Абай-ақпарат

Назарбаев: Парламент өкілетті мерзімін толық атқарады

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі парламент өкілетті мерзімінің соңына дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Назарбаев бұл туралы 16 наурызда мемлекеттік БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Кездесуден түсірілген видеоның үзіндісін кеше кешке Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жариялады.

- Жаңа сайлау мен үйленгеннен кейін әрқашан ойлаған нәрсең орындалып кетпейді жақсы сөз бар. Сондықтан... Халық неге жаңа сайлауды көксеп отыр? Парламент 2021 жылға дейін сайланған. Ол мерзімімен жұмыс істейді, - деді Назарбаев.

2015 жылы сәуірде өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ал 2016 жылы наурызда өткен парламент сайлауныда оның биліктегі "Нұр Отан" партиясы жеңген.

Назарбаевтың бұл кездесуіне мемлекеттік телеарналардың, оның ішінде "Қазақстан" телеарнасы, "Айқын" газеті, Esquire журналы, ресми ҚазАқпарат агенттігінің журналистері қатысқан. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге қатысқандар бірқатар мәселелерді, оның ішінде коррупцияға қарсы шаралар, сыртқы саясаттағы басымдықтар мен басқа да "маңызды тақырыптарды" талқылаған.

Абай ақпарат

5 пікір 237 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • жəй Қазақ
    • сб, 18/03/2017 - 10:51

    Президент дұрыс айтады, ол Қасқалардың толық 4 жыл уақыты бар. Бітпейтін Кризис кезінде пайдасыз Сайлауға Қаражат шығару обал. Кейін Сайлау Заңын өзгеріп кірісеміз.

    • #2
    • Айнамкөз
    • сб, 18/03/2017 - 17:08

    Дұрыс қой, бастаған істерін аяғына дейін істеп кеткендері. Оның үстіне саулаудың қажеті шамалы қазіргі таңда.

    • #3
    • Қарагөз
    • сб, 18/03/2017 - 17:10

    Ештеңе өзгертілмей осы құраммен жұмыс жасай берілгені тиімдірек меніңше.

    • #4
    • Қуаныш
    • сб, 18/03/2017 - 17:10

    Еліміздің саясатын тұрақты түрде сақтап отыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Бағалай білейік.

    • #5
    • мурат
    • сб, 18/03/2017 - 18:48

    олаи булаи тосаттан боп кетпесе журеберсинши барибир ештене озгермеиди уакыты келип озгерер тек к...... кысып журсе екен ескерткиш жане бирденелерди булдире бермеи халык калаулары..

Пікір қосу

  • 3 + 6 =

Вход