Ғылым-білім

СЕРІК ПРӘЛИЕВКЕ АШЫҚ ХАТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

ҚР Білім және ғылыми министрі А.Б. Саринжипов мырзаға!

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры С.Ж. Прәлиев мырзаға!

Ашық хат!

Біз демократиялық мемлекетте өмір  сүріп жатсақ та қоғамды жаулаған бюрократизм күнделікті алдымыздан шығып, шындыққа жете алмай меселіміз қайтып жүр. Бұл мақаланы біз азаматтық құқығымыз аяққа тапталған соң жазып отырмыз.

2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Магистратура және PhD докторантурасына» түсуге емтихан тапсырып, мемлекеттік грант иегері атанып қуанған едік. Бұл университет дәл осы Магистратура және PhD  докторантура ғылыми институтымен беделді.

Өкінішке орай, біз оқуға түскен 2013 жылы Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының магистранттарын сол жылы ғана Математика, физика және информатика (бакалаврлар оқитын) институтында ашылған «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасына біздің, яғни магистранттардың өздерінің ешбір келісімінсіз бөліп тастаған екен.

Жаңа келген магистранттар түк түсінбей (бөлудің мақсатын әлі де түсінбейміз) жыл бойы екі ортада сабылумен болдық. 2013-2014 оқу жылы аяқталғанда біз бірауыздан өзіміздің Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасына ауысамызды деп шештік. Осы кафедрадағы  магистранттар және екінші «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасындағы 23 магистрант атынан бәріміздің бір кафедрада, яғни  Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасына оқығымыз келетіні жайлы өтініш жазып алып, тоздырмаған есігіміз қалмады. Магистрантура институтының директоры мен университет ректорына да талай барып, кіре алмай тауымыз шағылды.

Қысқасы, басшылыққа кіріп, мәселемізді шешсек деген мақсатымызға жете алмағандықтан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз ректорымызға хат жазып отырмыз. Ректор мырза осы өтінішімізді қарап, дұрыс шешім шығаратынына сенеміз.

Біз өзіміз білім алғымыз келген кафедраға ауысу мақсатымен университет басшылыға, атап айтқанда, бірінші проректор Ермағамбетов Мүбәрәк Ермағамбетұлына бірнеше рет  барсақ та жолығуға еш мүмкіндік болмады.

Магистратура және PhD докторантура институтының директорына және кеңсеге бір-бір данадан берген өтінішіміз ешбір жауапсыз қалды. Себебі беймәлім.

Суретте: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Прәлиев

Ал, Ректордың кеңсесіне апарсақ, проректор мен Магистратура және PhD докторантура институтының директорының қолы қойылмаған деп қабылдамады.

Бір сөзбен айтқанда өтінішімізді тікелей ректорға жіберуге көптеген кедергілер болды. Өз мақсатымызға жету үшін өтінішті ректордың почтасына да жібердік, ректорымыздың атына жазған хатымызды ол кісінің қолына жеткізе алмай әуре-сарсаңға түсіп, әбден мезі болған математика және информатика мамандықтарының магистранттарының жан айқайын ашық хат арқылы баян еткіміз келеді.

Төменде әуелгі өтінішімізді дәлел ретінде ұсынып отырмыз:

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиев мырзаға осы бір өтінішімізді жеткізу үшін ректоратқа қанша рет сабылып барып, сарылып тосып тікелей жолығуға еш мүмкіндік болмады. ЖОО-ның білім алушысы ретінде өз ректорымыздың қабылдауында болып, жағдайымызды түсіндіре алмасақ, қалайша біз өзімізді бұл университеттің өкіліміз деп айта аламыз?!  Әрбір білім алушы өз құқығы сақталуын қалайды. Егер құқық тапталған жағдайда басшылық қол ұшын созып, көмектесуі керек. ЖОО-ның негізгі жұмысы студентің қамын ойлау емес пе! Сол студенттерге жағдай жасаудың орнына, олардың құқығы тапталып жатса, масқара тірлік емес па?!

Мынау біздің ректордың жеке почтасына жолдаған өтінішіміз (почта квитанциясы көшірмесі).

 

Құрметті министр мырза!

Құрметті ректор мырза!

Сіздерден өтінішімізді жауапсыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Біз барғымыз келмей отырғын әлгі кафедра, яғни, Әбілқасымова Алма Есембекқызының басшылығымен ашылған «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында магитранттарға тиісті дәрежеде білім беретін мамандар жоқ. Осы кафедраға биылғы магистранттарды да жібереді деп естідік. Біз ғана емес, бізден кейінгі студенттер де біз секілді сабылып, «не анда емес, не мында еместің» күйін кешпесе деп ойлаймыз.

