Ғылым-білім

БІЛІМ БЕРУ — ОҚУМЕН ШЕКТЕЛМЕУІ КЕРЕК

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің алғашқы түлектерін шығарады. Бүгінгі таңда еңбек нарығына қандай мамандар қажет екені туралы және елімізде қазақстандық дарын иелерін қалай Қазақстанда алып қалуға болатындығы туралы өз ойымен Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу бөлісті.  

— 2015 жыл – Назарбаев Университетінің алғашқы бакалаврларының оқуды тәмамдайтын жылы. Қызығушылық танытқан жұмыс берушілерден ұсыныстар түсті ме? Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі жүргізілді ме? Өткізілсе, қандай компаниялармен? Қандай салалар болды?

— Ақпарат үшін айтайын, біздің университетте кейбір оқыту бағдарламаларының алғашқы түлектері бар.  Бізде соңғы үш жылда қазақстандық кәсіпорын иелері мен шағын және орта кәсіп жетекшілері үшін бизнес саласында курстар жүргізілуде. Сонымен қатар, орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары бар.  Дәл қазіргі уақытта бізде қанша компания өз ұстанымдарын ұсынғандығы туралы, қандай ұсыныстардың болғандығы туралы нақты статистика жоқ. Бірақ, маған студенттердің айтуынша, олардың кейбіреулерінің жұмыстары бар екен. Оптимистік тұрғыдан алғанда,  мен олардың көбісінің осы бағытта келе жатқанын айта аламын.  Бұған бір себеп, біз осы жылдың наурыз айында өзіміздің алғашқы бос қызмет орындарының жәрмеңкесін өткіздік. Бұл жәреңкеге 150-ден астам компания қатысты.  Оған қатысушылар ретінде тек біздің студенттер ғана емес, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасының түлектері де қатысты. Барлығы 900 адам. Компаниялар тұсаукесерлерін көрсетті, бұдан өзге жұмысқа тұратын кезде әңгімелесуді қалай жүргізу керектігі туралы өзін қай тұрғыдан көрсете білу керек, түйіндемені қалай жазу керектігі туралы, кандидаттардан жұмыс берушілер нені күтетіндігі жөнінде лекциялар мен курстар өткізілді. Әрі қарай, төртінші курстың студенттері компаниялардан, Үкіметтен, Парламент пен өзге де ұйымдардан сынақ ісінен өтті. Осы байланыстардың арқасында,  жұмыс жөнінде көптеген ұсыныстар түсті. Яғни, бізде нақты мәліметтер әзірге жоқ, дегенмен біздің кейбір студенттер өз жұмыс орындарын тауып та үлгерді.

Өткен сенбіде біз екінші рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіздік, бірақ бұл жолы тек өзіміздің студенттер үшін болды.  Оған шамамен 60 компания қатысты.  Мұнда халықаралық  аудиторлық компаниялар да болды, әсіресе, үлкен төрттік, мұнай-газ,  «Эйр Астана» секілді транспорт компаниялары, IT, сондай-ақ,  «Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларының өкілдері қатысты, бір сөзбен айтқанда түрлі салалардан келді.  Мемлекеттік органдар тарапынан да біздің студенттерге қызығушылық жоғары.  Біздің тараптан 300-400 студент қатысты.  Маған жоғарғы курстардың студенттері көп болған жоқ дегенде қатты таңқалғаным рас,  басым бөлігі 1-, 2-, 3-курстардың студенттері екен. 

—Оның себебі неде?

— Жақсы сұрақ. Менің ойымша, не жоғарғы курстың студенттері жұмыс берушілермен жақсы қарым-қатынас орнатып алған, немесе магистратураға түскісі келетін студенттеріміздің саны артқан.

— Олар НУ-де қалғылары келеді  ме,  әлде шетелге кеткілері келеді ме?

Біз олардың шетелге кеткенін қолдаймыз. Біз оларға «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынамыз, егер олар оқуды жалғастырғылары келсе, шетелде оқығандары жөн  болар деп  ойлаймын. Олар жақсы университеттерге түсіп, мүмкіндік болса доктор дәрежесін алып, бізге келіп мындағы жұмысқа көмектеседі деп үміттенеміз.

— НУ-де алынған ғылыми дәрежелер халықаралық ЖОО-да есептеледі ме,бағаланады ма?

— Әрине. Өзіңіз білетіндей, қазіргі таңда біздің  Назарбаев Университеті туралы заңның арқасында қазақстандық тіркеуіміз бар. Онда НУ-де алынған ғылыми дәрежелер Қазақстанда әрекет етеді деп анық жазылған.  Ал халықаралық тіркеу кейінірек болады. Әдетте университетте бірнеше жылдың бітірушілері болу керек. Әлбетте, біз тіркеуді аламыз, бірақ жақын арада емес.  Дегенмен, бұл  шынайы тосқауыл бола ма?   Мен олай ойламаймын, себебі әлемде тіркеуден өтпеген бірнеше ТОП-университеттер бар. Яғни, қос жүйе бар: тіркелген және тіркелмеген университеттер.  Олар да бакалавриаттан магистратураға дейін студенттермен алмасады.

— Сіз халықаралық тіркеудің талаптарының бірі – бірнеше рет түлек шығару деп айтып өттіңіз. Басқа тағы қандай талаптар бар?  Шетелдік студенттердің болуы міндетті ме?

— Жоқ, бұл талапқа енбейді.  Университет халықаралық зерттеу университеті ретінде қабылдануы үшін университеттерді бағалайтын  жүйелер бар. Әрине, университеттің  халықаралық контингенті болғаны жақсы. Бірақ бұл  қатып қалған қағида болып саналмайды.  

— Ең маңызды критерий қандай?

— Білім беру сапасы.

— Оның өлшемі қандай? Себебі, әр елде сапаны бағалау жүйелері әртүрлі емес пе?!  

— Ия, сол үшін де тіркеудің түрлі жүйелері бар. Бұл үдеріс қандай болса да, ол бірінші өзін-өзі бағалаудан басталады.  Біз академиялық жақты да, зерттеуді де, студенттік өмірде де және т.б. аспектілерді қарастыратын өзіміздің жекеменшік есептемемізді дайындаймыз. Содан кейін барып, біз өзіміздің кім екенімізді айтамыз. Біздің қандай тіркеуден өткіміз келетіндігіне орай, сол ұйым бізге өз тобын жібереді. Бұл тек қағаздағы жаттығулар емес. Олар бізге келеді, барлық үдерісті қадағалайды, біздің қағаз бетіне түсірген мәліметтеріміздің барлығы бізде шынымен де жүргізілетіндігіне көз  жеткізеді. Олар  барлығын жазып алады, одан кейін өздеріндегі ЖОО-ның критерийлерімен салыстырады. Бұл бір жылдан астам уақытты талап етеді. Олар біздің ең төменгі деңгейге сай келеміз бе, келмейміз бе, соған қарайды. Біз аккредитацияны ала аламыз деген сенімдемін. Аккредитациялау агенттіктері АҚШ-та, Ұлыбританияда бар, еуропалық агенттіктер де бар.  Қазақстан Болон үдерісі мен академиялық мобильдікке қатысу бойынша міндетті қабылдады, сол себепті біз оны да есепке алуымыз керек. Тіркелу үдерісін шама келгенше жылдам бастауға тырысамыз.  ­Өзіміздің есептемемізді құруды келесі жылы бастаймыз,  себебі күтетін уақыт жоқ. Егер біз аккредитацияны бірнеше түлектер шыққаннан кейін бастасақ, бұл үдеріс  ұзаққа созылып кетеді. Әйткенмен, қазіргі таңның өзінде UCL, WisconsinMadisonUniversity  секілді біздің халықаралық стратегиялық серіктестеріміз бен өзге де университеттер бізге келіп,  бағдарламаларға  өздерінің сыртқы бағаларын беруде.  Олар қазірдің өзінде осымен айналысуда.  Сол себепті де, біз шамамен өз бағдарламамыздың  артық және кем тұстарын білеміз. Өз студенттерімізді жаз кезеңінде шетелге жіберуді бастадық, мысалға АҚШ-тың Мэдисон қаласындағы Висконсин университетіне жібердік.  Олар ол жаққа жазғы семестрде барады, жергілікті студенттермен бірге сабақтарға қатысады. Шетелдік профессорлар біздің студенттерді көреді, олардың білімдерін тексереді. Біз содан жақсы пікірлер алудамыз.  Бұл – кезең-кезеңмен  жүзеге асатын үдеріс.

— Сіз түлектердің бір бөлігі университет маңындағы зерттеу орталықтарында жұмыс істеуге қалады деп айтып өттіңіз...

— Біз студенттеріміз оқуды жалғастырып, ғылыми қызметпен біздің университетте айналысады деген үміттеміз. Сондай-ақ, біз сырттан кіші ғылыми қызметкерлерді жалдаймыз.

