Тарих

Қ. МҰХАМБЕТКӘРІМ. ҮШ ЖҮЗ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

        Қазақ хандығының үш территориялық-әкімшілік аймаққа, яғни үш жүзге: Ұлы жүз - Ақарыс, Орта жүз - Жанарыс, Кіші жүз - Бекарыс болып  бөлінуі сан ғасырлардан бері жалғасып келеді: 

        1. «Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

         Ұлы жүз тайпалары: 1. Сарыүйсін, 2. Шапырашты, 3. Ошақты, 4 Ысты, 5 Албан, 6 Суан, 7. Дулат, 8. Сіргелі, 9. Қаңлы, 10. Жалайыр, 11 Шанышқылы.

         Орта жүз тайпалары: 1. Арғын, 2. Найман, 3. Қыпшақ, 4. Қоңырат, 5. Керей, 6. Уақ.

         Кіші жүз тайпалары: 1. Байұлы, 2. Әлімұлы, 3. Жетіру.

         Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

 

        2.  Осы үшке бөліну ежелгі тарихшы Геродоттың еңбегінде де бар. Оның айтуынша скифтердің (қыпшақ-қазақтардың М.Қ.) атасы Тарғытай 3 баласына өз иелігіндегі жерлерді бөліп берген.

        3.  «Б.ж.с. дейінгі 2 ғасырда һұндердің жасаған жорығынан кейін, сақ (қазақ) тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және аландардың (алаш) тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, солардың атымен аталатын болды» («Қазақтың көне тарихы». 58 бет).         

        4.  2 ғасырдың екінші жартысында Сәнби тәңірқұты Таңшықай өз мемлекетінің құрылымын Мөденің үлгісімен жасап, өз жерін үшке бөлді: шығыс, орта және батыс аймаққа. Оның әрқайсысына ел ағаларын тағайындады. Сәнбилердің кім екенін Л. Гумиловтың сөзімен жалғастырсақ «Сәнбилер дегеніміз моңғолдар (Мұңалдар М.Қ.) еді, олар жеке тек ретінде хұндармен бірге жаралды да, бір толғақтан пайда болды.... 155-181 жылдардың арасында талантты ел көсемі Таңшықайдың тұсында қазіргі Монғолияның жерін өзіне қаратты және 177-жылы Ұлы даланы басып алуға ұмтылған қытайдың үш армиясының тас-талқанын шығарды». (Тұрсын Жұртбаев. Дулыға 2. 23-24 беттер).

        5.  «Жорықта жүріп шыныққан Руғила (Еділ-Аттиланың әкесі) патша үш ағайынды еді. Ақтар мен Мыңзық қос қанаттағы, өзі ортадағы әскерді басқарды». ...«Алман (герман) тайпалары да гот, шығыс гот, оңтүстік гот болып үшке бөлінген». ...«Түрік қағанатының дәстүрі бойынша әскер үшке бөлінетін. Қос қанатқа тек хан тұқымынан тараған ханзадалар әскербасылық ететін де, ортадағы жасақ тікелей қағанның өзіне бағынатын». (Т.Жұртбаев «Дулыға-2» 50. 151 беттер).

        6.  «...Шыңғыс, император, оңтүстікке бет бұрған билеуші», әскер мен ел басқаруды үш бөлікке бөлді: екі «қанат» - оң қанаты, Бауыршының басшылығындағы Алтайға жанасқан барыңғар және сол жақ қанаты, «го-ван» - «мемлекет князы» деген атақты иелденген Мұқалының басшылығындағы шығысында Цзинь империясымен жанасқан жоңғар. Орталық қараның – үшінші әскер тобының басшысы болып, Наяа тағайындалды» (І.Есенберлин. «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі» 56 бет). «149. Шыңғыс хан әмір етеді. «Қай жақтан нендей бір жау келуі мүмкін. Менің тоғыз сайытым үшке бөлініп жүріңдер!» («Моңғолдың құпия шежіресі» 80 бет).

        7.  «Кейінірек Шыңғысханның тақ мұрагері Жошы ұлысы да, оның екінші ұлы Берке ханның кезінде үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталып, Алтын орданың ұлы ханы Берке ханға бағынып тұрған. Ол жайлы Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деп жазды: «Шыңғыстың үлкен баласы Жошыхан өлген соң оның орнына Бату Жошы баласы хан болды. Оны орыстар Батый дейді. Ал лақап аты Сайын хан еді. Оның орыс жұртын қаратып алғаны 1241 жылы. Батудан соң інісі Бүрге хан болды. Жошыдан бұрын Еділ-Жайықта қыпшақ атанып тұрған түріктер бар еді. Бүрге хан үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда – бәрінің үстінен Алтын ордадағы Бүрге хан билеп тұратын. Ақ ордаға Жошының Шибан деген баласы, бер жақтағы тамам көшпелі ел Көк орда атанып, оған Жошының Тоқай Темір деген баласы хан болды. Біздің Әбілмансұр – Абылай хан осы Тоқай Темір нәсілі.

        Бүргехан мұсылман болып Беркехан атанды, оған еріп Тоқай Темірде мұсылман болды. Бүргенің орнына Тоқай Темірдің Маңғу Темір деген  баласы үлкен хан болып, оның інісі Тудамөңке болып, одан соң жоғарыдағы Маңғу Темірдің баласы Тоқтағу болды. Одан соң Батудың Мең Темір деген баласының Тұрғұл дегенінің баласы Өзбек хан болды. Мұның хан болғаны 1301 жылы еді. Осы Өзбек хан мұсылман болып, халқында мұсылман қылды. Сол мұсылмандық бұзылған жоқ. «Дін Өзбектен қалды» деген мақал осылай туған және сол ханның атымен барша Жошы лесі өзбек атанды.

          Жошы үлесінің үлкен ханы тұратын Алтын орданың орны осы күнгі Еділ суының бойында, Астрахан мен Саратов арасындағы Тсариф деген қала еді. Ноғайлар Сарай деп атап, оны орыстар Царив деп кетті. Сол кезде де біздің қазақтың орны осы Сарыарқада еді» («Қазақ шежіресі». 42-43 беттер).

 

        8.  Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".

 

        9.  Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

 

        10. В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

 

         11. М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.

 

         12. С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

 

         13. Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.

 

         14.  Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді.

 

         15.  Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

 

        16. М.С.Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз, - дейді. 

 

         17.  «ХІХ ғ. бірінші жартысында Маңғыстау қазақтары оңтүстік, орталық және солтүстік болып үшке бөлініп, бір шеті шығыста Қарабұғазда, екінші шеті – Қарақұм, Сам құмдарында, оңтүстігі – Түпқараған шығанағы мен Бозашы түбегіне, солтүстігі, Тайсойған құмы, Орь, Жем, Сағыз, Ойыл өзендерімен шектеліп жатқан кең өлкеде мал жайымен көшіп жүрді» (Востров В.В., Муқанов М., Жоғ. Көр.шығ., 248-254 беттер). Осы үшке бөліну дәстүрі Қазақтың қарашаңырағының иесі Байұлдарында сонау Ман Атадан бері сақталып келеді десек артық айтқандық болмайды. Себебі, күні бүгінде де Байұлында «үш сиық» тобы бар. Олар – Қыдырсиық, Бақсиық («бақытсиық) және Сұлтансиық. Еділ, Жайық,  Маңғыстау өңірлері де «Үш қиян» деп аталған бір территориялық аймаққа кіреді.

        Түсініктеме:  Қият (Қиян) Шыңғысхан шыққан рудың аты.

        18. Қазақтың үш жүзге бөлінуі тіпті әріден басталады. Ежелгі шежіре-дастандардағы қазақты «үш ананың баласы» дейтіндері осы. Олар сонау Адам ата заманынан бері мен, сен және ол болып үшке бөлініп келеді.

«Қазақтан Қырғыз, Алау-ды,

Айтып келем айырып.

Бөлінген тақта тарауды,

Алаудан - Алаш, Маңғыбай

Естімеген ел бар ма?

Бұлардың атақ-даңқын-ай.

Маңғыбайдан дүреген,

Алаштың алты баласы-ай.

Қатар екен көлемі,

Мал мен басы тең өскен.

Бір Алла берген ел еді.

Үш енеден туып дүреді.

Үш шешемнен туған соң

Осы еді ғой қазақтың

Үш жүз болған себебі.

Ағарыс пен Жанарыс.

Кенжесі екен Бекарыс.

Ақарыстың баласы:

Үйсін, Найман – Ұлы жүз.

Жанарыстың баласы:

Арғын, Қыпшақ – Орта жүз.

Бекарыстың баласы:

Алшын, Кеншін – Кіші жүз.

Бұл Қазақтың баласы

Өсіп еді қатардан,

Атамыздың даласы.

Еділ, Жайық – екі су.

Тоғайлық жатқан қалың ну.

Мекен еткен саласы» (Нұрым Шыршығұлұлы (Адай-Құдайке-Қосай-Сүйіндік) «Өткен мен айтып кеткенді, құтылайын міндеттен».

        19.  Әз әулиенің (Қазақтың) үш ұрпағы бар. Олар Ұлы жүз-Ақарыс, Орта жүз-Жанарыс, Кіші жүз-Бекарыс. «Бұлар халық арасында «Ұлы жүз – Үйсін», «Орта жүз – Арғын», Кіші жүз - Алшын» деп те атала береді» («Қазақ Совет энциклопедиясы» 4 том, 1974, 531-б).

       Бұл тізімді әлі де көптеп жалғастыра беруге болады. Бірақ, Біз бұл жолмен кете берсек, ақиқаттың «ауылына» ешқашан да жете алмаймыз. Ақиқаттың «ауылына» адаспай жетудің жалғыз ғана жолы бар. Ол «Сөз түбірі (өз түбі, яғни сол атаудың өзінің атасы) мен оның құрамын басшылыққа алу.

       Бүткіл жер бетіндегі (ғарышпен қоса) барлық атаулар мен ұғымдар қазақтың Ана тілінде қойылған. Осы тілде барлық атаулардың әрбір дыбысы (әрібі), үтірі мен нүктесіне дейін сөйлейді. Өзге тілде әлем тарихының құпиялары ашылмайды. Оны ашу үшін арнайы кілт (код)  керек. Ол кілт бүгінгі қазақтың Ана тілі. Тіл мен кілттің «Іл (ілкі)» деген бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді. Сөз түбірі жаңылыспайды.  Бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген. Жан, сөз, көз Ұлы жаратушы Алланың өзінен. Жаның сенің денеңе деммен (ауамен) кіреді, денең өз мүмкіншілігін тауысқанда,  денеңді тастап шығып Ауа анасына қайта барып қосылады, яғни Алла саған өзі берген жанын өзі алады. Алланың аманатын күнә (салмақ) жинамай, яғни Әділет пен Ақиқаттан ауытқымай  дұрыс орындай алсаң, жаның ұжмақтағы (көктегі) Алланың ұжмағына қосылады, салмақ (күнә) жинасаң, жер астындағы дозаққа барасың. Киелі Кітаптардың бәрінде  Ұжмақ көк те, дозақ жеті қат жер астында делінген.

       Демек, Қазақтың үш жүзі Аллатағала Адамзатты жаратқан бастау кезеңдегі Үш аналық текті (Ауа ана, От ана және Жер ана) және Үш Көктің ізін, яғни Үш Өгізді: Көк аспан, Көк өсімдік (ағаш) және Көк теңіз (су) атауын сақтап отыр.

       Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды:

    -  Үш саны топан суға қарық болатын Нұқ пайғамбардың руы Қосайлардың сандық атауы.         Сан демекші, он саны Мұңалдың лақап аты, яғни оның сандық атауы. Бұл сан Мұңалға дейінгі барлық аталардың: бірінші буын Адайдың екі баласы Құдайке мен Келімберді, екінші буын Тәзіке (сөз түбірі Әз), үшінші Қосай (сөз түбірі Ос, жер өз осінде айналады), төртінші Құнанорыс (Рысқұл), бесінші Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит (Семиттен Араб пен Ебрей тарайды), тоғызыншы Тобыш, оныншы Мұңалдардың жиынтығын құрайды.  Мұңалдардың Моңғол деп аталып жүргендерінің сыры осы.

          Үш - Қосай атамыздың лақап аты. Осы үш деген сөз түбірінен туындайтын күш, күшті деген ұғымдар Адамзаттың бастапқы даму кезеңінде осы Қосайлар заманында дүниеге келген. Қосай Адам (й) атаға рет санымен санағанда үшінші буын болып келеді.

           Қосай – біріккен сөз. Сөз түбірі Ос (Ош) болса,  Қос – екі,  немесе егіз + Ай деген сөздерден жасалған Үш санының атауын береді.

           Қазақтың «Күш-қуат» деген киелі сөзінің авторлары: Күштің авторы Қосай, Қуаттың  авторы аты айтып тұрғандай Қу мен Ад, яғни Құдайке ( Қу Адай әке) болып табылады.

           Ең алғашқы от жаққандар  Қосайлар. Маңғыстаудың қара ойының қақ төріндегі ең биік таудың Отпан (От ман, От адам) аталатын себебі де осы. Күні бүгінге дейінгі от жағатын қондырғыны «ошақ» және «мосы» деп атайтынымыз, осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

           Себебі, алғашқы ошақты да, мосыны да жасағандар осы Қосайлар. Ошақ пен мосының  сөз түбірлерінің (Ош, Ос) Қосай атаның «азан шақырып» қойған есімімен бірдей болатыны осы. Қосай атамыз «ошақ» және «мосы» деген бір ауыз сөзбен күні бүгінге дейін «авторлық құқығын» сақтап отыр.

          Төрт амалдың бірі «қосу» Қосайлардың лақап аты. Екеуінің де сөз түбірлерінің бірдей болатыны осыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды.

         Қосайларға «Аға баласы» деп аса құрмет көрсетілетінінің негізгі сыры да осы. Туған-тумаластарын, інілерін жанының жылуын беріп және от жағып жылытса, олар аға болмағанда кім болады?! Жанында ағасы бар жан қор болушы ма еді? Қосайдан жолдасың болса жолыңның болатыны да осы.

         Алланың хақ екендігін алғаш таныған Мұса (Мойсей) пайғамбардың да руы осы. Өздеріңіз көріп отырғандай Мұса пайғамбар есімінің түбірі «Ұс», бұл өз кезегінде құстың да сөз түбірі. Үш (сан атауы), Үс (үсті, үстіңгі), Ұш (аспанға ұшу), Ұс (ұстын), осы түбірден туындайтын Құс бәрі синоним сөздер болып табылады.

        Моңғол таза қазақ сөзі. Ол Мұңалдың лақап аты. Моңғол – сөз түбірі «оң», ары қарай ол, ғол (қол), оң қол, моңғол болып шығады. Бірінші тұрған «М» дыбысы әрқашанда Адам Ата есімінің соңғы, Ман Ата және Мұңал Ата есімдерінің бірінші дыбысын береді. Меніңше «Оң» мен  «Ол»-ға түсінік берудің өзі артық. Ал «Қол» деген сөздің негізгі екі мағынасы бар. Біріншісі адамның қолы, екіншісі қосын (жасақ, әскер). Сонда Моңғол сөзі – Адам, Ман, Мұңал аталарымыздың оң ісін (ақиқатын) жалғастырушы қосыны.

    -    Жүз – Нұқ пайғамбар елінің аты. Жу және Үз деген ежелгі аталы-балалы екі атамыздың (рудың) есімінен қалған. Сөз түбірі Үз (ұз, уз).  Бірінші буындағы Жу – Адайдың екі баласының үлкені Құдайке (Қу Адай әке) атамыздың есім тобына жатады. Мысалы, Ау (1), Әу, Бу, Гу, Ду, Еу, Жу (7), Зу, Қу(9), Ну, Оу,  Ру, Су, Ту, Шу(15). Барлығы қазақ әліппесінің реттік санымен берілген 15 түбір, яғни қазақтың әліппе дыбыстарының тең жартысын (15/15) құрайды. Басы Ауа анамыздың түбірі Ау-мен басталып Шу-мен аяқталып отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қу (Қу Адай, Қуман)  атамыздың есімі толып, толысқанды білдіретін тоғызыншы ұрпақ.  Ал, «Жу» бөлінбейтін жетінші ұрпақ, яғни бұл жерде де Бұзау-Жеменейлердің сандық (реттік) атауын беріп тұр. Жеті саны Араб пен Еврейлердің аталары семиттердің ағасы Бұзау-Жеменейлердің лақап аты. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған таудың Жуды деп аталатынының сыры осы.

       Екінші буындағы Үз (Ұз) түбір сөзі – Адай-Келімберді-Бұзау (Жеменей) атамыздың түп есімі. Бұл Адай атаның жетінші буыны Бұзау атамыздың сөз түбірі, яғни Айтумыс пен Жеменейдің әкесінің аты.

      Жүз сандық атау. Жүз саны Бұзау-Жеменей атамыздың лақап аты.

      Жүз – келбет (адамның, елдің, мемлекеттің бет-жүзі).

      Жүз – қылыштың, пышақтың жүзі. Себебі, қылыштың да, пышақтың да авторы Бұзаудың Айтумысынан тарайтын Шылым атамыз. Шылым мен қылыштың «ыл» деген бір түбірден болатыны осыдан. Адай ата шежіресіндегі, қыз алып, қыз берісуге тыйым салынған, туыстығы бөлінбейтін, жеті аталық жүйенің бастау алған жері, жетінші ұрпақ, қазақтың қасиетті жеті санының авторы Бұзау Жеменейлер. Олардың адами қасиеті қылшылдаған қылыштың жүзіндей өткір (білімді) болды.

-              Кеме (Нұқтың) тоқтайтын тауымыздың Жуды аталатынының сыры осы. Ол таудың қазіргі атауы Қазығұрт, яғни Қазық жұрт. Қазық қазақтың көптеген балама аттарының ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Себебі, басқа жұрттардың бәрі  келеді, кетеді. Ал, Қазық жұрт орнынан ешқашан қозғалмайды. Аспандағы Темірқазық жұлдызы да солай.  Ол да, қаққан қазық сияқты, мәңгі бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп тұра береді. Ал, алғашқы кеменің (ем, емдеу, емхана, еміл, емен, емле, темір, Иемен т.т.)  авторы Жеменейлер (Бұзаулар).

-              Жуды – сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) Һұд,  Жу және Ұд (Һұд) деген екі біріккен сөзден, яғни ежелгі екі атамыздың атынан тұрады. Бұл жерде Жу баласы, Һұд (Ад) қауымы атасы. Себебі, «Ы» дыбысы «И», «Й», «І» және «Н» дыбыстары сияқты кез-келген есім сөздің соңына жалғанса баласы, ұрпағы деген мағына береді. Мысалы, Тоқтамыс Жары, Бектеміс Жары, Әкім Таразы, Тұңғышбай Әл Таразы, Құсайын Шеразы т.т. болып кете береді. Жу елінің малы түгел суға кетіп қырылғандықтан олар Жұтқа ұшырады. Қазақтың «жұт» деген сөзі солардан қалды.

        Жу (Жүз, Жұрт, Жуды) елінің тегі кім екендігіне Құран аяттары айқын жауап береді. «...Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік)» (Құран Кәрім. «Ал-Хаққа сүресі». 65 аят).

-              Жұрт – Жу, Ұр деген екі біріккен сөзден және «Т» дыбысынан тұрады. Жу елі атауының

мағынасын жоғарыда айттық, ал Ұр (Үр) – Тұран мен Түріктің түп атауы. «Т» дыбысы (таңбасы) әрқашанда толып-толысқанды, яғни кез келген ұғымның  ең жоғарғы шегіне жеткенін білдіреді. Мысалы, ұлт (ұл өсіп-өніп, көбейіп ұлтқа айналып тұр), жұт (Жу елінің малынан ештеңе қалмаған), сүт (судың ағарған ең сапалы түрі), өрт (бәрі жанып кетті), жылт (көрінді де жоқ болды)  т. т. болып кете береді. Ер жігіттің үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.

 

-              Ал, үшке бөлінетініне келсек, бұл баяғы  Нұқ пайғамбар атамыздың үш жаққа жіберетін үш баласының Қам (Үнді), Сам (Иран, Арабия), Иафес (Еділ мен Жайық сулары арасы)) елі болып табылады. Атамыздың өз елі Қазық жұртта қалды. Олар сол қазық жұртта күні бүгінде де отыр. Олардың жаз жайлауы Сарыарқа, қыс қыстауы Манқыстау болды.  Бәрінің шыққан жері (бастауы) бүгінгі қазақ даласы. Басында олар мыңдаған жылдар бойы Аз (Қаз), Азақ (Қазақ), Азан (Қазан), Азар (Қазар), Азық (Қазық),  Қазықжұрт деп аталған бір мемлекеттің (қағанаттың) құрамында ғұмыр кешті.

-              Жужан Қағанаты – 5 ғасырда қазіргі  Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет (402 – 552).   Ұлы Ғұн (Күн) тайпаларының ұрпақтары. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғарғы ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Алтыншы ғасырда Жужан қағанаты ыдырап, олардың орнына Алшын (Түрік) қағанаты құрылды. Ал, Жужандардың бір бөлігі Каспийдің арғы бетіне қоныс аударады. Еуропа тарихшыларының деректерінде олар “аварлар” деп аталып,  Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Х1Х ғасырдың басында Орыс отаршыларына қарсы Капқаз (Дағыстан мен Шешен) халықтарының 25 жыл бойы жан аямай күресін ұйымдастырған атақты Шамил имам осы Авар халқының ұрпағы болатын. Бүгінгі әйгілі тарихшы Мұрат Аджиде осы халықтан.  Олардың қазақ арасында, яғни қарашаңырақта қалғандары Жанарыс деп аталып, бүгінгі қазақтың орта жүзін құрап отыр.

      Түсініктеме: Авар қазақтың «ауар», яғни «ауып қонған ел» деген мағына береді. Қазіргі Ауғанстан елі атауының да шыққан тегі осы, «Ауып қонған ел» деген мағына береді.

      Жужандардың ең қатты күшейген кезеңі Уди қаған тұсында болған. Міне ежелгі шежірелерде айтылатын Жуды тауы атауының шығу тегі.

-              Жуды, Жүз, Жужан, Жұрт, Жұт бәрінің бір түбірден болатыны осыдан. Еске ұста! Қазақта сөз түбірі (өз түбі), яғни сөздің атасы және оның құрамы  ешқашан жаңылысып көрген емес.

      Қазіргі адам саны 7 000 000 000-тан асты делініп жүрген бүкіл әлем елдері өз бастауын Атам Қазақтың Ұлы даласының Қазығұрт тауынан алады. Қазығұрттың толық мағынасы Қазық жұрт. Қазақтың көп дыбысты барлық сөзі біріккен сөздерден тұрады. Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша екі сөзден бір сөз құралғанда дыбыс үндестігіне сәйкес, алдыңғы сөздің соңғы дыбысы, немесе екінші сөздің бірінші дыбысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Атамның жұрты – Атажұрт, Ай ауылы – Айлы, Алып би – Әліппе, бастау алған – басталған, жоқ болған – жоғалған, тауып алған – табылған, Би Адай – бидай (авторлық құқық сақталып тұр),  Балықшы Сақ Ғұн (Күн) – Баласағұн,  Домбыра жасаушылар аулы – Домбауыл, Қаз бір (пір) – қазір, Хан ауылы – қаңлы, Қу Адай әке – Құдайке, Қаза Адам – қадам, Қырық оғыз – Қырғыз, Қожа Ахмет – Қожахмет, Хан аға – Қаңға,  Ноғайлар ауылы – Ноғайлы, Үстіңгі жұрт – Үстірт, Торы ат (Таурат) – Торат, От Ман (Отпан) – Отан, Ман әке – Меке (арабиядағы қала),  Жеті ру – Жетру, Түрік Ман – Тұран, Жары бұлақ – Жарбұлақ, Жары кент – Жаркент, Жары қала – Жарқала, Жары тас – Жартас, Жары құм – Жарқұм, Жары су – Жарсу, Жары мыс – Жармыш, Ман және Ана – Ман ата, Мандардың кенті – Манкент, Мандардың қыстауы – Маңғыстау т.т. болып кете береді. Бұл дауға да, күмәнға да жатпайды.

 

Abai.kz

98 пікір 8534 рет оқылды Қосылған: 05.08.15
    • #1
    • Кәріммұхаммад
    • сн, 05/08/2015 - 8:45

    Ал, үшке бөлінетініне келсек, бұл баяғы Нұқ пайғамбар атамыздың үш жаққа жіберетін үш баласының Қам (Үнді), Сам (Иран, Арабия), Иафес (Еділ мен Жайық сулары арасы)) елі болып табылады. Атамыздың өз елі Қазық жұртта қалды. Олар сол қазық жұртта күні бүгінде де отыр. Олардың жаз жайлауы Сарыарқа, қыс қыстауы Манқыстау болды. Бәрінің шыққан жері (бастауы) бүгінгі қазақ даласы. Басында олар мыңдаған жылдар бойы Аз (Қаз), Азақ (Қазақ), Азан (Қазан), Азар (Қазар), Азық (Қазық), Қазықжұрт деп аталған бір мемлекеттің (қағанаттың) құрамында ғұмыр кешті.
    ________________________________________________________
    Шайып кетіпсіз.

    • #2
    • айтқыш
    • сн, 05/08/2015 - 10:02

    Қазіргі адам саны 7 000 000 000-тан асты делініп жүрген бүкіл әлем елдері өз бастауын Атам Қазақтың Ұлы даласының Қазығұрт тауынан алады. Қазығұрттың толық мағынасы Қазық жұрт.

    ************************************************************************************************************

    ОСЫНДАЙ САНДЫРАҚТАРДЫ ЖИІ ЕСТИ БАСТАДЫ СОҢҒЫ КЕЗДЕ. "КОРЕЙ ДЕГЕНДЕ ҚАЗАҚ, ОЛ КЕРЕЙ СӨЗІНЕН ШЫҚҚАН", "АУҒАН ДЕГЕН ДЕ ҚАЗАҚ, АУЫП КЕТКЕНДЕР", "АРГЕНТИНДЕР ДЕ ҚАЗАҚ, АРҒЫНДАРДАН ШЫҚҚАН" ДЕГЕН СИЯҚТЫ ҚИЯЛИСТТЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ.
    ЕҢ ӨКІНІШТІСІ, ҚАЗАҚТЫҢ БЕТКЕҰСТАР САЙТЫ - ABAI.KZ, ОСЫНДАЙ ӘРКІМНІҢ АУЗЫНА КЕЛГЕНІН ҚҰСАТЫН ҚОҚСЫҒЫНА АЙНАЛЫП БАРА ЖАТЫР (яғни сондай болмайтын нәрселер осы Абай сайтында мақала болып басылып жатыр)

    • #3
    • Шылым Ата
    • сн, 05/08/2015 - 10:04

    Кәріммұхаммедке! Нұқ пайғамбар заманында қазіргі Қазығұрт тауының басын Су шайып, жуып кеткеніне қандай дауыңыз бар. Ол таудың (Қазығұрттың) Жуды аталып жүргенінің де бір мағынасы осы емес пе? Немене, осыны түсінуге де санаңыздың (ақылыңыз бен біліміңіздің) жетпегені ме?

    • #4
    • Ғұн
    • сн, 05/08/2015 - 10:40

    Оған таң қалудың қажеті жоқ, көшпенділердің атының тұяғының, әлемнің баспаған, жауламаған бұрышы жоқ екені рас. Сол кездегі адамзатқа өркениет таратқан көшпенділер екенін мамандар мойындайды. Әйтпесе тарихшылардан "Әлемнің қожасы - көшпенділер", "Аспанда Құдай, жерде мұнай, ортасында АДАЙ" деген қанатты сөз қалмас еді.

    • #5
    • Қорқақ
    • сн, 05/08/2015 - 10:44

    Қып-қызыл дау болайын деп тұр екен мында.

    • #6
    • қазақ
    • сн, 05/08/2015 - 10:46

    осындай шатпақтарды осы абай кз несіне жариялайды? Өз қадырын өзі кетіріп отыр ғой мұнысымен.

    • #7
    • Дымбілмес
    • сн, 05/08/2015 - 11:33

    МЫНА КӨКІГЕН ИТТЕН ҚҰТЫЛАТЫН КҮН БАР МА?
    88 ӘКЕҢДІ 98 ШЕШЕҢДІ ДЕП БОҚТАП ЕДІМ.
    ЕНДІ БОҚТАЙТЫН ДА СӨЗ ҚАЛМАДЫ.
    БҰЛ ТАРИХШЫНЫ ҚҰДАЙДЫҢ ҚАРҒЫСЫ АТСЫН!

    • #8
    • арман
    • сн, 05/08/2015 - 12:10

    ШЫНГЫСХАН КАЗАК, НУХ ПАЙГАНБАР КАЗАК, КАЗАКТАР КАНДАЙ БАКЫТТЫ ХАЛЫК. БИР АТАСЫ КУЛЛИ АЛЕМДИ ЖАУЛААП БИЛИК ЖУРГИЗДИ. БИР АТАСЫ КУЛЛИ АДАМЗАТ БАЛАСЫМЕН ЖАН ЖАНУАРЛАРДЫ АМАН АЛЫП КАЛДЫ. ЕНДИ БИЗ БИЛМЕЙТИН КАНДАЙ АТА БАБАЛАРЫМЫЗ БАРЕКЕН ? . ТАГЫДА АЛЕМГЕ ТАНЫМАЛДЫ БИР ТУЛГА ИЗДЕУ КЕРЕК БОЛМАЙДЫ. МЕНИМШЕ ГЕРОДЕТ КАЗАК БОЛУГА АТЕН ЛАЙЫК, ГЕРОДЕТТИ КАЗАК КЫП АЛСАК БОЛДЫ ЕМЕСПЕ ? СОНДА КАЗАК ТАРИХЫ 550 ЖЫЛ ЕМЕС 5000 ЖЫЛ БОЛАДЫ ХАХА

    • #9
    • Окырман
    • сн, 05/08/2015 - 12:23

    Курыметти Абай Кз сиздердин сайыттарынызды бираздан бери окып келемин. Басында тап тауир еди, казир мистика мен фантстика жазатын жазушылардын сайтына айналды. Онсызда жуикеси жукарган халык, андагы фантастиканы окыганда одан бетер аурыуы козбайтына ким кепил. Окырманга макаланы талдап жиберсениздер.

    • #10
    • Адайшал
    • сн, 05/08/2015 - 12:40

    Бұл кісіге салсаң жаратылыс бастауы қазаққа тіреліп тұр, сонау Адам ата Һауананың өзі қазақ көрінеді. Бірді бірге ұрып қуа бергенде не ұтамыз, өткен мақалада Шыңғысханды апарып Адай етіп қойып еді, Шимайламас бұрын кішкене ойланбас боларма, ышқырды түсіріп салпаң еткізбей елді шошытып, сол Шыңғысың 1240 жылы өлген дейді тариқта. Ал енді қараңыз, Қосай атаға 1990шы жылдары Нөкістің Бестөбесінде 500 жылдық ас берілді, одан бері 25 жыл өтті, оның әкесі Құдайкеге бір 70 жыл берелік, сонда 600 жыл, Құдайкенің әкесі Адайғада 100 жыл сыйласаңыз барлығы 700 жыл екен. Сонда Шыңғысымыз "әкесінен" 60-70 жыл бұрын өлгенбе, ал түсініп көр! Бұндай масқара мақаланы жарияламайақ қойған дұрыс болмайма?

    • #11
    • Алаш баласы
    • сн, 05/08/2015 - 12:49

    Ай, мына шал да сандалған екен. Ұқсас сөздерді қуа берген абырой емес қой. Жар деп басталатын сөздерді Жары деген ру теліпсіз. Сонда қазақта жар деген қабырға мағынасын беретін сөз қайда қалады?! Жарбұлақ Жарының бұлағы емес, жардан құлап ағатын бұлақ емес пе?! Бұндай "сұмдықтар" екі мақалаңызда толып жатыр. Біз тек бір-екеуін мысалға жаздық. Әйтпесе, жазғаныңыздың өн бойы "осындайға" толы. Жалпы, Тыныштықбек, Ілесбек, Мәмбеткәрім сынды жазғыштар түзелсе, "Түп-тұқианнан өзіме шейін", ""

    • #12
    • Алаш баласы
    • сн, 05/08/2015 - 12:50

    Ай, мына шал да сандалған екен. Ұқсас сөздерді қуа берген абырой емес қой. Жар деп басталатын сөздерді Жары деген ру теліпсіз. Сонда қазақта жар деген қабырға мағынасын беретін сөз қайда қалады?! Жарбұлақ Жарының бұлағы емес, жардан құлап ағатын бұлақ емес пе?! Бұндай "сұмдықтар" екі мақалаңызда толып жатыр. Біз тек бір-екеуін мысалға жаздық. Әйтпесе, жазғаныңыздың өн бойы "осындайға" толы. Жалпы, Тыныштықбек, Ілесбек, Мәмбеткәрім сынды жазғыштар түзелсе, "Түп-тұқианнан өзіме шейін", "Шипагерлік баян" сияқты кітапсымақтар жойылса, қазаққа едәуір жеңіл болар еді...

    • #13
    • Серікжан
    • сн, 05/08/2015 - 12:55

    Оқырман, талдағаны несі. Оқырмандардың да өзінің этикалық, эстетикалық, көркемдік, тарихи және мәдени, рухани талғамы бар емес пе. Әркімнің өзіндік талғамы бар емес пе, ешкім де өңешінен өтуше кетіп бара жатқанды шайнамай жұта салмайды. Қазіргі оқырманның талғамы мен өресі өте жоғары.

    Үш жүз. Алдымен неге үшеу? Сосын, "жүз" деген қандай мағына береді. Небәрі осы екі-ақ сұрақ қой бұл жерде мәселе болып отырған.

    Елді үшке бөлу көшпенді даланың дәстүрінде ежелден бар. "Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Оның үш болыпты" ,- деп басталатын ертегілерде сан жоқ, ол тіпті орыс халқына да сіңіп кеткен. Бір ғана үзінді:

    "Күндерде бiр күн Оғыз қаған бiр жерде Тәңiрге жалбарынды. Қараңғылық түстi. Көктен бiр жарық түстi. Күннен аян (жарық), айдан көгiлдiрлеу едi. Оғыз қаған келiп көрдi. Осы жарықтың арасында бiр қыз бар едi, жалғыз отырар едi. Қарай бергің келетін, қарасаң көз тоймас көрiктi бiр қыз едi. Шаштары оның өзеннің толқынындай, көздері аспаннан да мөлдір көк болатын, тістері інжудей тізіген еді. Оның басында оттай жарқыраған бiр меңi бар едi, алтын қазықтай едi. Осы қыз сондай көрiктi: күлсе Көк Тәңiрi күлер едi, жыласа Көк Тәңiрi жылар едi. Су деген сүтке айналып, сүт деген қымыз болып кетер еді. Оғыз қаған оны көргенде есi қалмады, жүрегіне от алды. Сөйтiп Оғыз қаған сол нұрлы қызды алды. Одан Көк, Тау, Теңiз – үш ұл туды. " ("Оғызнаме". Алматы 1986. 27-28 б.). Жыр мазмұны бойынша кейін Оғыз қаған өзінің жаулап алған жерін үш ұлына бөліп береді. Бұл Геродот жазып алған Сақтардың Тарғытай атты арғы атасының үш ұлы туралы аңыздың тұп-тура тікелей (енді Түркі жұртының өз аузымен) баяндалуы. Бұл - көне аңыз. Геродот б.з.б. 5 ғасырда өмір сүрген. Оғыз қаған шамамен б.з.б. 12 ғасырда, кейбір зерттеулерде б.з.б. 8 ғасырда. Яғни, кем дегенде 3 мың жылдық тарихы бар аңыз.

