Аймақтар

ПЕТРОПАУЛДЫҢ ҚЫЗЫЛЖАР ДЕП АТАЛУЫ ТІПТІ ҚОЛАЙЛЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

«ҚАЛА ЗАЛЫМ ПАТША ӘУЛИЕСІНІҢ АТЫМЕН АТАЛМАУЫ КЕРЕК» (1924 жыл).

 

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Петропавл қаласының тарихи атауын қайтару мәселесі соңғы жылдары жиі айтыла бастады. Дегенмен тәуелсіз елдің танымына жат бұл атаулар тас кенеше жабысып қалар емес. 1924 жылы Қызылжарда жарық көрген «Бостандық туы» (бүгінде газет «Солтүстік Қазақстан» деп аталады) газетінде де шаһардың атауын ауыстыру мәселесі көтерілген екен. Басылымның оқырмандары бірнеше санында аталмыш тақырып жөнінде өз пікірлерін білдірген. Бүгін Орталық мемлекеттік мұрағатта сақталған газеттегі екі шағын мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.  

Төте жазудан кириллицаға аударған аталмыш мұрағат қызметкері Абай Мырзағали.

 

«Қызылжар туралы»

«Бостандық туы» газеті шығып тұратын қаланың аты қазақша Қызылжар, орысша Петропаул (Петропавл) деп аталады. Қазақ елінің сар даласына қол салған патша үкіметі Ақмола аймағына аяқ басқанда еркін сүйген қазақ баласының жауынгершілігіне қарсы тұру үшін мұнан жүз жыл бұрын Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Қызылжар қалаларын салғызған. Әрбір қалаға әулиелердің аттарын қоюға әдет қылған орыс Қызылжарға Петр һәм Паул деген екі әулиесінің атынан құрап Петропаул деп ат қосқан. Ақ патшалардың желкесін қиып Кеңес үкіметі орныққанына 7 жыл толғанда, һәм қазақ халқы өз алдына автономиялы ел болып Кеңестер үкіметінің бір қанаты болып отырғанда,  қазақ даласының шиманды жерінің қақ ортасынан ойып алып салынып отырған Қызылжар қаласын залым патшаның әулиесінің атымен Петропаул атанбай Қызылжар атансын деген пікір туралы бір-екі жерде айтыс болғанда, Петропаулдың аты «Первыймайский, Октябрьский, Трудовский, Интернациональный» деген аттарды ұсынғандар  да болды.

Газет арқылы ел ішіне ұран салып, Петропаулдың атын Қызылжарға өзгертуге шақырамын. Менің бұл пікірімді мақұлдап, яки басқа бір атты лайықтап жазушылар болса, «Бостандық туының» беті ашық!

 

«Петропаулдың Қызылжар деп аталуы тіпті қолайлы»

«Бостандық туының» 13-нші санында Бегеш ұлы Әбдрахман жолдас Петропаул аты жойылып, Қызылжар аталсын деген мақаласын оқыдық. Мақаладағы пікірлер көңілге жылы тиеді. Өйткені Кеңес хүкіметінің тұтынған бағытында көрініп отыр. Николайдың әулиелерінің қойған аттарын қалдырып табиғат ағымына, пікір ойдың құйылысына қолайлы аттарды қойып жатқандығы белгілі. Табиғат еркесі қазақ баласының бұрынғыдан бері сүйіп қойған аты «Қызылжар» қазақ пен ноғай арасында көпшілік жағын алып қарағанда да «Петропаул» деген Николайдың әулиесінің атын білмегендіктен, бұрынғы сүйкімді аты «Қызылжар» деген сөзді айтысқандарын естисің. Ақмола Губернесіне қараған дала һәм шеткі қалалардың адамдарының дені Петропаул орнына қайда барасың деп сұралса, Қызылжар дегенше Алтұн жар десейші Қызылжар да дүниеліктің бәрі де күн-күн көбейіп арзандап жатқан көрінеді дейді. Тексеріп қарағанда қыр елінің адамдары Петропаул деген атты жексұрын көретіні сезіледі. Біздердің де қаусап жатқан Николайдың әулиесінің атын көкке көтеріп тастамай жүруіміз қолайсыз, сондықтан петропаул аты қалсын, «Қызылжар» атымен аталсын. Қызыл деген сөздің бір өзі де ұран бағытына қабысады.

