Әлеумет

АЛЫПСАТАРЛАР ТАҒЫ ДА ҮКІМЕТТІҢ АЛДЫН ОРАП КЕТТІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Ақпанның 11-і күні доллар бағамын кезекті рет көтерген Қазақстан Үкіметі сәуірдің 1-нен бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің,т.б. жалақсы 10 пайызға өседі деп уәде берген. Бұл туралы Үкімет наурыздың 29-ы күні арнайы қаулы қабылдады. Қаулыда былай делінген:

 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген қаулыға 19-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:

«Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ЛЖ-дан 10% Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақы енгізілсін».

Жоғарыдағы сірескен ресми тілден оқырман өзіне керегін ұға жатар, біздің айтпағымыз: алыпсатарлар тағы да Үкіметтің алдын орап кетті. Азаматтық қызметшілер сәуірдің соңында айлығын алып болғанша, олардың еңбекақыларына қосылған бірер мың теңгенің құны қара бақырға татымайтын болды. Бұған, әрине, таңқалмаймыз. Таңқалмайтын себебіміз – таңқалудан кеткенбіз. Өйткені, Үкімет жалақымен «жарылқап» үлгергенше, қара базардың нарқы қағынып шыға келеді. Міне, тағы да солай болды. Жеміс-жидекті Шымкентте қызнақтың бір киләсі 550 теңгеге, алма 250 теңгеге көтерілген. Өскеменде нан мен сүт қымбаттаған. Ақтөбе мен Атырауда да барлық тұтыну тауарларының құны өскен. Девальвация тұсында Үкімет жастар арасынан белсенді комиссия құрып тұтыну тауарларының бағасын бақпаққа әрекеттенген. Сөйтіп азық-түліктің нарқын себепсіз артыратын сауда орындарын жауап тастауға дейін барған-ды. Үкімет сол пәрменін тым құрығанда сәуірдің соңына дейін сақтай алмады. Бұның атын жауапсыздық дейміз. Ал, жауапсыздықтың айғағы  теңгенің емес, жалпы халықтың құнсыздануы болып шықты. Енді  не болады? Не болушы еді? Бәрі қымбаттайды. «Қарынының ашқанына емес, қадірінің қашқанына» үйренген халық бәріне көне береді.

Бір доллар және біз. Біздің әлеуметтік ахуалымызды осы теңдеудің аралығында сараптауға болатын сияқты. Әуелі бір доллар 4 теңге болды (1993 жылы, 15 қараша).  Содан секіре-секіре 80 теңгеге жетті де 1999 жылы сәуір айында 138 теңге мен 140 теңгенің арасынан тұрақ тепті. 2009 жылы 4 ақпанда 150 теңгені еңсерді. Енді, міне 180 теңге. Доллардың бағамы мұнымен шектелмесі анық. Сонда, Үкімет пен алыпсатарлардан алданып қала беретін халықтың тағдыры  аяқасты бола бермек пе?

Abai.kz

10 пікір 5726 рет оқылды Қосылған: 31.03.14
    • #1
    • МҰСТАФА ЫБЫРАЙХАН
    • дн, 31/03/2014 - 12:56

    Спекулянт алыпсатар Үкімет шенеуінік ым жымы бір халықты тонаушылар \ Сатушы жалдамалы күң \ Хозяка айтты бағасын қымбаттатты \ дейді \ол сорлы алушыға жаны ашиды \ \соған да рахмет \ Хоззайка Монстр Хай \ Из мультика \ В эмиратах \ ДАНЫШПАН ҚАЗАҒЫМ АЙ \ АШ БАЛА ТОҚ БАЛА МЕН ОЙНАМАЙДЫ /ТОҚ БАЛА АШ БОЛАМ ДЕП ОЙЛАМАЙДЫ / Қара пыйғыл \Қара Батыс\ Қара басқырлар \ Қара халықтан садаға \

