Абай-ақпарат

Үшарал әуежайы маусымда авиарейстерді қабылдай бастайды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматы облысының Үшарал қаласында жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Алакөл ауданы туризмінің әлеуеті туралы айтылған брифингте аудан әкімі Әлібек Жақанбаев мәлімдеді. Аудан басшысы құрылысжұмыстарының 2015 жылы басталғанын, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 896,9 млн. теңге бөлінген болса, оның 21,0 млн. теңгесі – 2015 жылы, ал 348,7 млн. теңгесі былтыр игерілгендігін атап өтті. Ағымдағы жылы қалған 527,2 млн. теңге қаржыны игеру көзделіп отыр.

«Әуежайдың құрылысы осы жылдың маусым айында толықтай аяқталады деп отырмыз.Сонымен қатар, біздің ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне берген «Астана – Үшарал – Астана», «Алматы – Үшарал - Алматы» бағытында облысаралық жаңа авиарейстер ашу және оны республикалық бюджеттен субсидиялау мәселесін қарау туралы өтінішіміз оң нәтижеге ие болды. Сондай-ақ, «Жетысу» авиакомпаниясы» АҚ-мен бірігіп «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» ішкі авиарейсін ашу көзделуде. Биыл осы ішкі авиарейсті субсидиялау мақсатында облыстық бюджеттен 15,2 млн. теңге бөлінді», - деді Ә. Жақанбаев.

Сонымен қатар, жаңа әуежайда ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылып, әуе қозғалыстарын ұйымдастыруға ең қажетті деген радиотехникалық және метеорологиялық құрал-жаблдықтар жаңартылған.  

Осы орайда айта кетейік, Үшарал қаласындағы әуежай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа берген тікелей тапсырмасымен жаңғыртылуда. Ондағы мақсат – әлеуеті жоғары Алакөл көліне туристерді көптеп тарту және отандық туризмді дамыту. 

Абай-ақпарат

 

4 пікір 360 рет оқылды Қосылған: 21.03.17
    • #1
    • Жұмабай
    • сс, 21/03/2017 - 12:11

    Осы туристерді тартудың қажеті жоқ,онсызда экология , жеріміз ді мусорларға толтырып кетеді..
    Оданда анау (Балхаш.саршаған. т.б. ) шет елдік әр жерде тұрған полигонды құртуға неге күш салынбайды?.

    • #2
    • Айдын
    • сс, 21/03/2017 - 18:38

    Жақсы жаңалық екен. Бірақ, Қазақстан тарапының қыруар қаржы жұмсап Ыстық көлге төте жол салуы басқа мемлекеттің туризм саласын инвестициялауы емей немене. Ыстық көлде демалыс мекемелері бар қазақстандық мансаптылар ғой бұл жобаға лобби жасап отырған. Есі дұрыс мемлекет алдымен өз мүддесін ойламай ма. Ыстық көлге баратын туристердің легін Алакөлге бұру үшін жұмсалуы керек еді ғой ол ақша.

    • #3
    • Жұмабай
    • сс, 21/03/2017 - 20:00

    Ол ақшасын езіп бастарына.. Мәселе мынада болып тұр...
    Бұл Ала көл ге ешқандай да ешкім ді де жібермеу керек.Қорық болып жату керек..Ол жер ашылса турист деп ,аржақтан Қытай жақын ол Алакөл теңіз ін таптап шаңын шығарар құмырсқа дай қаптап..
    Баска көлге,жерге барсын барғыштар шекараға жақын жерде болмау керек..

    • #4
    • Айдын
    • сн, 22/03/2017 - 22:11

    Мың жерден өйтпеу керек, бүйтпеу керек десең де Алакөл ешқашан жеке қорық болмайды. Ол жер ашылғалы қашан. Қазір жабайы туризм үстемдік құрып жатыр. Ең жаманы осы. Осылай кете берсе катастрофа сонда болады. Сондықтан Алакөлге қаржыны аямай құйып, Түркия сияқты жағажай туризмі дамыған елдердің тәжрибесін қолдану қажет.

Пікір қосу

  • 10 + 28 =

Вход