Автор: Әбдрахман Бегешев.

alashainasy.kz

45 пікір 5312 рет оқылды Қосылған: 01.04.14
    • #1
    • Зиялы
    • сс, 01/04/2014 - 15:26

    Петропавл атауын 90 жылдан бері өзгерте алмай келе жатқан сорлы қазақ! Осыдан кейін Жириновскийлер қоқаңдамағанда қайтеді? Петропавл, Павлодар, Өскемен, Орал, Семей қалаларының атауын қазақшаға ауыстыру - әлдеқашан жасалатын шаруа. Елімізде қазақтардың саны 70 пайызға жуықтады. Енді неменеге жалтақтап отырмыз?

    • #2
    • самат
    • сс, 01/04/2014 - 15:31

    Бірінші вокзал, аэропорттан бастау керек! Төбесіне "Қызылжар" деп жазып қойса, өзінен-өзі, әрі қарай айтылып кете береді!

    • #3
    • Бир! Еки! Уч! Комон жигитляр комон!
    • сс, 01/04/2014 - 15:42

    Енді ешқашан өзгертпейді!
    Сол Петропавл болып қалады!
    Босқа даурықпаңдар. Дулат ағамыздың сұхбатын оқыңдар. "Ақ Ордадан" Дулат ағамыздың көңілі тоқ болып шығыпты!
    Бәрі нормально болады. депті ғой! Енді тыныш ұйықтап, "уф!" деп қарашәйімізді ішіп отыра беруге болады.

    • #4
    • Азамат
    • сс, 01/04/2014 - 15:55

    Петропавлды - Абылай, Қызылжар, Павлодарды - Сарыарқа, Баянтау, Өскеменді - Алтай, Семейді - Алашорда атауына өзгертуді ұсынамын. Бұған қалай қарайсыздар, бауырлар?

    • #5
    • Tлек
    • сс, 01/04/2014 - 16:09

    2006 жылы сол птрпавлдарында болдым командировкада. Кеететин куни ж/д вокзалда куалигиннин сроги 15 кунге отип кеткен деп билет бермей койды. Oзимше Казахстаннын жери го деп зан сокпакшы болганымда вокзал ресейге карайды, занынды казахстанына барып айт деп к... Бир теуип куып шыкты. Осыган сенесизбе ? Арине сенбейсиз , ал менин басымнан отти

    • #6
    • Намысы жоқ қорқақ қазақ
    • сс, 01/04/2014 - 16:37

    Алматыныынң қақ ортасында өзінің ұлттық дауылпазымен пикет жасапты. Оған "Әй!" дейтін бір полиция келмеген. Тиіспеген!
    Ал қазақ сол секілді пикетке домбырамен шықса, прокурорың да, ОМОНың да жетіп келеді! СосЫн: "Ваши действие неправомерные! Вы нарушаете закон....!" - деп мораль оқи бастайды.
    Ал сендер болсаңдар Петропавлды өзгертеміз деп отырсыңдар! Қайдағы! Бүкіл Қазақстанның орыстары біздің көк байрағымызды емес, өз "триколорларын" алып шығады да, сендерді "нет казахским националистам!" "Нет казахскому фашизму!" деп шығады да сосын артынан Жириновский келеді (Путиннің атынан)!

    • #7
    • Намысы жоқ қорқақ қазақ
    • сс, 01/04/2014 - 16:50

    Алматыныынң қақ ортасында өзінің ұлттық дауылпазымен бір КАМЕРУНДЫҚ пикет жасапты.
    --------------------
    деп оқыңдар

    • #8
    • Ерсін
    • сс, 01/04/2014 - 17:43

    Қаланың атын өзгерту қайда қазақша сөйлеуге қорқып жүргенде.

