Бұ не мазақ?

МАХАДЕВАН ПРОКУРАТУРАҒА ПЫСҚЫРМАЙДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақ елі ғана емес, жалпы жұмыр жер бетіндегі алпауыт кәсіпорындардың бірінен саналатын қарағандылық «АрселорМитталТеміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақша жоқ екен! Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – осы. Ақша жоқ! Сондықтан да кәсіпорын басшылығы «көлденең көк атты « болып есептелмейтін «өз адамдарымен» ары-бері ақылдаса келе, металлургтер мен шахтерлердің еңбекақыларын азайту туралы бұйрық шығарды. Жақында. Ойда-жоқта шыға қалған осынау аты-шулы бұйрық «ауыл арасынан» асып, бүкіл ел ішінде дүрбелең туғызды – дүрбелең туғызғаны емей немене, теміршілер мен көміршілердің жан дауысы кеншілер астанасының аумағынан шығып, бүкіл ел ішіне жайылса! Қып-қызыл шоққа қызыл еті қарылып жүрген металлургтер мен жеті қат жер астында қара алтын қазып жүрген шахтерлер үшін басшылық бұйрығы қай жағынан алып қарағанда да, ақылға қонымсыздау еді. Әйтсе де, алпауыттарға дауа жоқ екен, сөздің турасын айтайық. Өйткені, ақылға қонымсыздау аталмыш бұйрықты «ақылға қонымды» етіп қайта қараңыздар деген мағынадағы облыс прокуратурасының әңгімесіне «АрселорМитталТеміртау» басшылығы пысқырған да жоқ. Дәлірегі – теміршілер мен көміршілердің еңбекақыларын азайту жөніндегі бұйрықты қайта қарау мәселесіне анау-мынау емес, облыс прокуратурасы кәдімгідей мерзім белгілеп еді, ол мерзімге алпауыт кәсіпорын басшылығы айылын да жиған жоқ. Сөйткен мерзім бітті. Аты-шулы бұйрық қайта қаралған жоқ. Күшінде қалды. Оның есесіне ОЛАР (кәсіпорын басшылығы) Қарағандыда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жинап алып, жақсылап тұрып баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихатта қара жер бетіне қаһарлана төніп келе жатқан экономикалық дағдарыс туралы ЛЕКЦИЯ оқыды. Рас, мәселеге облыс прокуратурасы араласып, еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекцияға аталмыш кәсіпорынға тексеру ұйымдастыру туралы тапсырма берді. «Енді дұрысталатын шығар» деп көпшілік қуанып еді, АЛПАУЫТ бұған да қыңқ еткен жоқ – бұзылған еңбек заңдылығын дереу қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік инспекцияның ұйғарымы қағаз жүзінде қалды. Анау-мынау емес, прокуратура пәрменімен келіп отырған мемлекеттік инспекцияны тыңдамағаннан кейін, алпауытқа айтар әңгіме жоқ. Елден ұялды ма, әлде «сасқан үйрек артымен сүңгиді» дегеннің кері келді ме – әйтеуір еңбек инспекциясы «ұялған тек тұрмастың» кебімен миллиардер кәсіпорынға... о тоба – 600-ақ мың теңге әкімшілік айыппұл салды. ХОШ дейік:

Жоғарыда айтып өттік – кәсіпорын басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді. Осы мәслихатта «қазақстандық заң бойынша жұмыс беруші еңбекақыны кешіктірген әр күн үшін үстеме ақы қосуға тиіс қой, сіздер солай істейсіздер ме?» деген журналист сұрағын естіген кезде кәсіпорынның бас директоры, «АрселорМитталТеміртаудың» қожайыны, миллиардер МИТТАЛдың оң қолы Виджай МАХАДЕВАН мырзаның талағы тарс айырылды: «Бүгінгі күні менде базалық еңбекақыны төлеудің өзіне ақша жоқ, ал сіз болсаңыз маған қайдағы бір үстеме ақы туралы әңгіме айтасыз, - деді ол өзі шақырған журналистерді жаңа көргендей көзінің астымен сүзіле қарап, - мен бір нәрсеге сенімдімін – менің қызметкерлерім де, менің жұмысшыларым да мені жақсы түсінеді. Қазір елдің бәрінде интернет бар, соның арқасында біздің адамдарымыз әлемді жаулап келе жатқан дағдарыс туралы өте жақсы біледі. Әлбетте, біз әрдайым заң бойынша жұмыс істейміз. Ал енді қазақстандық заңдылықтың бұзылу мәселесіне келетін болсақ, бұл жөнінде біз өз заңгерлерімізбен ақылдасатын боламыз...»

Міне, ҚАЗАҚ еліндегі ҮНДІЛІК қожайынның ОҢ ҚОЛЫ осылай деді. Алдымен заңды бұзады – көзді бақырайтып қойып, сосын барып ойланады: «ал енді маған не істейсің?» дегендей. Расында да, қатардағы қызметкер мен қарапайым жұмысшы не істесін – прокуратура мен мемлекеттік еңбек инспекциясының пәрменін құлағына да қыстырмай отырған әлемдік деңгейдегі алпауытқа! «Қалай болған күнде де, қосымша құн салығына байланысты шығынға бізге ел үкіметі көмектесетін болады, - деді баспасөз мәслихатында Махадеван мырза, - өйткені, бізде қолма-қол ақша деген мәселемен проблема болып тұр. Біздің есебімізше, қосымша құн салығы қарызының қайтарылуы қолма-қол ақша проблемасын шешуге тиіс, өйткені, бұл проблема тек «АрселорМитталТеміртауға» ғана емес, бүкіл аймаққа да әбден қатысты. Неге десеңіздер, қолма-қол ақшаның жоқтығынан біз өз мердігерімізге еңбекақы төлемейміз, ал олар өз қызметкерлеріне төлемейді – содан айналып келгенде, бүкіл Қарағанды облысы қиналады...»

