Абай-ақпарат

Назарбаев: Мен туралы жазылған өлеңдер мен түсірілген фильмдер маған ұнамайды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі туралы түсірілген фильмдер, жазылған өлең-жырлар мен қойылған ескерткіштерге қатысты пікір білдірді.

Президенттің БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында Esquire.kz сайтының шеф-редакторы Гүлнәр Бажкенова: “Соңғы уақытта сіздің құрметіңізге өлеңдер жазылып, кино түсіріліп, ескерткіштер қойылып жатыр, депутаттар да түрлі ұсыныстар жолдап жатыр. Конституцияның 91-бабын өзгерту арқылы тұңғыш президенттің мәртебесін бекітіп те қойды. Менің сауалым қарапайым ғана: Сіз бұған қалай қарайсыз? Сізге бұл керек пе? Әлде мұның бәрі соларды жасап жатқан адамдарға қажет пе?”, – деп сұрады.

“Бір сөзбен ғана айта аламын: маған мұндай нәрселер керек емес. Мен бұл туралы үнемі ашық айтып жүрмін”, – деді президент.

Ол Марк Аврелийдің “Ескерткіш соғу арқылы, келер ұрпақ сені есіне алады деп ойлама” деген сөзін келтірді.

“Кезінде Лениннің, Сталиннің ескерткішін шуылдап қолдағандар қазір не болды. Сол қолдаған адамдар әлгі тұлғаларды өздері құлатып тастады. Кейін президенттіктен кеткен кезде, мен келер ұрпақтың шешіміне әсер ете алмайтын боламын”, – деді Назарбаев.

“Мен бір нәрсеге ғана келісімімді бердім, ол Назарбаев атындағы университет. Бұл еліміздегі барлық университеттерге үлгі болатын ерекше оқу орны. Бұған барша қоғамның, үкіметтің назарын аударып, дұрыс даму жолында болу үшін келістім. Бұл университет тек жоғарғы оқу орны ғана емес, Қазақстандағы ғылыми орталыққа айналды. Және солай қалады”, – деді президент.

Елбасы өзге ұсыныстардың ешбіріне ешқашан келісім бермегенін қадап айтты.

“Сол себепті тағы да қайталап айтайын, маған бұлар керек емес. Маған бұл ұнамайды. Саясат туралы, әрбір адам мен оның істері туралы, қандай адам болды, қандай әке, қандай ана, артына қандай із қалдырды, әңгіме осы жағында болуы тиіс. Жаңа Қазақстан мемлекетін құру үшін маған халықты басқарып, картадан орын табу керек болды. Осы елдің астанасын нөлден бастап құрып, жоқтан бар еттік. Міне қараңыздар. Астана – еліміздің мақтанышына айналды”, – деді Назарбаев.

Соңғы жылдары елімізде Нұрсұлтан Назарбаев туралы бірнеше сериялы фильмдер түсіріліп, бірқатар кітаптар жазылған. Тіпті оның атын ел астанасына, әуежайға, басқа да нысандарға беру де ұсынылды. Алайда мемлекет басшысы Астананың атын ауыстыру туралы ұсынысқа қарсы шығып, қолдамады.

Президент осы сұхбат барысында келесі президент сайлауына қатысу мүмкіндігі туралы және жердің сатылуына қатысты да ойын айтты. Сондай-ақ, ол өзім тағайындайтын адамдардың сенімнен шықпауы жаныма батады деген болатын.

Абай ақпарат

11 пікір 523 рет оқылды Қосылған: 18.03.17
    • #1
    • жоламан
    • сб, 18/03/2017 - 13:37

    онда неге екі жүзді адамдар сіздің атыңызды мадақтап құдайға теңеп мәнсәптарын өзіріп жатыр жалпы сізді мақтаған парламентегілер бірақ ертең құдай қаласа осы екі жүзділер өзі жоқтың көзі жоқ деген сияқты сізді жамандап шықпайтынына көзіңіз жетеме егер шынайы халқыңның жағдайын оиласаңыз халық сізді ұмтпайтын болады ұрпақтан ұрпаққа қарай ең бірінші елдің жағдайын жұмыссыздық күн көрісін оилаңыз тек қалтасы қалың халыққа бір тыиын пайдасы тимеитін кәсіпкерлерді емес сол кәсіпкерлер халықты оилап жүрген жоқ қайта сыртан арзан адам күшін тартып заңды белшесінен басып жүр әсіресе полицияларды сатып алған білгенін жасайды