    Ал жүз деген бұл жерде жауынгерлік атау болуы мүмкін емес. Ол жай ғана "жақ" дегенді білдіреді. Көне Түркілер болса, "оқ" деп айтар еді. Ең үлкен жақ - күннің шығысы, яғни шығыс жақ, ал батыс - кіші жақ. Бұл шығар күнге табыну дәстүрінен қалған. Қазақтың жыл он екі ай дәстүрінде де сол көрінеді, тышқан түйенің басына шығып алып, шыққан күнді ең алғаш көреді де, жыл басы аталады. Немесе Наурыз мейрамы да осылай - еуропалықтарша түнгі сағат 12-де емес, күннің көзі шыққан сәттен бастап тойланады. Ұлы жүз неге шығыста, кіші жүз неге батыста дегенге орай айтып жатқаным ғой.

    Тіпті жапондар да өздерін "Күншығыс елі" (страна восходящего солнца) деп әспеттемей ме? Одан бері қарай: "Аспан асты елі" (Поднебесная), одан бері біздің ел - "Мәңгі ел" (Вечный иль).

    • #14
    • Балжан Ана
    • сн, 05/08/2015 - 13:53

    Дымбілмеске! К-ді салақтатып алдымыздан та5ы шыға келдің бе? Өй, Мисыз, Көргенсіз,Ақымақ, Есек! Осы Сенің боғауыздан басқа білетін сөзің барма? Сізге не Ата-Анаңыз тәрбие бермеген бе? Қай саитке кірсек те алдымыздан к-ді мойыныңызға галстук қылып байлап шыға келесіз. Тіп ті оқуға ұяламыз. Соншама көргенсіз болармысыз? Мықты болсаңыз, ол кісінің үәждерінің теріс екенін дәлелдеп қарсы пікір жазбайсыз ба? Қолыңыздан келсе сөйтіңіз? Келмесе, бір жеріңізді қысып жүргеніңіз абзал емес пе?

    • #15
    • Ақтай баласы
    • сн, 05/08/2015 - 14:16

    "Қазақ" атауын тым алыстан іздеп шатпырақтаудың қажеті жоқ. Ол үшін "қазақ шығу", "қазақ орын", "қазақ" деген үш ұғымды ажырата білу жеткілікті. Яғни ежелгі кез келген адай немесе керей өз ортасынан бөлінеді, яғни қазақ шығады, жаңа орынға (қазақ орынға) мекендейді, ол қазақ болады. Шығыс қазақтары Түркияны "қазақ орын" дейтіні осы. Біздің шалдар да өткен ғасырдың 90-жылдары "қазақ орынға барамыз" (мұнысы енді Қазақстан) деп сөйлейтін.

    • #16
    • Камал қажы
    • сн, 05/08/2015 - 14:47

    Бәріңізге бір сұрағым бар: Қазақ қадым замандардан бері Үш жүзге (шығыс, орталық, батыс) бөлінсе Ұлы жүздің Төлеге дейінгі және Төледен кейінгі, Орта жүздің Қаз дауысты Қазбекке дейінгі және Қазбектен кейінгі, Кіші жүздің Әйтекеге дейінгі және Әйтекеден кейінгі билерін атап беріңіздерші.
    Осы сұраққа жауап табылмаса, өз басым қазақ Үш жүзге бөлінді дегенге сене алмаймын.
    1730 жылғы Аңырақай соғысынан кейін бүгін Кіші Жүз аталған рулардыы Әбілқайыр бөліп әкетті. Төле би бастаған сол тұстағы Ұлы жүз рулары қалмаққа бодан болып қалды. Бүгін Орта жүз аталатын рулар ата жаумен айқасты жалғыз жалғастырды. Осы кезден 1758- 62 жылғы Қандыжап, Мамырсу бітімдеріне дейін, рас, басымыз біржола қосылмады. 1762 жылғы Мамырсудың төменінде өткен қытай- қазақ келіссөздеріне батыс қазақтары қатысқаны шындық. Ендеше 30 жылдай ғана таза бөлінген сияқтымыз. Осы 30 жыл қазақты Үш жүзге бөлуге негіз бола ма? Мың жылдық тарихы бар халық бар- жоғы 30 жыл бөлінген екен деп тұтас жұртты жіктейтініміз қай тарихи шындық болады?

    • #17
    • нагыз казах
    • сн, 05/08/2015 - 14:51

    евать мынау не болып барады боовше казах билмеи журсек пиздец халык екен гои обалдеть монголимпериясы казахтыкы алтын орда казахтыкы ссср империясы казахтыкы евать казагын вообше пиздец болыпты гои борат империясы казахтыкы ,!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • #18
    • монгол
    • сн, 05/08/2015 - 14:56

    монголдарга бирдене калдырсандаршы обал гои монголга баиланысты атау адамнын барлыгын казах кылып жибердиндер гои жандарын ашымаиды екен гои ха хааааа хааааа хеееееее хаааа

    • #19
    • Сарқұл Андас
    • сн, 05/08/2015 - 15:00

    Серікжанның сөзін тірілтейік. М. Х. Дулатидың пікірін мойындадық, сол кісі көрсеткен уақытты, Кереймен- Жәнібекпен қабылдадық. Олай болса ол тұста бүгінгі Ұлы жүз- Моғолстан, Кіші жүз- Ноғайлы екенін де мойындау қажет емес пе? Моғолстан мен Ноғайлының Қазақ хандығына кейін келіп қосылғаны және шындық. Ендеше, Орта емес- Орталық жүз болмай ма? Ұлы- шығыс жақ, Кіші- батыс жақ десек.
    Керей мен Жәнібек бастап келген, Керейді хан көтерген рулар арғын, найман, жалайыр, керей, қоңырат екенін неге айтпаймыз? Жалайырдың Ұлы Жүзге мың қайнаса сорпасы қосылмайтынын неге ашып айтпаймыз? Қашанғы жұртты алдаймыз?

    • #20
    • Қыпшақтың баласы
    • сн, 05/08/2015 - 15:13

    Қазықұрт дегенге бола айтылғанды толық мойындауға болады, жалпы адамзат Қазықұрттан тараған, адамзаттың Ата жұрты Қазақ екенін жаны Қазақ адам түйсінетіні рас. Бұны түйсігімен қабылдамайтын адам - Қабілдің ұрпағы ғана, Әбілдің ұрпағы - құрбандыққа қабыл болатын мал баққан көшпелі Қазақ қана мұны мойындауға қауқарлы. Қаны бұзық Қабілдің ұрпағы болсаң қабылдамай-ақ қой, басқа айтар уәж жоқ!

    • #21
    • 21
    • сн, 05/08/2015 - 16:05

    Қазақты керейден тарады десетін. Енді тағы бір қортық шықты қазақты адайдан таратқан. Құрт құмырсқа, бақа шаян тарих жазағасын қазақтың тарихы не оңсын.

    • #22
    • Көпжасар
    • сн, 05/08/2015 - 17:29

    Қыпшақтың баласына! Мен қалада емес, ауылда өскенмін. Сіз айтқан әңгімелерді бала жасымыздан, ата-анамыздан жәнге ауыл ақсақалдарынан естіп өстік. Солардың ешқайсысында диплом (жоғары білім) жоқ болатын. Бірақ олардың білімдері қазіргі "білгіштерді" он орап алатын. Меніңше, ауыл тәрбиесін алып өскендердің бәрі Сізбен және автормен келіседі деп ойлаймын.

    • #23
    • Көпжасар
    • сн, 05/08/2015 - 17:29

    Қыпшақтың баласына! Мен қалада емес, ауылда өскенмін. Сіз айтқан әңгімелерді бала жасымыздан, ата-анамыздан жәнге ауыл ақсақалдарынан естіп өстік. Солардың ешқайсысында диплом (жоғары білім) жоқ болатын. Бірақ олардың білімдері қазіргі "білгіштерді" он орап алатын. Меніңше, ауыл тәрбиесін алып өскендердің бәрі Сізбен және автормен келіседі деп ойлаймын.

    • #24
    • Асқар
    • сн, 05/08/2015 - 17:34

    Мына Дымбілместің "гастугін" біреуің мойнынан жұлып алсаңдаршы, немесе біреуің піштіріп жіберсеңдер екен. Әйтпесе, саит түгел "сасып" кетті.

    • #25
    • Berik SKO Қамал қажыға
    • сн, 05/08/2015 - 18:20

    Біз сыйлаған,әүлие санаған Тәүке хан ғой,ұш жүзге бөлген.Бәсекелес сұлтандардан сескеніп,негізгі билікті билерге бергісі келді ме.Әлде басқаруға ынғайлы болсын деп пе.Бірақ,"адасқаннын алды жөн,арты соқпақ" мақалдағыдай болып шықты.Ақырында,жүзге бөлінүдін нәтижесінде мемлекет әлсіреп,ыдырап кетті.Содан сон бодан болды.

    • #26
    • Berik SKO
    • сн, 05/08/2015 - 18:28

    ҚАЗАҚ=ҚАССАҚ.Нағыз ұғынықты,логикалык та,лингвистикалык тұрғыдан да түсінкті этимология."Нағыз сақ" деген ұғымды білдіреді."Қас батыр",қас сұлу" деген сөздермен салыстырыныз.

    • #27
    • тараздан
    • сн, 05/08/2015 - 18:29

    Мына мақла оттыш жалайыр өлсе де біздің Бәйдібек Атадан тумайды, тумаған соң ұлы Жүзге кірме екен. Жалайыр монгол екеніні Чингисхан туралы фильмде айтылады. Темирлан сонау заманда жалайырды тронын алып қойғысы келгендері ушін продажный деп талқандап тастайды.

    • #28
    • Бегалы Шымкенттен
    • сн, 05/08/2015 - 18:33

    Қыртыңдар, қырта беріңдер, қоймай қыртыңдар, ана өзбекке қарашы бір әкенің баласындай. Ал қазақтар жүріңдер осылай шашырап. Бізді ел қылатын бір қазақ келгенше осы боқ жегеніміз жеген

    • #29
    • Досымбек.
    • сн, 05/08/2015 - 18:37

    Сарқұл Андас, осы, сен кімсің? Ұдайы ащы шындықты бадырайтып айтасың. Ел білмеген пәлені қазып тауып аласың. Кімсің?

    • #30
    • Н.М.М.
    • сн, 05/08/2015 - 19:32

    Иә,Сарқұл,Леп белгісі дұрыс сөйлейді.

    • #31
    • Баха
    • сн, 05/08/2015 - 20:46

    Осы сайтта өзім құрмет тұтатын Серікжанның моңғолдар туралы пікірлерімен келісуге болмайды. Серікжан бұл жерде орыс тарихшыларының моңғолдар туралы қияс тартқан деректеріне сүйенеді. Ал ол өтірік тарих.
    Көне моңғолдар дегеніміз көшпенді түркі тайпалары. Бұл туралы кезінде көне тарихшылар да кесіп тұрып жазып кеткен. Мысалы Рашид ад Дин. Мысалы Әбілғазы Бахадүр хан, Мысалы Мұхаммет Хайдар Дулати..
    Қазір бұл туралы Зәкирянов анық жазып жүр. Яғни, көне моңғолдар дегеніміз біздің, қазақтың тікелей прото ата бабалары болады. Ол моңғолдарды қазіргі қалқа моңғолдармен шатастыруға болмайды, қалқаның көне моңғолдарға еш қатысы жоқ.
    Қазіргі қалқа моңғолдар сол моңғолдардың атын кездейсоқ иемденген ғана халық, татар атын иемденген бұлғарлар сияқты.
    Шыңғыс хан заманында қазіргі қалқа моңғолдар Қытайдың солтүстігінде "Хилуңжұң алабы" деген мекенде балықшылықты кәсіп еткен азғантай ғана мәнжүр тектес халық болған. Қытай көне жазбаларында бұл халық туралы сондай деректер бар. Ал осы халықтың Шыңғысханға қазір иелік етуі тарихи әділдікке жатпайды.
    Жалпы Шыңғыс хан тарихы туралы жазғанда орыс тарихшыларының қалқа моңғолдарға сүйеп жазған бытпырағын дерек ретінде келтіруге болмайды. Серікжан, бұны сізге қаратып айтып отырмын. Орыс тарихшылары сіз үшін әулие болса ендеше академик Бартольд те Шыңғыстың қалқа моңғол тегіне үлкен күмән келтірген.
    Шыңғыс мемлекетін құрғанда оның уығын тіктеп алғаш Шыңғысхан халқы атанған халық кім болды? Әңгімені міне осыдан бастау керек.
    Олар - қазақтың керейлері, наймандары, меркіті, қоңыраты.. кейін дулат, суан, жалайыр т.б.. Шыңғысханның мемлекеті осылардан басталады. Қазақ нәсілдік жағынан монголоид және европеоид болып екі нәсілден тұратын халық. Бізге, қыпшақ даласына монголоид пішіндес қазақ Шыңғысханмен шығыстан келген, олар бүгінде қазақтың белді рулары, оның бәрін ежіктеп атамай ақ қояйын, оны өздеріңіз де білесіздер, ал қыпшақ даласындағы европеоид қазақ олармен соғыс жүргізген. Қазақ деген халық бүгінде осы қоспадан туындап құралып отыр.
    Ауғанстандағы хазара деген халық та сол көне моңғолдардан тараған сондай бір қоспа, олар бізге қан жағынан тым жақын бауырлас халық болып келеді. Хазара халқы жалпы көне моңғолдардың классикалық үлгісі болып табылады, олар да біз сияқты домбыра шертеді, түркі тілінде сөйлеген, салт дәстүрі де ұқсас бізге жақын халық. Олар біздің моңғолдардан 13 ғасырда бөлініп жырақтап кеткен, кейін парсыланған халық. Құрамында ойрат халықтары бар, ол сол кездің көрінісі. Көне моңғолдардың құрамында ол кезде ойрат халықтары да кірген (қалқа моңғолдар емес) . Бұл туралы Әбілғазы Бахадұр хан да жазып кеткен, ол екі халықтың (көне моңғолдар мен ойраттардың) тіл айырмашылықтарын айта отырып "бұлар (ойраттар) түркіге жатпайды" деп кеткен.
    Ал қазіргі қалқа моңғолдың құрамындағы 5-10 пайыз түркі қоңырат, керей сынды түркі тектес рулар, 14 ғасыр Юань патшалығы құлап, көне моңғолдар Құбылай дәуірінен кейін Бейжіңнен қуылып қашып, ата жұрт баяғы Арық Бұға тастап кеткен мекенге оралған, кейін қалқаға сіңген халықтың ұрпағы. Олардың түбі Серікжан айтқандай терең емес, қалқа моңғолмен қазақты бір байланыстыратын жер болса тек осы қашқын рулар ғана байланыстырады. Ал басқа жерде қалқа мен қазақтың жақындығы жоқ.

    • #32
    • Батпанбай
    • сн, 05/08/2015 - 21:54

    Ал Жуди дегені арапшадан аударганда тау дегені емес Төбе деген сөз Қазғұрт тау емес төбе Құранда айтылған сөзге дәлме дәл келіп тұр .

    • #33
    • (*!*)
    • сн, 05/08/2015 - 22:28

    Деградацияға ұшыраған адам қалтасындағы телефонның қымбаттығымен, машинасының брендті маркасымен, туысының жоғары лауазымымен мақтанады, деградацияға ұшырайын деген халық сүйегі қурап қалған адамның адам өлтіргіш қасиетімен мақтанады.

    Адам мақтанса, білімімен мақтансын, одан басқамен мақтану бос әурешілік,АБАЙ.

    • #34
    • сәбитбек
    • сн, 05/08/2015 - 23:06

    Ертеректе Әйгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев Тарғытай деген шалмен кездескенде,қазақта бұндай есім бола ма деп таңданыпты.Оған жаңағы кісі:неге болмайды,бабамыздан қалған ат емеспе депті.

    • #35
    • Батпанбай
    • сн, 05/08/2015 - 23:48

    Қазғұрт киелі мекен әңгіме жоқ бырақ тисе терекке тимесе бұтаққа деп не болса соны жазаберіу дұрыс емес ғой .

    • #36
    • Berik SKO
    • бн, 06/08/2015 - 2:07

    Баха,сізбен толык келісемін.Бірақ,ғалымдар әлде түсінбей жатыр ма,мойындағысы келмей ме(конъюктурщиктар)."Мын қол" деген естіледі ғой.

    • #37
    • Рас
    • бн, 06/08/2015 - 4:24

    Бул макаланы жазган киси бывшый мент.

    • #38
    • Әлжан
    • бн, 06/08/2015 - 15:29

    (7) Дымбілмеске! Қолыма түссеңіз піштіріп жіберемін! Сіз шынында да, өзіңіз айтқандай дым білмейтіндердің қатарынан екенсіз. Себебі, ақыл-есі дұрыс адам аруаұтардың атына арнап осындай сөздерді айтушы ма еді. Сонда Біздер Сіз жайлы не ойлауымыз керек? Қаусаған (88 ата) ер адамның сүйегіне "шабамын"
    деп деп алқынып отырсаңыз. Сіз тіпті "голубойлардан да" асып кеттіңіз ғой.

    • #39
    • Балсұлу
    • бн, 06/08/2015 - 23:32

    Мына "голубой" дегендеріңіз не пәле еді тағы?

    • #40
    • Әлжан
    • сс, 11/08/2015 - 0:21

    Балсұлу Қарындасым! Оны анау "Дымбілмес" милаудан сұрағаныңыз жөн болар.

    • #41
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 9:00

    ОЙ-ПІКІР САЙЫСЫ МӘДЕНИЕТІ ЖАЙЛЫ: Шежіре, тарих, мәдениеттен ой-пікір жарысына қатысушы Азаматтар! Атам қазақтан "Өсер елдің жігіті, бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер" деген мақал қалған. Бәріңнің пікірлеріңді оқып шықтым. Кейбіреулеріңіздің айтатындарыңыз, біріңізді-біріңізді кемсіту, мұқату, қорлау, балағаттау, қарсы пікір білдіріп отырған адамның, тіпті тұтас бір рудың, елдің арына тию. Не болып кеткенсіздер! Ата сыйлаудан, Ана сыйлаудан, Аға сыйлаудан, Өздеріңнен жасы үлкенді сыйлаудан, Біріңді-бірің сыйлаудан қалып, бәрің бірдей (Дарвин айтқандай, Адамзаттың атасы маймыл деп) "маймылға" бала болып кеткенсіздер ме?
    Пікір сайысына шыққан екенсіздер, сабырлы болып өз ойларыңызды дәйекті деректермен дәлелдегендеріңіз дұрыс. Есте ұстаңыздар. Ең бірінші болып ашу-ызаға бой алдырғандар, пікір сайыста жеңілген адам және ол өзінің осы әрекетімен, өзінің өте мәдениетсіз, ақылсыз, білімсіз, Атам қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз қалып, тек қана Дарвин ілімін басшылыққа алатындарын дәлелдеп отыр.
    Мұндай пікірлерге жауап берілмейді. Ондай пікірлердің артына осы «коммент» үздіксіз беріліп отыратын болады.

    • #42
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 9:10

    #1 (Кәріммұхаммедке!) Сіз нағыз көріпкел, данышпансыз. Қазығұрт тауы ежелгі Ұлы кітаптар да (Таурат, Інжіл, Құран т.б.) Жуды тауы деп аталады. Жуды, басын су шайып кеткен деген сөз.
    Демек, Қазығұрт тауының басын шайып кеткен мен емес, Ұлы Жаратушы - Алланың құдіретімен болған топан су. Ай, Інім-ай! Осыған да біліміңіздің жетпегені ме?

    • #43
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 9:18

    #1 (Кәріммұхаммедке!) Айтпақшы, Сіз менімен қазақ шежіресінен білім сайысына шыққыңыз келсе, толық Аты-жөніңізбен шығыңыз. Қорықпаңыз, мен Сіздің арыңызға тиетін бірде-бір сөз қолданбаймын. Жалпы, мұндай менің әдетімде жоқ. Тек қана Сіздің пікіріңізге, өзімнің білім деңгейімде жауап беретін боламын. Өтінемін! Сөйтіңіз?

    • #44
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 12:49

    #2 айтқышқа! Біріншіден, Аз (Әз), Азау (Азов), Азаулы, Азақ, Азық, Азан, Азар, Қазақ, Қазар, Қазан, Қазақстан бәрі бір ел, бәрі Аз елінің ұрпағы. Әлемдегі ең ұлы, ең адам саны көп Азия құрылығы біздің елдің атындағы құрылық. Осы құрылықтың атын қойған біздің Ұлы аталарымыз. Азия - тек қана аталық тектен тұрады.

    Екіншіден, оған жалғасып жатқан Европа құрылығы Аналық текті құрайды. Бұл атауды шығарып жүргендер еврейлер. Еврей, Европа, Евангелие, Евгеника, дева, девушка, евнух т.т. болып кете береді.

    Үшіншіден, кез келген атаудың (ұғымның) тегін сөз түбірінен табуға болады. Себебі, сөз түбірінің, сөз түбірі "өз түбі", яғни сөздің атасы деп аталады. Біз қазір оны "авторлық құқық" деп атап жүрміз. Бұл жерде сөз түбірі ав (авторлық құқық); аб (баба), ап (апа); аф (африка); ам, (америка) бәрі Аналық текке жатады. Мына еврейлер мен Европалықтардың жер-жерге "гендерлік саясатты" тықпалап жүргендерінің сыры осы.

    Төртіншіден, Қазық дегеніміз қазық. Жерге қағып қойсаң, сол орнында тұра береді, оны мың, он мың, жүз мың жылдан кейін де тауып алуға болады. Аспандағы "Темір қазық" жұлдызы да солай, мәңгі бақи жол көрсетіп тұра береді. Қазақ та солай, бүкіл дүние жүзі елдеріне жол көрсетіп тұра береді. Себебі, Нұқ пайғамбар қауымы қазақ деп аталған.

    Бесінші, Қазығұрттың толық мағынасы Қазық жұрт. Қазық қазақтың балама аттарының бірі. Сонау Нұқ пайғамбар заманынан бері Қазақ сол Қазық жұртта әлі отыр.

    Сөз саптауыңызға қарағанда білімді азамат сияқтысыз. Сіздің осындай қарапайым дүниені түсіне алмай жүргеніңізге қатты таң қалып отырмын.

    Мен Сізге Атам Қазақтың өз шежіресін зерттеп, зерделеуге кеңес беремін. Еңбегіңіз жемісті болғай!

    • #45
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 12:56

    #5 Қорқаққа! Сіз өте данышпан адамсыз. Бір ауыз сөзіңізбен қазіргі "соғысқұмар тарихшылардың" аузына құм құйып отырсыз. Білімсіз, надан адам қорқақ болады. Тіпті олар өз көлеңкесінен де қорқады.

    • #46
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 13:28

    "#6 қазақ сн, 05/08/2015 - 8:46
    осындай шатпақтарды осы абай кз несіне жариялайды? Өз қадырын өзі кетіріп отыр ғой мұнысымен" дегеніңізге айтарымыз:
    "Абай КЗ" тек қана Сіздің пікіріңізге сай мақала басатын, жеке меншігіңіз емес шығар. Сізді "Қазақ" деген киелі атты жамылып, "Абай КЗ" газетін жеке меншік қылып иемденгеніңіз үшін, ашық пікір сайысына шақырамын. Пікір сайысына толық аты-жөніңізбен шығыңыз.

    • #47
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 13:28

    "#6 қазақ сн, 05/08/2015 - 8:46
    осындай шатпақтарды осы абай кз несіне жариялайды? Өз қадырын өзі кетіріп отыр ғой мұнысымен" дегеніңізге айтарымыз:
    "Абай КЗ" тек қана Сіздің пікіріңізге сай мақала басатын, жеке меншігіңіз емес шығар. Сізді "Қазақ" деген киелі атты жамылып, "Абай КЗ" газетін жеке меншік қылып иемденгеніңіз үшін, ашық пікір сайысына шақырамын. Пікір сайысына толық аты-жөніңізбен шығыңыз.

    • #48
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 13:40

    #7 Дымбілмеске! Мен Сізді сөз саптауыңыздан бірден таныдым. Өткен де менімен ашық пікір сайысына шығамын деп, айтар жауап таба алмай қалған болатынсыз. Оның несіне арландыңыз. Адам Құдай емес, бұл дүние де кім-кімнің де жауап бере алмайтын сұрақтары жетерлік емес пе? Мен мысалы, Сіздің сұрағыңызға жауап бере алмасам еш арланбас едім. Қайта, өзіңізден сұрап біліп алып, Сізге алғысымды айтқан болар едім. Сіздің осындай қарапайым дүниеге де санаңыз (ақылыңыз бен біліміңіз) жетпеген.

    • #49
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • дн, 24/08/2015 - 14:32

    07 (Дымбілмеске!) Сіз Дымбілмес деген лақап атты бекер алғансыз. Сіздің пікіріңіз ең керемет пікір екен. Неткен дана, данышпан, ақылды, білімді адам едіңіз. Мынадай «асыл» сөздерді қалай ойлап тапты екен деп, қатты таң қалып отырмын. Сіздің басыңыз жай бас емес, нағыз «милы» бас екен.
    Дегенмен, пікір сайысына шыққасын ашу-ызаға булығып, күншілдікке салынбай сабырлы болған дұрыс. Мықты болсақ, айтылған деректерге қарсы, соларды жоққа шығаратын дәлелдер келтірейік. Ал, комментке «боғауыз» қосып жазу бұл сол адамның қазақ мәдениетінен жұрдай болып, Дарвиннің ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болуға жақындап жүргендігін білдіреді. Атам Қазақ: «Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер» деген. Есіңе ұста! Маймылға қарап бой түзеген елдің (ұлдың да, қыздың да) келешегі болмайды.
    Бұл сұрақтың жауабын, яғни «Кімнен кім туады?» деген сұраққа әйгілі Майқы би атамыз былай деп жауап берген екен:
    Тұлпардан тұлпар туады,
    Сұңқардан сұнқар туады,
    Асылдан асыл туады,
    Жалқаудан масыл туады,
    Масылдан мал бақпас туады,
    Тілазардан қылжақбас туады,
    Таздан жарғақбас туады,
    Сараңнан бермес туады,
    Соқырдан көрмес туады,
    Мылжыңнан езбе туады,
    Қыдырмадан кезбе туады,
    Маймылдан маймыл туады.

    Сіздің балағат сөзіңізге Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі (бүкіл қазаққа әйгілі «Ақтанның термесі» атты терменің авторы) Ақтан Керейұлы (1850-1912) атамыз бұдан 150 жылдар шамасы бұрын былай деп айтып кетіпті:
    «...Мен Адайдың Ақтаны
    Сөйлеген сөзім тақталы
    Әріден бері сөйлесем
    Олда өзімнің мерейім
    Туған айға ат берген, (Аспандағы айға «Ай» деп, ат қойған менің атам Адай деп отыр).
    Ақ қағаз бен хат берген (Қағаздың да, хаттың да, жазудың да авторы Адай деп отыр).
    Екі ерін мен тіл-таңдай
    Сөйлесін деп жақ берген.
    Айтқан сөзге түсінбес
    Адамның мисыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);

    Дымбілмес! Бауырым! Атамыздың соңғы сөзіне назар аударуыңызды өтінемін.

    Мен мұны келешек те тағы боғауыз, балағат сөз жазатындарға сабақ болсын деп жазып отырмын.

    • #50
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 25/08/2015 - 17:59

    07 (Дымбілмеске!) Сіз менің әлдеқашан сүйектері қурап қалған аталарымның сүйегіне "шабамын" алқынып отырсыз. Сіз шынында да (38 Әлжан) айтқандай "голубойлардан" да асып кеттіңіз. Олардың ауруы Сіздің ауруыңызға қарағанда жолда ойнап қалады екен. Сіздің ауруыңыздың аты "Педофиль-Некрофиль" деп аталады екен. Мұндай ауру да, мұндай түсінік те қазақ та жоқ болғандықтан және мұндай "пәлені" бұрын ешкімнен естіп, еш жерден оқымағандықтан, менде мұны интернет саиттен әрең іздеп таптым.

    "Некрофили́я (от др.-греч. νεκρός — «мёртвый» и φιλία — «любовь») — любовь ко всему мёртвому, в многочисленной литературе выраженная как сексуальная девиация, являющейся половым влечением к трупам, что является только частным случаем. Может рассматриваться в том числе как разновидность фетишизма или как самостоятельное расстройство полового предпочтения".

    Сіздің ауруыңыз бүткіл жер бетіндегі аурулардың ең жаманы екен. Мұндай аурумен ауырған адамға ем қонбайтын көрінеді. Мен Сізге еш жамандық тілемеймін. Ауруыңыздан тезірек айығып кетуіңізге тілектеспін.

    • #51
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 25/08/2015 - 18:29

    "#8 арман сн, 05/08/2015 - 10:10
    ШЫНГЫСХАН КАЗАК, НУХ ПАЙГАНБАР КАЗАК, КАЗАКТАР КАНДАЙ БАКЫТТЫ ХАЛЫК. БИР АТАСЫ КУЛЛИ АЛЕМДИ ЖАУЛААП БИЛИК ЖУРГИЗДИ. БИР АТАСЫ КУЛЛИ АДАМЗАТ БАЛАСЫМЕН ЖАН ЖАНУАРЛАРДЫ АМАН АЛЫП КАЛДЫ. ЕНДИ БИЗ БИЛМЕЙТИН КАНДАЙ АТА БАБАЛАРЫМЫЗ БАРЕКЕН ? . ТАГЫДА АЛЕМГЕ ТАНЫМАЛДЫ БИР ТУЛГА ИЗДЕУ КЕРЕК БОЛМАЙДЫ. МЕНИМШЕ ГЕРОДЕТ КАЗАК БОЛУГА АТЕН ЛАЙЫК, ГЕРОДЕТТИ КАЗАК КЫП АЛСАК БОЛДЫ ЕМЕСПЕ ? СОНДА КАЗАК ТАРИХЫ 550 ЖЫЛ ЕМЕС 5000 ЖЫЛ БОЛАДЫ ХАХА"

    Сіз өте көріпкел, данышпан адам екенсіз. Ақиқатында да, Нұқ пайғамбардың да, Шыңғыс қағанның да тегі қазақ. Өз атаңнан өзің безіп, Дарвин ілімін басшылыққа алып маймылға бала болғанда не ұтпақпыз.

    Орыс пен Орманның жалған тарихын "пір" тұтпай, Атам Қазақтың шежіресін басшылыққа алсаң оны тез түсінесің.

    • #52
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 25/08/2015 - 18:39

    ("#8 арман сн, 05/08/2015 - 10:10) Жоғары да айтқанымдай Шыңғыс қағанның тегі ҚАЗАҚ. Танысып көріңіз де, санаңыз (ақылыңыз бен біліміңіз) жетсе, осы он үш тұжырымды жоққа шығарыңыз. Мұны жоққа шығару Сіз түгілі бүткіл жер бетінің барлық ғалымдары жабылса да қолдарынан келмейді. Себебі, ақиқатқа ешкім қарсы тұра алмайды.

    ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ


    Қазақтың Ата салты (Ата заңы) бойынша ұлттан ұлттың айырмасы төмендегідей:
    1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.
    2. Діні.
    3. рулық (тайпалық) құрамы.
    4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.
    5. Таңбасы (Гербі).
    6. Билеушінің мөрі.
    7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).
    8. Жалауы (туы).
    9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.
    10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.
    11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.
    12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында
    (валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтайды және қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады.
    13. Саяси билеу жүйесі.

    Шыңғыс қаған құрған қағанаттың тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
    1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын
    жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де», «Алтан Тобыш та» таза қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, бұл қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
    2. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи
    еңбектерде айқын көрсетілген. Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.
    3. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де
    қазақ халқының құрамында.
    Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.
    4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан
    деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен
    «Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,
    Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», - деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
    5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те
    атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.
    6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің
    таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген. Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан дер және кімнің мәртебесі қақаннан жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).
    Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.
    Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз, Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие. Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).


    7. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш» болған. Оның сарбаздарын Аландар (Алаштар) деп атаған. Қазақтың да ұраны Алаш емес пе? Шыңғыс қағанатының ақшаларында «Алаш» деген жазбалар болған. Оның кейінгі ұрпақтары бәріміз білетіндей, Алаш Орда хандығын құрды.
    Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Бұрындық, Қасым, Мамаш, Тайыр, Бұйдаш, Қожа Махмұт, Тоғым, Ахмет, Хақназар, Шығай, Тәуекел, Есім, Тұрсын, Жәңгір (Салқам Жәңгір), Батыр, Жәнібек хан, Әз Тәуке, Қайып, Жолбарыс, Әбілхайыр Қазы Бахадұр хан, Абылай, Кенесары сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 639 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей. Осыны мойындай алмай жүргендер, өздерінің Адам Ата мен Ауа Анадан тарағанын, Адам Атаны Ұлы Жаратушы – Алла топырақтан жасап, оның қабырғасынан әйелді жасағанын ұмытып, Дарвин ілімімен мұздай қаруланып, маймылға (горилла, шимпанзе, орангутанг, мартышка т.т.) бала болып кеткендер. Ал, Дарвин ілімін басшылыққа алушылардың ақылы мен білімі маймылды да жаратушы Алланың бар екеніне саналары, яғни ақылы мен білімдері жетпеді.
    Тағы бір ортақ ұраны - «Аруақ» сөзі. Ұрандауды «аруақ шақыру» деп те айтады.