— Қанша студент осындай тілектерін білдірді? Оларды тарту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Мен әзірге нақты санын айта алмаймын. Олар бірінші дәрежені алуға үміткер болулары керек.  Бұл үдеріс тек наурызда басталады.  Қазіргі таңда көптеген студенттер шетелдік университеттерге өтініш беруде. Келесі жылдың наурызына қарай бізде қанша студент шетелге кететіндігі мен қанша студент өзімізде магистратураға қалатындағы туралы нақты ақпарат болады. Егер олар соңғысын таңдамаса, олар магистратурасыз зерттеу орталықтарына тікелей бара алатындығына күдігім бар. Олар біздің орталықтың зерттеу топтарында жұмыс істейді, бірақ оқуларын жалғастырулары керек. Әйтпесе олар келешекте зерттеуші ретінде алға жылжи алмайтындығы анық. Бұл жерде олар тек бакалавр дәрежесін алады, ғылыми қызметтің тек кішкентай бөлігі ғана меңгеріледі. Егер олар ғылыммен айналысқылары келсе, өздерінің барлық еңбек мансаптарын соған арнауға тура келеді. Мен олар осы үдерісте жаңалық ашып, өздерінің жаңалықтарын  коммерцияландырып, одан пайда тауып, өзге зерттеулерге демеушілік етеді деп үміттенемін.  Бірақ, бұл ұзақ мерзімді қажет ететін үдеріс. Назарбаев Университетінде ғылыми қызметкерлердің екі түрі жұмыс істейді. Біріншісі – профессорлық-оқытушы құрамы. Назарбаев Университеті зерттеу университеті болып табылады.  Бұл біздің профессорлар оқытушы қызметімен қатар, ғылыми қызметпен де айналысады дегенді білдіреді. Бұл өте маңызды, себебі бұл зерттеу университетінің маңызды сипаттамаларының бірі. Басқа университеттер тек оқытушылық қызметпен ғана айналысады. Ол жақта мұғалімдерге жеке зерттеу жүргізу міндет болып саналмайды.  Бұндай университеттердің студенттері ғылыммен қатты айналыса қоймайды. Олар еңбек нарығына көбірек бағыттанған. Біз зерттеу университеті ретінде,  біздің көптеген студенттеріміз оқуды жалғастырып, ғалым немесе ғылыми дәрежелер алады деп үміттенеміз. Осылайша, біз өзіміздің студенттеріміздің ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру үшін,  біздің профессорлардың жетекшілігімен зерттеулерге қатысқанын құптаймыз. Біздің профессорлардың өздерінің жекеменшік зерттеу жобалары бар.  Ал екінші түрі – университеттің зерттеу орталықтарына жұмысқа алынған кіші ғылыми қызметкерлер.  Дегенмен, жобаларды жетекші зерттеушілер басқарады.  Олар тек ғылыми салада тәжірибелері бар PhD иегерлері бола алады. Әрине,  зерттеу орталығына келіп: мен – жетекші зерттеушімін деуге болмайды.  Қазіргі таңда біздің орталықтарда көптеген жас мамандар жұмыс істейді, біз оларға  біздің университеттен, я болмаса  біздің халықаралық серіктестерімізден PhD алуға кеңес береміз. Бүгінгі таңда Назарбаев Университетінде білім берудің Жоғарғы мектебінде PhD-дің бір бағдарламасы мен инженерия мектебінде  PhD бағдарламасы бойынша алты мамандық ашылды (PhD Biomedical Engineering, PhD in Sustainable Engineering, PhD in Energy Engineering, PhD in Information and Communication technologies, PhD in Material Science and Engineering, PhD in Robotics and Mechatronics).

— Биылғы оқу жылында Назарбаев Университетінде МВА жаңа бағдарламасы бастау алды. Бұл бағдарламаның студенттерге берер артықшылықтары қандай? Қазақстандық талапкердің шетел университетінің  МВА бағдарламасынан гөрі, сіздердің  бағдарламаны таңдауы үшін не істеу керек?

— Менің көзқарасым бойынша, осындағы, Қазақстандағы МВА бағдарламаларының мақсаты, біз  – заманауи техниканы, философияны, менеджмент практикасын барынша көп қазақстандық жетекшілердің арасында таратуға тырысамыз.  Сол себепті де біз осы бағдарламаны шығарамыз деп шештік. Бұрында, өздеріңіз білесіздер, «Болашақ»  бағдарламасы ешқашан да МВА бағдарламаларын қаржыландырған емес. МВА-ның қоғамдық игіліктен гөрі, жеке адамның пайдасы үшін қажет екендігі дәлелденген. Сол кезде бұл бағдарламаның барлық артықшылықтары қоғамнан гөрі, жеке адамдар үшін ғана қолданылғандығы ескерілген. Дегенмен, біз қазақстандық экономика үшін, сонымен қатар қоғам үшін барынша көп жақсы, заманауи жетекшілерді дамыту керек деп ойлаймыз. Қазақстан ілгері жылжығысы келеді, бәсекеге қабілетті 30 елдің біріне айналғысы келеді. Ол үшін прогрессивті, басқарушы кадрлар қажет екені де айқын.  Мемлекет бізбен келісімге келді, сол себепті біз  МВА студенттеріне гранттар ұсына алу үшін бізге ресурстар бөле бастады.

Бұл – артықшылықтардың бірі, яғни шетелде білім алумен салыстырғанда, қаржылық тұрғысынан алғанда өте тиімді. МВА бағдарламалары АҚШ-тың жақсы университеттерінде өте қымбат тұрады. Әйткенмен, мұндағы білім беру сапасы да АҚШ-тың ТОП-магистратураларымен бірдей және арзанырақ, себебі осы бағдарлама бойынша біздің серіктесіміз – Дьюк Университетінің Фукуа  бизнес-мектебі. Оқуға түсушілер Қазақстанда білім ала алады, сондай-ақ, грантқа ие болу мүмкіндіктері де бар.  Бұдан өзге,  біздің MBA- және EMBA-бағдарламаларының студенттері менеджменттің ең заманауи тәжірибелері бойынша оқиды.  Егер сіз АҚШ-та білім алсаңыз, студенттер оқитын кейстердің барлығы бірыңғай батыстық  әрі АҚШ пен батыс компанияларына бағдарланған. Бірақ, сіз мұнда оралған кезде өз білімдеріңізді тәжірибеде қолдану үшін сізге қайта қалыптасуға тура келеді. Біздің профессорлар қазірдің өзінде жергілікті жағдайларға негізделген кейстер дайындап жатыр. Бұл студенттерге батыс тәжірибесі туралы ғана ақпарат алмай, сонымен қатар жергілікті жағдайды да салыстыра қарауға мүмкіндік береді. Бұны да біздің бағдарламамыздың  артықшылықтарының бірі деп қарастыруға  болады.

— Қазір қазақстандық ЖОО-ның түлектерінің арасында қаржыгерлер мен экономистердің саны көп, ал техникалық мамандықтарды игергендер саны аз деп айтып жатады. Сол қаншалықты шындыққа жанасады? Өзге қазақстандық ЖОО-ның түлектері тап болып жатқан мәселелерге сараптама жүргізіп көрдіңіз бе?

Университет құрылған кезде, бұндай сараптама жобаның техникалық-экономикалық негізі ретінде жүргізілді.  Сол себепті, біз басым назарды ғылым мен инженерлік мамандықтарға аудардық. Біздің студенттердің үштен екі бөлігі инженерлік мамандықтар мен ғылыммен, тек бір бөлігі ғана гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдармен айналысады. Әрине, сараптама жүргізілді. Инженерлер мен ғалымдардың жетіспеуі – Қазақстанның ғана мәселесі емес. АҚШ, Еуропа, Жапония, Қытай – барлығы оларға инженерлердің жетіспейтіндігін растайды.  Бұған соңғы 15-20 жылда ақпараттық технологиялар секторының ширақ дамуы себеп. Бұдан өзге, климаттың ауысу мәселесі де бар. Қазіргі таңда кейбір өзекті мәселелер соған байланысты. Мәселе климаттың жылыну үдерісін қалай тоқтатуда емес, климат ауысуы мен жаһандық  жылымықты қалай бәсеңдетуде жатыр.  Ұзақмерзімді келешекте азық-түлік қауіпсіздігімен қалай қамтамасыз етуге болады? Індет тараудың алдын қалай алуға болады. Эболаға қараңызшы.  Оған дейін құс тұмауы болды. Індет циклі – жаһанданудың бір бөлігі. Мүмкін бұл климат ауысымымен байланысты шығар.  Ақиқаты мында жатыр, әлемге көптеген дәрігер керек, барынша көп медициналық ғылыми қызметкерлер керек, фармацевтикалық зерттеулермен айналысатын  мамандар қажет.  Яғни, техникалық және ғылыми кадрлардың аздығы жаһандық мәселе.

Мұндағы өзекті мәселе Қазақстандағы заңгерлердің көптігінде емес. Ия, біз Назарбаев Университетінде жақсы ғалымдар мен инженерлерді шығаруға тырысамыз, бірақ оларды елде ұстап қала аламыз ба? Себебі, біздің дайындаған дарындарымыз  шетелге кетіп, оралмай қалса өкініштісі сол болады.  Міне, уайымдауға болатын мәселе осы.

Сол себепті, біз ғалымдар елге қайта оралулары  мен инженерлер өз білімдерін тәжірибеде қолдана алулары үшін  жайлы жағдай, лабораториялар мен зерттеу орталықтарын құруымыз керек. Бұл – инженерлік кәсіпорындарды да дамыту керек дегенді білдіреді. Қазақстандық экономиканың негізі – мұнай-газ секторы, тау-кен рудасы саласы. Қазақстан   мұнай-газ, тау-кен рудасы секторының, сонымен қатар металлургияның және т.б. шешімдерін табатын  жоғарғы қосылған құны бар  инжинирингтік қызметтерді дамытуды бастайды.  Менің ойымша, біз осы мәселені уайымдауымыз қажет.

 Бюрократия кетуі керек. Мемлекет жас адамдар басқаратын жаңа компанияларды құруға мүмкіндік беруі керек. Бүгінде жастар негізінен  импорт-экспортты көздейтін сауда компанияларын құрумен  айналысады.  Болашақ мұнда емес. Біз өз студенттерімізге өздері оқып жүрген ғылымда жұмыс орындарын құру керек деп үйретеміз. Міне, біз қазір осыны ойлаймыз.

Қазақстандық блогер Ернар Нұрмағамбетов өзінің жарияланымдарының бірінде: «"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы

заңның 3 бабындағы әлеуметтік жауапкершілік пен ашықтық қағидатындағы «өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету» деп жазылғанмен, университет жылдық   шоғырландырылған қаржылық есебін жарияламайды»,- деді. Неліктен НУ бұндай есепті жарияламайды?

Шындығына келгенде, біз мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттан көп жұмсай алмаймыз. Мемлекеттік бюджет – бұл бәріне қолжетімді құжат. Бұл тұрғыдан алғанда біздің қанша жұмсайтынымызды адамдар біледі. Біз бұл шектен аспауымыз керек, және қаражаттарды пайдалану да сонда көрсетілген. Біз мемлекетке инвестициялар бағдарламасы мен операциялық шығындар бағдарламасын көрсетеміз. Біз ұзақмерзімді шығындар бюджетін құрған кезде, барлығын анық көрсетіп қоямыз. Қордың басым бөлігі, өзіңіз көріп отырғандай университеттің инфрақұрылымына жұмсалады.  Біз үнемі кеңейеміз. Қазір бірнеше жаңа ғимарат тұрғызып жатырмыз: біздің бизнес пен мемлекеттік саясат мектептерінің ғимараты, ғылыми лабораториялар үшін ғимараттар, жаңа акт залы, көпфункциялы аудиториялар, жаңа жатақханалар. Біздің студенттеріміздің көбісі барлық профессорлық-оқытушылар құрамы секілді университет аумағында тұрады, өзіңіз білетіндей, Астанада өмір сүру өте қымбат екені рас.  Бұдан өзге, біз  қаражатты жаңа лабораториялар мен технологиялық парктің дамуына бөлеміз.

