Бұ не мазақ?

ҚАЙСАРОВ ҚАЙ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Орталық сайлау комиссиясы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қайсаровты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін Астанада өткен брифинг барысында айтты.

«Үміткерлердің өз қолдарымен толтырған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ҚР ІІМ-ге аталған деректерді тескеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ, осы үміткердің мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерінде бірнеше қателер бар екені анықталды», - деді Л.Сүлеймен.


Айтпақшы, Уәлихан Әбішұлы ҚР Президентін сайлау науқанында осымен үшінші рет қатарынан өзін өзі үміткер ретінде ұсынды. Дегенмен, үшеуінде де оның өтінімі қабылданған жоқ. Алдымен 2005 жылы өткен саяси науқан кезінде Қайсаров тиісті мөлшерде қолдаушыларының қолын жинай алмай жарты жолдан сүрінсе, 2011 жылғы сайлауда қазақ тілінен болған емтиханды ойдағыдай тапсыра алған жоқ. Ол жазған диктанттан 28 қате табылған болатын.

Ал, бүгін белгілі болғандай, Уәлихан Қайсаров – Қазақстан Республикасының азаматы болмай шыққан.

Демек, Сайлау туралы Конституциялық заңды жатқа білетін саясаткердің бұл қадамы көз алдау ма, әлде маңызды науқанды пайдаланып ұпай жинау ма?

Абай-ақпарат.

78 пікір 4066 рет оқылды Қосылған: 09.03.15
    • #1
    • Қанат
    • дн, 09/03/2015 - 12:00

    Уәлихан қай елдің азаматы екен?

    • #2
    • Білгім келеді
    • дн, 09/03/2015 - 12:18

    ИЯ қай елдің еркегі екен?

    • #3
    • Қайсаров - ҚР азаматы!
    • дн, 09/03/2015 - 12:24

    «Как не гражданин? Это на провокацию похоже. Можете уточнить: при написании заявления они снимают ксерокопию документов, если бы я не был гражданином Казахстана, я бы не смог предъявить удостоверение. Они потребовали мое удостоверение личности, проверяли форму, когда я подавал заявление. И потом - вчера вечером мне сообщили, что сегодня (в понедельник - V) в 3 часа дня у меня экзамен, что-то это странное», - сказал Кайсаров по телефону Vласти в понедельник.

    • #4
    • АҚ
    • дн, 09/03/2015 - 12:34
    Пікір алынып тасталды!
    • #5
    • Аскар У
    • дн, 09/03/2015 - 12:40

    Қалай мен өз дауысымды басқа елдің Азаматына бере алам? Егер Елбасы қатыспаса кімге дауыс беремз?

    • #6
    • Тимур Қазақ
    • дн, 09/03/2015 - 12:45

    Қалай осындай қателіктерді жіберуге болады?28 қате диктантта ол мектеп кезіндегі 2 ғой, Осындай адам елді қалай билемекші? Ұят! Елбасы өз кандидатурасын ұсынатына үміттенемін!

    • #7
    • Аселхан
    • дн, 09/03/2015 - 12:51

    Атын шыкпаса жер орте деген осы, менинше бул азамат озине пиар жасап жур.

    • #8
    • Төреші
    • дн, 09/03/2015 - 12:52

    Клоуындар сайлау шоуды бастап жіберді!.. Ал сайқымазақтық өнерлеріңді көрсетіп қалыңдар!

    • #9
    • Аскар У
    • дн, 09/03/2015 - 12:58

    #8
    Аселхан Өте дурыс айтасын тек өз атын қазақ еліне мәлім ету үшін істелінген тірлік, қара PR. Ал Біздің Елбасына ғана қазіргі таңда сене аламын.

    • #10
    • Раушан
    • дн, 09/03/2015 - 13:12

    Мынау қызық болып кетті ғой!

    • #11
    • Маселхан
    • дн, 09/03/2015 - 13:15

    Онда Аселханды усинаик, тоже пиар жасап калсын.

    • #12
    • Раушан
    • дн, 09/03/2015 - 13:19

    Түсініксіз. У. Қайсаров қай елдің азаматы?

