Ғылым-білім

Ыбырай Алтынсарин. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры

Бастасаңыз аллалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер- білім бәрі де

Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Надандықтын белгісі -

Еш  ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас.

Аяңшыл ат арымас,

Білім деген қарымас.

Жөн білмеген наданға

Қыдыр ата дарымас.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқу деген шыны – ды,

Тұрған сайын шыныққан.

Оқу білген адамдар

Май тамызған қылыштан.

Білмегенді білуге

Есті бала тырысқан,

Есер бала ұрысқан.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Әлпештеген ата – ана

Қартаятын күн болар.

Қартайғанда жабығып,

Мал таятын күн болар.

Ата – енең картайса  -

Тіреу болар бұл оқу,

Қартайғанда мал тайса

Сүйеу болар бұл оқу.

 Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқу білген таниды

Бір жаратқан құдайды,

Танымаған құдайды

Не ғылғанда ұнайды?

Шырағым абай болгай деп,

Ата – енең жылайды,

Баладан қайыр болмаса,

Баланы неге сұрайды.

23 пікір 22818 рет оқылды Қосылған: 01.09.14
    • #1
    • бораттыұ білім - отстой және туфта!
    • дн, 01/09/2014 - 10:07

    кезінде орыс тілінде мектеп, жоо, аспирантурасын бітіргенін. Егер сол болмаса, қазір қаншама жалған,и өтірік ғалым-доктор-профессорлардың арасында жүретін едім. Олар ештеңке білмейді, олардың әңғіме ауылдағы шәй ішіп отырған жаман кемпіршалдардың әңғімесі. Тек кімді бастық болып қойды, кім кімге тұма, кім нені жеді, ішті және тышты! СКОТСТВО!

    • #2
    • Тек алдауға жақсы бораттық билік
    • дн, 01/09/2014 - 10:08

    «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты жоба деп айқайлап жүргенде, барлық абитураны педмамандықтарға салып жатыр. Сонда индустрия педагогикамен өте тығыз байланысты болып жатыр? Бірінші рет сондай әлемдік білім жүйесінде сұмдық ноу-хау естіп жатырмын! Сонда кім кімді алдап отыр?!

    • #3
    • kulnshak
    • дн, 01/09/2014 - 11:21

    Абай.кз. Ыбырай атаның құлыншақтарға арнаған өлеңдерiн жақсы қойған екенсiңдер. Жарайсыңдар! Ұландарымыз дендерi сау,бiлiмдi,елiн,жерiн,ұлтын сүйетiн азамат болып өссiн!

    • #4
    • 01
    • дн, 01/09/2014 - 11:40

    2011 жылы да қайталаған Нұрсұлтан Назарбаев: «Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекеті болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ. Тұңғыш рет қазақтың шекарасын шегелеп, БҰҰ-ға жеткіздік... Ешқашан қазақ өзі таңдап өз астанасын салған жоқ...» деп мәлімдеген

    http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_president_nursultan_nazarbayev_vladimir_zhirinovski_prosecutor/24361459.html

    • #5
    • 01-ге Тікен
    • дн, 01/09/2014 - 14:13

    Назарбаев ондай сөзді бүгінгі әлемдік саясат тұрғысынан қабылданған келісім шарттар тұрғысынан айтты.Енді соны желеу етіп, несіне Президентке соқтыға бересің?Қазақ - жоңғар соғыстары болып жатқанда басқа елдерде қазіргі еуропалық үлгідегі қалалары болған.Бүгін біздің Абылай сияқты ханымыздың жіберген хаты, басқа да іздері Қытайдан табылды деп, жыртылғанша мәз боламыз.Бұл ұят емес пе?Шынымен әлемдік ұғымдағы мемлекет болса, қазақ хандарының тұрақты ставкасы, кеңсе қағаздары,басқа да атрибуттары неге сақталмаған? Көшпенділікті өркениет деп қазір мақтанамыз.Ал сол мақтануға тұра ма?Көшпенділік-сол бағытта өмір сүрген, соған сай ұстанымы мен діні болған халықтардың соры.Сонан кейін Президентті сынап, кекетесіңдер.