— 2014 жылы ҚР БҒМ-нен  Назарбаев Университетінің мақсатты салымына 57,12 млрд.теңге бөлінді.  Құрылысқа бөлінетін шығынның үлесі (пайызбен алғанда) қанша?

Бұл негізгі капиталға бөлінген қаржы болғандықтан, шамамен 85%- ы құрылысқа жұмсалады. Қалғаны – жабдықтарға, лабораторияға, арнайы лабораториялық жиһаздарға жұмсалады. Біздің лабораториялар арнайы жылытуды, ауа тазалайтын сүзгіштерді, арнайы жарықты, коммуникация жүргізуді талап етеді. Ұлттық медициналық холдингтің ғимараттары да арнайы жабдықтарды талап етеді. Бұндай жабдықтаудың қымбат тұратындығын білесіздер. Қызметкерлердің еңбекақылары операциялық бюджет арқылы төленеді, ал ол мемлекеттің студенттерді оқытуға бөлетін гранттарынан тұрады. Біздің бакалавриат кейбір жағдайда «Болашақтың» бакалаврларға арналған  стипендиясының да орнын басады, сол себепті біз шамамен осы бағдарламаға бөлінетін ресурстар көлемін аламыз. Мұнда профессорлық-оқытушылар құрамының, әкімшіліктің еңбекақылары, студенттердің стипендиялары кіреді.

— Университет алдағы уақытта өзінің қаржылық есебін жариялауды жоспарлай ма?

 — Қазіргі таңда біз толықтай, сыртқы аудитті жүргізетін мемлекетке тәуелдіміз. Дегенмен, болашақта бізде кірістің барынша әртараптандырылған көздері болып, біз мемлекеттік бюджеттен барынша тәуелсіздене түскен кезде, осындай мүмкіндікті қарастыруға болады деп ойлаймын.

— Мақсатты трансферттерден өзге, университет бюджетіне түсетін үлес қандай?

Ол әлі күнге дейін көп емес.  Біз Total секілді мұнай компанияларымен қаржыландырыламыз. Олар біздің зерттеулерімізге демеушілік көрсетеді, сондай-ақ, біздің студенттер шетелде PhD алулары үшін гранттар бөледі. Демеушілер бакалаврлар үшін де гранттар ұсынады. Бұндай гранттар Қазақстан азаматы болып табылмайтын студенттерді оқытуға мүмкіндік береді. Себебі, заң бойынша, мемлекет ондай гранттар бөле алмайды. Есепке алған кезде біз ұлтқа назар аудармауға тырысамыз. Кейде бізге өте жоғарғы нәтижелер көрсетіп,  өзге, әсіресе көрші мемлекеттердің талапкерлері – қызғыздар, тәжіктер келіп жатады.  Оларға қарсылық танытқан өте өкінішті болар еді, себебі олар бізде оқығылары келеді. Сол себепті, біз демеушелерді іздеуге тырысамыз.  

— Қазанда Парламент Мәжілісінде Назарбаев Университетін қаржыландыруға қатысты заң жобасы талқыланды.  Түзетулердің бірі шетелдік студенттерге гранттарды қаржыландыру болды...

Ия.  Сіз сонда болдыңыз, сол себепті де сіз көптеген депутаттардың әрекеттері мен олардың осы мәселе тұрғысында алаңдағандарын білесіз.  Олар:  біз қазақстандық студенттердің грантын шетелдіктерге қарай бағыттаймыз, -деп айтты.  Бірақ біз  бар грантты оларға қарай бағыттауды емес, грант ұсынуға болатын жалпы соманы көбейтуді ұсынған болатынбыз.  Мәжілістің тағы бір заң жобасын қарастыратынын білесіз – ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дамуға ресми көмек туралы»  заң жобасы. Менің жеке пікірім – мүмкін Е.Ыдрысов мырза бір күні оны қарастыратын шығар, мүмкін менің оған жүгінуім керек шығар – көмектің бір бөлігін шетелдік студенттерге грант ретінде, адам ресурсы мен көрші елдердің мүмкіндіктерін дамыту үшін  сақтауға болар еді.  Олар Қазақстанды танып, болашақта Қазақстанның досы болар еді. Егер олар бізде оқитын болса, олар келешекте өз елдерінің көшбасшылары болса, біздің болашақ көш бастаушылармен достық қарым-қатынас орнатып, сөйтіп, осы гранттарға бөлінген қаражаттар дипломатия, бизнес, ғылым, мәдениет және білім беру саласында бірнеше есеге өтеледі.  Осындай жолмен, мәжілістегілерді толғандырып отырған мәселелердің бір шеті шешімін табар еді. Біз мәжілісте қазақстандық талапкерлер мен халықаралық талапкерлерге қойылатын талаптар бірдей болады деп уәде бердік. Осыларды мен елшілерге де түсіндірдім. Жақында мен Азия және Африка елдерінің елшілерімен кездестім. Олардың барлығы біздің студенттерді қашан қабылдайсыздар деп сұрады. Мен біздің де соны қалайтынымызды, осы бағытта жұмыстар атқаратынымызды айттым. Бірақ біз өз стандарттарымызды төмендетпейміз. Қазіргі  таңда біздің университетте көрші мемлекеттерден 2 шетелдік студент білім алып жатыр.

— Университет  экономикалық тиімді құрылым болу керек деген батыс идеясына сіздің көзқарасыңыз қандай?

Әлемде экономикалық тиімді бірнеше ғана университет бар, және негізінен олар АҚШ-та орналасқан. Себебі, көптеген университеттер, біріншіден, көптеген қайырымдылықтар алады,  екіншіден, олар біздің де алатынымызды алады – студенттерді оқыту үшін мемлекеттен грант алады. Көптеген университеттер осы қаражаттарға тәуелді. Қағазға олар тәуелсіз ресурстарға бағынамыз деп жазады, дегенмен, тәжірибе жүзінде олар мемлекетке тәуелді.

Көптеген еуропалық елдерде білім алу құны өте төмен немесе студенттерге нақтылы көрсетілген. Әрине, бұндай жағдайда университеттер мемлекеттік бюджетке тәуелді болады. Біріккен Корольдікте шамамен 4-5 жыл бұрын білім беру құнын арттыра бастады. Бұл үлкен саяси мәселеге айналды.  Жапонияда жекеменшік мектептер саны көп. Бірақ, бұл университеттердің жартысынан көбі  қаржымен шектелген. Сол себепті, оқуға төленген қаржы есебінен жұмыс істеу де – таңдау емес. Кірістің басқа жолдарын да іздестіру керек. Көптеген зерттеу институттары үшін бұл – ғылыми қызмет пен зерттеу гранттары. Біздің профессорлық-оқыту құрамы мемлекеттен осындай гранттар мен халықаралық гранттарға да үміттенетін болады. Біз зерттеулер жүргізетін түрлі салалардан демеушілік көмек алуға тырысамыз. Біздің жұмысымыз оларға қарағанда жақсы шығады деп үміттенеміз. Мүмкін біздің кейбір түлектеріміз байып кетіп, келешек ұрпақты оқыту үшін бізді қаржыландыратын шығар. Осындай жолмен, біз осы үш құрамдас бөліктің арқасында университетіміздің болашақ теңгерімін көреміз.

— Оқытушылардың қанша пайызы – экспатрианттар?  Оларды тартуда мәселелер бар ма?

— Қазіргі таңда профессорлық-оқытушылар құрамы 300-350 адамнан тұрады. Біз үнемі  ізденіс үстінде жүреміз, жаңа оқытушыларды іздеумен айналысамыз, сол себепті де олардың саны тұрақты емес. Олардың шамамен 85%-ы шетелден келген. Бұдан өзге,  бізде Foundation бағдарламасының  нұсқаушылары бар. Бірақ олар біздің қызметкерлер құрамына кірмейді, олар университет алды дайындау бағдарламасы бойынша серіктес-жоғарғы оқу орындарының қатарына жатады.

— Бастапқыда БАҚ-та НУ оқытушылары теңгенің құнсыздануына орай, еңбекақы индексациясын талап етуде деген  ақпарат шықты...

— Ақшаның құнсыздануы ақпанда болды. Әрине, біз оқытушыларды жалдаған кезде, оларға компенсациялық пакет доллар түрінде беріледі деп хабарладық. Құнсыздану болған жағдайда, келісім-шарт бойынша біз айырмасын өтеуге міндеттіміз. Бірақ бұл біздің өз бетімізбен қабылдай алмайтын шешім. Сол себепті де біз наурыз айында университеттің қамқоршылық Кеңесіне жүгіндік, кейін олар бұл шешімді бекітті. Осылайша, олар девальвацияға дейінгі жағдай секілді, АҚШ долларымен еңбекақыларын алады. Дегенмен, бұл еңбекақыға қосымша болып саналмайды. Бұл – құнсызданудың нәтижесіндегі айырманы жай ғана өтеу.

Жапондық жұмыс берушілер адамды жұмысқа алған кезде олардың мамандықтарына емес, түлектің дипломының  беделіне қарайды дейді. «Университет беделді болған сайын, жастар бәсеке күресінде барынша тапқыр, қайсар, шыныққан болады». Бір мәлімет бойынша, жапондық мемлекеттік мекемелердің және жекеменшік фирмалардың басқармасындағы қызметкерлердің әрбір үшіншісі – елдегі ең беделді университет - Токио университетінің түлегі дейді. Шынымен де солай ма?

— Жоқ, жоқ, ол дұрыс емес. Токио университеті сондай үлкен емес. Бұл элиталы университет, оның  үлкен болуы  мүмкін емес. Бұл университеттің түлектеріне қарағанда, позициясы одан да көп. Бұнда айтылып жатқандардың барлығы негізінен сауда қызметімен айналысатын компанияға қатысты. Бастапқыда жапон экономикасының негізі - мамандандырылған өндіріс болды, ал ол жаққа мамандар қажет.  Бұл тұрғыдан алғанда мамандықтың болуы маңызды. Дегенмен, оларға бұдан өзге оларға беделді университеттердің  түлектері де қажет. Сіздің айтып отырғанымыз, ғылыммен немесе зерттеумен айналысатын  компанияларға емес, ал кәсіпкерлікпен  айналысатын компанияларға көбірек қатысты.  Бұл адамдар бизнесті жеке компаниялардың ішінде жүргізуге үйренеді. Ұзақ жылдар аралығында, дарынды жастарды жинау мақсаты тұрды, ал беделді оқу орындары сондай адамдарды табуға болатын бірден-бір орын. Шамамен, университет жақсы болған сайын, бұл университеттегі дарынның орташа деңгейі де жоғары. Бұл университеттің түлектерін жалдау арқылы қате жіберу мүмкін емес. Қандай жағдай болса да, біз оларды бізге қажет нәрсеге үйретеміз. Бұл жағынан алғанда Жапония Батыстан озып кетті. Мысалы, мен инжинирингтік компания болсам, мен инженерлерді жұмысқа аламын. Бірақ мен олардың ұдайы білім алып жүргендерін қалаймын. Себебі, машина жасау саласы – бұл үздіксіз дамып отыратын сала. Біздің балаларымызды оқытып жатқан қазіргі техника 5-10 жылдан кейін ескіріп қалуы мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырзаға бірнеше ай бұрын, бір баспасөз-конференциясында университеттерде оқытатын білімнің тәжірибе мен жұмыс орнына сәйкес келмеуі туралы не ойлайсыз деген сұрақ қойылды.

