Әлеумет

Қажымұқан Ғабдолла. Дауыл алдындағы дамыл ма?..

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Ұлт пен қоғам ісінде рухани табысқан  әріптесіміз саясаттан  кетті... Ұрыс алаңын қайсар қаһарман, баталы батыр тастап кеткендей, жалғызсыраған сезімде қалдым...
Саясаткер, қоғам қайраткері, Варшава университетінің Халықаралық экономикалық және саяси қатынастар магистрі, экономист, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжанның уәжіне құлақ түрдім: «...Қазір менің арым таза. Мен халықты ояту үшін, билікке әсер ету үшін барымды салдым. Қоғамдық өмірге араласқан сәттен бастап айтқан әр сөзім мен әр ісіме өзім жауап беремін. Тіпті, бүгінгі мәлімдемеме де ешкімнің, биліктің де, оппозицияның да, олигархтың да, қашқын саясаткерлердің де қатысы жоқ.

...Саясатқа келетін заман болады, саясаттан кететін уақыт болады. Өйткені, осы жұмыспен үнемі айналысу мәңгі емес. Менің саясаттан кетуіммен біздің ұлттық демократиялық, патриоттық идеяларымыз өшіп, жұмысымыз тоқтайды деп ойламаймын.

Бір адамның күші шектеулі. Қоғамдық-саяси жұмыстарда төрт жарым жыл жүрдім. Сондықтан, кететін уақыт келді деп санаймын. «Халықтық альянс» ұйымымыз бар. Олар полигондар мен гептилге қарсы жұмыстар жасап жатыр. Жігіттер, әріптестеріміз еуразиялық одаққа қарсы шығып жатыр. Мұның бәрі жұмыстың жалғаса беретінінің көрінісі. Мен жеке себептерге байланысты саясаттан кеттім. Ал, ойыммен осы бағыттамын. Әрі қарай қалай болатынын уақыт көрсетеді.

...Бала кезден бойыма сіңген өмірлік тәрбием мен білімімді және еліме деген махаббатымды ешкім өзгерте алмас. Кез-келген нәрсеге бір сұрақпен: «Мұның елге пайдасы бар ма, жоқ па? - деп қарау керек. Сонда бәрі өз орнына келеді.

...Ара салмаққа тура көзбен қараған жөн. Мен отбасыма жауап беруге міндеттімін.

...Халық бәрін жақсы біліп отыр. Бірақ үндемейді. Күтеді. Әрі қорқады. Олар үшін басқа біреу істеп берсе екен дейді. Олай болмайды, болған да емес. Білек сыбанып, жеңді түріп, қара жұмысты бәрі бірдей істеуі керек. Басқа жол жоқ. Біз осыны жақсылап түсінуге тиіспіз. Сонда ғана ілгері жүре аламыз...»

...Түсіндім. Түйсік түйдім...

Қазіргі қазақ қоғамында жарық жұлдыздай жаңғырып, әртүрлі ұлттық мүдделерге қатысты айрықша көзқарас, орасан ойларын ашық айтып, Жәнібек пен Керей ескерткішін қызғыштай қорғаған, қазақ мүддесін қағыс қалдырған Ұлттық бірлік доктринасы мен Қытайға қазақ жерін жалға беруге жан-жүрегімен қасқая қарсы шыққан, Кеден Одағының қазаққа қай жағынан да тиімсіздігін аюға таяқ ұстатқандай дәлелдеп берген, Қытайдың экономикалық қаупі мен Жаңаөзен қасіретіне, ядролық полигондар мен гептилдің зардабтарына жаны ауырған Мұхтар Тайжан бауырым еді, бұл!..

Биліктің ұлт тағдыры безбенге түсетін кездердегі әрекетсіздігіне қарсылық білдіргені үшін талай айыппұлдар салынып, жауапқа тартылған Мұхтар Тайжан бауырым еді, бұл!..

«Ордабасы» корпорациясында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, Стратегия­лық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Президент Әкімшілігінде лауызымды қызметтер атқарса да, жылы бөлме, жұмсақ тағын тастап, қазағының қамына қабырғасы қайысып-қауышқан Мұхтар Тайжан бауырым еді, бұл!..

...Ақтай да алмаймын, даттай да алмаймын, Мұқа, атамыз қазақ: «Үмітсіз – шайтан» деген, үмітті үзбесек қана өзің айтпақшы: «...Ілгері жүре аламыз...»

...Кім білсін, шалымды шабуыл үшін шегіну де қажет шығар...

