Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 18165 8 пікір 20 Наурыз, 2017 сағат 09:46

МОҢҒОЛ ДЕГЕН КІМ? МОҢҒОЛ ДЕГЕН БІЗБІЗ

Ұлы Моңғол империясын Қазақ халқының даңқты ұлы Шыңғыс хан құрды дегенімізде, туындайтын бір сұрақ бар. Сонда қазіргі Моңғол мемлекетінің атауы қайдан шықты деген. Мұның жауабы төмендегіше:

Шыңғыс ханның немересі Құбылай 1260 жылы ұлы хан бола салысымен, Юан Қытай династиясының негізін қалай бастады. 1270 жылға таман астанасын Бейжінге көшіріп, барлық іс-қағаздарын Қытай тілінде жүргізіп, сарай маңына Қытай дәстүрін енгізіп, өзі будда дінін қабылдады (Ежелгі жазбаларда Будда діні ежелде Қосайлар арасында дүниеге келгендігі жайлы деректер сақталған). Ата-бабасының туған жерімен еш шаруасы болмады. Төрт ойрат (жоңғар) түменімен бетпе-бет қалған байұлылар  маньчжурлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Юан (Құбылай) сарайының үнсіз келісімімен, Шыңғыс ханның ата-жұртына жер қайысқан тұңғыс тектес маньчжур тайпалары сау ете түсті. Кейіннен Юан династиясы құлаған соң, жағдай бұрынғыдан да нашарлаған үстіне нашарлай берді. XVII ғасырдың басында Қытайдағы билік басына маньчжурлік Цин династиясы келгенде Моңғолия тұтастай маньчжурлардың қол астында қалады да, бірте-бірте алты түмен ел саны көп тұңғыс тайпаларымен араласып кетті. Мұны дәлелдейтін деректерді профессор Қайрат Зәкірянов моңғол ғалымдары Тайжуид Огир мен Бэсуда Сэржэннің 1998 жылы жарық көрген «Моңғол чуудың овгийн лавлах» еңбегінен алып, жариялады. Бұл кітапта сонымен қатар қазіргі моңғол халқының санағы нәтижелері келтіріліп, олардың, яғни қазіргі моңғолдардың 700-ден астам руға бөлінетіні көрсетілген. Шыңғыс хан тұсында ру саны 60-тан сәл ғана асқанын ескерсек, өздерін халқа-моңғолдармыз деп атайтын қазіргі моңғолдардың жағдайының қандай екенін ұғу қиын емес. Сондықтан, қазіргі моңғолдардың біздің ұлы бабамызға, түркілерге, қазақтарға тікелей тектік қатысы жоқ. Олар бізге өте әріден қосылады. Мысалы, моңғол оқымыстысы Б.Баобардың жазуынша Шыңғыс ханның кезінде 40 моңғол, төрт ойрат түмені болған, жаугершілік кезінде олар Шыңғыс ханмен бірге әуелі Шыңжаңға, артынан қазақ даласына ауып кетіп, Моңғолияда бар болғаны алты түмен ғана қалған. Оның тағдырын жоғарыда көрсеттім.

Осы жерге көңіл аударайық, 34 түмен қазақ тайпалары неге Мұңалияны тастап кетті. Оның жауабы біреу-ақ. Олардың бәрі Шыңғысхан атамыздың төл жұрты болатын. Бәрі ежелгі ата-бабаларының мекені Ұлытау өңіріне, яғни қазіргі қазақ даласына қоныс аударды. Еске алыңыз, «Шыңғысханның аталары Мұңал хан да, Қарахан да қазіргі Ұлытау мен Кішітау дегендерді жайлар еді, қыста    Қарақұм   мен   Сырдың    жағасын    қыстар   еді»  (Әбілғазы.  «Түрік шежіресі».15 бет).

Түсініктеме: Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресі» ежелгі шежірелердің ішіндегі қазақ тарихына бірден-бір сай келетін тарихи еңбек. Бұл еңбектің өзгелерден ерекшелігі, мұндағы ру-тайпа, жер-су атаулары қазақтың Ана тілінде берілген. Және бұл тарихты жазған «көлденең көк атты» емес, Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы, басында Арал қазақтарының, кейіннен Хиуаның ханы болған Әбілғазы баһадур хан.

Тағы бір арнайы атап өтетін жағдай, Құбылайдың өзі құрған қытай мемлекетінің атында, күні бүгінге дейінгі қолданыста жүрген ақшасында «Юан»  деп қойғаны. Ал, «Ю-ан»-ның негізінде өзіміздің Манқыстау дегеніміздегі «М-ан» тұрғаны айдан анық емес пе?!

Түсініктеме: Құбылай Қытай билігіне келер кезде ол елде Алтын әулеті билік жүргізіп тұрған болатын. Қазақи шежіренің тілімен айтқанда Алтын руы (шежіредегі он екі ата Байұлына өкпелеп бөлініп кететін)  Алшынның ұрпағы деген сөз. Ұлытау сірә қазірде Ұлытау деп аталады. Бұл аймақ Орталық Қазақстанда орналасқан, қазіргі Қарағанды облысының жері. Бұл өңірде Балхаш көлі, Қарқаралы тау-орман оазисі және Қазақстанның тарихи орталығы Ұлытау таулары орналасқан. Орталық Қазақстан ғасырлар тоғысқан жер. Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы өлке арқылы өткен.

Кішітау – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының орта тұсындағы тау. Ұлытау жотасының оң түстік-батысында, Дулығалы Жыланшық өзенінің бастауында орналасқан.

Қарақұм  – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап. Теңіз жағасынан 10 – 20 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 150 – 160 км-ге созылған. Құм Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары жерін қамтиды. Демек, бұл «Қарақұмның жағасына» Маңғыстау мен Үстірт түгелдей кіреді деген сөз.

Қарақұм, Түрікмен Қарақұмы – Орталық Азияда, қазіргі Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып жатқан құмды алқап, шөл. Солтүстік және солтүстік-шығысы Сарықамыс ойысы, Әмудария аңғары, оңтүстік-шығысы Қарабел және Бадхыз қыраттары, оңтүстігі Копетдаг етегі, батысы Батыс Узбоймен шектелген. Ауданы 350 мың км2. Қарақұм солтүстік Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бөлінеді.

Қарақұм, Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы құм. Алматы облысының Алакөл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 – 450 м. биіктікте орналасқан.

Қарақұм, Іле өзенінің оң жағалауындағы құмды алқап. Қытаймен шекаралас орналасқан. Алматы облысы, Панфилов ауданы жерінде.

Сыр өңірі (Сырдария өзені алқабы) - Нұқ пайғамбар атамыздың кемесі тоқтаған Қазық жұрт (Қазығұрт тауы) өңірі.

Алтай мен Мұңал даласындағы қазақтардың, өздерінің ежелгі ата-мекендері, қазіргі қазақ даласына қоныс аударғанын І.Есенберлин былайша береді: ...«Мемлекет орталығы Моңғолиядан тыс жерге ауысқаннан кейін, ол сыйлы да сүйікті бірақ, кедей шалғай аймақ болып қалды»... (Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі. 113 бет).