Ол: «Маңыздысы университеттердің әлі күнге жоқ болашақ мамандықтарға студенттерді дайындауы», -деді. Адамдар оған күлді, олар оның балаларды әлі күнге жоқ мамандықтарға оқытуға  біздің ақшамызды пайдаланғысы келеді деп айтты.  Бірақ бұл – дұрыс болжанбаған түсінік. Ол негізінен: Егер Қазақстан халықралық еңбек нарығында бәсекелестікке талпынса, бірінші кезектегі талап – әрбір адам жаңа нәрсені үйренуге қабілетті болуы керек, себебі, сізге жұмыста қажет болуы мүмкін нәрселер, өзгеруі мүмкін, - деп айтқысы келді. Мысалы, 10 жыл бұрын ешкімде ақылды смартфон болған жоқ. Тек Blackberry болды. Қазір смартфон ойлап тауып жатқан адамдар  бұрында болмаған іспен айналысуда. Өзге салаларда да, технологиялық сілкіністер болды.  Бірақ, біз келесі қадамды ойластыра алатын инженерлер мен конструкторлардың қатарын көбейтпесек, осындай сілкіністер ешқашан да болмайды. Сондықта да, білім беру тек аудитория мен кітаптардағы жазылған дүниелерді оқи берумен шектетілмеуі керек. Одан да сізге бір нәрсені көрсетіп, оған сараптама жаса десе,  осы білімді қандай жағдай болмасын қалай пайдалануға болады деп ойлану керек. Бұл біздің Назарбаев Университетінің түлектерінен біздің күтетін нәтижеміз.

Анықтама

Шигео Катсу Токио халықаралық зерттеулер  университетінде «халықаралық қатынастар мен экономика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған және осы университетте оқуды жалғастырған. Бұдан өзге, «халықаралық экономика мен халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Вена (Австрия) Дипломатиялық академия дипломы бар.  1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» бағдарламасында кәсіби қызметін бастады. Кейін Дүниежүзілік банк Департамен тінде  Батыс Африкадағы жобалар бойынша экономист болып жұмыс істеді: алғашқыда энергетика, сумен қамту және телекоммуникация бөлімінде, кейін сумен қамту және қалалық даму бөлімінде қызмет атқарды.

1985  жылы Бениндегі банктің бірінші тұрақты  өкілі болып тағайындалды.    

 1989–1991 жж. Жапонияның Экспорттық-импорттық банкіне іс сапарға жіберілді. Мұнда ол елдің экономикалық саясат анализі департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 1992 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта   Катсу мырза Қытай Шығыс-Азия және Тынық мұхит аймағы департаменті, өнеркәсіп және энергетика  бөлімінің  Бас операциялық директоры қызметінде кәсіпорынды реформалау мен қаржылық сектормен айналысты.  Бұдан кейін Катсу мырза Абиджанда (Кот-д'Ивуар) банктің аймақтық басшысы қызметіне тағайындалды. 1999 жылдардың ортасында ол Еуропа және Орталық Азия аймағына  өңірлік Кеңсенің вице-президентінің операцялық директоры болып ауысты.

Дүниежүзілік банктегі жұмысына дейін, Катсу мырза  Гренадағы Жоспарлау министрлігінде БҰҰ-ның өндірістік даму бойынша даму кеңесшісі лауазымына дейін көтерілді.

2010 жылы Назарбаев Университетінің ректоры атанды.

ДЕРЕККӨЗ: kursiv.kz

13 пікір 6610 рет оқылды Қосылған: 19.11.14
    • #1
    • Бақтұр
    • бн, 04/12/2014 - 0:55

    Иә, келешекке мамандар дайындалуы керек, бізде заманы өткен керегі шамалы көптеген мамандықтар дайындалуда. Сондықтан БҒМ-гі мамандықтарды қайта қарап, керекті заманауый мамандықтар тізімі жасалуы керек.

    • #2
    • Маулен
    • жб, 08/03/2015 - 11:41

    келешекке мамандар дайындалуы керек!!!

    • #3
    • Асем
    • бн, 19/03/2015 - 11:35

    Болашақ - біздің балаларымыздың қолымызда!!

    • #4
    • ома
    • сб, 28/03/2015 - 13:41

    келешекте осындай университеттер көбейе беруіне тілектеспін және бірінші түлектері бітіріп шыққан кісілерге алдарынан тек қана жолдары оң болып биік шындардан көріне беруіне тілектеспін

    • #5
    • Қайрат
    • сн, 08/04/2015 - 10:13

    келешекте осындай университеттер көбейе беруіне тілектеспін және бірінші түлектері бітіріп шыққан кісілерге алдарынан тек қана жолдары оң болып биік шындардан көріне беруіне тілектеспін

    • #6
    • Досқали
    • жм, 10/04/2015 - 12:47

    2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің алғашқы түлектерін шығарады. Бүгінгі таңда еңбек нарығына қандай мамандар қажет екені туралы және елімізде қазақстандық дарын иелерін қалай Қазақстанда алып қалуға болатындығы туралы өз ойымен Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу бөлісті.

    • #7
    • Айнаш Сапар
    • жм, 17/04/2015 - 21:31

    Әлемде экономикалық тиімді бірнеше ғана университет бар, және негізінен олар АҚШ-та орналасқан. Себебі, көптеген университеттер, біріншіден, көптеген қайырымдылықтар алады, екіншіден, олар біздің де алатынымызды алады – студенттерді оқыту үшін мемлекеттен грант алады. Көптеген университеттер осы қаражаттарға тәуелді. Қағазға олар тәуелсіз ресурстарға бағынамыз деп жазады, дегенмен, тәжірибе жүзінде олар мемлекетке тәуелді.2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің алғашқы түлектерін шығарады. Бүгінгі таңда еңбек нарығына қандай мамандар қажет екені туралы және елімізде қазақстандық дарын иелерін қалай Қазақстанда алып қалуға болатындығы туралы өз ойымен Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу бөлісті.

    • #8
    • Марат Сағындық
    • жм, 17/04/2015 - 21:43

    Бүгінгі таңда еңбек нарығына қандай мамандар қажет екені туралы және елімізде қазақстандық дарын иелерін қалай Қазақстанда алып қалуға болатындығы туралы өз ойымен Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу бөлісті. Тәуелсіздіңтің жемісі ғой