(Әлде, бұл – дауыл алдындағы дамыл ма?!. )

 Abai.kz

50 пікір 7403 рет оқылды Қосылған: 21.03.14
    • #1
    • қонақ
    • сб, 22/03/2014 - 9:27

    Енді солайғой мен Мұқтарды түсінем,жолың болсын бауырым,бірақ еліңді ұмытпағайсың,ел сенетін жігіттердің бір жары бар шығар деуші едім,ияда біреуге ұнағанмен біреуге ұнамайсың

    • #2
    • Бекжан
    • сб, 22/03/2014 - 11:52

    Мұхтар Тайжан кімге дауыс бермекші?

    http://www.youtube.com/watch?v=aOjrauXEeK4&t=10m45s

    • #3
    • Амангелді
    • сб, 22/03/2014 - 11:53

    Дұрыс істегенсің Тайжан батыр! Оппозиция деген аты болмаса ешқайсысы да қазақты ойлап бас қатырып жүрген жоқ! Білімің бар, басың бар азаматсың Байменов сияқты билікке барып жұмысқа кіріп адал қызмет жаса, сонда нағыз азамат боласың!

    • #4
    • Жалғас Қағазов
    • сб, 22/03/2014 - 11:54

    Рахат Әлиев деген қарақшы кейбір аңғал қазақтарға өзін Қазақстандағы барлық құпия істерді біліп отыратындай қылып көрсеткісі келіп неше түрлі өсектерді таратып жүр. Ал шындығында ол өзін оқшаулауға мәжбүр болып тығылып қашып жүрген сорлы.

    • #5
    • Дархан
    • сб, 22/03/2014 - 11:55

    шын себебін кім біледі екен?

    • #6
    • Сайын Мұқашұлы
    • сб, 22/03/2014 - 11:55

    Назарбаевка Путин нацпаттардын унiн ошiр дептi.

    • #7
    • Райымбек
    • сб, 22/03/2014 - 11:57

    Жалғас Қағазов, нагыз патриоттар оппозицияда екенiн бiлмейтiнiн уят екен. Мен сендей азаматарды тусiнбеймiн.

    • #8
    • Балта
    • сб, 22/03/2014 - 17:02

    Ұран тастады Қажымұқан,
    Құлак салғын қазағым!
    Енді қайтып келмесін,
    Ғасырлар көрген азабың.

    • #9
    • Г
    • сб, 22/03/2014 - 17:03

    БИРИГЕЙИК БАУЫРЛАР БИРЛИК КЕРЕК .БИРИКЕН СОН БОЛАДЫ ТИРЛИК ТЕ ЕРЕК. АТА -БАБАМ КОРГАГАН БАЙТАК ЖЕРДИ АМНАТ ЕТ УРПАККА БИРЛИГИНМЕН!!!!.ЖАХАНДАНУ ДАУИРИ ЖАСЫРМАЙМЫЗ БИЛИМ КЕРЕК УРПАККА БИРЛИГИНМЕН ..КОЗ АЛАРТЫП ДУШПАН ТУР ТУ СЫРТЫНДА КАЙТСЕМ ОСЫ КАЗАХТЫ ЖЕНЕМИН ДЕП КУЛЕ КИРГЕН КЕЛИМСЕК ДОСЫН ЕМЕС.МИССОНЕРЛЕР КАПТАП ЖУР ЖЫЛТАНДАГАН АЛСИЗ БОЛСАН ОЗИНШЕ КАМКОР САГАН ИШКИ СЫРЫН КИМ БИЛГЕН ОЛ ЖАНДАРДЫН .ЖАНАРЫНДА СЕЗИЛЕД ЖЫМЫСКЫ ОЙ.КАЗАХ БОЛЫП ТУГАН СОН БУЛ ОМИРДЕ КАЗАХ ДЕГЕН АТАУМЕН ОЛУ КЕРЕК!!

    • #10
    • Шаяхмет
    • сб, 22/03/2014 - 17:06

    Сен жанбасан лапылдап,
    Мен жанбасам лапылдап,
    Биз жанбасак лапылдап
    Аспан калай ашылмак!.. М. Жумабаев.

    • #11
    • Есмырза немересі
    • сб, 22/03/2014 - 17:19

    Біздің қазаққа Гитлер сияқты ұлтшыл көшбасшы керек!

    • #12
    • Байжігіт
    • сб, 22/03/2014 - 17:27

    10-пікір жазушы - Шаяхмет мырза, бұл Мағжан Жұмабаевтың емес түркиялық ақын Назым Хикметтің жыры:

    • #13
    • анарбек
    • сб, 22/03/2014 - 17:29

    демеуші ме ед улы акын осындайды,
    коп коруден шаршаган тосын жайды...
    "тас дегендер калады тас калпында"
    агып откен таскынга бас урмайды.

