Абай-ақпарат

Елдегі ең парақор ведомстволар белгілі болды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Әкімдіктер ең парақор құрылымдар. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді. Бұл туралы "saigez.kz" сайты жазады.

“Ең көп пара алатындар – әкімдіктегілер, ішкі істер қызметіндегілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті. Осы құрылымдарда парақорлық жайлап тұр, бұларға қарсы ескерту мен профилактикалық шаралар қолдану қажет”, – деді Шпекбаев.

Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру керек және мемқызметте жүргендердің жалақысын өсіру қажет.

“Бірінші кезекте оларда экономикалық мотивация болуы тиіс. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізбеген басшыларға талапты күшейтіп, шара қолдану керек”, – деді ол.

Abai.kz

3 пікір 547 рет оқылды Қосылған: 16.03.17
    • #1
    • финансист ссср
    • жм, 17/03/2017 - 9:36

    Бюджет саласындағы әкімшілік қызметтегі (бақылау, рұқсат беру функциясындағы) шенеуніктерге 13- жалақы тобынан премия тағайындау керек дағы, бақылауды күшейтіп, егер жұмысында "ескертулер" орын алса, онда, 13-жалақыны да, курорттық үстеме ақыны да қиып тастау керек. Міне, сонда бұл парашылар ойлана бастайды. Осы, жұмыс жолға қойылса, парақорлық азаюы мүмкін. Өйткені, парақорлыққа қатты әсер ететін рычагтар жоқ, қазір. Ал, парақорлықты официально бар деп "анау департамент", "мынау департамент" деп БАҚ-құралдарында, радиотеледидарда қайта-қайта айтып отыру керек.

    • #2

    • #3
    • Жендет
    • сн, 22/03/2017 - 2:12

    Пара алушыларды ату керек. Орындаушысына менi тагайдасын.

Пікір қосу

  • 7 + 8 =

Вход