    8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын
    болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.
    Тудың сабының ұшында үшбұрышты арнайы темір қондырғы болған. Ал туды жерге тұрғызып қою үшін, жеті тармақты жылжымалы тіреуіштер пайдаланылған.
    Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың) сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.
    Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.
    Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны. Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.
    «Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. ...Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», - деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).
    Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.
    Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі) деп атаған.
    Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.
    Қазақстан территориясын 639 жыл Шыңғысханның өзі және оның ұрпақтары билеген. Ақорданың, Алтынорданың және қазақ хандары мен сұлтандарының да туының түстері ақ түсті болған. Мәселен, Абылайдың ақ туы. Ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі - Абылайдың ақ туы. Ол бір түсті төрт бұрышты ақ мата. Шашақты бауы бар. Қазақтың ұлы туының түсі –Шығыс ғұн (375-454жж), Ақ ғұн (420-562жж), Шыңғыс ханның Алтын орда (1236-1502жж) мемлекеттері рәміздерімен реңдес. Ол б.з.д. ХІІ ғасырда дүниеге келген әлемдегі тұңғыш әскери байрақтардың түсімен де туыстас.
    9. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес
    келеді. Мысалы,
    - Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне және бас салынған табаққа иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ.
    - Аталарының моласының басына барып садақа береді. Бұл да қазақтан басқа ешбір елде жоқ.
    - Құдаларына кит береді. Бұл да солай.
    - Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.
    10. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан
    боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.
    11. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның
    айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
    Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
    Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.
    «Түрік шежіресі» 46 бет).
    Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
    Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
    12. Сөз түсінетін ақыл-есі түзу жандарды бірден мойындататын жағдай, Шыңғысхан қағанаты
    ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.
    Бүкіл әлем елдерінің (қытай, арап, ағылшын, француз, парсы, моңғол, орыс т.т.) тілді елдердің (мемлекеттердің) бәрінің ұлттық валюталары (ақшалары) бар. Сол ақшалардың бәрі сол елдің тілдерінде жазылған, бәрінде сол елдің тарихына қатысты атаулары және онда сол мемлекеттердің аттары жазылған. Бұл бүткіл әлем елдеріне ортақ қағида. Біздің де ақшамыз күні бүгінде де сол Шыңғысхан заманындағыдай «теңге» деп аталады, жазбалары қазақ тілінде, дәл солардың ақшалары сияқты «қазақ (қазақстан)» деген жазбасы бар. Сенбегендерге қалталарыңдағы теңгелеріңді алып қарауға кеңес беремін.
    «Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.
    Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ - Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
    13. Әр елдің өзіне тән саяси жүйесі болады. Мысалы:
    А. Иран патшалығы - саяси билік жүйесі патшалық. Елбасы: патша, шах;
    Ә. Хорезм патшалығы – жүйесі патшалық, елбасы патша, шах; Шыңғыс қаған күйреткен
    Хорезм патшалығын құрғандар да, оларды билегендер де парсылықтар және сол Парсыларға тәуелді болғандар. Шыңғыс ханға кінә қылып тағып жүрген күйреген Отырар мен Мары қалалары осы елдікі болатын.
    Б. Рим империясы - жүйесі империя, елбасы император;
    Г. Орыс патшалығы – жүйесі империя, елбасы император; Бұлар Рим империясының
    жалғасы. Олардың Христиан дінін ұстанатыны да осыдан.
    Ғ. Орыс – жүйесі патшалық, елбасы Цар.
    Д. Кеңес үкіметі (ССРО) – жүйесі партия, елбасы Бас хатшы; Рухани негізін Евангелие (негізін еврейлер қалаған), саяси негізін Ленин (еврей), экономокалық негізін Карл Маркс (еврей) қалап, тәжрибе де іске асырған еврейлік большевиктер партиясы болды. Оларды қаржымен Америкалық еврей банкирлер қамтамасыз етті. Бұлар өздерін Адам Атадан таратпайды, Еваның ұрпақтарымыз дейді. Ева, Еврей, Евангелие, Европа, Евгеника, девушка, Дева Мария, евнух дегеніміздегі бәрінің түбірі Ев, Ева болатыны осыдан. Олар Адам атаның орнына «маймылды» қойған. Содан болу керек олар біз сияқты аналарын Ауа Ана деп құрметпен атамай, жайғана құрдасы, көңілдесі сияқты Ева, девушка деп атайды. Бір жағынан ойлап қарасаң, олардікі дұрыс та сияқты, шынында да анаң сені маймылдан некесіз тапса (дені дұрыс адам маймылмен некеге отырушы ма еді) оны қалай сыйларсың. Олардың Ата-Аналарын сыйламай, қарттар үйіне тоғытатын жаман әдеттерінің бастау алатын жері осы. Бала жасыңнан сенің атаң маймыл, анаң сені маймылдан тапқан деп оқытса сен оны қалай бағарсың. Бүгінгі Европа ілімінің шыққан шыңы осы.
    Е. Ресей федерациясы – жүйесі президент, елбасы президент;
    Ж. Арап – жүйесі халифат, елбасы халифа;
    З. Европа - жүйесі парламенттік және президенттік, елбасы президент;
    И. Қазақ – саяси жүйесі хандық пен қағандық, елбасы хан мен қаған; Демек, бұл адамзат
    тарихындағы барлық хандықтар мен қағандықтардың барлығы қазақтардікі деген сөз. Хан мен қаған деген сөз, қазақтан басқа ешбір елдің сөздік қорында жоқ. Бұл ұғымдар Маңғыстауда дүниеге келген. Ол жер күні бүгінде де Ханға баба (Хан аға) деп аталады. Атам қазақтың көп дыбыстан құралатын сөздерінің бәрі осылай жасалады. Мысалы, Адай – Ада (Ата) мен Ай, Атажұрт – Атамның жұрты, Арап – Ар апа, Әліппе – Алып би, Бидай – Би Адай, Домбаул – Домбра жасаушы аталарымыздың аулы, Сахаба – Сақ апа, Қазір – Қаз бір, Қазір – Қаз пір, Құдай – Қу Адай, Құдайке – Қу Адай әке, Қадам – Қаз Адам, Қырғыз – Қырық оғыз, Қырғыз – қырық қыз, Қызан – Қыз Ман, Қожахмет – Қожа Ахмет, Қазығұрт – қазық жұрт, Оғыз – Оқ қыз, Үстірт – Үстіңгі жұрт, Торат – Т оры ат (Таурат), Төркін – төрдегі ін (үй), Отан – От Ман (Отпан), Меке – Ман әке, Баласағұн – Балықшы Сақ Ғұн, Жетру – Жеті ру, Кетбұқа – Кете Бұқа, Тұран – Түрік Ман, Барнаул – Барын ауыл, Жарбұлақ – Жары бұлақ, Жаркент – Жары кент, Жартас – Жары тас, Жарқұм – Жары құм, Манқыстау – Мандардың қыстауы т.б. кете береді.

    Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.

    • #53
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 25/08/2015 - 18:57

    ("#8 арман сн, 05/08/2015 - 10:10)

    "Қазығұрттың басында кеме қалған,
    Ол әулие болмаса неге қалған". Осы сөз тіркестері қазақ арасында сан мыңдаған жылдардан бері айтылып келеді.

    "Нұқ пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде) қайтып келетін кезімде де солай болады: 27.Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, күйеуге шығып өмір сүруде еді. Ал Нұх кемеге мінген соң, топан су басып, сол адамдардың бәрін де қырып салды. 28.Луттың заманында да солай болған: адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып өмір кешуде еді. 29.Бірақ Лут Содом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін де қырып салды» (Ескі жазбадан).
    Өздеріңіз көріп отырғандай Лұттың сөз тібірі - Ұт (Үт), яғни үтір, Нұқ - нүкте, ал Қосай Нұқ – қос нүкте. Бүкіл адамзаттың жетпіс мың жылғы ғұмыры Бұзау атамыздың лақап есімі сөзбен жазылған. Ол сөз жүзінде күрделі сөйлем болып беріледі. Сөйлем арасындағы өзгешелігі бар сөздердің арасына, тура Лұт пайғамбар қауымы кезіндегі сияқты үтір қойылады. Ол қырғында адам баласы түгел қырылған жоқ, жартысы тірі қалып өмір ары қарай, тура сөйлемдегідей болып жалғасып кетті. Ал Нұқ пайғамбар заманында, атамыздың кемесіне мінген оның өзі мен отбасы және мұсылман болған азғантай адамнан басқаларының бәрі түгелдей қырғынға ұшырап, Адам (й) атаның үлкен баласы Құдайке еліне (көшіне) нүкте қойылды. Алайда, ол «көшті» Адам (й) атаның екі баласының кішісі Қосай атамыздың ұрпағы Нұқ пайғамбар қауымы жалғастырып кетті. Қос нүкте мен Қосай Нұқтың түбірлес болатыны осы. Қосай атты рудың Қазақтың және өзге де көптеген елдердің бәрінің құрамында кездесетіндерінің сыры осы. Қосайдың сөз түбірі «Ос», яғни өзек. Жер өз осінде айналады.

    Ал, Қосай руы Адай - Құдайке - Қосай болып таратылады. Ал, Адайды Қазақ емессің деуге ешкімнің де құқы жоқ. Інім! Есіңе ұста! Қазақтың рулық шежіресі ешқашан жаңылысып көрген емес. Бұданда былай жаңылыспайды. Жаңылыстыратын адамдардың санасы, яғни ақылдары мен білімдерінің деңгейі ғана.

    • #54
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 25/08/2015 - 19:06

    ("#8 арман сн, 05/08/2015 - 10:10)

    «Сақ деп аталатын тайпалардың әрқасысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді, хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан» - дейді. («Қазақтың көне тарихы» Алматы 1993. 52-53 беттер). Тарихтан белгілісі «сақ» аталған халық (б.ж.с. дейінгі 7-4 ғасырларда) қазіргі Арал, Сырдария, Қаратау, Алатау, Талас, Шу, Іле, Тарбағатай, Памир-Алтай, Балқаш, Каспий, Жем, Жайық, яғни қазіргі қазақ елі аймағында қоныстанған. Оларды «тигра хауда сақтары» (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар» деп атаған. Қазақ халқы да күнгі кешеге дейін өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атаған.
    Осы жерде олар өздерін неге Шошақ бөріктілер деп атады деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық. Оны анықтау үшін тағы да ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбіріне жүгінеміз. Өздерің көріп отырғандай шошақтың түбірі Ош (Ос), яғни Қосай атамыздың есімі. Бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған сексен отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі аңыздарда. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры осы.
    Ал, сәукеленің ұшына тағылатын «Үкіге» келсек. Бұл Нұқ (Нүк) қауымының түп атасы – Үкаша ата. Аталарымыз тарихты осылай жазған, аталарын осылай сыйлаған. Даналық деп осыны айт!

    Қазір Біздер мұндай дүниені жасамақ түгілі, мұны түсінуге де
    миларымыз жетпей жүр.

    • #55
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 27/08/2015 - 8:42

    ("#8 арман сн, 05/08/2015 - 10:10)

    Бүкіл Европалықтар тарихтың атасы деп атаған Геродот қазақ шежірешілерінің қолына су құюға да жарамайды. Геродоттың бар жазғаны сол өзі ғұмыр кешкен замандағы грек-парсы соғысы, географиялық атаулар т.б. болып табылады. Сондықтан, қазақ үшін оған таласатындай түк те жоқ. Мына бүгінгі соғысқұмар-тарихшылардың ұстаздарының бірі ол.

    • #56
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • бн, 05/11/2015 - 23:49


    Совет Хан ҒАББАСОВ,
    Жазушы-ғалым, фантаст, драматург,
    медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
    КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,
    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,
    ШҚО-сы,Зайсан ауданының құрметт азаматы,
    Махамбет атындағысыйлықтың лауреаты,
    Халықаралық Нострадамус атындағыакадемияның
    толық мүшесі – Академик.

    Қазақтың РУЛАР шежіресін -
    тарихпен үндестіру шарт.

    Бүгін , І. ХІ. 2015ж. "АЛАТАУ" газетінен ( № 44 \735\) Жемісбек Толымбековтің - "Төрт рулы Ел тараған - Төлегетай баба" - атты мақаласын оқып, өзімді бұрыннан мазалап жүретін мәселені... ортаға салуды жөн көрдім. Өйткені, халқымыз - үш ғасырға - созылған бодандықтан құтылып, Тәуелсіздік алған осынау жылдар да... әр РУ өз шежірелерін жазып, том- том кітаптарды бұрқыратып шығара бастады...
    ... Бұл өте дұрыс ! Мұны жақсылық деседе болады. Халық - өзінің ТЕГІ мен ТАРИХЫН білмесе, МӘҢГҮРТТІККЕ бет алары анық. Бірақ, осы жазылғандарда... аса ауыр ағаттық та, жоқ емес сияқты. Міне, осыны Ел болып ақылдасу ауадай қажет. Осы мақаланың мақсаты да сол...

    НАЙМАН - Төлегетай (жақында тұрғызған ұрпақ ескерткіші) бабамызды үйлендірерде атасы Белгібай мен әкесі Сүгірші (Сүйініш) екеуі іштей көп ойланып, ойларын сол замандағы жақсы-жайсаңының келесіне салған екен дейді...

    Ер Төле,Төлегетай жұрттан асқан, Алланың сүйген құлы әуел бастан

    Сондықтан, Толымбеков Жемісбектің - "Төрт рулы Ел тараған - Төлегетай баба" - деп жазғандарына... алғыстан басқа айтарым жоқ. Ал мынау ақылдаспақ ойымды - иісі қазақ баласымен кеңесу үшін - ұсынбақшымын. Мұнда ешкімді де... кінәлаудың да, жазғырудың да жөні жоқ. Тек, өткен тарихымыздың ғылыми жүйесін тауып, іздену ұрпақ тәрбиесіне керек...
    Жемісбектің мақаласын оқып шыққан соң, осдан бірқанша жылдар бұрын өзімді қатты мазалаған мәселе ойыма оралды. Онда да осы шежіре жайында айтылған әңгіме болатын. Бұл отырыс - халқымыздың аяаулы азаматы, терең ойлы Ақыны, көңіл-күйді әнмен тербеген Сазгері, марқұм Аманұлы Жарылқасын - замандасымның үйінде өткен еді. Стол үстінде көркем безендірген, Дулаттардың шежіресі жазылған үлкен кітап жатыр. Келелі кеңес те осы кітап жайында жүріп жатыр. Білеміні бар біраз азаматтардың әңгімелерін ұқыпты тыңдап, манадан бері мазалап отырған сұрағымды қоюға мәжбүр болдым ;
    - Азаматтар ! Мынау еңбектеріңіз қайырлы болсын. Сонда Дулаттарды - Бәйдібек атадан таратып отырсыздар ғой ?
    - Иә-ә, әрине...
    - Солайы... солай...
    - Енді қалайы , мазалай ды ?..
    - Сонда, Бәйдібек ата ХІУ-ші ғасырда өмір сүрген бе ? - деп сұрадым.
    - Иә-ә, бұл жайында әртүрлі пікірлер бар. Біреулер - Х-ХІ - десе, енді біреулері- ХІІ-ші ғасырларды айтады.
    - Ғапу етерсіңлер құрметті азаматтар ?! Шежіре болған соң... әңгіме болсын дегенім ғой ?! Бірақ , маған түсініксіздеу болып отырғаны, егер Дулаттар - Бәйдібек атадан тараса... сонда, сонау біздің эрамызға дейінгі (УІІ-УІІІғ.ғ.) Дулулар - кімдер ?..
    - ?..
    ...Отырғандар мұндай сұрақты күтпеген тәрізді. Сонда, қайбіреуінің айтқаны... Ол - тарих болса.., бұл - шежіре ғой, - деген тұжырыммен кеш марқайған еді...
    - Міне бүгінгі Жемісбектің мақаласынан да, тура осындай сұрақтар көтеріліп отыр. Мақалада жазылғаны ; - " ...Мөлшермен Төлегетай баба ХІІІ-ші ғсырдың басында туып, ХІІІ-ші ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген десек шындыққа келеді. Яғный, ХІІІ-ші ғасырда... тағы бір оған салдар... Төлегетайдың атасы, Қылышты ата ХІІІ-ші ғасырда өмір сүргені ғылыми анықталған мәселе. Төлегетай бабаның Қылышты қожаға - күйеу бала болып, онымен заманы тұрғылас өмір сүргені дау туғызбаса керек !.. - деген Жемісбек, өз ойын осылай қортындылайды.
    Жоғарыдағы "Дулулар жайында" айтылғандай... мынау "Жемісбектің тұжырымынан" кейін де... қаншама сұрақтар туындайды...
    Тарихи деректерде айтылатын... Күнайымдай ақылды келінінің арқасында, - " 90-жастағы Найман-шалдан - Белгібайдай - ұл дүниеге келіп, Белгібай мен Күнайымнан - Төлегетай туса, Төлегетайдан туғанды - Қытай деп ырымдап қойса, Қытайдың төрт ұлы - Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матайларды - әкелері ерте өлген соң. атасы Төлегетайдың тәрбиесінде болып, Төлегетайдың - төртеуі... - деп аталынатынын естіген едім. Бұл тарихи кезеңдер... біздің эрамыздың УІІІ-ші ғасырында болады. Ал, "Шығыс түрік қағанатының қарашаңарағын - ұстап қалған Найман мемлекеті - ІХ-Х-шы ғасырларда - Иналық (сенімді) Білгі Бұқа Қағанның басқаруымен... тіпті "найман жазуын" дүниеге әкелгені жазылады. Біздің енжарлығымыздан... қазір сол "найман жазуын"... жаңылтпаштардың арсыздықтарынан "ұйғыр жазуы" деп жүр... Атақты Иналық Білгі Бұқа Қағаннан туған - Таян мен Бұйрық - хандардың араздығынан, найман мемлекеті екіге бөлініп әлсірейді. Бұл ХІІ -ші ғасырға сәйкес келеді. Өйткені 1204 (ХІІІ ғасыр) жылы Шыңғысхан - әуелі Бұйрық ханды... содан кейін Таян ханды өзіне бағындырады. Шыңғысхан мұнымен тоқтамай... Қарақытай ханы болып жүрген, Таян ханның ұлы - Күшілік ханның соңына түсіп, оны өлтіріп тынады. Бұл деректер сол заманда жазылған - "Құия шежіре" мен "Алтын топшыда" айтылады.
    Ал Жемісбектің мақаласындағы - ХІІІ ғасырдағы Төлегетай батыр (Төлегетай баба емес) жайында да... айтылатын тарихи деректер бар. Бұл Шыңғысханның Найман мен Керейді бағындырып, оңтүстк батысқа бет алғанда... осы найман Төлегетай батыр мен меркіт Тохта Бектің бірігіп жасайтын... қарсыласқан соғыстарын айтса керек. Сондықтан, сонау УІІІ-ші ғасырдағы Төлегетай бабамен... ХІІІ-ші ғасырдағы Қылыш қожаның күйеубаласы болған... Төлегетай батырды шатастыруға болмайды. Сөз жоқ, Төлегетай батыр да... бабамыз екені рас, бірақ бүкіл иісі найман тайпасының негізін қалаған... Төлегетай бабамен теңдестірудің ұяты мен намысы өте ауыр. Жалпы, бүгінгі заманда... балалардың аттарын да, Дулат пен Төлегетай атандыра береді. Аталған есімдеріне қарап... оларды бабамыз деуге болар ма ?...
    Осы мақалада келтіріп отырған... Дулат пен Найман шежірелеріндегі... ұқсас мысалдар, бүгінгі қазақ руларының шежірелерінде де... әртүрлі сипаттарда көрініс береді. Сондықтан да, әр буындағы ұрпақтарға ауызша берілетін шежіре деректеріне сақ болған жөн. Қазір көне уақыттарда жазылып қалған... тарихи кітаптар да , көптеп табылып жатыр ғой. Алла рақым етсе... шежіре мен тарихи деректерді үндестіре отырып, Халқымыздың ғылыми негізделген тарихын да жүйелеп алармыз. Онсыз ұрпағымызға саналы да сапалы тәрбие беріп, Ұлт болып ұюдың да сәті түсе қоймас !.. Қазірдің өзінде-ақ... тілінен жеріп, дәстүрі мен салтынан тайғанақтап жүрген ... қазақтардың саны көбейіп барады. Ендеше.., Жұрт болып - жұмылып, Халық болып - қамданудың жолдарын кеңесуге шақырамын. Бұдан-ары енжарлық пен салғырттыққа бой алдырсақ, тым кешігумен... сан соғып, өкпемізбен алқынып... өкінеріміз айдан да анық. Ақ ниетпен халайық іске кіріселік...

    Алматы, 1. ХІ. 2015 ж.

    • #57
    • Көкен
    • жб, 08/11/2015 - 17:19

    31- Қонақ Бақаның сөзінің жаны бар. Ал Сержан атты азамат тек орысқұл болған жаттама біреу. Үш жүз аталымына келсек ,оның шығу төркіні тым арыдан келеді. қазірше сабыр мен шыдай тұрайық. бір шындық, мейлі қайжерден басталмасын осы қазақтың түп төркіні еш айырмасыз бір екендігі. Ал жалайыр тайпасы ұлы жүз ішінде аға баласы есептеледі әрі солай құрметтеледі. оның себебі ертеден ел билеген асыл тектік ке қатысты. Шыңғысқанның осы тұқымнан екендігі анық. біз анау мынау айттыға емес, даукіментке жүгінуіміз керек қой.

    • #58
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • жб, 15/11/2015 - 0:56

    ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ РУЫНА ЖАТАДЫ?
    Шыңғысханның тегін қазақ деп сенімді түрде айтуымыз үшін, біз міндетті түрде Шыңғыс қағанның қазақтың қай жүзіне (қай арысына) және оның қай руына жататынын анықтауымыз керек. Егер біз осыны жасай алмасақ, атамыздың тегінің қазақ екендігі әрқашанда күмәнді және даулы мәселе болып қала бермек.
    Жалпы Шыңғысханның тегі қазақ екендігін күні кешеге дейін қазақ түгілі бүкіл әлем білген. Қазірде оны қазақтың көптеген тарихшылары айқын біледі. Бірақ, соңғы буын ұрпақты әдейі қасақана шатастырып жүрген арнайы топ бар. Бұл соңғы үш ғасырға жуық орысқа бодан болғандығымыздың салдары.
    Атамызды қазақ деп жүргендердің әрқайсысы Шыңғысханды қазақтың әртүрлі руларына: Қоңырат, Жалайыр, Найман, Үйсін және Адайға телиді.

    - Кейбір тарихшылардың арасында Шыңғысханның тегін қоңырат деушілер жиі кездеседі. Бұл пікірдің қате тұжырым екенін бір-ақ сұрақпен теріске шығаруға болады. Ол қазақтың қай руы, қай заманда өз тумаласымен құда болып еді деген.
    «Шыңғысхан Құласудың жағасымен жүрді. Су бойында отырған елге тап болды, одан : «Не елсіз?» деп сұрады. Сөйтсе олар: «Қоңыратпыз» деді. Ол уақытта қоңыратқа бас болып жүрген Түрік имал еді. Шыңғыс хан оған елші жіберіп, «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Мұны естіген соң барлық қоңырат хан алдына келіп, оған бағынды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы. 1992. 57 бет).
    Шыңғысханның тегі қоңырат болса, ол мұндай әңгімені, яғни «құда – анда едік» деген сөзді айтпай, тумаласпыз ғой деген болар еді. Енді осының үстіне, олардың өздерін ешқашан Мұңал (Моңғол) деп атамағанын қосыңыз.
    Түсініктеме: Құдамыз – Құда; Ал, Анда – дос деген сөз. Бұл сөз тіркестері Маңғыстауда күні бүгінде де бар.
    Себебі, олар (Қоңыраттар) Нұқ пайғамбар шыққан Қосай руынан тарайды. Қоңырат пен Қосайдың «Қо» деген бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді.
    Украиндіктердің (Кавказ сырты казактарының) өз тектерін «Ко» - Карпенко, Шевченко, Шмадко, Приходко т.т. деп жазып жүргендерінің сыры осы. Олардың тілін де «Ко» қазіргі біздің «ов, ова, ев, ева, овна, евна» деген сияқты баласы «ұлы, қызы» деген мағына беріп тұр.
    Қосай - бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған сексен отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі шежірелерде. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры да осы.
    Бұл жағдай Адай шежіресінде былайша беріледі: Адайдан екі бала: Құдайке (үлкені) және Келімберді (кішісі). Құдайкеден екі бала: Тәзіке (үлкені) және Қосай (кішісі). Келімбердіден алты бала: Құнанорыс, Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш және ең кенжесі Мұңал. Олар Адайда «Мұңал ошақ» деп те аталады.
    Түсініктеме: Адам-адам болып, Ұлы Жаратушы-Алла оларға сана мен сөйлейтін тіл бергелі бері, бүткіл жер бетінде ең алғаш от жаққандар осы бүгінгі қазақтың ата-бабалары болатын. Алғашқы от жағылған жер – Маңғыстау. Топономикалық айғақтамасы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңының Отпан (От ман) аталуы. Біздің бұл күндері ең көп қолданатын Отан (Нұротан) деген ұғымымыздың бастау алатын жері осы, яғни авторлық құқық Маңғыстаулықтарда жатыр. Енді осының үстіне от жағатын қондырғының «ошақ», шай қайнататын қондырғының «мосы» аталатынын қосыңыз. Од (От) Адтардың (Адайлардың) лақап аты болса, Ошақ пен мосы Адай атаның екінші немересі Қосайлардың лақап аты. Үш ұғымның үшеуінің де бір түбірден болатындығы тек осыны білдіреді. Бұл жерде Адай-Қосай аталарымыздың авторлық құқығы сақталып отыр.
    Қоңыраттардың рулық таңбасы да Шыңғысханның таңбасымен сәйкес келмейді. Қоңыраттардың рулық таңбасы «Босаға» болса, Шыңғысханның таңбасы «Тіл таңба», «Қас би» таңба деп те аталады.
    Сол сияқты ұраны да сәйкес емес. Қоңыраттардың бүкіл қазақ білетін ұраны «Алатау» болса, Шыңғысханның ұраны «Архар».
    Қоңыраттың құрамында Қият руы болғанымен, сол қияттардың арғы атасы Мұңал (Моңғол), Құрым (Қарақорым) және Қиян атты ру жоқ. Қоңыраттың құрамында Қият руының болуы, бұлар Мұңалдармен ағайын-туыс, құда-жекжат ел деген сөз. Демек, ол елдің құрамында атасы жоқ болса, ол ру олардан болмайды. Шыңғысханның рулық тегі қоңырат еместігі ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.

    Шыңғыс ханды Найман деушілерге айтарымыз, Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда Найман хандығы Татар Даласының орталық-шығысындағы Қаңға тауларынан басталып, Хан-Алтайдың түстігінен өтіп, Көк-Ертіс пен Қара-Ертістен озып, Зайсан, Тарбағатайға дейін созылып жатқанын көреміз. Шығыста – кереймен, батыста – Дәшті-Қыпшақ жұрты қаңлымен шектескен, терістігі – тау мен тайға (батпақ), түстігі – құм мен шөл. Ұлан-байтақ жер, қисапсыз халық. Нақты саны белгісіз. Бірақ сол кездің есебімен алғанда, өте көп жұрт болғаны күмәнсіз.
    Найман мемлекетіндегілердің моңғолдарды «қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімділер» деп атап, оларды мойындамай, қарсы көтеріліп, соңына дейін соғысқаны – барлық тарихи еңбектерде жазылған жәйт.
    Найманның да құрамында Шыңғысханның арғы аталары Мұңал, Жары, Құрым, Қиян атты рулар жоқ.
    Наймандардың ортақ таңбасы – Y (бақан), ұраны – Қаптағай. Ал, Шыңғысханның таңбасы «тіл», ұраны «Архар».
    Демек, Шыңғысханның руы найман еместігі де ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.


    - Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
    Бұл тұжырымға да бір ауыз сөзбен тойтарыс беруге болады. Оған Рашид ад-Диннің: «Наймандар, жалайырлар, онгуттар, кереиттер және басқа осы секілді тайпалар өздерінің нақты тайпалық атаулары бола тұрып, моңғолдың даңқына ортақтасу үшін өздерін «моңғолмыз» деп атады» (Рашин ад-Дин. 1952. Ч.І. стр.75), - деп ашып көрсетуі жарап жатыр.
    Жалайырдың ұраны - «қабылан», «бақтияр», таңбасы – тарақ.
    Жалайырдың рулық шежіресі құрамында да Мұңал (Моңғол), Жары, Құрым (Қарақұрым), мен Қиян атты ру жоқ. Демек, Шыңғысхан Жалайырға жатпайды.
    Жалайырлардың таңбасының Тарақ деп аталып, оның Адайдың «Тіл таңбасына» сәйкес болатыны, олар бір-бірімен тумалас ру деген сөз.
    Егерде, Шыңғысханның тегі Жалайыр болғанда олардың ұраны, таңбасы және рулық шежіресі толықтай сәйкес келіп, оны осы Жалайыр руынан шығып, XVI – XVII ғасырлар шегінде жасаған қазақтың әлемге әйгілі тарихшы ғұлама-ғалымы Қадырғали Жалайырдың мұны жазбай кетуі де еш мүмкін емес еді.

    «Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік халықтарының этникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, қарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың этникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монголдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіндер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді. Бұл үйсіндер мен сарыүйсіндердің өзге түрік халықтарының этникалық құрамында болғанын айғақтайтын авторлардың түгел тізімі емес, үйсіндердің ықпалын сезінген халықтар тізімі түгел деп әлі айта алмаймыз.
    Үйсін руының (Сарыүйсіндердің) ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан барып қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар, төртбұрыш болып келеді. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинаған жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын» («Үйсін руы» энциклопедия дерегінен алынған мәлімет).
    Баршамызға белгілі Ұлы Жүз – Үйсін, Ақарыс (Аға Арыс) деп аталады. Өздеріңіз көріп, аты айтып тұрғандай Үйсін – Ұлы Жүз (Қазақтың үш Жүзінің, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің ең ұлысы) және сонымен қатар олар Қазақтың үш арысының (Жанарыс пен Бекарыстың) Аға Арысы, яғни бәрінің ағасы деп отыр.
    Біз қазақ мал баққан елміз, ең алғаш рет даланың жабайы аңдарын қолға үйреткен, яғни жабайы қодасты сиырға, жабайы құланды жылқыға (атқа), архарды қошқарға, таутайлақты түйеге, киікті ешкіге айналдырған елміз. Қазақтың барлық ежелгі сөзінде, тіпті күні бүгінде де Шопан Атаны қой мен қойшының, Қамбар атаны жылқының, Ойсыл Қараны түйенің, Зәңгі бабаны сиырдың, Сексек атаны ешкінің пірі (ұстазы) деп атаймыз.
    Қазақтың үлкені (ең ұлысы, үш жүзінің ағасы) осылардың бәрін ең алғашқы болып іске асырды. Қазақ мақалындағы «Ұлы жүз-Үйсінді қауға беріп малға қой» деген сөз ешқандай қорлау сөз емес, бұл бүкіл қазақтың олардың «авторлық құқығын» мойындағандық. Бүкіл қазақ (әлем) осы бір ауыз сөзбен олардың «авторлық құқығын» қорғап отыр.
    Екіншіден, «отан отбасыдан басталады», «отбасы шағын мемлекет» дейміз. Бұл жерде де «Үйсіндер» авторлық құқықтарын сақтап отыр. Себебі, отбасы мен үй синоним. Біз күні бүгінде де отбасы, ошақ басымызды қорғайтын мекен-жайымызды үй деп атаймыз. Бүкіл қазаққа, әлемге отбасын құрып, оны үй салып қорғауды үйреткен солар болатын. Бұл кімде-кім «мың жерден, басын тасқа ұрса да» солай. Бұл жерде Үйсін атамыздың (Ұлы Жүздің, Аға Арысымыздың) авторлық құқығын ешкім тартып ала алмайды. Ол Ұлы Жаратушы-Алланың болмаса, адам баласының қолынан келмейді.
    Үшіншіден, аталарымыз Ақиқатты ағадан ізде, Ақиқатты солар біледі деген. Ақиқат пен Ағаның сөз түбірлері «ақ (ағ)» болатыны осыдан. Құрметті, Оқырман! Еске ұста! Қазақ та сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес және ол ешқашан жаңылыспайды да. Мұны ежелде қазақтың бес жасар баласы да білетін. Ал қазіргі түсіне алмай жүргендер, Дарвиннің (адамзат маймылдан тарады деген) ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болуға жақындап жүргендер.
    Ондайларға Үйсіннің бүкіл қазаққа әйгілі атасы Майқы би "Кімнен кім туады?" деген сұраққа былай деп жауап берген екен:
    Тұлпардан тұлпар туады,
    Сұңқардан сұнқар туады,
    Асылдан асыл туады,
    Жалқаудан масыл туады,
    Масылдан мал бақпас туады,
    Тілазардан қылжақбас туады,
    Таздан жарғақбас туады,
    Сараңнан бермес туады,
    Соқырдан көрмес туады,
    Мылжыңнан езбе туады,
    Қыдырмадан кезбе туады,
    Маймылдан маймыл туады. (Маймылдан ешқашан адам тумайды Қ.М.)

