46 - сөз

"ҚАЗАҚ ЕЛІ" ҺӘМ ҰЯТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

"Қазақ елі" сериалының 1 бөлімін көргеннен кейінгі ой: "Көшпенділер" трилогиясын оқып, үсті қойылымдық көріністермен жауып, деректі фильм жасай салу керек еді... Жасанды грим мен киім, жұпыны декорациялар, жұлым-жұлым мәтін... Сериалды ақтайтын екі жол бар :1) ол қазақ тарихын паш етеді 2) ол әлемді біздің киноөнерге тәнті ететін көркем дүние...

Қазақ тарихын паш ете алмайды, өйткені мәліметтердің бәрі жалған! Шым-шытырық. Көркем дүние дейін десең көзін баттыйтып бояп алған "голубой" Шахмұхамедті, сақалы кеңірдегінен шыққан Қасымды көрсетсең дүниежүзі күледі. Гримм деңгейі театралдық дәрежеде, спектакль көріп отырған секілдісің. "Ақшасы аз ғой" дегенге илана салайын десең Әбдірашов 5 млн доллар киім, декорацияға кетті деп зар илеген. Сол ақшадан жақсы гриммерге бөлсе қайтер еді?

Моңғолдың 280 мың долларға түсірілген 20 сериалық "Келте хандар тарихын" көрсең миллиондар жұмсалған қазақ "туындысы" үшін ұяласың. Олардыкі шарт та шұрт монтаж, графика... Біздікі уақыт толтыру үшін созылған көріністер, мылжың сөз... Аузы қан-қан арыстанның ханға алты минутта әзер "атылғанындай" қарадүрсін дүниелер абырой әкелмейді, бюжеті шын аз болған "Сұлтан Бейбарыс" фильміндегі кадр сыртындағы ойды қолданулары да ақталмаған. "Сұлтанда" жүрегіңді дір еткізерлік, мәнді сөздер, ал мына сериалда... Бұл "біткен іске сыншы көп" емес, "Қазақ елі" деген мультфильм мен сериалды ұзақ тосқан бір қазақтың ойы."қазақ елі" атты 50 сериалы ертегінің өзі де ақшасы да "аумин" болды. Сериалдың сыйқы мынау. Фантастикалық жанрдағы телеспектакльдеріңіз құтты болсын!

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан

12 пікір 665 рет оқылды Қосылған: 20.03.17
    • #1
    • Мен
    • дн, 20/03/2017 - 14:04

    Менің де қарным ашты. Бүйтіп кино түсірмей ақ қойыңдар. Қазақты әлемге танытатын кино емес, мазақ ететін фильм. Сұрқай, жалған, қисынға келмейтін, қазақ дәстүрін жөнімен бере алмаған қарабайыр бірдеңе! Сонша даурыққандағы "Қазақ ел" анау "Жаушыдан" да көп кейін қалған. "Жібекті түте алмаған жүн етеді". Әбдірашев ту талақайын шығарыпты. Ұят ай!

    • #2
    • Мен
    • дн, 20/03/2017 - 14:04

    Менің де қарным ашты. Бүйтіп кино түсірмей ақ қойыңдар. Қазақты әлемге танытатын кино емес, мазақ ететін фильм. Сұрқай, жалған, қисынға келмейтін, қазақ дәстүрін жөнімен бере алмаған қарабайыр бірдеңе! Сонша даурыққандағы "Қазақ ел" анау "Жаушыдан" да көп кейін қалған. "Жібекті түте алмаған жүн етеді". Әбдірашев ту талақайын шығарыпты. Ұят ай!

    • #3
    • Алмат
    • дн, 20/03/2017 - 17:28

    Өте нашар. Көркем фильм емес. Хабардағы көп передачаның біреуі сияқты. Енді режиссеры асфальт Рүстем Әбдіраш, министрі анау дурак болған соң қайтып оңсын.

    • #4
    • Бейсен
    • дн, 20/03/2017 - 19:42

    Биткен иске сыншы коп Жаксы тусирген мыкты болсандар тусириндер

    • #5
    • Пікір
    • дн, 20/03/2017 - 21:55

    Сценаристте, режиссерде көшпелі өмір салты, дала заңынан хабарсыз ал тарихи шындықты бұрмалаушы жауапсыздар. 1.Атты орданың есігі алдына байлау . 2. Сөз қадірін жоғары қоятын халық десек кинода Ханға ,біріне бірі әңкілдеп сөйлеуі. 3. Ердің екі сөйлегені өлгені дейміз де кинода ханзадалардың Сөздерінен тана кетуі. 4.Әкесінің ақшасына мас бүгінгі шала қазақ шалдуарлардың сөздері, екі сөзге келмей жағаласа кету ерсі қылықтар.5.Гримдері грим емес боямен майлау.6.Қайдағы арыстан? ең болмаса 1945 жылға дейін сыр бойында болған жолбарысты түсірмеген. 7. Кешегі көшпелі өмірде азаматы түгел малы өлсе сұраусыз кетпеген. Екі адам өлігі болмаса аңшылық аңшылық болама деген не сөз?

