Абай-ақпарат

Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қазір көптеген елдің парламенттік билікке қарағанда күшті президенттік билікке қайта оралып жатқаны жайлы айттыңыз. Себебі күшті президенттік биліктің зор басымдығы бар. Бұл жылдам, тиімді, қоғамдық пікірге қарамай, саяси күреске назар аудармай әрекет ету мүмкіндігі. Айтыңызшы, біз Қазақстанда бір партияның басым болғанын және саяси бәсекелестіктің жоқтығын қолдандыңыз ба? Біз жылдам әрі тиімді әрекет еттік пе?", - деп сұрады Гүлнар Бажкенова.

"100 пайызға қолдандық. Қазір мақтана алатын барлық жетістігіміз осының арқасында, әрине кемшіліктер де болды", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Абай ақпарат

4 пікір 486 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • жəй Қазақ
    • жм, 17/03/2017 - 22:45

    Дұрыс жауап, Көкенің билігі күшті, əуелі Корольдер қараң қалсын. Енді берді бірталайын.

    • #2
    • Қоқақ қазах
    • сб, 18/03/2017 - 11:20

    Мен түсінбеймін осы ел басына сұрақ қойарда журналистерге арнайы осы сұрақтан басқа сұрақ қоймаңдар деп талап қойар мекен. Болмаса болмайтын сұрақтар қойып басты қатырады. Елде шешілмей жатқан сұрақ көп емеспе, мысалға Қазахстан мемлекетінің сыртқа қарызы, оралмандардың елге оралуына нешеме кедергілердің болуына, және қымбатшылықты қолдан жасап отырмыз барлық нәрсе елімізде бола тұра көп қой осындай проблемалар.

    • #3
    • доғар
    • сб, 18/03/2017 - 22:22

    бұл сондай өзіне қарсылас жоқ болса неге жарылқапты не уәлиханды өткізбей өзінің қуыршақ кандидаттарын өткізеді шын өзінің ноль екенін біледі сонсын солай істейді.

    • #4
    • Қазақ
    • сн, 22/03/2017 - 14:21

    Cаяси бәсекелестерінің бәрін өзі құртса кімге өкпелейді? Енді Рахышевке рейдерлік шабуыл жасап банк саласын өз монополиясына айналдырмақ ойы бар сияқты.

Пікір қосу

  • 7 + 49 =

Вход