Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 7232 0 пікір 29 Қазан, 2014 сағат 13:27

Қазақстанның цитатасы көп келтірілетін ғалымдарың есімдері белгілі болды

Қазақстандық авторлар әлемінде көбінесе физика ғылымдары саласында көп цитаталар келтіріледі.

Ғылым саласында сөздері жиі цитаталанып жүрген Қазақстандық ғалымдардың аттары анықталды, -деп хабарлады «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ.

Thomson компаниясының Web of Science ғылыми мақалалардың ірі әлемдік  ақпараттық базасы өзіне қазақстандық ғылыми жарияланымдар туралы 11 158 мәліметті қосады.

Авторлардың мақалалары халықаралық тәжірибеге сәйкес, жарияланым алдында әдіс-тәсілдері мен жүргізілген зерттеу сапасына байланысты, сонымен қатар,  алынған нәтижелерді дұрыс жеткізуге байланысты тәуелсіз сараптамадан өткізілді. Жұмысты ғылыми мойындату өзге ғылыми мақалалардың авторларының мақаланы цитаталау рейтингісімен анықталады, бұл рейтингті  аталған жүйе автоматты түрде есептейді.

Физика ғылымдары саласында ең көп цитаталанатын мақаланың авторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сергей Одинцов атанды. Физика-техникалық институт ғалымдарының – Эрнст Боос, Болат Жаутықовтың, Николай Покровскийдің, Әсет Барақбаевтың  жоғарғы энергиялар физикасы саласындағы жарияланымдары сұранысқа ие. Орталықта химия саласы бойынша ғалымдар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нен Динара Бірімжанова мен Ирина Иргибаеваның жұмыстарын атап өтуде.

«ЕҰУ-нің физика-техникалық факультетінің қызметкерлері профессор Ратбай Мырзақұловтың жетекшілігімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп түрлі елдердің зерттеушілері тарапынан үлкен қызығушылық тудыратын астрофизика, космология және ДНҚ физикасы саласында зерттеулер жүргізуде. Ұсақ ағзалар, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы саласындағы ең көп сілтемелер ҚР Ұлттық биотехнологиялық орталығы қызметкерлері – Ерлан Раманқұловтың, Айнұр Сәрсенованың, Ирина Ковальчуктың, Елена Людвикованың, Марьиям Волгинаның, Юрий Грачевтың, Аманқұл Бекеновтың және олардың шетелдік әріптестерінің жарияланымдарына сәйкес келеді», - делінген  таратылған ақпаратта.

Иммунология саласында профессор Жанат Ыдрысованың (С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті ) ұмытшақ склерозы мәселелеріне арналған жұмысы жиі пайдаланылып цитаталанады. 

Web of Science-тың ғылыми басылымдарында жиі ұсынылатын жұмыстар қатарында медициналық генетика  және онкология саласында зерттеулер жүргізетін қазақстандық ғалымдардың екі жұмысы бар. Олар – Жалпы генетика және цитология институтынан Әйкен Асқапұлы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынан Сағынбек Игісінов.

Дисциплина аралық болып табылатын, техникалық ғылымдар саласында жоғары цитаталанатын жұмыс әлемдік аты бар қазақстандық археолог Виктор Зайбертке (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) тән.

 

Әлеуметтік ғылымдар саласындағы ең жиі дәйектелетін, археология мен антропология мәселелерін қарастыратын мақала Вашингтон университетінің авторлар тобының қатысуымен  Қазақ археология институтының қызметкері Алексей Марьяшев жариялаған.

Осы ресурс басылымдарында ең белсенді қазақстандық жарияланымдардың авторлары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілдері.

«Жалпы алғанда соңғы 3 жылда шетелдік ғылыми басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың саны 2 еседен де артты, бұл ұлттық жазылулардың халықаралық электронды ақпарат көздеріне тіркелуінің тікелей нәтижесі болып табылады», - деп хабарланды Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында.

2011 жылдың қазанында ҚР БҒМ тапсырмасы мен қаржылық қолдауының арқасында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ алғаш рет халықаралық электронды ақпарат көздеріне ұлттық тіркелу жұмыстарын жүргізді.

2011–2014 жылдары ThomsonReuters (Web of Science), Springer GmbH (Springerlink) и Elsevier B.V. (ScienceDirect, Scopus) компанияларының ақпараттық  базаларына ұлттық жазылу бойынша сәйкес келісімдерге қол қойылды.

2014 жылдың қазанындағы жағдай бойынша ғылыми ақпараттың толық мәтінді және рефератты ресурстарына 250-ден астам қазақстандық ғылыми және білім беру ұйымдары қосылды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558