Әлеумет

САММИТБЕК, САММИТХАН, САММИТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Есім... Дүниеге перзент келсе дүйім жұрт болып әдемі есім іздейтін әдетіміз бар. Өз дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға сай ерекшелігі мол, өзге ұлтта ұшырамайтын есімдеріміздің бары да рас. Десек те ата-бабаларымыз нәрестенің дүниеге келген күніне байланысты да Наурызбай, Боранбай, Дауылбай, Сәуірхан, түз тағысына  деген құрметпен Қасқырбай, Арыстан секілді де есімдерді дүниеге әкелген.

         Сондай-ақ, біздің тарихымызда санаулы тұлғалар ғана еге болған ерекше есімдерде жоқ емес. Атап айтсақ, сонау IX ғасырда өмір сүрген Шөже, Көтібар, Шеге секілді есімдер. Тақырыптан ауытқымай сол ерекше есімдер жайында сөз қозғасақ.

         Ерекше есім - естілгенде елең еткізетін, сирек кездесетін адам ныпсысы. Көбінесе сәбиге ат таңдайтын уақытта туындайды. Олай дейтініміздің де себебі бар. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындары кезінде елімізде туылған 40 нәресте Азияда есімін иеленген екен. Ерекшелігіне сөз жоқ, бірақ та қазақ қызына осы есім қаншалықты жарасады? Есімінің астары пәктік, тазалық, адалдық ұғымдарымен астарласып жатқан ұрпақтың жалғасы екендігімізді ескерсек, сұрай қалғанға мағынасын қалай түсіндіреді екенбіз. Дегенмен спорт бәсекелері өту уақытында қуаныштарында жек жоқ халықтың осындай атау беруі адамзат тарихында көптеп кездеседі.

         Сол есімнің ең аты шулысы хәм бірегейі Олимпиада! Аты көрсетіп тұрғандай төрт күл әлемнің кіл дүлділдерін әр төрт жыл сайын бас қостырар ойындар атауы, мағынасы да ерекше. Грек тілінен тәржімаласақ «аспанды жырлау» немесе «құдайды жырлау» мағынасын береді.

         Осы жылы Ресей статистика мамандары Сочи Олимпиадасы қарсаңында осы есімді егелеген ресей азаматтарының мониторингін жасапты. Мониторинг нәтижесі төмендегіше: «Олимпиада есімінің кең тараған екі ауданы белігілі болды: бірі Саратов облысы мен Челябинск облысы. Мұндай сирек кездесетін есімді көбіне жасы үлкен кісілер иеленген.

Саратов облысында Олимпиада есімді 65 әйел адам өмір сүреді екен. Оның ең үлкенінің жасы 93 болса, ал ең кішісінің жасы 7 де. Оның ішінде Саратов қаласында - 27,  Вольск қаласында - 9, Балаковта  - 8 Олимпиада өмір сүріп жатыр екен. Ал 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде тек бір ғана қыздың бұл есімге ие болғаны белгілі болды.

Ал Челябинск облысындағы Олимпиада есімді 124 адамның 64 –нің аты Олимпиада болса, 60 - ның паспортында «Алимпиада» деп жазылған. Бұл адамдардың мұндай есімге ие болуына діни сенім - грек құдайларының әсер болса керек. Көбінің жасы 80-ді алқымдаған.  Олимпиада Блинованың жасы 95 те болса, оның Усть-Катавадағы аттасы Олимпиада Автиннің жасы 90 да. Ол 1924 жылы Францияда өткен алғашқы қысқы олимпиада кезінде өмірге келген». Ал, әлемде осы есімді иеленген ең танымал тұлға Александр Македонскийдің анасы Олимпиада Эпирлік екен.

Балаға есім беруде жаңылыспаған, сол есім оның өмір бойы бойтұмары боларын білген, естілер құлаққа жағымды, мағынасы көрегендігімізді көрсетер қазақ екенімізді ескеріп, есім қоюдың кейбір тұстарына да тоқтала кетуді жөн көрдік.  Ең өкініштісі, ата - аналарымыздың әр күні зарыға күтетін сериалдарының салдарынан сол кино кейіпкерлері есімін өз ұл-қызына қоюы кө. Сондықтан да біз үшін жат есім болған Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Эсмиральда, Изабеллалар арамызда бүгінде көбейіп келеді.

Иә, кім қандай есім қоямын десе де өз еркі. Ешкімге тосқауыл қоя алмайсыз. Елімізде жазылуы былай тұрсын, айтылуы да қиындау есімдер де бар. Таныс болыңыз: Мухаматабдульахап, Әбілфайыз, Иринеюс, Константаймсейсар, Габриэль Юсеф, Дэмел, Ямила, Мұхамедсалин, Абдулалим, Алиар, Ляян, Шамир, Сивинна, Махсумя.

