Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 6067 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 05:26

КӨҢІЛСІЗ СҰРАҚ: КІМ ҮШІН? НЕ ҮШІН?

Қырғызстанда соңғы 10 жылда 2 төңкеріс болды. Не ұтты? Ештеңе! Бірдеңе өзгерді ме? Жоқ! Есесіне, қаншама адам қаза тапты, қаншама ғимараттың тас-талқаны шықты, кəсіпкерлер ойбайлап жатты... Революцияның салдарынан экономика күйреді, халықтың əл-ауқаты да керемет боп кеткен жоқ. Демократ дегендеріңіз бүкіл əлем алдында варвар атанып, масқарасы шықты... Ақаевтың кезіндегі шағын "демократия аралы" - Бакиевтың билігімен диктаторлық режимге ауысты. Батыс пен Ресейді алдап соғам деген Құрманбектің супер-қулығынан түк шықпады. Бұл Ақаевтан өткен тойымсыз сорақы боп шықты. Бакиевке қарсы революцияда алғашқыдан да көп адам көз жұмды... Марқұмдарды снайпермен құлақтың түбінен көздеп атқаны, талдардың үстінде беттерін жапқан "əлдекімдердің" көздеп тұрғанын көптің көргені... бұл төңкерістің артында кім тұрғаны бəрі кезінде айтылды-жазылды...

Одан кейін көліктегі Путинмен көше аралап киноға түскені үшін жуырда пəленбай млн алған актер келді саяси сахнаға. Ол кезде оның актерлық талантынан да бейхабар екенбіз-ау... Айтпағым, содан не өзгерді? Екі дүркін революция ол елге нақты не əкелді? Қырғыз елі саяси тұрғыда дамып кетті ме, материалдық өлшеммен байып кетті ме? Сол солқылдақ саясат... жарықтық екі жаққа да жалтақ... Кедей елдің күбісі де пісіп кетпеді... 
Бүліктің басы осыдан тура 10 жыл бұрын болған Парламент сайлауынан басталып еді. Ақаевтың ұл-қызы депутат боп сайланып... Халық қарсы шықты... Ақыры əкелерін "тақтан" түсіріп тынды... 
Сынған ғимарат жөнделді, қираған дүние қалпына келтірілді, қос қашқынның мұртын балта шаппады... Тіпті Ақаевтың заманын зар жылап жоқтағандар да кезікті... 
Сонда деймін-ау, төңкерісте шейіт болған қырғыздар кім үшін, не үшін құрбан болды?
Ішті удай ашытатыны - беймезгіл үзіліп кеткен раушан-тағдырлар...
Иə-иə... Раушангүл төңкерісі... Алаң... Алқызыл қанға боялған раушандар... 
Ал ертеңіне алаңдағы қан жуылып тасталды... Үзілген "раушандар" көмілді... Таң қайта рауан атты... Жаңа раушандар гүлдеп шықты... Бəрі де ұмытылды... Көкейде көңілсіз сұрақ қана: кім үшін? не үшін?

 

Дина ТӨЛЕКОВА.

 

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500