Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 7348 0 пікір 1 Сәуір, 2015 сағат 22:52

АҚПАРАТТЫҚ МАЙДАНДА НЕ ІС ТЫНДЫРДЫҚ?

Кеше Сарыарқадағы Кинопарктен "Снайпер" (American Sniper) фильмін көріп қайттық. 160 адамды (биресми 255) жер жастандырған адамды дәріптеу дұрыс емес дерсіз. Бірақ америкалық тұрғыда ол - қаһарман. Фильмнен америкалық патриотизмнің биік үлгісін көрдім. Кино ғой дей салуға болады. Бірақ Крис Кайл есімді "теңіз мысығы" шынымен бұл өмірде болған мерген. Ол өз майдандасының қолынан қаза тапқан кезде америка жұртының қалай қайғырғанын көрдім (жаңалықтар мұрағаттарын қарап). Тараздағы теракті кезінде өзін құрбан еткен Ғазиз Байтасовты солай жоқтай алдық па? Есіме алдым, америкалықтармен салыстырдым... Жоқ. Біз жоқтамақ түгілі, мән де бермеген сияқтымыз. 
Америкалық арманға шын сенетін, елін сүйетін, жұртын сүйетін, елінің, халқының, өз отбасының қауіпсіздігін басты орынға қойған Крис Кайлдың бір сөзі ұнады. Ол "террористерді құртпасақ, олар Детроит пен Чикагоға, сенің және менің үйіме жетеді. Отбасыларымызға қауіп төндіреді", - дейді. Мың жерден саясат, америка өзі ұйымдастырған соғыс, т.б. десек те, қарапайым азамат ретіндегі оның сөзі шындық.
Мысалы, біздің қайсымыз, Сирия мен Ирактағы ИШИМ менің еліме, менің отбасыма қауіп төндіруі мүмкін деп отырмыз? Айтпайды емес, айтып та жүрген шығармыз... Бірақ сол қауіптің бетін алу үшін не істеп жатырмыз? Осы ФБ-да отыратын қалың журналистер ИШИМ-ге қарсы қару алып қарсы шықпасақ та, ақпараттық майданда не іс тындырдық?
Фильмді көріп отырып, біздің әңгіме бос сандырақ екенін ұқтым. Ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Идеологиямыздың басты бағыты етіп ешқашан ескірмейтін, сатылмайтын құндылық - сезімді, махаббатты алуымыз керек шығар. Бірден Отанды сүй деп қинамай, өзіңді сүй, отбасыңды сүй, жұмыс орныңды сүй, меншігіңді сүй, көршіңді сүй, соны қорға, (Абайдың үш сүюі керемет құрал) сен өссең елің де өседі, сен өшсең елің де өшеді, еліңнің болашағы сенің қолыңда деп тәрбиелеу керек шығар. Сонда әрқайсымыздың ішкі эголарымыз жиылып келіп, Отанға деген ортақ эго болар. 
Бір анығы - кез-келген игі идеология жемқорлық бар жерде тұл. Бұл енді таусылмайтын тақырып.
Өз ойым өзімдікі. 

Жомарт АЙТҚАЗЫ.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505