    • #13
    • Серік
    • дн, 09/03/2015 - 13:19

    Мынау өзіне ұпай жинау үшін жүрген жан ғой. Қазақ деген намысы болса, мазағын тоқтатқаны дұрыс. Ел тағына кім көрінген таласа берсе, не береке болады.

    • #14
    • Парвиз
    • дн, 09/03/2015 - 13:24

    Өзі үш мәрте президенттікке үміткер ретінде кандидатурасын ұсынған. Осы уақыт ішінде қазақша үйреніп алуға болмады ма? Елбасы қазақша шешен сөйлейді ғой. Мына кісіні қатар қоюға болмас.

    • #15
    • БАҒЫС ЖАМБЫ
    • дн, 09/03/2015 - 13:26

    САЙЛАУҒА ТҮСТІК, САЙЛАУҒА,
    КЕТСЕДЕ БАС АЙДАУДА.
    УӘЛИХАН ҚАЙСАРДЫ,
    ШЫҒЫҢДАР ҚАЗАҚ, ҚОЛДАУҒА?!

    АҚТАМБЕРДІШЕ ҚОЛ БАСТА,
    СЕРІКБОЛСЫН АҒАТАЙ.
    УӘЛИХАН ҚАЙСАРДЫ,
    ЦИКтегілерге ҚОРЛАТПАЙ.

    • #16
    • Мирас
    • дн, 09/03/2015 - 13:27

    Елбасының өзінің осы додаға қатысып, бәрін өз орнына қоюы керек сияқты. Осы бейбіт, тыныш өміріздің қадіріне жете білгеніміз абзал.

    • #17
    • Ермек
    • дн, 09/03/2015 - 13:31

    Қайсаров соншалықсыз сауатсыз болғаны ма? 28 қате деген масқара ғой. Қалай ел тізгінін ұстағалы жүр ???

    • #18
    • Абай
    • дн, 09/03/2015 - 13:32

    Қазақ тілін білмеген адам - президентікке сайланбаукерек. Қатыстырап та қажет емес оны. Қалай оған дауысымызды береміз? Орыс болсын, қазақ болсын, басқа ұлт болсын, мемлекеттік тілін білу керек, деп санаймын! БАрак Обама - ағылшынша біледі ғой. Басқа мемлекетке барып көрсінші, өз кандидатурасын беріп - боғымен жеп қояды ғой!!!

    • #19
    • ҮМБЕТӘЛІ
    • дн, 09/03/2015 - 13:35

    Оу, ағайындар-ау! Менің туысқаныммен неге дені сау адам додаға түспейді? Өңкей қиқым-сиқым бірдеңелер. Бұл не? Менің туысқанымды қорлағандарың ба?

    • #20
    • Патриот
    • дн, 09/03/2015 - 13:43

    қателері көп болса, ол қазақша деректілерді, құжаттарды оқыса - түсінбейді. өзіне обал болып кетеді ғой

    • #21
    • Меруерт Саламатқызы
    • дн, 09/03/2015 - 13:47

    Қайсаров деген кісі Қазақстан үшін қандай еңбек сіңірді? Біз осы кісінің қандай еңбегі үшін дауыс беруіміз керек? Қазақстанымыздың тыныштығын көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

    • #22
    • Серік
    • дн, 09/03/2015 - 13:49

    Аселхан осы дұрыс айтасыз өзіне пиар іздеп жүрген біреу ғой бұл Қайсаров

    • #23
    • Aliya
    • дн, 09/03/2015 - 13:51

    Қайсаров азамат, ұят қайда?

    • #24
    • Ақмарал
    • дн, 09/03/2015 - 13:52

    Бір диктанттан 28 қате жіберу деген сұмдық жағдай. Мына кісі калай ел басқаруға ұмтылып жүр?

    • #25
    • Aliya
    • дн, 09/03/2015 - 13:52

    Қазақстанның сайлау тарихында бірінші шет елдің азаматы болайын деп тұр ғой өзі.

    • #26
    • Ақзере
    • дн, 09/03/2015 - 13:53

    азаматпын дегенің орына - тұрамын деп жазған екен, ол түктемес. енді сұраққа дұрыс жауап бермегені - үлкен қателік қой, ммммммммм..... қайтсын байқұс - бейшара

    • #27
    • Жаннат
    • дн, 09/03/2015 - 13:55

    Мүмкін балалық шағында армандаған арманы шығар президент болу. Біреулер космонавт болуды, біреулер өрт сөндіруші, біреулер президент болуды...