    Бізге, яғни бүгінгі Қазаққа керегі Ағаларымыз (Ұлы Жүз-Үйсініміз, Аға Арысымыз) бүкіл Қазақтың арын сол аталарындай болып қорғап, ағалық міндеттерін атқарса екен дейміз.
    Ата-бабаларымыздан қалған, күні бүгінде де мән - мағынасын жоймай, жалғасын тауып келе жатқан, бүкіл әлем елдеріне үлгі болған қазақ халқының жақсы қасиеттерінің бірі жас адамның жасы үлкенге деген құрметі мен ілтипаты. Жастар әліге дейін сол ізетпен, ағалап, аталап, апалап, әжелеп тұрады. Қай жерде болмасын, үлкен тұрғанда кіші отырмайды және олардың бетінен алып, олардың көзінше бейпіл сөз айтқан емес. Соған сәйкес, аға мен атаның да, ата мен әженің де, өзінен кішілерге құрметі өзгеше. «Алдымнан көкем-ау деп шығатұғын, Сендерді сағындым ғой, ағаларым» деп келетін «Ағаларым» әнінің жиі айтылып, бүкіл халықтың жүрегіне жол тауып, халық әніне айналғаны осы айтқандарымның айдай айғағы емес пе? Біз мұны батыс елдерінің бірде-біреуінде кездеспейтін ағалар институты десек шындықтан алшақ кете қоймаспыз. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді қазақ. Алдыңда үнемі қамқор болып, жол-жоба көрсетер, қиналғанда қолтығыңнан демер жанашыр жан болса, өмірден адаспай орныңды тауып, жағаң жайлау, уайым-қайғысыз тіршілік кешіп, бақыт деген «ауылдың» тұрақты тұрғыны боларың анық. Демек, кім-кімге де қамқоршы ағаның керек екені даусыз.
    Аға деген ұғымның бұдан да басқа, тағы бір мағынасы бар. Өзінен кіші жандардың бәріне хал-кәдерінше қамқорлық жасап жүргендердің бәрі де аға. Ал, «ел ағасы» деген ұғымның мәні тіпті зор. Бұл атына заты сай, барша елдің, халықтың қамқоршы ағасы болып отырған (жасына қарамастан) үлкен тұлғаларға арнап айтылатын атау.
    Соңғы жылдары жасы үлкен болса да аға деген атқа ие бола алмай жүргендер көбейіп барады. Өзінен кішіге үлгі болар ісі болмаса, оның несі аға. Сондайлардың кесірінен болар, қазіргі жастарымыздың басым көпшілігі өзінен үлкендердің бәріне (тіпті әкесінен үлкен, атасымен қатар адам болса да) «братан» дейтін болыпты. Өзімізге де обал жоқ. Осыны және «махан», «пахан» деген сөздерді естігенімде алып Қазақстан түгелімен «орыстанып» және түрмеге айналып бара жатқандай болып көрінеді. Бізге мұны қазіргі Қазақ елінде ұлттық идеологияның мойындалмауы салдарынан болды деп батыл тұжырымдауымызға болады.
    «Ағадан кетті ағалық,
    Ініден кетті інілік.
    Інісі болды терең жар,
    Жүрмеді аға сүрініп.
    Атаның салған ақ жолы
    Тоқтап қалды кідіріп.
    Заман деген жел мая,
    Қалмасақ халқым жақсы еді
    Желмаядан жығылып» (Әбубәкір Кердері «Бес ғасыр жырлайды» Алматы-1989. 273 бет). Меніңше бұған ешқандай түсінік берудің қажеті жоқ. Ата жолын жалғастырып «Желмаядан жығылмау» қамын жасауымыз қажет.
    Ағалар демекші, мына біз көп араласатын орыс халқының сөздік қорында аға-іні, апа-сіңлі деген сөз, тіпті мұндай ұғым да жоқ. Сондықтан ер адамдар мен әйел адамдардың ара жастары өте алшақ болса да олардың бәрі «брат» и «сестра» делінеді. Соған сәйкес олардың жап-жас қыздары да әкесінен үлкен адамға «эй, мужчина» деп сөйлесе, соңғы жылдары соған еліктегендіктен, осындай келеңсіз жағдайлар қазақ қыздарының арасынан да кездесіп қалып жүр. Ал, інілеріміз, інілеріміз, тіпті бірге туған бауырлар да аға сыйлаудан қалып барады. Осы, күндері інілердің бірге туған ағасына да «әй шал», немесе «мына шал» деп мен-менси сөйлейтіндерін көріп жүрміз. Еске ұста! Қазақ баласы үшін бұл азғындықтың ең биік «шыңы» болмақ. Дүние кезек. Атаң мен Ағаңа істегенің, өз алдыңа да келеді. Оған күмәнің болмасын.
    Ал, Ұлы Жүз, Аға Арыс – Үйсін атамыздың ұрпақтарына Шыңғысханға таласудың ешқандай қажеттігі жоқ. Себебі, бүкіл қазақ сендердікі. Бәрі сендердің інілерің.
    Ол сендердің Аталарыңның інісінің ұрпағы. Себебі, Үйсін елінің (руының) құрамында Мұңал, Қарақұрым (Шыңғысхан империясының астанасының Қарақорым деп аталған себебі осы) және барлық тарихи деректер де жазылғандай ол шыққан Қиян атты ру жоқ. Және өзің көріп отырғандай, таңбаларың да (герб), ұраның да сәйкес келмейді. Демек, босқа таласудың еш қажеттігі жоқ.
    Егер біз осыған таласатын болсақ, біздің бұл әрекетіміз өзбектің өз аты (Өзбекістан) деп жазулы тұрған таңбасына (гербіне) менікі деп таласқанымызбен бірдей болып шығады.
    Атам қазақ тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Әр ұғым да, әр атау да сол ұғымдарды дүниеге әкелген адамның (рудың, тайпаның) атасы тұрады, ол сөздің түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) деп аталады. Сөз де Ата да бар, Ана да бар. Сөздің атасын айттық. Енді анасына келсек, сөздің анасы тіл. Тілің болмаса, сөз дүниеге келмейді, яғни сөйлей алмайсың. Бүгінгі Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргенінің сыры осы. Ең бірінші болып Адам Ата мен Ауа Ананың тілі шыққандығына қандай дау бар. Бүгінгі Адайлар сол түпкірдегі адам Атаның «қарашаңырағының» иесі. Екеуінің де «Ада (Ата)» деген бір түбірден болатыны осыдан. Шыңғыс қағанның да таңбасы осы «Тіл таңба», оны кей деректерде, мысалы «Алтан Тобышта» «Қас би таңба» деп те атайды. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Шыңғыстың ұраны «Архар». Қой мен қошқардың пірі (ұстазы) Шопан атаның моласы Маңғыстауда.
    Қазақтың барлық шежіре дерегінде, Адай барлық рулардың ең соңында тұр. Ол Қазақтың үш Жүзінің ең кішісі Кіші Жүзінің, Кіші Жүздің ең кішісі Он екі ата Байұлының, Он екі ата Байұлының ең кішісі Адайдың, Адайдың барлық ұлдары мен немерелерінің ең соңында Мұңал тұр. Демек, бұл қазақтың «қарашаңырағы, яғни ең кенжесі Адай, Ал Адайдікі Мұңал деген сөз. Шежіре-тарих ең кенже ұлда ғана толықтай сақтала алады.
    Ал, енді Ұлы Жүз Үйсіннің құрамындағы «Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы (Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай (атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-Есугей-Темір(Темірші, Шыңғысхан) делінетіне келсек, бұл да ешқандай қателікке жатпайды. Себебі, ежелгі қазақтың кез-келген отбасын да (руын да) атасының інілерінің баласы, «Ағаның үйі Ақ мешіт» деп, атасының да, оның балаларының да үйіне, бөлек отырған руына да барып тұра берген. Олар оны ешқашан жатырқамаған. Өз туған балалары мен туған інілерінен кем көрмеген. Демек, Шыңғысханның тегі үйсіннің ішінде болуы ешқандай әбестік те, жаңсақтық та емес. Өздерің көріп отырғандай, Шыңғысханның тегі Үйсіннің рулық құрамында тек қана Дүйім-Баян-Есугей-Темір (Шыңғысхан) болып таратылады.
    Енді сізге сұрақ? Олардың арғы аталары қайда? Бүкіл әлем шежіресі Шыңғысхан шыққан руды ежелгі түріктің (қазақтың) Қиян (Қият) руынан демей ме? Олардың қазіргі ұлтқа айналған руын Мұңал (Моңғол), астанасын Қарақорым демей ме? Енді өзің ойлап қара, неге олар Үйсіннің құрамында жоқ. Жоқ болатын себебі, Дүйім-Баян-Есугей-Темірдің (Шыңғысхан) аталары Ұлы Жүз-Үйсіннің Ақарыстың (Аға Арыстың) кенже інісі Кіші Жүз-Бекарыстан тарайды. Сондықтан, Мұңал (Моңғол), Қарақұрым (Қарақорым), Қиян (Қият) рулары Қазақтың кенжесі Адайдың құрамында тұр.
    Шыңғыс қағанның тегі Адай екендігі ешқандай дауға жатуға тиіс емес. Себебі, бүткіл жер бетіндегі (ас пен көктің арасы), тіпті сонау ғарыштағы атаулардың бәрі адам (ру) аттары, яғни сол атауларды дүниеге әкелген аталарымыздың есімі. Бастауы сонау Адам атадан алынатын бұл қағиданы бүкіл әлем елдері қолданады. Аталарымыз оны «сөздің атасы» десе, бүгінгі тілде ол «авторлық құқық» делініп жүр. Авторлық құқық сөз түбірінде (өз түбінде) сақталады. Ақыл-есі дұрыс жандар үшін, бұл дауға жатуға тиісті емес. Бұл тұжырымды кез-келген адам, кез-келген ұғымнан көре алады. Сондықтан, Адай Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Демек, Шыңғыс қағанның Адай (м) атаның ұрпағы екендігіне дауласу әділеттікке жатпайды.
    – Адай (м) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.
    А – дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.
    Ад – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (атың кім?); б. Қолға
    үйретілген, мінетін ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.
    Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу – көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.
    Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі.
    Дай – Адам ата ұрпақтарының ру-руға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Бұл баяғы Маңғыстау топырағында болып өткен, Парсы патшасы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Сақ (Масагет) ханшасы Тұмар ханымның елі. Дай-дай болып айтысу, Дай-дай бөліну, тіпті керісу мен ұрысу да солардан қалды.
    Сол Дайлар қайда кетті? Олар ешқайда да кеткен жоқ. Сол ежелгі атамекендерінде әлі отыр. Олар қазір Адам Атасының және қазақтың қарашаңырағына ие болып, Адай атанса, оның ұрпағы Алтай хан, Алтай атты тау мен Алтай атты елді қалдырды. Бүгінгі Алтай атты тау атауының шығу тегі осы. Аттың (Адтың) орнын тай (дай) басар» деген қазақ мақалының толық мағынасы осы. Бұл тұжырым дауға жатпайды.
    Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Әйтпесе, ортағасырлық ғұламалардың барлығы дерлік өз тектерін Иассауи, Фараби, Баласағұни, Фердауси, Игунеки, Адайи, Сарайи, Тарази, Жалайри т.т. деп жазбаған болар еді.
    Адам (Ата-м). М – тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, балам, басым, аяғым, елім, жерім, атамекенім т.т. болып кете береді.
    Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айттық. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болатын.
    Өздеріңіз көріп отырғандай бар жоғы төрт-ақ дыбыстан тұратын бір ауыз сөзге Адай (м) ата, (Ман) ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы түгел сыйып кеткен. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Тарих жазсаң, осылай жаз!
    Ад қауымы бүкіл адамзат баласының Атасы. Атам, Адам және Адайдың сөз түбірі Ат пен Ад болатыны осы. Бұл атаулардың «авторлық құқығы» Ад (Адай) атамыздікі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Атаң да, Ат та ең жақындықты білдіретін ұғым. «Ат ердің қанаты» (мақал). «Есімің кім» дегеннің орнына да «Атың кім» дейміз. Ал «Ад»- қа келсек, ежелгі шежірелердің бәрінде, Құран Кәрімде де Ад қауымы деп жазылған. Бұл біздің бала кезімізден бәрімізге таныс «Алғашқы қауымдық құрылым» деген сөз. Осы қауымдық құрылым, адамзат қоғамының әр-түрлі даму сатыларынан өтіп барып, елге, мемлекетке айналды. Осы алғашқы елдің аты, осы елдің (рудың) атасы Әз (Аз) атамыздың атына сәйкес Аз, Азар, Азақ, Азық, Азия, Азау, Азаулы, кейіннен Қаз, Қазық, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан деп аталды. Өздеріңіз көріп отырғандай Ад пен Ат-қа «а» әрібін жалғасаңыз, бұл күнде немереден басталатын ұрпақтың аузымен айтылатын өзіміздің Ата (Ада) деген сөзіміз шығады да, Ада-ға «й» әрібін жалғасақ, бұл керісінше жоғарыда көрсеткеніміздей баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына береді. Мына солтүстіктегі көршілеріміздің (орыс) тұрақты мекен-жайды «Ад-рес», бөлімдерді (аймақтық, құрамдық) отдел, отделение деп, Адайдың (Одойдың) сөз түбірін қолданатындарының сыры осы.
    Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.
    «Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).
    Қазіргі Хақас тілінде Адай – Құмай Тазы.
    Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).
    Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.
    «Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.
    …Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).
    Жоғарыда көрсеткенімдей Ада-ға «й» жалғауын қоссаң да Атаның ұрпағы деп көпше мағына бергені сияқты «Ад»-қа «ай» жалғауын қоссаң да сол күйінде қалады. Біздің білетініміз, аталарымызды, яғни ежелгі қазақтарды Өгіз қағанның үлкен ұлы, әрі тақ мұрагері Күн ханның атымен Күндер (Ғұн, Хұн, Хунну т.б.) деп атаған. Сонда күніміз аспандағы нұр, сәуле шашып, жарық беріп тұрған күн де, күн мен түннің алмасқан кезіндегі жарық мезгіл күндіз, немесе бір күн. Сонда біз қолданып жүрген «ай» сөзі сол күндердің (жылда ауысып отыратын 28, 29 күннен басқа 30 немесе 31 күн) жиынтығы болып шығады. Осылайша «ай» сөзі де бұл жерде көпше мағына береді. Бұл атаулардың бәрі өз тегін Ай анамыздың атынан бастау алады.
    Адай дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай Ад пен Ай деген, ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай» дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айбек, Айсұлтан, Айболат, Айман, Найман, Айгүл, Айнұр, Айжан, Май, Майя, Тайпа, Сынай (Синай), Мұнай, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Сай, Пай-Пай, айна (әйнек), айал (әйел) т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):
    «...Мен Адайдың Ақтаны
    ...Сөйле» десең жыршыңыз
    Алдарыңда жортақтар.
    Туған айға ат берген,
    Ақ қағаз бен хат берген
    Екі ерін мен тіл-таңдай
    Сөйлесін деп жақ берген.
    Айтқан сөзге түсінбес
    Адамның мыйсыз ақымағы», – деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
    Әйтпесе, Адайлардың атамекені Маңғыстау «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталмаған болар еді.
    Әйтпесе, ежелгі жырдағы: Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан,
    Жүрегін талай ердің қобалжытқан, – деп, Маңғыстауға аяқ басқан ерлердің жүрегін қобалжытпаған болар еді.
    Әйтпесе, Маңғыстаудың ежелгі МАД (Ма Адай, Ман Адай, Мадиан, Мадай (МатаЙ)) патшалығынан бүкіл әлемге үлгі болған әдеп (әдеп сақтау), әдет (жақсы әдет), әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет деген ұғымдар, Мекке мен Мәдине қалаларының атауы дүниеге келмеген болар еді.
    Әйтпесе, Жебе Адайдың таңбасы (стрела, стрелка) бағыт-бағдар, жол көрсетіп бүкіл әлем елдерінің кез-келген жерінде тұрмаған болар еді.
    Әйтпесе, ежелгі қазақтар (қытай қазақтары күні бүгінде де) періштені, сәбиді, балапанды Адай деп атамаған болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар өздерінің Ас-садақаларында сендердің бәріңе Аға баласы деп иықтарыңа шапан жаппаған болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар бәріңе төрінен орын ұсынып, келіндері үйіне келген жасы үлкендеріңе иіліп сәлем етпеген болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар ежелгі шежіре-дастан, жырлардың бәрінде «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталмаған болар еді (Ең бірінші болып адам Ата мен Ауа ананың тілі шыққанына қандай дау бар).
    Әйтпесе, олар Қас би (Қаз би) атанып, Маңғыстау өлкесі сұғына кірін тұрған теңіз Қас би (Каспий) деп аталмаған болар еді;
    Әйтпесе, олар ежелгі жазбаларда Тау би және Көп би деп аталмаған болар еді;
    Әйтпесе, Адайлар қазақтың қарашаңырағы (кенжесі) аталып, ата-тек шежіресінің ең соңында тұрмаған болар еді;
    Әйтпесе, «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі», – деп айтылмаған болар еді;
    Әйтпесе, Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Маңғыстау ұстап отырмаған болар еді;
    Әйтпесе, бүкіл әлем өздерін Адам Ата мен Ауа Анадан және Ман Атадан таратпаған болар еді;
    Әйтпесе, Ман атаның моласы Манқыстауда жатпаған болар еді;
    Әйтпесе, киелі Маңғыстауда қазақтың түп атасы Әз әулиенің моласы сақталмаған болар еді;
    Әйтпесе, Маңғыстаудағы Сынды (Синай, қазіргі атауы Қыр (Үстірт) тауында Ұлы Жаратушы – Алла Мұса пайғамбармен тілге келіп, оны және оның елін дұрыс жолға (мұсылман) салу үшін Оған «Торатты» (Тауратты) бермеген болар еді;
    Әйтпесе, Маңғыстаудағы қырдың халқы Үстіңгі жұрт (Үстірт) деп аталмаған болар еді.
    Әйтпесе, қой менен қойшының пірі Шопан ата қорымы Маңғыстауда болмаған болар еді;
    Әйтпесе, мына өмірге «пірдің соңы Бекет» делінетін құдіретті Бекет әулие дүниеге келмеген болар еді;
    Әйтпесе, ұлы Құрманғазы бабамыз Адайларға бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Адай» күйін арнамаған болар еді;
    Әйтпесе, «Алшын, Алшын болғалы,
    Адай еді қорғаны.
    Адайдан қайрат кеткелі
    Қалың алшын сорлады», – деп Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш Қиян» атты тамаша толғауында жырламаған болар еді;
    Әйтпесе, 1930 жылы КСРО Орталық партия Комитеті (Москва) туысы Маңғыстаулық Адай ата ұрпақтарынан басшы қызметке адам алынбасын деген жасырын қаулы алмаған болар еді;
    Әйтпесе, Әйтпесе, бүкіл әлемді жақсылыққа жетелеген Шыңғыс қаған бабамыз Қазақ болмаса, мен Қаз Адай болмасам мына шежіре-тарих жазылмаған болар еді.
    Адай шежіресінде, Адайдан – Келімберді – Мұңал - Жаулы - Жары - Кеще (Мұрат) - Шортық - Бұхар - Құрым - Сүйіндік - Тұрнияз - Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды.
    Қият – Шыңғыс ханның туған руы. Қазақтың шежіре дерегі бойынша, қият атауының түп төркіні – базғыдағы қасап қырғыннан аман шығып, Еркіңе-қонға (Ергенокон) жеткен екі жігіттің бірі Қиян есіміне барып тіреледі. «Қиян» сөзінің мағынасы – таудан құлаған сел, ағыны қатты, буырқанған, үлкен, күшті тасқын. Бұл – дәл осы қалпында қазақ тілінде, Алтайдан Атырауға дейін – батыста да, шығыста да қолданыста бар сөз, мәнісі – таудан аққан сел және екпінді, қуатты демек: қиян жүрді, қиян соқты немесе қиян жүйрік, қиян мықты. Екі тарамның түйіні біреу-ақ: екпінді, ағынды, қуатты, пәрменді, қарқынды. «Қиян әулеті қайратты, қуатты, қайтпас ер болған себепті бұл тайпа қият есімімен әйгілі болды», – дейді Рәшид-әд-Дин. Қият – «қиян» сөзінің жиынтық нұсқасы.
    Әуелде Еркіңе-қоннан шыққан бүкіл Қият әулеті, оның ішінде Бөрте-Шина (Бөрте Бөрі, Бөрте Алшын М.Қ.) тұқымы түгелдей қият атанады. Алайда, Дүйім-Баян, Алан-Құбадан соңғы заманда ел өсіп-өніп, көбейіп, әрбір ата жаңа есіммен жаңа, дербес руға айналады. Қият ныспысы көмескіленіп, есептен шыға бастайды. Ақыры, Боданшар мұңалдың жетінші ұрпағы Қабыл хан кезінде қият атауы қайтадан жаңғырыпты. Қияттардың көпшілік бөлігі осы Қабыл ханнан тарайды дейді Рәшид-әд-Дин. Шыңғысханның тікелей ұрпағы Әбілғазы атамызда тура осы деректі береді. Бұған күмән келтіруге де, дау айтып теріске шығаруға да ешкімнің құқы жоқ. Атам Қазақ ата-тегінен ешқашан жаңылысқан емес. Ұрпақтарына «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалды «шегелей» қалдырып кеткен солар болатын.
    Қазақ ұғымы, қазақ халық әдебиетінде ежелгі қият – қыпшақпен туыстас және одақтас ру ретінде жүреді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің тарихи шығарма, әдеби зерттеулерінде «қият-қыпшақ» елі деп жазады.
    Мұхтар атамыздың тұжырымы өте орынды. Себебі, Қият, Қыпшақ, Қидан, Қимақ, Кимек синоним. Бәрі бір түбірден, яғни Қиян деген бір атадан тарайды. Құрметті Оқырман! Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және қазақтың рулық шежіресі ешқашан жаңылысқан емес.
    Жоғарыда көрсетілген деректерден шығатын қорытынды, бәрінің тегі Қиян, ал Қият оның көпше атауы. Қият руының қазақтың көптеген белді руларының құрамында болатынының сыры осы. Мысалы, Қият - Ұлы жүз (Ағарыстың) шанышқылы руында, Орта жүз (Жанарыстың) қоңырат руында, тіпті Қарақалпақта да бар. Сол Қият руы Адайдың – Келімберді – Мұңалынан тарайтын – Бәйімбет руының ішінде де бар. Мұңалдан – Бәйімбет, Бәйімбеттен – Сабытай, Сабытайдан – Медет, Медеттен – Құл, Құлдан – Батыр, Батырдан – Қият болып таратылады («Маңғыстау энциклопедиясы»). Ал, қыпшақ руын бүкіл түркі халықтарының барлығының ішінде бар десе де болады.


    «Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.
    Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады» (Шыңғыс қаған).

    • #59
    • Айткул
    • сс, 22/12/2015 - 11:32

    №8 -ге сұрасаң мен айтайын : -Адам ата қазақ екен, таңбасы наймандардың таңбасына ұқсас екен, ғұлама,қари молданың сөзінен

    • #60
    • Айткул
    • сс, 22/12/2015 - 11:32

    №8 -ге сұрасаң мен айтайын : -Адам ата қазақ екен, таңбасы наймандардың таңбасына ұқсас екен, ғұлама,қари молданың сөзінен

    • #61
    • Талғат
    • жм, 15/01/2016 - 19:29

    Оғызнамада Оғыз ханның алты баласынан алты алаш тараған 24 немересіне өзіне қарасты жерлерді таңбамен қосып таратты делінген.Осы 24 немересі қазақтың негізгі рулары болып саналады.Оның ішінде Адай деген ру жоқ.Қият пен Қиянның арасында ит шөлдеп өледі.

    • #62
    • Акынкызы Айгуль
    • сб, 12/03/2016 - 20:21

    Оте кызык екен. Сiздерде дурыс айтасыздар! Онда мен орта жуз екенмiн гой!? Мен Кереймiн, ягни Жанарыс.

    • #63
    • 63
    • сс, 15/03/2016 - 11:31

    61-ге! Дұрыс айтасың Адай ата (Атай) есімінің түбірі Ада (Ата) ғой. адамың Атам ғой. Атаң мен Атайыңның олардың ішінде қайдан болсын. Қиян мен Қияттардың арасында ит шөлдеп өлетіні рас. Қият Адайдан тараған Қиянның көбейген ұрпағы ғой.

    • #64
    • 64
    • сс, 15/03/2016 - 14:58

    Бастауыш сыныбына арналған арнайы практикалық сабақ:

    А, Ад (Ат), Ада (Ата), Адай (Атай), Адам (Атам), Дай (Тай), Дайжуыт (Тайжуыт, Мадай (Матай). Осы сөздердің мағынасын ашып пікір жазуларыңызды өтінемін?

    • #65
    • Бекберген
    • сн, 16/03/2016 - 15:03

    Қалай-қалай қуады мына жұрт, өзі қуғанымен қоймай, басқаны соған сендірмек ойы да бар.

    Шыңғысхан - қазақ емес, ол монғол, Еке монғол ұлыстың негізін салушы, монғол тілді тайпаларды және түркі тілді тайпалардың бір бөлігін біріктіріп, монғол мемлекетінің негізін салған тұлға.
    Ал қазақ этнос болып 15-16 ғасырларда қалыптасты. Қазақ этносына тамыры монғолдық, бірақ түркіленген керей (хэрейт), найман, албан, суан, дулат, үйсін (хушин), қоңырат (хунгират) жалайыр тайпаларынан, түркі тілді қыпшақ, қаңлы тайпаларынан, шығу тегі белгісіз, Бату ханнан бергі кезде бір атадан тараған, бірақ түркітілді арғын секілді, Алшынның ұрпақтары секілді тайпалардан тұрған.
    Сондықтан Шыңғысханды - қазақ деп күпір сөйлемей, қазақтың ата тектерінің бір бөлігі монғол болған, сол бөлік монғол болғанда олардың ханы-Шыңғысқан болған деп сөйлеу керек.

    Содан соң не ғой... Нұх пайғамбар деп.... Қазақтың ата-бабасын Құранға тремей-ақ қойыңдаршы....

    Жалпы алғанда, мына теорияның авторы ешқандайда ғалым емес, керемет қиалшыл, шабыты ұрып тұрған Әбілмәжнүн Ғибадати Ғажайыби Қахайық ақынға ұқсайды екен)))).

    • #66
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 17/03/2016 - 21:50

    ШЕЖІРЕ СӨЙЛЕЙДІ


    Шыңғысханды қазақ деп айтуымыз үшін, міндетті түрде атамызды 105 таңбалы (105 рулы)
    қазақтың бір руынан шыққандығын дәлелдеуге тиіспіз. Егер біз мұны істей алмасақ, атамызды қазақ деп атауымызға ешқандай құқығымыз болмайды.
    - Атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғыс қаған атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық.
    - Қазақ (Қазақ қаған, бүкіл әлемді билеген ұлы патша). Қазақтан үш бала: Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз).
    Түсініктеме: Ақарыс – Аға арыс (ағасы), Бекарыс – Кіші жүз, деп аты айтып тұрғандай қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі болып табылады.
    Бекарыстан алты ата Әлім, Жетіру және Он екі ата Байұлы қосылып 25 тақта (25 таңбалы) кіші жүзді құрайды.
    Байұлынан - Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Шеркеш, Таз, Тана, Жаппас, Ысық, Беріш, кенжесі Адай.
    Адайдан екі бала – Құдайке (Ад-гу), кішісі Келінберді (Ад-лу).
    Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке, кішісі Қосай.
    Келінбердіден алты бала – Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш, кенжесі Мұңал.
    Мұңалдан - Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы, Алақұнан.
    Сонда Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді.
    Адайдан – Келімберді – Мұңал - Жаулы - Жары - Мұрат (Кеще) - Шортық - Бұхар - Құрым - Сүйіндік - Тұрнияз - Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет).
    Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
    Шыңғыс қаған өз орнына, яғни Ата жұртына үлкен ұлы Жошыны хан етіп бекітті. Бұл қазақтың отбасылық жүйесімен де толықтай сәйкес келеді, яғни әкесінен кейін әулеттің билігі, болса әкесінің інісіне, жоқ болса үлкен ұлына көшеді. Сол әкенің барлық балалары ең жасы үлкеніне бағынады. Бұл кезінде бүкіл қазақтың, соның ішінде Шыңғысхан қағанатының да айнымас заңы болған. Бұл қағида қазақи орта да күні бүгінде де сол қалпында қолданылады. Қазақтың ұлттық идеологиясының негізі осы.
    Осы шежіре деректерінің төмендегідей бұлтартпас топономикалық айғақтары бар:
    - Адайдан - Қап (Кавказ) тауының ең биік шыңдарының бірі Адай шыңы, Мұңалияда (қазіргі Моңғолия) Адай атты көл, Адай атты өзен;
    - Мұңал мен Жарыдан - Арал мен Қас би (Каспий) теңізі ортасында Мұңалжары (Мұғаджар) тауы;
    - Мұңалдан - Шыңғыстаудың ең биік шыңы Мұңал шыңы; (Көңіл аударайық, Шыңғыстаудың ең биік шыңына Атасының аты қойылған).
    - Мұңалдан – Алтайдағы Мұңал (Моңғол) даласы;
    - Мұңалдан - қазіргі Монғолия мемлекеті;
    - Шыңғыстан - Сарыарқа да Шыңғыстау деген тау;
    - Жарыдан - тіпті сонау Америка құрылығының Амапа жерінде де Жары атты өзен, Жары атты көл бар. Өзіміздің елде де Жаркент (Жары кент қаласы), Жарбұлақ (Жары бұлақ), Жартас, Жарқұм, Жармыш, Жарма, Жарысу, Жарқұдық (Жары құдық), Жарты, Жаршеке (тау), Жарауыл, Жарын, Жарбөгет, Жарас атты топонимдер толып жатыр. Осы атаулардың барлығы дерлік Маңғыстауда орналасқан.
    Мұңал-Жары руы Манқыстауда Адай халқының үлкен бөлігін құрайды. Себебі, Манқыстауда «Жарының мал іздегендері де бір үй толтырады», «Жары көп пе, тары көп пе», «Таяқ лақтырсаң Жеменейге тиеді, егер Жеменей бұғып қалса Жарыға тиеді» деген сөздер ежелден айтылып келеді;
    - Бұхардан - Бұхара қаласы (қазіргі Өзбекістан жерінде);
    - Шыңғыс қағанның арғы аталары Қаралардан (Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек), Қараман Ата (бейіт, қорым, алқап), Қарақия (ойпат), Қарамандыбас (ежелгі шумерлер (маялар) өздерін Қарабастар деп атаған – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
    Құрымнан – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
    - Мұңалдан – Қияннан (Қият) – Қарақия (Қара Қия); Қият деген көптеген рулар мен қалалар;
    - Қияннан – Қиян (алқап), Қиянды (шатқал), Қияқты (тау) (Маңғыстауда).
    - Шортықтан – Шорым атты жер атауы (Маңғыстауда).
    Осы рулардан қалған топономикалық атаулар әлем картасында өте көп. Оның бәрін жазатын болсақ, оған арнайы кітап арнау қажет болатыны сөзсіз.
    «Тарихи құжаттар бойынша Шыңғысханның атамекенінде Бұрқан, Түрген, Жаркент деген жерлердің бар екені нақты жазылған. Осы үш жер аты да Жетісудың Жаркент жерінде ертеден бүгінге дейін сақталып келеді» (Т.Ә.Тыныбайын Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, шыңғысхантанушы, тарихшы, аудармашы).
    Түсініктеме: Жаркент – Жарылардың кенті. Жары өздеріңіз көріп отырғандай Шыңғысхан шыққан рудың аты.
    Бұрхан – Бөрі хан деген мағына береді. Бөрі мен қасқыр синоним. Бөрі (Көк бөрі) Алшынның балама атауы.
    Түрген – Түрік кенті. Түрген мен Түрік «Түр» деген бір түбірден. «Ген» мен «Кен» де солай. Ал Түрік дегендегі «Ік»-ке келсек, бұл Түрік жігі деген мағына береді. Мысалы, Ақ Кетік – Кете жігі, Бөрік - Бөрі жігі (Шыңғыс ханның руын Бөржігін деп атайтындары осыдан).
    ««Қиян» сөзі таудың басынан төмен қарай ағатын жылдам, екпінді «күшті ағыс» деген мағынаны білдіреді. Қияндар өте жауынгер, батыр әрі өте ержүрек болғандықтан, олар осы сөзбен (атпен) аталған болатын. Ал «қият» сөзі – «қиян» сөзінің көпше түрі. Ежелгі дәуірлерде, осы рудың бастауына жақын ұрпақтары «қият» деп аталатын болған.
    ...Құралас руынан шыққан Алан Қуаның күйеуі Дубун Баян – қиян руынан шыққан, Шыңғыс ханның шыққан тегі жоғарыда айтылғандай сол екеуіне (Дубун Баян мен Алан Қуаға) барып тіреледі…
    Жоғарыда кеңінен айтқанымыздай, бұл тайпаны байырғы уақыттарда қият деп атаған. Сосын, Дубун Баяннан көптеген рулар тарап, олардан да көп тармақтар бө¬лініп шығуының себебінен уақыт өте келе ол рулар мен тармақтардың барлығы өзіне тән ерекше атаулармен аталатын болды. (Зәріпбай ОРАЗБАЙ, «Егемен Қазақстан» газеті).
    «Қиат – ру аты, о баста Қиан дегеннен шыққан, ол моңғолша таудан құлап, тез ағатын су дегенге келеді, ал қиат – соның көпшесі, яғни соңғы «т» дыбысы көптікті білдіреді» (Әбілғазы «Түрік шежіресі». Бұл бүгінгі тіл ғылымы (лингивистика) саласының түсінігіне де қайшы емес. Өйткені «т» дыбысының орал-алтай тілдерінде бір кезде көпшелікті білдіретін қосымша болғанын түркітанушы ғалымдар жете дәлелдеген.
    Ғалымдарда Қиян мен Қият бір ұғым, бірінің орнына бірі қолданыла береді деген тұжырым қалыптасқан. Ақиқатында, Қия-ға жалғанған «Н» менен «Т» бір дыбыс емес.
    «Н» дыбысы ежелде де, қазірде де «баласы, ұрпағы» деген мағына да, қазіргі «ов пен евтердің» орнына қолданылған. Мысалы, Балықшы Сақ Ғұн – Баласағұн, Сарыны баласы – Сарин, Алтынсарының баласы – Алтынсары, Нұралин, Нұртазин, Майлин, Мұстафин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді.
    Ал «Т» дыбысы, тек қана толып-толысты дегенді білдіреді. Ежелгі қазақтардың барлық дүниені тоғыз-тоғызбен есептейтіні осыдан. Мысалы, Ұлт – ұл (бала) толысып, ұлтқа айналып тұр, сүт – су ағарып, сүтке айналған, өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған, жылт – көрінді де жоқ болды т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.
    Осы «Н» мен «Т» дыбыстарын сөйлету арқылы Қиян мен Қияттың тегін айна қатесіз анықтай аламыз. Себебі, Қиян деген ру аты Адайдың рулық жүйесінен өзге шежірелердің ешқайсысында жоқ. Бола да алмайды. Себебі, адамның тегі көп адамнан емес тек қана бір атадан тарайды. Ал Қиятты барлық ежелгі рулардың ішінде бар десе де болады. Қият көпше мағына береді. Қияттар Қиянның толып-толысқан ұрпағы.

    Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.

    • #67
    • Қонақбай
    • жм, 25/03/2016 - 11:40

    #61 Талғатқа
    Іш тарлық қылма, қазақ-қазаққа болсын демесен, істің бәрі бос.
    Монғолия мемлекетінің 1929 жылы құрылғаны туралы құжаттарды
    дәлел ретінде архивтен тауып көрсетуіміз керек,
    Тарихтағы жазбаларда бәрінде моғолия деп жазылады.
    Шындығында қазақтың үлкен іргелі ел болуынан, айналадағы елдер қауіптенеді, олардада астыртын саясат жүріп жатыр.
    Алдымен қонақ болып төрімізге шығып алады, қонақты құдайымыздай сыйлаймыз, сосын өзімізді қалай билеп төстеуді
    ойластырады, тіпті миллиондап қырып тастады қайта қалыпқа келу үшін қаншама уақыт кетті.
    Қайта әлемді билеу қазақ сияқты қаны таза, жаны таза елге тиесілі.

    • #68
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • сб, 26/03/2016 - 22:03

    БИСМИЛЯҺИ РАХМАНИ РАХИМ! Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, ҰЛЫ ХАНДАРДЫҢ ҰЛЫСЫ, ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ ұрпақтарын, жаппай пышаққа салып, ҚЫРЫП жатқанда, Сіздердің адайлардың ата - бабалары көрсетіп, ұстап беруді өздеріне дәреже санап, қырағылық көрсеткендерін біздер ТӨРЕЛЕР, ҰМЫТА қойған жоқпыз? АТАЛАРЫМЫЗ АЙТЫП КЕТКЕН... Енді келіп... Осыларыңызды мына біздерден, ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ ҮРПАҚТАРЫ - ТӨРЕЛЕРДЕН рухсат сұрадыңыздарма? Сіздерге осыларыңыз жараса ма? Неге, әлде "пайғамбар" болғыңыз келіп жүр ме? АЛАДАН қорықпайсыз ба? Сырттай тон пішу сізге жарасама? Сіз төремісіз? ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ ИЕСІ бар - ОЛАР ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ОЛАР ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ОЛАР ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ! Біздер ешқандай РУҒА зәру емеспіз! БІЗДЕР ТӨРЕМІЗ, ТӨРЕМІЗ, ҚАЛЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ - ТӨРЕ РУЫ болып қала береміз! ИЯ ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ, БІР АЛЛА, пендеңіз меніде, мына адасушыларды да кешіре гөр? Дау - дамайды бітіріңіздер! ӘМИН! Казақ ешқашанда ҮШ жүзге бөлінген жоқ! ҮШ ЖҮЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ құрылымы. Сіздер сияқты "шала" оқымыстылар, осы ЕЛІМІЗДІҢ "түбіне" жетеме, деп қорқамын? УА АРУАҚ, ДАНАЛАР қайдасыңдар?...

