Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6276 0 пікір 25 Сәуір, 2015 сағат 08:21

АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ РУХЫ ТІРІ МЕ?

 

Константинополь қарудың күшімен емес, рухтың күшімен бағындырылған еді.

Фатих Сұлтан Мехмет Константинопольді басып алуға жан-жақты дайындық жүргізді. Жорық үшін қаншама адам тартылды, қаншама күш жұмсалды. Бірақ мың жерден тыңғылықты әскери әзірлігі болса да, Мехметтің "Константинополь уысыма түспей кете ме?" деген күмәні үмітінен басым түсе бере-тін.

Фатих дабыл қағылардан аз уақыт бұрын үстіне шоқпыт шапан киіп, түрін өзгертіп жұрттың жорық туралы не деп жатқанын білу үшін ел аралауға шығады.

Күн ұзақ халықтың жай-күйімен танысты. Жолыққан жандармен сыр тартып, суыртпақтап әрдеңені сұрап, әңгіме-дүкен қылды. Күн екінтіге ауа әлденіп алу үшін азық алуға базарға келді. Базардағы сатушыдан ыстық тандыр мен бал сұрады. Сонда сатушы:

- Нанды менен ал, ал балды мына көршімнен ал, - дейді.

Сатушының ұсынысын ұқпаған Мехмет:

- Балды неге сенен ала алмаймын? - деп сұрады.

Сатушы күрсініп, көршісіне жанашырлықпен көз тастап:

- Бәріміз нанталап қып базарда жүрміз. Ал, көршім таңнан бері ештеңе сата алған жоқ. Балын сатып, бала-шағасының нәпақасын айырсын, - деп жауап қайырады.

Базардағы жәй сатушылардың бір-біріне деген атқақтаған бауырмалдық сезімін көріп, айран-асыр болған падишах: "Мен мұндай мейірімділікті заңдылыққа айналдырған халқыммен сөзсіз Константинопольді бағындырамын" деп шарт түйінеді...

Алаш баласын алдағы күндері үлкен асулар күтіп тұр. Бұйырса, Тәңір жар болып, Елбасымызбен талай белестерді бағындырармыз. Бірақ бір-бірі үшін етінен ет кесіп беретіндей Алаш баласының бұрынғы жансебіл рухы тірі ме?..

Мұхан ИСАХАН

(Жазба автордың фейсбуктегі парақшасынан алынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610