Моңғол деген сөздің шығу тегі жөнінде дүние жүзі ғалымдарының барлығы дерлік өз болжамдарын білдірген. Мысалы:

 1. Л.Н.Гумилев  «Моңғолдар түрік пе, әлде түріктер моңғол ма? деп сұрақ қойып оны жауапсыз қалдырған. (Евразии Ритмы», М.2004. 128 бет).

Тағы бір «Каспий айналасындағы мың жыл»  кітабының «Инерциозная фаза– «Вечный

эль» деген тарауында Түрік қағанаты туралы: «Римдіктер өздерінің астанасын – «Мәңгі қала», ал түріктер өз империясын – «Мәңгі ел», (146 б.) дейді.

2.  «Құпия шежіреде» ( 52- бөлім) және «Алтан Тобышта да» да: «Қамұқ Моңғолды Қабұл қаған билеп жүрді» делініп, «Хамаг Монғол – ХІ ғасырдың орта тұсында құрылған Моңғол ұлысының атауы» деген түсінік берілген  (41 б.).  Бір қарағанда «моңғол сөзі» дерлік «хамаг, қамұқ» – қамту, біріктіру, хамсы, көбісі,  баршасы т.б. түрде түрік текті халықтарда бар сөз.

3.  Рашид ад-Дин «Жамиғ-ат-Тауарих» жинағының 1 томының 1 кітабында «моңғол» сөзінің    мағынасы туралы: «моңғол басында «мунгол», яғни «әлсіз» және «қарапайым» деген.  (ауд. Хетагуров,154 б.).

4. Т.Әбенайұлы «Шыныңа көш тарих! Шыңғысхан кім?» кітабында да: «Маң» сөзі – түрік тілдерінде жүру, жылжу мағынасын білдіреді. Оған «құл» сөзі жалғанып, үндестік заңына сәл өзгеріске түсуден «маңғұл» атауы келіп шыққан.  Ол да, қыжыртпа сарынмен қалыптасқан көшпенді ел, малшы жұрт деген мағынадағы елесім. Бұлардан шығатын қортынды: маңғұл атауы, ең кемінде Оғыз хан заманынан бастап қалыптасқан байырғы елесім. Ол – барлық шығыстық түркілерді меңзейді» –дейді (Алматы,2008,  63-64 бб.).

5.  Хондемир Гияс-ад-дин (1475-1536) Моңғолды тарихта болған адам ретінде баяндап, Нұх пайғамбардың үшінші ұлы Иафеттің баласы Түріктің төртінші ұрпағы Аланша ханнан Татар мен Моңғол (егіз) туғанын жазады. «Олар кәмелетке толғасын, әкесі Түркестанды екеуіне бөліп берді» деп (ауд. В.Григорьев), ал Ергене қонға руын қоныстандырған Қиян, осы Моңғол ханның алтыншы  ұрпағы Елханның ұлы деген  («История моңғолов.  От древнейших времен до Тамерлана», СПб, 1834. 2-6 б.).

6. Қадырғали Жалайыри 1602 жылы жазған «Жылнамалар жинағында» «моңғол» сөзінің мағынасы туралы айтпайды, тек Оғыз ханға бағынбай, мұсылмандықты қабыл алмай шығысқа көшіп кеткен жұртты «моңғол» деп атайды. 

7.  Хиуа ханы Әбілғазы баһадүр 1662 жылы жазған «Түрік шежіресінде»: «Мұңғұл»  сөзі «мұң» және «ол» деген сөздерден шыққан, жұрттың тілі келмегендіктен келе-келе мұғұл деп кеткен. «Мұңның» мағынасы қайғы екенін барша түрік біледі, ал «ол» дың мағынасы да қайғыға жақын, түнерген дегенге келеді» дейді (15 б).

Түсініктеме: «Мұң» сөзінің мағынасын барша түрік біледі» деуі – «моңғол» атауын түріктер бергендігі және мұның еш шүбәсіз түрік сөзі екендігі. Бірақ «ол» есімдік сөзі, түрік тілінің заңдылығына орай, бастауыш ретінде «мұң» сөзінің алдына қойылып, «мұң ол» емес, «ол мұң» (ол – мұңды) болар еді.

8.  «Қазақстанның балама тарихы» аталатын кітабында Қ.Данияров: «Мың – сандық өлшемі, қол – әскер, қосын мағынасында», «Бұл сөз түркі тілді халықтардың ішінде қазақ тілінде фонетикалық өзгеріске ұшырамай, сол күйі сақталған. Әйтеуір, «мұңғыл» (моңғол) – қазіргі моңғол тілінде белгілі бір ұғымды білдірмейтін, мағынасыз, мәнсіз сөз» дейді (41 б.).   Бірақ, Шыңғыс хан өз әскерінің күшін, «өте көп» екенін білдірмек болса тіл қорында бар «түмен» сөзін қолданар еді ғой!

Осы автор Шыңғыс хан басқарған мемлекетті құрушы өте ірі төрт ру ( қият, найман, керейіт, меркіт) болғанын, олардың бірінің атымен мемлекетті атаса, қалған үшеуі келіспей, алауыздық туарын, сондықтан «сол жерлерде көшіп жүрген аз ғана тайпаның (моңғол тайпасының) атын беруге мәжбүр болған» дейді! (Алматы, «Жібек жолы», 1997, 14 б.).

9. Қ.Зәкірянов, кітабын  «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» атай тұра: «4 ғасырдың

аяғында Монғолияның ғұн әміршісінің қайтыс болған әйелінің күмбезінде 40 күн бойы Манчжуриядан әкелінген мың құл шырақ жағады. Кейінірек бұл мың құлдың ұрпақтары 12 ғасырда Онон және Керулен өзені бойында көшіп қонған моңғол атты рудың негізін құрады», «..Осы себепті «моңғол» этнонимінің шығу тегі «мың қол» сөзіне емес, «мың құл» сөзіне байланысты болып келеді екен» дейді (Алматы, «Жібек жолы»,48 б.).

10. Лин фон Паль «История Империи моңғолов» атты кітабында: «Происхождение самого названия «моңғолы» имеет несколько толкований. По словам  Д.Банзарова, рассматривавшего филологический компонент названия в статье «О происхождении имени  моңғол»: «...г-н Шмидт, следуя Сананг-Сэцэну, думал, что оно дана моңғолам самим Чингисханом и произведено от корня монг, «строптивый», «дерзкий», а мусульманские историки производят его от мунг, «слабый», «печальный». Чтобы ни значило слово монг или мунг, по свойству самого  языка моңғолов не могло их имя произойти от такого корня: без всякой натяжки оно разлагается на мон-гол, «река Мон»! Однако никакой реки Мон на картах не существует. Ее не существовало и на европейских и арабских картах Средневековья» дейді (35 б). (Бұл  айтып тұрғандары «мунг»– мұң, мұңды, ал «монг» – мөңку» сөздері).

