Әлеумет

АССАМБЛЕЯҒА АШЫҚ ХАТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

  Қазақстан халқы Ассамблеясының

  алдағы 18 сәуірде болатын ХХІ сессиясына

 

                                                              АШЫҚ  ХАТ

 

  Біз, Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» қозғалысының Басқарма мүшелері, Елбасының ұйғаруымен осыдан бірнеше жыл құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясын құптаймыз. Біздің де құрылғанымызға 10 жыл болып қалды. Тау қопарып тастамасақ та, мемлекеттік тілдің өміршең болуына бір кісідей атсалысып келеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ел Парламентінің құрамына да кіріп жатыр. Жарайды, болсын-ақ дейік. Бірақ та осы ассамблеяның толыққанды істерін әлі күнге дейін көрмей-ақ келеміз.  Ассамблея мүшелері осы елдің жерін жайлап,  суын ішіп отырса да, бірде-бір рет мемлекеттің атауын алған қазақ тілі туралы жұмған ауыздарын ашпайды, бірде-бір рет мемлекеттік тіл туралы не отырыс, не семинар, не конференция, басқосу өткізген жоқ. Еліміздің аумақтық тұтастығымыз туралы да ассамблея жиылыстарында сөз етілмейді.

Мәселен, жер-су, қала, кент, ауыл, оқу орындары, көше аттарын атау туралы.

Ешқандай саясатқа, жершілдікке, ұлтшылдыққа, ру-елдік намысшылдыққа салмай-ақ, сол жердің табиғатын, жағрафиялық жаратылысын ерекшелігін ескере отырып, айтуға оңай, жаттауға жеңіл, көңілге қонымды, ауызға толымды, қоғам өзгерген сайын бұлтылдатып өзгерте бермейтін дұрыс ат қойсақ халық та разы, болашақ жас ұрпақ та разы, аруақ та разы болар еді. Бітпейтін дау-дамай да жоқ болар еді. Және мұндай жауапты істе басқаның тілі келеді, келмейді, оларға ұнайды-ұнамайды деп ешкімнің көңіліне қарамай таза ұлттық ерекшелікті білдіретін атау бергеніміз дұрыс деп санаймыз. Мемлекетіміздің бірлігін, халқымыздың тыныштығын, Қазақстанда тұратын ұлыстардың татулығын бәріміз де қалаймыз. Бірақ, ұлттық мүдде, тарихи атау, жағрафиялық өзгеріс, аумақтық бөліске келгенде ұстанымды болмасақ көрінгеннің қолжаулығына айналатынымызды ұмытпаған жөн. Ал, жерімізді мекендеген 130 этностың түрі де, діні де, тілі де, сөйлеу мәнері де әртүрлі болғандықтан қайсысының көңілін таба аласың?!

Әсілінде, ықылым заманнан келе жатқан Ертіс пен Есіл жағрафиялық жағынан киелі қазақ жеріндегі қасиетті ананың қос емшегіндей қос өзен ғой.  Ендеше Ертіс өзенінің жағасындағы Павлодарды – «ЕРТІС-ЕРТИС», Есіл өзенінің жағасында тұрған Петропавлскіні – «ЕСІЛ-ЕСИЛ» деп  атаса, ешкімнің тілі сынып қалмайды.Сол жерде тұрып Ертіс пен Есіл өзенінің суын ішіп, балығын аулап, тоғайын саялап, құмына аунап, отбасын бағып, бақытын тауып қызықты ғұмыр кешіп жүрген, Ертіс пен Есілді қадірлейтін қазақ та, орыс та және сонда тұратын басқа ұлт өкілдері де бұған келісетініне сеніміміз мол. Осы екі атау да сол қалалардың тұрғындарына ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға да  ұнар еді. Неге десеңіз «ЕРТІС-ЕРТИС» пен «ЕСІЛ-ЕСИЛ»  атауларында орыс тілді ұлыстардың тілі келмейтін әріптер жоқ. Естілуге де, айтылуға да жеңіл, әрі ыңғайлы. Орысша айтылу, жазылулары да оңай. Сөйтіп, бірыңғай ымыраға келсек, «құда да тыныш, құдағи да тыныш» болар еді. Тіпті, Ресейде Еділ өзенінің жағасында Волгаград, Украинада Днепрдің жағасында Днепропетровск қалалары тұр емес пе?