    • #9
    • АЙМЕРЕКЕ
    • жб, 25/10/2015 - 22:38

    ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС 22 Қыркүйек 2013, 10:57 Қарап шығу: 1753
    Жанның 12 арнасы туралы не білеміз?
    Астана. 22 қыркүйек. Baq. kz - Осы бір тақырыпты бастамас үшін көп ойландым. Тәрбие мәселесіне байланысты ой-толғаныстар, пікірлер көп-ақ, әрине. Осыдан 3 жыл бұрын мектебіміздің кітапханасына медицина және педагогика ғылымының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов ағамыздың «Педагогика және психология негіздері» атты кітабы түсті. 2008 жылы Алматы баспасынан жарыққа шыққан екен. Өзім мектеп психологы болғандықтан, қызыға қолға алдым. Оқулық «ұлтым, қазағым» дейтін әрбір тәрбиеші, тәлімгер үшін таптырмас құрал болып шықты.
    Осы оқулықта автор әл-Фарабиден бастау алған ілімді дана Абайдың педагогикалық еңбектерімен сабақтастырып, егжей-тегжейлі сипаттап жазған.
    Ғалым ұстаздың ұрпақ тәрбиесі туралы тағылымды ойларын ортаға салғым келеді. Автордың тұжырымы бойынша, ұрпақ тағдыры екі жанның отбасын құруға дайындалу кезеңінен басталады, бұл ерекше көңіл аударатын мәселеге аса мән беріп, тарқата айтқан. «Кәмелет жасқа келген жігіт пен қыз отбасы құруға іштей дайын болуы керек. Бойдағы жаман қылықтардан (темекі тарту, арақ ішуді доғару, бойды таза ұстау т.б.) арылуы тиіс. Бұл - табиғи заңдылық. Тіпті, бұл заңдылықты жан-жануарлар да ұстанады. Ұрық жалғастыру кезінде жануарлар бір ай жарап, бой түзеп, құстар жылы жаққа бір айда ұшып келеді. Бойындағы арам терін шығарып, артық майын жоғалтып, ұрпақ жалғастыруға кіріседі. Ал адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады. Балалардың ақыл-есі кем болып, неше түрлі патологиямен туылуы – ұрық тазалығының сақталмауынан» деген ой қозғайды.
    Совет-Хан ағамыз бала тәрбиесінің жаңа ғылыми негіздерін жасап, екі сатылы жаңа методология ұсынған. Бірінші саты - ана құрсағында жатқан баланы жан иесі деп, сол кезде анасымен берілетін жүрек тәрбиесі. Ал, екінші сатысы - қоғамдық тұлғаға айналу үшін сананың жетілуі. «Жүрек тәрбиесі – тек біздің ұлттық педагогикада ғана болған, келер ұрпақтың бақыты мен саулығы тікелей алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиені түсінуіне байланысты», - деп атап көрсетеді.
    Кез келген адамнан «тәннің неше мүшесі бар?» десеңіз, «он екі» деп жауап берері хақ, ал жанның неше арнасы бар екендігін білеміз бе? Білгіңіз келсе, ағамыздың осы еңбегінен жауабын табасыз. Енді, профессор ағамыздың ойын тыңдасақ, былай дейді:
    «Жүрек тәрбиесінің тәсілімен тәннің он екі мүшесі (жүрек, бауыр, бүйрек, ми, т.с.с) сияқты жанның санаға бағынбайтын он екі арнасы бар екендігі анықталып отыр. Олар – түйсік, ұят, сүю, мінез, табиғи қабілет, зерде, жігер және ішкі бес сезім (көру, есту, сезу, тұшыну, иіс сезу). Бүгінде бұл арналар толығымен жабылу алдында. Бірінші, түйсік арнасының жабылу алдында тұрғанын айтайын. Мысалы, зілзала болатынын ит пен мысық, қыбырлаған тарақан үш күн бұрын біліп, эпицентрден қашып кетеді. Ал біз дәл сол уақытта үйдегі заттар шайқалып, бүкіл дүние солқылдағанда ғана білеміз. Бұл - түйсігіміздің әлсірегені. Екінші – ұят арнасы. Ол да жабылу алдында. Мысалы, бұрындары төрт-бес жастағы бала жайсыз нәрсе жасап қойса, ұялып, қызарып кететін. Ал бүгінде ондай баланы таппайсыз. Міне, бұл – ұят арнасының жабылғандығы. Үшінші – сүю арнасы. Қазір Төлеген мен Қыз Жібектің, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы махабатты кездестіре алмайсыз. Жігіт пен қыздың арасындағы сүйіспеншілікті былай қойғанда, ата-ана баланы, бала ата-ананы сүюден қалып барады. Сәбиінен безініп, балалар үйіне тапсыру, ата-анасынан безініп, қарттар үйіне тапсыру күнделікті өмірдегі, қатардағы үрдіске айналып барады. Бұл – сүю арнасының жабылуы. Төртінші – зерде. Қазіргі тілмен айтқанда, зерде – бұл диктофон. Қазақта ауыз әдебиетінің жақсы дамығаны – зерденің мықтылығы. Ертеде жыршылардың, жыраулардың түнді таңға ұластырып айтқан жыр-дастандарын құймақұлақ шәкірттері ертеңінде бір сөзін қалдырмай жатқа айтқан. Ал қазіргі балалар бүгін айтқаныңды ертең қайтара айтып бере алмайды. Бұл - зерденің жабылуы. Бесінші – мінез. Бұрынғы уақытта «ой, қандай мінезді азамат» деп сүйсініп, мадақтап отыратын. Бүгін ондай мақтануға лайық адамды күндіз қолға шам алып іздеп табу мүмкін болмай қалды. Оның есесіне мінезсіздер қатары өсіп барады. Ақылына қарап емес, ақшасына қарап құрметтейтін болдық. Құлқынның құлына айналғандар көбейді. Жағымпазданып, үлкен басымен жасы кіші қалталының алдында құрдай жорғалайтындар қатары толығуда. Мінездің жоғалуы – міне, осы. Алтыншы – табиғи қабілет. Кейде: «Осы бұрынғы билер, жыраулар, ақындар, әншілер мен күйшілер қайда?» деп сұрап жатады. Осы сұрақтың өзі табиғи қабілеттің құрып бара жатқанын аңғартады. Ұзаққа бармай-ақ, кешегі Біржан сал мен Жаяу Мұсалар, Құрманғазы мен Дәулеткерейлер нота білмей-ақ, қаншама теңдесі жоқ ән мен күй шығарды. Ал бүгін он-он бес жыл оқып, консерватория бітіргендер дәл сондай ән мен күй шығара алып отыр ма? Жоқ. Өйткені табиғи қабілет жоқ. Жетінші – жігер. Біз жігерсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жігерсіздіктің кеселінен тепсе темір үзетін қазақтың жап-жас жігіттері маскүнемдікке, нашақорлыққа бой алдырып, отбасынан айырылып, үйсіз-күйсіз қоқыс аралап күн кешіп жүр. Міне, бұл – жігерсіздіктің салдары. Енді ішкі бес сезімге келер болсақ, мысалы, ықылым замандағы көріпкелдер бүгін болып жатқан оқиғаларды айтып кеткен. Болжаушылар табиғат құбылыстарын болжап, ауа райын дәл айтып отырған. Емшілер ішкі сезімнің құдіретімен бірі тамыр ұстап, диагноз қойса, екіншісі емдеп, адам өміріне араша болған». Осылай профессор, ғалым ағамыз жанның он екі арнасының жабылу алдында тұрғанын ескертіп, дабыл қағып жүр, себебі, ұлтының нағыз жанашыры, келер ұрпақтың тағдырын ойлап, олардың саналы да рухты болуын армандайды. Ғалым жанның он екі арнасының жабылу алдында тұрғанын дәлелмен айтып жеткізумен қатар, осы он екі арнаны ашу үшін не істеу керек екендігін де атап көрсеткен: «Жанның он екі арнасын ашу үшін ақыл тәрбиесін қолға алу керек. Ақыл тәрбиесі деген – бұл сананы жетілдіру... Сананы жетілдіруде халықтық педагогиканың жеті түрлі негізі бар» дей келе, баланың ұрық болып ана құрсағына түскеннен бастап, құрсақта жүрек тәрбиесін алуы, өмірге келгеннен бастап, жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық тәрбие негізінде тәрбиеленуі керектігін тілге тиек етеді. Бұл оқулық 10 тараудан тұрады, қызықты деректермен, нақты мысалдармен жазылған. «Ұрық тазалығы, жүрек тәрбиесіне (ана құрсағындағы тәрбие)» байланысты айтылған ұтымды ойларынан жоғары сынып оқушыларына оқып бергенімде, қатты қызығушылық танытады. Мен де дана ағамыздың (осындай ғибратты еңбек жазып, ұлтының қамын ойлап жүрген жанды дана деу орынды болар) осы ойына ешнәрсе алып-қоспай, өз ойымды түйіндегім келеді. Әр ата-ана өз баласының қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өскенін армандайды. Тіпті, қазіргі жастардан «Болашақта, отбасын құрғанда баланың адамгершілігі мол, тамаша жан болғанын қалайсың ба?» - деп сұрасаң, бір ауыздан «әрине!» деп жауап береді. Кім өзінің ұрпағының жаман болғанын қалайды, бірақ, сондай ұрпақ қамын ойлау үшін жоғарыда айтылған Әл-Фарабиден бастау алған ұрпақ тәрбиесіне, ұрық тазалығына байланысты ілімдерді жүректеріне сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
    Аймереке СМАЙЛОВА, Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп психологы.
    Сарыарқа самалы Кілт : Совет-Хан Ғаббасов пайдалы кеңес жүрек жан көмек

    • #10
    • Серкебаев Кайрат
    • бн, 05/11/2015 - 21:38

    Құрметті қазақ қауымы, менің ойымша қазіргі таңда жастардың оқуға деген құлшынысы өте жоғары деңгейде. Айтып өтер болсам, оған бірнеше себептер бар ол: XXI ғ. жаңа технология заманы, ал жаһандану біздің күнделік өмірлерібізден шет өткен жоқ, жастар болса одан әрі қызығушылық танытып отандық техника саласына қосар үлесі жеткілікті. Сондықтан біз оларды қолдау, біздің міндетіміз.
    Қазақ балалары жылда ел шекарасын асып, шет елде білім алуда, неге өз жерінде оқымасқа? Бұл мәселені шешу үшін отандық жоғарғы деңгейдегі жоғарғы білім алу орындарын ашу керек. Сонда ғана шамалап жағдай өзгере бастайды деп ойлаймын.
    Мысал келтіре кетсем, НУ еліміздегі ең беделді және мықты университеттердің бірі. Елбасымыздың дұрыс саясатының арқасында қарқынды дамуда, келешекте тоқырап қалмау үшін білікті жас мамандар ауадай қажет болатынына сенімдімін. Назарбаев Университеті осы ойды іске асыруға шамасы жеткілікті деп санаймын.
    Жоғарыда айтып өткеннің барлығын ескере отсақ, қазақ жастарының және бүкіл ұлтымыздың келешегі жарқындығына кәміл сенемін.