Шын мәнісінде, 17 ғасырда  Санан-шешен, 19 ғасыр басында Г.Шмит келтірген «монг» сөзі қазіргі моңғол тілінде жоқ. Өйткені бұл түрік сөзі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Мөңкі 1. Тулау, әлем-тапырық, шат-шәлекей болу; 2. Ауысп.   Қатты ашулану, шамдану; делінген (Алматы 2008, «Дайк-Пресс»,  600 б.). 

  11. Қ.Салғарин кейбір ғалымдардың «мұнғұл» атауының сөздік төркінін «құл» сөзімен байланыстырғаны шындыққа келетінін, монғолдардың түпкі тегін Геродоттың «Тарихындағы» скифтерден жеңіліп Шығысқа қашқан құлдардан шығарып, «моңғол» мағынасы «мың құл» болуы  мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар: «Көне қытайлықтардың «кеуделі құл», «кекшіл құл» деген мағынада қолданып, тарихнамаларына халықтық атау ретінде ендірген «сиуңну» («сиуң» – кеуде, ну – құл») этнонимінің ежелгі түріктің «мұңғұл» («мұңды құл» немесе «түнерген құл») деген халықтық атауының калькалық аудармасы екенін аңғару еш қиындық туғызбайды» дейді («Ұлы қағанат» кітабы, 159 б.). «Мұнымыздың дұрыстығын орыстың әйгілі шығыстанушысы Н.Я.Бичуриннің сиуңнуді «злый невольник» (Бичурин Н.Я. 1950.– стр.39)  деп аударуы да Әбілғазының мұңғұлды «мұңды құл», «түнерген құл» деп түсіндіруі де құптап тұрғандай» дейді. (сол кітапта, 357 б.). 

12. Меніңше, Шыңғыс хан мемлекеті тарихына қатысты зерттеулер жасаған бұрынғы, кейінгі тарихшылардың осы мәселенің ұшына шыға алмау себебі – «моңғол» сөзін олардың «этностық атау» деп есептеуінен болып отыр. Ал шындығында, бұрынғы тарихтағы «моңғол» этнос (ру) емес,  шығыстағы түрік текті рулардың Одағының  атауы (КСРО дегендей).  (Хасен Қожа-Ахмет, «Моңғол» емес «Мәңгі ел» немесе ғасырларға жалғасқан жаңсақтық»).  

13. Татарстандық тарихшы Р.Н.Безертинов: «Татары, тюрки – потрясатели Вселенной»  кітабында: «Постепенно орда превращалось в государство, которое называлось у тюрков ханством. Ханства объединялись в каганат. Свое государство тюрки называли Эль или Иль. Оно было более постоянным, чем орда или конфедерация, поэтому тюрки свое государство называли «Вечный Эль». Постоянная потребность объединения в орды и создания государств послужила основой идеологии тюрков. Эта идеология «стремления к Вечному Элю» пронизывает своими лучами всю историю тюркского мира. Благодаря этой идеологии тюрки создали много десятков  империй и ханств»  дейді (Новосибирск 2001.,52 б.).

15.   Қ.Салғараұлы «Ұлы қағанат» кітабында: «Түрктердің 552 жылы жыужәндарды талқандап, өздерінің мемлекетін «Мәңгі ел», билеушісін «Ел қағаны»  атағаны баршаға аян»  (166 б.),  дейді (182 б.).     

16. М.Қарғабаев өзінің «Көшпенділер атлантидасы» атты еңбегінде «Қазақ халқын құрайтын тайпалардың санатына кіретін рулардың ішінде  «моңғол» тайпасы жоқ. Көшпенділер үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді», - дейді.

17.  Орхон таңбалы тас жазуларында, Күлтегін кіші жазуларының 8-жолында: «Өтүкен иыш олүрсар беңгү ел тұта олыртачысың»  деген таңба жазу бар екен. Мұны С.Малов «Когда же ты остаешся в Отюкенской черни, ты можешь жить, созидая вечный племенной союз» деп, өзге орыс тілді ғалымдары да «ел» сөзін «племенной союз» деп аударған екен (В.Радлов пен П.Мелиоранский бұл тұсты «вечныя племена обитающия» депті).

Қазақ ғалымдары бұл сөйлемді «Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың сен» (М.Жолдасбеков), «Өтүкен жыныста  отырсаң мәңгі ел тұтып отырарсың сен»  (Қ.Сартқожа), «Өтүкен ұйысында отырсаң мәңгі ел  тұта отырар едің» (М.Мұхитденов), «Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі ел ұстап отырарсың сен» (Ғ.Айдаров), «Өтеген иеуіште отырсаң мәңгілікке еліңді сақтап қаласың» (Т.Әбенайұлы), «Если ты обитаешь в Отюкенской черни, ты можешь жить, созидая (поддерживая) свое вечное государство» (А.Аманжолов) деп аударған.

Бұндай болжамдарды әлі де шұбырта беруге болар еді. Бірақ, бізге одан ешқандай пайда жоқ. Бүкіл дүние жүзі ғалымдары бұл бағыттан шындықтың (ақиқаттың) түбіне ешқашан, тіпті мың, миллион жылдан да кейін жете алмайды. Себебі, бұл бағытта адамзаттың атасы «маймыл» деген батыс (Дарвин) тұжырымы басшылыққа алынған.  Ал, маймылға Ұлы Жаратушы – Алла сана (ақыл мен білім) бермегендіктен, маймыл өз тегін ешқашан іздеп таба алмайды.

 Шындыққа жетудің ең оңай және бірден-бір дұрыс жолы Қазақтың рулық, тектік шежіресін және сөздің түбірін (өз түбін, яғни сөздің атасын) және оның құрамын басшылыққа алу. Яғни шындықты қазақтың Ата шежіресінен іздеу.

Шыңғысханды оның руының Қиян (Қият) делінетініне байланысты әр тарихшы әр руға теліп жазып жүр. Олардың бұндай тұжырым жасауларының негізі, Қият атты рудың қазақтың көптеген руларының, тіпті өзге ұлттардың ішінде де болуы. Демек, Шыңғысхан атамыздың тегін тек қана Қият деген ру атына бола әр руға (елге) телу дұрыс тұжырым болмайды. Себебі, Шыңғысхан шыққан Қият (Қияндар) руының арғы атасы Мұңал, немесе Моңғол атануға тиісті. Қазақта да, тіпті бүкіл әлем елдерінің ежелгі тарихтарын да  Моңғол есімді ру да, тайпа да, ел де, мемлекет те кездеспейді. Демек,  Моңғол Мұңалдың лақап аты. Бұл тұжырым дауға жатпайды. Дәлел ме? Тыңдап көріңіз:

«Мұңал – Адайдың кенже немересі, яғни Келімбердінің кенже баласы, оның бес баласы бар делінеді:

«Мұңалдан - Жаулы, Шоғы (Қырықмылтық деп те аталады) Әли, Бәйімбет, Алаоғылан (Алақұнан)» (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет).

«Мұңал – Байымбет, Жаулы, Шоғы, Алақұлан, Әли болып бөлінеді. Мұңал – сегіз арыс Адайдың ішіндегі ең көп өскені» (М.Тынышбаев. «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» Ташкент-1925. 34 бет).