Міне, миллиардер Митталдың Махадеваны осылай деді. Егер қиналатын болса, «АрселорМитталТеміртаудың» жалғыз қиналмайтынын, өзімен бірге бүкіл бір аймақтың да... қоса қиналатынын ашық айтып салды. Сірә, «осылай айтсам, қазақтың үкіметі де ойланатын шығар» деген болар. Іштей.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – прокуратураның да, еңбек инспекциясының да «қыңқылына» (осылай демегенде, басқаша қалай айтуға болады) құлақ аспаған МАХАДЕВАН мырза ендігі еңбекақының бұрынғы еңбекақының 75 пайызы деңгейінде ғана төленетіні жөніндегі бұйрықтың өзгермейтінін «айттым – бітті, кестім – үзілді» деген мағынада мәлімдеді. Ал қалған 25 пайызының... шамамен сәуір айында төленетінін айтты. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деуші еді, Махадеван мырзаның да сөз сыңайы соған келіңкіреп тұр, егер шынымен сәуір айында жиырма бес пайызды орнына қоятын болса? Әй, бірақ кім біліпті, бүгін осылай деген «Танцор дисконың» отандасы ертең басқаша шырқауы да мүмкін-ау, өйткені, «менің қызметкерлерім-жұмысшыларым мені жақсы түсінеді» деп мәслихатта мәлімдеме жасаған Махадеванға кәсіпорынның кәсіподағы да қайран қалып отыр.

Кәсіподақ та, қатардағы қызметкер мен қарапайым жұмысшы да, шынын айтайық, не істей алады – прокуратураға пысқырмай отырған Махадеван мырзаға, а?

Марат МАДАЛИМОВ.

 

Абай.kz 

8 пікір 2007 рет оқылды Қосылған: 09.02.15
    • #1
    • Айбар
    • дн, 09/02/2015 - 11:17

    Бул танцор дисколар басынбаганда кайтеди ештене демей байлыкты колына мине деп устатып койса той мен аншилерди тындай бериндер ал биз байлыктарынды талай берейк деп жур..

    • #2
    • Асан Қайғы
    • дн, 09/02/2015 - 11:29

    ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қайран қазақтың байлығы-ай...

    осы қазыналы ұлан байтақ жерімізді баһадүр бабаларымыз орыс пен монғолдан, қытай мен жоңғардан қорғағанда осы үндіс немесе еврей қызығын көрсін деп қорғап па?!?!
    ел байлығын оңды солды келімсектерге үлестірген біздің сатқын биліктің ісі ғой осының бәрі....

    • #3
    • Тіней Адай,
    • дн, 09/02/2015 - 12:52

    Осы жақында ғана Елбасымыз, Лакшми Митталды жеке қабылдап,жағдайды түсіндіріп,келеңсіз жағдайды болдырмауын ескертпеппе еді,..Прокуратураның шешімін орындамаса,сонда біздің кім болғандығымыз,масқара-ай,..Ақыры,не болар екен,сыналар кез келді,прокурор мырзалар!Елбасының абырой,беделі,Сіздердің қолдарыңызда!

    • #4
    • Батыс - Адай, Байғанин
    • дн, 09/02/2015 - 13:08

    «Бүгінгі күні менде базалық еңбекақыны төлеудің өзіне ақша жоқ, ал сіз болсаңыз маған қайдағы бір үстеме ақы туралы әңгіме айтасыз, - дейді, демек үндістер үшін Қазақстан Заңдары "қайдағы бір үстеме" екен. "Қазақты да, Қазақстан заңдарын да ұрғаным бар" дегені. Сорлы, дәрменсіз, мүсәпір күйге түскен қазақ билігі. Ендеше, барық жеңілдіктерін қиып, олармен болған келісім шартты бір жақты бұзу керек.

    • #5
    • Дархан Уалиев. Қарағандыддан.
    • дн, 09/02/2015 - 15:05

    Кармет комбинатты Арселор Митталдан алып, Отандық жергілікті кәсіпкердің иелігіне беру керек. Соңда ғана кірістің көп бөлігі жергілікті бюджетке түсіп, металлургтарга толық көлемде уақытылы жалақы төленіп отырады.

    • #6
    • Ерсін
    • дн, 09/02/2015 - 15:56

    Мен К.Мәсімовтың Ресейжің Татар АР басшыларымен кездескеннен кейін түсіндім Қазақ елінің құқы қазір Ресейдің АО дәрежесіндей ғана екенін. Сондықтан Лакшми т.с.с. біздің басшыларға пысқырып та қарамайды.

    • #7
    • Қандыағаш
    • дн, 09/02/2015 - 19:09

    Қазақ жерінен айдау керек бұл ишактарды

    • #8
    • /АРМАН/
    • дн, 09/02/2015 - 23:29

    Үнділерді иттей жек көремін. Лакшми Миттал тақыр кедейден шыққан. Түк көрмегендігін істеп отыр.

Пікір қосу

  • 9 + 28 =

Вход