Абай-ақпарат

Алматылық жұрт Наурызды Қанат Исламмен бірге қарсы алмақ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматылық бір қауым ел Наурыз мейрамын Қанат Исламмен бірге қарсы алмақ, - деп хабарлайды "Абай ақпарат".

20-наурыз күні Алматыда кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламға арналған кеш өтеді.

"Қанатпен бірге Наурыз" атты мерекелік кеште боксшыға Алматылық жанкүйер жүрт тұлпар мінгізіп, сый-құрмет көрсетпек екен.

Бұл кешке Қазақстан спортына өлшеусіз үлес қосқан өзгеде спортшылар мен танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде. Боксшы алдағы жоспарлары мен жекпе-жегі туралы сұхбат береді. 

Абай ақпарат

3 пікір 283 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • жəй Қазақ
    • жм, 17/03/2017 - 22:57

    Алға Қанат, кəсіби бокста сендей Қазақ болған емес. Əрқашан Ер Қаптағай, Қабанбай бабалар аруағы қолдасын.

    • #2
    • Саясаткер
    • сб, 18/03/2017 - 10:27

    Немене, Қанат Ислам АУА-РАЙЫ - ма??? Осы тақырыпты қойған кезде неге ойланбайсыңдар -АААА ? Саутсыздық жайлап барады. Жақсы жаңалықты "құбышық" қылдыңдар да қойдыңдар. Яғни, Алматылықтар бөлек халық (ұлт, адамдар, мақұлық) , ал Қанат Ислам бөлек дүние (бұлт, тұман, боран, аяз, НЛО т.с.с) ТАҚЫРЫПТЫҢ аталуы ДҰРЫС емес. " Қ. Ислам кәсіпқой бокста Алдыға шықты" демегендеріңізге!!!! Именно "Алдыға"!!!!

    • #3
    • Oljas Alban
    • сб, 18/03/2017 - 17:42

    Sauatsyz eken kim bolsada takyrypty koigan adam.Almatyda Kanatpen kezdesu dep karapaiym koia salsada boladygoi takyrybyn.Al Kanat bauyryma sattilik!

Пікір қосу

  • 9 + 15 =

Вход