    • #6
    • Бір қазақ
    • дн, 20/03/2017 - 23:44

    Киіз үйлердің арасымен мал айдау, жылқыны шаңдатып ауыл ішімен қуа беру ақылға симайды. Бас қосқан рубасылары Мәжілсте отырып сөз алған бүгінгі депутаттардың сөзін сөйлейді. Қисын жоқ, қазақи рух, болмыс мүлде жоқ. Сақалдары мен шаштары үнді фильміндегі бояуы қалың актерлерді еске түсіреді. Қайдағы бір сұрықсыз жерде түсірілген. Шаңы тозаңы көкке атып жатыр. Жазда қазақ билері жайлауда, шөбі шүйгінді жерде отырған. Машине жұретін жолдар сайрап жатыр. Қиюы келіспеген, әр фильмдегі кейбір сюжеттерді алып, жасап шыққан сияқты. Жәнібек пен Керей өз өздерімен жұлқынып жүр. Халық жоқ, елдің тұрмысы, қазақ өмірі көрінбейді. Түрік киноларындағы сұлтандардың сарай маңындағы тартыстарына ұқсатқысы келгенмен ондай тартымды шықпаған. Орташа ғана фильм екен.

    • #7
    • тв көрермен
    • сс, 21/03/2017 - 14:55

    әй ағайындар осы түсіргенінеде қуаныңдар қайсы қазақтың байлары қаржы шығарып тарихи кино шығарды қайсысы тарих киносына ақша бөлді тек ақшаларын қатын құмарлыққа шашып жүр қайсы бірі ұятты дым болмаса күштті нағыз тарих киносын шығарайық деп қазақтың байлары бірігіп кино шығарды деисің және сол далаға қатын құмарлыққа ақшасын шашады енді келіп әркімге қаржы берші деп тіленіп түсірген қазақтың тарих киносын жамандап отырсыңдар неге сол кезде айтпадыңдар мынау болмайды ұятқа қалмайық деп білгіш смақтар қаржыларыңызды бөліп дұрыс бұрысын неге айтпадыңдар енді келіп қатын сияқты өсек айтып отырсыңдар еркексіңдерме сол кезде айтыуларың керек еді сол ұшын үлкендер көш көшеді ит үреді деген иттер сияқты артынан үріп отырсыңдар егер қолдарыңнан келсе шығарыңдар күштті қазақтың түгел тарихы туралы кино және жазып қоиыңдар атарыңды

    • #8
    • Нурбек
    • сс, 21/03/2017 - 18:24

    Тусиргиш болсандар кайда калдындар дейтин надандарга айтарым:
    Арким бир-бир мамандыктын иеси, ал Р. Абдирашев кинорежисер. Кино онын туындысы, сондыктан миллиондап каржы болинген дуниенин конилден шыгуына тикелей жауап беретин адам Сол.

    • #9
    • molda
    • сс, 21/03/2017 - 22:05

    жалпы жаман емес, тек отекыска екен. арбiр серия 35 минут кана! соншама жыл тусiрген кино. жане жарнамасыс корсетпей ме? улттык арнадан корсетуге рессейден сескендi ме? калай?

    • #10
    • молда
    • сн, 22/03/2017 - 10:34

    кыска метражды казак-озбек сериялы

    • #11
    • Жанболат
    • сн, 22/03/2017 - 14:26

    Көркемдік дəрежесі төмен,ешқандай эстетика жоқ,музыка нашар,киім жұпыны,дін жағы қарастырылмаған сияқты. Шетелге шығармай-ақ қойсын.

    • #12
    • 12
    • сн, 22/03/2017 - 20:00

    Ауылдың ішінен аң аулап, құс салады, тазы жүгіртеді. Ең болмаса үй жоқ жерге түсірмегендеріңіз қалай? Арасында машиша жолдар да көрініп қалып жатыр.

Пікір қосу

  • 5 + 3 =

Вход