Қазақстанның негізін құрайтын қазақтар да, орыстар да ақылды халықтар болғандықтан, ортақ іске келгенде шындықты мойындамай тұрмайды. Жоғарыда аталған атауларға бәрі де келісетіні хақ. Олардың мұндай сәтті де әділ шешімді қабылдайтындығында дау жоқ. Ал, нағыз патриот адамдар әділдікке бас иеді. Сол себепті де олар шовинистік те, ұлтшылдық та, өзімшілдік те емес, жалпы адами парасат биігінен қарап отандық, мемлекеттік мүддені жоғары қоя алатыны кәміл.

Жоғарыдағы жазылғандары ескерерсіздер деген бек сенімдеміз.

 

  Құрметпен,

  Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» қозғалысының атынан:

   Бақытжан Тобаяқтегі, Қозғалыс төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Инженерлік                         Академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын

45 пікір 8203 рет оқылды Қосылған: 15.04.14
    • #1
    • 13-шi аймақтан
    • сс, 15/04/2014 - 16:16

    Ойбай...мына хаттарынды окып ассамблядагылар шошып кеткен шыгар хехе.

    • #2
    • Зиялы
    • сс, 15/04/2014 - 18:52

    Бәке, жалпы ниеттеріңіз дұрыс. Бірақ, Ертіс пен Есіл өзендеріміздің аты ғой. Мен Павлодарды Сарыарқа, Петропавлды Қызылжар немесе Абылай деп атауды ұсынамын.

    • #3
    • zheltocsan
    • сс, 15/04/2014 - 20:47

    Петропавлды Кенесары деп атаған дұрыс.

    • #4
    • Руза
    • сс, 15/04/2014 - 21:21

    Ертіс дегеніңізге келісеміз, бірақ Ертис деп не көрінді екен? Тілдер заңының, 19 бабында транслетирация туралы жазылған. Ол бір тілде, басқа тілден алынған сөздің әріптері болмаса, сол сөз оригинал (түпнұсқа) тілдегі әріптермен жазылады. Жер-су таулары қай тілде берілді, солай барлық жерде жазылуы керек. Орыстардың осы маңда 200-250 ж бұрын ғана пайда болғанын, өзеннің мыңдаған жыл тарихы барын естеріңізге салмақпын. Сондай-ақ екатерина 2, шамамен 1775-85 жылдары Еділді волга делінсін деген бұйрық шығарғанын, оралдың да кезінде жайық болғанын есіңізге салып өтейін. Адам болсам да мен, аты-жөнім орыс мәтінінде қазақша емес әріптермен ешуақытта жазғызбаймын.

    • #5
    • Қазақ
    • сс, 15/04/2014 - 21:33

    Қызылжар петропавл, Ертіс павлодар

    • #6
    • Тауқараманас
    • сс, 15/04/2014 - 22:25

    Сендердің бул Ұсыныстарыңа олар пәленшесін қояды!
    Орыстарға жалтақтай беруді қашан қоясындар?
    Болған шығар 3-ғасыр сыйлағанымыз, Жетер сыйлағанды сиыр білмейді! Орыстардың рухын сындыруды әдетке айналдырыңдар!!

    • #7
    • Н.Қошаманұлы
    • сн, 16/04/2014 - 8:11

    Ассемблеяға жүгінудің қажеті жоқ. Араағайыншы болса Украинадағы жағдайға өз мәлімдемелерімен шығар еді. Оны жасамады.

    • #8
    • Айдын
    • сн, 16/04/2014 - 9:03

    Павлодар, Петропавдың атауларын қазақшаға ауыстыратын уақыт жетті. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының нақ шешімі арқылы жүзеге асырылуы қажет, саяси орынды болады.

    • #9
    • Мұстафа Ыбырайхан
    • сн, 16/04/2014 - 9:18

    Асса Билік Асса билетіп өңкей көзқамандарды жыйнап қуыршақ театрын құрып сәбилерді балабақшада алдағандай қазақты алдағанын қоймады ғой \ Аты құрығыр павлдавл дағы достық үйшігіңде татарын да комиін де шүршітінде тайрандап өз тілінде өз ділінде сайрап жүр \ Ал қазағың қазақ мектебінде орысша шүлдірлеп жүр \ Кері кеткеннін иті кері шаптырадынын кері \ Қазақ \ Мүшкіл қалыңды өзіңнен \өз биишікештеріңнен \ қазіргі ана боп бала тауып жүрген тілі мақау ділі мәңгүрт ҚЫЗДАРЫҢНАН \ Албастыдай шәшін күзеген әжелерден \ КӨР / Өзіңді ТҮЗЕП ҮЙІҢДІ ТҮЗЕ \ ҮЙІҢДІ ТҮЗЕП \ТӨРІҢДІ ТҮЗЕ \