    • #14
    • Эксперт
    • сб, 22/03/2014 - 18:57

    Анонимный коммент жазудан ары ештеңеге бара алмайды қазақтың "батырлары" Креслосы айлығы мен бір жапырақ қазазы үшін /студенттер болса/ намысын айырбастауға даяр Мәселе Гитлер болуда емес Күнделікті өмірде, әркім өз жұмыс орнында ұлтық мүддені ұмытпауы /этническая солидарность, национальные интересы" ,честь дейді орыстар) Мәселен кино индустриясындағылар лағып кетті бір жаққа Қайдағы ежелгі замандар, түркілер мен жоңғардар Ал 300 жыл Ресей отаршылдарымен кескілескен күресті ләм мим демей бір кино түсіре алмады Аруақтан да ұялған жоқ Керісінше Әсел Сағатованы Мәскеуде орыс еркектің артынан жүгіріп ғашық болатын кино түсіріп Ресейге тарихымызда болмаған масқара жағымпаздық үлгісін көрсетті

    • #15
    • Таупих
    • сб, 22/03/2014 - 20:45

    Экспертпен келiceм.

    • #16
    • Руза
    • сб, 22/03/2014 - 21:11

    Айналайын, Қажымұқан! Сіздер сияқты текті жастар бір-бірін қолдап, бірінсіз басқасы жетімсіресе, бір-бірін батыр десе, түсіне білсе, әлі өсеміз деп үміттенемін!

    • #17
    • Марат
    • сб, 22/03/2014 - 21:36

    Оппозицияда журген ултшыл екi aйел болса сонын бiрi Руза, егер жалfыз айел болса ол да Руза.

    • #18
    • Жүсіп Мұхаммедшәріп
    • сб, 22/03/2014 - 21:54

    Мұхтар Шахановты бәрі біледі,
    Мұхтар Мағауинды бәрі біледі,
    Біле - білсең қайран бауырлар,
    Мұхтар Тайжан елінің жүрегі.

    Жүрегі сап алтын батыр бұл,
    Қазағына ерекше жақын бұл.
    Әлі талай ел үшін кұресер,
    Мәңгілік туар ән мен жыр.

    Жанболат Мамай ардағың,
    Махамбет Әбжан арманың,
    Қазақтың көркем ер қызы,
    Инга Иманбай ән - жаның.

    Мақтан етеміз бәрінде,
    Ұлт боп ашылар әріңде.
    Үлгі болсын бұл жастар,
    Ұлтты қорғайды тәңірде.

    • #19
    • Нұрғали
    • сб, 22/03/2014 - 21:59

    Ассалаумалекйм Ағайн.
    Мұхтар Қазағыма азды көпті амалын жасап үлгі көрсетіп кетіпті. Енді интернеттің ішіне кіріп алып қашанғы жоқтау айтып отырмақсыңдар. Ағайн енді кімді күтіпжүрсің? Өзіңде амалын жаса.
    Біріңді бірің жамандамасаң. Қай жерде жүрсеңде Қазақша сөйлеп. Еңбек жасапжүрген әрбір Қазақ балдармызбен қыздарымызды еш болмаса жылы сөзбен қолдапжүрсек. Балдарды теледидар алдынан алып, өнегелі тәрбиені өзің көрсетсең. т.б. Осының өзі амалемеспе?

    • #20
    • қонақ
    • жб, 23/03/2014 - 9:11

    Нұрғали !
    Интернетбатыр кажи-крачавчик Январевич сау болсын ! Ақорданың тас-талқанын шығарады,оған күмәнің болмасын.

    • #21
    • Руза
    • жб, 23/03/2014 - 9:11

    Ой, айналайын Жүсіп Мұхаммедшәріп! Оқып, жылап жібердім, тура. Жүректен шыққан сөз, жүректерге жете берсін! Қазақтың рухты баласы, ризамыз сізге!
    Маратқа: қазақтың ұлтшыл қыздарының қатарына қосқаныңызға рахмет. Ресейдің бодандығына қарсы әркім, шамамыз жеткенше күресе берейік!

    • #22
    • Барлас Гирей
    • дн, 24/03/2014 - 2:45

    Бауырлар комменттерді оқып отырып бәріңе риза болдым!Қазақ тілінің,ділінің,рухының барлығын шүкіршілік еттім!!!

