанын екі тұрғыны сотқа шағымданған еді.

Сот хиджаб тағуға тыйым салған жұмыс берушінің әрекеті заңды деген қорытынды шығарды. Бұған қоса, сот мұндай тыйымның өзі "тікелей кемсітушілік" емес деп анықтады.

2004 жылы Франция үкіметі, одан соң Бельгия жұмыс орнында діни белгілерді насихаттауға тыйым салды. Кейін мұндай тыйым оқушылар мен оларды мектепке әкелетін ата-аналарға салынды.

Білім беру мекемелерінде хиджаб кию мәселесі көптеген елдерде пікір-талас өзегіне айналған еді.

Абай-ақпарат

2 пікір 196 рет оқылды Қосылған: 15.03.17
    • #1
    • Алжыған шал
    • сн, 15/03/2017 - 11:52

    Голубойлар мен лесбиянкілердің ісі заңды олардыкі демократия болады да ал хиджаб кию демократия емес екен. Хиджаб киюшінің де құқығы голубой мен лисбиянкіден төмен тұрғандығы ма сонда. Адамзат осындай істерімен бір күні тозаққа кетеді. Мен айтар едім қазіргі батыс өркениеті құлдыраған, азғындаған, сасыған деп.

    • #2
    • Хиджаб қа қарсы емес.
    • сн, 15/03/2017 - 23:30

    Недеген оңбаған дінсіз дер ,бас киім мен алысып қалған?. Хиджаб ол бас киім ғой,суықтан,жаңбырлы сквозняк тан , ыссы күн өтуден сақтайды..
    Сол дiн сіздерге ішкі киім киме, носки мен аяқ киім киме,қандай погода болсада жалаң аяқ жүр ,деп дүрелейтін..

Пікір қосу

  • 6 + 6 =

Вход