    • #2
    • жəй Қазақ
    • сб, 18/03/2017 - 23:30

    Қазақ ТЖ-да түк ұят жоқ екен, Президенттің өзі шығарылған Заңдарға, түсірілген пəленбай киноға, жазылған кітапқа, орнатылған ескерткішке бəріне қарсы екен. Бұл ТЖ-ға не істеуге болады. Кімге жүгінеміз.

    • #3
    • Серік
    • жб, 19/03/2017 - 14:04

    Ұнамайтын киноны неге түсірді екен , ұнамайтын өлеңді неге жазды екен ???? Ұнайтындай қылмай ма екен ????

    • #4
    • Мақсұт
    • жб, 19/03/2017 - 17:36

    Екі жүзділіктің керемет үлгісі! Адамның ісі мен айтқан сөздері біріне бірі қарама қарсы келіп жатса -сұмдық қой! "...Сондай -ақ өзім тағайындайтын адамдардың сенімнен шықпауы жаныма батады?!!" Осы да сөз бе?! Осы да ақылды адамның уәжіне жата ма?! "Сенімнен шығуы үшін" Ә. Қажыгелдинді, М. Әблиязовты, М. Жәкішовты, Жақияновты А, Сәрсенбаевты, О. Жандосовты тағы сол сияқты Д. Көшім, М. Тайжан секілді елге пайдалы азаматтарды қудалағанша, олардың орындарына жағымпаздық пен жәркелештіктен басқа ештеңені білмейтін, қара басын күйттеп қалған "ұрыларды" жинағанша -неге таңдауды Халықтың еркіне бермейді?! Ең ауыр қарғыс -"Өзің білме, білгеннің тілін алма!" -екен. Біздің паразидент сол қарғысқа ұшыраған адам, өзі ештеңені түсінбейді, білігі барлардың бәрін жау көреді, көзіне мақтап, сыртынан жұдырықтарын түйген алаяқтардың "О! Назарбай! Не деген Ғұламасыз?! Не деген данышпансыз?! Не деген Жарық Күнсіз?!" - деген қулығы мен мазағына құлай береді...
    Қолынан келмей ме -кетсін,жұрттың жолына кедергі болмай! Ананы бір, мын.аны бір кіналай бергенше -жұмыс істей алатын адамдарға берсін орынын? Қазақстанда "Чемоданный настроениемен" отырғандардан өзге ешкім бұл "Мәңгілік Көсемді" керек қылып отырған жоқ. Бәрі де құтылғанша асық. "Мен керекпін..."-дейді? Мүмкін Мәскеуге, Путинге керек шығар, ал Қазақстанда 90 пайыз Халық құтылғанша құмар! Құрметтеп, құрметтеп, астына текемет төсеп шығарып салар еді...Бірақ Елбасты "Биліктен кетсем болды -барлық күнә, құпияларым ашылып қалады -ау " деп биліктен тісті бақаша жабысып айрылар емес.

    • #5
    • Ауылбай
    • дн, 20/03/2017 - 10:09

    Мақсұт бауыр, Көшім, Тайжан, Сырым дегенде сақтау болғаның жөн. ПӘ -мен байланыстары нығайған жандар. Жараның сыртын ғана сипалайтындар ғой.

    • #6
    • Аңғалбай
    • дн, 20/03/2017 - 17:31

    Президент туралы кино кейіпкерлері-марапатталады, президентті сайлау туралы бастама көтерушілер - қызметте жоғарылайды, президентті мақтаушылар - мәңгілік депудат болады, президентті даттаушылар - ...