«Мұңал. Мұңалдан – Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы. Әлиден Алақұнан, Қошқар» («Маңғыстау энциклопедиясы». Алматы, 1997. 200 бет).

Мұңалдың бір баласы Алақұнан Алтай, Алатауда қалыпты деген деректер Адай шежірешілері деректерінің бәрінде де кездеседі. Алақұнандар жайлы қытай жазбаларында бар екендігі айтылады.

Адам ата мен Ауа ананың, сонымен бірге бүкіл қазақтың қарашаңырағының иесі Адайлар шежіресінің барлығы тек қана осы деректерді береді.

Алаоғлан (Оғлан) есімі бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген Шыңғыс қаған атамыздың арғы атасы.  Шыңғысханның көптеген ұрпақтарының тегіне Оғлан деген аталарының есімі қосылып жазылатыны осыдан болса керек. Мысалы, Алтын Орданың соңғы билеушісі Тоқтамыс ханның әкесінің есімі Түйе Қожа Оғлан.

      Үлкенді сыйлау дәстүрі қазақтарда тек қана тірісінде емес, өлгеннен кейін де сол күйінде жалғаса береді. Манқыстау әулиелеріне тән мынадай заңдылық – бір әулиеге зиярат ету үшін әуелі оған таяу жердегі екінші әулиеге соғып, тәу ету шарты бар. Мысалы, Бекет атаға зиярат ету үшін Оғланды әулиенің басына бару керек. Себебі, екеуі де Мұңалдың Жары аталығынан өрбиді, яғни Оғыланды Бекет атаның арғы аталары болып табылады. Оғыланды (Түйе Қожа Оғлан), Алтын Орданың соңғы ұлы билеушісі Тоқтамыстың әкесі, яғни Шыңғыс ханның сегізінші ұрпағы.

Осы Оғыланды жайлы С.Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты еңбегінде төмендегідей деректер келтіреді. «Үстірттің ернегінде, Бекет ата мешіті мен бейіті орналасқан жердің атауы Оғыланды делінеді. «Оғыланды» атауы Манқыстау мен Балқанға танымал, осы есімге ие жер Балқанда да бар (құдық және алқап). Аңыз бойынша Йафис пайғамбар өзінің ұлы Түрікке «Йафис-Оғыланлы» деген лақап ат қойыпты. С.Поляков «оғлан» сөзінің осы аймақта жиі кездесетініне мән бере отырып, осы атты иеленген тарихи соңғы адам Тоқтамыс ханның әкесі, 14-ғасырдың 50-60-жж Манқыстаудың билеушісі – Түйеқожа-оғлан (Тойқожа-оғлан) екендігін атап өтеді». Ал Әбіш Кекілбаев ағамыз Манқыстаудағы Оғыландының әлгі Түйеқожа-оғланмен байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын (93-94 бб). Осы жерде ықтималдық деген сөздің басын ашып кетейін. Әртүрлі болжамдар мен ықтималдықтың туындауы Оғланды деген сөздің мағынасын түсінбегендікте жатыр. Себебі, есіміне Оғланды деген сөз қосылған аталарымыздың барлығы, осы атамыздың ұрпақтары. Мысалы, Түйеқожа өз аты да, ал Оғланды (Оғыз)  атасының аты, яғни қазіргіше айтқанда фамилиясы болып шығады. Сонда Бекет ата жатқан әулие қорым  сол Оғланды, яғни бүгінгі түрік атанып жүрген халықтың түп атасы Түріктің жерленген жері деп тұжырым жасауымызға негіз береді. Зер салып байқасаңыз, оны осы Оғлан атамыздың басына тұрғызылған күмбездің кескін – келбетінен де байқауға болады. Бұл жерге, әрине осы Оғланды атамыздың талай тікелей ұрпағы жерленгендігі даусыз.  Бұл дәстүр күні бүгінде де жалғасуда.

Сол сияқты,  Шыңғыс қаған бабамыздың көптеген ұрпақтарына Оғлан деген тегі қосылып жазылған. Мысалы, Жошы ханнан тарайтын алтыншы ұрпағы Бекқолды ұғлан, оның ұлы Әли ұғлан (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 118 бет); Тоқтамыстың қарындасы Бақытжамал мен Темірбек ханның туған жиені Темір Құтлық Оғлан, Тоқай Темірдің ұрпағы Күнжақ Оғлан, Бек Жары Оғлан, Қалдауыт Оғлан, Елжиғыш Оғлан, Темір Қожа Оғлан, Әлібек Оғлан, Темір Оғлан т.т. болып жалғасып кете береді.

Ал, Мұңал атамыздың есімінің қалайша өзге сөзге (Мұңғұл, Мұңғыл, Мұнақ, Мұған,  Мұғал т.т.)  айналуының дәлелі ретінде төмендегі деректерді ұсынамын:

      «Хафиз бен Иассауиде жиі ауызға алынатын атау Пір Мұған.

      Хафизде:

     Бұл жолдарды Ә.Жәмішев былай сөйлетеді:

         Егер саған әмір етсе ақылы терең пір маған,

         Күнә көрме жайнамазға қызыл шарап төгуді.       

    Ал Шәкәрім оны төмендегідей етіп аударады:    

       Жайнамазыңды арақпен    

       Боя десе Мұңғыл пір,

       Таза жүрек жол білген,

        Болса айтқаны істе, жүр.

Алайда, жинақты әзірлеушілер Шәкәрім аудармасындағы софылық терминнің мағынасын түсінбеуіне байланысты қателікке ұрынған. Баспаға дайындау кезінде «мұған пір» сөзін «мұңғыл пір» деп беріп, оқырман қауымды да шатыстырған.

Пірмұған тіркесінің құрамындағы мұған немесе мұғ сөзінің астарлы мағынасы бар. Мұған (немесе мұғ) Хафизде пір сөзімен тіркесіп те, жеке күйінде де қолданылады.

Хафиз ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалаған Ә.Жәмішов орыс тіліндегі аудармаға сүйене отырып, қазақшасында «маг» деп қате берген.

Енді осы ұғымның шығу тегіне аз-кем тоқтала кетелік. Мұғ (немесе мұған) әу баста МАД тайпасының бір руы болған, рудың тайпаларының ішінде діни және рухани орны айрықша  еді. Кейін зоратустра діні Иранның батыс және оңтүстігіне тарап, МАД және басқа иран тайпаларының сенімі бір болған кезде жаңа діни көсемдерді мұғ (немесе мұған) деп атаған. «Авестада» бұл топты «Атырабан» деп жазғанын көреміз, ал Ашқандар мен Сасандар дәуірінде бұл діни топты «мұған» деген.

Бұдан шығатын қорытынды: «мұған» - Зәрдөшт  дінімен байланысты шыққан ұғым. Софы ақындар көне ұғымға жаңа мағына, астар бере отырып, кәдеге жаратқан.