    • #28
    • Парвиз
    • дн, 09/03/2015 - 13:57

    Қайсаров мүмкін ел басқару емес, басқа салада жұмыс істегені дұрыс шығар. Мысалы, білім беру тағы да басқа салаларда да үлкен жетістіктерге жетуге болады. ғой. Бірақ 28 қатемен...

    • #29
    • Парвиз
    • дн, 09/03/2015 - 14:00

    Жанат балалық шақтағы арманға сай болу керек. Жақсы оқып дегендей мектепте. Қазір екі баланың бірі президент болғым келеді деп жауап береді. Бірақ президенттікке мектепте жақсы оқып, үлгілі бала боп дегендей тырысу керек қой. Мына кісі 28 қате жіберіп рекорд жасап отыр емес пе?

    • #30
    • Бәріңді боқтауға правасы бар
    • дн, 09/03/2015 - 14:01

    Ертең билік ауысқанда, осылардың бәріне жындыханада орын жетпей қалады ма деп қорқамын.

    • #31
    • ҚИСАТІЛДӘ
    • дн, 09/03/2015 - 14:01
    Пікір алынып тасталды!
    • #32
    • *күйдіргі*
    • дн, 09/03/2015 - 14:03

    Талапкерлерді сынақтан кім өткізеді екен?

    • #33
    • Арман
    • дн, 09/03/2015 - 14:04

    Ел тізгінін қолына ұстағысы келетін азамат алдымен қазақ тілін үйренуден бастағаны дұрыс. Осы елдің тілін білмейі тұрып, тізгінін қолына алам деу әбестік болады.

    • #34
    • Ақмарал
    • дн, 09/03/2015 - 14:10

    Арманмен келісемін толықтай. Президенттік додаға түскісі келетіндер қазақ тілі сынағынан сүрінбей өтулері қажет, болмаса мына дода көздерінен бұл бұл ұшады.

    • #35
    • е е
    • дн, 09/03/2015 - 14:14

    Уалихан Кайсаровты тагы да откизбей жатыр екен гой.

    • #36
    • Патриот
    • дн, 09/03/2015 - 14:21

    #32 ҚИСАТІЛДӘ - мейлі оқып берсін, бірақ түсінбесе өзі қайтеді екен ?
    Мен оның шыққанына қарсы емеспін, бірақ қай мемлекеттін президенттікке талапкері болсада, сол мемлекеттін тілін білу керек қой! келісезіз бе?

    • #37
    • Патриот
    • дн, 09/03/2015 - 14:24

    #34 Арманға. Келісемін сізбен. Дұрыс орнықты айтылған сөз!

    • #38
    • У. Кайсаров - гражданин РК.
    • дн, 09/03/2015 - 14:46

    «Как не гражданин? Это на провокацию похоже. Можете уточнить: при написании заявления они снимают ксерокопию документов, если бы я не был гражданином Казахстана, я бы не смог предъявить удостоверение. Они потребовали мое удостоверение личности, проверяли форму, когда я подавал заявление. И потом - вчера вечером мне сообщили, что сегодня (в понедельник - V) в 3 часа дня у меня экзамен, что-то это странное», - сказал Кайсаров по телефону Vласти в понедельник.

    • #39
    • (*!*)
    • дн, 09/03/2015 - 14:52

    ЦИК циркке айналып бара жатқан сияқты.

    • #40
    • Акниет
    • дн, 09/03/2015 - 14:53

    Азаматтыгын билмейтин адам азамат емес менинше, бул деген сенсация издейтин адам ау, мемлекеттик жумысты ойыншык кылып отырганы уят екен

    • #41
    • ҚИСАТІЛДӘ
    • дн, 09/03/2015 - 14:56

    37 ші ақымақ патриот! Сен Уәлихан Қайсарды танымайтын, білмейтін нақұрыс патриотсың. Ол қазақшаны екеумізден жақсы біледі. Бүгінгі ЦИК Уәлиханды саясаттың құрбанына айналдырып отыр. Ақын Гумилов саястты "грязной дело" десе менің Шәкір Әлиев ағам саясатты шірік, жарылайын деп тұрған сыздауық дейді. Осы рас сөз. Көп ұзамай жарылады. Сонда сендей патриотты таппай қаламыз адресіңді тастап кет?