Қорыта келгенде,  біз барлығымыз бөлінбей Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PHD доктарантура институты «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасында оқығымыз келеді.

«Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының математика және информатика мамандықтарының 2 курс магистранттары

Abai.kz

31 пікір 7539 рет оқылды Қосылған: 08.09.14
    • #1
    • ЗАҢГЕР һәм ҰСТАЗ
    • дн, 08/09/2014 - 11:57

    Әбілқасымова Алма Есембекқызының жүрген жерінде береке жоқ ! Ол болған... иә, басқарған ұйымдарда дау-дамай болып жатады. Барлық жерде әділетсіз де пара алғыш дейтін сөздер көп. Мынау МАГИСТРАНТТЫҢ талаптары дұрыс, дереу орындалуға тиісті !

    • #2
    • ДОС
    • дн, 08/09/2014 - 16:08

    ЖАЛПЫ АРЫЗДЫ ПІРӘЛИЕВТІҢ ҮЙІНЕ АПАРҒАН ДҰРЫС СОНДА ОЛ БІРДЕН ҚАБЫЛДАЙДЫ. МЕН ДЕ КЕЗІНДЕ ТІЛЕГІМДІ ЖАЗЫП ҮЙІНЕ АПАРЫП ТАСТАП ЕДІМ СОЛ КҮНІ ТҮСТЕН КЕЙІН ЖИНАЛЫС ЖАСАЛДЫ. МЕНІҢ ТАҚЫРЫБЫМ БОЙЫНША. ПІРӘЛИЕВ БАСҚАРҒАН ЖЕРДЕ БЮРОКРАТИЯДАН БАСҚА ЕШТЕНЕНІҢ ІЗІ ҚАЛМАЙДЫ

    • #3
    • Арман
    • сс, 09/09/2014 - 9:07

    Қазақстанда қазақты еңіретіп жылатып, қайыршы мен бейшараның кейпіне дейін төмендетіп жүргендер, түк намысы жоқ, қазақ ұлтына жауыздықпен қарайтын, қандары ағарған, санасы төмен өздеріміздің қандастарымыз. Қасиеттен жұрдай, сайқалдықтары жезөкшөлерден үстем, басқа ұлттың, соның ішінде орыс пен қытайдың артын жалаудан жалықпайтын жандар. Сендерді қазақтың қарғысы атсын! От бастарыңнан қайғы, тұқымдарыңнан басынан Құдайдың қаһары кетпесін!

    • #4
    • Talap
    • сн, 10/09/2014 - 9:39

    Ia, kazakti osi jaman adeti goi keri tartatin. Alga jiljudin ornina birinin artina biri sham alip tusetin. Odan da betpe bet barip nege aitpaidi eken okpe nazdarin7

    • #5
    • Aisha Sardar
    • сн, 10/09/2014 - 10:19

    Еліміздің кез келген жеріндегі мектепке барып, математика пәнінен беретін мұғалімдермен сөйлессеңіздер айтатыны бір ғана нәрсе: А.Е.Абылқасымованың авторлығымен шыққан математика оқулықтарының сапасыздығы - іші толған қате, тақырыптар қалай болса солай орналастырылған, есептердің жауабы дұрыс емес, тілі ауыр әрі түсініксіз.
    Өкінішке қарай, аталған оқулықтар Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілгендіктен, мұғалімдер де, оқушыларда осы оқулықтармен оқуға міндетті болып отыр.
    Мектеп математикасына қатысты А.Е.Абылқасымованың оқулықтары жайлы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Нұрлан Темірғалиев ағамыздың осы мәселені көтергеніне көптеген жылдар өтті, әлі шешімін тапқан жоқ.
    Мектеп математикасын тұралатқан А.Е.Абылқасымоваға қазақтың қара шаңырағы - Ұлттық педагогикалық университеттен кафедра ашып, бакалавр математиктерді, тіпті магистрлерді даярлауға мүмкіндік жасап отырғаны - университет басшылығының жас ұрпаққа жасаған қиянаты деп қана бағалауға болады.
    Ең қорқыныштысы - аты-жөндерін ашық жазып, қол қойған магистранттарға университет басшылығы тарапынан қысым көрсетіліп, қудалауға ұшырап жүрмесе екен.
    Жоғары білім саласындағы осындай қордаланған мәселелерді шешетін кез жеткен сияқты.

