Білгенге маржан

«ХАБАР» АРНАСЫНАН МЕРЕКЕЛІК ШАШУ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Наурыз мейрамы қарсаңында «Хабар» телеарнасында «Шайхана мен Тойхана» мюзиклы көрсетілмек. Түсірілім жұмыстарының ең қызықты сәттерін біздің фоторепортаждан көріңіздер.  

Картина желісі бойынша оқиға Шымкент қаласында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі мейрамхана иелерінің арасында басталады. Ашылған күнен бастап бәсекелес болған Қалдыбай мен Хайрулла қонақтарға таласып, талай қызыққа тап болады. Олардың арасындағы бақталастық бүгінде бизнес емес, отбасылық қарсыластыққа айналған.

Егер Қалдыбайдың қызметкерлері тойхананың алдын күніне екі рет тазаласа, Хайрулланың қызметкерлері бірінші су шашып, кейін ауланы төрт рет сыпырып шығады. Хайрулла бақшасына алма ағашын отырғызса, Қалдыбай тойхананың алдына пальма егіп бәрін таңқалдырмақ. Клиент келгендегі екі жақтың тартысы тіпті қызық. Олардың әрқайсысы қонақты өз мейрамханасына кіргізу үшін «соғысуға» дайын. Қалдыбай балдай қымыз бен қуырдақ ұсынса, Хайрулла «жаңа піскен палаудың тіл үйірер дәміне жетер ешнәрсе жоқ» дейді. Екі көршінің бұл әрекеттері күнделікті қайталана бергендіктен, қызметкерлер ғана емес, қонақтар да бұған үйренгендей. 

Олардың арасындағы кикілжің шегіне жеткен тұста, Хайрулла мен Қалдыбайдың бауырлары бірін-бірі ұнататындығы анықталады. Екі ғашықтың махаббаты жауласқан көршілердің жүректерін жібіте алар ма екен,  бұл «соғыстың» соңы ұлан асыр тоймен аяқталады ма әлде тойдың да шырқы бұзылар ма, мұны 22 наурыз күні көресіздер.

- Жылдағы дәстүр бойынша «Хабар» телеарнасы Наурыз мерекесіне орай көрермендеріне көптеген сый әзірлеуде. Солардың бірі «Шайхана мен Тойхана» мюзиклы. Жобаның басты ерекшелігі еліміздің онтүстігіне барып түсіргендігіміз. Өздеріңіз білетіндей ол аймаққа көктем ерте келеді, күн жылы, ауа-райы қолайлы болды. Осы бір мюзикл арқылы оңтүстік халқының наурызды қалай тойлайтынын, салт-дәстүрлерімізді, сондай-ақ осынау ескі мейрамның түпкі мақсаты – бірлік, достық пен татулық екенін көрсеткіміз келді», - дейді жоба жетекшісі Ысқақ Дүйсембайұлы. 

Театрландырылған қойылымда Алмат Сақатов, Жанатбек Байтекенов, Жұлдызай Дүйсенбиева, Әйгерім Қалаубаева, Жігер Ауыпбаев, Жұлдыз Өмірғали сынды танымал өнер иелері басты рөлдерді сомдайды.

Abai.kz

5 пікір 287 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • Әумесер
    • жм, 17/03/2017 - 14:51

    е е тағы бір басты қатыратын миды ашытатын дүние өмірге келді десеңші

    • #2
    • Алмат
    • жм, 17/03/2017 - 15:26

    Бяғы бір сарын. Баяғы өтірік күліп жүрген Жанатбек. Баяғы қатып қалған бір сценарии. Даму ізденіс жоқ.

    • #3
    • Аспаз
    • жм, 17/03/2017 - 15:35

    Тамақ тары халал ма?

    • #4
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 17/03/2017 - 16:39

    "Хабарстанның" иесі кім, "елдочка" ма" ? "За чей счёт банкет", халықтың ақшасымен түсірілген Капулетти мен Монттекки руларының ("Ромео и Джульетта) жарасқаны, Мырқымбай мен Сыпырабикенің үйленген тойы бүкіл қазаққа "мерекелік шашу" бола алмайды !

    • #5
    • Төре, 4-ке
    • жм, 17/03/2017 - 19:50

    Есенғали, елдочканың шешесін, әсіресе кейінгі кіші жас шешелерін кім деп атаймыз... айтып жіберіңізші? Айтуға аузым бармай тұрғаны... тек қана мына мені балағаттама?

Пікір қосу

  • 2 + 50 =

Вход