Жұма, 29 Наурыз 2024
Ханталапай 3876 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 09:52

БІЗДІҢ БИЛІК АСТЫРТЫН САЯСАТТЫҢ ҚЫСПАҒЫНДА ҚАЛДЫ

Біз білім жəне ғылым министірін текке жазғырып жатырмыз-ау шамасы. Баяғда бір кісі: "Улап-шулап жүріп, ұл табатын келіншекке қыз таптырдық" депті. Сол айтпақшы дау-дамай мен улап-шулаудан қолымыз босамай жатқанда билік өздері құрған жоба мен жоспардың нəтижесіне өздері мас болып, өздерінен-өздері шаттанып, риза болып жүретін сияқты.

"Қоғамның қозғалтқыш күші халық не ойлады?" дейтін ұғым жоқ оларда. Оларда қаныпезер монопол капитализінің мақсаты ғана бар. Біздің билік іштен басқармайды. Сырттан бір құдіретті күш қаусырып, қысып, қадағалап тапсырма береді тұрады. Сіздер ойламаңыздар қазіргі билік орыс тілді өз ұрпақтары үшін күресіп жатыр деп, олар үлкен бір өзгеріске зор дайындық жасап жатыр. Өте сауатты түрде жүргізіліп жатқан астыртын саясат қазақты ұшпаққа шығармайды, қазақты қораға қайта тығуы мүмкін.  

Ешбір мемлекет ұлттық тіліне қарсы біздің биліктей аярлық танытып отырған жоқ. Ешбір, ешбір ел өз тіліне қазақ билігіндей сатқындық жасап жатқан жоқ. Қазақ тілін сөйлей алмайтын адам билікте отырып қазақ мүддесін қорғай алмайды. Ашынбасақ айғайлап неміз бар. Билік дұрыс саясатын жүргізіп, халықтың жағынан шығып тұрса, саясатта неміз бар. Билік қайта-қайта қитұрқы мəлімдеме жасап, қисынсыз заң қабылдап, жұрттың жүйкесін сынап, ойнап отырған жоқ. Олар кезең-кезең бойынша сұмдық жоспарларын тықпалап, зорлап болса да ортаға салып келеді. Халық улап-шулап бір бұлқынады, екі бұлқынады. Ақыры еті өліп үйренген соң "қалағаныңды қыла берге" келеді.

Əйтпесе не ҰБТ-дан қазақ тілін алып тастайтын қандай құдіреттері бар. Қазақ мемлекеті ме, қазақ тілі негізгі емтиханның ең маңызды талабы болуы шарт. Ол өзгермейтін парыз. Мейлі қандай сылтау болса да ұлттың тілі құрбандыққа шалынбауы тиіс. Мына азат елде ешкімнің оған шектеу қоярлық құқығы жоқ. Біз тілмен ғана қазақ бола аламыз. Бастары басқаға істемесе де, осы тілге келгенде, тілсізденуге келгенде биліктің қуана заң қабылдап, белсене атқара қалатыны тықырдың тереңде екеніне көзіміз жете түседі. Қазақ елінде тұрып өзіміз қазақтықтан жерісек, шеттегіден не сұрайсың. Имунитетіміз өлмесе екен. Əр шудың астында үлкен қысастың күтіп жатқанын жүйкеміз сезіп, селт етіп оянып жатсақ екен.

Жақсыбек Қақан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559