    • #6
    • Кас
    • дн, 01/09/2014 - 18:13

    Бiлiм кунi кутты болсын !!!!!! Мугалiмдердiн айлыктары 3 мын доллар болсын ! Аумин !

    • #7
    • №1
    • дн, 01/09/2014 - 18:55

    Сенің Боратстан деп өз еліңді өзің мазақ қылуың түсініксіз.Сенде намыс бар ма?Анау шетелдің жебірейі бүкіл қазақты мазақ етті, ал сен менің білімім бар, ол Бораттың мазақ еткені мен емес деп, өзіңді өзің жұбатасың.Қазақтың өзін-өзі түсіне алмай, кім екенін біле алмай жүргенде соны мазақпен көрсетіп, санаңды оятқан Боратқа рахмет айт!Түзел! Ал сен айтқан 90-жылдан кейін профессор, доктор, кандидат болып жүргендердің 99 проценті шынымен диссертацияларын біреуге жазғызып, дипломын сатып алғандар.Ол жаңа Ғылым Заңы бойынша да жалғасуда.Оған шетелде ақша төлеп мақала жариялау куә.Қазақтың парақорлары мен коррупционерлері әлемдік деңгейге шығып алды.Әр пенденің құлқыны бар, ақшаң болса білім, диплом дегендерді сатып алу принципін олар халықаралық деңгейде дәлелдеуде.

    • #8
    • тікенге
    • дн, 01/09/2014 - 20:06

    дәл қазіргідей қазақ қашан өз жерінде қорланып еді?
    қашан қазақ өз елінде өгей баланың күйін кешіп, пәтерден пәтерге көшіп әркімнің есігінде жүріп еді?
    қай ғасырда дәл қазіргідей басшыларымыз басқыншы ұлттың тілінде жиналыс өткізіп еді?
    қай заманда қазақ тілінің қазіргідей Қазақияда құны болмай қалып еді?
    қай кезде бізде қазіргідей христиан қазақ, шала қазақ, кришна қазақ дегенді естіп едік??

    Бізде европадан жоғары өркениет бұрында болған.
    Шыңғысхан өртеген Отырар қаласында кітапхана болған.
    Әбу наср алФараби сынды бүкіл әлем Аристотельден кейінгі ұстаз деп мойындаған ғалымдарымыз болған.
    Назарбаев Астанада бір микрорайон салса, бізде 2000 жыл Тараз, 1500 жыл бұрын Түркістан қалалары болған.

    • #9
    • №8-ге Бәкен
    • дн, 01/09/2014 - 20:22

    Мен Тікенді қолдаймын, дұрыс айтқан.Таразды қазақ салды деп, Әл Фараби қазақ деп кім айтты саған? Тараздың орнында Әулиеата бой көтергенде ол не, басқа қалалардан асып кетіппе еді?Оны да салған сарттар ғой.

    • #10
    • Тікен Сегізіншіге
    • дн, 01/09/2014 - 20:31

    Қазақ сен мақтанып отырған кезде әлі жоқ, бола қалса, оның Европадан артық өркениеті болса, европалықтар бүгін бізге еліктеп, неге саман үйлерде тұрмайды, дәретке шапан жамылып, үйдің сыртына бармайды?Суды неге айдаладан іздеп тасымайды?Бәрін орысқа жаба салуға болады ғой, бірақ өзімізден де неге сұрамайсыңдар?

    • #11
    • ҚАЗАҚ
    • дн, 01/09/2014 - 23:49

    Ұлттың даму-дамымауна түрлі жағдайлар ісер етеді. Ұлт өркениетті емес-деп бағалап, үстіне мініп алу-айлакерлік. Біреулер өркениетті деп- солардың етегіне жармасып жалбандауымыз (ақ көңілдікті- қорқақтық, білімсіздік -деп түсінетін топтар бар, және өз пайдасына шебер пайдаланады) керек пе?.
    БІЗ ЕШКІМНІҢ- ҚҰЛЫ ЕМЕСПІЗ.