Хафизде мұған пір – тарихат жолаушыларына жол көрсетуші, дана рухани көсем деген мағынада қолданылады» (И.Жеменей «Хафиз және Қазақ мәдениеті» Алматы-2000. 45-46 беттер).

Келтірілген деректерді келіңіз бірге сараптама жасап көрелік:

-  Ә.Жәмішевтің аудармасымен келісу қиын.  Себебі,  «Егер саған әмір етсе ақылы терең пір маған» деген сөйлемде ешқандай мән-мағына жоқ.  Дұрысы Шәкәрімнің   «Егер саған әмір етсе ақылы терең Мұңғыл пір» деп аударуы. Өздеріңіз көріп отырғандай Мұңғыл адам есімі. Оны біз Шәкәрімнің өзге еңбектеріндегі Шыңғыс хан шыққан елдің атауын  «Мұңғыл» деп атайтынынан да көреміз. Ал «пір» - бір, бірінші ұстаз деген мағына береді.

- Бүкіл дүние жүзі тарихи жазба дерегіндегі Моңғол атауы қазіргі Қазақтың Алшын, 12 ата Байұлы,  Адайдың кенжесі Мұңалдың лақап аты.  Мұңал «қазіргі» тілмен айтқанда түрік тайпасына жатады. Олар Адам атаның, яғни ең алғашқы Әз (Аз) атамыз негізін қалап, бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен елдің қарашаңырағының иесі. Сөз түбірі Ұң (ұңғы), Мұң (уайым, қайғы), Мұңал (Мұңал хан) атамыздың аты. Мұңал - мунгал, маңғол, моңғол,  моңғол, мұңғұл, мұңғыл, могол, моғол, мұғал, мугул, мағұл, мұқ, мұған, мұқал, мұнақ, мұнхақ орыстың, батыстың, қытайдың, парсының, басқа да шығыс халықтарының, тіпті өзіміздің де   барлық жазба деректерімізде осылай әртүрлі болып  жазылған. Мұңал атамыздың есімінің сөз түбірі Ұң. Осы Ұң Мұңалдардың түп атасы. Қалғандарының бәрі осы атамыздың лақап аты.

- Барлық тарихи деректерде Иран халқы Мад елінен (Мад патшалығынан) тараған делінеді.  МАД – қысқартылған сөз. Мұны Ман Адайларының патшалығы десе болады. Себебі, Мад патшалығының атауы кей деректерде Мадиан, Мадай (Матай),  Маадай, Манадай деп беріледі. Мадиан, Мадай,  Маадай, Манадай, Матай, Алтай синоним сөздер болып табылады. Алтай да жырланатын «Ма Адай-Қара» мен Тува халқында жырланатын «Алып Маадай» эпосы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

Мұңал атамыздың және оның ұрпақтарының атында әлем картасында бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған топономикалық атаулар бар. Олардың негізгілерінің өзін атағанда төмендегідей болып шығады:  Батыс Қазақстанның Ақтөбе облысы аумағындағы Мұңал-Жары (Мұңалжар) тауы;  Орталық Қазақстандағы бұрынғы Қазтау (Қазақтың тауы), қазіргі Шыңғыстаудың ең биік шоқысы Мұңал шыңы;   Азия құрылығында Ұлы Мұңал даласы мен Мұңал мемлекеті (қазіргі Монғолия) болса, Манқыстау жерінде: Мұңат суы – Қалнияздың айтқаны:

          «Басында Жартышеке әкем қалды;

          Маңында Мұңат суы шешем қалды» (С.Қондыбай «Маңғыстаудың жер-су атаулары» Алматы-2010 224 бет); Мунает – қорым; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-батыста 65-75 км жерде. Мұнаймола қорымы (Сам өңірінде, Сам-1 аулынан солтүстік-шығыста 112 км жерде және  Қарақия ауданындағы Мұнайшы кенті. Мұнайшы демекші Мұнай Мұңалдың лақап аты. Себебі, Мұнайды алғаш тапқандар және осы атаудың авторы Мұңалдар. Мұңал мен Мұнайдың сөз түбірлерінің бірдей болатындары осыдан. Кез-келген заттың (дүниенің), кез-келген ұғымның түбі болатыны сияқты, соған сәйкес сөздің де түбі бар. Ол сөз түбірі деп аталады. Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы), ешкімді ешқандай дауға жібермейді. Сондықтан жер бетінде Мұңал-Мұнайға байланысты атаулардың бәрі осы атамыздың есіміне байланысты қойылған. Оны сен мойында-мойындама, одан ештеңе өзгермейді. Мұңал атамыздың «авторлық құқығын» ешкім тартып ала алмайды.

«Адай шежіресі» бойынша Адайдың екі баласы бар. Үлкені Құдайке (Қу Адай әке), кішісі Келімберді (Ман). Құдайкеден екі бала, үлкені Тәзіке (Әз әке), кішісі Қосай. Келімбердіден алты бала, үлкені Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Тобыш, кенжесі Мұңал. Барлығы екі бала, сегіз немере, яғни он буын ұрпақ. Буын деп тек қана ұрпақ аталады. Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908) атамыздың:

       «Адам-Сафи баласы

       Бір теректен сан бұтақ,

       Дүниеге келген сан болып,

       Буын-буын тақталы» деп жырлайтыны осыдан («Бес ғасыр жырлайды» Алматы.1989. 129 б).

Адам атаның қарашаңырағы Адайдың кенже немересі Мұңалдың сөз түбірі «ұң, (ұн, үн)» болып тұр. Өздеріңіз көріп отырғандай, «бидай» мен «нанның» авторлық құқығы Би Адайларда жатса, «ұн» мен «мұнайдың» авторлық құқығы Мұңалдарда жатыр. Аспандағы күннің түбірі «үн» болатыны да осыдан. Демек, Күн – Қу (Құдайке) және Үн (Мұңал) деген екі біріккен сөзден тұрады. «Ай»-дыңда аптырлық құқығы Адайларда жатыр.

Біз мұның дерегін Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлының (1850-1912) жыр жолдарынан табамыз:

        ...«Мен Адайдың Ақтаны

        Сөйлеген сөзім тақталы. (Тақталап сөйлеу, яғни әр ұғымның дүниеге келу ретін айту).

        ...Әріден бері сөйлесем,

        Олда өзімнің мерейім. (арғы түптегі аталарының тарихымен мақтанып, мерейленіп отыр).

        Туған айға ат берген, (аспандағы туған айға ат берген менің атам Адай-Айтумыс  деп отыр).

        Ақ қағаз бен хат берген, (қағазды да, қаламды да, хат жазуды да үйреткен солар деп отыр).

        Екі ерін мен тіл-таңдай

        Сөйлесін деп жақ берген. (ең алғаш сөйлеп, «Тіл таңбаны» иемденген солар деп отыр).

        Айтқан сөзге түсінбес

         Адамның мыйсыз ақымағы» (мұны түсініп мойындай алмасаң, мисыз – ақымақсың) деп жырламаған болар еді. Ақтанның Ата тегі: Адай – Келімберді – Бұзау – Айтумыс – Шылым – Өрдек – Кенже болып таратылады. (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);

Өздеріңіз көріп отырғандай, Кенже ұлда Адамзаттың бастау кезеңіндегі ғаламдық құбылыстарға ат (есім) бергендердің кім екендігі сақталып отыр.