    • #10
    • казах-кызы
    • сн, 16/04/2014 - 12:27

    Тилди кесип 130 ултты сайрандатып шоу жасап, оздери барлык байлыкты шет ел банкилерине тыгып енди орыстын путлеримен ауыз жаласып казакты мазак кылып жур.Мине енди осындагы орыс орыстарын тартып ресторан ашып сайрандап жур.Ал биз кудайдын берген тилимизбен сойлеп оз жеримиздеги каланын атын ауыструга Маскеуден коркып жалтактап отырмыз.

    • #11
    • Совет шопаны
    • сн, 16/04/2014 - 16:44

    Қазақстан халық ассамблеясы саяси ұйым емес, мәдени ұйым ғана. Сол себепті мемлекеттік маңызы бар үлкен шаруаны шешуге олардың еш моральды құқығы жоқ деп есептеймін. Кеше ғана есігімізден сығалап келген ол ағайындар, қазақтан көрген жақсылықтарын айтып, жерімізде еш жаманшылық көрмей, өсіп-өніп жатқандарын ұмытпай, жоғарыда жазылған үндеу және сол сияқты басқа да жәйттерге келгенде қазақ халқына қолдау көрсетіп отырса нұр үстіне нұр болар еді. Тілі мен мәдениетін дәріптеп, көркейту үшін құрылған ассамблеяға, мысалы доктрина немесе зейнет реформасы сияқты мәселені шешуге неге сенім білдіруіміз керек. Ал мемлекет құраушы ұлт - қазақты қайда қоямыз. Біз үшін барлық мәселені солар шеше салады ма.

    • #12
    • Ziko
    • бн, 17/04/2014 - 3:18

    Nege otirik aytasiz, misali assambleyadan saylangan Rozaqul Halmuradov memlekettik tildin janashirigoi, nege sizder haliqtin ortasi ort sala beresizder, uyat emes pa?

    • #13
    • атан
    • бн, 17/04/2014 - 7:13

    Мәтінді дұрыстап оқымайсыз ба, жалғыз мүшесі туралы емес, бүкіл ассамблея туралы емес пе?

    • #14
    • Болат Нәукенұлы
    • бн, 17/04/2014 - 11:10

    ЕРТЕҢ, 2014 ЖЫЛДЫҢ 18 СӘУІРІ КҮНІ

    "казахстан халки ассамблеяси" атты,

    өз жұмысын мемлекеттік қазақ тілінде жүргізбейтін,

    құрамында (биліктің аузына қараған "қазақ шенеуніктерінен" басқа)

    бірде-бір тұрақты қазақ ұлттық қоғамдық ұйымдары жоқ,

    бірақ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ, оның ХАЛҚЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕ

    КЕҢЕС БЕРЕТІН (мүмкін Әлемдік Басым Күштердің нұсқауында)

    ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ.

    СЕССИЯ БАРЫСЫНДА:

    - Еліміздің "еуразия одағына" кіру-кірмеуі бұларды толғандыра ма;

    - Қырым және Украинадағы бүгінгі қалыптасқан жағдай, бұларды толғандырып, қызу пікір-талас орын ала ма екен.

    ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР, ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР ?

    • #15
    • Түрік
    • бн, 17/04/2014 - 11:47

    мынаған қараңыз http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/17859163/?frommail=1

    • #16
    • Ермек
    • жм, 18/04/2014 - 17:04

    Ассамбеля саяси ұйым емес, ол қоғамдық-мәдени ұйым. Оның саясатқа қатысы болса, Президенттің, мемлекеттің ұстанымымен ғана жүріп келеді.

    • #17
    • Берік
    • жм, 18/04/2014 - 17:07

    Елде бірлік, татулық, ынтымақ облса оның несі жаман? Біз ұрпағымыз өссін, өнсін, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп сол үшін өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?!

    • #18
    • Мақсат
    • жм, 18/04/2014 - 17:09

    Қазақстан халқы Ассамблеясындай әлемде ешқандай құрылым жоқ. Мұны БҰҰ-да мойындап отыр. Қазір Ресйе де осындай ассамблея құрамыз деп жатыр.

    • #19
    • Болат
    • жм, 18/04/2014 - 17:10

    Әрине, әр нәрсеге бір үміт, бір күдікпен қарау керек. Ассамбеляның жұымысында да кемшіліктер болса оны айту керек. Ал жалпы алғанда Ассамбеля Президенттің саясатын жақсы жүргізіп келеді.

