Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6200 0 пікір 30 Қазан, 2014 сағат 07:59

СЫПЫРА СОТТАУ - "СЫРТТЫҢ" ТАПСЫРМАСЫ ЕМЕС ПЕ?

Бұрынырақта «бәленше деген жоғары лауазымдыны жұмысынан алып тастады, тұтқындады, соттады» деген хабарды естігенде «тек майда- шүйделерге ғана емес де үлкен шен иелеріне де тәртіп беріп жатыр екен» деп қуанбағаныммен, көңіліме толып отыратын еді. Ал қазір осындайды естігенде көңіліме алаң кіре бастайды. Әрине, әр адам соның ішінде үлкен лауазым иесі қате-кінәраттары үшін жауап беруі тиіс. Бірақ бірінен соң-бірі шатылып жатқан басшылар қатарын көріп «әй, осыларды қателері үшін жауапқа тартып жатқан жоқ-ау. Басқа бір гәп жоқ па? Елдің сыртқы-ішкі жауларының тапсырысы емес пе?» деген бір-екі ауыз сөзбен түсіндіре алмайтын күмән көңілімде көлбеңдейді де тұрады. Оның үстіне, БАҚ бетіндегі ақпараттарға сүйене отырып (төмендегі деректерді, негізінен, Абай.кз порталынан сөзін өзгертпей дерлік алдым) осы «жазып-жаңылды» дегендердің бойынан бір ортақ қасиет тапқандаймын, ол - бұл лауазым иелерінің өзге әріптестеріне қарағанда ұлтжандылығы. Сөзім құрғақ болмас үшін екі-үш дәлел-дәйек келтіріп көрейін. Мысалы, премьер министрдің орнытағынан тайған, қазір болашағы бұлыңғырлау болып тұрған Серік Ахметов премьер-министр болып тұрған кезде үш елдің арасындағы Кедендік одақтың кейбір қарым-қатынасы мен алыс-берісіне қарсы шығып отырған-мыс, Еуразиялық экономикалық одақтың келіссөздеріне де салғырттау қараған. Бұл рас болса елінің болашағы үшін алаңдайтын бұндай азаматқа «айналайын»-нан басқа не айтуға болады.
Тәуелсіздің күнін күні бұрын көлегейлеп тұратын жаңа жылды шыршаны тым ерте тойлаудан тыйған, есесіне Наурызды дүрілдетіп тойлатқан, кейбір әкімдердей орыстілді блогерлерді емес қазақтілді блоггерлерді жинап, екі күн бойы мейман қылған Бауыржан Әбдішевке сүйсініп жүр едік. Қазір бұл ағамыздың басы істі болып жатыр. 
Әскери шеруді басқарған генералдардың ішінде бұйрықтарды қазақша берумен ерекшеленген Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа да ауыр айып тағылуда. 
Бәлки, бәрі мен ойлағандай емес, бұл жаза басқан-жаңылысқан азаматтардың басынан өтіп жатқан жайт та шығар. Олай болса заңның аты заң, әрине. Бірақ, қалай болғанда да, іштегі күмәнді сыртқа шығарып, саясаттан хабары бар замандастарымның талқысына салғанды жөн көрдім. Себебі, ұлтжанды шенеуніктерге тағылып жатқан айып заңсыз болса, оларға қоғам болып араша түсу азаматтық міндетіміз емес пе? Тіпті, азды-көпті кінәраттары болғанның өзінде, олардың ел алдындағы еңбегі ескерілсе екен деп те ойлаймын. Мен үшін бұл аты аталған азаматтардың ұлт, ру белгілері маңызды емес. Егер мемлекетшіл өзге ұлт өкілі басы дауға ілініп жатса да (ілінбей-ақ та қойсын!) осылай сөзбен болса да демеу білдіруге тырысар едім. Салыстырмалы түрде болса да ұлтжанды, мемлекетшіл бауырларымыздың басына қара бұл үйіріліп жатқанда, үндемей отыра алмадым, айып етпеңіздер...

(Нұрлан Сәдірдің фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620