Ханталапай

РЕСЕЙ "ДХР" ЖӘНЕ "ЛХР" АЗАМАТТАРЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІП ЕНГІЗБЕЙДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Ресей өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск "халықтық республикаларына" еліне кіру үшін жеңілдетілген тәртіп енгізуден бас тартты. Бұл жөнінде РБК Ресей ішкі істер министрлігі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

"ДХР" және "ЛХР" төлқұжаты барлар Ресей аймағында 90 күнге дейін бола алады.

РБК дерекөзінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путиннің "халықтық республиканың" төлқұжатын мойындау туралы жарлық шығарғанымен, азаматтары миграциялық ережеге бағынады.

Алайда "ДХР" өкілі Александр Жучковскийдің сөздерінше, азаматтар Ресей шекарасын кесіп өткенде, миграциялық қағаз толтырмайды.

18 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин "Донецк және Луганск халықтық республикалардың" құжаттарын мойындау жөнінде жарлық шығарған. Украина бұл Минск келісімін бұзады деп, шешімді алып тастауды талап еткен. Кремль "ДХР" және "ЛХР" төлқұжаттарын мойындау, халықаралық құқықтарды бұзбайды деп жауап берген.

Abai.kz

4 пікір 518 рет оқылды Қосылған: 20.03.17
    • #1
    • Серік
    • дн, 20/03/2017 - 18:34

    солтүстік көршінің ақшасы азайып барады. андағы днр мен лнр-ге қаржылай қолдайтын шамасы келмей барады. байтал түгіл бас қайғы өз ішіндегі республикаларды кремль күшпен ұстап тұр!

    • #2
    • 2 жаналық оқырманы
    • сс, 21/03/2017 - 0:15

    Ақшасы азайып емес, ақшасы болмай жатыр мәселенің көкесі енді басталады ішіндегі респуб лар және анау улан ғайыр сібірдін аймағы қаржыландыру мүлдем тоқтады деуге келеді

    • #3
    • Туладан Есенғали, Антакияға
    • сс, 21/03/2017 - 16:30

    Мына паспорттың бірін Есенғали Антакияға беру керек, Туласына келіп мауқын басып, армансыз боқтап кетсін, ең болмаса қазақтың құлағы уақытша демала тұрсын Есенғалидан.

    • #4
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 22/03/2017 - 7:57


    "Конечно, экономика России ничтожна по сравнению с американской и европейской. Да и российские вооруженные силы вряд ли способны всерьез конкурировать с НАТО. Однако у Кремля есть тайное оружие, которого нет ни у кого в мире, – огромные криминальные денежные ресурсы. Во время правления Путина за рубеж вывезены триллионы долларов", – российский социолог и политолог Игорь Эйдман.

Пікір қосу

  • 10 + 6 =

Вход