Дегенмен, ерекше болса да көп кездесетін есімдерде баршылық. Радий, Антонио, Ливия, Талисман секілді кісі аттары елімізде жетерлік.  Бір ғана Үндістанның ұлттық қаһарманы Индира Ганди құрметіне қойылған есім елімізде 10 000 нан асып жығылады екен. Ерекше есім арқалап ел ішінде жүрген жандар да бар. Соның бірі «Айтуға оңай» бағдарламасының продюссері Аргентина Жәнібек.

Ұмытып барады екенмін, Саммитбек, Саммитхан, Саммит. Жаңылыспадыңыз, ОБСЕ-нің саммиті уақытында дүниеге келгендер ғой. Бұл есімде ерекше есімдер қатарында. Айтқандай бізде Дипломбекте бар екен ғой. Дипломбек Жақияұлы, әкесі жоғары оқу орнын бітіріп, дипломмен оралғанында туылған перзент. Иә, ерекше есім қоюдан да қазақ артта қалмаған.

Ал, Мексиканың Сонора штатында жаңа туылған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салыныпты. "Ата-анасының еркіне қарсы тұра алмайтын нәрестелер өсе келе өз атынан ұялып немесе қорлық көріп өмір сүрмеуі тиіс", - дейді жергілікті билік өкілдері.

Тыйым салынған тізімде 61 есім бар екен. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Сүйіктісі, Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атына қоярда қолданбауын талап етіп отыр.

Жаңа заңның басты мақсаты - сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.  Қара тізімде Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі.

Көрдіңіз бе, алыс елдер де балаға қойылар есімге мән бере бастапты. Себебі, ел болашағы болар туылған әрбір сәби мәні мен мағынасы мол есімге лайық, солай болуы да шарт.

Ерекше есімдерге еліктемей, нағыз ұлтымызға тән есімдерімізбен әлемнен ерекшеленеік.

 

Қожакелді Алданов,

Кереку

Abai.kz

15 пікір 8536 рет оқылды Қосылған: 04.04.14
    • #1
    • Эксперт
    • жм, 04/04/2014 - 14:51

    Есім қою мәдениеті өте төмен халықпыз Ол баяғыдан белгілі Барлық халықтар күледі Иранда 4 томдық мемлекет бекітілген есімдердің тізімі бар екен Ата-ана солардың ішінен ғана таңдай алады Ал орыстар ешкім тыйым салмаса да ғасырлар бойы ешқандай экспериментке бармайды Есмідер - ұлттың визитная карточкасы Оны ойыншық қылуға болмайды Бізде түркі және кейінгі мұсылман есімдері ғана болған Қазақы есімдер беген сол Тосқауыл қою керек Насихат керек БАҚ-та

    • #2
    • гуля
    • жм, 04/04/2014 - 23:31

    Біздің қазақтар қалай болса солай есімді қоя салады ,сонда ана баланың тағдырын, болашағын ойламайды ғой деймін .ол бала ер жетеді , сол кезде жылайды ау деп ойламай ма ,миларына не кіреді соны қоя салады ,мысалы адамның есімі Мектеп ,Түкірік ,Мылтықбай Шұлғаубай ,Аюбай ,Партсьезд .Саммит ,тб Не бір таза әдемі айтылатын есімдер толып жатыр ғой ,ат құрып қалғандай .

    • #3
    • ras
    • сб, 05/04/2014 - 16:49

    Гүля. Гүлия бол. Ал бауырларым,ешкiмге елiктемей,солықтамай жүру сендерге ауыр ма? Небiр жақсы аттар тарихыңда,өзiңде тұрған жоқ па.

    • #4
    • ayan
    • сб, 05/04/2014 - 18:36

    Өзге елдiң аттарын қоятындар өзiмшiл мақтан сүйгiш адамдар деп ойлаймын.

    • #5
    • Мәмбетхан
    • бн, 29/05/2014 - 20:22

    20 жылдан асты қазақ ауылдарында, әсіресе Шымкент жақта Бакісбек, Долларбай деген есімдер беріле бастағанына.Енді Союзбай,Ебірәзес деген есімдер модный болады.

    • #6
    • жәке
    • жм, 11/07/2014 - 15:07

    Біздің ауылда Шоколад деген әйел адам бар.

    • #7
    • Қарлығаш
    • дн, 16/02/2015 - 10:00

    Әрбір нәресте дүниеге өз есімімен келеді.Өзім тұратын жерде Назым, Айғаным,Дінмұхаммед,Нұртілеу сынды есімдердің қойылып жатқанының куәсімін. Ал анау олимпиада дегенді кімдер қояды екен?Долларбай мен Баксбекті де естіген жоқпын.

