Бұ не мазақ?

АЛМАТЫНЫҢ МЕТРОСЫ АДАМ АЛАЛАЙДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматыдағы метроға кіріп, оның игілігін көру қиын болып тұр. Мен басымнан өткен жайттарды баяндайын.

Міне, екі жыл болды (2013-2015 жылдар) Алматы метросындағы полицейлер мені себепсізден себепсіз бірнеше рет тоқтатты. Неге екендігін білмедім. Киімім таза, қоғамдық тәртіпті бұзған жан емеспін. Содан азаматтық құқығымды алға салып, 2014 жылдың қазан айында ҚР Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әбілдә Әбдікәрімовпен кездесіп, осы жайды айтқан едім, метро полицейлері заңсыз әрекеттерін уақытша доғарды. Алайда, биыл әлгі полицейлер өздерінің бұрынғы заңсыз әрекеттеріне қайтадан кірісті. Мүмкін, бұл мекеме ҚР Ішкі істер министрлігіне пысқырмайтын, дербес автономиялық құрылым шығар? Онысын түсінбедім...

Біздің Конституциямыз бойынша, кез келген дискриминацияға тыйым салынған. Мейлі, сен африкалық бол, азиат бол, ешкім себепсіз тоқтатып, жолыңды кесуге қақылы емес. Мен талай шетелде болдым, метроларды пайдаландым: Лондон, Киев, Рим, Чикаго... Әдетте шетелде метродағы полицейлер жайдан-жай ешкімді тоқтатпайды. Неге біздегі жергілікті метро полицейлері дискриминация (алалаушылық) саясатын жүргізеді?

Полиция қызметкерлері менің арызыма ешқандай нақты жауап бермей отыр. Мемлекеттік ұйым болған соң, олар осындай арыздарға заңмен белгіленген мерзім ішінде нақты жауап беруге міндетті. Полиция - ешкімнің жеке меншігі емес. Алайда, менің арызыма жауап жоқ. Тек қана бюрократиялық сілтемелермен шектеледі. Соңғы екі жыл ішінде, шамамен жиырма рет мені себепсіз тоқтатты. Жарайды, адам түгілі электрондық-есептеу машинасы да анда-санда жаңылып кетер, бірақ, мені себепсіз тоқтатқаны - қателік емес. Бұл – белгілі бір дискриминациясының тәсіліне жатады, психологиялық қысым. 

Егер мен бірдеңе бүлдірген болсам: «Мына азамат іздеуде жүрген қылымыскер», - деп неге айыбымды мойныма салмайды? Кінәсіз болсам, неге кешірім сұрамайды? Алматы метросы – жер астындағы көлік қозғалысы бойынша ең шағын меторполитен. Жолаушысы да аз.

Қазіргі экономикалық дағдарыстың кезінде, бюджет шығындарын қысқартқан жөн. Өз бетімен кеткен Алматы метросындағы Ішкі істер басқармасын түгелімен жойсақ, бюджетіміздің елеулі бөлігін үнемдейміз. Метро станцияларында анда-санда қарауыл жасайтын полицейлерді аудандық басқармалардан жіберуге тура келеді. Сөйтіп, әсем қаламыздың орталығында орналасқан метро полицейлерінің керемет ғимаратын балабақша немесе қонақ үйі секілді тиімді кәсіпорынға беруге болады. Ал, болашақта Алматы метросы үлкейген соң мүмкін полицей басқармасы керек болар. Әзірше, оның қажеттілігі шамалы. Оның үстіне тірлігі - анау. Жарты ғасырға жуық уақыттың шегінде әрең іске қосылған метроны алматылықтардың кәдесіне жаратқан қала әкімі Ахметжан Есімов мына әңгімені естісе, қарекетсіз қалмас деп ойлаймын.  

Данияр НАУРЫЗ

Алматы

 

Abai.kz

12 пікір 2171 рет оқылды Қосылған: 08.04.15
    • #1
    • ома
    • сн, 08/04/2015 - 10:28

    бұл жер асты метромыздың айналасында ішкі істер қызметкерлері бекерден бекер тоқтату мүмкін емес қой бірақта тоқтатып жатса сіз қандайда бір күдік болған соң тоқтатқан болар егерде сіз өз куәлігіңізді көрсетсеңіз кешірім сұрап жіберу керек қой

    • #2
    • Аткатбай
    • сн, 08/04/2015 - 10:43

    Бізде сынды жау ретінде қарайды НУР КЗ сайтын сынға алып едім менің коменттерімді біреуін де шығармай менің сөз бостандығымды аяқ асты қылды, бұл бұтіл заңдылықты сақтаған жағдайда

    • #3
    • сезбес
    • сн, 08/04/2015 - 11:51

    Данияр,сақал қойыппа едің,терорист деп күдік туғыздығң ба екен.