    • #69
    • Сұлтан Аман Шотаев, Алматы.
    • сб, 09/04/2016 - 15:31

    Сұлтан Аман Шотаев сб, 09/04/2016 - 10:31
    Бисмилляһи Рахмани Рахим! - БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА?
    Рабби ишрәк ли садри
    Уа йассир ли әмри
    Уа ахлул ғуқдәтән мин лисәни
    Йафқаһуу қаули (Таһа)

    О, Жаратқан Ием! Мені қуант
    Ісімді жеңілдет,
    Тілімнің байлауын шеш,
    Олар менің сөзімді түсінсін. (Таһа)

    Құрметті ағайындар, ҚАЗАҚ халқы ҮШ ЖҰЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ұш жұз ҚАЗАҚТЫҢ құрамы. "бөлінеді" деген пәлекеттен аулақ болайық?... Оның құрамында 95 - 105 руы бар, деп жүрміз, оданда көп болуы мүмкін. Әр руға тиесілі таңба - мөрімен нақтыланған. Кейбір таңба - мөрлері бірдей болып кездеседі. Рулар тізбегін ГЕНЕТИКА ғылымында АТАЛЫҚ тізбек дейді, кейбіріміз "аталық із" деп жүрміз. Сол аталық тізбек біздерше "рулық" тізбек ҮЛКЕН бір қасиетті, батыр, көріпкел, дана т.б. ерекше қасиеттерге ИЕ,
    көптеген ұрпақ қалдырған бабаларымыздан басталатынын бәрімізге белгілі. Кейбір руларларымыз жоғарыда айтылған қасиеттерге ИЕ, әуелі, қыз балалардан - АНАЛАРЫМЫЗДАН басталады. БҮЛ ҚАҒИДАҒА ғылымныңда, қазақтыңда дауы жоқ болуы керек. Жер бетінде АДАМ АТАДАН кейінгі соңғы ПАЙҒАМБАР - МУХАММЕД - алейһиссаламнан кейінгі БІР АЛЛАМЫЗДЫҢ ЖАРАТҚАН ҰЛЫ пендесі, ҮЛЫ ХАНДАРДҢҢ ҰЛЫСЫ, біздердің ҰЛЫ БАБАМЫЗ ХАН ШЫҢҒЫС туралы пікірлер, сараптамалар, дау - дамай тоқтамай тұр, ешқашан тоқтамайдыда. Бұл заңдылық... ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ, БІР АЛЛА қүлың мені кешір? Менің айтпағым... ХАН ШЫҢҒЫС туралы кейінгі кездері менің ҚАЗАҒЫМНЫҢ ішіндегі айтыс - тартыс жайында ... Біздерге ол тартыс түсінікті... Олай дейтін себебім, кімнің ондай адамның ұрпағы болғысы келмейді... Біздің, төрелердің бабасын ХАН ШЫҢҒЫСТЫ ана руға, мына руға теліп, ИЕ болуға ұмтылу СІЗДЕРГЕ "жарасама"? - Бұл бір. Қазақ ішіндегі сүбелі рулардың бірі ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ тікелей ұрпақтары ТӨРЕЛЕРДЕН осы қалай, деп сұрадыңыздар ма? Біздер ТӨРЕЛЕР мына ұстанымды Мәлімдейміз! Біздер ТӨРЕЛЕР - ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ тікелей ұрпақтары (жолдан қосылғандар емес), ҚАЗАҚТЫҢ ең сүбелі руларының бірі ТӨРЕЛЕР өзіміздің - қазақтың қандайда болса руына кіруге, кіргізуге ҚАРСЫМЫЗ! Біздер ТӨРЕЛЕР, Қазақ халқының ішіндегі, бөлінбес бөлігі, АТА - ТЕГІ ХАН ШЫҢҒЫСТАН тараған ТӨРЕ руы болғанбыз, болып қала береміз! Оны ешкімнен сұрамаймыз! Түсініңіздер? Біздер ешқандай руға ЗӘРУ емеспіз! ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ ИЕСІ - ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ! Кешіресіздер... Қазақ ТӨРЕЛЕРІНІҢ атынан Сұлтан Аман Шотаев.

    • #70
    • Айша Ахмет
    • бн, 02/06/2016 - 2:00

    27 _ Тараздыкка_ Улы жуздин баскы рулары_ Канлы,Сиргели,Жалайыр, Сары Уйсиндер_сан жагынан ен коби Жалайыр одан кейин Дулат руы,Жалайырлар сиздин Байдибек бабаныздан бурынгы Тобе Биден тарайды , Жалайырларды коскыныз келмесе де, тарихка карсы келеалмайсыз,Жалайырлар Уйсиннин Жансакалынан ,Аксакалынан Караша би_ Караша биден Сиздин Байдибек бабаныз тарайды Улы жуздин руларынын сонын аяктайтын Сары Уйсиндер,Шапырашты, Ысты, Ошакты,Албан,Суан Дулат _бул рулар Байдибек бабанын уш айелинен тугандар Жалайырды канша жокка шыгарам дегенинизбен,Шынгысканнын колы Аргын Найман Жалайыр, Керей, Уак рулары болган

    • #71
    • Айша Ахмет
    • бн, 02/06/2016 - 2:15

    69_ Султан Аман Шотаевка _ Сонда казактын руларына кирмейтин Торелер _ Бабаларыныздын шыккан тегин билмейсиздер ме? Казактарды дай_дай етпей Шынгысхан бабаларыныздын шыккан тегин айтпайсыздар ма? Монго ма бабаларыныз алде казак па? Торе деген улт жок, казакка кирмейсиздер, сонда кимсиздер? Торелердин Шынгыс ханнын тукымы екенине ешкимнин дауы жок,тек Ханнын ози ким? Даудын басы сол,

    • #72
    • Айша Ахмет
    • бн, 02/06/2016 - 3:04

    66- Кожырбай М_мге, Сиз ,,ертегинизбен,, елди жалыктырдыныз абден, Адайлар кайда_ шынгыскан кайда? Ханнын шыккан тегине Аргындар, Наймандар, Жалайырлар, Керейлер жане ногай, татар, калмак, башкурт,тагыда баска турки халкы таласа алады, Аристов_ Кишижузди орта жузден болинген Алшын табы дейди,Левшиннин созинше киши жуздеги ен басты ру Алшын , оган жети ру деген елдерди атакты Тауке хан коскан ,,Шакарим Кудайбердиулы,, Ал казакта ежелден келе жаткан Аргын_алшын деген созди ескерсек, Аристовтын созине сенуге тура келеди, Сонда киши жуз дин негизги руы Алшын болса, кейин косылган курама жети ру жане торелер_ ендеше Шынгыс ханнын шыккан руы _ Аргын не жети рудын бири ,Адай емес! Ертегинизди койынызшы

    • #73
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • жм, 03/06/2016 - 13:03

    Адай Ата туралы жазғыштар! Сіздер Адай Ата туралы жазғанда "парықсыз" болып бара жатырсыздар? Адай Ата артында сонша ақылды ержүрек ұлдары мен қыздары, неге ғана салмақсыз, мағанасыз, кейде тіпті ақылға симайтын "пікірсымақ" айтып, Алай Атаны мазаққа айдандырмақсыздарма? Адай Атаның бейнесін ашып асқақтатудың орнына, анау-мынау деген "даңғазалық, ессіздіктеріңіз" киесіне ұшыратар, сіздерді. Кешіріңіздер? Сәлеммен ағайындарыңыз Сұлтан Аман Шотаев.

    • #74
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • жм, 24/06/2016 - 9:05

    ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ РУЫНА ЖАТАДЫ?


    Шыңғысханның тегін қазақ деп сенімді түрде айтуымыз үшін, біз міндетті түрде Шыңғыс қағанның қазақтың қай жүзіне (қай арысына) және оның қай руына жататынын анықтауымыз керек. Егер біз осыны жасай алмасақ, атамыздың тегінің қазақ екендігі әрқашанда күмәнді және даулы мәселе болып қала бермек.
    Жалпы Шыңғысханның тегі қазақ екендігін күні кешеге дейін қазақ түгілі бүкіл әлем білген. Қазірде оны қазақтың көптеген тарихшылары айқын біледі. Бірақ, соңғы буын ұрпақты әдейі қасақана шатастырып жүрген арнайы топ бар. Бұл соңғы үш ғасырға жуық орысқа бодан болғандығымыздың салдары.
    Атамызды қазақ деп жүргендердің әрқайсысы Шыңғысханды қазақтың әртүрлі руларына: Қоңырат, Жалайыр, Найман, Үйсін және Адайға телиді.

    - Кейбір тарихшылардың арасында Шыңғысханның тегін қоңырат деушілер жиі кездеседі. Бұл пікірдің қате тұжырым екенін бір-ақ сұрақпен теріске шығаруға болады. Ол қазақтың қай руы, қай заманда өз тумаласымен құда болып еді деген.
    «Шыңғысхан Құласудың жағасымен жүрді. Су бойында отырған елге тап болды, одан : «Не елсіз?» деп сұрады. Сөйтсе олар: «Қоңыратпыз» деді. Ол уақытта қоңыратқа бас болып жүрген Түрік имал еді. Шыңғыс хан оған елші жіберіп, «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Мұны естіген соң барлық қоңырат хан алдына келіп, оған бағынды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы. 1992. 57 бет).
    Шыңғысханның тегі қоңырат болса, ол мұндай әңгімені, яғни «құда – анда едік» деген сөзді айтпай, тумаласпыз ғой деген болар еді. Шыңғысхан әскері Қыпшақ даласындағы қыпшақтарға барғанда, оларға «тумаласпыз ғой» дегенін еске алайық. Енді осының үстіне, олардың өздерін ешқашан Мұңал (Моңғол) деп атамағанын қосыңыз.
    Түсініктеме: Құдамыз – Құда; Ал, Анда – дос деген сөз. Бұл сөз тіркестері Маңғыстауда күні бүгінде де бар.
    Себебі, олар (Қоңыраттар) Нұқ пайғамбар шыққан Қосай руынан тарайды. Қоңырат пен Қосайдың «Қо» деген бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді.
    Украиндіктердің (Кавказ сырты казактарының) өз тектерін «Ко» - Карпенко, Шевченко, Шмадко, Приходко т.т. деп жазып жүргендерінің сыры осы. Олардың тілін де «Ко» қазіргі біздің «ов, ова, ев, ева, овна, евна» деген сияқты баласы «ұлы, қызы» деген мағына беріп тұр.
    Қосай - бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған сексен отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі шежірелерде. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры да осы.
    Бұл жағдай Адай шежіресінде былайша беріледі: Адайдан екі бала: Құдайке (үлкені) және Келімберді (кішісі). Құдайкеден екі бала: Тәзіке (үлкені) және Қосай (кішісі). Келімбердіден алты бала: Құнанорыс, Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш және ең кенжесі Мұңал. Олар Адайда «Мұңал ошақ» деп те аталады.
    Түсініктеме: Адам-адам болып, Ұлы Жаратушы-Алла оларға сана мен сөйлейтін тіл бергелі бері, бүткіл жер бетінде ең алғаш от жаққандар осы бүгінгі қазақтың ата-бабалары болатын. Алғашқы от жағылған жер – Маңғыстау. Топономикалық айғақтамасы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңының Отпан (От ман) аталуы. Біздің бұл күндері ең көп қолданатын Отан (Нұротан) деген ұғымымыздың бастау алатын жері осы, яғни авторлық құқық Маңғыстаулықтарда жатыр. Енді осының үстіне от жағатын қондырғының «ошақ», шай қайнататын қондырғының «мосы» аталатынын қосыңыз. Од (От) Адтардың (Адайлардың) лақап аты болса, Ошақ пен мосы Адай атаның екінші немересі Қосайлардың лақап аты. Үш ұғымның үшеуінің де бір түбірден болатындығы тек осыны білдіреді. Бұл жерде Адай-Қосай аталарымыздың «авторлық құқығы» сақталып отыр.
    Қоңыраттардың рулық таңбасы да Шыңғысханның таңбасымен сәйкес келмейді. Қоңыраттардың рулық таңбасы «Босаға» болса, Шыңғысханның таңбасы «Тіл таңба», «Қас би» таңба деп те аталады.
    Сол сияқты ұраны да сәйкес емес. Қоңыраттардың бүкіл қазақ білетін ұраны «Алатау» болса, Шыңғысханның ұраны «Архар».
    Қоңыраттың құрамында Қият руы болғанымен, сол қияттардың арғы атасы Мұңал (Моңғол), Құрым (Қарақорым) және Қиян атты ру жоқ. Қоңыраттың құрамында Қият руының болуы, бұлар Мұңалдармен ағайын-туыс, құда-жекжат ел деген сөз. Демек, ол елдің құрамында атасы жоқ болса, ол ру олардан болмайды. Шыңғысханның рулық тегі қоңырат еместігі ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.

    Шыңғыс ханды Найман деушілерге айтарымыз, Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда Найман хандығы Татар Даласының орталық-шығысындағы Қаңға тауларынан басталып, Хан-Алтайдың түстігінен өтіп, Көк-Ертіс пен Қара-Ертістен озып, Зайсан, Тарбағатайға дейін созылып жатқанын көреміз. Шығыста – кереймен, батыста – Дәшті-Қыпшақ жұрты қаңлымен шектескен, терістігі – тау мен тайға (батпақ), түстігі – құм мен шөл. Ұлан-байтақ жер, қисапсыз халық. Нақты саны белгісіз. Бірақ сол кездің есебімен алғанда, өте көп жұрт болғаны күмәнсіз.
    Найман мемлекетіндегілердің моңғолдарды «қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімділер» деп атап, оларды мойындамай, қарсы көтеріліп, соңына дейін соғысқаны – барлық тарихи еңбектерде жазылған жәйт.
    Найманның да құрамында Шыңғысханның арғы аталары Мұңал, Жары, Құрым, Қиян атты рулар жоқ.
    Наймандардың ортақ таңбасы – Y (бақан), ұраны – Қаптағай. Ал, Шыңғысханның таңбасы «тіл», ұраны «Архар».
    Демек, Шыңғысханның руы найман еместігі де ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.


    - Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
    Бұл тұжырымға да бір ауыз сөзбен тойтарыс беруге болады. Оған Рашид ад-Диннің: «Наймандар, жалайырлар, онгуттар, кереиттер және басқа осы секілді тайпалар өздерінің нақты тайпалық атаулары бола тұрып, моңғолдың даңқына ортақтасу үшін өздерін «моңғолмыз» деп атады» (Рашин ад-Дин. 1952. Ч.І. стр.75), - деп ашып көрсетуі жарап жатыр.
    Жалайырдың ұраны - «қабылан», «бақтияр», таңбасы – тарақ.
    Жалайырдың рулық шежіресі құрамында да Мұңал (Моңғол), Жары, Құрым (Қарақұрым), мен Қиян атты ру жоқ. Демек, Шыңғысхан Жалайырға жатпайды.
    Жалайырлардың таңбасының Тарақ деп аталып, оның Адайдың «Тіл таңбасына» сәйкес болатыны, олар бір-бірімен тумалас ру деген сөз.
    Егерде, Шыңғысханның тегі Жалайыр болғанда олардың ұраны, таңбасы және рулық шежіресі толықтай сәйкес келіп, оны осы Жалайыр руынан шығып, XVI – XVII ғасырлар шегінде жасаған қазақтың әлемге әйгілі тарихшы ғұлама-ғалымы Қадырғали Жалайырдың мұны жазбай кетуі де еш мүмкін емес еді.

    «Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік халықтарының этникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, қарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың этникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монголдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіндер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді. Бұл үйсіндер мен сарыүйсіндердің өзге түрік халықтарының этникалық құрамында болғанын айғақтайтын авторлардың түгел тізімі емес, үйсіндердің ықпалын сезінген халықтар тізімі түгел деп әлі айта алмаймыз.
    Үйсін руының (Сарыүйсіндердің) ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан барып қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар, төртбұрыш болып келеді. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинаған жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын» («Үйсін руы» энциклопедия дерегінен алынған мәлімет).
    Баршамызға белгілі Ұлы Жүз – Үйсін, Ақарыс (Аға Арыс) деп аталады. Өздеріңіз көріп, аты айтып тұрғандай Үйсін – Ұлы Жүз (Қазақтың үш Жүзінің, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің ең ұлысы) және сонымен қатар олар Қазақтың үш арысының (Жанарыс пен Бекарыстың) Аға Арысы, яғни бәрінің ағасы деп отыр.
    Біз қазақ мал баққан елміз, ең алғаш рет даланың жабайы аңдарын қолға үйреткен, яғни жабайы қодасты сиырға, жабайы құланды жылқыға (атқа), архарды қошқарға, таутайлақты түйеге, киікті ешкіге айналдырған елміз. Қазақтың барлық ежелгі сөзінде, тіпті күні бүгінде де Шопан Атаны қой мен қойшының, Қамбар атаны жылқының, Ойсыл Қараны түйенің, Зәңгі бабаны сиырдың, Сексек атаны ешкінің пірі (ұстазы) деп атаймыз.
    Қазақтың үш баласының үлкені (тұңғышы, ең ұлысы, артындағы екі жүздің ағасы) осылардың бәрін ең алғашқы болып іске асырды. Қазақ мақалындағы «Ұлы жүз-Үйсінді қауға беріп малға қой» деген сөз ешқандай қорлау сөз емес, бұл бүкіл қазақтың олардың «авторлық құқығын» мойындағандық. Бүкіл қазақ (әлем) осы бір ауыз сөзбен олардың «авторлық құқығын» қорғап отыр.
    Екіншіден, «отан отбасыдан басталады», «отбасы шағын мемлекет» дейміз. Бұл жерде де «Үйсіндер» авторлық құқықтарын сақтап отыр. Себебі, отбасы мен үй синоним. Біз күні бүгінде де отбасы, ошақ басымызды қорғайтын мекен-жайымызды үй деп атаймыз. Бүкіл қазаққа, әлемге отбасын құрып, оны үй салып қорғауды үйреткен солар болатын. Бұл кімде-кім «мың жерден, басын тасқа ұрса да» солай. Бұл жерде Үйсін атамыздың (Ұлы Жүздің, Аға Арысымыздың) авторлық құқығын ешкім тартып ала алмайды. Ол Ұлы Жаратушы-Алладан болмаса, адам баласының қолынан келмейді.
    Үшіншіден, аталарымыз Ақиқатты ағадан ізде, Ақиқатты солар біледі деген. Ақиқат пен Ағаның сөз түбірлері «ақ (ағ)» болатыны осыдан. Құрметті, Оқырман! Еске ұстайық! Қазақ та сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес және ол ешқашан жаңылыспайды да. Мұны ежелде қазақтың бес жасар баласы да білетін. Ал қазіргі түсіне алмай жүргендер, Дарвиннің (адамзат маймылдан тарады деген) ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болуға жақындап жүргендер.
    Ондайларға Үйсіннің бүкіл қазаққа әйгілі атасы Майқы би "Кімнен кім туады?" деген сұраққа былай деп жауап берген екен:
    Тұлпардан тұлпар туады,
    Сұңқардан сұнқар туады,
    Асылдан асыл туады,
    Жалқаудан масыл туады,
    Масылдан мал бақпас туады,
    Тілазардан қылжақбас туады,
    Таздан жарғақбас туады,
    Сараңнан бермес туады,
    Соқырдан көрмес туады,
    Мылжыңнан езбе туады,
    Қыдырмадан кезбе туады,
    Маймылдан маймыл туады. (Маймылдан ешқашан адам тумайды Қ.М.)

    Бізге, яғни бүгінгі Қазаққа керегі Ағаларымыз (Ұлы Жүз-Үйсініміз, Аға Арысымыз) бүкіл Қазақтың арын сол аталарындай болып қорғап, ағалық міндеттерін атқарса екен дейміз.
    Ата-бабаларымыздан қалған, күні бүгінде де мән - мағынасын жоймай, жалғасын тауып келе жатқан, бүкіл әлем елдеріне үлгі болған қазақ халқының жақсы қасиеттерінің бірі жас адамның жасы үлкенге деген құрметі мен ілтипаты. Жастар әліге дейін сол ізетпен, ағалап, аталап, апалап, әжелеп тұрады. Қай жерде болмасын, үлкен тұрғанда кіші отырмайды және олардың бетінен алып, олардың көзінше бейпіл сөз айтқан емес. Соған сәйкес, аға мен атаның да, ата мен әженің де, өзінен кішілерге құрметі өзгеше. «Алдымнан көкем-ау деп шығатұғын, Сендерді сағындым ғой, ағаларым» деп келетін «Ағаларым» әнінің жиі айтылып, бүкіл халықтың жүрегіне жол тауып, халық әніне айналғаны осы айтқандарымның айдай айғағы емес пе? Біз мұны батыс елдерінің бірде-біреуінде кездеспейтін ағалар институты десек шындықтан алшақ кете қоймаспыз. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді қазақ. Алдыңда үнемі қамқор болып, жол-жоба көрсетер, қиналғанда қолтығыңнан демер жанашыр жан болса, өмірден адаспай орныңды тауып, жағаң жайлау, уайым-қайғысыз тіршілік кешіп, бақыт деген «ауылдың» тұрақты тұрғыны боларың анық. Демек, кім-кімге де қамқоршы ағаның керек екені даусыз.
    Аға деген ұғымның бұдан да басқа, тағы бір мағынасы бар. Өзінен кіші жандардың бәріне хал-кәдерінше қамқорлық жасап жүргендердің бәрі де аға. Ал, «ел ағасы» деген ұғымның мәні тіпті зор. Бұл атына заты сай, барша елдің, халықтың қамқоршы ағасы болып отырған (жасына қарамастан) үлкен тұлғаларға арнап айтылатын атау.
    Соңғы жылдары жасы үлкен болса да аға деген атқа ие бола алмай жүргендер көбейіп барады. Өзінен кішіге үлгі болар ісі болмаса, оның несі аға. Сондайлардың кесірінен болар, қазіргі жастарымыздың басым көпшілігі өзінен үлкендердің бәріне (тіпті әкесінен үлкен, атасымен қатар адам болса да) «братан» дейтін болыпты. Өзімізге де обал жоқ. Осыны және «махан», «пахан» деген сөздерді естігенімде алып Қазақстан түгелімен «орыстанып» және түрмеге айналып бара жатқандай болып көрінеді. Бізге мұны қазіргі Қазақ елінде ұлттық идеологияның мойындалмауы салдарынан болды деп батыл тұжырымдауымызға болады.
    «Ағадан кетті ағалық,
    Ініден кетті інілік.
    Інісі болды терең жар,
    Жүрмеді аға сүрініп.
    Атаның салған ақ жолы
    Тоқтап қалды кідіріп.
    Заман деген жел мая,
    Қалмасақ халқым жақсы еді
    Желмаядан жығылып» (Әбубәкір Кердері «Бес ғасыр жырлайды» Алматы-1989. 273 бет). Меніңше бұған ешқандай түсінік берудің қажеті жоқ. Ата жолын жалғастырып «Желмаядан жығылмау» қамын жасауымыз қажет.
    Ағалар демекші, мына біз көп араласатын орыс халқының сөздік қорында аға-іні, апа-сіңлі деген сөз, тіпті мұндай ұғым да жоқ. Сондықтан ер адамдар мен әйел адамдардың ара жастары өте алшақ болса да олардың бәрі «брат» и «сестра» делінеді. Соған сәйкес олардың жап-жас қыздары да әкесінен үлкен адамға «эй, мужчина» деп сөйлесе, соңғы жылдары соған еліктегендіктен, осындай келеңсіз жағдайлар қазақ қыздарының арасынан да кездесіп қалып жүр. Ал, інілеріміз, інілеріміз, тіпті бірге туған бауырлар да аға сыйлаудан қалып барады. Осы, күндері інілердің бірге туған ағасына да «әй шал», немесе «мына шал» деп мен-менси сөйлейтіндерін көріп жүрміз. Сиректеу болса да кейбір жетесіз келіндердің, аталарын сыртынан «шал» деп атайтындарын да естіп қалып жүрміз. Еске ұстайық! Қазақ баласы үшін бұл азғындықтың ең биік «шыңы» болмақ. Дүние кезек. Атаң мен Ағаңа істегенің, өз алдыңа да келеді. Оған күмәнің болмасын.
    Ал, Ұлы Жүз, Аға Арыс – Үйсін атамыздың ұрпақтарына Шыңғысханға таласудың ешқандай қажеттігі жоқ. Себебі, бүкіл қазақ сендердікі. Бәрі сендердің інілерің.
    Ол сендердің Аталарыңның інісінің ұрпағы. Себебі, Үйсін елінің (руының) құрамында Мұңал, Қарақұрым (Шыңғысхан империясының астанасының Қарақорым деп аталған себебі осы) және барлық тарихи деректер де жазылғандай ол шыққан Қиян атты ру жоқ. Және өзің көріп отырғандай, таңбаларың да (герб), ұраның да сәйкес келмейді. Демек, босқа таласудың еш қажеттігі жоқ.
    Егер біз осыған таласатын болсақ, біздің бұл әрекетіміз өзбектің өз аты (Өзбекістан) деп жазулы тұрған таңбасына (гербіне) менікі деп таласқанымызбен бірдей болып шығады.
    Атам қазақ тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Әр ұғым да, әр атау да сол ұғымдарды дүниеге әкелген адамның (рудың, тайпаның) атасы тұрады, ол сөздің түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) деп аталады. Сөз де Ата да бар, Ана да бар. Сөздің атасын айттық. Енді анасына келсек, сөздің анасы тіл. Тілің болмаса, сөз дүниеге келмейді, яғни сөйлей алмайсың. Бүгінгі Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргенінің сыры осы. Ең бірінші болып Адам Ата мен Ауа Ананың тілі шыққандығына қандай дау бар. Бүгінгі Адайлар сол түпкірдегі адам Атаның «қарашаңырағының» иесі. Екеуінің де «Ада (Ата)» деген бір түбірден болатыны осыдан. Шыңғыс қағанның да таңбасы осы «Тіл таңба», оны кей деректерде, мысалы «Алтан Тобышта» «Қас би таңба» деп те атайды. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Шыңғыстың ұраны «Архар». Қой мен қошқардың пірі (ұстазы) Шопан атаның моласы Маңғыстауда.
    Қазақтың барлық шежіре дерегінде, Адай барлық рулардың ең соңында тұр. Ол Қазақтың үш Жүзінің ең кішісі Кіші Жүзінің, Кіші Жүздің ең кішісі Он екі ата Байұлының, Он екі ата Байұлының ең кішісі Адайдың, Адайдың барлық ұлдары мен немерелерінің ең соңында Мұңал тұр. Демек, бұл қазақтың «қарашаңырағы, яғни ең кенжесі Адай, Ал Адайдікі Мұңал деген сөз. Шежіре-тарих ең кенже ұлда ғана толықтай сақтала алады.
    Ал, енді Ұлы Жүз Үйсіннің құрамындағы «Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы (Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай (атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-Есугей-Темір(Темірші, Шыңғысхан) делінетіне келсек, бұл да ешқандай қателікке жатпайды. Себебі, ежелгі қазақтың кез-келген отбасын да (руын да) атасының інілерінің баласы, «Ағаның үйі Ақ мешіт» деп, атасының да, оның балаларының да үйіне, бөлек отырған руына да барып араласып тұра берген. Олар оны ешқашан жатырқамаған. Өз туған балалары мен туған інілерінен кем көрмеген. Демек, Шыңғысханның тегі үйсіннің ішінде болуы ешқандай әбестік те, жаңсақтық та емес. Өздерің көріп отырғандай, Шыңғысханның тегі Үйсіннің рулық құрамында тек қана Дүйім-Баян-Есугей-Темір (Шыңғысхан) болып таратылады.
    Енді Сіздерге сұрақ? Олардың арғы аталары қайда? Бүкіл әлем шежіресі Шыңғысхан шыққан руды ежелгі түріктің (қазақтың) Қиян (Қият) руынан демей ме? Олардың қазіргі ұлтқа айналған руын Мұңал (Моңғол), астанасын Қарақорым демей ме? Енді өзіңіз ойлап қараңыз?, неге олар Үйсіннің құрамында жоқ. Жоқ болатын себебі, Дүйім-Баян-Есугей-Темірдің (Шыңғысхан) аталары Ұлы Жүз-Үйсіннің Ақарыстың (Аға Арыстың) кенже інісі Кіші Жүз-Бекарыстан тарайды. Сондықтан, Мұңал (Моңғол), Қарақұрым (Қарақорым), Қиян (Қият) рулары Қазақтың кенжесі Адайдың құрамында тұр.
    Шыңғыс қағанның тегі Адай екендігі ешқандай дауға жатуға тиіс емес. Себебі, бүткіл жер бетіндегі (ас пен көктің арасы), тіпті сонау ғарыштағы атаулардың бәрі адам (ру) аттары, яғни сол атауларды дүниеге әкелген аталарымыздың есімі. Бастауы сонау Адам атадан алынатын бұл қағиданы бүкіл әлем елдері қолданады. Аталарымыз оны «сөздің атасы» десе, бүгінгі тілде ол «авторлық құқық» делініп жүр. Авторлық құқық сөз түбірінде (өз түбінде) сақталады. Ақыл-есі дұрыс жандар үшін, бұл дауға жатуға тиісті емес. Бұл тұжырымды кез-келген адам, кез-келген ұғымнан көре алады. Сондықтан, Адай Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Демек, Шыңғыс қағанның Адай атаның ұрпағы екендігіне дауласу әділеттікке жатпайды.
    «Шыңғыс ханды Үйсін, Жалайыр деп жүргендер, оны, өзінің шежіресінде айтылмаған аталардан таратады. Шежірені зерттей жүре, Шыңғыс ханды таратулардың сан алуан түрлерін көрген едім. Мәселен, Шыңғыс ханды араб халифасы Абдул-Мәлік ибн Мерванның ханымы Гүлсарадан туғызғандар да бар» (Ұойшығара Салғараұлы).
    – Адай (м) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.
    А – дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.
    Ад – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (атың кім?); б. Қолға
    үйретілген, мінетін ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.
    Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу – көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес (Жаппас)) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.
    Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй! ел болайық». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі.
    Дай – Адам ата ұрпақтарының ру-руға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Бұл баяғы Маңғыстау топырағында болып өткен, Парсы патшасы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Сақ (Масагет) ханшасы Тұмар ханымның елі. Дай-дай болып айтысу, Дай-дай бөліну, тіпті керісу мен ұрысу да солардан қалды.
    Сол Дайлар қайда кетті? Олар ешқайда да кеткен жоқ. Сол ежелгі атамекендерінде әлі отыр. Олар қазір Адам Атасының және қазақтың қарашаңырағына ие болып, Адай атанса, оның ұрпағы Алтай хан, Алтай атты тау мен Алтай атты елді қалдырды. Бүгінгі Алтай атты тау атауының шығу тегі осы. Аттың (Адтың) орнын тай (дай) басар» деген қазақ мақалының толық мағынасы осы. Бұл тұжырым дауға жатпайды.
    Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Әйтпесе, ортағасырлық ғұламалардың барлығы дерлік өз тектерін Иассауи, Фараби, Баласағұни, Фердауси, Игунеки, Адайи, Сарайи, Тарази, Жалайри т.т. деп жазбаған болар еді.
    Адам (Ата-м). М – тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, балам, басым, аяғым, елім, жерім, атамекенім т.т. болып кете береді.
    Ал, Адай ма, әлде Адам ба, осы ұғымдардың қайсысы-қайсысынан бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді Сізді Ата деп атайтын немереңіздің (ұрпағыңыздың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айттық. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей, Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болатын.
    Өздеріңіз көріп отырғандай бар жоғы төрт-ақ дыбыстан тұратын бір ауыз сөзге Адам Ата мен Мана Ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы түгел сыйып кеткен. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Сөз жасасаң, осылай жаса! Тарих жазсаң, осылай жаз!
    Ад қауымы бүкіл адамзат баласының Атасы. Атам, Адам және Адайдың сөз түбірі Ат пен Ад болатыны осы. Бұл атаулардың «авторлық құқығы» Ад (Адай) атамыздікі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Атаң да, Ат та ең жақындықты білдіретін ұғым. «Ат ердің қанаты» (мақал). «Есімің кім» дегеннің орнына да «Атың кім» дейміз. Ал «Ад»- қа келсек, ежелгі шежірелердің бәрінде, Құран Кәрімде де Ад қауымы деп жазылған. Бұл біздің бала кезімізден бәрімізге таныс «Алғашқы қауымдық құрылым» деген сөз. Осы қауымдық құрылым, адамзат қоғамының әр-түрлі даму сатыларынан өтіп барып, елге, мемлекетке айналды. Осы алғашқы елдің аты, осы елдің (рудың) атасы Әз (Аз) атамыздың атына сәйкес Аз, Азар, Азақ, Азық, Азия, Азау, Азаулы, кейіннен Қаз, Қазық, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан деп аталып бүгінгі күнге жетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ад пен Ат-қа «а» әрібін жалғасаңыз, бұл күнде немереден басталатын ұрпақтың аузымен айтылатын өзіміздің Ата (Ада) деген сөзіміз шығады да, Ада-ға «й» әрібін жалғасақ, бұл керісінше жоғарыда көрсеткеніміздей баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына береді. Мына солтүстіктегі көршілеріміздің (орыс) тұрақты мекен-жайды «Ад-рес», бөлімдерді (аймақтық, құрамдық) отдел, отделение деп, Адайдың (Одойдың) сөз түбірін қолданатындарының сыры осы.
    Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.
    «Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).
    Қазіргі Хақас тілінде Адай – Құмай Тазы.
    Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).
    Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.
    «Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.
    …Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).
    Жоғарыда көрсеткенімдей Ада-ға «й» дбысын жалғасаң да Атаның ұрпағы деп көпше мағына бергені сияқты «Ад»-қа «ай» жалғауын қоссаң да сол күйінде қалады. Біздің білетініміз, аталарымызды, яғни ежелгі қазақтарды Өгіз қағанның үлкен ұлы, әрі тақ мұрагері Күн ханның атымен Күндер (Ғұн, Хұн, Хунну т.б.) деп атаған. Сонда күніміз аспандағы нұр, сәуле шашып, жарық беріп тұрған күн де, күн мен түннің алмасқан кезіндегі жарық мезгіл күндіз, немесе бір күн. Сонда біз қолданып жүрген «ай» сөзі сол күндердің (жылда ауысып отыратын 28, 29 күннен басқа 30 немесе 31 күн) жиынтығы болып шығады. Осылайша «ай» сөзі де бұл жерде көпше мағына береді. Бұл атаулардың бәрі өз тегін Ай анамыздың атынан бастау алады.
    Адай дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай Ад пен Ай деген, ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай» дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айбек, Айсұлтан, Айболат, Айман, Найман, Айгүл, Айнұр, Айжан, Май, Майя, Тайпа, Сынай (Синай), Мұнай, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Сай, Пай-Пай, айна (әйнек), айал (әйел) т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Кенже Ақтан Керейұлы (1850-1912):
    «...Мен Адайдың Ақтаны
    ...Сөйле» десең жыршыңыз
    Алдарыңда жортақтар.
    Туған айға ат берген,
    Ақ қағаз бен хат берген
    Екі ерін мен тіл-таңдай
    Сөйлесін деп жақ берген.
    Айтқан сөзге түсінбес
    Адамның мыйсыз ақымағы», – деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
    Әйтпесе, Адайлардың атамекені Маңғыстау «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталмаған болар еді.
    Әйтпесе, ежелгі жырдағы: Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан,
    Жүрегін талай ердің қобалжытқан, – деп, Маңғыстауға аяқ басқан ерлердің жүрегін қобалжытпаған болар еді.
    Әйтпесе, Маңғыстаудың ежелгі МАД (Ма Адай, Ман Адай, Мадиан, Мадай (МатаЙ)) патшалығынан бүкіл әлемге үлгі болған әдеп (әдеп сақтау), әдет (жақсы әдет), әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет деген ұғымдар, Мекке мен Мәдине қалаларының атауы дүниеге келмеген болар еді.
    Әйтпесе, Жебе Адайдың таңбасы (стрела, стрелка) бағыт-бағдар, жол көрсетіп бүкіл әлем елдерінің кез-келген жерінде тұрмаған болар еді.
    Әйтпесе, ежелгі қазақтар (қытай қазақтары күні бүгінде де) періштені, сәбиді, балапанды Адай деп атамаған болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар өздерінің Ас-садақаларында Сіздердің бәріңіңізге Аға баласы деп иықтарыңызға шапан жаппаған болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар бәріңе төрінен орын ұсынып, келіндері үйіне келген жасы үлкендеріңізге иіліп сәлем етпеген болар еді.
    Әйтпесе, Адайлар ежелгі шежіре-дастан, жырлардың бәрінде «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталмаған болар еді (Ең бірінші болып адам Ата мен Ауа ананың тілі шыққанына қандай дау бар).
    Әйтпесе, олар Қас би (Қаз би) атанып, Маңғыстау өлкесі сұғына кірін тұрған теңіз Қас би (Каспий) деп аталмаған болар еді;
    Әйтпесе, олар ежелгі жазбаларда Тау би және Көп би деп аталмаған болар еді;
    Әйтпесе, Адайлар қазақтың қарашаңырағы (кенжесі) аталып, ата-тек шежіресінің ең соңында тұрмаған болар еді;
    Әйтпесе, «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі», – деп айтылмаған болар еді;
    Әйтпесе, Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Маңғыстау ұстап отырмаған болар еді;
    Әйтпесе, бүкіл әлем өздерін Адам Ата мен Ауа Анадан және Ман Атадан таратпаған болар еді;
    Әйтпесе, Ман атаның моласы Манқыстауда жатпаған болар еді;
    Әйтпесе, киелі Маңғыстауда қазақтың түп атасы Әз әулиенің моласы сақталмаған болар еді;
    Әйтпесе, Маңғыстаудағы Сынды (Синай, қазіргі атауы Қыр (Үстірт) тауында Ұлы Жаратушы – Алла Мұса пайғамбарға аян беріп, оны және оның елін дұрыс жолға (мұсылман) салу үшін Оған «Торатты» (Тауратты) бермеген болар еді;
    Әйтпесе, Маңғыстаудағы қырдың халқы Үстіңгі жұрт (Үстірт) деп аталмаған болар еді.
    Әйтпесе, қой менен қойшының пірі Шопан ата қорымы Маңғыстауда болмаған болар еді;
    Әйтпесе, мына өмірге «пірдің соңы Бекет» делінетін құдіретті Бекет әулие дүниеге келмеген болар еді;
    Әйтпесе, ұлы Құрманғазы бабамыз Адайларға бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Адай» күйін арнамаған болар еді;
    Әйтпесе, «Алшын, Алшын болғалы,
    Адай еді қорғаны.
    Адайдан қайрат кеткелі
    Қалың алшын сорлады», – деп Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш Қиян» атты тамаша толғауында жырламаған болар еді;
    Әйтпесе, 1930 жылы КСРО Орталық партия Комитеті (Москва) туысы Маңғыстаулық Адай ата ұрпақтарынан басшы қызметке адам алынбасын деген жасырын қаулы алмаған болар еді;
    Әйтпесе, Әйтпесе, бүкіл әлемді жақсылыққа жетелеген Шыңғыс қаған бабамыз Қазақ болмаса, мен Қаз Адай болмасам мына шежіре-тарих жазылмаған болар еді.
    Қиян (Қият) – Шыңғыс қағанның туған руы. Қазақтың шежіре дерегі бойынша, қият атауының түп төркіні – базғыдағы қасап қырғыннан аман шығып, Еркіңе-қонға (Ергенокон) жеткен екі жігіттің бірі Қиян есіміне барып тіреледі. «Қиян» сөзінің мағынасы – таудан құлаған сел, ағыны қатты, буырқанған, үлкен, күшті тасқын. Бұл – дәл осы қалпында қазақ тілінде, Алтайдан Атырауға дейін – батыста да, шығыста да қолданыста бар сөз, мәнісі – таудан аққан сел және екпінді, қуатты демек: қиян жүрді, қиян соқты немесе қиян жүйрік, қиян мықты. Екі тарамның түйіні біреу-ақ: екпінді, ағынды, қуатты, пәрменді, қарқынды. «Қиян әулеті қайратты, қуатты, қайтпас ер болған себепті бұл тайпа қият есімімен әйгілі болды», – дейді Рәшид-әд-Дин. Қият – «қиян» сөзінің жиынтық нұсқасы.
    Әуелде Еркіңе-қоннан шыққан бүкіл Қият әулеті, оның ішінде Бөрте-Шина (Бөрте Бөрі, Бөрте Алшын М.Қ.) тұқымы түгелдей қият атанады. Алайда, Дүйім-Баян, Алан-Құбадан соңғы заманда ел өсіп-өніп, көбейіп, әрбір ата жаңа есіммен жаңа, дербес руға айналады. Қият ныспысы көмескіленіп, есептен шыға бастайды. Ақыры, Боданшар мұңалдың жетінші ұрпағы Қабыл хан кезінде қият атауы қайтадан жаңғырыпты. Қияттардың көпшілік бөлігі осы Қабыл ханнан тарайды дейді Рәшид-әд-Дин. Шыңғысханның тікелей ұрпағы Әбілғазы атамызда тура осы деректі береді. Бұған күмән келтіруге де, дау айтып теріске шығаруға да ешкімнің құқы жоқ. Атам Қазақ ата-тегінен ешқашан жаңылысқан емес. Ұрпақтарына «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалды «шегелей» қалдырып кеткен солар болатын.
    Қазақ ұғымы, қазақ халық әдебиетінде ежелгі қият – қыпшақпен туыстас және одақтас ру ретінде жүреді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің тарихи шығарма, әдеби зерттеулерінде «қият-қыпшақ» елі деп жазады.
    Мұхтар атамыздың тұжырымы өте орынды. Себебі, Қият, Қыпшақ, Қидан, Қимақ, Кимек синоним. Бәрі бір түбірден, яғни Қиян деген бір атадан тарайды. Құрметті Оқырман! Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және қазақтың рулық шежіресі ешқашан жаңылысқан емес.
    Жоғарыда көрсетілген деректерден шығатын қорытынды, бәрінің тегі Қиян, ал Қият оның көпше атауы. Қият руының қазақтың көптеген белді руларының құрамында болатынының сыры осы. Мысалы, Қият - Ұлы жүз (Ағарыстың) шанышқылы руында, Орта жүз (Жанарыстың) қоңырат руында, тіпті Қарақалпақта да бар. Сол Қият руы Адайдың – Келімберді – Мұңалынан тарайтын – Бәйімбет руының ішінде де бар. Мұңалдан – Бәйімбет, Бәйімбеттен – Сабытай, Сабытайдан – Медет, Медеттен – Құл, Құлдан – Батыр, Батырдан – Қият болып таратылады («Маңғыстау энциклопедиясы»). Ал, қыпшақ руын бүкіл түркі халықтарының барлығының ішінде бар десе де болады.