    • #6
    • Ұлағатты ұстаз
    • бн, 11/09/2014 - 9:38

    Шындықты айтып өз құқығын қорғай білу нағыз азаматтық қасиет!
    Бәрекелді магистранттар!
    Біздің болашағамыз өтірік "ұялғыштарда" емес, осындай өз университетіміз деп өзегі үзіле, өзіне келген нұқсан университетке келетінін біліп, университет басшылығы жіберген ағаттықтарды жөндеу керектігін батыл айта білгендерден болса керек, сірә!

    • #7
    • Жас дос
    • бн, 11/09/2014 - 9:43

    Құрметті өтініш жазғыш магистранттар! Батылдық пен шындықты айтып жазғандарыңыз біз мақтан етерліктей нәрсе!
    Біз сіздермен біргеміз!

    • #8
    • Жанашыр
    • бн, 11/09/2014 - 9:50

    Біз жастардың болашағынан үміт күтер болсақ, онда олардың дұрыс қойылған тілегін орындауымыз керек! Бұл хат өтініш жасап отыр ғой, егер дұрыс, заңды жасалғалған өтініш болса, орындалуы тиіс.
    Сосын олардың өз таңдау құқығы бар екендігін де ескерген жөн!

    • #9
    • Нуржанао
    • бн, 11/09/2014 - 23:45

    Қазіргі кезде білім беру саласында ауыс-түйістер көп жасалуда. Бір "туысына" не "жақсы жанға" жағыну, жақсылық жасау үшін немесе "ауызбастырық" ретінде басшылар "жақсы қызметті креслоны" тауып, жоқ болса "жасап" лауазымдарды ауадан тауып береді. Ал, материалдық база, мамандармен қамтамасыз етілуі туралы ойланбайды да. Кейін уақыт өткеннен соң, "қарыздарын" өтеп болғанда, қайтадан бәрін бұрынғы орнына әкеліп, ұялмастан жаңалық жасағандай мақтанғандары тіпті ұят көрінеді. Бұндай көзқараспен білім сапасы қайдан жақсарады?? Тағы да осы жағдай орын алып отыр. Магистранттарды қолдаймын, тек жан айғайларын еститін министр мен ректор болса...

    • #10
    • Сания
    • жм, 12/09/2014 - 0:04

    Қызық, сонда қажетті мамандар жоқ болса, магистранттарға қандай білім бермек??? Тек бір адамның амбициясын қанағаттандыру үшін бүкіл жастардың болашағына түкіруге бола ма екен? Қазіргі ақпараттық технологиялардың өте тез дамып келе жатқан заманында информатикадан түк хабары жоқ адам оны қалай дамытпақ, қандай білім бермек жастарға? Математиканы қатырып болды да, енді информатикаға жабысқаны ма??? Өткір, айғаймен сөзін жүргізетін "әйдік" деп еститін едік, білімі жоқ адамдар осындай қасиетімен жеңіске жететіні тағы да өмірде расталып отыр. Өкінішті, бұл құрдымға кетіп бара жатқанымыз емей немене?!

    • #11
    • Жас дос
    • жм, 12/09/2014 - 10:07

    Құрметті өтініш жазған магистранттар! Батылдықпен шындықты айтып жазғандарыңыз біз мақтан етерліктей нәрсе!
    Біз сіздермен біргеміз!

    • #12
    • Райгуль
    • сб, 20/09/2014 - 12:33

    Менің балам биыл магистратураға түсіп еді. Бір ай бойы сабақтары басталмай әуре-сарсаңға түсіп жүр. әлі оқу кестесі де шыққан жоқ. Бұл не деген бассыздық.

    • #13
    • Арман
    • сб, 20/09/2014 - 12:37

    Арнайы магистратура институты тұрғанда магистранттарды бакалавриатта оқыту жөнге сыймайды ғой. Онда неге әуелде институт ашқан.. Магистранттардың тілегі орындалу керек деп ойлаймын.

    • #14
    • ар
    • жм, 26/09/2014 - 21:49

    балық басынан шіриді осылар құртып жатыр

    • #15
    • 123
    • дн, 29/09/2014 - 0:45

    арыстандай айбатты , жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін.

    • #16
    • Білмес
    • жб, 23/11/2014 - 17:45

    Пірәлиевте неше проректор бар екенін білесіңдерме?Толып жатқан басқарма бастықтары өріп жүр.Бюрократия үшін ҚазҰПУ-ға мемлекеттік силық беруге болады.Мұнда бұрынғы үш проректордың орнына алты проректор отыр.Бәрінің айдағаны бес-ақ ешкі, ысқырығы жер жарады.Бұған олардың көмекшілері мен орынбасарларын қос.