    • #23
    • Гость
    • дн, 24/03/2014 - 10:25

    Сонда елде дауыл болуы мумкiн боп тур ау.

    • #24
    • Гость
    • дн, 24/03/2014 - 10:25

    Сонда елде дауыл болуы мумкiн боп тур ау.

    • #25
    • бл
    • дн, 24/03/2014 - 13:43

    Түйсік түймейді, ой түйеді. Сөз тіркестерін дұрыс құрып үйренейік.

    • #26
    • Қамбар Мұңсызбайұлы. Алматы облысы
    • сс, 25/03/2014 - 22:54

    Болатхан Тайжан ағамыз тайсалмастан елінің тағдыры ұшін тайталасқан тұлға еді. сені тұсінем саясат деген сайқалдың соңында қанша құрбандар болып жатқанын жолың болсын! арине бірінші кезекте отбасыңның амандығын тіле! Мұхтар мұқалма. дүние кезек.

    • #27

    • #28

    • #29

    • #30

    • #31

    • #32

    • #33

    • #34

    • #35

    • #36

    • #37

    • #38

    • #39

    • #40

    • #41

    • #42
    • Қызылорданың Дариясы
    • бн, 10/04/2014 - 10:59

    Ата жолын қуған ұл еді... амал бар ма елі соңынан ермесе. "Батырға да жан керек" деген қазақ. Әкесі Болат ағамыз қыршын кетпесе де , бергенінен берері көп жаста кетті. Ол да оған сабақ болған шығар, оның да отбасы бар ғой. Бірақ ОЛ оралады.

    • #43
    • Әлімхан
    • жм, 18/04/2014 - 15:32

    Бір адамның күші шектеулі. Қоғамдық-саяси жұмыстарда төрт жарым жыл жүрдім. Сондықтан, кететін уақыт келді деп санаймын. «Халықтық альянс» ұйымымыз бар. Олар полигондар мен гептилге қарсы жұмыстар жасап жатыр. Жігіттер, әріптестеріміз еуразиялық одаққа қарсы шығып жатыр. Мұның бәрі жұмыстың жалғаса беретінінің көрінісі. Мен жеке себептерге байланысты саясаттан кеттім. Ал, ойыммен осы бағыттамын. Әрі қарай қалай болатынын уақыт көрсетеді.
    /////////////////////////////////////
    Далбаса!
    Саясатта 30 - 40 жыл болған жігіттер бар. Қызметтен де, бизнестен айырылса да мұқалмас жігермен әлі де адами емес жүйемен күресіп келеді. Олардың аты - жөндері елге белгілі. Әркім әліне қарай шабады деген. Спектакльді аяғына дейін апара алмайтынын білгесін кетті бұл жігіт. Негізі Рахаттың әңгімесінің бәрі де рас болуда.

    • #44
    • Байулы
    • бн, 01/05/2014 - 12:36

    Болат Тайжан мырза!Мемлекеттик кызметке барыныз Сиз сол жерде журип те халкынызга коп пайда акелесиз !

    • #45
    • Қазақ үні
    • сс, 27/05/2014 - 11:21

    Мұхтар ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТ БАСШЫСЫ БОЛАДЫ ТҮБІНДЕ!!! ТЕК АМАН БОЛ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ТЕКТІ ҰЛЫ!

    • #46
    • Қаяз
    • жм, 13/06/2014 - 9:55

    Осы біздің Қызылорданың Дариясы керемет белсенді.Дариядай емес, теңіздей пікір айтады.Барлық мәселені біледі.

    • #47
    • Оқырман
    • жм, 11/07/2014 - 17:28

    Осы Руза деген ханымға билікті берсе ғой.Сөздеріне қарағанда- батыр.Бәрін тәубесіне келтіретін сияқты.

    • #48
    • Қазақ
    • сб, 12/07/2014 - 15:00

    Есмырза немересі әлі Гитлер көкесін аңсайды.Сұмдық-ай!

    • #49
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 13:45

    анына айт мынаны айт бірақта ішіндегіні кім біледі бұл кісінің бірақта бұл кісі халық алдында осындай деп айттып отған кісі арты қуыс болып халық алдына шығуға беті жоқ емес дұрыс көрді өзін сынап болмады қоя салды әдемі

    • #50
    • Төре
    • бн, 31/03/2016 - 19:22

    Әлде, бұл – дауыл алдындағы дамыл ма? Жаратқан Иеміз! Сақта - ҚАЗАҚ деген құлыңды?

Пікір қосу

  • 6 + 33 =

Вход