Мәйекті

БЛОГЕР УКРАИНАҒА ҚАШЫП КЕТТІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматы қаласында тұратын блогер Жанар Ахметова Украинаға қашып кеткені растады. Ол Қазақстанда пробациялық бақылауға алынған еді. Қазір ол Киев қаласында тұрып жатыр.

Украина астанасына Жанар тоғыз жастағы баласымен бірге 17 наурызда ұшып барған. Борисполь әуежайында оларды азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев күтіп алды. Нарымбаев оларға пәтер іздестірумен көмектесіп жүр.

Ахметова өзінің елден кетуін соңғы айларда бірнеше мәрте әкімшілік сотқа тартылуымен түсіндірді. Ол "заңсыз ұйым құруға" қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер қатарына іліккен. Жанарды өзін-өзі өртеуге жаттығу туралы видеоролик таратты деп айыптаған. Ахметов осы іске қатысты сотқа дейін пробациялық бақылауда болған. Блогер өзін тағы да түрмеге отырғыза ма деп қорқады.

Блогер Жанар Ахметова қазақ билігін сынайтын мақалаларымен танымал.

Abai.kz

3 пікір 465 рет оқылды Қосылған: 20.03.17
    • #1
    • Еркін
    • дн, 20/03/2017 - 16:51

    Жолы болсын дейміз! Бұл қашқынның да артында төленбей қалған кредиті бар дейді. Жақында жарты Қазақстан қашатын шығар...

    • #2
    • 2
    • дн, 20/03/2017 - 20:41

    Әр-бір қазақ 33000долар қарыз екен сонда кімде кредит жоқ дейсің

    • #3
    • Кім ешак
    • дн, 20/03/2017 - 22:54

    Әй мына екі нші қатырдың рас ол.Қазақ тардың әрқайсысына жетеді,биліктің қарыз алып,батқандары талай жылға.

Пікір қосу

  • 4 + 29 =

Вход