    • #9
    • Алаш
    • сс, 01/04/2014 - 23:45

    Президенттің өзі бір ауыз қазақша айтса екі ауыз орысшамен аяқтайды сондықтан қалалардың атын өзгерту деген бос сөз

    • #10
    • Сен
    • сн, 02/04/2014 - 1:10

    Апо́стол Пётр родился в Вифсаиде в семье простого рыбака Ионы. Первоначальное имя апостола было Симон. Считается первым папой Римским.Павел — иудей средиземноморской диаспоры, родившийся в Тарсе , главном городе Киликии и одном из крупнейших центров эллинистической культуры. Еврейское имя Павла — Савл. Симон и Савл не имеет ничего общего с русским народом и русским языком.

    • #11
    • еламан
    • бн, 03/04/2014 - 10:56

    Соңғы жігіт аузыңа май, бірақ осыларыңды орыс басылымарына жазшы

    • #12
    • Нұрқанұлы
    • жм, 11/04/2014 - 21:15

    Ұлттық мүддені қорғау әр қазақтың өз аты-жөнін дұрыстаудан басталады. Осыған күш-жігерлері жетпей жүргендер қаланың атауын қалай өзгертеді? "Оптан құтылу оңай шаруа емес" дейді. Ұлттық мүддеге қатысты шаруаның ешқашан оңай болмайтыны ойларына кіріп шықпайды.

    • #13
    • qazaq
    • дн, 14/04/2014 - 20:22

    Baeribir ozgeredi- Qizilzhar boladi Allah buirsa

    • #14
    • Нағыз Патриот
    • сс, 15/04/2014 - 22:40

    Бірінші Ресейден,Өзбекстаннан,Қытайдан жалға алынған жерлеріңді алыңдар!Сосын не істесеңдер де өздерің біліңдер!

    • #15
    • Нағыз Патриот
    • сс, 15/04/2014 - 22:40

    Бірінші Ресейден,Өзбекстаннан,Қытайдан жалға алынған жерлеріңді алыңдар!Сосын не істесеңдер де өздерің біліңдер!

    • #16
    • Нағыз Патриот
    • сс, 15/04/2014 - 22:40

    Бірінші Ресейден,Өзбекстаннан,Қытайдан жалға алынған жерлеріңді алыңдар!Сосын не істесеңдер де өздерің біліңдер!

    • #17
    • Нағыз Патриот
    • сс, 15/04/2014 - 22:40

    Бірінші Ресейден,Өзбекстаннан,Қытайдан жалға алынған жерлеріңді алыңдар!Сосын не істесеңдер де өздерің біліңдер!

    • #18
    • Нағыз Патриот
    • сс, 15/04/2014 - 22:40

    Бірінші Ресейден,Өзбекстаннан,Қытайдан жалға алынған жерлеріңді алыңдар!Сосын не істесеңдер де өздерің біліңдер!

    • #19
    • Ілесбек Байжанов
    • бн, 24/04/2014 - 10:44

    Ежелгі жазбалар мен насияттарда мынандай өсиеттер бар: "Қазақтың киелі Ұлы Даласындағы жер - су, тау, ежелгі шаһарлар аттары киелі, орнын тауып қойылған. Олардың аттарын өзгерту Ұлы Жаратушының бұл жерлерге берген қасиеттерінен айыруға және оның соңы мүлдем өкінішті жағдайларға әкеледі. Сондықтанда Тұранның Ұлы патшалары мен қаһан, хандары бұған, яғни басқаша атауға, немесе адам аттарын беруге тиым салған. Әмур Дария Зәбур патша, Сұран Дария Жәмшын патша, Елтіріс Қаһан, Мәді Қаһан, Тоны Көк Білекті Қаһан, Айдаһар Би, Сары Оғлан Қарахан патша, Уан Торы Хан, Жауһар Шыңғыс Қаһан, Жошы Қаһан мен Шағатай Хандар, Батый мен Берке Хан, Әз Жәнібек Хан, Қаһандықтан бас тартып Ислам Әміршісі атына ғана келсім берген Тұран жолбарысы аталған Әмір Темір Көреген, Ұлы Бәйтерек Айқарақ Керей Хан, Ер Жәнібек Хан, Қасым Хан, Қахназар Хан, Берке Науан Тәуекел Хан, Әз Тәуке, Айбынды Абылай Хандар не істеймін десе де қолдарынан келді. Бірақ бұл Тектілер Ұлы Бабалар насияты мен өсиеттерінен ешқашанда аттамаған. Осыны оспадыр да, біліксіз биліктің есіне сақтағаны дұрыс болады. Сондықтанда жер - су аттары мен қала, ауылдар өздерінің тарихи аттарын қайта иеленуі керек! Қояннан қорқақ күнде өлер!