    • #11
    • Коробка Анатолий Витальевич
    • дн, 28/12/2015 - 21:27

    http://michaelandvirgile.com/forum/index.php?topic=3922.new#new
    http://elitewurm.net/forum/showthread.php?2092-xmjmjgzz-udzj&p=14076#post14076
    http://www.powerbuilderhelp.com/forum/index.php?topic=754868.new#new
    http://its.ng/forum/index.php?topic=260887.new#new
    http://sa7ar.net/vb/showthread.php?p=11450#post11450
    http://maxfame.webd.pl/byznes/index.php?topic=445932.new#new
    http://wrapwithraail.com/index.php?topic=838826.new#new
    http://polskibusiness.pl/forum/viewtopic.php?f=2&t=93&p=19824#p19824
    http://forum.hosting-srv.ru/viewtopic.php?f=3&t=9396&p=17176#p17176
    http://www.greenbeltchancellor.net/forum/index.php?topic=286164.new#new
    http://thecleaningsyndicate.com/viewtopic.php?f=10&t=88367&p=142501#p142501
    http://f06025yd.bget.ru/index.php/topic,41806.new.html#new
    http://www.whatsupwiththesemuslims.com/forum/index.php?topic=710019.new#new
    http://bhagavadvishayam.com/viewtopic.php?f=2&t=69216
    http://kimchea.com/blog/index.php?topic=203502.new#new
    http://www.hornygoats.org/viewtopic.php?f=5&t=9968&p=692137#p692137
    http://www.vilanovastands.com/vasta/forum/viewtopic.php?f=8&t=298698
    http://t-war.net/forum/showthread.php?2333-lirqayichq&p=11704#post11704
    http://barakotta.com/dip/showthread.php?795-descargar-software-espia-para-moviles-gratis&p=10934#post10934
    http://www.fe.hku.hk/it4learn/bbs/forum.php?mod=viewthread&tid=832080&extra=
    http://ciustudents.com/showthread.php?150723-vwvzmgpzsy&p=216690#post216690
    http://forum.duldug.ru/viewtopic.php?f=3&t=26339
    http://819.goryachev-ka.ru/index.php?topic=13366.new#new
    http://www.flexi-vg.fr/post220085.html#p220085
    http://12a.pluto.ro/forum/viewtopic.php?p=76729#76729
    http://www.sengym.com/forum/index.php?topic=247558.new#new
    http://arms.idealf.com/forum/viewtopic.php?f=3&t=237090&p=433562#p433562
    http://argoscursaradio.com/argoscursaforo/index.php?topic=272473.new#new
    http://info.pratchett.org/forum/index.php?showtopic=476428
    http://divasdistintas.net/forum/showthread.php?288324-online-pharmacy-1-fda-approved-pharmaceuticals-company-india&p=327335#post327335
    http://www.coba-ro.com/foro/viewtopic.php?pid=1077495#p1077495
    http://forum.chizh.ua/viewtopic.php?f=2&t=7982
    http://forum.hammerundschild.de/viewtopic.php?f=7&t=386851&p=564185#p564185
    http://prueba.twindragons-scans.com/index.php?topic=142577.new#new
    http://www.orjitr.com/viewtopic.php?pid=11605#p11605
    http://www.jiandu.org/viewtopic.php?pid=79224#p79224
    http://kuzlive.ru/viewtopic.php?f=4&t=14703&p=39589#p39589
    http://awkwardstarfishes.org/viewtopic.php?f=12&t=293707&p=478268#p478268
    http://www.rudimark.info/Forum/viewtopic.php?f=1&t=19590
    http://bbs.tangramfx.com/viewtopic.php?f=8&t=1089205&p=1244766#p1244766
    http://firstpersonhockey.com/forums/viewtopic.php?f=6&t=273394&p=432376#p432376
    http://vb.e-school.com.sa/showthread.php?p=194541#post194541
    http://larisharo.nichost.ru/forum/viewtopic.php?f=31&t=18211
    http://diskuze.bipolarni.cz/viewtopic.php?f=7&t=233617
    http://forum.gtboost.ru/viewtopic.php?f=1&t=32860&p=72870#p72870
    http://al-jamahneh.com/showthread.php?p=517156#post517156
    http://www.exudex.com/index.php?topic=23743.new#new
    http://forum.ostrov.ru.com/viewtopic.php?f=7&t=16853
    http://www.unatok.org/go2/forum/index.php?topic=219953.new#new
    http://www.faynasang.go.th/forum/viewtopic.php?f=5&t=227398&sid=ac994e32b054c79c8f960220258cc51b
    http://zalcman.ru/for/viewtopic.php?f=11&t=37738&p=81632#p81632
    http://grzywus.pl/forum_ov/viewtopic.php?f=5&t=39239
    http://www.trinityskippack.org/smf/index.php?topic=282150.new#new
    http://xn--24-jmch.xn--p1ai/forum/viewtopic.php?pid=38659#p38659
    http://traders-club.ru/viewtopic.php?f=3&t=2571&p=5602#p5602
    http://rectoolssystems.com.au/forum/index.php?topic=184481.new#new
    http://frostburgcares.com/forum/index.php?topic=321489.new#new
    http://iec.co.th/webboard/index.php?topic=29370.new#new
    http://uaehearingaid.net/showthread.php?p=281325&posted=1#post281325
    http://forum.treacious.com/index.php?topic=79501.new#new
    http://sttinti.ac.id/Forum/instal/index.php?topic=242450.new#new
    http://forum.mzelpo.eu/viewtopic.php?f=2&t=123060
    http://www.warmilitariaforum.com/showthread.php/122160-ojdvmtpskq?p=468554#post468554
    http://waveguru.in/viewtopic.php?f=10&t=21708&p=91586#p91586
    http://www.indiaconsumersforum.com/viewtopic.php?f=4&t=10483
    http://www.logiaproporcionaurea.com/viewtopic.php?pid=70676#p70676
    http://www.fta-guild.com/viewtopic.php?f=20&t=574006
    http://www.hackpaxx.altervista.org/modules.php?name=Forums&file=viewtopic&p=601672#601672
    http://upgrade.kinseysolutions.net/forum/index.php?topic=463453.new#new
    http://yeapsoonkiat.net/community/index.php?topic=9188.new#new
    http://www.supply.navy.mi.th/suppboard/index.php?topic=84523.new#new
    http://l2cursed.us/forum/index.php?topic=1339.new#new
    http://www.shadownetmc.com/index.php?topic=272766.new#new
    http://p3psolutions.com/Forum/index.php?topic=478450.new#new
    http://lushnja.info/index.php?topic=1905.new#new
    http://www.naijagab.com/viewtopic.php?f=18&t=8253&p=29217#p29217
    http://www.rol.web.tr/forum/index.php?topic=127243.new#new
    http://foro.scan-cdex.org/viewtopic.php?f=4&t=167663&p=226774#p226774
    http://www.timelessgaming.com/timeless/testforum2/showthread.php?518067-tdqblhhoua&p=731899#post731899
    http://www.phanathos.go.th/bord/index.php?topic=388521.new#new
    http://foro.class4usa.com/index.php?topic=3511.new#new
    http://forum.get-legend.com/viewtopic.php?f=19&t=936879
    http://forum.bestcomputersreviews4u.com/viewtopic.php?f=5&t=238117
    http://classicalkids.ca/wp-content/plugins/zingiri-forum/mybb/showthread.php?tid=284235&pid=409608#pid409608
    http://maxfame.webd.pl/byznes/index.php?topic=445210.new#new
    http://www.visacrowd.com/index.php?topic=254502.new#new
    http://myzter.com/showthread.php?526608-h-amp-246-gsta-kvalitet-adipex-work&p=763580#post763580
    http://www.matane5.7-r.net/vb/showthread.php?p=303036#post303036
    http://www.mt2al7rub.com/vb/showthread.php?p=199370#post199370
    http://hzmg.com/smf/index.php/topic,12452.new.html#new
    http://pv.x-line.net.ua/viewtopic.php?f=4&t=2139&p=3608#p3608
    http://www.forum.syndrael.cz/viewtopic.php?f=6&t=2367&p=26930#p26930
    http://www.tezjc.com/bbs/forum.php?mod=viewthread&tid=4119&extra=

    • #12
    • Коробка Анатолий Витальевич
    • дн, 28/12/2015 - 21:39

    http://sysomos.obvs.ca/viewtopic.php?f=1&t=3189&p=8842#p8842
    http://community.iplayappstore.com/forum/showthread.php?tid=456533
    http://elite-obbys.com/viewtopic.php?f=18&t=94918&p=101586#p101586
    http://tldstock.net/viewtopic.php?f=2&t=585799
    http://scamcast.com/viewtopic.php?f=12&t=39616
    http://www.opvp.ru/phpbb/viewtopic.php?f=3&t=103707
    http://sickofcrohns.com/viewtopic.php?f=3&t=385182
    http://www.depedsagay.com/forum/viewtopic.php?f=5&t=245495
    http://forum.rekoogames.com/viewtopic.php?f=17&t=7046&p=10528#p10528
    http://capeco-works.org/phpBB3/viewtopic.php?f=2&t=363632
    http://www.narsystech.com/forum/viewtopic.php?pid=1672676#p1672676
    http://www.hockeyvideogames.com/forums/viewtopic.php?f=3&t=413966
    http://www.austin99s.com/wp-content/plugins/zingiri-forum/mybb/showthread.php?tid=470963
    http://livestih.faithcrash.com/forum/viewtopic.php?f=3&t=478250
    http://www.glock42.net/viewtopic.php?pid=33825#p33825
    http://www.talk-devops.com/viewtopic.php?pid=1876381#p1876381
    http://fishnl.com/forum/viewtopic.php?f=1&t=475440
    http://www.iam1voice.net/forums/showthread.php?tid=376381
    http://www.360court.com/viewtopic.php?f=1&t=770892
    http://www.inkonhand.com/community/index.php?topic=663569.new#new
    http://www.lust141.com/forum/showthread.php?25150-c7-w4-s8-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B0-%D0%BC%D0%B0%D1%80&p=31239#post31239

    • #13
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • сб, 02/01/2016 - 9:55