    • #20
    • Бейбіт
    • жм, 18/04/2014 - 17:15

    Шынын айту керек, Қытайда тұратын ұйғырлар, Ресйедегі татарлар, башқұрттар, басқа да түркі халықұтары бізге қызғана қарайды. "Сіздерде Ватан бар", едйді. Онысы Отан бар дегені ғой. "Осы Ватанға бірлік керек. Ешқашан бөлінбеңдер. Қазақтардың өзі бір-бірімен бөлінбесін" дейді. Еркіндіктің, азамтықтың, тәуелсіздіктің қадірін білетін осы ағайындардан асырып айта алмаймыз.

    • #21
    • Дос Көшім
    • жм, 18/04/2014 - 23:39

    Ресей-Украина мәселесі ғаламдық деңгейде болғаннан кейін халықаралық ұйымдардың, АҚШ-тың, Еуроодақтың келесі қадамдарына тікелей әсер ететін болады. Олардың Ресейге қарсы іс-әрекеттеріне, санкцияларына менің қарным ашып отыр. 33 адамды Америкаға бармайтындай етіп, олардың активтерін жауып тастауы баланың ойыны секілді болып көрінеді. Себебі, дәл мынадай жағдайда батыс одан гөрі қатқыл іс-әрекеттерге баруы керек еді. Түсінемін, соңғы кездегі экономикалық дағдарысқа байланысты шығынға барғысы келмейді. Өйткені, бәрібір қарама-қарсы олардың да жоғалтары бар. Бірақ, салыстырып қарасақ, дүниежүзілік жалпы тауар жөнінен Ресей 1,5% болса, АҚШ пен Еуропада 51 %. Сондықтан, олар 2-3% төмендесе де, бірақ бәрібір сол қадамға баруы керек еді. Сол кезде ғана Ресейді «жазалаған» болар еді. Екінші мәселе, КСРО құрамында болған мемлекеттердің бәрі екі ұдай күйде қалды. Олар да ашып айтуы керек, Украинамен араздыққа барып отырғанда, басқа елдер де секеммен қарап, шындығын ашып айтып, сондай конфликтке баруға тырысуы керек. Себебі, Ресей жан-жағынжағылардың бәрімен соғыса алатын деңгейде емес. Күтіп отыра берсе, ол ақырындап «жей» бермекші. Бір рет “беттері ашылған” соң, неге болса да барады. Ал, қазіргі кезде қауіп күтіп отырғандар (оның ішінде біз де бармыз), өздерінің ойын ашық айтатын болса, өздерінің содан алған сабақтарына байланысты ішкі жағдайды дұрыстауға, қалыптастыруға жағдай жасауы керек. Сондықтан, мәселе екі нәрсеге байланысты шешімін табады: Ресейдің көршілері – посткеңестік елдер және батыстың өте қатаң түрдегі көзқарасы. Егер ондай нәрсе болмаса, Ресей біраз нәрсені бүлдіреді. Ресейдің бюджеті Нью-Йорктің бюджетімен тең. Әлем Ресейді үлкен ел, держава секілді қарайды. Ал, шын мәнінде қирап бара жатыр. Менің ойымша, Путинге осы іс-әрекеттер керек. Себебі, ақшаны сол жаққа аударып жатырмыз деген секілді сылтау табуы мүмкін. Егер Батыс нақты шаралар жасайтын болса, Ресейді экономикалық тұрғыда тізерлетуге толық күштері бар. Бірақ, неге екенін қайдам, батыс ол қадамдарға барып отырған жоқ. Тағы бір көңіл бөлерлік жайт, Қытай позициясы. Қытай бұл мәселеге қатысты тұрақсыздық көрсетті. Олардың абайлап қадам жасауына өздерінің ішкі мәселелері: Тибет, ұйғыр мәселелері бар. Алғашында Ресейді жақтаса, кейінірек халықаралық нормалар сақталуы керек деп бұра тартты. Қытайға АҚШ-қа жалғыз қарсы тұрғаннан гөрі Ресеймен бірлесу керек. Бірақ Ресейдің құрдымға кетіп бара жатқанын көргеннен кейін, оған тым жақындай беруге де жүрексінеді.