    • #20
    • era
    • сб, 26/04/2014 - 15:21

    ote jaksi bolar edi

    • #21
    • Лаула
    • жм, 09/05/2014 - 17:48

    Тарихи Қызылжар атауын қайырса жақсы болар еді. Бірақ қазақ ономастикасында жер -су атауларына адам есімі берілмеген. Қазір ол өкінішке қарай ескерілмей келеді.

    • #22
    • Лаура Мадива
    • дн, 26/05/2014 - 0:21

    Атауын озгертсе байып кетем дейсін бе. Қаншама акша ауаға үшады.

    • #23
    • Ақиқатты айтатын адам
    • жб, 01/06/2014 - 16:38

    Сендер маған ренжімендер, бірақ бос сөз қандай сөз пен іс білесіндер ғой. Егер қазақ мазақ болмаса, онда қазіргі дейін бишара болмай өз елінде, Кереку пен Қызылжар атын 1991 -1995 жж. аралығында қоятын. Ал, бұл мазақтың қолынан келген жоқ және келмейді.

    • #24
    • жақсы болды ғой
    • сс, 10/06/2014 - 14:10

    енді Евразэске мүше болдық және Петропауыл мен Паулодарды қалдыруға болады. бәрі бір орыссыз қазаққа өмір жоқ! қазақ боламыз деп осыраққа және бос сөз айтатын бишараларға айналдық!

    • #25
    • Полатбек Жанбаев
    • сб, 14/06/2014 - 16:16

    Қызылжар өз аты ғой, соры берсін.

    • #26
    • Батыр
    • дн, 16/06/2014 - 16:48

    Одан да манызды истер бар...Сол олкенин казактану жагын биринши орынга койганымыз дурыс одан да...

    • #27
    • мазақтар тыныш отырындар!
    • бн, 19/06/2014 - 10:22

    сендер тек сөйлеуге жақсысындар, ал істеуге - қолы мен миы жоқ байғұстар! сол үшін тыныш отырындар, 23 жыл паңқып жүріп, бәрі өз жаман миымен және к*теннен шыққан қолымен құртындар. енді путекеннің айтқанымен жүресіндер. еб-ке рақмет сол үшін айтындар!

    • #28
    • Құрдас \
    • сб, 28/06/2014 - 17:43

    Назарбаев болсын \ Нұрсұлтан қойса да болады \ НҰРАБИНАЗ қаласы \Нүрабиназ аймағы \

    • #29
    • Qazaq
    • дн, 07/07/2014 - 0:48

    Qyzylzhar-qandai keremet at! Allah komektesip jibershi Qizilzhar dep austuruga Petropavldi.

    • #30
    • Әлібек
    • бн, 07/08/2014 - 17:07

    Болмайтын шаруа, уақыты өтіп кетті. Енді елді дүрліктірмей артты қысып тыныш жүрген абзал.

    • #31
    • http://kz-eli.kz/
    • сс, 02/09/2014 - 0:21

    http://kz-eli.kz/

    • #32
    • Әлібек
    • жб, 30/11/2014 - 13:47

    Поезд өтіп кетті, енді елді дүрліктірмеу керек шығар.

