46 - сөз

ЖЕРДІҢ ЫНДЫНЫ КЕУІП ТҰР МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Талдықорғанға биыл қар қалың түсті. Күрелмеген жерлердегі сіре қар белден асты.

Қар көлеміне қарап көктемде көше-көше, жер-әлемді су басатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ байқаймын қар еріп жерге сіңіп жатыр. Тас жолды қуалап аққан қызыл су тұрмақ, арық-атыздардың табанында жылт еткен тамшы жоқ.

Бұрындары осындай көктемді көргенде үлкендер "жердің ындыны кеуіп қалыпты, биыл құрғақшылық болмаса неғылсын" деп қауіп ойлап жатушы еді. Жалпы басқа жақта қалай болып жатыр екен? Бәлкім даладағы қардың ерісі қаладан басқа шығар. Жұлдызшылар не дейді? (Назарбек Қожамсейіт бұл өнерді өзімен бірге ала кетпеген болар, біреулер бар шығар) Өзім биыл егін салуға жүрексініп отырмын...

Есболат Айдабосын

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір 412 рет оқылды Қосылған: 15.03.17
    • #1
    • Алжыған шал
    • сн, 15/03/2017 - 11:49

    күрішіңді еге бер уайымдама. Жер жаратылғалы бері қаншама қар жауды бірақ адамзат егіншілікті тастап кеткен жоқ. Бәрі жақсы болады, жақсылыққа ырымдаңдар. Жүрексінсең егіншілікті тастап саудаға шық. саудаға қардың әсері болғанымен тура әсері жоқ

    • #2
    • Мақсұт
    • сн, 15/03/2017 - 22:25

    Қаупің орынды, бауырым! Жыл өткен сайын табиғат адам баласына қарсы тұрып келе жатқан сияқты. Жыл өткен сайын тамақ табу қиындап барады.. Жыл сайын жаңа аурулар шығып, жаңа кесір. кедергілер пайда болуда. Бірақ -өмір деген сол, өршелене өрге ұмтыла беру... Кете балық сияқты тіршілікке таласу... Егініңді еге бер, теріңді төге бер -Өмір деген сол, ол ешқашан тоқтамайды.

    • #3
    • шал
    • бн, 16/03/2017 - 19:43

    сен бакытты адам екенсин жерин бар кеше саркан ауданында бир сиырымызды каида багамыз деп жан аикаига салып жаткан елди корип едим.1200гк жеринен аиырылып калган колды кылган алаяк сотка бериндер деп уверенно жур.мусинши аким каида караган.

    • #4
    • Жұмабай
    • жб, 19/03/2017 - 22:35

    Мен оқымай жүрсе м .
    Жоқ олай емес.. Кішкене табиғат заңдылықтарын білу керек.Егер күн ашық ,(бұлт жоқ) қандай суық болсада , тікелей түскен күн,ультра күлгін сәуле қардың бетінен астына өтеді,сонда астынан еріп кетеді..
    Ал керісінше күн жылы,бірақ бұлт болып тұр са (көп күндер) онда расында да көл көсір су болып сай саланы басады..Оны былайда білуге болады,терезеден түскен сауле жылы,ал терезе суық,қарда да солай.
    Яхни қазір сендерде күн райы ашық,қар астынан буланып еріп кетіп жатыр..
    Мұны табиғат пен етене жақын аталарымыз бұрыннан білетін..Ал қазір бұлар жайлы сабақта оқылмайды,айтатын адамдарда қалмаған..

Пікір қосу

  • 3 + 2 =

Вход