    • #12
    • Тікен
    • сс, 02/09/2014 - 0:16

    Білімің мен өрең жетсе, дәлелді, бұлтартпастай етіп айтпайсың ба?Ешкім де Европаның, орыстың өркениетінің етегіне жармаспайды.Дала өркениеті деген кезінде болған деп, айтып жүрміз.Манаш Қозыбаев деген ғұлама ғалым болған.Соны оқы.Ол дала өркениетін жақсы талдаған.Бірақ ол дала өркениеті адамзат өркениетінің көшіне ілесе алмай, әріде Андронов, беріде Шыңғысхан заманы деңгейінде қалып қойған.Шыңғысхан тайпаларының ұрпағы тағдырын қазір құру процесі үрдісінде жүрген ойраттардан айқын байқауға болады.Шыңғысхан империясы өміршең болса, неге оншақты хыл ішінде ыдырай бастады?

    • #13
    • Тікенек
    • сс, 02/09/2014 - 12:27

    Мына жерге де Тікен ағам тышып кетіпті ғой.

    • #14
    • бір жылда бұл балдар мектептен
    • сс, 02/09/2014 - 16:01

    қашады! сонда дұрыс оқулық жоқ деп, мүалімдер тек шайішумен жүр және өсектен ауызы шаршамайды, сосың районодан келген бастықтарға дастархан жаю керек, ет, арақ, керек болса бойдақ мүғалім-қыздарды түнде тексерушілерге өз сабағын айту қажет! ьұл құрған білім, мектеп, халық және бүлдішіндер!

    • #15
    • Сәкен
    • сс, 24/03/2015 - 13:52

    Білімді Қазақстанда көтеру керек. Соңғы кезде білімді адамдарымыз азайып барады

    • #16
    • ома
    • сб, 28/03/2015 - 13:46

    баланы бастан деген мақал бар емеспа сол сияқты баланы мектеп қабырғасын аттап басқаннан соң болды мойнында үлкен міндеті бар осы мектепті дұрыс білім алып шығу деген сол себептен оқы оқы және оқы деген сөз бар

    • #17
    • Марат Сағындық
    • жм, 17/04/2015 - 1:25

    Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру саласына ерекше көзқарас пен қомақты қаржы бөлінуі керек.

    • #18
    • Марат
    • дн, 20/04/2015 - 18:04

    Елбасымыз бүгінде мемлекетімізді бар сала бойынша жоғары деңгейге көтермелеуде! Және де халқы сенген, халқының сөзін сөйлейтін Елбасы болашақта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін!

    • #19
    • Марат Сағындық
    • дн, 20/04/2015 - 18:05

    Елбасы едің тірегі! Өз басым көшбасшымыыздың саясатын қолдаймын!

