Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5359 0 пікір 28 Қазан, 2014 сағат 16:26

34 миллион төлемесе, 68 миллион төлейді

Бүгін мұқым елдің масқарасын шығарған Havas Worldwide Kazakhstan жарнамалық агенттігінің ісі Алмалы ауданының № 2 сот залында қаралды деп хабарлайды Vlast.kz. Соңғы айлардағы соны тақырыптың соңғы нүктесі сот залында қойылды. Даудың басы «дуэльден» басталды. Құрманғазыдай данасын орыстың бас ақынымен беттестіріп қойғаны талай қазақтың шамына тиді. Жалпы халықтық наразылыққа тап болған тақырыптың түйіні сот залында тарқатылды. Тамыз айында Алматы қаласының соты шешімі бойынша жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова 129 640 (70 МРП), ал аталмыщ компания 185 200 (100 МРП) көлемінде өтемақы айыппұл төлеген болатын. Қосымша 34 адамның қолы қойылған арыз нәтижесінде компания әрбір арыз түсіруші тұлғаға 1 млн. теңге көлемінде айыппұл төлесін деген шешім шығарды. Бұндай үлкен соманы «төлей алмаймызға» көшкен жарнама агенттігінің директоры 15 күн ішінде сот шешіміне шағым түсіретіндіктерін мәлімдеді. Тас түскен жеріне ауыр дегендей арызданушылар Құрманғазы атындағы консерватория ұжымы екен. ( 13 оқытушы,11 студент, 10 әнші). Жарнама агенттігіне жалпы БАҚ өкілдері алдында кешірім сұрауы міндеті де жүктелді.

Айтпақшы, арыз беруші 34 адамның қатары жақында 68 болып толығуы мүмкін... 

Орхан Бақытбек

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563