    Совет Хан ҒАББАСОВ,
    Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
    КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,
    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ШҚО-сы,
    Зайсан ауданының құрметті азаматы,
    Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,
    Халықаралық Нострадамус атындағы академияның
    толық мүшесі – Академик.
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАҢАШАЛАУ
    1. КІЛТ
    «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады" – делінген тұжырымдаманың алғашқы абзацында.
    Ал осы сөйлемнің ішіндегі «құндылықтарды» зерделеп көрелік:
    1. «Мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайту" – деген сөз көкейге қонады. Бірақ, қайтып және қалай? – деп сауал қойсақ, жауабы жоқ. Неге? Өйткені, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған халықтық педагогикасы мен ұлттық психологиясы, дәстүр-салттары мен өзіндік болмысы (менталитеті) мүлдем ескерілмеген.
    2. «Мақсаттары мен міндеттері» - деу де жөн. Бірақ, ең әуелі өзіңе қажет мақсат пен міндетті түгендеп алмай, тағы да сол «дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер» - деп еміну мен еліктеуден аса алмай қалыпты. Ойланып қараңызшы? Сонда:
    - кешегі өз қолымыз өз ауызымызға жетпеген 300-жылдық бодандықты;
    - басқаның тілеуін тілеп рухымыз жаншылған жылдарды;
    - басқаның үстемдігіне еріксіз көнген тағдырды;
    - қалыптасып қалған құлдық психологиямыздан арылуды ойламай, тағы да сол өзгеге қарап мөңірегенді неге қоя тұрмаймыз, - дейтін, ой мазалайды. Ендеше, қазіргі тілі, діні, ділі бөлшектеніп жатқан ұрпағымыздың болашағы мен халқымыздың келешегін неге бажайламаймыз. Дербестігінің жемісін жеп отырған – жапондар да, немістер де, қытайлар да, тіпті араб пен иран елдері де, «дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер» деп емініп, бас-көзсіз еліктеп отырған жоқ қой. Қайта ғылыми прогресті жетілдірілген сайын, өздерінің ұлттық құндылықтарын бұрынғыдан бетер көздің қарашығындай сақтауға баса мән береді.
    Жымсыма ниетпен жүргізіліп жатқан қазіргі ғаламдану саясаты біздер елпектемесек те, әлі-ақ телпегімізді теріс кигізеріне күмәніңіз болмасын.
    3. «Құрылымы мен мазмұны» - деген де дұрыс-ақ бірақ тағы да сол ескі таптауырыннан аспапты. Ұрпақ тәрбиесі мен білім берудің құрылымы да және мазмұны да баяғы «қызыл империяның құрып берген құрылымынан» тастай қатып айрылмаған екен. Бұл нені көрсетеді? Ақ ниетпен ақиқатын айтсақ, бүгінгі білім беру саласында жүрген «қайраткерлер» бұл мәселені толық түсінбейтіндігі аңғарылады. Әйтпесе, жылына ауысқан әр министр келе жасайтын эксперименттерінен ұялар еді?!
    4. Ұсынылып отырған тұжырымдама жобасы – «ғылыми-теориялық әдіснамалық құжат»- делініпті. Сонда, басшылыққа алған теориялық методологиясы қайсы? – дейтін заңды, сұрақ туындайды.
    Адамның Тән танымынан басқаны түсінбейтін, Жан мен Рух тәрбиесін жүргізбек түгіл... надандықпен таптап отырған, бүкіл Азиялық танымдарды ескермей сыңаржақтылыққа құрылған "Еуропацентризм методологиясы" ма? – деп езу тартып мүсіркеуге тура келеді.
    - Жоқ!.. «Соқыр көргенінен жазбайдыны» тоқтатып;
    - «Жансыздан жандының сипатын танитын», Шығыс философиясына бұрылатын мезгіл жетті. Кезінде бұл даналықты Шығыстан үйреніп барған Пифагор өзінің сандық философиясын жетілдірген.
    - Платон методологиясының күні туды.
    - Неге? Өйткені, «Жандыдан – жансыздың сипатын (материя) дәріптейтін» "Еуропацентризм методологиясы" өзінің өміршеңдігінен айрылғалы қашан?! Оның толып жатқан басқа да кемшілітерін санамаламай-ақ, көтеріп отырған мәселеге байланысты бір ғана әлсіздігін атап өтсек те жетіп жатыр. Ол мынау:
    - Еуропацентризмнің, бүгінге дейін «адам тәрбиесі дүниеге келген соң ғана басталады» - дейтін тұжырымы, түбегейлі қате болып шықты.
    – Жоқ, мүлдем олай емес екен! Жан тәрибиесі, оның 12 түрлі арнасы (түйсік, ұят, зерде, мінез, қабілет, жігер және ішкі бес сезім) тек ана құрсағында ашылатындығы анықталып, түйсіктік тәрбиенің 80% -ы бала жарлық дүниеге келгенге дейін қалыптасатындығы ескерілмеуден, ХХІ–ғасырға созылып өркениетімізде жүргізілмек түгіл, тіпті ойға да келмегендігінен, адамзат баласының санасы сансырап және қоғамдағы арсыздықтың не бір сұрқия түрлері белең алып отыр. Бұл тікелей ана атаулының – «құрсақтағы тәрбиені» білмеуінің салдарынан екені анық. Адам тәрбиесінің осынау жаңа әдісін біздер 24 жыл бұрын дүниеге әкелген едік. Мұны қазір бүкіл дүниежүзі бойынша интернетте – «внутриутробная педагогика» - деп жүргенін «тұжырым» жасаушылар неге байқамады екен? Әлде, түсінбей ме? Олай болса, тұжырымдамадағы – «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» - деген бөлімі түгелімен сын көтермейді. Жалпы адам тәрбиесінің біздер ұсынған жаңа көзқарасы 1990 жылы екі бірдей ғылыми кеңесте (Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында, КСРО АПН филиалында) және Оқу министрінің 19 облыстағы білім басқарламаларын жинаған жалпы жиналысында және жоба ОҚУ МИНИСТРЛІГІНДЕ жеке кітапша етіп жарияланған болатын. Осында талқыланған менің «Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесінің» негізінде «Ізгілік әліппесі» (1991) атты 2 кітаптан тұратын оқулық және «Халық педагогикасының негіздері» (1995) атты монография жарық көрді. Бірақ, бұл еңбектерді келіп-кетіп жатқан министрлер естісе де елемей, әлі күнге дейін «оқу-ағарту үлгісін» мұхиттың арғы жағынан іздеуінен жалығар емес. Өзіңде барды елемей, өзгеге өзеуреуді қашан тоқтатамыз? Ұлттық ғылымның қай саласын алсаңыз да, осылай мысалдар көп. Жоғарыда айтылған монографиялық еңбекте, адам тәрбиесінің жаңа методологиясы 2- сатыдан тұрады.
    Біріншісі, биологиялық индивид делініп, оадн "Жүрек тәрбиесі" атты жүйе қалыптасып, ана құрсағындағы тәрбиенің өзіне тән тәсілдерімен "жанның он екі арналарын" ашады.
    Екіншісі, сананы жетілдіру делініп, одан "Ақыл тәрбиесі" атты жүйе қалыптасып, жарық дүниедегі баланы тұлғаландырудың кезеңі басталады. Сонымен қоса, адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның "Жеті түрлі негіздері" - тек физиологиялық кезеңдерге ғана сүйеніп жасалынады. Осы ілім ұсынған жаңа технология арқылы, Абай ғұлама армандаған «толық адам, нұрлы ақылды» келешек ұрпағымызға еншілеуге болады. Жеті түрлі негіздердің - Ұрық тазалығы, Жан тәрбиесі, Нәресте, Балбөбек, Сәбилік, Балиғат, Кәмелеттік - деп аталынатын физиологиялық кезеңдердің әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдерді ұсынылады. Олай болса, бұл методология, тіпті ясли мен бала бақшадағы тәрбиеге де жаңа көзқарас беретінін ескерген жөн. Сондықтан да, тұжырымдамадағы «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» деген бөлімінің сын көтермек түгіл, түп-тамырларымен қате екені көрініп тұр.
    2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ
    Адам баласы биологиялық индивид болғандықтан, оның табиғатындағы күллі тіршілік сипаттары, міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынатыны айдан анық. Ендеше, келешек ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі де, осы заңдылықтарды ескермесе, кабағат үлкен қателіктерге ұрынады. Мынау "адам тәрбиесі мен білімін жетілдірмек тұжырымдамада» баланың физиологиялық кезеңдерінің ешбір заңдылықтары ескерілмеген. Сонда, бұл қалай? Баяғы сол, қарадүрсін көшірмелік пе?..Біздіңше, егеменді ел болған соң еліктеу мен солықтауды қойып, ұлттық кұндылытарды іздеу ауадай қажеттілік екені дау тудырмаса керек. Тұжырым жобасындағы отра білім берудің мақсаттары мен міндеттері тым жалпылама. ал, құрылымы 4 + 6 + 2 дегеніне қарап, кешегі империялық формуладан ауытқый алмағаны да көрініп тұр. Олар жоғарыда айтылған физиология заңдылықтарын ескермек түгіл, тіпті « (6-10 жас – балалық шақ, 11-16 – жеткіншетік шақ, 17-18 жасөспірімдік шақ) » - деген текстегі сөздерден, халық тағылымындағы қолданылатын нәресте, балбөбек, сәби, балиғат, кәмелеттік – делінетін физиологиялық кезеңдердің жасын да білмейтіндіктері байқалады. Міне, орта білім берудің құрылымы мен мазмұны да ғылыми негізделмегені көрініп тұр есем пе? Біздің 1990 жылдары талқылап жариялаған тұжырымдамамызда, керісінше 6-7 жастан 12-13 жасты қамтымайтын "балиғат кезеңін" біртұтас күйі бөліп-жармай 6-класс етіп, бастауыш мектеп сатысына беріледі. Неге? Себебі, балиғат кезеңінде баланың гарманальды жүйесі (7-де бүршік жарып, 13-де гүлін ашады, шаухат пен етеккір келеді) қалыптасып, логикалық ойлау қабілеттері орныға бастайды. Физиологияның осынау өзгертуге болмайтын тұрақты заңдылығын ескерген жапондықтар бастауышты – 6-класс етсе, немістер бастауыш мектебін 5-класс етіп баяғыдан бері қолданып келеді. Біздер де, азиялық ел болғандықтан, батыл түрде бастауыш мектепті 6-класқа келтірсек ұтарымыз көп. Сондықтан да, орта білім беру формуласын 6 + 3 + 3 түріндегі физиология заңына бағындырып ұсынған едік.Он бес жыл бойы шешеалмай жүрген 12-жылдықтың реформасы да анықталар еді. Бұл тұжырымдама «Халық педагогикасының негіздері, 1995ж», "Педагогика мен Психология негіздері 2012ж" атты монографияда жан-жақты дәлелденіп жазылған. Сол себепті, бұл пікірімізге әр сатыны жеке-жеке жазып талдамай, қысқарта ұсынуды жөн көрдік. Әйтпесе, "Кәсіптік білім" беруде де және "Жоғары білім" салаларында да – ойласатын мәселелер жетіп жатыр. Қазіргі аты бар заты жоқ – гимназия, лицей дегендерді де ақыл елегінен өткізіп, нақтылы сраптамаса болмайтын тәрізді. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіндегі реформаның шынайы мақсаты мен мазмұны аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, кезінде өгейлік көрген қазақ мектептерінің проблемалары шаш етектен. Олай болса, жоғарыда айтылған пікірлерді терең түсініп, дұрыс шешпесек – халқымыздың келешегі түн-түнекпен шырмалып, сара жолын таппай көмескілене бермек.