    • #33
    • ару
    • жб, 11/01/2015 - 20:43

    Мықты болсаңдар,Петропавлға жандарың ашыса көшіп барыңдар Сол жақтағы қазақтардың рухын оятыңдар ОЛ жвқта орыс өте көп тіпті Вокзалдың ішіндегі сағат ресейдің сағатың уақытымен жүреді

    • #34
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 13:18

    дұрыс ауыстыру керек қазақстан емеспа қазақстанда тұрып жатқан соң қазақтың атын қойғанды жөн көремін солсебептен қолдаймын ауысатынын

    • #35
    • www.xurl.es/molottora
    • дн, 23/03/2015 - 6:18

    Наконец то, Норвежское средство для лечения и профилактики ослабления потенции «Молот Тора», которое уже давно одобрено Всемирной Асоциацией Сексопатологов начали продавать у нас.
    Первый раз попробовал его действие в 2009, друг привез из командировки,там кстати оно в любой аптеке доступно. Буквально при втором приеме получил усиление сексуального желания и хорошую эрекцию, половой акт продлился дольше обычного, что меня больше всего удивило и обрадовало.Жена была в восторге.
    Теперь средство доступно в свободной продаже для каждого, я лично, беру тут ( www.xurl.es/molottora ) уже проверенно. Ознакомтесь СОВЕТУЮ ! Это когдато в Советском Союзе секса небыло, а сейчас то мы знаем что он есть.

    • #36
    • рахан
    • бн, 26/03/2015 - 21:39

    кызыл жар кызыл жар кызыл жар иа менин арманым кашан петропавл деген созди озим барып оширгимгелип жур орнына кызыл жар деп жасак улкенгып

    • #37
    • Думан
    • сн, 22/04/2015 - 11:33

    Қазақ елінің сар даласына қол салған патша үкіметі Ақмола аймағына аяқ басқанда еркін сүйген қазақ баласының жауынгершілігіне қарсы тұру үшін мұнан жүз жыл бұрын Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Қызылжар қалаларын салғызған

    • #38
    • Мұхаммед Мағжан
    • сб, 06/06/2015 - 12:39

    Ауыстырып қайтесіңдер, босқа арам тер болып. Біз ЕВРОСОЮЗ-дың құрамына кіру арқылы кешегі атың өшкір СССР-ді тірілтіп жатқан жоқпыз ба?! Өтірік десеңдер кеше ұйымдастырылып өткізілген "Муз-тв"-дегі Назарбайдың шоумен, тамада немересінің сөзіне, іс- қимылына назар салыңдаршы

    • #39
    • алаш баласы
    • сс, 29/12/2015 - 23:56

    Кызылжарда казак жок болганы гой... осы уакытка дейин мангурт болып не коринди

    • #40
    • гүлжан Сайрам
    • дн, 15/02/2016 - 17:55

    "Қызылжар" болып өзгертілмесе, елдігімізге сын. Билік басындағылар мен ел ағалары тез арада қолға алсын.

    • #41
    • мен
    • бн, 03/03/2016 - 1:03

    Шевченко ны Ақтау қылып өзгерті гой сондықтан болады деп есептеймін.

    • #42
    • Ергали Айтбаев
    • сн, 23/03/2016 - 10:18

    Петропауыл деп жазылыпты мақаланың бастапқы сөзі. Мәскеу дегендей, сол ПетропАуыл болсын нағыз қазақша))))

