Абай-ақпарат

«Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

2017 жылдың 20-23 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында орналасқан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында

Ұлыстың Ұлы күні құрметіне «Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді.

20 наурыз күні «Дін-мұсылман аманда» атты діни-рухани жыр-термелер кеші, 21 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» атты ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар, 22 наурыз күні «Атымды Адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандар орындалады деп күтілуде.

Шараға Алмас Алматов, Берік Жүсіп, Ұлжан Байбосынова, Жәкен Омаров, Ерболат Шалдыбек, Күнсұлу Түркпенова, Фархат Оразов және т.б. Қазақстанның әр өңірінен келетін жыршы- термешілер қатысады.

Билеттер «Алатау» дәстүрлі өнер  театрының касасында сатылады.

Абай ақпарат

1 пікір 501 рет оқылды Қосылған: 16.03.17
    • #1
    • Мәгілік ел
    • жм, 17/03/2017 - 16:26

    Редактор қайда қарайды? Мәгілік ел деген не деген сөз?

Пікір қосу

  • 9 + 47 =

Вход