    «Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.
    Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады» (Шыңғыс қаған).


    • #75
    • сұрақ ?
    • сб, 02/07/2016 - 22:45

    егер төрелер руы жоқ болса,онда олар қазақ емес пе ? Төре деп қай ғасырдан бері бөлектенген ? Кімнен шыққан ? Тегі кім?

    • #76
    • Төре, Қожырбайға
    • жб, 03/07/2016 - 13:07

    "Ол қазақтың қай руы, қай заманда өз тумаласымен құда болып еді деген"
    Сіздер, адайлар - адайлармен құдаласпайма? Арғындар-арғындармен, наймандар-наймандармен т.т. Бұл не өзі? Қожырбайдың кезекті "іргелі" зерттеулерінің, іргелі қорытындысы болар...

    • #77
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 05/07/2016 - 9:46

    Төреге! Сіз қарапайым ғана қазақи сөзді түсіне алмай отырсыз. «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Қазақтың жақын руласымен құда болмайтынын білетін боларсыз деп үміттенемін.

    Қазақ баласы өз руласына, яғни өз аталасына мұндай сөздерді айтпайды. Мысалы, олар қыпшақ қаласына келген де "тегіміз бір, туыс ел едік қой" деген сөздерді қолданған.

    Ал, енді қазақтың қарапайым сөздерін қалай түсінетініңіздің бағасын өзіңізге өзіңіз беріңіз.

    • #78
    • Төре
    • бн, 07/07/2016 - 7:41

    Қожырбай мырза, мыны мен қазақ тілін бір адамдай түсінем... Ал сізге айтарым: жазған пікіріңіз ең "топас" мына мен сыяқты адамғада түсінікті болсын... Сіз өте талантты мылжыңсыз! ...айып етпеңіз? Бәрін білу текқана Жаратқан Иеміз, Бір Аллаға тән! Ол сөздердіде біздер және сіз сықты адамдар айтып, кейін басқалар қағазға түсірген. Анығы Бір Аллаға аян?
    Ал Сайлыбай Бекболатовтың – «мәңгі қазақ календарын», Жаратқан Иеміз, Бір Алланың маған жасаған «құрметіме», деп ойлаймын. Соны Сайлыбайдың өз аузынан, осыдан 13 (ұмытпасам) жыл бұрын, кешкі ақшамда Алматыда Қабанбай-Әуезов көшелерінің қиылысында естіп, таң қалған едім. Ол екеуміз бірге оқығамыз, жас күнімізде боксқа қатысқамыз… Сондықтан, денсаулығы «нашарлағанба» деген ойда қалғанымда бар? Үйге келгн соң, есептеп көріп едім (математикадан хабарым бар), бәрі дұрыс. Сонда айтқаным, (телефон арқылы) «Сайлыбай, Сен Дүниежүзілік» жаңалық аштың! Бірақ, есіңде болсын, осының нәтижесін тіршілігіңде көре алмауың мүмкін? деп едім. Егер Сайлыбай еврей болса, басқаша болар еді? Біздің қазақ оны әлі түсінбей жүр… Сол сөзім шын болып шықты? Жаңалықтың бар құпиясы (0) таңбасында тұр! Барлық сан сол (0) таңбасынан басталады емес пе? Қарапайым сызғышқа қараңызшы? Адам баласы 2 мың жыл дұрыс есептелмеген календарьмен өмір сүруде... Мына № 24785 «патентке» Министрліктің берген сараптамасында «Бұл календарды қабылдауға болмайды, өйткені қалыптасқан дұниежұзлік жұйені бұзады» деп жазылған. Оның жаңалығы осы, байқамай айтылған сөзде «дұниежұзлік жұйені бұзадыда» тұр ғой. Дұниежүзілік жүйені бұзған соң ғана, Ол әлемде «теңдесі» жоқ жаңалық болып тұр! Ол математика, дәлдігі Р=0,999 (үшінші деңгейдегі дәлдік). Оған дау айтылмайды, Оны Сайлыбайға Жаратқан Иеміз, Бір Алланың берген нәсібі! АМИН! Ал Сіздің айтпағыңыз "дәлдігі" төмен болжау ғана? Жұрт сену үшін дәлдік керек? Сөз жасаумен нағыз тарих жазылмайды. Бек мырза, сіздің көңіліңіз ұшін ғана мақаланы оқыдым, бүрында таныспын. Сау болыңыздар!

    • #79
    • Орыс
    • жм, 15/07/2016 - 17:50

    Қырғын күлкүге калдым пікірлеріңізді оқып қызық екеннннн

    • #80
    • Ағарыс
    • дн, 25/07/2016 - 10:07

    78-Төреге! Осы уақытқа дейін құда мен туыстың аражігін ажырата алмай жүргеніңіз қалай? Қожырбайұлы мен Сізге сұрақ? Сан деген не? Сандар қайдан шықты? Не мағына береді? Санның түбінде не бар? Бұл сөздің "авторы" кім?

    • #81
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • жб, 07/08/2016 - 19:28

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Хан Шыңғыстың Қазіргі төрелерге тікелей қатысы бар! Мына мен ғылым докторымын гентика-селекция саласынан. Ғылыми жетекшім, Иманды болыңыз? академик Ф.М. Мухамедғалиев! Ал кандидаттык диссертацияныдв сол кісінің жетенкшілігімен таза "ГЕНТИКА" (мамандық, 015) саласы бойынша ) Қазақстанда алғашқылардың бірі болып) қорғағам. Бұны неге айтасыз, деп сөге-жамандамаңыздар? Оның себебі, тұқым қуалау заңдарын біршама білетін сияқтымын... Гентика бойынша ата-бабаның сандық және сапалык белгілері тұқымына тікелей беріліуі тиіс, бірақ әр деңгейде. Біздің Ұлы Бабамыз Шыңғысхан дүниеден өткелі 9-ғасыр өтті. Мен өзіме мынандай сұрақ қойдым; Мына менің және басқа ТӨРЕЛЕРДІҢ қанында Шыңғысханнан титтейде болса белгі барма? Бар болса ол қандай белгі? Жоғарыда айтылған сандық белгіні қайдам. ал сапалық белгілердің бар болуы әбнен мүмкін. Ол өте тұрақты, бөлінбейтін тұқым қуалайтын белгі, орысшасы "дискретный" сапалық, өлшемі түрі-түс, өлшеміі жоқ, тұрақты белгі. Ол дегеніміз, ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҚАСИЕТТІ РУХЫ! Біздерде - ТӨРЕЛЕРГЕ Шыңғысханның бөлінбейтін "дискретный "РУХЫ тұрақты түрде тұқым қуалайды. Кейде дамымай қалуы мүмкін. Ол біздерде бар! Шыңұысханның ұрпақтары ТӨРЕЛЕР сол ұшін, қай кез болсада жапа шегіп, қорлық көрді. Ол рас, оған ешкімнің дауы жоқ шығар? Қандай қыйыншылық болсада бірде-бір ТӨРЕ, Шыңғысхан Бабасынан бас тарқан жоқ және тартпайдыда! Бұл не? Бұл ТӨРЕЛЕРДІҢ қанындағы Шыңғысханның ҚАСИЕТТІ РУХЫ. Сол РУХ жібермеді, әліде жібермейді. Басына іс түскенде кейбіреулердің туған әкесінен бас тартқанын сіздер мен біздер жақсы білеміз. "Қара болып қалғанша - ТӨРЕ болып кетейік!, Өлейік!" деген ТӨРЕЛЕР арасында мақал бар. Оған мысал жетерлік... Кәзіргі төрелердің Шыңғысханға тікелей қатысы бар! Оған қам жемеңіздер және оны ТӨРЕЛЕР өздеріне қасиетті бақ-дәреже санайды. Әуелі Еліміз ТӘУЕЛСІЗДІК алғаннан кейін, ол қатысы күшейе түсті! Сау бүтін болыңыздар!
    Сәлеммен Сұлтан Аман Шотаев, Дұниежүзлік Шыңғысхан Академиясының академигі.

    • #82
    • Төре
    • жб, 07/08/2016 - 19:49

    Қазақ үш жүзге бөлінеді, дегеннен қорқатын болдым, әуелі өлімненде қорықпайтын мына ТӨРЕ. Осы "бөлінеді" деген пәле, түбімізге жетіп жүрмесін, ағайындар? ҮШ ЖҮЗ Қазақ елінің ҚҰРАМЫ екеніне неге саналарыңыз жетпейді? Қазақ бөлінбейді. "бөлінеді" - дегенді мәңгілікке ұмытайық! ӘМИН!

    • #83
    • Сұлтан, Аман Шотаев
    • жб, 21/08/2016 - 20:18

    Біздер, Қазақ Тқрелері, таңқаламыз... Ұлы Хандардың Ұлысы Хан Шыңғысты және Сол Ұлы тұлғаның ұрпақтарын - Төрелерді өзіміздің Қазақтар неге, зиялысыда, сауатсызыда, соншалықты жамандауға әуес... Басқа Түркі Елдері, әуелі басқа діндегі Европа елдеріде, Оны осынша біздегідей ғайбаттамайды, қайта Хан Шыңғыстың даналығын, қолбасшылығын әйгілей түседі, үлгі етеді. Бұл не, осыны таптаурын әңгіме емес, басқа қырынан, түсіндіре алатын ғалымдар - даналар барма? Әлде бұл біздің Қазақи мінез - құлқымызба? Ағайындар ау айтыңдаршы,...

    • #84
    • Қыр баласы
    • дн, 22/08/2016 - 14:23

    Қожырбайұлының ғылыми дәлелдеу логикасының ізімен:

    Адам-Адай Ман
    Хауа Ана-Адай Манның жұбайы
    Адамзат-Адайлар заты(ұрпағы)
    Шыңғысхан-Адай
    Моңғол-Мұңал
    Қият-Қиян
    Каспий-Қас би(Адайдың атақты биі)
    Мұқалжар-Мұңалжар
    Үгедей-Ақ Адай
    Шағатай-Шақ Адай
    Алтай-Алты Адай
    Тарбағатай-Тарбаға Адай
    Мұқылай-Мұңал Адай
    Сүбедей-Сүбе Адай
    Жебе-Жебе Адай
    Желме-Желме Адай
    Корея-Керейия(Адайлармен одақтасып барып Керейлердің Қиыр Шығысты бірге жаулаған елі)
    Жапония-Жапандағы жалғыз үй(Адайдың ұмыт қалдырған бір үйі)
    Токио-Тақия(Адайдың тақиясы)
    Малайзия-Малай зияны(Адайдың бір батырына бір белгісіз малайдың у беріп өлтірген жері)
    Куала-Лумпур – Қуала жұлқы(Адайлардың жауларын қуалап жүріп жұлқыған, сабаған қаласы)
    Париж-Беріш(Европаны жаулаған кезде Адайлардың ағайындары-Беріштерге алып берген қаласы)
    Берлин-Берілген ел(Адайға берілген ел)
    Прага-Бір аға(Адайдың тарихта айтылмай жүрген бір ағасы)
    Бразилия-Бір аз ел(Адайлардың Оңтүстік Америкада қалып қойған ұрпақтары)
    Аргентина-Арғын елі(Адайлармен одақтасып барып Арғындардың Оңтүстік Американы бірге жаулаған елі)
    Албания-Албан елі(Адайлармен одақтасып барып Албандардың Европаны бірге жаулаған елі)
    Килиманджаро-Кел мұңалдың жарына(Африкадағы Адай-Мұңалдардың тауы, Африканың ең биік тауы)
    Америка-Әмір Әке(Адайдың тарихта айтылмай жүрген батыры)
    Африка-Әпір Әке(Әмір Әке батырдың інісі, ол да жүрек жұтқан батыр болған)
    Австралия-Ауыстыр Әлия(Әмір Әке мен Әпір Әкенің маорилерге ұзатылған қарындасы)
    Европа-Ебір Апа(Әмір Әке, Әпір Әке, Ауыстыр Әлияның анасы)
    Азия-Азулы Адай
    Уругвай-Ұрық Адай
    Парагвай-Парық Адай
    Перу-Адайлардың жауларын перуі, сабауы, додасын шығарған елі
    Эквадор-Екі Батыр(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулаған жаугершілік заманда ерлікпен қаза тапқан екі батыры)
    Колумбия-Құлын, бие(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулаған жаугершілік заманда құлын-бие байлап, қымыз сауып ішкен жері)
    Боливия-Болып, ия(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болып, тоқтап демалған жері)
    Чили-Шиелі(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болғаннан кейін Шиелідегі құдаларына тарту еткен жері)
    Венесуэла-Еміс Елі(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болғаннан кейін барлық жаулап алған елдерінің ішінде ұмытылып қалып, артынан еміс-еміс есіне түсірген елі)
    Кейптаун-Кейіп тауы(Адайдың батыры Кейіп батырдың ту тігіп, дамылдаған тауы)
    Гвинея-Жиения(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда жиендеріне еншіге берген жері)
    Гвинея-Бисау – Жиендер бие сауған жер(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда жиендеріне еншіге жер беріп, бие байлап, бие сауған жері)
    Каир-Қайыр(Адайлардың Африканы жаулауды бастаған кезде база болған қаласы, Адай батырының құрметіне солай аталған)
    Буркина-Фасо – Бұрқанның басы(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда Бұрқан деген батырлары қаза тауып, басы қалған жері)
    Уагадугу-Уақ, Адай гуілдеген жер(Адайлармен одақтасып барып Африканы жаулаған жаугершілік заманда Уақтардың еншісіне берілген, соған қуанған Уақтар мен Адайлардың гуілдесіп, тойлатқан қаласы, қазіргі кезде Буркина-Фасо мемлекетінің астанасы)

    Тағы солай жалғастыра беруге болады, Адайлардың Жер жүзінде қалдырмаған ізі, таңбаламаған белгісі жоқ! Кез-келген ел-жер, қала, тау, өзен, көл, теңіз атауында Адайдың терең тарихынан сыр шертетін құпиялар жасырынып жатыр! Тек қазіргі ғалымдардың міндеті-сол құпияларды зерттеп, жұмбағын шеше білу!

    • #85
    • бейсик
    • сн, 07/09/2016 - 12:59

    Қыр баласы маладес! Өлтірдің!

    • #86
    • 86
    • сб, 10/09/2016 - 22:38

    84 пен 85-ке! Балақайлар! Әрбір адам баласы өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің "қонағы" болмақ. Ақылың мен білімің жетпеген жерге пікір білдіру өте ұят тірлік.

    • #87
    • 87
    • жб, 11/09/2016 - 8:46

    Ақылың мен білімің жетпеген жерге пікір білдірсең, өзіңнің білімсіз надандығыңды жұрт алдында толық дәлелдеп шығасың.

    • #88
    • Әбдияр
    • дн, 12/09/2016 - 12:25

    Бейсік пен Қыр баласы! Мынадай ұятқа қалғанша Қазақ шежіресін дұрыстап оқысаңдар болады ғой.

    • #89
    • Көпжасар
    • сб, 24/09/2016 - 8:29

    Жанадан ашылған министрлікке Қазақтың рулық шежіресін зерттейтін ғылыми орталық ашуға кеңес беремін. Рулық шежіренің жетпіс мың жылдық тарихы бар. Еш өкінбейсіздер.

    • #90
    • Марат
    • бн, 13/10/2016 - 10:07

    84-Қыр баласына! Білімің жетсе Қожырбайұлының мына мақаласын жоққа шығар. Осы саитте бар.

    АДАМ АТАНЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ КІМДЕР?

    Ад (Ат, Атың кім? «Ат ердің серігі»), Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай), Дай (Тай, Алтай), (Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын тай басар), МАД (Мәд), Мадай, Маадай-Қара, Ман Адай (Матай), Дайжуыт (Тайжуыт) деген атауларды (ел есімдерді) дүниеге әкелген бүгінгі Қазақтардың ата-бабалары, яғни олар осы ұғымдардың бәрінің «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның да, сонымен қатар Қазақтың да қарашаңырағының иесі болып табылады. Сондықтан да, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы шежіре-тарихы Маңғыстаулық Қаз Адайлар ұрпақтарының арасында толықтай сақталып отыр.

    Өзіңіз бір сәтке ой жіберіп қараңыз. Бүкіл әлем елдерінің барлығы Ұлы Жаратушы –Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман, ал ең алғашқы елді (мемлекетті) Қазақ деп атаған. Осылардың үшеуі де Манқыстауда дүниеге келген. Адам атаның атын Адай ұстап отырса, Мандардың атын Манқыстау ұстап отыр. Ал бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы Аз (Әз) әулиенің де моласы осы Маңғыстауда. Сондықтан да ол 360 әулиелі киелі Маңғыстау деп аталады. Біздің сөздік қорымыздағы «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Тасташы әрі Әз әулие қылмай», «Ол Әз әулие емес қой» дейтіндеріміздің сыры осы. Әз әулие Маңғыстаулық 360 әулиенің бас әулиесі, яғни ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы болып табылады. Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Азия деген атауы да солардан қалды. Қазақ елі атауының түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.

    Маңғыстаулық Қаз Адайлардың ата-бабаларына ас бергенде бүкіл Ұлы Жүз - Ақарыс пен Орта Жүз - Жанарыстың, Кіші Жүз - Алшындағы алты ата Әлім мен Жетірудың және он екі ата Байұлдарының бәріне «Аға баласы» деп төрінен орын беріп, иықтарына арнайы «шапан жабатындарының» сыры осы. Бұл дәстүр Адай Ата ұрпақтары арасында күні бүгінде де мүлтіксіз сақталып келеді. Бұл Қарашаңырақта отырған кенже ұлдың өз ағаларына деген шексіз құрметінің айдай айғағы болып табылады.

    Қазақтардың өз тілдерін өзгелер сияқты Орыс тілі, Арап тілі, Парсы тілі, Қытай тілі, Ағылшын тілі т.т. деп атамай Ана тілі деп атайтындары да осыдан. «Ана тілі» дегеніміз бұл менің шешемнің тілі деген сөз емес (шеше жұрттың бәрінде бар), бұл Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің Анасы деген сөз. Бұл бүкіл әлем елдерінің тілі Қазақтың Ана тілінен туды деген сөз. Бұл жерде қазіргіше айтқанда «авторлық құқық» толықтай сақталып тұр. Өзге елдердің өз тілдерін Ана тілі атамайтындары да осыдан.

    Бүкіл жер шарындағы ежелгі жер, су, тау, ұлттар мен елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне ұқсас болатыны да осыдан. Оларға сол атаулардың бәрін қойып берген біздің Аталарымыз.

    Әлемдегі ең үлкен және халқы көп құрлықтың Азия (Қазақияның сөз түбірі) деп аталып Қазақ Ата есімімен түбірлес болатыны да осыдан. Екінші жартысының Европа аталып, Ева (дева, девушка) аталатыны да осыдан. Әйел адамның ер-азаматсыз күні болмайтыны сияқты, Европаның да Азиясыз, Азияның да Европасыз күні жоқ.

    Тарих тағлымы: Қазаққа Ата салтынан, Ата дәстүрінен, Аталарымыздың әдет-ғұрыптарынан, Ата дінінен, Ана тілінен т.т. еш ажырауға болмайды. Аталарымыз ажырағандарды «азғын» деп атаған. Бұл ешқашан екі сөйлемейтін, бір ауыз сөзге тоқтайтын мәрт қазақ азаматтары әйелге айналып кетті деген сөз. Қазақтың ежелгі сөзінде «қын (ғын), қынап» әйел дегенді білдііреді. Демек, әркім өз орнын білулері, білмесе білдіріп қою керек.

    Қазақтардың үлкенді де, кішіні де, ерді де, әйелді де Адам (Атам менің, менің Атам) деп атайтындары да осыдан. Бұл сөз ежелгі қазақтардың арасында дүниеге келгендіктен ғана осылай аталып, «авторлық құқық» сақталып отыр.

    Қаз Адайлардың ақын-жырауларының Адам Ата мен Ауа Ананы ауызға алмай өз шежірелерін бастастамайтындары да осыдан.
    Мысалы: ...«Атамыз Адам-Сафидың
    Дүредік өсіп жұртынан (26 бет).
    ...Аспан менен жер жасап
    Жараттың Сафи – адамды (259 бет).
    ...Бұрыс жолға түспе – деп
    Бұйрығымды істе» деп
    Әмір болған Алладан
    Атамыз Сафи-Адамға,
    Солардан мирас біздерге
    Алладан қорқып, сыйынбақ (259 бет).
    ...Атамыз Сафи-Салолла
    Ғұмыр сүріп бір мың жыл
    Қаза болып жерленген (304 бет).
    ...Һауа-анадан айырып,
    Атамыз Сафи-Адамды
    Жер аударып сенделткен» (С.Жанғабылұлы «Аманат» Алматы 1996. 351 бет).
    ...«Адам – Сафи баласы
    Бір теректен сан бұтақ
    Дүниеге келген сан болып» (Нұрым 129 бет).
    «Адам ата жұптанып
    Хауа ананы алғанда,
    Исраһил, Макаил
    Некесін қиған екен екі періште (97 бет)
    ...Адам ата – ер Сапи
    Ұжымақтан қуылып,
    Қасіретін тартқан артынан
    ...Адам – Сафи атамыз
    Һауа екен анамыз-
    Болмағай қашық арамыз» (Кашаған «Бес ғасыр жырлайды» Алматы-1989. 137 б).
    ...«Адам болып біз жүрміз
    Атамыз Сафи – адамнан
    ...Атамыз Адам жаралған
    Топырақтың зарпынан (178 бет).
    ...Дүние – фәни, біз түгіл
    Қалыпты Сафи – Адамнан» (Аралбай 188 бет).
    ...«Әуелі бастап айтайын
    Атамыз асыл Адамнан» (Өмір 212 бет).
    ...«Дүреп едік бер қарай
    Бауа – ана менен Адамнан» (Бәйімбет 276 бет).
    ...«Жаралғаннан бер қарай
    Кімдер келіп, кім кеткен,
    Атамыз Адам – Сафи де
    Жол салып бізге бұл кеткен» (Көкен 289 бет).
    ...«Атамыз Адам – Жабалдан
    Жаралғалы бер қарай» (Сүгір 439 бет).
    ...«Атамыз Адам пайғамбар
    Топырақтан жаралып
    Нұр – Иманға балқыды (489 бет).
    ...Атамыз Адам әуелде
    Мың жыл тұрып дүниеде
    Біздерді хақтан тіледі (506 бет).
    ...Әуелі Адам атамнан
    Ауа – анадай анамнан
    Өлмей қалған бір жан жоқ» (Ұзақбай 507 бет). Осылай жалғасып кете береді. Адайдың ақын-жырауларының ішінде Адам Ата мен Ауа Ананы ұлықтамайтын бірде-бір ақын жоқ. Сәттіғұл атамыз тіпті өз шығармасында замананың жаратылған мерзімінде көрсетеді:
    ...«Жетпіс мыңдай жыл дейді,
    Замананың озалда,
    Жаратылған тұрысы» (263 бет).
    ...«Атамыз Адам пайғамбар
    Дүниеге келгелі
    Содан бергі перзенті
    Нәсібесін қуып келеді.
    Жаралғанда әуелден
    Жетпіс мыңдай жыл дейді
    Дүниенің ақыр сүрегі» (Ұзақбай. 490 бет). (Бұл үзінділер «Жыр-дария» атты Маңғыстаудың ақын-жыраулары жинағынан алынды).
    «Біз көбейіп түледік,
    Адам менен Хауадан» (Ы.Құлыбайұлы. «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 8 бет).
    Қазақ даласының өзге өңірлерінен шыққан ақын-жырауларда бұндай жүйе көп сақталмайды.

    Бұл дәстүр Манғыстаулық Қаз Адайларда сан мыңдаған жылдардан, яғни есте жоқ ескі замандардан бері мүлтіксіз сақталып келеді. Мысалы, соның бірі Оғыз тарихында былайша суреттеледі: «Барлығы Оғыз тұсында мұсылман болды, кейбір халықтар, ағалары, ағаларының балалары Оғыздан басқа жерде еді. Олар күншығыс жақты мекен етті. Моғолдардың барлық жиынтығы солардың нәсілінен (ұрпағынан) тарады. Ол заманда олардың баршасы кәпір еді. Кейін олардың ұрпақтары «Үкіш қауымы» болып жүрді, өйткені Оғыз барлық уәлаяттарды, сондай-ақ оларды да өзіне бағындырып үлкен патшалық құрды. Сол жерде алтыннан Орда тікті, ұлы той жасады. Өз туыстарын, жасы үлкендерін құрметті орындарға отырғызып баршасына шапан жауып, сыйлықтар берді» (Қ. Жалайри «Шежірелер жинағы» Алматы-1997. 30 бет).

    «Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді, хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан» - дейді. («Қазақтың көне тарихы» Алматы 1993. 52-53 беттер). Тарихтан белгілісі «сақ» аталған халық (б.ж.с. дейінгі 7-4 ғасырларда) қазіргі Арал, Сырдария, Қаратау, Алатау, Талас, Шу, Іле, Тарбағатай, Памир-Алтай, Балқаш, Каспий, Жем, Жайық, яғни қазіргі қазақ елі аймағында қоныстанған. Оларды «тигра хауда сақтары» (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар» деп атаған. Қазақ халқы да күнгі кешеге дейін өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атаған.
    Осы жерде олар өздерін неге Шошақ бөріктілер деп атады деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық. Оны анықтау үшін тағы да ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбіріне жүгінеміз. Өздерің көріп отырғандай шошақтың түбірі Ош (Ос), яғни Қосай (Қошай) атамыздың есімі. Бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған азғана отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі шежірелердің бәрінде. Кеменің тоқтаған жері Қазығұрт тауы. Осыған сәйкес «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған?!» деген жыр жолдары сан мыңдаған жылдардан бері айтылып келеді. Бұл сөздің толық мағынасы Қазық жұрт. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры осы.
    Ал, қазақ келіндерінің сәукелесінің ұшына тағылатын «Үкіге» келсек. Бұл Нұқ (Нүк) қауымының түп атасы – Үкаша ата. Үкаша Атамыздың, яғни Нұқ атамыздың моласы осы Қазығұрт тауына жақын маңайда. Ежелгі жазбалар Нұқ пайғамбар қауымын Үкіш қауымы деп атапты.
    Үкіш қауымы – Нұқ пайғамбар қауымының ежелгі атауы. Нұқтың сөз түбірі (өз түбі) Ұқ (Үк) болатыны осыдан. Қазақ келіндерінің сәукелесі мен домбыраға тағылатын Үкінің және үмітімізді үкілейтініміздің сыры осы. Қазіргі «үкім» (жарлық), «үкімет» деген ұғымымыздың да авторы осы Үкіш (Нұқ) қауымы. Бізден басқа ешбір ел өз билігін үкімет деп атамайды.

