Жұма, 29 Наурыз 2024
Болған оқиға 6442 0 пікір 3 Қаңтар, 2015 сағат 06:06

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖҰМАҒА ЖАЯУ БАРДЫ

Түркия  Премьер-Министрі Ахмет Дауытоғло кеше Жұма намазға жаяу барып-келді. Бұл кезде мешітке бар жолда көлік бөгелісі болып жатқан. Дауытоғло жол барысында жолдың қарсы бетіне өту үшін бағдаршамның жасыл түсі жануын күтіп, ерекше ілтипат көрсетті. Бұл туралы осы елдің ТРТ-ақпарат агенттігі хабарлады. 

Түрік Премьері Даутоғло Ыстамбұл қаласының Долманбахчедегі қызмет кеңсесінен Синанпаша мешітіне жұма оқу үшін жаяу келген. Картадан көріп отырғаныңыздай бұл аралық 1,1 км-ді құрайды. Дауытоғлоға Премьер-Министрдің орынбасары Әли Бабажан, Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрі Фарук Челик, Даму Министрі Жевдет Иылмаз және АҚ партияның Ыстабмұл өңірлік төрағасы Азиз Бабұшжұ да ере жүрген. Намаздан соң Дауытоғло отандастарын Мәуліт күнімен құттықтады. Түрік Премьеріне құттықтау сөзінен соң бір адам смит тоқашын сыйлаған, сыйлықтан бас тартпаған Министр қайтар жолында әншілігін күнкөріс еткен көшедегі мүгедек адамның да өнеріне бір сәт құлақ түрді. 

Дауытоғло жолдың қарсысына өту үшін бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған кезінде Филифиндық бір қыз одан жәрдем сұрайды. Ахмет Дауытоғло болса ол қыздың өтінішін қанағаттандыру үшін кеңсесіне шақырған. 

Бір елдің білдей Премьерінің халық алдындағы осы әрекетін көріп отырып ешқандай жасандылық көре алмайсыз. Түркі мәдениетінің бесігі саналатын Кония қаласында туып-өскен Ахмет Дауытоғлоға әрине осындай қарапайымдылық жарасса керек. 

Түрік Премьерінің кішілігіне тәнті болып отырып, Abai.kz сайтында бұрынырақ жарияланған Мәсімов туралы бір оқиға есіме түсіп кетті. Ол Қажымұқан Ғабдолланың "ЕЛБАСЫ БІЗДЕ ЕКЕУ МЕ?..." атты мақаласында жазылған. Қайдам, қайда жүргенін білдірмей, мысық табандап қана жүретін Мәсімов, Ахмет ағасы сияқты халықпен бірге жұмада сәжде етер ме екен?!

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604