    • #22
    • Бекжан
    • сб, 19/04/2014 - 13:17

    КСРО кезінде өзге этностардың арасында қазақтарды менсінбей қарайтындары болған шығар. Мәселен, Алматы автобустарында қазақша сөйлесек неге орысша сөйлеспейсіндер деп ұрысып, тиып салатын. Қазір біз егемен ел болған соң, этностарға олай жасамауымыз керек. Олардың қателіктерін қайталамауымыз керек. Біз ішкі мәдениетімізді, сауаттылығымызды көрсетіп, үлгі болып жүрсек деймін. Қазақстанда 10 миллионнан аса қазақтар болса, солардың бәрінің басы бірігеді деп айта алмаймын. Сондықтан өзіміз бірікпесек, басқа этностарды Қазақстан туының астына біріктірейік!

    • #23
    • Қайрат
    • сб, 19/04/2014 - 13:41

    бекжанның пікіріне қосыламын. Егер өзіміз бірікпесе, басқа этностарды біріктірейік. Кешегі журналдың төңірегінде қандай шу болып жатқанын көріп отырмыз. Түймедей нәрсені түйедей етіп көрсету, өзімізге сын емес пе.

    • #24
    • Есжан
    • сб, 19/04/2014 - 13:43

    Қазақстанда болашақта қазақтың жаны бар адамдар көп болады. Ол кезде келеді. Бізге ол үшін ауыз біршілік, татулық керек.

    • #25
    • Жәнібек
    • сб, 19/04/2014 - 13:45

    біздің кәсіпорындар Ресйемен бірігіп жұміс сітеуде. Еуропа елдері алыс жатыр. Қытаймен абайлап жұмыс істеу керек. Сондықтан Еуразиялық экономкалық одақта елге табыс әкелетін кәсіпорындар көптеп өнімдерін өткізуі керек. Бізге тұрақты, көз алартпайтын, тәуелсіздігімізді сыйлайтын көрші керек емес пе.

    • #26
    • Медет
    • сб, 19/04/2014 - 13:47

    Қазақстан халқы Ассамблеясы келесі жылы 20 жылдығын атап өтсе, есеп беретін болады. Сол кезде Ассамбеляға мүше этностар мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетуі керек.

    • #27
    • Ербол
    • сб, 19/04/2014 - 13:49

    Қазақстан халқының форумы кезінде барлығы мемлекеттік тілде сөйлесе, 20 жылда атқарған істерін көрсететін еді. Ал былай біз Ассамблеяның жұмысын қолдаймыз. Елде бірлік, ауызбіршілік болуы керек.

    • #28
    • Кәрім
    • сб, 19/04/2014 - 13:51

    Қазақстанда Украинаныі жағдайы қайталанбайды. Оған аса қауіп жоқ. Дегенмен күдіктенетін кездеріміз де болады. Оны жасыра алмаймыз. Ассамблея осынадй күдіктерді бодырмау үшін, елде этностар арасында түсінбестік болса басу айту үшін, Қазақстанды бірге дамыту үшін керек.

    • #29
    • Мұрат
    • сб, 19/04/2014 - 13:54

    Менің бір білетінім, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген сияқты этностар өз ана тілдерін құрметтей отырып, мемлекеттік тілді де білуі керек. 23 жылда мемлекеттік тілді дамытуға қаншама жағдай жасалып жатса да оған қызығушылықтың артып жатқанын этнотар да көрсетуі керек деп ойлаймын. Президент айтпақшы, мемлекеттік тіл елді болашақта басқаратын адамдардың тілі болады.

    • #30
    • Данияр
    • сб, 19/04/2014 - 13:57

    Біздің ел сияқты эзге этностарға жағдай жасап жатқан ел жоқ. Бізде барлық мүмкіндіктер бар. Осындай бизнес ашуға, тұрмыстық жағдайын жақсартуға, оқуға, білім алуға жасалып жатқан мүмкіндікті барлық халқымыз пайдалану керек деп санаймын. Ал мұндай мүмкіндіктерге жол ашып беріп отырған - ол біздің бірлігіміз.

    • #31
    • Аслан
    • сб, 19/04/2014 - 13:59

    Бірліктің түбі тірлік. Мемлекеттік саясатымыз жақсы. Дұрыс жолда келеді. Президенттің алға қойған мақсаттарына халық болып жетеміз. Мәңгілік ел деген жақсы емес пе. Бұл қазақ халқы жоғалмайды, тіәелсіздігі әрқашан халықпен бірге жасайды деген сөз.