    • #4
    • Жаңа оқырман
    • сн, 08/04/2015 - 13:47

    Данияр, сен өзің айнаға бір дұрыстап қарап алшы, мүмкін уахаббист-терроршыларына ұқсастығың бар шығар? Ондай жағдайда түріңе "косметика" жасауың керек, сақал-мұртыңды алып дегендей... Пластикалық ота жасатып, түр-әлпетіңді Шыңғысханға келтіріп алсаң тіптен дұрыс болады! Жо-жоқ, онанда сап-сары орысқа ұқсаттыр! Во-о, сонда сені ешкім тоқтатпайды!

    • #5
    • Бәкен
    • сн, 08/04/2015 - 13:53

    Меніңше, Дәниярды оппозициялық партия жақтастарының жиналысынан көріп қалған , сосын қысым жасап , "отырсаң опақ, тұрсаң сопақ" жасау үшін фотосуреттерін полиция қызметкерлеріне үлестіріп берген. Әрине, суретті беріп тұрып, ерекше тапсырманың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруді де ұмытпаған... Міне солай.

    • #6
    • Алғысбек
    • сн, 08/04/2015 - 14:22

    әңгіме былай, мен Астанада жұмыс істеймін. біз істейтін жерде ресейден келген ұлты орыс гастарбайтерлер бар. солардың ешкім көшеде тоқтатып тексермейді., есесіне ұлты қазақ, арқалық, шымкенттің қазақтарын менттер кешке дейін тоқтатып тексереді. бұл не сонда?

    • #7
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 08/04/2015 - 14:58

    Мына Данияр деген "ауылбайский" ақымақ екен ? !
    Ондай "культурный" жерде "культурный" Алма-Атынецтер жүреді.
    Әкімі атасынан қалған гольф ойнайтын жерде, экологы Алатауды ақ крәскемен бояйтын жерде сен атаңның басын жоғалттың ба ?
    Отырмайсың ба ауылыңда құйрығығды қысып, АЛМА-АТА сенің не теңің ?

    • #8
    • pikir
    • сн, 08/04/2015 - 15:55

    algysbek durys aitasyn ondai ala koretin koz qaras bar

    • #9
    • (*!*)
    • сн, 08/04/2015 - 16:26

    Метроға түскесін айналаға алақ-жұлақ қарамай, ондағы безелген әшекейлерге сұқтанбай, мә, мынаны неден істеген екен деп, қолмен сипаламай, ешқайда мойын бұрмай сүлесоқ өте шықсаң тексермеуі керек еді.

    • #10
    • Тексерсін
    • сн, 08/04/2015 - 23:04

    Қәзір заман қыиын тексерсін бәлкім шешең біреумен ойнас істеп туған шығарсың түрің қазақ емес шығар
    тексерсін бұндай мақала жазуда ақымақтық
    бізге ел тынштығы керек

    • #11
    • А
    • бн, 09/04/2015 - 9:12

    Метро мен талай журмиз, полиция токтаткан емес, жарты гасыр салды деген отирик ангиме, СССР кезинде басталды 88-89 жылдары, СССР кулдыраган сон финанс табылмай бираз жыл токтап турды, 2005 кайтадан бастап проблема шешимин тапты, казир мамандардын кобиси озимиздин каракоздер осы жумыска ысылып, дурыс коллективке айналган сиякты, сондыктан гап данияр дын озинде шыгар. Полициянын тексергени дурыс, небир акымактар бар, эскалатормен котерилип келе жатырмын, бир казак батенкесин эскалатордын резинасына тигизип бара жатыр, неге десем батенкемди таза лап келе жатырмын дейди былк етпей.

    • #12
    • Серікжан
    • дн, 21/03/2016 - 22:43

    фашизм деген осы. Еліміз фашистік мемлекетке айнала бастады. Полицейлерде мәдениет жоқ, билікке арқаланып білгенін істейді.

Пікір қосу

  • 2 + 12 =

Вход