Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7463 0 пікір 27 Ақпан, 2015 сағат 15:54

АКАДЕМИЯЛЫҚ «АБАЙ» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына байланысты, Ұлттық академиялық кітапханада «Абай» академиялық залы ашылды.

Шараның беташар сөзінен соң, Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Бейжің мемлекеттік шетел тілдері университеті және Эрзинджан қаласындағы (Түркия) мемлекеттік университеті жанындағы Абай атындағы Қазақ тілі және мәдениеті орталығы ғалымдарының «Абай» академиялық залы ашылына арнайы жіберген құттықтаулары оқылды.

Абайдың орыс әдебиетінің классиктерін (А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, М.Е.Салтыков-Щедрин, В.Г.Белинский) қазақ тілінде сөйлеткенін бүкіл әлем біледі. Ал Абай Құнанбаевтың өз шығармалары да француз, ағылшын, неміс, поляк тәрізді әлемнің 116 тіліне аударылған.

«Абай» залының қорында 500-дей басылым бар. Сол қатардан Қазақстан Компартиясы ОК Хатшысы Мұхамеджан Әбдіқалықовтың жеке кітапханасындағы сирек кездесетін, аса бағалы кітаптар да орын алды. Олар: «Құнанбаев.А (Ибраһим) Шығармаларының толық жинағы» (1948 ж., ҚазБМБ), «Лирика и поэмы» (1940 ж., «Художественная литература»), «Абай» М.Ауэзова (1948 ж., КазОГИЗ), т.б. Бұл бірегей жазбаларды марқұмның немересі, заң ғылымдарының кандидаты Е.У.Ихсанов жеткізіп берді.

Залда Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер мен ақынның жеке шығармалары айрықша орын алды. Сонымен бірге, Қазақстан ғалымдарының жазған диссертацияларының баспа және электронды нұсқаларына, қазақстандық және ресейлік ғалымдар диссертацияларының авторефераттарына, сондай-ақ анықтамалық-библиографиялық басылымдар қорына ашық қол жеткізу жағы қарастырылған. Бұндай дүниелер алдағы уақытта да «Абай» залының қорына, оқырмандар сұранысына сай, белсенді түрде толықтырылатын болады.

Бұдан бөлек, Ұлттық академиялық кітапханада Абай порталын ашу жоспарлануда.

Залдың басты міндеті – қолжетімділік, оперативтілік, жылдам әрі жайлылық қағидаттарына қарай дәстүрлі және заманауи желілік технологиялар негізінде түрлі зерттеу тақырыптары бойынша ғалымдарды ғылыми ақпараттарымен толық әрі жылдам қамтамасыз ету.

Егер бұған дейін ғалымдар, докторанттар әдебиеттерді өздері іздестіріп, кітапхананың кез келген залында зерттеу жұмыстарымен шұғылданып келген болса, бұдан былай бұл жұмысты академиялық зал өз міндетіне алады деген ойдамыз.

Салтанатты шараға С.Демирел және Д.Қонаев атындағы университеттердің профессоры Советхан Ғаббасов ақсақал, ҰҒА академигі Ғарифолла Есім; техника ғылымдарының докторы, профессор Мұхтасиф Бектенов (Ресей), филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Күлпәш Бейбітова, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Құралай Уразаева, сондай-ақ Астанадағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Академиялық «Абай» залын ашу – Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның идеясы арқылы іске асқанын айта кеткеніз жөн!

 

А.МҰҚИБЕК

Астана.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551