    • #7
    • Мақсұтқа
    • сс, 21/03/2017 - 11:05

    ++++++++++++++++++++++++++++++++++

    • #8
    • Қазақ
    • сн, 22/03/2017 - 10:30

    Әбу суайт, жерді шетелдіктер сатып алса жерді көтеріп кетеді деп ешкім айтқан жоқ. Айтпайды да! Жер сатылса, шетелдіктерге (ақиқатында біздің жерді иеленуге бірден бір мүдделі қытайларға) жалға берілсе халық санынының аздығымыздың кесірінен ұлт болудан, ел болудан, мемлекет болудан қаламыз дедік. Бұл ақиқат! Оған бір-ақ мысал - Палестина жерін жаулап алған Израиль мен Шығыс Түркістан толығынан жетіп жатыр. Бүгінгі күніңді ойлап ақша ақша (инвестиция тарту) деп өлмей, қазақтың болашағына бала шаппа!

    • #9
    • БАЗАР
    • сн, 22/03/2017 - 21:54

    Осы кейбір пікір білдірушілерге мен түсінбеймін.Ел басқару оңай деп ойлаитын сияқты.Мемлекетті ұстап тұру үшін ақыл айла жігер қажет.
    4 мақсұт деген қалай ойлайтыны түсініксіз. Таңдауды халықтың еркіне беріп қою мүлдем болмайтын нәрсе 5 саусақ бірдей емес деп қазақ бекер айтпаған.Өмірде неше түрлі адамдар болады.Олардың ішінде көш басшылық қасиетке ие адамдар да болады.Ел іші ала тайдай бүлініп өз ара қырқысу басталады. Ата бабаларымыз қанымен қорғаған жерінің астындағы үстіндегі байлығы талан таражға түседі.Кейбір көрші елдегі кедейшілік бізде жоқ.Еңбек етем деген адамға тірлігі болса жағдайдың бәрі жасалуда.Малын мыңға жеткізіп,кәсібін дөңгелетіп, ДЖИП мініп жүрген қарапайым ад амдарды көріп жүрміз.Адамдардың бәрі бірдей емес еңбекқорлары да жалқаулары да болады. Шаруашылықты жүргізе алатындары да жүргізе алмайтындары да болады.Сәйкесінше байлар,орташалар, кедеилер баяғыдан бері бар бүгінде бар келешектеде болады. Елдегі жасалып жатқан жұмыстар, тұрақтылық, бағдарламалар бәрі халық үшін жасалып жатқан жоқпа ?? Үкімет құрамында неше түрлі адамдар болуы мүмкін соның бәрін қадағаламаса болмайды.Жемқорлық тағы бар.Мен қарапайым жұмысшымын. Халыққа керегі бейбітшілік, тұрақтылық, ұрпағының амандығы.Көреалмаушылық ол ауру.

    • #10
    • Дала
    • сн, 22/03/2017 - 22:19

    Окіметке де сын айтылу дұрыс..Бұл жерде көреалмаушылық емес.Көрсеқызарлыққа салынбаңдар...Мен Мақсұтты қолдаймын..Осындай тұжырым ды да салиқалы қорытынды пікірлер болған ы дұрыс..
    Болмаса пікірлер болмаса сен өзің қауіптенет індей айтып отырған, өкіметте жайылып жағалары жайлауға кетер еді..Сол себепті пікір болу керек..

    • #11
    • Темен
    • бн, 23/03/2017 - 0:19

    Ата бабаларымыз қанымен қорғаған жерінің астындағы үстіндегі байлығы талан таражға түседі.
    -------------------------------------

    Ақымақ! Ата бабаларымыздан қалған ұлан ғайыр жердің бар байлығын алаяқ нән машкевич, миттал, кимдер сияқты әлемдік деңгейдегі ұры алаяқтармен талан-таражға түсіріп әлдеқашан жекшелендіріп тонап алған! Ешбір шикізат кен орындарында халықтың, мемлекеттің үлесі жоқ, азын аулақ мұнай кен орындарынан басқа. Шет елдердерге сатылып жатқан орасан зор байықтардың миллиардтаған долларларының жыл сайын шет елдерде қалып қойып жататыны тікелей соған байланысты. Санаулы жылдардан кейін бар байлықтар шетелдерге сатып тауысып болғанда қу тізеңді құшақтап табынушы нәніңнің үрім бұтақтарымен қарасын да таппай қаласың!

Пікір қосу

  • 5 + 18 =

Вход