    Ұлттық рухтың басты діңгегі – Тілі ?!
    Халқымыз –«Өнер алды- қызыл тіл» - деп ұрпағына өсиет қалдырғанда, бар өнердің қайнары - тілде екенін біліп айтқан ғой. Жұртымыздың осы Тіл - атты діңгегін шайқалтып, құлатуды көксейтін, шалақазақтар мен космополиттердің жөнін табудың да уақыты жеткен тәрізді. Орыс бодандығынан енді ғана босадым ба деген Қазақ халқы, өз ішінен шыққан шұбар жылан тәрізді, не тілін, не дінін, не дәстүр-салтын сыйламайтын шалақазақтардың бодандығымен қасірет жұтып отыр. Ұлтымызды мұнан әрі қорлай беруге болмайды!!.. Ел мен Жердің тозғындауын тоқтатудың уақыты жетті... Шындығына келсек, бүгінге дейін, Ана тілі жайында қоғамымызда біржақты пікір қалыптасып отыр. Ол - Тілді, тек қатынас құралы ретінде бағалау?!.. Бұл – биологиялық та, тіпті физиологиялық та заңдылықтарға қайшы келетін, қате пікір. Сондықтан да, ана тілінің адамды – кісілікке жеткізіп, оның азаматтық санасын ашатын, тек 10-түрлі қасиетін айту жөн сияқты.
    Ендеше,Тіл тек – қатынас ќўралы ғана емес екенін дәлелдеп көрейін;
    - Біріншісі – жарайды, қатынас құралы делік;
    - Екіншісі – ата-баба зердесімен байланыстыратын тек ана тілі – екен. Оны ғылымда филогенетикалық жад дейді. Бүгінгі шала ќазаќтар мен космополиттердің кесапат әкелуінің басты себебі – олар ата-баба зердесімен байланыста болмағандықтан, халықтық - ұлттық құндылықтар дегенді түсінбейді, керісінше оған жатырқап қарайды.
    Санасы ояна бастаған кейбіреулері, балаларын қазақ мектепбіне бергенімен, ол балалар сабақтан шыға салысымен бір-бірімен орысша сөйлеседі. Әрине, бұл баланың кінәсі емес!. Ана құрсағындағы сәтінен, ата-анасының орысша сөйлеуінің салдары екені белгілі.
    - Үшіншісі - халықтың менталитеті – ділі де, тек қана ана тіл арқылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы да жойылады.
    - Төртіншсі: “озорение” (мүттағала) дейді. Абайды данышпан, кемеңгер дейміз. Неге ? Абайдың өлеңі де, қара сөздері де “озорениемен” жазылған, оны – Мүттағала дейді. Ана тілін білмеген адамнан осы - мүттағала - қашады екен.
    - Бесіншісі – рух ?! Ана тілін білмеген адам, халықтың рухани байлығын жасай алмайды.
    – Алтыншысы - имандылық, ар-ұят та тілден пайда болады.
    - Жетіншісі мен Сегізіншісі – Таным мен Талғамды да тіл қалыптастырады. Ана тілін білмейетін қазақтың талғамы - мүлдем басқа талғам. Мысалы, зергерлік бұйымдар, даналық өрнектер, ою-өрнек, қазақтың ұлттық киімі - дүниені таңғалдырып жүрген, солардың бәріне әсер етіп отырған –ана тілі.
    - Тоғызыншысы – Мейірім, Оныншысы – Рақым дейтін қасиеттерді де ана тілі сіңіреді. Жаңағы шалақазақ пен космополиттерде мейірім де жоќ. Өзінің тіліне, ұлтына, халқына деген мейірім болмағандықтан, олардан р а қ ы м күту де мүмкін емес.Оларды адастырып отырған – еліктеушілік пен солықтаушылық. Кісіліксіздік !.. Қазір саналы жанды, не істеу керек дейтін сўраќ көп мазалайды. Өйткені, біздер аз санды халықпыз ?! Осы толғаныстардан туған ойымды ашып-жарып айтуды жөн көрдім ;
    - Біріншіден ќоғамға Тәртіп пен Әділет керек. Мемлекеттің бақыты - осы екі мәселеде ?!. Қоғамдағы қаптап кеткен түнгі клубтар мен әр бұрышта самсап тұрған казинолар, бесіктен белі шықпаған балаларды қан-құйлы қатыкез ойындарымен бұзып жатқан комютрлік дүңгіршектер, автоматты ойындар – мұның барлығы адамдарды – құмарлыққа құнықтырып – аздыра береді. Бұлардың да наша-құмарлық тәрізді сипаттары бар. Оның жағымсыз жағдайлары, қазірдің өзінде қоғамымызды жайлап барады...
    - Екіншіден Ұрпаќ тәрбиесін түзеу керек.Ол үшін тәрбиені ана құрсағынан бастау қажет.Бұл жайында ғылыми негізделген жаңакөзқарастағы ілім де бар.
    Жалпы біздің оқу-ағарту саласында - «білім беру» дегеннен басқа, «тәрбие беру» дейтін ұғым да жоқ. Оның үстіне, республикамызда өзінен шыққан жаңалыққа «тас керең» бола қалатын қалыбы бұзылар емес! Осының айқын көрінісі, бүкіл оқу-ағарту жүйесінде – Халық педагогикасы мен Ұлттық психологиясы және Ұлттық тарихы пән ретінде жүргізілмейді.Өзінің халықтық тағылымына деген мұндай қатынас, жетіліп отырған елдерде бар ма ? Әрине, жоқ!!!.. Ендеше, халық педагогикасы мен ұлттық психологиясынсыз - Ұрпақ тәрбиесін жөнге салар тетік те, жауап та жоқ !.. Ал, бұл ілімнің өз топырағымызда ғылыми негізделіп ашылғанына 24-жыл болды. Бірақ, аяқтан шалғаннан басқа, елең етер ешкім де жоқ. Тіпті, білім-ғылым министрлерінің қолдарына да ұстатылды. Еш әрекет етпейді...
    Енді мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне келейік. Қараңыз шы ?! Бүкіл Орыс мектептерін, Ұйғыр, Корей, Өзбек, Дүңген мектептерінің – бәріне қаражатты беріп отырған кім?.. Сол қаражат кімнің дәулеті? Қазақ мемлекетінің және қазақтың ырыс-несібесі ғой. Тіпті, сол мектептерде сабақ беретін оқытушылардың жалақысын төлеп отырған кім? Тағы да Қазақ мемлекеті беріп отыр. Олай болса, мемлекеттік тілді ақы беріп үйрету, бұл тағыда сол – осы мемлекеттің иесі – Қазақ халқын қорлау деген сөз. Осы мемелекетте тұрған қандай ұлт болмасын - мемлекеттік тілді білуі – аксиомалық заңдылық. Рас қазақ мемлекеті қаржыландырып, тірші¬лігіңді жасап беріп отыр ма, ? Ендеше, қандай сөз бар? Осы мемлекеттің отын оттап, суын ішіп, осы топырақтан нәр алып, өсіп-өніп отырсың ба, ? Олай болса, еш уәжсіз бўл мемлекеттің тілін білуің шарт. Тіпті, бұл қай ұлттың болмасын - азаматтық борышы ғой.Осыны түсінетін мезгіл жетті емес пе ?...
    Ендігі бір ерекше айтуды қажет ететін мәселе, соңғы жылдары тағыда сол, ғылыми негізге сүйенбеген Үкімдік шешіммен ұсынылып отырған, Үш тұғырлы тілділіктің ( Ағылшын Орыс – Қазақ ) мәселесі. Тіпті, бұл жоғарыдағы айтылған Биология мен Физиология заңдылықтарының иісі мұрнына бармайтын адамдардың шешімі. Олардың әуейленгені соншама, бұл шешімді бала бақшасынан бастатып, кең түрде жолға қоймақ ?! Бұлар баланың физиологиялық қалыптасуы мен ми психикасының жетілуінен мүлдем хабарсыз жандардың аса ауыр қателіктері десе болады. Іргелі Елдерге жататын – Жапон – Неміс – халықтары, балаларына басқа тілдерді үйретуді, тек 10-11 жасынан ғана бастайтыны ғылыми негізге сүйенгендік екені белгілі. Біздердің балабақшасындағы 3-4 жастағы сәбилерге үш тіл үйретеміз деуі, сыпайылап айтқанда қаскүнемдік болып табылады. Өйткені, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға шет тілдерінің салмағын салу, ұрпақты есалаң, яғный шизо жасауға ұмтылыс десе болады. Жалпы, бүгінгі Үкімет Елдің пікірімен неге санаспайды...
    3. ТҮЙІН
    Жалпы ұрпақ тәрбиесі мен білім саласын реформалау мың толғанып, жүз ойланатын мәселе. Бұл тұжырымдамадағы – 2015 жылға дейін – деп шамалаған уақыт мөлшері дұрыс сияқты. Себебі, тұрақтала бастаған экономикамыз да, енді-енді бауырын көтеріп келе жатқан ауыл тұрмысы да, уақытты осылай таразылағанды құптайды. Тек, ең әуелі неден бастауды дәл анықтаған жөн. Біздер, алдымен реформаның алғы шарттарын жасап, ұлттық мектептеріміздегі, әсіресе ауыл мектебіндегі бұрыннан қалыптасып қалған кемшіліктерді түзеуді ең басты мәселеге жатқызамыз. Сонда, ол қандай мәселе? Осы сауалға қысқа түрде тоқталып көрелік.
    1) Империя тұсынан өгейлік көріп келген, қазақ мектептерінің материалдық базасы аса ауыр екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан, жүргізіліп жатқан ауыл жылдарында, бұл ақаудың орнын тотырып, заман талабына сай етіп мектептердің санын да, сапасын да жетілдіруіміз керек;
    2) қаладағы аралас мектептерді – қазақ тілінің қиянатшысы ретінде – тез арада ажыратпасақ, мемлекеттік тілдің жан төгісіз ауыр күйі жалғаса бермек. Ұрпағымызды қолдан мәңгүрттендіру саясатын үзілді-кесілді тоқтату қажет;
    3) әлі толық жазылып бітпеген қазақ тіліндегі оқу құралдарын халқ педагогикасымен негіздеп, жеткілікті түрде шығаруды тездету мен қоса, мазмұн сапасына ерекше талап қою міндеті тұр. Оқулық дайындауда, тағы да жалпақшешейлікке басып, Ресеймен бірігіп щығарамыз дейтін жолбикелерді, оқу-құрал саласынан мүлдем аластаған жөн;
    4) қазақ мектептерінде «Халық педагогикасының негіздері» атты оқулықты келер жылдан бастап 7,8,9 кластарға пән ретінде енгізу қажет.
    5) ауыл мектептерінде сабақ беретін мұғалімдердің білім сапасын көтеру мен жоғары білімді педагогтармен қамтамасыз етіп уақыт талабына сай жетілдіруді мемлекет өз міндетіне алғаны жөн;
    6) облыстарда педагогикалық университеттерді қайтадан ашып, білім министрлігі кезінде өздері жауып тастаған бес түрлі мәселені қайыра қалпына келтіру қажет. Олар мыналар:
    а) Мектеп күні – бұл қазір мүлдем жоқ.
    ә) Тәрбие жұмысының әдістемесі – бұлда жоқ.
    б) Педпрактика – бұрынғы 6-7 аптаның орнына, қазіргі 3 апта;
    в) Педагогикадан мемлекеттік сынақ – қазір жоқ.
    г) Мұғалімдік этика мен шеберліктің арнаулы курстары – жоқ.
    Мінеки, осындай тәрбиенің талқаны шыққан жағдайда нағыз ұстаз дайындау мүмкін бе? Әрине – мүмкін емес! Ендеше, осы сорақылықтарды қалпына келтірмей, білім жүйесін реформалауға ауыз бармайды;
    7) соншама бай ұлттық тарихымызды жүйелеп оқытпасақ, ұрпағымыздың рухани кемтарлығы жалғаса бермек. Құстың қос қанаты тәрізді Ұлттық тарих пен Халықтық педагогика ұлттық санамызды ашып, ұрпағымыздың азаматтық тұлғасын жетілдірмек.


Пікір қосу

  • 7 + 50 =

Вход