    Тарих тағлымы: Атам Қазақтың б-үкі-л мен б-үгі-н деген сөздерінің түбірі «үкі, үгі» болатыны да осыдан. Құрметті оқырман! Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Аталарымыз тарихты осылай жазған, аталарын осылай сыйлаған. Сөз жасасаң, осылай жаса. Тарих жазсаң, осылай жаз. Даналық деп осыны айт!

    Ежелгі Иран тарихы былайша суреттейді: «Қалған алты кісі де оның шарттарымен келісті. Патшалықтан бас тартқан Утан өз еркіне кетті. Содан оның әулеті күні бүгінге дейін парсылардың еркін жүретін жалғыз әулеті болып қалды. Олар заңға қайшы «әрекет жасамаса, өз қалауынша жүре алады. Алты кісінің бірі патшалыққа қолы жеткеннен кейін Утан және оның ұрпақтарына ерекше жеңілдіктер жасауға міндеттенді. Аталмыш жеңілдіктер ішінде жыл сайын бір МАД киімін (Мадтардың ұзын, жеңі кең шапанын кию парсы ақсүйектер арасында дәстүрге айналған еді, және бұл киім патшаның ең жақсы шапандарының бірі болып есептелетін – ауд.) сыйлау және парсылардың салтында ең бағалы сыйлықтарды тарту ету. Алты адамның Утан шарттарына келісу себебі ол төңкеріс жобасын жасап, бәрінің басын қосқан алғашқы адам еді. ...Бұл оқиға б.з.б. 522 жылы 29-қырқүйекте болды. Осылайша Дариуш мемлекет тізгінін қолға алды» (Риза Шабани «Иран тарихы» Алматы. 2002. 35 бет).

    Бұл оқиға бұдан 2500 жыл шамасы бұрын болған. МАД - қысқартылған сөз. Мағынасы, бүгінгіше айтқанда Ман Адай (Мадай, Матай), яғни Манғыстаулық Адайлар патшалығы болып табылады. Ал, Иран (Парсы) тарихы өз тегін Мадтардан бастайтынын бүкіл әлем біледі. Бүкіл әлем мәдениеті өз тектерін осы МАД-тардан алады. Мына көрші орыстардың аналарын «МАТ» дейтіндерінің сыры осы. Демек, ежелгі орыстар шыққан тектерін білген. Бүгінгілері білмесе, естеріне салып ескертіп қою қажет. Мәдениет дегеніміздегі сөз түбірінің Мәд (Мад) болатыны да осыдан. Демек, әдеп, әдет, әдіс, әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет, мадақ, мадақтау деген сияқты киелі ұғымдардың авторы осы Адтар мен МАД-тар. Бүгінгі араб еліндегі Мәдине (Мадина) қаласының атауын қойғандар да біздің аталарымыз. Ол жердегі тағы бір қалаға Меке деп қойғандарда біздің аталарымыз. Меке мен Мәдине дегеніміздегі Меке – Ман Әке, Аталық текті білдірсе, Мәдине Аналық текті білдіріп тұр. Қысқасы, өз атауларының сөз түбірінде Ад, Мад деген сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) бар елдердің бәрі, өздерінің бізден тарағанын толықтай мойындап отыр деген сөз. Менің бұл келтірген тұжырымдарымның айқын дәлелін Алтайлықтар жырлайтын «Ма Адай - Қара» дастанынан таба аласыздар.

    Манқыстаудың «үш жүз алпыс әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталатынының сыры осы.

    Тарихат жолын ұстанған, Сопылық ілімнен қалған Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша Ата сөзі былайша жіктеледі:

    Адам – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай (Әй), Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.

    А – дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен қатар барлық дүниенің де бастауы, яғни ең жаныңа жақын киелі атаулардың бәрі осы «А» дыбысынан басталады. Мысалы, Алла, Ата, Ана, Аға, Апа, Аса т.т. болып кете береді.

    Ад (Ат) – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (Атың кім?); б. Қолға үйретілген, мінетін қазан ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.

    Сопылық ілімнің сандық жүйесі бойынша Ад 1-6 реттік жүйені құрайды. Алғы Алаштардың Алты санымен белгіленетіндерінің сыры осы. Ал, «Т» дыбысы толып-толысқанды білдіреді. Ат (Ата) – Ад (Ада) толып, толысып Атаға айналып тұр. Ат есептік жүйе бойынша 1-23 санын құрап Ад-тан көп кейін тұр. Біз бұл жүйеден жабайы құланның қолға үйретіліп, атқа айналатыны Нұқ пайғамбар заманынан беріде болғанын айқын көреміз.

    Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау түпкірдегі Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, яғни Нұх пайғамбар заманында бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды (ежелгі атауы) тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу – көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (Қазақтан, яғни Қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.

    Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық». Жерде әйел ердің серігі, Аспанда Ай жердің серігі. Адай дегеніміздегі «Ад (Ад қауымы)» атаң болса, екінші буындағы «Ай» анаң болады.

    Дай (Тай) – Адам ата ұрпақтарының ру-руға, тайпаларға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Ежелгі тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Бұл баяғы Парсы патшасы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Маңғыстаулық Сақ (Массагет) ханшасы Тұмар ханымның елі. Сол дайлардың әлемге әйгілі патшасы Бәлидің есімі, бүгінгі Адай-Қосайлардың арасында ру аты болып күні бүгінде де сақталып отыр.

    Сол Дайлар қайда кетті? Олар ешқайда да кеткен жоқ. Сол ежелгі атамекендерінде әлі отыр. Олар қазір Адам Атасының және қазақтың қарашаңырағына ие болып, Адай атанса, оның ұрпақтары Алтай хан, Алтай атты ел мен Алтай даласын қалдырды. Бүгінгі Алтай атты тау атауының да шығу тегі осы. Бүкіл әлем елдері тарихшылары өздерінің шыққан тегі Алтайдан тарайтынын кәміл мойындайды. «Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын Тай басар» деген қазақ мақалының да толық мағынасы осы. Бұл тұжырым дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес.

    Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.
    «Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).
    Қазіргі Хақас тілінде Адай – сағатына 90 км жылдамдықпен жүгіре алатын Құмай Тазы (авторлық құқық сақталып тұр).
    Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі) (авторлық құқық).
    Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.
    «Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір атаның ұрпақтары.
    ...Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).
    Әйтпесе, ежелгі ғұламалардың барлығы дерлік және олардың бүгінгі көптеген ұрпақтары өз тектерін Қожа Ахмет Иассауи, Әбунәсір Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Фердауси, Ахмет Жүгінеки, Әл Бухари, Әбу Райхан Бируни, Молда Мұхаммед Адайи, Сайфи Сарайи, Махмұт Қашқари, Қадырғали Жалайри, Мұхаммед Хайдар Дулати, Әкім Тарази, Тұңғышбай Әл Тарази, Қайрат Мами т.т. деп жазып, қазіргі «ов» пен «евтердің» орнына «И» дыбысын қолданбаған болар еді. Демек, ежелде бүкіл Азия халқы өздерін «тіл таңбалы Адай», яғни Адам атаның қарашаңырағының иесіміз деп атаған және өз тектерін солай деп жазған.

    Адам (Ата-м). М – тәуелділік жалғау. Бұл дыбыстың түпкі мағынасы өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп құрметтеуді міндеттеп отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, ағам, інім, балам, немерем, шөберем, басым, аяғым, көзім, құлағым, елім, жерім, атамекенім, айым, күнім, жарығым, жұлдызым, ботам, балапаным т.т. болып кете береді. Қазақта "М" дыбысы жалғанбайтын бірде-бір сөз жоқ.

    Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айттық. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Ақиқатында да солай ғой. Аталарының шежіресін ұрпақтары жазатынына қандай дау бар.

    Тарих тағлымы: Әрбір адам баласы өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің «қонағы» болмақ.

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #91
    • Қыр қазағы
    • жм, 21/10/2016 - 1:28

    Ұры иттің артын сұқ ит жалайды...
    НӘН иттің артын кәнден ит жалайды...
    Бәрінен бұрын сол иттердің артын ұрпағы жалайды...
    Алдын сол иттердің тоқалдары жалайды...
    Ит болса-итке,
    Бит болса-қойынға...
    Қасқыр болса-оққа,
    Бар болса-жоққа,
    Жоқ болса-қоппа, кірме қойынға...
    НӘН құрған тоққа,
    Тышып кеткен боққа...
    Түсіп кетіп босқа, жемқорлықпен қоппа!...
    Ит-итке, бит-битке сиеді...
    Бетіне сиілген пенде бұтына сиеді...
    Сол иттердің қаңғыған кебін киеді!....
    Әбіләзовтың сұрқия қызы Храпунның есалаң ұлына тиеді...
    Тең-теңімен, тезек-қабымен,
    Трамп тышады, Храпун жалайды,
    Себебі: Храпун НӘН-нің боғын жалап байыған...
    НӘН тышады, жемқор жалайды,
    Себебі жемқордың әкесі халықты тонап байыған...

    Жапондық хоккудың қазақтық қарапайым нұсқасы...

    • #92
    • Қыр қазағы
    • жм, 21/10/2016 - 1:31

    Қожырбайұлының ғылыми дәлелдеу логикасының ізімен(жалғасы):

    Мәскеу-Масқар(Байұлы Масқарлардың Адайлармен бірігіп барып жаулап алған, Масқарлар тарихта өз аттарын қалдыру үшін солай атаған қаласы, қазір Ресей Федерациясының астанасы, орыстар Мәскеу атауы қайдан шыққан деп әлі бастарын қатырып жүр!)
    Санкт-Петербург – Саңғыт Петірдің аузына! (Адайлар қазіргі Ресейдің жерін жаулап алып, Петір деген патшаларын қолға түсіріп, байлап, жерге жатқызып қойған кезде аспандағы бір құс Петір бәтшағардың аузына саңғырығын тастап кеткен жері, қазір Ресейдің солтүстік астанасы болып есептеледі)
    Новосибирск - Ібір-Сібір (Адайлардың Сібірді жаулап алған жаугершілік заманда «ібір-сібір, ібір-сібір, ібір-сібір»,- деп, жағып қойған отты айнала жүгіріп, трансқа түсіп бір бақсыларының ұшықтаған жері)
    Магадан – Мақ Адай (Адайлардың Сібірден әрі, Қиыр Шығысқа дейін жаулап болып, тоқтаған жерлері)
    Чита – Шиті (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда шиті мылтықтарын байқамай ұмытып кеткен жері)
    Иркутск – Іркіт (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда бие байлап, қымыз ішуге мүмкіндік болмаған кездерінде сиырдың сүтін пісіп, іркіт қылып іркіт ішкен жерлері)
    Байкал – Байұлы көлі (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда үлкен бабалары Байұлының құрметіне солай аталған көлі, әлемдегі тұщы су ең көп жиналған, таза көл, қазір Маңғыстауда тұщы, таза су жетпегендіктен Адайлар Байкалды қайтадан Ресейден тартып алмақшы)
    Кемерово – Кемірген (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда иттері сүйек кеміріп, бір ырғап-жырғаған жерлері, қазір Адай ұрпағы Аман Төлеев басқарып отыр, губернатор болып!)
    Саяны – Сая тау (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда салқындап, сая тапқан тауы)
    Хакасия – Қаракесекия (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда Әлімұлы Қаракесекке енші ғып бөліп берген жері, айтпақшы Арғынның Қаракесегі де осы Әлімдерден шыққанын білмей жүр, Қожырбайұлына айту керек, ұмытып кетпей айтсын Арғынның Қаракесектеріне ескертіп, олар Әлімұлынан шыққандарын біліп жүрсін!)
    Ташкент – Таз кент (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда Байұлы Таздарға алып берген қаласы, айтпақшы Найманның Терістаңбалы, Бағаналысының ішіндегі Таздар да осы Байұлы Таздардан шыққанын білмей жүр, Қожырбайұлына айту керек, ұмытып кетпей айтсын Найманның Таздарына ескертіп, олар Кіші жүздегі Байұлынан шыққандарын біліп жүрсін!)
    Ашхабад – Ашық Адайға құшағы! (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда, түркімендерді жеңіп, болғаннан кейін түркімен ханының сұлу қызы Адай батырына құшағын айқара ашқан қаласы, қазір Түркіменстан Республикасының астанасы)
    Душанбе – Душаң бірге ме еді? (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда тәжіктер тез, қарсыласпай беріле салып, содан Адайлармен достасып, душаң бірге ме еді деп тойлаған қаласы, қазір Тәжікстан Республикасының астанасы)
    Бішкек – Пішпек (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда Қырғыздардың Қазақ ханы Кенесарыны сатып кеткендері үшін Қырғыз манаптарын қойдай тізіп қойып, пішкен қаласы. Сол замандардан Қырғыздар ол жерге барсақ бізді Адайлар пішпек!,- деп Пішпек атап кеткен, қазір Қырғыз Республикасының астанасы)
    Кабул – Қабыл (Адайлардың Ауғанстанды жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халықтары-Пуштундар мен Урдулар Адайлардың қойған талаптарын бірауыздан қабыл еткен қаласы, қазір Ауғанстанның астанасы)
    Папуа-Жаңа Гвинея – Папа, жаңа жиендер келді! (Адайлардың Тынық мұхит елдерін жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халықтары-папуастар Адайларды баяғыда ұзатылып кеткен қыздарынан туған жиендері іздеп келген екен деп қалып, балалары: Папа, жаңа жиендер келді!,-деп мәз болып жүгірген жерлері)
    Сингапур – Сен кәпір (Адайлардың Оңтүстік-Шығыс Азияны жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халқы мұсылман болмағаннан соң, ызаланып кетіп, сен кәпір деп айқайлаған жері)

    Тағы солай жалғастыра беруге болады. Бұлар ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, айдан анық нәрселер! Адайлардың Жер жүзінде қалдырмаған ізі, таңбаламаған белгісі жоқ! Кез-келген ел-жер, қала, тау, өзен, көл, теңіз атауында Адайдың терең тарихынан сыр шертетін құпиялар жасырынып жатыр! Тек қазіргі ғалымдардың міндеті-сол құпияларды зерттеп, жұмбағын шеше білу!

    «МАД-Маңғыстаудағы Адайлар патшалығы»,-М.Қожырбайұлы.

    Мадрид-Адайлардың қаласы
    Мадагаскар-Адайлардың мемлекеті
    Мэдисон Сквэр Гарден-Адайлардың АҚШ-та салдырған спорт кешені(кейде Г.Головкин осында бокстасады)
    Мэдисон-АҚШ-тың Висконсин штатындағы Адайлар салдырған қала
    Мадлен-Адайлардың Францияға ұзатылған қыздарының жиынтық есімі
    Мадлен Олбрайт-Адайлардың АҚШ-қа ұзатылған қызы(АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы)
    Адыгея-Ресей Федерациясының құрамындағы Адайлардың автономиялық республикасы

    «Түздіктердің ең бір ержүрек тайпасы Адайлардың орыс бодандығына берілмеуі Орта Азия хандықтарын орыс отаршылдығынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», — деп жазды Ф.Энгельс бұл туралы.

    • #93
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 24/11/2016 - 11:56

    Қыр Қазағына! Москва атауының шығу тегі "Мәскеу-Масқар(Байұлы Масқарлардың Адайлармен бірігіп барып жаулап алған, Масқарлар тарихта өз аттарын қалдыру үшін солай атаған қаласы, қазір Ресей Федерациясының астанасы, орыстар Мәскеу атауы қайдан шыққан деп әлі бастарын қатырып жүр!)" деп, Сіз ойлағандай емес.

    Ежелгі деректерде Рус, Ресей (Еуропалықтарша Рашан) атының ғұндардың әйгілі патшасы Еділдің тікелей ұрпағы Орыс елінің басын қосып соған патша болған қыпшақ (қазақ) Сары Құназ Рафшан атынан шыққаны айтылады. Еділді Еуропалықтардың неге Аттила дейтіндеріне келсек, бұл сөз қазақша Ата ұлы («Ад лу» Ад (Ад, Ада, Ата) ұлы, қазіргіше айтқанда Қазақ, Алшын, Байұлы, Адай ұрпағы болып шығады. Осыған ешқандай дау туғызбайтын дәлел ретінде айтарым, өзіміздің ежелгі Алтай өлкесінен бастап бүткіл Ресей, батыс, тіпті сонау Римге дейінгі аймақта Байұлы руларының (аталарының) аттары жер, су, тау, елді мекен аттарында күні бүгінде де сақталған. Кейбір зерттеушілер Аттиланы қазақтың Аттылы деген сөзінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірде дұрыс. Себебі, қолға үйретілген жылқының (аттың) авторы қазақтар болып табылады емес пе? Бұл жерде «авторлық» құқық сақталып тұр.
    Ал, осының шындығын ешкім білмеді деп айтуға бола ма?! Бұл жағдай қытай мен орыс тарихи ғылымына ежелден белгілі. Себебі, орыстарға бүкіл мемлекеттігін құрып берген (Иван Грозный (Қаһарлы Иван) Адайдың Тобышынан тарайтын әйгілі Ер Мамайдың немересі), кезінде үш ғасыр бодан болып салық төлеген, сонау Мосы қауға (Москва) қаласынан бастап, жер, су, қала аттарын қойып бергендер қазіргі қазақтардың ата-бабалары екендігін мойындауларына тура келер еді. Мысалы, біздің төмен деген сөзіміз-Тюмен, Сарытауымыз-Саратов, Қазіргі Астрахан мен Саратовтың ортасында орналасқан Алтын Ордамыздың астанасы Сарайымыз – Царев, Рамаданымыз – Ромодан, Шеркешіміз – Черкасск, Адайымыз – Удай, Уодой, Одоев, Алыбымыз – Альпі, Еліміз – Эл, Анамыз – Эна, Еріміз – Эр, Күндер елі – Хунгария (қазіргі Венгрия), Еділіміз – Итиль, Ертісіміз – Иртыш, Енесайымыз – Енисей, Арғынымыз – Аргун, Аргон, Арген-торат, Берішіміз – Бирюч, Барыш, Барышевка, Тамамыз – Тамань, Дөңіміз – Дон, Қобаңымыз – Кубан, Сарықұмымыз – Царицын, Сызды даламыз – Суздаль, Азауымыз – Азов, Тобылымыз-Тобольск, Кетеміз – Кеть (өзен), Сібіріміз – Сибир, Селебеміз–Челябинск, Қозыбасымыз – Кузбасс, Мамайымыз-Мамай, Қорғанымыз – Курган, Хабарымыз – Хабаровск, Іркітіміз – Иркутск, Шыңғысхан ұрпағы Тайтула апамыздың (Әз Жәнібек ханның бәйбішесі), немесе ұлы Мұңал даласындағы Тула өзенінің атына сәйкес қойылған –Тула, Бестауымыз-Пятигорск, Арбалы ат-Арбат т.т. болып кете береді. Осы аттары аталған ел мен жердің, тау мен тастың, өзен мен көлдің, қала мен қалашықтардың барлығы да бізің ата-бабаларымыздың мекендеп, иемденген жерлері. Тіпті, осы орыстың төл сөзіне айналып кеткен «Богатыр» деген сөзінің қайдан шыққанын саралайтын болсақ, бұл сөздің де түп төркіні қазақтың, сонау Шыңғысхан заманынан арыда да, беріде де қолданылып келе жатқан «баһадүр» сөзі. Бұл сөз әскери атақ, бастапқы «батыр» деген мағынасында қазақтарда күні бүгінде де қолданылып келеді. Қазіргі орыстарда қолданыста жүрген «таможня» сөзінің қазақтың «таңба бажы» деген сөзі екенін, бұл сөзді көрші ел иемденіп кеткендіктен және қазіргі қазақтардың өз тілін жоғалтып бара жатқандығынан біз оны «кеден» деп аударып жүрміз. Ал, жаңа жылдың айрықша белгісі деп есептелінетін шыршаның (ель) нұсқасы, о бастағы қазақтың «жол», яғни аспандағы «темірқазықты айнала қозғалатын жұлдыздар жолы» дегенді білдіретін рәсімі мен «жыл» сөздерінің түбі бір. Олардың «денги» деген сөзінің негізі жер беті қолданыстағы төркіні қазақтың «теңге»; осыған сәйкес «товар (тауар) -таможня-деньги – товар) сауда формуласы; «уррасы» біздің «ұр»; караул – қарауыл, есаул – есауыл, атаманы – атаман, ал бұл күнде бүткіл әлемде қолданыста жүрген «Аз-ия», «Қазақ-ия», «Түркия», «Россия», «Индия», «Италия» т.б. сияқты ондаған, жүздеген ұлыстар мен елдердің атауына қосылған «ия» жалғаулығы қазақтың Қиян деген сөзінен шығатын «иә», «дәл солай»; «цифр» сөзінің қазақтың «сыпыр» деген сөзінен шыққандығын көпшілігіміздің біле бермейтініміз анық. Мағынасы сыпырып жинау, санап жинау. Ал, бүткіл әлемнің «Аз-ия» деп жүргені «Қаз-иә, Қазақ-иә, Қазақ Қиян», ал Европа дегеніміз «Ева апамыздың елі» болып табылады. Сол сияқты олардың «Царь», «Князь» деген сөздері Ата ұлы (Аттила, Еділ) ұрпағы Сары ер Құназ Рафшан патша атынан шыққан. Сары ер сөзінен-Царь, Құназ сөзінен-княз деген ұғым пайда болған.
    Ол жайлы Шымкенттік Ілесбек Байжанов «Ұлы бабалар насияты» атты еңбегінде шежіреші Әлиасқар Байғұтұлының көне жазбаларынан табылған деректермен «Мосы қауға» (Москва) –деген сөз қандай ұғым береді деген сұраққа былайша жауап береді. Москва – «Мосы қауға» шаһарын алғаш тұрғызған Қыпшақтан шыққан Сары Құназ Рафшан патша бұл шаһарды жердің миының үстіне орналасқан, айналасы аттылы кісі батып кететін батпақ, ұйықтың ортасындағы құрылыққа салдырған, яғни баратын да, шығатын да жол біреу болған. Бұл жау келсе: «батпақ ұйықтан шабуылдай алмасын!» - деген айламен салынған шаһар еді. Құсілім заманынан қалған «Мосықауға» - деген сөз, күнделікті тіршілікте пайдаланылған, құдықтан су тартуға арналған «қауға» - деп аталатын ыдыс пен құдықтың үстіне орнатылған төрт аяқты ағаш «мосының» жиынтық аттары. Яғни, бір жағында теріден жасалып арқанға байланған ыдыс болса, екінші жағынан құдықтың үстіне орнатылған «мосыға» орнатылып, бекітілген ұзын бақанға арқанмен байланған «қауға мен мосыны» - «Мосықауға» - деп атаған. Батпақ ортасында орналасқан шаһарда мұндай мосылы, қауғалы құдықтар өте көп болған.
    Міне, осы қаланың іргетасын тұңғыш қалаған «Сарының» атынан орыстың «Царь», ал «Құназ» - деген сөзден «Князь», «Рафшан» - деген сөзден барып «Россия» сөзі туындаған. Ал Шалағандар «шалақандар – ағылшындар), Алмандар (герман тайпалары) болса, орыстарды «Рашан» деп атайды. Орта ғасырларда көптеген халықтар өз патшаларының немесе өз хандарының атымен аталып кете берген. Оның, мысалын өз билеушілерінің атын иемденген қырғыз, өзбек, ноғай халықтарынан көруге болады. Ал, Александр Невский Шыңғысханның немересі Батыйдың асырап алған баласы екенін, Мұңалдардың Чуд көліндегі соғысына көмектеспегенде, бүгінгі күні бүткіл Ресейліктердің Литва тілінде сөйлеп жүретіндерін көбіміздің біле бермейтініміз анық. Одан бері де Алтын орданың соңғы ұлы ханы Тоқтамыс 1382 жылы, Еділ мен Шыңғысхан, Батый тиіспеген жиендер елі орыс елдеріне шабуыл жасап, Мосықауғаны (Москва) өртеп жібереді. Аяғына жығылып, бас ұрып 8000 сом күміс төлеген «Куликово шайқасының» каһарманы саналған Дмитрий Донскойды Бас князь етіп қайта тағайындап, Алтын ордаға салық төлеп тұратын етіп, оның үстіне 20 мың қыпшақтың (қазақтың) әскерін көмекке беріп, бүкіл орыс жерін біріктіруге қаһарлы пәрмен береді. Мақсаты қарамағыңда қарашаң қанша көп болса, түсетін түтін салық та сонша көп...
    Күні бүгінге дейін де, орыстардың өз тарихтарының осы беттерін ашудан қашқақтайтындары әлемге әйгілі емес пе?!
    «Алайда 3-4 жыл зерттеу кезінде көзім түскен түрк негізді орыс сөздерін тек Х-ХІ ғ.ғ. Русь Дешті Қыпшақпен көрші болғанда немесе ХІІІ-ХV ғ.ғ. Алтын Орда иелік еткен кезеңде жұғысқан деуге келмейді. Тіпті, қазіргі қазақ тілінде сақталмаған я тым өзгеріске ұшыраған көне түрік сөздері орыс тілінде жетерлік екен. Бұл – мәселенің «енген сөздерден» күрделі екендігін байқатады. Мысалы «икона» сөзі 732 жыл тұрғызылған Күлтегін мәңгі тасында «тізесі барды жүгіндірдім» (йүгүн) деп жазылып тұр. Ал бұл кезде орыстар әлі христиан дінін қабылдамаған да. (Киев Русі христиан дінін 889 жылы қабылдаған).
    ...Осы кітабымда 3-4 мыңдай түрк негізді орыс сөздерін көрсеткеніммен, бұл сөздерден ондаған мың сөздер туындайтынын жоғарыдағы мысалдардан-ақ байқауға болады. Әзірге зерттеу нәтижелері орыс (славян) тілінің өзіндік этностық негізі жоқ екендігін, сөздерінің басым көпшілігі (татар зеттеушілерінің айтуынша 95 пайызы) түрік тілі негізінде, ал өзгесі грек, латын, түрік тілі арқылы енген парсы, араб сөздерінен құралғанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ тұңғыс және орыс тілдеріне ортақ көптеген сөздер ұшырасты» (Қасен Қожа Ахмет «Орыс тілі көне түрк тілі ме?» Алматы-2014).
    ...«Білесіз бе? Ең көне славян сөзін білгіңіз келе ме? Есіңізде жүрсін – айтып берейін: ол «есть» (бар) сөзі. Бұл көне сөздің жасы неше де дейсіз бе? Екі мың жылдан аспайды» (Олжас Сулейменов. «Аз и Я» Алматы 1992. 183 жыл). Демек, бүгінгі славян халықтарының тілі шығып, бүгінгі тілдерінде сөйлей бастағаны бар-жоғы екі мың жылдан аспайды. Олардың тілдерінің туған (родной) тіл деп аталатындары осыдан. Бұл жағдай бүкіл әлем елдері тілдеріне тән. Ал, Адам атаның қарашаңырағының иелері өз тілдерін Ана тілі деп атайды. Бұның мағынасы, тіл тек қана туған анаңның тілі дегені емес, бұл тіл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Әрине солай, әйтпесе Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген тіл барлық тілдердің анасы болмай, кімі болушы еді?!

    • #94
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 24/11/2016 - 12:26

    Қыр қазағына! Сіздің қалған орыс қалаларының шығу тегі жайлы пікіріңізге төмендегідей, яғни орыс ұлтының қалай дүниеге келгені жайлы өз зерттеумнің қорытындысын ұсынамын:

    ОРЫС ҰЛТЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҚАЗАҚ РУЫ

    «Орыстар — ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан русь атанған да, ежелден көршілер түрік тайпасы оларды орыс деп атап кеткен. Көне орыс мемлекеті 9-12 ғасырда құрылып, орыс ұлтқа айналды. Орыс халқы Ұлы Новгород аймағы мен Волга, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. ...Ежелгі орыс халқы XII ғасырда әр түрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда Киев Русі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды.» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

    Бұрын бірнеше князьдіктерден тұратын Русь, 1547 жылы Иван Грозный өзін патшамын (царь) деп жариялаған соң, Ресей (Россия) деген атқа ие болды. Олар ежелде Мұңалдар билігіне дейін біріне-бірі бағынбайтын дербес княздіктер болатын. Мұңал билігі тұсында, мұңалдардың ықпалымен олардың басы қосылды. Осы ретте орыс тарихында айрықша із қалдырған бір әулет (Владимир Мономахтан Александр Невскийге дейін) жайлы сөз етпекпіз:
    «Владимир Мономах (1053-1125) Киев князы, 1113-1125 жылдарда ұлы князь.
    Юрий Долгорукий (1090-1157), Суздаль князы, 1155-1157 жылдарда ұлы князь, Москваны салдырушы. Әйелі - қыпшақ қызы.
    Всеволод Юрьевич – Большое Гнездо – (1154-1212). Владимир князы. 1176-1212 жылдарда ұлы князь. Әйелі – қыпшақ қызы. 12 ұл туған, «Большое Гнездо» (үлкен ұя) атауы содан шыққан.
    Александр Невский (1220-1263). Новгородта, Киевте, Владимирде князь болған, 1259-1263 жылдарда ұлы князь.
    ...Ярослав ұлы князь тізгінін қолына ұстаған кезде оның барлық туыстары Батуға бас иіп келген. Олардың арасында 18 жасар Александрдің (Невский) болғандығы да ақиқат. «Сын Батыя Сартак побратался с Александром Невским» (200 бет). «Александр Невский» - анда (побратим) Сартака, пасынок Батыя» (297 бет) деп жазады Л.Гумилов (Древняя Русь и Великая Степь, 2 том, Москва, 1997 жыл).
    ...Қатарынан үш ұрпақ бойы (өзі, әкесі, атасы) бізге жиен болып келетін әулеттен шыққан Александр ...қалайша бізге бөтен болады». (Қ.Ахметов «Қыпшақ қызынан туған орыс княздары» «namys kz»).

    Қуаныш мырзаның бұл деректерімен толықтай келісе отырып, Қазақ билеушілері неге қыздарын орыс князіне ұзатты деген сұраққа Қаз Адайдың рулық шежіресі тұрғысынан да жауап бере кеткенді жөн көрдім:
    «Адайдан екі бала – үлкені Құдайке, кішісі Келімберді.
    Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке, кенжесі Қосай (Қошай).
    Келімбердіден алты бала: үлкені Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан (Ақ Ман, Ақ адам), Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), Бұзау (Жеменей), Тобыш және кенжесі Мұңал (Моңғол). Мұңалдар Адай атаның кенже немересі, яғни олардың қарашаңырағының иесі. Адай атамыздың жаққан оты Мұңалдарда, сондықтан олар «Мұңал ошақ» деп аталады» (Адайдың рулық шежіресінен).
    Тарихи деректерді сараласақ, мына жағдайға көзіміз айқын жетеді. Адайдың екі баласының үлкені «Адай-Құдайке», яғни «Адам ата» топан суға дейінгілер, кішісі «Адай-Келімберді, яғни «Ман ата» топан судан кейінгілер болып табылады. Нұқ пайғамбар Кемесі тоқтаған Қазығұрт (қазық жұрт) тауы (Сыр) өңірі жаз жайлау, Манқыстау сол мандардың қыста қыстайтын қыстауы болды.
    Бүгінгі Ресейлік орыстардың арғы тегі мына шежіредегі Құнанорыстардың ұрпағы. Орыстар қазақтан енші алып, отау тігіп бөлек шыққандары, ал Құнанорыстар қарашаңырақта қалғандары. Бүкіл жер бетіндегі әлем елдерінің бәрі осылай дүниеге келген.

    Меніңше бұған еш күмәнданудың қажеті жоқ. Себебі, осыдан екі мың жыл бұрын бүгінгі орыс елінің өзі де, тілі де жоқ болатын. Ол жайлы осы елдің тілін жеріне жеткізе зерттеген О. Сүлейменов ағамыз өзінің «АЗиЯ» атты еңбегінде «осыдан екі мың жыл бұрын бүгінгі орыстың жалғыз ауыз «ест» деген сөзінен басқа ештеңе таба алмаған болар едік» - деп жазған болатын.
    Қазақ тарихында Орыс ханмен қатар, «Орыс» деп аталатын рулар, бектер мен батырлардың аты жиі ұшырасады. Құнанорыстан бөлінген орыстар кезінде Аорыс, яғни «Адай орыс» деп аталған. Аорыс Сарматтың белгілі тайпасы.
    Әлем тарихында Сармат атанған Сарылар кезінде өздерінің әлемге әйгілі тарихи сапарын Алан (Алаш Ман М.Қ.) деген атаумен Арал мен Каспий аймағындағы Манқыстаудан, яғни МАД (Ман Адай) патшалығынан бастаған. Аты айтып тұрғандай Сар (Сары), МАД (Мат) деген екі біріккен сөзден тұрады.

    «360 әулиелі киелі Маңғыстау» сан мыңдаған жылдар бойы әлем астанасы болды. Ол бүкіл әлем тарихында «МАД (Мадай, Маадай, Ман Адай) патшалығы деген атаумен хатталды. Осы патшалықта адам баласы (Мұса пайғамбар) ұлы Жаратушы – Алланы және оның ақиқатын таныды. «Торы ат (Таурат)», Әбеспе (Авеста) арқылы Адам баласы ақ пен қараны, жақсы менен жаманды, өтірік пен шынды, әділет пен әділетсіздікті ажырата білді.
    Олар: «Аспан мен жер, ай мен күн
    Қараңғы-жарық, күн мен түн
    Әуелден жолдас некелі
    Фәни мен бақи – екеуі
    Екеуінің арасы
    Алыс болса екі елі», деп бүкіл философияны төрт шумаққа сыйдырып, дала даналығын дәлелдеді. Осы МАД патшалығы атауынан бүкіл әлемге «мәдениет» деген ұғым, сол Мадтардың «авторлық құқығымен» тарап кетті. Бүкіл әлем елдері осы патшалықтан «енші алып, отау тікті», осы өңірде болып өткен оқиғаларды өздерімен бірге Ата-бабаларының шежіре-дастандары арқылы ала кетті.
    Көптеген әлем елдері өз мәдениеттерінің Алтайдан басталатынын кәміл мойындайды. Жоғарыда айтқанымдай, Алтайлықтардың, Тувалықтардың, Буряттардың (Бөрі Адай М.Қ.), Сахалардың (Сақ аға М.Қ.) жырлап жүрген «Ма Адай-Қара» эпосының шығу тегі осы. Мәдениет деген ұғымның түбірі Мәд (Мад) болатыныны да осыдан. Парсылардың (Иран) өз тектерін МАД патшалығынан тарататындары да осыдан. Орыстардың аналарын Мат (МАД) дейтіндері де осыдан. Арабиядағы Меке (Ман әке) мен Мадина (Мад ана) қалалары атауының да шығу тегі осы. Меке аталық текті білдірсе, Мадина аналық текті білдіріп тұр. Бұл жерде «авторлық» құқық сақталып отыр. Қазақтың сарыүйсіні мен бессарысы, сар даласы мен сары белі осы айтқандарымыздың айдай айғағы болмақ. Осылайша, бүкіл әлем елдерінің шежіре-дастандарында, жырларында, аңыз-ертегілерінде және жер, су, елді мекендер атауларында әлем мәдениетінің алғашқы бастау көзі сақталып қалды.
    «Сары» сөзінің тегі «Сақ арыстары» деген мағынаны білдіреді. Сақ арыстарының тегі қазақ.
    Сол Сарматтардан Қазақ даласында Сарыарқа, Сарыдала (солтүстік өңірдің жалпылама атауы); Сарықамыс, Сарытас, Сартөбе, Сарғат, Сарға (Сары аға, Манқыстау), Cары Қобда (Ақтөбе), Құлсары (Атырау), Сарықамыс (Павлодар), Сарытөбе (Алматы), Сарыөзен, Сарыбел, Сарыоба (Талдықорған), Сарыжал (Семей), Айсары, Сарытас (Душанбе), Сарытау (Саратов, Ресейде), Сары өзен (Хуанхе, Қытайда); Сарытеңіз т.т. болып жалғасып кете береді. Яғни түбірінде Ар, Сары деген сөзден құралған атаулардың бәрі қазақтың жері. Сонымен қатар, «Қара қазан, сары бала» дейтініміз де осы Сары атамыздың атынан қалған. Еуропалықтардың Сарматтар деп жүргендері осы атамыз.
    Сармат – біріккен сөз. Сөз түбірі Ар. Сары (Сақ) және Мат (МАД) деген ұғым береді. Бірақ, бүгінгі орыстар мұны білмейді. Олар оны өздігінен біле де алмайды. Себебі, олар өз шежіре-тарихтарының ашатын кілтін (кодын) әлдеқашан жоғалтып алған.
    Түсініктеме: Бүкіл әлем елдері шежіре-тарихының кілті Қазақтың Ана тілі мен оның рулық шежіресі болып табылады. Әлем тарихының сыры өзге тілмен ашылмайды. Себебі, бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген. Бүткіл жер бетіндегі топономикалық атаулардың бәрінің қазақтың Ана тіліне ұқсас болатынының сыры осы.
    Демек, бүгінгі қазақтардың орыстарды Сары орыс дейтіндерінің сыры тек қана олардың түстерінің сары болғандығынан емес.
    Олардың өз аналарын МАТ (МАД, Ман Адай) деп атаулары, олардың Ата-Бабаларының өз тектерін Қазақтан тарағанын толықтай мойындағандық болып табылады. Мұны ақыл-есі түзу бірде-бір адам баласы жоққа шығара алмайды.