    • #42
    • 01
    • дн, 09/03/2015 - 15:11

    сайлауға түсейін деп жатқан бүкіл итбай-шортбайлардың ішінде "есі дұрысы" осы Уәлихан Қайсар. бұл кісі биліктің клоуны емес нағыз қазақы адам. мына оқиғалар әдейі билік тарапынан ұйымдастырылған іс әрекет Уәлиханды сайлаудан шеттету үшін

    • #43
    • Дария
    • дн, 09/03/2015 - 15:59

    Қайсаров Сайлау туралы Конституциялық заңды білмеді мекен

    • #44
    • Қария
    • дн, 09/03/2015 - 16:22

    Ұсынылған анкетаның бір жолында Қазақстанда соңғы 49 жылда тұрып келе жатқанын туралы дерек берген Қайсаров, келесі жолдағы "Басқа елдің азаматтығында тұрасыз ба?" деген сұраққа "тұрамын" деп қысқа жауап қайтарыпты. Формальды түрде бар ғұмыры Қазақстанда тұрып жатса да басқа елдің азаматтығынан да құралақан еместігін ашық жазған. Аңқаулық па, ақымақтық па, арандатушылық па, не болса да нағыз күн жаумай су болатын сабаз екен.
    Ал сайлаудағы ең сорақы арандатушылық тағы да телібеков дегенмен байланысты. Кезектен тыс сайлау болары анықталмай тұрып өз халқын мүшеқапқа теңегенін ұмытып кеткен бе, енді "Ұлтшылдар маған сайлауға түспек болғаным үшін қастандық жасамақшы, құтқара көріңдер!"- деп байбалам салуда. Кеше ғана мүшеқапқа теңеген халыққа басшы болуға арланбайтын сыңайлы. Бейшараға "Сайлау өткенше басыңа мүшеқап киіп алып жүрсең, саған ешкім тимейтініне кепілдік береміз!" десек не дер екен?!

    • #45
    • Абаза
    • дн, 09/03/2015 - 16:22

    Кайсаров баска мемлекиттин азаматы болса, сол мемлекетти баскарсын.

    • #46
    • Бұлақ
    • дн, 09/03/2015 - 16:39

    Әй, мұның бұнысы несі?! Басқа елдің азаматы???

    • #47
    • Дәке
    • дн, 09/03/2015 - 17:14
    Пікір алынып тасталды!
    • #48
    • Алихан
    • дн, 09/03/2015 - 17:15
    Пікір алынып тасталды!
    • #49
    • БАҒЫС
    • дн, 09/03/2015 - 17:51

    Мына ханның тұсында,
    Айналды қазақ мазаққа.
    Орта болып, Кіші боп,
    Кіріңдер дейді тозаққа.

    Сауатсыз десек не оңамыз,
    УӘЛИХАН ҚАЙСАРДЫ,
    Өзгертетін өмірді,
    Танымай жүрміз жайсаңды.

    Өткізбейді әрине,
    Президенттікке Қайсарды.
    Азамат еді білімді,
    Қазақтан шыққан байсалды.

    • #50
    • е е
    • дн, 09/03/2015 - 18:03

    Кайсаров жаксы киси.казакшага судай.бул киси туган жери Кокше ме екен?

    • #51
    • МҰСТАФА ЫБЫРАЙХАН
    • дн, 09/03/2015 - 18:23

    Кандидаттарды іріктеу орталығында Дихан Қамзабеков та отыр . Ғалым , тіл маманы . Л .Сүлеймен Қайсаровқа баға беретіндей ,қай мамандық иесі .неге Л. С .жалғыз жауап береді ,қалғандары қайда .Әлде әр кандидатқа біреуі ғана тиесілі ме .Сұрақ көп . Сайқы мазаққа ,біреуді мақтап ,біреуді даттау ма . Қайсар қайсар Азамат . Ел Басы болуға Лайық .

    • #52
    • Сырт көз
    • дн, 09/03/2015 - 19:43

    Уәлихан Қайсар кезінде сенатор болып, белсенді азамат екенін көрсеткен, қазақшасы да бар сияқты, естуімше АҚШ-та да оқып келген.Енді дауыс беру әркімнің өз қолында ғой, ол үшін несіне қызыл кеңірдек боласыздар?