    • #17
    • Алеке
    • бн, 27/11/2014 - 0:53

    ой бізде осы емеспе ақшаны алғанша алған соң жүргенің

    • #18
    • Айнаш
    • дн, 08/12/2014 - 11:41

    Соңғы кезде ЖОО-ларда Сыбайлас жемқорлық өршіп тұр. Ректор ауысса Проректорлыққа өз адамдарын, декандыққа өз адамдарын қояды. Жаңа басшылар өз адамдарын алу үшін бұрыннан келе жатқан кадрлардың артынан шырақ алып түседі. Егер оның артында "Крышасы" болса ол кадрға тисе алмайды. Себебі оған жоғарғы жақтан "звонок" түсуі мүмкін. Сөйтіп жаңа басшының мансабына нұқсан келуі мүмкін. Сондықтан "Соқпақ тисе сорлыға тиеді" демекші кімнің "Крышасы жоқ" сол кадрды ығыстырады. Оның еңбек өтіліне, біліктілігіне түкірмейді. Керісінше оның орнына "Көкесі" мықты жас маманды алады. Міне біздің қоғам, "Қағуы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді" дейтін қоғам. Кімнің қолында билік соған "Ләппәй" ұратын қоғам...

    • #19
    • Айнаш
    • дн, 08/12/2014 - 11:45

    Магистранттар алға, ештеңеден жасқанбаңдар!!! Біз жанбасақ лапылдап!!! Аспан қалай ашылмақ!!!

    • #20
    • Шынай
    • жм, 13/02/2015 - 10:40

    Университеттерде ректорға кіру тұрмақ, түк білмейтін проректорларға кіру мұң, қабылдамайды ал хатшы - қыз мәселесі, ол тұрған бір жаңа құбылыс, тәлпіштеніп ернін тұштитып, қабағын қарс жауып, сөйлемей, итінді шығарады, себебі ол -племяница- онысын білетін докторлар әлгі
    маңқа қыздың алдында иіліп тұрады. Барлық жерде осындай көріністер бар, ЖОО -да менмендік, менсімбеушілік орын алған, сонда олар кімнің ақшасына нан жеп жүр? ойласашы

    • #21
    • Дос
    • бн, 26/02/2015 - 21:38

    Жоғарыда жазылған жайтарды оқып, өзім оқыған оқу орнының берекесіздікке ұшырап бара жатқанына қайран қалам. Соңғы он жылда "студенттерің сауатсыз"- деген біраз мектеп директорларының сөздерін де естіп қалдым.Қайран "Қайран- ҚазПИ"мен өз еркімен кетіп қалғанмын,бірақ әріптестерімнің студентері жоқ бос отырғанын көрдім .с-р тарқап кетті дейді.

    • #22
    • мұғалімдер
    • жм, 29/05/2015 - 15:00

    Қазір мұнда аз ғана айлығымызды да ала алмайтын жағдайға жеттік, уақтылы бермейді. Жұрттың көбі пәтерде тұрады, кредиттері бар, әзер шыдайды. Ал бастықтар мен есепшілердің қарапайым жұртпен мүлдем жұмыстары жоқ, өйткені өздерінің қарындары тоқ қой. "Кризис" алдымен біздің оқу орнына келді.

    • #23
    • біреу
    • сн, 01/07/2015 - 14:54

    Серік ағай, ең болмаса алатын 50 мың теңге айлығымызды неге уақтылы бергізбейсіз?! Жұрттың бәрінің қарыны "тоқ" емес қой.

    • #24
    • Зейнеткер
    • сб, 22/08/2015 - 2:56

    Айнаш ЖОО-жағы жағдай туралы өте дұрыс жазыпты. №23 санды "біреуге" айтарым, Серік ағаң сенің жағдайыңды қайдан ұқсын? Қазақ "Тоқ бала аш баламен ойнамайды" дегенді (образно айтқанда) білесің бе ? Ол кісілерге ақша проблема емес. Оның Шымкентте жеке "Шымкент университеті"деген жеке оқу орны бар емес пе? Бір ғана ғимратының өзі неге тұрады !!!...