    • #43
    • балғабек
    • жм, 29/04/2016 - 10:57

    Ия, қаланың атауын өзгерту керек шығар. Бірақ қарапайым тұрғындардың түсінбей жүрген бір мәселесі: - облыс әкімі кім болып келіп жаңа облысқа орналасады, яғни әкімдердің бұл жерде кәсіби мамандығы сөз болуда, сол салада бір түсініксіз әлде аста-төк жұмыстар жүре бастайды. Егер бір әкімнің кәсіби мамандығы мал дәрігері болса, онда сол облыс орталығындағы базарларда мал етін сату үлкен тексеріспен, тіпті шектен тыс тексеріспен жүргізіледі. Ал егер тағы бір әкім теміржолшы болса, онда сол сала, яки логистика, контейнерлер, жолаушы поездар, жүк тасмалдау т.б. үлкен мән берілсе. Құрылысшы әкім енді белгілі ғой, ешкім сатып ала алмайтын элитный пәтерлер мен комуналды пәтерлер т.б. Ал әкім заңгер болса, сол өңірде мемлекеттік заңдарға, заң күші бар актілерге өте қатты мән беріледі. Ал ендіғайыптан тайып облыс әкімі гинеколог болса не болар еді. Бұл мәселелерді неге тәптіштейін. Атырау облысының жақында ауысқан әкімінің мамандығын әзірге білмеймін /менімше электро монтер болса керек/ әйтеуір қазіргі кезде сонау 90-шы жылдардан бері сөнбеген электр жарығы Атырау қаласында "вейерно" сөнетін болды, кейде әй-жоқ, шай -жоқ ауыз су тоқтап қалады. Соңғы күндері бұл үрдіс белең алып барады. XXI- ғасырда, оның үстіне мейілінше бай өңірде тұрып жатқан жоқпыз ба? Әлде, Қазақстан бойынша халық ең аз шоғырланған облыста бөлек мәселе бар ма? Тағы бір ескеретін бір мәселе Атырау облысының халқ саны 500.000 мыңға жетпейді, қалай санасаңыз да. Ал, тұрғындардың 98,5% қара қазақтар!

    • #44
    • балғабек
    • жм, 29/04/2016 - 10:57

    Ия, қаланың атауын өзгерту керек шығар. Бірақ қарапайым тұрғындардың түсінбей жүрген бір мәселесі: - облыс әкімі кім болып келіп жаңа облысқа орналасады, яғни әкімдердің бұл жерде кәсіби мамандығы сөз болуда, сол салада бір түсініксіз әлде аста-төк жұмыстар жүре бастайды. Егер бір әкімнің кәсіби мамандығы мал дәрігері болса, онда сол облыс орталығындағы базарларда мал етін сату үлкен тексеріспен, тіпті шектен тыс тексеріспен жүргізіледі. Ал егер тағы бір әкім теміржолшы болса, онда сол сала, яки логистика, контейнерлер, жолаушы поездар, жүк тасмалдау т.б. үлкен мән берілсе. Құрылысшы әкім енді белгілі ғой, ешкім сатып ала алмайтын элитный пәтерлер мен комуналды пәтерлер т.б. Ал әкім заңгер болса, сол өңірде мемлекеттік заңдарға, заң күші бар актілерге өте қатты мән беріледі. Ал ендіғайыптан тайып облыс әкімі гинеколог болса не болар еді. Бұл мәселелерді неге тәптіштейін. Атырау облысының жақында ауысқан әкімінің мамандығын әзірге білмеймін /менімше электро монтер болса керек/ әйтеуір қазіргі кезде сонау 90-шы жылдардан бері сөнбеген электр жарығы Атырау қаласында "вейерно" сөнетін болды, кейде әй-жоқ, шай -жоқ ауыз су тоқтап қалады. Соңғы күндері бұл үрдіс белең алып барады. XXI- ғасырда, оның үстіне мейілінше бай өңірде тұрып жатқан жоқпыз ба? Әлде, Қазақстан бойынша халық ең аз шоғырланған облыста бөлек мәселе бар ма? Тағы бір ескеретін бір мәселе Атырау облысының халқ саны 500.000 мыңға жетпейді, қалай санасаңыз да. Ал, тұрғындардың 98,5% қара қазақтар!

    • #45
    • ПАТРЕОТ
    • бн, 06/10/2016 - 17:40

    БӘРІ РЕТІМЕН КЕЛЕДІ, ТЕК БЕТІМЕН БАЙБАЛАМ САЛМАҢДАР

Пікір қосу

  • 7 + 16 =

Кіру