    • #53
    • Серік
    • дн, 09/03/2015 - 21:22

    Кезінде лингвистикалық комиссия қазақша мақұрым Ғани Қасымовты емтиханнан өткізген. Оның қасында Қайсар Уәлиханның қазақшасы мықты. Көзі жылпылдаған, басы қалтылдаған М.Жолдасбеков жүрген жерде әділдік болмайды. Біздің ақсақалдар осындай... Билік Уәлихан Қайсардан қорқады. Халықты өзіне аударып алады ма деп. Н.Назарбаевты жеңе алмайды, бірақ біраз дауыс алар еді. Өзін халыққа танытар еді. Лингвистикалық комиссия - тсқауылдың бір түрі.

    • #54
    • Сайран
    • дн, 09/03/2015 - 22:38

    Уәлиханды 10жылдан бері білемін сенатор болғандада ел үшін көп шаруа атқарды білімді әділетті нағыз ел басқара алатын тұлға Қарағанды облысының тумасы әттең тонның келтесі-аи демекші кәзіргі жемқорлық жаилаған мемлекетте парасатты осындай азаматтардың билікке келуі қиынғой

    • #55
    • Адайшал
    • дн, 09/03/2015 - 23:16

    Ең дұрысы АБАЙ КЗ Қайсаровты интернет конференцияға шақырсын, шындықты өзінен естиік.

    • #56
    • Елдос
    • сс, 10/03/2015 - 0:28

    Қазақ тілін білмеген үшін ақтап отсындарма, бұл Бір, екіншіден бұл азамат ел баскара алмайды. Айқайлап шындық айтқан адам президент бола беру керекпа? Басқасын койып тілді менгерсин биринши. Ұпай жинау ушин тусип журген адам бұл. Назарбаевтан басқада тұлға бар, бірақ осы кісі емес.

    • #57
    • әділ адам.
    • сс, 10/03/2015 - 0:52

    Қайсаровты, дәл М. Жолдасбековпен салыстырғанда әлде қайда Адам! М. Жолдасбеков сияқты сайқалдардың бүкіл бір Мемлекеттік коммисияның төрағасы болғанына қайранмын! Өткен (2006 ж) өтірік сайлауда қазақ тілінен мақұрым Ғ. Қасымов емтиханнан қалай "сүрінбей" өтті? Қазақша нашар сөйлейтін М. Елеусізов қалай өтті? Әрине, оларды сақалын сатқан М. Жолдасбеков өткізді! Ақ Орданың бұйрығымен! Так, что бұл жерде әділдікті, сауаттылықты Қайсаровтан емес, Ақ Ордадан талап етіңдер!

    • #58
    • нурлан тараздан
    • сс, 10/03/2015 - 8:14

    53 54 55 57 сиздерге 100пайыз косыламын Кайсаравты билмегендр оппозициялык газеттен окысын бул биликтин тагы аяктан шалу китургысы

    • #59
    • Әлима
    • сс, 10/03/2015 - 9:55

    3 рет өтпей қалған((( бұл масқара ғой, не күткен сонда. Орыстар айтпақшы "Бог любит троицу" - үш рет емтиханға қатысты алайда еш нәтиже болмаса, осымен тоқтаса боладЫ))))

    • #60
    • Зере
    • сс, 10/03/2015 - 9:55

    ол Қзақастанның азаматы, алайда мәңгүрт.

    • #61
    • Алишер
    • сс, 10/03/2015 - 9:59

    кызык екен))) мен де озимди усынып коремин ба деп коямын)))

    • #62
    • Бекарыс
    • сс, 10/03/2015 - 10:00

    маскара болган екен, биреуи 97 кате, биреуи баска елдин азаматы

    • #63
    • Алия
    • сс, 10/03/2015 - 10:00

    казак тилин билмей калай озин усынады екен???

