Абай-ақпарат

Астана Бішкекке "іздеудегі" Германия азаматын экстрадициялады

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан Қырғызстанға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматын берді. Елдің ішкі істер министрлігі 66 жастағы Аселборн Вальдемардың Қырғызстанға экстрадицияланғанын хабарлады.

Тергеу мәліметі бойынша, Аселборн Вальдемар 2013 жылдың мамыр айында Қырғызстан азаматынан 120 мың АҚШ долларын алып, Германиядан шырын өндіретін құрал-жабдық жеткіземін деп уәде еткен. Бірақ ақшаны алып, ізін жасырған.

Ол 2016 жылдың қазан айында Алматы әуежайында ұсталған. Оны Қырғызстанға бергенге дейін, тергеу ісі жүргізілген. Бүгінде ол Бішкек ішкі істер басқармасының уақытша тергеу абақтысына отыр.

Абай ақпарат

0 пікір 147 рет оқылды Қосылған: 17.03.17

Пікір қосу

  • 1 + 40 =

Вход