    • #25
    • Зейнеткер
    • сб, 22/08/2015 - 2:58

    Айнаш ЖОО-жағы жағдай туралы өте дұрыс жазыпты. №23 санды "біреуге" айтарым, Серік ағаң сенің жағдайыңды қайдан ұқсын? Қазақ "Тоқ бала аш баламен ойнамайды" дегенді (образно айтқанда) білесің бе ? Ол кісілерге ақша проблема емес. Оның Шымкентте жеке "Шымкент университеті"деген жеке оқу орны бар емес пе? Бір ғана ғимратының өзі неге тұрады !!!...

    • #26
    • Еркін
    • бн, 15/10/2015 - 15:49

    Піралиев дегендер тұлға емес, сұлба ғой. Әйтпесе осы ҚазМПУ-дың 1928 емес, 1918 жылы құрылғанын қостар еді ғой. Ол туралы талай жазылды.

    • #27
    • Дана
    • сн, 28/10/2015 - 15:16

    Иа бүгін кешегі қара шаңырақ сұмдық жемқорлық ордасына айналды ғылым ойншық болды әрбір хатшы қыз магистрант доктарант аталып жұмыстарын істеп жур қыл аягы компютер жөндейтін балаларға дейн магистрант бастық бұның мәнісі не бұрынғы кадрлар кетіп қалған кетпегенін атақ дәрежесі болсада инспектор жасап қойған ал өз туыс кеше келген жас кыздар аға бас қызыметкер дәрежесінде отыр тексеріс келед бірақ еш нарсе таппайд оның мәнісін ешкім түсінбейді

    • #28
    • Махпал
    • сн, 02/12/2015 - 18:30

    Серік мырзаға қалай шағым жазуға болады?
    Өтініш білетіндеріңіз болса аитынызшы

    • #29
    • акикат
    • дн, 14/12/2015 - 18:36

    Қазақстандағы ректорлар ол ректорлық орынды сатып алатынын жұрт біледі, бірақ үндемейді ал олардың "крышалары" кімдер олар да белгілі адамдар айналып келгенде осындай сауатсыз тек құлқынын ойлайтын ректорлар маңайына ылги жағымпаздарды жинайды. Сөйтіп білім беру бос сөз болып қалып оотыр. Ол мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіреді...

    • #30
    • нуржан
    • сб, 23/04/2016 - 20:17

    Қазақстан Республикасының жоғарғы білім саласында соңғы он жылда болып жатқан "оң өзгерістер" мен "реформалар", удан ащы өтірік "сертификаттар" қайдан келді?. Өзінің мультикультуризм ауруына душар болған Батыс Европадан! " Болон процесі"- деген оқу үдерісі дені дұрыс оқу процесі емес! Бұл бұрынғы өзін әлем алдында дәлелдеп берген (атом қаруы, немесе кванттық механика, ғарышты игеру-1957 жылғы жер серігі, 1961 жылғы Ю.А.Гагариннің ғарышқа Қазақстаннан көтерілуі, мәдениет пен өнердегі жетістіктер, математикадағы жетістіктер А.Жұмаділдаев) оқу процессіне қарсы "білім беру" әдісі деп түсінуміз керек. МГУ-дің ректоры Садовничий мен коммунист Зюгановтар неге осы үрдіске қарсы. Әлде олар ақымақтар ма? Олай деп айтуға аузым бармайды. Соңғы он бес жыл ішінде ешкімге қажеті жоқ неше түрлі форумдарды өткізгенше, неге "Астана оқу процессі", немесе "Минск оқу процессі", "Евразия оқу кеңістігі" - деген біздерге ортақ (ТМД -елдеріне ортақ) жоғарғы білім беру үрдісі, яки процессі неге қалыптаспайды? Әзірге ақылды, тәжрибелі КССРО- білімін алған профессорлар жетеді ғой. Әлде, бұл білім саясатына қарсыма?

    • #31
    • семей урджарский
    • сб, 30/04/2016 - 1:40

    То что происходить с высшим образованием в РК это просто как в анекдоте: - "грешно и смешно". Разберитесь ребята, это вся таки не хухри-мухри, мы же учим будушие наши страны. Мне дочурка говорит:-"рубежный контроль, пап дай мне пять тысяч тенге", и я дал ети денги. Через десять дней дочурка опять спрашивает у меня те же десять тысяч тенге. Это что, думаю я, и начинаю считать: 1-руб.контроль- 5000тг.. 2-контроль опять -5000 тг. и итого экзамен и опять - 5000 тг. за учебный год это минимум. Ребята это перебор.....

Пікір қосу

  • 4 + 18 =

Кіру