    • #32
    • Қанат
    • сб, 19/04/2014 - 14:54

    Кешенгі Ассамблеяда жақсы мәселелер көтерілді. Маған өзге этностардың айтқандары ұнады. Олар Қазақстанды жаман көрмейді, жақсы көреді. Олар тек мемлекеттік тілді білмегендеріне қысылатын шығар. Сол үшін бәріне түсіністікпен қарап, мемлекеттік тілді үйренуіне көмектессек деймін. Қала, аудандарда тегін қазақ тілі курстарын ашып, оқытушыларға жақсы айлық қою керек.

    • #33
    • Талғат
    • сб, 19/04/2014 - 14:57

    Бұл пікірмен келісемін. Бәрінің қазақ тілін үйренуге ынтасын артыру үшін қызықтыру керек. Орта бар. Бір ғана кемшілігіміз қазақтардың өздері қазақша білмейді. Сөйлегісі келмейді. Содан кейін басқа этностар қазақтардың өздері қазақша білмесе оның бізге керегі қанша дейді. Былай қарасаң дұрыс.

    • #34
    • Ғани
    • сб, 19/04/2014 - 15:01

    Ана тілін білмейтін қазақтарға айтып-айтып болдық қой. Мен мысалы қазақпын Екі тілді жақсы білемін. Енді ағылшынды үйренсем деймін. Үш тіл білсем деген арманым бар. Ал қазақтардың өздері ана тілдерінен неге қашатынын түсінбеймін. Бізге ең алдымен өзімізді үйрету керек.

    • #35
    • Зейнет
    • сб, 19/04/2014 - 15:03

    Қазақстан халқы ассамблеясы қазіргші жағдайда керек институт. Ассамблеяның жұмысына қызығушылық танытып жатқан елдер де бар. Сондықтан бізге осы жолдан таймай, елдегі ынтымақтастық пен бірлікті сақтау үшін әроі қарай ҚХА-ның қызметін жетілдіре беру керек деп ойлаймын.

    • #36
    • Дос
    • сб, 19/04/2014 - 15:05

    Келесі жылы форум өтеді екен. Сол кезде Ассамблея сырттан келетін қауіпке дайын болуы керек. Сын сағатында қазақ халқымен бірге болса ассамблеяның жұмысы сонда көрінеді.

    • #37
    • ия
    • жб, 27/04/2014 - 6:34

    емшектен басқа теңеу табылмады ма екен.

    • #38
    • Шаруа
    • бн, 12/06/2014 - 23:49

    №23-тен №31-ге дейінгі пікірлер биліктің "заказымен" жазылғаны көрініп тұр! Осындайды қашан қоясыңдар осы! Пікірлер парадын жасағанды! Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдени бірлестік қана болса, онда олардың өкілдерін халықтың қалауынсыз-ақ неге МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ етіп "тағайындайды"?! Ал, депутат екендіктері рас болса, онда олар неге ҚАЗАҚТЫҢ ұлттық , ал ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНІҢ тағдырына алаңдамауы керек, бас ауыртпауы керек а?!

    • #39
    • Бейбит
    • жм, 13/03/2015 - 16:13

    Бұл жазылған хатпен толықтай келісемін

    • #40
    • Бейбит
    • жм, 13/03/2015 - 16:16

    Өскемен "Усть-Каменогорск" қаласын - "Кенді Алтай" деп ауыстыруға ұсыныс жасаймын

    • #41
    • Қайрат
    • сс, 17/03/2015 - 20:16

    Болаттың пікіріне қосыламын. Басқа этностарды біріктірейік.

    • #42
    • Аман
    • сн, 08/04/2015 - 14:34

    Петропавлды Кенесары деген дұрыс

    • #43
    • Қаһарлы қазақ
    • жб, 03/04/2016 - 0:57

    Павлодарды ЕРТІС, Петропавлды ҚЫЗЫЛЖАР деу керек!

    • #44
    • Қаһарлы қазақ
    • жб, 03/04/2016 - 1:03

    ӨСКЕМЕНді жергілікті, шығыстағы орыстардың өзі баяғыдан Усть- Каменогорск деп емес, УСКАМАН деп атайды. Сондақтан ресми түрде ӨСКЕМЕН деп атау керек (СЕМЕЙ деген сияқты), сонда орысшасы ОСКЕМЕН болып қалады.

    • #45
    • Уйсун Казак
    • жб, 22/01/2017 - 10:03

    Қазақ жер-су, жан-жануар, табиғат құбылыстарына ат қоюда кімнен ақыл сұрап еді? Енді сұрайтын болдық па.

Пікір қосу

  • 4 + 32 =

Вход