Мәңгілік ел

103 МЕМЛЕКЕТ «ЭКСПО-2017» ПАВИЛЬОНДАРЫНА ЖАЙҒАСЫП ҮЛГЕРДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазіргі таңда «Астана Эскпо-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуға ниет білдірген 115 мемлекеттің 103-і өз павильондарына жайғасып үлгерді. « Әзірге ұйымдастыру тұрығысында қиындықтар туындаған жоқ. Қатысушылар тарапынан өтініштер мен ескертулер түссе, жылдам шешіледі. Кейбір қатысушылар электр қуатын арттыру т.б сияқты техникалық талаптарын білдірді. Халықаралық көрмеге қатысу тәртібі, көрсеткіштер келісім-шарттарда алдын ала бүге-шігесіне дейін жазылған. Ал өз тарапымыздан өзгертуге болатын тұстарды, ескеруге тырысып жатырмыз»,- дейді «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі Департамент директоры Илья ОРАЗАҚОВ.

 Инфрорқұрылымы тартылған көрме өткізетін орындардың құрылысы қазан айында толық аяқталған болатын. Енді, қатысушы әр мемлекет көрменің ішкі мазмұнын тақырыпқа сай жарақтауды қолға ала бастады. Мәселен, ең ірі павиьлондардың бірі көрші Қытай елі қазір қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Аспан асты елі Астанада өтетін Халықаралық көрмеге қатысуды растаған алғашқы елдердің бірі. Тараптар арасында 2015 жылы келісімге қол қойылған. ҚХР павильонының аумағы 1053 шаршы метрді құрайды. Ол Малайзия, Үндістен секілді едермен бір ғимаратта орналасқан. Тақырыбы тарих пен болашақты байланыстыратын сияқты. «Болашақ энергиясы, Жасыл жібек жолы» деп аталады. Көрші елдің жаһанық көрмелерге қатысу тәжірибесі мол. Қытай 2010-жылы «Ең жақсы қала, ең жақсы өмір» деген тақырыпта Халықаралық көрмені өзі ұйымдастырған ел. Ал екі жыл бұрын Миланда өткен көрмеде 4590 шаршы метр аумаққа қанатын кең жая жайғасқан еді. Қытай баламалы энергия көздеріне аса мән береді. Мәселен, жел энергиясын өндіру бойынша дүние жүзінде АҚШ-тан кейін екінші орында. Ал гидроэнергия бойынша көш басында. Өйткені озық жел генераторлары мен турбиналарды Goldwind»(6%) , «United power Sinovel» (4,7%), «Mingyang» (2,7%) секілді қытайлық жетекші компаниялар құрастырады. «Қытай үкіметі үшін, «Астана –Экспо 2017» халықаралық көрмесіне атсалысу өте маңызды. Сондықтан үлкен аумақты алып, өз әлеуетімізді көрсетеміз деп отырмыз. Біз жаңа Қытай энергиясының технологиялық жетістіктерін паш етіп, барлық қатысушы елдермен достастық орнатуға мүдделіміз,- деді «Экспо-2017» Қытай ұлттық павильонын құрастыру тобының жетекшісі, Қытай халықаралық сауда палатасының директоры Дже ДЖИЕ. Ал 866 шаршы метр аумақта Австирия елінің азаматтары да қарбалысып жұмыс істеп жатыр. Олардың таңдаған тақырыптары да ерекше, қызық. «With brain, heart, and muscle power» яғни, «Ақыл, жүрек және күш» деп аталды. Павильон үш бөліктен тұрады. Онда үш түрлі іс-әрекеттер жүзе асырылады деп жоспарланған. Бірі жаңа энергия көздерін шығарумен шұғылданып жатса, екінші бөлігінде демалысқа мүмкінідік берілген. Келесі аймақта пікір, ақпарат алмасу процестері жүріп жатады. «Павильон бюджеті 5 млн еуро. Аумағы 900 шаршы метрге жуық. Павильонды жарақтау үшін, 2-3 автриялық компания мен келісім –шарт жасалған. Көрме кезінде мәдени бағдарламаға басымдық беріледі. Келушілерге Австрияның әйгілі классикалық музыкасын тыңдауға мүмкіндік бар», - дейді Австрия мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Герхард САЙЛЕР. Бір атап өтерлігі, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өтетін аумақ Астананың әкімшілік ораталығына жалғасқан жаңа қалашыққа айналып үлгерді. Құрылыс қарқыны көз ілестірмейді. Елордада өтетін Халықаралық көрмеге 85 күн қалды.

Abai.kz

7 пікір 387 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • Берiк
    • жм, 17/03/2017 - 17:09

    Біздің көрмеге осыншама көп ел қатысады деп ойламаппын

    • #2
    • Төре
    • жм, 17/03/2017 - 17:58

    «Экспо-2017» халықаралық көрмесі жақсы ойдағыдай өтсе, Мемлекетімізге аброй болары сөзсіз! Сырттан біздің Елге көз тігуші көршілерге ескерту-сес болады. Көп шығын шығып Ел-жұрт қиыншылыққа ұшырап сансырасада, керек іс-шара! Болар іс болды, енді жақсы өтсін, деп тілеу тілейік!

    • #3
    • шаршаган казах
    • жм, 17/03/2017 - 18:44

    ия жаксы откизип алсын карызымызда шаш етектен болсада уиымдастырган еди бырак жакында балалардын биринши олимпиадасын казахстанда откизеик дегендеи сандырактаганын еситип едим жане бирденелерди бастамаса болар деп журмин картаиганында.алла инсап берсин деп калаиык.

    • #4
    • Айсер
    • жм, 17/03/2017 - 18:51

    Жолдастар! Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік екені айқын! Біз автоматты түрде көрмелердің тарихына ендік, қатысатын мемлекеттер бойынша озық бестікке кірдік!

    • #5
    • жəй Қазақ
    • сб, 18/03/2017 - 11:30

    Осы ЭКСПО-ның Халықаралық ұйымы, біге қанша қаражат бөлді екен, ешқандай хабар болмады. Қазақтың шығыны орнына келсін немесе КӨКЕМе Нобельді берсін. Кəзір Диктатор емес, Билікті бөлісті. Босқа шығын болмайды, Əйтпесе Қазақтың ЭКСПОдан басқа Проблемасы жетіп жатыр. Тенгеде ешқандай Құн қалмасада, Əлеуметтік шығынды "табан асты" ұстаудамыз, Халық Елбасы үшін "жан пида" деп отыр.

    • #6
    • офицер
    • сб, 18/03/2017 - 19:34

    үйсіз күйсіз жүрміз,экспо абыройлы бітсе,мемлекет бізге үй берсе.

    • #7
    • Мақсұт
    • жб, 19/03/2017 - 18:00

    Әу басында барлық ақиқатты ақпарат көздерінде айтылғандай ЗКСПО Қазақ мемілекеті үшін түкке де керек емес, бір тиын пайдасы жоқ, құрғақ кеудемсоқтыққа құрылған даңғазалық қана! Бұл іс шарадан біздің елге ешқандай абырой да болмайды. "Күң көтінде күміс жылтырайды дегендей" біздің барлық кемшіліктеріміз бен кедейшілігімізді көкке әйгілеп көрсетудің бір амалы ғана. Осыны ойластырған адамның санасында сақина бар шығар!...

Пікір қосу

  • 8 + 24 =

Вход