Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 6030 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 11:20

ҮНДІ САЗЫ ҺӘМ "ЕЛІМ-АЙ"

Кешенің ақшамы. Алматы қаласы. Жұмыстан шыға қалсақ, Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қилысында үндістің екі жігіті бір топ жүргіншіні үйіріп алыпты. Даланың үні, табиғаттың сыры, мүмкін табиғаттың адамға деген өкпесі мен мұңы. «Ей адамзат, тыңдашы...» дейтін әлдеқандай үн... маған солай естілді. Әйтеуір ойда-жоқта Алматының бір қуысында талып естілген осы музыкадан әлдеқашан жер бетінен жоғалып каткен «Араку тайпасының» қасіреті азынап, Урусула мен Хосеаркадионың жастығының желі ескендей болды. Екі жігіттің алдындағы қара сандыққта жұрт 200 бен 2000 теңгенің арасындағы банкноттарды қалтасынан оп-оңай суырып тастап жатты.

Мен осы жігіттерден 20 метр ғана ары тұрған Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы туралы ойладым. Дұрысы осы қауымдастық айналысуы керек шеттегі бес миллион қандасымыздың мәселесі туралы ойға шомдым. Атамекенді аңсап, жанарлары жәудіреген солардың жүрегінен «Елім-айлаған» осындай зарлы үннің есіп тұрғанына еш шүбәм жоқ еді. Не дегенде де, үндістер мен қоса қазақтар да геноцидтың оңбай құрбаны болды. Үндістерден аңыраған, азынаған үн жетті бүгінге, ал, біз бүгін мықтап қамданбасақ, шеттегі қазақтардан да елін аңсаған сағыныштың жырынан басқа ештеңе жетпей қала ма деп қорқамын!

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3602