Күн қағанатының бастауы осылар. Күн, Гүн, Ғұн, Гүнуу, Ғұнну бәрі синоним.

Мұңалдың монғол атанып жүргеніне келсек, монғолдың сөз түбірі «он». Моңғол атауының дүниеге келуі, оны сол кездегі бүкіл әлем елдерімен бір ауыздан мойындалуы және оған өздері моңғол болмаса да, өзге рулардың өздерін моңғолмыз деп атауы, тіпті Рашид Ад Дин айтқандай сол монғол атауына таласуы бекерден-бекер емес. Себебі, бүгінгі тарихшылар «Сандардың шығу тегінің» ақиқатына жете алмай жүрміз.

Ақиқатында,  Мұңалдар Адай атаның оныншы буын ұрпағы болғандықтан ғана монғол деп аталып, бұл ұғым бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалды. Әлем тарихындағы сегіз оғыз, тоғыз оғыз, он оғыз, сегіз оқ, тоғыз оқ, он оқ атты ел атауларын еске алыңыз. Оғыз – Оқ (оғлан), яғни ұл мен қыз деген сөз. Тоғыздың түбірі «Оғыз» болатыны да осыдан. Оғыздың шежірелік атауы Тобыш. Тоғыз тобыштардың сандық атауы.

 Мұңалдың – Моңғол аталу себебі, он саны Мұңал-Монғолдардың сандық атауы, бұл сан Мұңалға дейінгі барлық аталардың: бірінші буын Адай атаның екі баласы Құдайке мен Келімберді, екінші буын Тәзіке (сөз түбірі Әз, яғни Әз әулие, бұл бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы), үшінші Қосай (бұл Нұқ пайғамбардың руы (елі), төртінші Құнанорыс (Рысқұл), бесінші Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит (Семиттен Араб пен Ебрей тарайды), тоғызыншы Тобыш, оныншы Мұңалдардың жиынтығын құрайды.  Мұңалдардың Моңғол деп аталуы,  оны сол кездегі бүкіл әлем елдерінің бір ауыздан мойындауы және қазақ руларының өздерін моңғолмыз деп атаған себебі де осы.

Оныншы буын –  Мұңалдың сөз түбірі Ұң (Ұңғы), яғни кез келген түтіктің іші. Мысалы, мылтықтың ұңғысы.  Негізгі мағынасы Адай атаның қарашаңырағы ешқайда бұрылмай тікелей ортасымен (ішімен, өзегімен) келіп Мұңалға (Мұңал ошаққа) тіреледі деген сөз. Ал, одан туындайтын Мұңға келсек, бірімен-бірі дай-дай болып айтысып, тартысып, жан-жаққа шашырап, бөлініп кеткен елдің, яғни бір атаның балаларының (ағаларының) бастарын қайтсем қосамын деп мұңға (қайғыға) батқанын білдіреді.

Жан-жаққа ыдырап, бірімен бірі жауласып кеткен елдердің басын қосып, мөріне (гербіне) «Аспанда Құдай, жерде Қаған, әлем иесінің таңба мөрі» деп жаздырған, әлемге әйгілі, соңғы екі мың жылдықтың ең ұлы қолбасшысы Шыңғыс қағанның руы Мұңалдың Қияны. (Адайдың шежіре дерегінен).

        «Атамыз Адай болғалы

       Орта болған жері жоқ

       Атамыз Адай – Мұңалдан

       Кіші жүздің ішінде

       Қарасам қатар теңі жоқ.

       Шашылған дабыл-даңқыңның

       Баяны болса кемі жоқ,

       Бүгінде жүрген адамнан

       Дәрежең артық жаралған,

       Адайдан Мұңал болғанда

Тұсында озған ешкім жоқ» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы-1996. 138 бет). Бағасы, өте әділ берілген. Соңғы екі мыңжылдықта Адай – Келімберді – Мұңалдың даңқты ұлы Шыңғыс қағаннан озған ешкім жоқ. Атамыз ЮНЕСКОНЫҢ шешімімен соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы деп жарияланған.

«Аспанда Құдай, жерде Қаған, әлем иесінің таңба мөрі» деген мөрдің иесі Шыңғыс қағанның  руы Мұңал. Монғол олардың лақап аты. Шыңғыс тауының ең биік шыңының Мұңал шыңы аталатын себебі де осы. Міне Атаға деген құрметтің ең биік шыңы. Сөз түсінген жанға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

Мұңалдардың бүкіл жазбаша да, ауызша да деректерінің бәрінде де тоғыз саны аса қастерленеді. Оны кез-келген жан Шыңғыс хан жайлы жазылған еңбектердің бәрінен де көре алады. Басқасын былай қойғанда оның жалауында тоғыз шашақ, қасында «Тоғыз өрлік» деп аталған тоғыз биі болған. Өзімен тетелес Тобыш ағасының лақап аты Тоғыз санын ауыздарынан тастамаған. Бұдан асқан ағасына деген құрметті адам баласы  көрсете алуы мүмкін бе? Ата сыйлаудан, Ана сыйлаудан, Аға сыйлаудан Адайдың сегіз немересі алдарына жан салмаған.

Оң мен солын аса жоғары деңгейде танығандарда да осы Мұңалдар. Моңғол мен Қоңыраттың  сөз түбірі «оң», Қосай мен Қоңыраттың бірінші буындарының «Қо» деген бір түбірден және Қосай мен ошақтың (Мұңал ошақтың) түбірлесіп жатуы да осыдан.

Қазақта мұнар, мұнарланып  (яғни алыстаған сайын бұлдырап) көріну деген сөз тіркестері бар. Бұл ұғымның да авторы Мұңалдар. Адай Ата мен оның қарашаңырағының иелері Мұңалдардың арасының 70 мың жылға созылып, араларының алшақтанып, мұнарланып кеткенін білдіргені.

Мұңалдар тек қана Адайдың  кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі емес, сонымен қатар, алғашқы Ман аталарымыздың да қарашаңырағының иесі. Себебі, Манның сөз түбірі «ан» пенде дегенді білдірсе, Мұңалдың сөз түбірі «ұң, ұңғы» өзек дегенді, оған «ал» жалғауы, жалғанып бұл жерде  Мұңал атамыздың есімі «Алғашқы өзек» деген мағынаны да беріп тұр. Ман, Маң, Мың, Мен, Мұң бәрінің шығу тегі  Ман атамыздың есімінің сөз түбірі «Ан (Ана)-дан бастау алады.

Сонау Адам атамыздан бергі 70 мың жылғы тарихымыз негізінен осы ұрпақта ғана сақталған. Жоғарыда айтқанымдай, Адам атадан басталған рулық шежіренің, шежіре-дастандардың, «Қырымның қырық батыры» атты жырлар циклінің Мұңал Жарылар арқылы бүгінгі күнге жетуі осы тұжырымымыздың айдай айғағы болмақ. Әрине солай. Ата шежіренің қарашаңырақта ғана толықтай сақтала алатынына қандай дау бар.

