Жұма, 29 Наурыз 2024
Болған оқиға 6157 0 пікір 16 Наурыз, 2015 сағат 18:51

ҚЫРЫМДЫ БАСЫП АЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ПУТИН ӨЗІ БАСҚАРҒАН

Украинаға қарасты Қырым автономиясы және Севастополь қаласын Ресейдің басып алғанына жыл толды.

Өткен жылы Украинаның сол тұстағы саяси билігіне қатысты халық наразылығы шеруге ұласып, оның соңы Януковичтің билікті тастап, Ресейге қашып кетуімен аяқталған еді. Осы тұста Ресей "орыс ұлты өкілдерін" қорғау деген желеумен Қырымға әскер кіргізіп, ақыры референдум өткізіп, "халық таңдауы - осы қырымдықтар Ресейге қосылуды қалайды" деген қорытынды шығарып, Қырымды басып алған еді. Әлемдік қауымдастық Ресейдің бұл ісін Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деп әлі күнге дейін айыптайды. Алайда, Ресейдің ресми билігі Қырымның Ресейге қосылуы тарихи әділеттілік деп есептейді. Және солай екенін мәлімдеумен келеді.

«Россия 1» телеарнасынан көрсетілген Андрей Кондрашовтың «Қырым. Отанға оралу жолы» деп аталатын деректі фильмде РФ президенті Путин Қырымды басып алу операциясын тікелей өзі бақылап, жүзеге асырғанын айта келіп, Қырымды басып алуға әскери күш қолданғанын, Украина территориясына басып кіру үшін Федерация Кеңесінің келісімін алудың да қажеті болмағанын айтады. Бұл туралы bbc.co.uk жазады.

Осылайша, XXI ғасырда Ресей өзге елдің территориялық тұтастығын "орыс ұлты өкілдерін қорғау" деген желеумен оп-оңай бұзып, бетперде киген әскери күшпен басып ала алатынын көрсетті.

Ресейдің бұл әрекеті Совет өкіметінен Тәуелсіздік алған көптеген елдерді шошытып, әлемдік қауымдастықты тіксіндірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604