    • #8
    • Қарасай
    • дн, 02/03/2015 - 23:14

    Самитхан, Форумжан деп чиновниктер халявный гулянкасын атайды. Кейбір жылдары жұз миллиардап елдің ақшасын құртады.

    • #9
    • Ақзере
    • сб, 07/03/2015 - 14:54

    Енді Сайлаубектер, Нұрсұлтандар, Үміткерлер көбейеді

    • #10
    • Қайрат
    • сс, 17/03/2015 - 20:18

    Сайлаудың қарсаңында Сайлау, Нұрсұлтан, Экспоға қарсы Экспобек, Экспожан деген аттар көбейтін шығар

    • #11
    • Қайрат
    • сс, 17/03/2015 - 20:18

    Сайлаудың қарсаңында Сайлау, Нұрсұлтан, Экспоға қарсы Экспобек, Экспожан деген аттар көбейтін шығар

    • #12
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 14:06

    кім деп қойса да әр адам өзі біледі және өзіне ұнаған атын қояды бұл бабты ғаламторға немесе басқа жерлерге хабардар қылудың қажеті жоқ еді деп ойлаймын. кім қалай атын қойса өз еркінінде ғой

    • #13
    • Келешек
    • бн, 09/04/2015 - 14:50

    Жақын келешекте бізде Сайлаулар. Экспогулдер, Экспожандар көбейеді

    • #14
    • Марат Сағындық
    • жм, 17/04/2015 - 1:41

    Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана халық жоқ елімізде Нұрсұлтан Айсұлтан есімдері көп тараған елбасындай көрегенді болсын деп ырымдап қойған болар!

    • #15
    • айдар
    • жм, 06/05/2016 - 10:55

    Дүниеге келген баланың атын қою, жоғарыда жазылған "пікір қосулардан" ашу-ыза тудыратыны көрініп тұр. Біздің осы қазекем адамға ат қою кезінде өзінің өмірінен мысалдар алып /нәрестені ойламайды, ол кезде/ эгоистичный ішкі дүниесін көрсете отырып "бықсыған" аттарды тізеді келіп, сосын сол "бықсықтардың" ішінен ең "бықсығын" алады да, азан шақырып тұрып қояды. Сіздер, ат қою, бесікке салу рәсімдері кезінде осы мәселелерді көріп жүрсіңдер ғой. Соңғы кездері /бұрынғы кездері де/ кейбір ат қойғыштар, быт-шыты шығып жатқан арабтардың аттарын немере-шөберелеріне қойып жүр. Бұл да дұрыс дүние емес. Біз көк түріктер емеспіз бе?! Сондықтан, балаға ат қойғанда, діни көзқарас, сол кезде болып жатқан тарихи оқиға, болайындеп жатқан оқиға, табиғаттың дүлей күштері - /боран, жаңбыр, сел, құйын т.б./ ат қоюға түрткі болмауы керек ғой, ау-қазақтар. Түрік қағандарының , батырларының, жырауларының, тәуіптерінің - я,я тәуіптерінің шошитын несі бар қысқа да- нұсқа аттары бар емеспе?! Осы түркілік тарихтан таңдауымыз керек атауларды деп ойлаймын. Бірақ дінге басы айналып /жан тәттіліктен, бұл да эгоизмнің жасырын бір түрі/ жүрген аталарымыз "өзіне ұнайтын" ұғымдарды атау қылып қойғысы келеді. Сосын, орайы келгенде айта кететін бір мәселе; - осы оңтүстік жақта неге "нормальный" қазақтың Болат - деген атын өзбекше Полат деп айтады, сол сияқты қыздардың атауларының баяндауыштары жақсы да, анықтауыш пен жалғаулар күлкілі жағдайда, енді. Мысалы "более менее" Пешгүл -деген қыздың атын, Алматы, Жамбыл, ОҚО, Қызылордада - Пешкүл деп айтады және жеке куәлікке жаздырады, бұл қалай. Сөздің мағанасын неге өзгертеміз. Енді ана, қасқасы қайнаған Пешгүл деген қыз Пеш-те болса әйтеуір Гүл- еді ғой?! Енді не болды?! Пеш- өз-алдына, Күл- болды ғой! Мәселені түсініп отырсыңдарма? Күл- ненің күлі, көмірдің бе?, қидың ба?. Әлде, сексеуілдің күлі ма?. Бұған ренжімеңдер, әйтеуір түзетуге болатын нәрселер ғой. Но все таки не приятно! Сондықтан ағайын! ұл мен қыздың аттарын дені дұрыс, оқыған-тоқыған /онша діншіл емес/ ақсақалдарға қойдырайық!

Пікір қосу

  • 4 + 25 =

Кіру