Егер біз Шыңғыс ханды Мұңалдың қай тармағына жататындығын саралайтын болсақ, қолдағы бар тарихи деректерге сүйене отырып,  Мұңалдың Жаулы Жарысынан тарайтындығын айқын көреміз. Себебі:

Біріншіден, Шыңғысхан заманында Шыңғыс ханның рулас, тумаластарының атына Жары Адай деген тегі қосылып жазылған. Мысалы,  «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жары Адай Еген» (265 бет) (І. Есенберлин «Асыл аңыз». Мұңалдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002. «Көшпенділер» баспасы). «211. Және де Шыңғыс қаған Зелмеге: «Жары Адай ақсақал жел көрігін көтеріп, кішкене Зелмені жетелеп... Мен туған кезде, бұлғын көрпе берген еді. Сонан бері достасып келеміз...» дейді («Мұңалдың құпия шежіресі», 150 бет).

Екіншіден, Шыңғыс хан мемлекетінің мұрагері Алтын Орданың ең соңғы ұлы ханы, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Тоқтамыстың, Тоқтамыс Жары деп айтылуы. Күні бүгінде де, сол Тоқтамыстан тараған ұрпақтары, өздерін Тоқтамыс жарымыз дейді. Ал, Тоқтамыс болса сол кездегі Маңғыстау билеушісі Түйе – Қожа оғланның баласы. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде Әбіш Кекілбаев ағамыздың «Ұйқыдағы арудың оянуы» атты еңбегіне жүгінейік: «...Маңғыстауды әрдайым Жошы әулетінің өкілдері билеп тұрыпты...», «...Ішкі Алтын Ордадағы алауыздықты көріп, Ақ Орданың «мүйізі» сырқырай бастады. Ақ орданың билеушісі Орыс хан Алтын Орданы басып алуға бел буды. Оның бұл жорығына Маңғыстау өңірінің сол тұстағы билеушісі, Жошының ұлы Тоқа-Темірдің ұрпағы, Алтын Орданың соңғы ханы Тоқтамыстың әкесі Түйе-Қожа оғлан қосылмады. Орысхан оны сол үшін өлім жазасына кесті. Оның қоңырат тайпасынан алған әйелі Құдан – Күншектен туған ұлы Тоқтамыс 1376 жылы Орыс ханнан қашып, Темір бидің жанына Самарқант келді, артынан Айдуки манғыт келіп: «Орыс хан әскер жиып, осы жаққа аттанды»,-деді. Темір бидің жәрдемімен Тоқтамыс Орыс ханды жеңіп, Жошы ханның халқына ие болып, Сарай шаһарында ханның тағына отырды» деп көрсетеді (108 бет).

Тоқтамыс хан – Тұқа Темір ұрпағы, 1380-1395 жж. Алтын Орда ханы. Шығу тегі: Тоқтамыс – Түйеқожа – Тоғылыққожа – Қоншақ – Сарыжа – Үз Темір – Тұқа Темір – Жошы – Шыңғыс хан. 1376/77ж. Тоқтамыс Орыс ханнан қашып, Әмір Темірді паналайды. Әмір Темірдің көмегімен Ақ ордаға бірнеше рет жорық жасайды. 1379 жылы алдымен Ақ орда тағына, 1380 жылы Алтын орда тағына келіп, 15 жыл бойы Жошы ұлысының оң, сол қанаттарын билеген. Зерттеушілер Тоқтамыс ханның билік құрған жылдарын Алтын Орданың ыдырамай, біртұтас тұрған кезеңі деп бағалайды.  

Шыңғыс ханның Тоқтамыстан өзге ұрпақтарының ешқайсысына тегі қосылып айтылмайды. Ал, Тоқтамыстың тегі жоғары да айтқанымдай күні бүгінде де «жары» деп айтылып келеді. Бұны біз баласының руы (тегі) «жары» болғанда аталары «жары» болмай, кім болады деп тұжырымдауымыз керек. Бұның топономикалық айғақтамасы, Алтын Орданың астанасы Сарайшық қаласы орналасқан аймақтағы таудың Мұңал-Жары тауы, Шыңғыс таудың ең биік шыңының Мұңал шыңы деп аталуы болып табылады. Ал, Түйеқожа оғланның мазарын Оғыланды тауында десек қателесе қоймаспыз. Бекет атамыз сонда өз аталарының қасына жерленген болып шығады. Бұл шындығында да солай. Маңғыстаудағы ежелгі қорымдардың бәрі рулық қорымдар. Адайдың атақты биі жары Мәтжанның мына сөзі де осы айтылғандардың дәлелі болса керек: Мәтжан би: «Сен кімсің?» - деген сұраққа: «Әуелі Адай бол, солсын Мұңал бол, сосын Жары бол, сонда құдайға төрт елі қаласың» деген екен.   Бұл түсінген адамға батыр, би, игі-жақсылардың көбі Адайдың осы Мұңал аталығынан шықты дегені. Адайлар өз тарихында сан-сапат жорықты бастан кешірді, сары далада мал бағып көшіп жүрді. Аллатағала ықтияр еткен барлық жақсы адамгершілік қасиеттерді меңгерді, кемел адам деңгейіне көтеріліп, сан жүздеген ұрпағы әулие атанды (бүгінгі таңда 362, соңғысы Бекет ата), сан мыңдаған ұрпағы әлемге патша болып таралды.  Адайдың, яғни «Қырымның қырық батыры» шежірелік – жырлар циклін күні бүгінге жеткізген, бүкіл әлемде теңдесі жоқ айтулы жырау Мұрын жырау Сеңгірбекұлы да (Мұңал Жары), сол сияқты Абыл да (Мұңал, Жары), Сәттіғұл да (Мұңал, Жары), Сүгір де (Мұңал, Жаулы, Ескелді)  осы мұңал аталығынан өрбиді. Олардың бәрі де өз аталары Қазақтар жайлы ежелгі шежірені  және олар жайлы өз жандарынан жыр толғап бүгінгі күнге жеткізді.

Шыңғысханның руы Мұңалдың Жарысы. Әйтпесе, Маңғыстау да, қазақ даласында,  бүкіл әлем елдерінде Жары деген ру аты соншалықты тарамаған болар еді. Мысалы, Жарбұлақ (Жары бұлақ), Жартас (Жары тас), Жарқұдық  (Жары құдық), Жарсу  (Жары су), Жармыш  (Жары мыс, Маңғыстаудағы елді мекен), Мұңалжар (Мұңал Жары тауы, қазіргі Ақтөбе облысы жерінде), Ұлытаудағы Шыңғыс таудың ең биік шыңы Мұңал шыңы, Жары қаласы (Полша), көлемі 33,24 км². 39 029 адам (2004 жылғы есеп бойынша), Жаркент қаласы – Жары кент (Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы), Жарқұм – Жары құм (Жамбыл облысы. Жақында Жарқұм газ кен орны іске қосылды), Шыңғыс қаған империясының астанасы Қарақорым (Қарақұрым, бұл Шыңғысханның арғы атасының аты) Құрым ата есімі болып таратылады.