    • #2
    • Шымкент
    • дн, 31/03/2014 - 13:01

    Теңгенің құнсыздануының себебі , Қазақстанның байлығымен алтын қорының төмендеуінен , Ал, мұның бәрін істеп отырған Үкімет .Президент осының бәрін біледі , осындай жағыдайдың бәрін билік 10-15 жыл бұрын есептеп тұралап қойған. Теңгенің Құнсыздануын өзегі өртеніп жүрген бауырларымыз Қазақтың құнсыздануы деп шырылдап айтып жүр . Жер байлығын итпен құс тасытып жатқан билік емеспе , билік Ел басының келісімінсіз ештеңе істемейді, істей алмайдыда. Жер асты байлығы талан-тараж болған сайын , өндіріп алынып жатқан алтын , күміс , қымбат түрлі-түсті металдарды Ұлттық қорға салмай неге Канада , Бразилиядағы есеп шоттарыңа асырып тығып жатсыңдар деп ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВ НАЗАРБАЕВҚА айтқан еді ғой. Міне ел байлығы тоналған сайын теңге құлдырап өле береді. Теңгенің құлдырауы Қазақтың құлырауы деп қателеспейік , мүмкін жүректеріңіз ашып , өзек өртенгеннен соң айтып жүрген шығарсыздар. Теңгенің құнсыздануы Биліктің елдің болашағын ойламай істеп жатқан еңбегімен , іс-әрекеттерінің нәтижесі, Сонда құлдырап , құнсызданып жатқан Қазақтың билігімен басшысы . Ал, қиналып күнін зорға көріп жүрген Қара жұмысшы ҚАРА Қазақтың бір баласының құны , Қылмыскер ардан жұрдай болған биліктегі Қырық жағымпазбен тотықұстардың құнынан артық санаймын.

    • #3
    • сауле
    • дн, 31/03/2014 - 18:42

    Бірінші рет пе осылай жасап отырғандары , бұл жылдағы әдет .Өкіметтін өзі кінәлі , ақша қосардан бұрын екі -үш ай бұрын қақсайды , келесі айда пенсия ,жалақыны қөтереміз деп .Сатушылар олардың көтерген жалақысын күтіп отырама,бүгін өкімет жалақыны пенсияны көтереміз десе
    . олар ертеніңде ақ бағаны көтеріп тастайды .. Сонда олар жалақы қосқанға дейін бір көтереді ,жалақы қосылған соң, тағы бір көтереді

    • #4
    • асок
    • дн, 31/03/2014 - 20:15

    Қымбатшылық қашан тоқтаиды. Баға қашан тұрақтайды

    • #5
    • Үмітжан
    • сс, 01/04/2014 - 8:39

    Бұның да бір жауабы бар, зауалы бар. Алла қайырын берсін.

    • #6
    • Қара бала
    • сс, 01/04/2014 - 12:50

    Бұл жерде алыпсатарларды, саудагерлерді кіналаудың қажеті жоқ.
    Сауданың өз заңы яғни қосатын пайызы немесе теңгесі бар.
    Мәселен 100 теңгеге алса көтерме саудаға 105-110 теңге, жекелей сатқанда 120-130 теңгеден сатады. Кейде тез бұзылатын тауарлар бұзылып кетсе оны жарты бағасын сатады. Саудагер де жан жағына қарайды ғой. Бағаны аспандатып отыра алмайды. Базарда жалғыз өзі болса бір сәрі. Нағыз монополистер деп шенеуніктерді айтсақ болады. Оларда бәсеке деген жоқ. Айтқан сомасын бересің. Салық комитетің де, СЭСің де, прокурор мен қаржы полицайың да, полицияны айтпағанда. Кіналасаң қазақ, үкімет пен елбасыны кінала. Бүлдірерін бүлдіріп алып, бағаны қымбаттатпа, көтерме дейді. Дағдарыс деп кедейленген шенеунікті көрдің ба?

    • #7
    • Әлібек
    • жм, 01/08/2014 - 18:03

    Бауырым халықпен кім санасып жатыр

    • #8
    • Есен
    • жм, 01/08/2014 - 18:05

    Алладан көп болып сұрай берейік, әділеттікті, мүмкін Алламыз бетін халыққа бұрар.

    • #9
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 13:54

    бұл дұрыс емес мұғалім мен дәрігердің жалақысын көтергені мен басқа АҚ-да істейтін кісілердің жалақысы қосылмайды ғой соны неге ескермейді осы екі мекеменінің жалақысын көтерді деп базарда және тағы басқа бәрін көтереді неге дұрыс емес

    • #10
    • Жанпейс
    • сс, 10/05/2016 - 17:16

    //8 Есен - Алла ештеңе бермейді ғой. Ол үлкен ұғым - "ол мелочится етпейді" түсіндің бе. Ал, беріп қалған жағдайда АҚШ-тың экспанциясын тоқтатып, Ливия, Ирак, Сириядағы "адамдарды бауыздауды" тоқтатар еді ғой. XXI- ғасырда осындай ойлар қайдан шығады. Алдыңғы күні Айдан екі аяғы салбырап түскен сияқты адамдар, қоғамға қауіпті. Оқыңыздаршы, дұрыс дүниелерді. Көп қой жақсы кітаптар!

Пікір қосу

  • 8 + 6 =

Кіру