    • #20
    • Ыбрай
    • дн, 11/01/2016 - 20:50

    Керемет өлен

    • #21
    • Ыбрай
    • дн, 11/01/2016 - 20:50

    Керемет өлен

    • #22
    • Алтынсары
    • сн, 27/04/2016 - 20:33

    Мақал-мәтел, бағзы заманның тарихи оқиғалары, тар шеңбердегі бір түкке тұрғысыз пікірлер, басқа көрші мемлекеттердің білім саласын сынның астына алу, күстаналау -"пікір қосуда" бар айтылатын әңгіме осы. Тек ғана ат төбеліндей адамдар ғана жаңа заман талабына сәйкес білім беру мәселесіне қатысты айтып жүр. Онда да, анау халықтың тілін үйретуіміз керек, мынау халықтың тілін үйретуіміз керек деп "өркениетті" болуға тырысып, өздерінше алдыңғы қатарлы ой-санасы қалыптасқан шенеунік деп айтсыншы деген ойдан туындаған мақтаншақтар. Негізі, осы қазақтарға (барлығына бірдей, өз тілін білмейтіндер білетіндерді ақшаға жалдап үйіне шақырсын) күн сайын кешке, кешкі астан соң 20-минуттан кейін Абай Құнанбаевтың қара сөздерін оқу керек-ау. Ал, өз ана тілін білетіндер бір түзудің бойына (шеренга) тұрып, әрине қонақ бөлмеде, отағасы бірінші болып, тік тұрып (смирно ғой енді) қатты дауыстап ақынның қара сздерін оқу керек. Бұл қалжың емес! Тамағы кеберсігендерге қатардан сарбаздар сияқты адымдап шығып аздап су ішуге болады. Бірақ, ол қазақ қайтадан қатарға тұруға тиісті. Міне, сөйтіп, үйдің отағасы күнде кешке қатарға тұруға мұршасы келмеген жағдайда, ол кісіге қатардың бас жағынан таяққа сүйеніп немесе орындыққа отырып оқуға, яғни айқайлап айтуға болады. Отағасының жасы шамамен 84-ке келгенде бұл үрдіс, яғни айқайлау керек болмайды, жәй күбірлесе де болады. Себебі, ол кісінің (кім болса да) Абайдан жасы асып кетті ғой. Абай атамыз менімше елу төрт жасында өмірден өтті. Мінекей, міне осы шарттардың барлығы дұрыс орындалса, қазақтар әлемдік дәрежедегі жеркенішті қылықтар мен мінездерден құлан-таза құтылар еді. Бұл жағдайдағы бір айта кететін үлкен мәселе, Абай атамыздың қара сөздерін барынша толғаныспен, тебіреніп, ал, орыс сыныптарында оқып жүрген жанұя мүшелеріне (ұл,қыз,балдыз, жиен т.б.) жыламсырап тұрып оқу керек. Әйтпесе болмай қалады. Бар шыным осы. Айтарым енді басқа жоқ. Қазекемге басқа не айтуға болады. Дайындалыңдарда, ертең бастап кетіңдер! Іске сәт.

    • #23
    • инсайдер
    • сс, 10/05/2016 - 12:13

    Қазақстандағы- Ж.О.О -барлығы дерлік Батыс Европалық Больоня оқу процесінің талаптарын толықтай орындап, сол оқу процессіне өтті. Бұл бағдарлама еліміздегі жоғарғы білімнің тамырына балта шауып, құрытып бітеді. Бұны түсіндіріп беру үшін бұл "пікір қосу" алаңы жеткіліксіз. Жоқ деген де, елу-алпыс бет болатын дәйекті дәлелдемелер бар. Бірақ оны, көздері ашық тұрсада, әлеуметтік дәрежеде жабық қалып қойған шенеуніктер сезбейді. Себебі, жоғарғы білім оларға қажеті жоқ. Қысқасы, қазақтар, қазіргі таңда Рессей жоғарғы мектебін озып кеттік деп мақтанып жүр. Ал, дені дұрыс Шығыс Европа елдері шарық-ұрып дұрыс оқу процессін іздеуде. /оқыңдар, егер ағылшынша білсеңдер/ Қазақтар өздері ойлап тапқан өтіріктеріне, қазір өздері сеніп жүр!. Ертең "жоғары білімді, әңгүдік", "А" - десең атаңның басы деп айтып тұратын ұрпақ қоғамдық жұмысқа араласып, елге жұмыс жасай бастағанда көресіні-көреміз. Бұл, шу көтеру, "паниковать" - ету, біреулерді үркітіп, қорқыту емес, немесе ынты-шынтысымен, ақ-тер, көк-тер болып осы Болонь оқу процессін енгізіп жүрген "ғалымдардың" жұмысын жоққа шығару емес! Бұл, таза шындық! Қазірдің өзінде, орта мектептерде сабақ жоспарының не екенін білмейтін, шала сауатты, өзінің аты-жөнін жаза алмайтын "мұғалималар" қаптап жүр. Және де, олар өздерін "ущербно" сезінбейді, "қатырып жүрмін" деген ой, олардың бетінде тұр! Күтіңдер! Көп уақыт қалған жоқ!

Пікір қосу

  • 5 + 43 =

Кіру