Жары сөзі олардан басқа қазақтың сөздік қорында: жар (жұбай,  тік жар, жарға итеру),  жары (ру аты, жұбайы), жарты (жартысы), жарақ (қару жарақ), жарыс (жарысу, сайысу), жарыссөз, жара – орыс тілінде (қатты ыссы), Жарық (күннің жарық кезі, оттың жарығы), жарау – жарау ат (мінуге жарамды ат), жарамау (жарамсыз болу), жаралу, жаран (дос жаран), жарапазан, жарасты, жарасу, жарасымды, жарғанат, жарғы, жар-жар, жария, жарқ ету, жарқабақ, жарлық, жарлы-жақыбай, жарма (ұсақ дақыл), жарна, жарнама, жару (ағаш жару), жарылғыш зат, жарым (жарымы) т.т. болып кездеседі. Бұл ұғымдардың бәрінің «авторлық құқығы» тек қана Мұңал Жарыларда болып табылады.

Ал, оларды манғол, маңғол, монғол, моңғол, моңғол,  моғол, могол, мыңқол т.т. дейтіндеріне келсек, бұл жерде де ешқандай ағаттық жоқ. Атам қазақтың сөздік қорында, бір түбірден (бір атадан) бастау алған атаудың бірнеше нұсқасы бола береді. Олар  ғылымы тілде синоним сөздер деп аталады.

- Манғол (Маңғол) –сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) «Ан (Аң)», ары қарай Ман (Маң, Манқыстау, Маңғыстау), ол, ғол (қол), Манғол (Маңғол) болып шығады. Бүкіл әлем елдері алғашқы адамды Адам және Ман деп, тек қана екі есіммен атайды. Адам Атаның атын Адай ұстап отырса, Ман Атамыздың атын Манқыстау ұстап отыр. Ан – Ана, ол сірә ол (өзің емес өзге адам), қол Әскер деген мағына береді. Мысалы, Шыңғыс қаған Қытайға жасаған бірінші жорығында жүз қол сарбаз шығарса, Хорезм (сартауыл еліне) жорығына жүз елу қол шығарды. Сонда Манғол сөзінің толық мағынасы, Мандардың, яғни Ман Ата мен оның қабырғасынан жаратылған Анамыздың (бұл жерде де Ана сөзі Манның ішінен шығып тұр) әділеттілік орнату үшін шығарылған  Мандардың сарбаздары болып табылады. Адай мен Ман – Шыңғыс қаған шыққан елдің арғы аталары.

Өздеріңіз көріп отырғандай, Мұңалдардың - Манғол атануында ешқандай сөкеттік жоқ.

-     Монғол (Моңғол) – сөз түбірі «Он (Оң)», мұнда да ары қарай Мон (Моң), ол, ғол (қол), Монғол, Моңғол болып шығады. Айырмасы, Он саны Адайдың қарашаңырағының  (Мұңал ошақтың) иесі Мұңалдардың сандық атауын береді. Он саны жоғары да көрсеткенімдей, Мұңалдардың сандық атауы. Ал «оң» деген сөзге меніңше түсінік берудің өзі артық. Қазақ та оңы мен солын бес жасар бала да айыра білсе керек.

Демек, Мұңалдардың – Монғол (Моңғол) атануында да ешқандай сөкеттік жоқ.

-  Моғол (Могол) -  сөз түбірі «Оғ (Оқ, Ог)», мұнда да ары қарай Моғол (Могол) болып шығады. Оқ (Оғ) – бұл баяғы Шыңғыс қағанның арғы аталары Оғыз қаған атамыздың аты. Оғыздың тағы бір мағынасы Оқ (оғлан, ұғлан, ұлан) пен қыз. Шыңғыс қағанның ұрпақтарына Оғлан деген есімнің қосақталып айтылатын себебі осы. Адайда (Ад пен Айда) садақтың оғын, атылмай қорамсақ та бірге жүргенде «жебе (Адайдың таңбасы)» деп аталады да, кере тартылған адырнадан ажырағаннан кейін оққа айналады. Қазақтың сөзінде ешқашан жебе тиді делінбейді, оқ тиді делінеді. Бұл қарашаңырақтан енші алып бөлек шыққан ел деген сөз. 

-  Мыңқол – сөз түбірі «ың (ын, ін)», ары қарай сол алдыңғы айтқанымыздай ол, қол, мың,  мыңқол болып шығады. Сонда мыңқолдың толық мағынасы Шыңғыс қаған 1000x1000=1 000 000 қол шығара алатын еді деген сөз.

Ман (ата), Маң  (қыстау дала, яғни бәрінің иесі), Мұн (мұнал ошақ, мұнай, мұнарланып көріну, алшақтап кету), Мұң (мұңаю, уайым, қайғы),  Мон (монтаны болу, жуасу, тынышталу), Мың (Мұңалдың сандық атауы).

Бұл жерде Ман дегендегі Манның сөз түбірі - Ан (Ана) есімінің алдында тұрған «М» дыбысы Адаға (Атаға, менің Атама) жалғанған «М» деген тәуелділік жалғауы болып табылады. Атам Қазақтың сөз жасау жүйесінде «М» дыбысы қосылмайтын бірде-бір сөз жоқ. Адам, Атам, әжем, әкем, көкем, ағам, апам, інім, сіңлім, балам, басым, аяғым, қолым, елім, жерім, атамекенім т.т. болып кете береді. Біздің аталарымыз тарихты осылай жазған. Бұл тарихты жою Ұлы Жаратушы – Алладан болмаса, адам баласының қолынан келмейді. Бұған сену, сенбеу әркімнің өз шаруасы. Дегенмен, әзірге бәріміз түгелдей Дарвин айтқандай маймылға болып кетпей тұрғанымызда (балаларымыз мектепте солай оқытылып жатыр), жоғарыда келтірілген деректерді зерттеп, зерделеп, пікір еткеніміз жөн болар.

Тарих тағлымы: Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана.

Қазіргі таңда бүкіл әлем елдері түпкі аталарын тынымсыз іздеуде. Дарвин бастаған Европалықтар тіпті оны маймылдардың (горилла, орангутанг, шимпанзе, мартышкалардың т.т.)  арасынан да іздеп жүр.  Бірақ, олар  аталарын маймылдардың арасынан іздеп таппағаннан кейін, олардың өздері-ақ бізді іздеп табатын болады. Ол күн алыс емес.

Бұл тұжырым дауға жатуға тиіс емес. Бүгін мойындамасақ, ертең мойындаймыз; ертең мойындамасақ, арғы күні мойындайтын боламыз. Мұндай жағдай, яғни ұрпақтардың ата-тегінен ажырап қалуы бұрында да сан рет болған. Әйтпесе, Атам Қазақтың «Ат айналып қазығын, Ер айналып елін табар» деген мақалы дүниеге келмеген болар еді.

ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3626