    • #64
    • Айбол
    • сс, 10/03/2015 - 10:02

    менин ойымша бул жай гана азил ретинде сиякты, ал егер шынында ол киси озин усынып, президент боламын деп ойласа уят болган екен

    • #65
    • Бексултан
    • сс, 10/03/2015 - 10:03

    уят екен)))

    • #66
    • Сагындык
    • сс, 10/03/2015 - 10:05

    уят емес, маскара болган! баскалар естимесин! казакстанда президентикке умиткер казакша жаза алмайды дегени

    • #67
    • Айжан
    • сс, 10/03/2015 - 10:05

    елбасы болу үшін патриот болу керек, ал ана тілін білмесе қайдағы елсүйгіш?!

    • #68
    • Асылхан
    • сс, 10/03/2015 - 10:06

    сұрақтар қиын емес қой. осындай да жауап бермесе, ары қарай не болатын еді. ұят нәрсе екен.

    • #69
    • Шолпан
    • сс, 10/03/2015 - 10:08

    осыларды отыргызып койып сурасан: Осыншама кате жиберип, не ойынды ана тилинде толыктай жеткизе алмайсын, сонда да сайланбакшысын ба? деп!

    • #70
    • Марат
    • сс, 10/03/2015 - 10:10

    Шолпан, немесе былай))): президент болсан, казак тилин уйренесин ба, жок, мемлекетти баскарасын ба? деп!)))

    • #71
    • Айка
    • сс, 10/03/2015 - 11:09

    Ел басқару оңай іс емес. Президенттікке өз кандидатурасын ұсыну үшін осы орынға лайықты деңгейде болуы керек қой.

    • #72
    • Қазақ баласы
    • сс, 10/03/2015 - 11:45

    Ағайындар Қайсаровты нақты білмей, жеке тілдесіп көрмегендердің сыртынан өсек сөз айтуларың өте теріс іс. Қазақ баласы қандай жаман болса да қазақ баласына теріс сөз айтпауымыз керек. Қазақты жамандайтындар бізсіз жетіп жатыр. Бізге енді жаман қазаты ешкім бермейді. Аз қазақ бөлінбейік. Ал Президент кім болады оны бір Аллаға тапсырайық. Ел тыныштығын ойлайтын , ел бірлігін ойлайтын азамат бар шығар. Нұрекең де Ел болашағын, алда не боларын ойламайды деп кім айта алады. Президент мойнында бүкіл ел тағдыры тұр емеспе. Бос сөзді доғарайық ағайын.

    • #73
    • МӘңгүрт
    • сс, 10/03/2015 - 12:49

    Шіркін, осында Қайсаровты мәңгүрт деген шешенсымақтар мен Қайсаровты кездестіріп білім деңгейлерін, мемлекет құрылысы туралы түсініктерін салыстырып байқар ма еді.

    • #74
    • Galiya
    • сс, 10/03/2015 - 12:50

    Диктанттан қате жіберген адам ел басқара алады дегенге күмән бар. Мұндай жауапты қадамға үлкен дайындықпен келу керек.

    • #75
    • Әтембек
    • сс, 10/03/2015 - 12:58

    Осыған дейін ұсынылғандардың ішінде (өзін-өзі ұсынғандардың) Уалиханнан артық танымал,лайықты кандидат жоқ.Біз қанша айтысып,тартыссақта,сайлау деген бізде спектакль ғой,кімнің жеңетіні де белгілі.

    • #76
    • Айқын
    • сс, 10/03/2015 - 15:48

    Қайсаров, қатты қобалжыды ма әлде шынымен басқа елде азаматтығы бар ма? Осындай жауапты сәтте қате жіберіп жатса не болғаны. Мұндай адамдар биліктен алыс болу керек. Ел тізгінін ұстап қателессе бүкіл халықты орға шығады.

    • #77
    • Olzhas
    • сс, 10/03/2015 - 15:50

    Барлық кандидаттардан көрі, осы азаматтың, оң болсын, сол болсын аты шықты.

    • #78
    • Алаш
    • жм, 18/09/2015 - 18:50

    Уәке? Мына пікірлерді оқып отырып жағамды ұстадым, Сізді білетіндер аз екен. Ешқашан мойымай осындай биліктен болып отырған құйтырқы халыққа жалған ақпарат беру т.б. нәрселерге мойынсұмай алға қарай Ұмтыла беріңіз. Бір АЛЛА қолдасын.

Пікір қосу

  • 5 + 24 =

Вход