    Қазақтың ежелгі шежірелерінде, сол сияқты Шыңғысхан заманында да орыс халқын «Орман халықтары» деп атаған. Құнанорыстың бір тармағы күні бүгінде де Орыс деп аталады. Орман да, Орыс та екеуі де бір түбірден, яғни бір атадан. Қазақта «Орман көп пе, Орыс көп пе» деген сөз тіркестері де ежелден бері айтылып келеді. Адайдың шежіре дерегінде: Адай – Келімберді – Құнанорыс – Жанбай – Жортыс – Тегенбай – Қайдауыл – Орыс. Орман (Орыс адам) халықтары сан мыңдаған жылдар бойы қазақ қағанатының құрамында болды. Адай құрамында Орыс атты бірнеше ру бар. Олар: Адайдан–Құдайке-Тәзіке-Сәріке-Орыс, Адайдан–Келімберді-Тобыш-Ораз-Алып-Шегем-Ожау-Сағындық-Орыс, Адайдан-Келімберді-Тобыш-Ораз-Алып-Шегем-Қараш-Өтеп-Ақсақал-Бақатай-Орыс.
    Келімбердінің үшінші баласы Балықшыдан-Өртілес-Қостай-Қожамберді-Қалдаманнан тараған Ақмырзаны «Орыс балықшы» деп атаған. Шыңғыс ханның үлкен ұлы, тақ мұрагері Жошыдан тараған, басында Ақ Орданың (1361 жылдары), артынан Алтын Орданың (1374-1375 жылдары) ұлы ханы болған бір баласының аты да Орыс. 1463-1465 жылдары Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек осы Орыс ханның ұрпақтары болып табылады.

    Орыс халқының Қазақтың баласы екендігіне Орыс деген сөздің алдына Құнанның жалғануы да куәлік ете алады. Себебі, Құнанорыстар Адайдың үшінші немересі болса, Құнан да жылқы баласының өсу кезеңінің үшінші сатысы болып табылады. Жылқының жаңа туған баласын Құлын (құлыншақ), бір жастан кейін Тай, үш жастағысын Құнан деп атайды. Бұл кездейсоқ сәйкестік емес. Қазақтың барлық сандық жүйесі осылай рулық шежіреге сәйкес жасалған. Оған келешек те арнайы мақала арнайтын боламын.

    Орыстың сөз түбірі (өз түбі, сөздің (өзінің) атасы) Ор. Қауым тұрағы айналасын ор қазып қорғалған жерлердің сол кездердегі атауы күні бүгінде де бүгінгі орыс және қазақ жерінде көптеп сақталған. Ежелгі қазақ, қазіргі Ресей жеріндегі Орск, Орынбор, Батыс Қазақстан өңіріндегі Орал өзені мен Орал қаласы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.
    Ел тұрағының айналасын қорғау үшін Ор алғаш рет Манқыстау да қазылған. Сондықтан Манқыстаудағы жер атауына ешқандай жұрнақ, жалғау қосылмай тек қана «ор» деп аталады.

    Құнанорыс – біріккен сөз. Қу (Құдайке (Қу Адай әке), Құн (Күн), Ан (Ана), Ман, Ор (Ар), Орыс (Арыс). Мағынасы, Қаз Манның арын ор қазып қорғаған ұрпағы.
    Бұған дәлел ретінде айтарымыз, қазіргі Ресей жерінде Адайға қатысты атаулардың бәрі «А» дыбысының орнына «О» дыбысын қолданады. Мысалы, ол елдегі Адайларға қатысты атаулар күні бүгінде де Одой, Одоев, Одоют, Уодой деп жазылған және ондағы елді мекен, жер, су, тау атаулары да осылай аталған.
    Орыстардың Қазақтан, яғни Қаз Адайдан соңғы бөлініп шығуы бүкіл әлемдік аренада Қаз Адайдың тоғызыншы буын ұрпағы Тобыш атамыздың ұрпақтарының билігі ыдырай бастаған кезеңде болды. Ол кезеңді аталарымыз «Орманбет би өлген күн, Он сан Ноғай бүлген күн деп» деп атап, сол кезеңнен «Ел айрылған» атты зарлы күй қалды. Мына орыстардың күні бүгінгі аттарына «ов (об)», «ова (оба)», оның жіңішкесі «ев», «ева»-ларды өз тектеріне қосып атауы осыдан шыққан. Негізі бұл сөз, біздер Обтың (Тобыштың) және Ева (Ауа ана) анамыздың ұрпағымыз дегенді білдіреді.
    Адай атаның үшінші немересі Құнанорыстар, сөз түбірі Қу (Қаз) мен Ор. Бүгінгі Орыс (Ресей) елінің түпкі аталары осы. Қу (Қаз), Нан (Ман) мен Рыс - Құнанорыс аталып, Адам атаның қарашаңырағы Қазақ елінде қалды да, ал енші алып, отау тіккендері Орыс (Ресей) атанып кете барды. Бүгінгі Орыс елі, яғни Россия, соның айғағы.
    Бүгінгі орыс халқы өздерінің шыққан тегін таба алмай жанталасып, тұмсығының астындағыны көре алмай, бүкіл әлем елдері тарихын қопарып жатыр. Олардың бүгінгі ұрпақтары өздерінің Қазақтан тарағанын естімек түгілі, оны көз алдарына елестете де алмайды. Себебі, олар ежелгі ата-текті бір-біріне жалғап отыратын кодты, яғни шежіре-тарихтың кілтін жоғалтып алған. Ал, біле білген кісіге Кодтың түбірі Од (Ад), ал кілттің түбірі Іл (тіл) емес пе? Міне олардың жоғалтып алған дүниелері. Атам қазақтың «Тіл-тұғырың, дін-діңгегің» дейтіндерінің сыры осы. Осы екеуінен айрылсаң Ата тегің, шежіре-дастан, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіпті бәрі-бәрінен де айрыласың. Ары қарай «тегін білмейтін тексіз» мәңгүртке, «жеті атасын білмейтін» жетесізге айналып шыға келесің. Бүгінгі орыс халқының Ата жұрттан (Қазық жұрттан, Қазығұрттан, Қазақтан) ірге айырғандағы жеткен жерінің сыйқы осы.
    Адасып, адасып барып Дарвиннің «адамзаттың атасы маймыл» деген сандырақ іліміне жем болып тынды. Олардың мектеп оқулықтарында, соларға еліктеген бізде де тура солай деп жазулы тұр. Біздің орыс тілді билігіміз ұрпақ санасына осы ойды сіңіруге барынша жанталасып жатыр.
    Олардың тегінің қазақ екенін кез-келген қазақ шежіресін зерттеген жан айыра алады. Бұны айтып та, жазып та отырған жалғыз мен емеспін. Менің алдымда да талайлар жазып кеткен. Бұрынғыларын тауып оқу, арнайы зерттеп жүрген жан болмаса қолға түсіру оңайға соқпас. Дегенмен, күмәнданған жандарға менің «Шыңғыс ханның тегі Адай», Олжас Сулейменовтың «АЗиЯ» және Тайжан Досановтың «Руника Құпиясы» атты еңбектерімен танысуға кеңес беремін. Бұл жерде бір қызығы мен Қаз Адайдың рулық шежіресі арқылы осындай қорытындыға келсем, О. Сүлейменов тіл (сөз), ал Т. Досанов Рулық таңбаларды зерттеу қорытындысы бойынша жасаған. Қысқасы, «Барлық жол Римге апарады».

    Славян халқы ондаған мың жылдар бойы ежелгі Қазақ қағанаттарының құрамында болды. Қазақ қағандары туыс (жиен) тайпа ретінде олардан қамқорлығын еш аямады. Мысалы, сол қамқорлықтардың бірін орыстың әйгілі тарихшыларының бірі Г.В.Вернадский : «4-6 ғасырларда Ғұн түріктері, яғни Түрік қағанаты Славяндарды Герман тайпаларының жойып жіберуінен аман алып қалды» деп жазыпты. (Древняя Русь. Глава 1Y. «Гунно-Антский период (378-558)» 1943 год).
    Y1 ғасырда бүкіл Азия мен Европаның билігі Түрік қағанатының билігінде болды.
    Түсініктеме: Сол Ғұндардың да, сол Түрік атанып жүрген елдердің де қарашаңырағы бүгінгі Қазақ елі болып табылады. Сол Ғұндардың әйгілі патшасы Еділ қағанның (Европа да Аттила деген есіммен белгілі) тегі менің қолымдағы Қаз Адайдың рулық шежіре дерегі бойынша Адайдың тоғызыншы буын ұрпағы Тобыштан тарайды.
    Еділ патшаның тікелей ұрпақтары Қараш деген есіммен күні бүгінде де Маңғыстауда ғұмыр кешіп жатыр.
    Бір таңқаларлық жағдай, орыс мектептерінде осы кезеңдерді ашық қалдырып орыс тарихын оқытуды тек қана 1X ғасырдағы Герман Руриктерінен бастап жүр.
    Түрік Қағанатынан кейін Европа да Хазар қағандығы (650—969) салтанат құрды. Ғұн, Түрік, Хазар - синоним. Бәрінің жалпылама атауы Қазақ деп аталған. Ол жайлы орыс ғалымы: «Хазари одно и то же Казахи» деп жазды. (Владимир Петрухин, Доктор Исторических наук Российской Академии, Москва).
    Соңғы кездері Ресей тарихшыларының да арасында осыны мойындап жатқандар да жетершілік. Жақында тарихшы-ғалым В. Белинскийдің «Шыңғыс ханның тегі Қазақ», Мұрат Аджидің «Европа, тюрки, Великая Степь», «Тюрки и мир: сокровенная история», «Казахи предали предков» т.б. еңбектері жарық көрді. Біздер Шыңғысхан негізін қалаған Алтынорда мемлекетінің қарашаңырағы болып табыламыз дегенді де баспасөз беттерінде жиі-жиі жариялап жүр.
    Ресейдің жер, су, елді мекен атауларына үңілсек, біздің Төмен деген сөзіміз-Тюмен, Сарытауымыз-Саратов, Қазіргі Астрахан мен Саратовтың ортасында орналасқан Алтын Ордамыздың астанасы Сарайымыз – Царев, Рамаданымыз – Ромодан, Шеркешіміз – Черкес, Черкасск, Адайымыз – Одой, Одоев, Одоют, Удай, Уодой, Алыбымыз – Альпі, Еліміз – Эл, Анамыз – Эна, Еріміз – Эр, Күндер елі – Хунгария (қазіргі Венгрия), Еділіміз – Итиль, Ертісіміз – Иртыш, Енесайымыз – Енисей, Арғынымыз – Аргун, Аргон, Арген-торат, Берішіміз – Бирюч, Барыш, Барышевка, Тамамыз – Тамань, Дөңіміз – Дон, Қобаң жұртымыз – Кубан, Сарықұмымыз – Царицын, Сызды даламыз – Суздаль, Азауымыз – Азов, Тобылымыз-Тобольск, Кетеміз – Кеть (өзен), Сібіріміз – Сибир, Селебеміз–Челябинск, Қозыбасымыз – Кузбасс, Мамайымыз-Мамай, Қорғанымыз – Курган, Қабарымыз – Хабаровск, Іркітіміз – Иркутск, Барын ауыл – Барнаул, Қырым – Крым, Алтамыз – Ялта, Жарылғасымыз – Ярылгач, Жары – Иоры, Алшын – Алчевск, Сырғамыз – Серги, Мал ағымыз – Молоко, Мосы қауғамыз – Москва, Арбалы ат – Арбат, Қап тауымыз – Кавказ, Қазақ – Казак, Шыңғысхан ұрпағы Тайтула апамыздың (Әз Жәнібек ханның бәйбішесі), немесе ұлы Мұңал даласындағы Тула өзенінің атына сәйкес қойылған –Тула, Бестауымыз-Пятигорск т.т. болып кете береді. Осы аттары аталған ел мен жердің, тау мен тастың, өзен мен көлдің, қала мен қалашықтардың барлығы да бізің ата-бабаларымыздың мекендеп, иемденген жерлері.
    Орыс елінің іргетасын тұңғыш қалаған «Сарылардың (Сарматтардың)» атынан орыстың «Царь», ал «Құназ» - деген сөзден «Князь», «Рафшан» - деген сөзден барып «Россия» сөзі туындаған. Ал Шалағандар «шалақандар – ағылшындар), Алмандар (герман тайпалары) болса, орыстарды «Рашан» деп атайды. Ежелгі халықтар өз руларының немесе өз хандарының атымен аталып кете берген. Оның, мысалын өз билеушілерінің атын иемденген қырғыз, өзбек, ноғай т.б. халықтарынан көруге болады. Ал, Александр Невский Шыңғысханның немересі Батыйдың асырап алған баласы екенін, Мұңалдардың Чуд көліндегі соғысына көмектеспегенде, бүгінгі күні бүткіл Ресейліктердің Литва тілінде сөйлеп жүретіндерін көбіміздің біле бермейтініміз анық. Одан бері де Алтын орданың соңғы ұлы ханы Тоқтамыс 1382 жылы, Еділ мен Шыңғысхан, Батый тиіспеген жиендер еліне (орыс) шабуыл жасап, Мосықауғаны (Москва) өртеп жібереді. Аяғына жығылып, бас ұрып 8000 сом күміс төлеген «Куликово шайқасының» каһарманы саналған Дмитрий Донскойды Бас князь етіп қайта тағайындап, Алтын ордаға салық төлеп тұратын етіп, оның үстіне 20 мың қыпшақтың (қазақтың) әскерін көмекке беріп, бүкіл орыс жерін біріктіруге қаһарлы пәрмен береді. Мақсаты қарамағыңда қарашаң қанша көп болса, түсетін түтін салық та сонша көп...
    Күні бүгінге дейін де, орыстардың өз тарихтарының осы беттерін ашудан қашқақтайтындары әлемге әйгілі емес пе?!
    Түсініктеме: Жиен деп Атам Қазақ Қыздан туған ұрпақты айтады. Ақиқатында да бүгінгі орыстар өздерін Атадан емес, Анадан таратады. Олардың тегінің Славян, сөз түбірі, Ав (аб, аба, баба) деп аталатыны осыдан.
    Бұл тұжырымға айдай айғақ болатын, орыста «брак» (неке) деген сөз бар. Осы ұғымның мағынасына үңілсек, мына жағдайды айқын көрер едік.
    Маймылды адамзаттың атасы деп таныған батыс ілімі Адам баласының Адам ата мен Ауа анадан тарайтынына, сол аталарымызды балалары әке дегенін, ал сол әкелердің балалары әкесінің әкесін Ата деп, ал оның ұрпақтары немере, шөбере, шөпшек т.т. деп аталып, алдындағы аталардың барлығын Ада (Ата), Адам (Атам, Атам менің, немесе менің Атам) деп аталып келе жатқанын түсінуге де саналары (ақылдары мен білімдері) жетпей келеді.
    Бұл ұғымдардың бастау алатын жері, сонау бастапқы дәуірде Адам Ата мен Ауа Ананың өздері және ұрпақтары некеге отырып, солардың ақ некесінен тараған ұрпақ Аталық текті қуалап келеді. Олар, өздерін дүниеге әкелген ер адамды әке деп атады. Н-екенің сөз түбірі еке (әке) болатыны осыдан. Ал, әкенің (екенің) алдындағы «Н» дыбысы әрқашанда Нұқ пайғамбар атамыздың есімін береді.
    Сол замандарда, тура қазіргідей «азаматтық неке де» ғұмыр кешіп жатқандар мен бір әйелдің бірнеше еркекпен бірге тұратындары сияқты екінші бір топ пайда болып, олар некесіз бей-берекет еркін өмір сүруге көшкен еді. Олардың қоғамдарында жетекшілік ролді әйелдер атқарды. Балалары атасы түгілі, әкелерін де білмейтін. Тек аналарын білетін. Ол тарихта «матриархат» деп аталған. Кейіннен бұлай бей-берекет некесіз қарым қатынастың зиянды екеніне көздері жеткеннен кейін, олардың арасынан да қайтадан ерлер мен әйелдердің жұптасып өмір сүруі жайыла бастады. Олар жұптасып ғұмыр кешушілерді өз қажеттіліктеріне жарамсыз деп тауып, өз қатарларынан шығарып тастап отырды, яғни «браковать» етті. Сол замандардан бері көптеген Европа халқы және солардың жолын ұстанған мына солтүстіктегі көршіміз де некені «брак» деп атап келеді. Демек, олардың бәрінің неке жайлы түсінігі осындай. Европа құрылығы атауы түбірінің Ева (әйел) болатыны осыдан.
    Олар жаттың ықпалына еріп, аталық текке қарсы шығамын деп, өз тектерін маймылдан (айуаннан) таратып, аса өрескел қате тұжырым жасады. Олардың өз аналарының маймылмен некеге отыра алмайтындарына да саналары, яғни ақылдары мен білімдері жетпей келеді.

    «Алайда 3-4 жыл зерттеу кезінде көзім түскен түрік негізді орыс сөздерін тек Х-ХІ ғ.ғ. Русь Дешті Қыпшақпен көрші болғанда немесе ХІІІ-ХV ғ.ғ. Алтын Орда иелік еткен кезеңде жұғысқан деуге келмейді. ...Зерттеу нәтижелері орыс (славян) тілінің өзіндік этностық негізі жоқ екендігін, сөздерінің басым көпшілігі (татар зеттеушілерінің айтуынша 95 пайызы) түрік тілі негізінде, ал өзгесі грек, латын, түрік тілі арқылы енген парсы, араб сөздерінен құралғанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ тұңғыс және орыс тілдеріне ортақ көптеген сөздер ұшырасты» (Қасен Қожа Ахмет «Орыс тілі көне түрік тілі ме?» Алматы-2014).

    ...«Білесіз бе? Ең көне славян сөзін білгіңіз келе ме? Есіңізде жүрсін – айтып берейін: ол «есть» (бар) сөзі. Бұл көне сөздің жасы неше де дейсіз бе? Екі мың жылдан аспайды» (О.Сулейменов «Аз и Я». Алматы, 1992. 183 бет).

    Демек, бүгінгі славян халықтарының тілі шығып, бүгінгі тілдерінде сөйлей бастағаны бар-жоғы екі мың жылдан аспайды. Олардың тілдерінің туған (туысқан) тіл деп аталатындары осыдан. Бұл жағдай бүкіл әлем елдері тілдеріне тән. Ал, Адам атаның қарашаңырағының иелері өз тілдерін Ана тілі деп атайды. Бұның мағынасы, тіл тек қана туған анаңның тілі дегені емес, бұл тіл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Әрине солай, әйтпесе Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген тіл барлық тілдердің анасы болмай, кімі болушы еді?! Бұл жерде де «авторлық» құқық сақталып отыр. Қазақтардың бірін-бірі АДАМ, АДАМДАР деп атауларында да «авторлық құқық» жатыр.

    Жақында әлемдік БАҚ-дары әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жыл бұрында бүкіл әлем елдерінің бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгенін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі болып табылады.

    «Сарыарқа самалы» Мұрат Аджи: Ертеде Вмзантия да, Рим де, Мәскеу де түркi (қазақ М.Қ.) тiлiнде сөйлеген» (С.Жанболат «Сарыарқа самалы», 2 тамыз 2007 жыл).

    «Кавказдың айналасына көз тіксең, қазақтың ата-бабаларының түп тамыры көрінеді. Бізде: «Орыстың бетін жыртсаң, татар көрінеді» деген мәтел бар» (Б.К.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 20 бет).

    Орыс – сөз түбірі жоғарыда айтқанымдай Ор. Бұл сөздің орысшасы окоп, яғни қолдан қазылған ор. Ор мен ой синоним. Күні кешеге дейінгі Маңғыстаулық қазақтардың (менің бала кезімде мен өскен ауыл оларды осылай атайтын) орыстарды «қойлы орыс», яғни қой баққан ауылдың баласы дейтіндерінің сыры осы болатын. Қой деген сөздің түбірі «ой» болатыны да осыдан болатын.
    Орыстардың Маңғыстаулық Қаз Адайлардан тарайтын Құнанорыстардың ұрпағы екендігін айғақтайтын тағы бір бұлтартпас айғақ бар. Ол сол орыстардың Сөз түбірін «Корен слова» деп атауы. Кореннің түбірі (түбі, атасы) «Ор» (айғақтамасы рулық шежіредегі Құнанорыс, топономикалық айғақтамасы Бозашыдағы «Ор» деген жер атауы), Слованың түбірі ов (об), айғақтамасы олардың өз тектеріне («Ов» деген жалғауды қосуы Иванов, Сидоров, Петров), топономикалық айғақтамасы Азия құрылығының солтүстік бөлігін жарып өтетін Об өзені. Об өзені бастауын Қар теңізінен (Карское море) алып, оның осы теңізге қосылар жері Об еріні (Обская губа) деп аталса, осы Об ерініне жалғасып жатқан тағы бір ерін, Таз еріні деп аталады. Осы өзен Сібір мен Ханты-Мансийск (Хан мен Ман) жеріне келгенде Ертіс деп аталады. Одан Тобыш (Тобыл) қаласынан өткенде бір саласы Тобыл атанып қазіргі қазақ даласындағы Қостанай қаласын қақ жарып ағады. Ресей жақ бөлігіндегі Об өзенінің жағасында Маңғыстаудағы Шерқала тауымен аттас Шерқала деген қала бар.
    Түсініктеме: «Таз» руы - он екі ата Байұлының бір баласы. «Адай менен Таз егіз, Аққу менен Қаз егіз» дейтініміздегі Тазымыз осы. Қостанай – Қосайлардың қос тіккен жері. Қосай-Адай Атаның үшінші буын ұрпағы және сонымен қатар екінші немересі. Тобыш (Тобыл, сөз түбірі «Об») тоғызыншы немересі болса, Қар теңізі дегеніміздегі, Қар теңізі – Ақ теңіз деген сөз. Қар мен Ақ синоним (Ақша қар). Ақ (Ақпан) – Адай Атаның бесінші буын ұрпағы және төртінші немересі болып табылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ресей жерін қақ жарып ағатын өзеннің өз атынан бастап, оның айналасындағы топономикалық атаулардың ешқайсысы орыстікі емес. Бәрі Қазақтың Кіші жүз Алшын-Бекарысынікі. Бүгінгі орыстар осы атаулардың ешқайсысының түпкі мағынасын білмейді. Бүкіл әлем елдері тілдерінің Анасы, Қазақтың Ана тілін меңгермесе біле де алмайды.
    «Корен слова» демекші, әрбір сөздің, яғни барлық ұғым атауларының - СӨЗ ТҮБІРІ (өз түбі, өз атасы, яғни бүгінгіше айтқанда "авторы") бар.
    Сөз түбірінің де - түбірі "ӨЗ ТҮБІ" болады. Өз - ӨЗІ. Түп (тамыр) дегеніміз сол ұғымды дүниеге әкелген АТАҢ. Яғни бұл сөздің түбірінде сол ұғымды дүниеге әкелген Атаңның аты тұрады деген сөз.
    Біз оны қазір мына Европалықтардың жетегіне еріп "автор" деп атап жүрміз. Европаның түбірі "Ев, Ева, осы түбірден туындайтын дева, девушка, дева Мария, Евангелие, Евгеника, Еврей" Аналық текке жатады.
    Автор - сөз түбірі "Ав, Аб, Ап, Аф", яғни Апа, Баба, Африка - Аналық текке жатады. Қазақтың АТА-БАБА дейтіндері де осыдан. Атасы - АТА, Бабасы - АНА. Орыстардың әйелдерді БАБА дейтіндері де осыдан.
    "КОРЕН СЛОВА" - қазақшасы сөздің тамыры, түбі, тегі деген сөз. «Слованың» түбірі ОВ (Об) Аталық текке жатады. Ақиқатында, бұл ұғымның Қазақ шежіресіндегі атауы тоғыз деген сан атын иемденетін Қаз Адайдың Тобышы. Біздің сөздік қорымыздағы Об (жоғарыда көрсеткенімдей, Ресейді қақ жарып ағатын өзен), оба (мола), обал (сауап), тоба, тобық, Тобықты (Абай мен Шәкәрім шыққан рудың аты), Гоби (Мұңал даласындағы шөлді аймақ, Қобда (өзен), доп, топ, топырақ т.т.) осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.
    Алайда, олар өздерінің түп атасы Қаз Адайдан қашып, өз тектерін «Об (ов)» Иванов, Сидоров, Петров деп, маймылдан (обезяна) таратып және оны олардың өздері толықтай мойындап отыр. Әйтпесе, олар мектеп оқулықтарына «Адамзат маймылдан жаратылған, Адамзаттың атасы маймыл» деп жазбаған болар еді. Обязананың түбірі об (ов) болатыны осыдан. Олар осылайша аталық тектен безіп, адамзаттың атасы маймыл деген Дарвин іліміне бой ұсынып, еврей «ойшылдарының» ойыншығына айналды. Әңгіменің ашығын айтқанда, олардың өздері мойындап мектеп оқулықтарына жазып қойғандарындай, өз тектеріне жалғап жүрген «об (ов)» дегендері менің атам маймыл деген сөз болып тұр.
    Ал, «ич» (Иванович, Сидорович, Петрович) пен «евна»-ға келсек, бұл әкем де, шешем де еврей (Робинович) деген сөз.
    Олардың осы маймылды Атам деп мойындағандары бүкіл әлем мәдениетіне аса жоғары деңгейде жағымсыз зардабын тигізіп, адамдардың арасындағы туысқандық жіптің үзілуіне ықпал етіп келеді.
    Бұған дәлел ретінде айтарымыз, бүкіл Азия халқы (ежелде бәрі Аз, Азау (Азов), Азық, Азақ, Азаулы, Қаз, Қазық, Қазақ, Қазар, Қазан деп аталған) алғашқы адамдарды Адам Ата (Адамдардың атасы) және Ауа Ана деп аса құрметпен атап келеді. Олар ешқашанда Адам мен Ауаның қасына Ата мен Ана деген құрметті сөзді қоспай атамайды. Ал, орысқа келсек, олар жай ғана ауыл-үйдің тентек баласы, немесе «көңілдесі» сияқты етіп «Адам и Ева» дейді. Міне батыстың (орыстар солардың бел ортасында) ата мен аналарын сыйламай қарттар үйіне «тапсыратындарының» бастау алатын жері. Оларда жасы үлкендерге, қарияларға біздегідей құрмет көрсетілмейді. Мысалы, Европаның Париж, Лондон, Брюссель т.б. қалаларының қоғамдық көліктерін де, метроларын да қарияларға орын ұсынсаңыз, алғыстың орнына сөгіс естисіз. Ал, соған еліктеген Москва да ұрыспағанмен бірде-бір жас адам қарияға орын ұсынбайды. Ол жайлы «Московский Комсомолец в Казахстане» газетінің 1-7 маусым 2006 жылы № 21 санында шыққан Қазақстандық Людмила Куликовская деген орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, өзінің «И снова о языке» деген көлемді мақаласында, Қазақстандық өз қандастарын мемлекеттік тілді меңгеруге шақырып, былай деп жазды.
    «...Ресейге кету ме? Біз оларға қажет емеспіз – біз қазір басқамыз. (Жақында Москвада болғанымда бұған көзім анық жетті. Іші адамға толған метро вагонындағы әжей сөмкесімен зорға тұрғанда, жап-жас жігіттер орындықта шалқайып отырды. Олар бұны тек жай ғана байқамай отырған жоқ, олар өздерінің мұндай әрекеттерінің адами қасиетке жатпайтынын ойлауға да шамалары жетпейтіндері жүздерінен айқын көрініп тұрды). Бұған ешқандай түсінік берудің қажеті болмаса керек. «Ұлы» орыс халқының, оның «ұлы» мәдениетінің «маймылды» Атам деп мойындағандағы жеткен жері, яғни шыққан «шыңы» осы.
    Алайда, ежелгі орыс халқы өздерінің Адам Ата мен Ауа Анадан және МАД (Ма Адай-Қара) патшалығынан тарағанын кәміл мойындаған. Әйтпесе, алғашқы Аталары мен Аналарын «Адам и Ева» және аналарын Мат (МАД) деп атамаған болар еді. Олардың «Родина - Мат зовет» дейтін ұрандарының сыры осы. Ақиқатында, олардың Родинасы да, Маты да біздерміз.

    Қазір мен Сіздерге тағы да «Родина - Мат зовет» деп, (маймылдан бас тартып) Ата тектеріңе кері оралыңдар дегім келеді.

    Маңғыстаулық Сүгір жырау Бегендікұлының термесінде «Орыстар ашамай да келген, семиттердің ұрпағы» деп жырланады.
    Түсініктеме: Ашамай – балаларға арнап атқа салынатын ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Бұл жерде Сүгір атамыз, орыстардың Қаз Адайдың баласы екендігін меңзеп отыр.

    «Алан – Шығыс Европа мен Азия аралығын мекен еткен ежелгі тайпа, халық, Сақ тұқымы. ...Зерттеушілер оларды Сарматтан таратып, осетіндердің арғы тегі атайды. Орыстардың негізгі құрамы да Аландар» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 2008. 344 бет). Алан мен Алаш синоним сөздер.

    «Орыс мемлекетінің тарихын» 1803 – 1826 жылдары Николай Карамзин (тегі қыпшақ (қазақ) Қарамырзаның ұлы)) жазды. Ол орыс тарихын жоқтан бар етіп, қолындағы жалғыз «Игорь жасағы туралы жыр» мен Новгород (Жаңа қала), Суздаль (Сызды дала), Киев (Қиян), Москва (Мосы қауға) сияқты ежелгі орыс княздықтарының бірнеше жазбаларын басшылыққа алып жазып шықты. Шындығында, «Игорь жасағы туралы жырдың да» авторы қыпшақ Боян (Баян) жырау екені жырдың өзінде-ақ айқын көрсетілген болатын. С.Марков былай деп жазды:
    («Игорь жасағы туралы жырда,
    Славян жазуына
    Қыпшақ сөздері
    Шырмауықтай оралған).

    Орыстың әйгілі патшасы Борис Годуновтың да тегі қазақ еді. Ол жайлы «С.В.Веселовский: «... имя одного из возможных предков Годун¬овых – Асан (Хасан)», - деп жазды («Ономастикон древнерусские имена, прозвища фамилий», 1974 г.). Қалай атасақ та, Борис Годуновтың Кіші жүз, алты ата Әлімнің шекті руынан шық¬қа¬ны тайға таңба басқандай көрініп тұр».
    «Қанына тартпағанның қары сынсын¬» дегендей, 1597 жылы 1 тамызда Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының басшысы етті. Бұл жөнінде Карамзин: «Борис пожаловал Царе-вича Киргизского, Ураз-Магмета, в Цари Касымовские», - дейді (том XI, гл. I, стр. 1060).
    А.С.Пушкин Борис Годуновтан басқа атақты орыс патшалары бар бола тұра, 1835 жылы оған арнап поэма жазды. Н.Карам¬зин Борис Годуновтың орыс мемлекетінің көркеюіне қосқан үлесін баса айтады. Борис Годуновтың тегі Алты ата Әлімнің шекті руынан шыққанын қазіргілер білмейді. Оның тұсында өмір сүрген Қадырғали Жалайыридің: «Бұндай қымбат сихуат падишах көргенім жоқ. Кімде-кім сенің шапа¬ғаты¬ңа ұшыраса, өлсе де өкінбес», - деп жазғаны шындық.
    Еліміздің егемендік алғанына биыл 20 жыл толды, төбемізде көк байрағымыз желбіреп тұр, кез келген мемлекетпен тереземіз тең. Кезінде жазылмай, айтыл¬май келген тарихымызды түгендеу үстіндеміз. Орыс патшасы болған Борис Годунов сол тарих бетінен орын алуға әбден лайық».
    (Әлібек Сабырбаев «Борис Годуновтың тегі қазақ екенін білеміз бе?» «Халық» газеті №25 (827) 23 маусым 2016 жыл).
    «Қасым хандығы. Қасым хандығының ханы және орыс патшасы Семеон Бекболатов.
    Орыс тағына отыратындай ол кім? Семеон Бекболатов – Үлкен Орда әміршісі Ахмет ханның (1465-1481 ж.ж.) немересі. Жошы әулетінің үлкен тарма¬ғы Орда Еженнен тарайды (авт. – орыс ақыны Анна Ахматова осы Ахмет ханнан тарайды. Лев Гумилев – Анна Ахматованың жалғыз ұлы). «Он родился там, где река Урал разделяет Европу и Азию, и где сегодня находятся развалины первый¬ столицы Казахского ханства – город¬а Сарайчика» (Кайрат Бегалин, «Мамлюки», стр. 137, Алматы, 2009 г.).



    Славян құдайы Радегас мүсінінің төбесіне Ақ қаздың (қазақ) бейнесі мүсінделген. «Славян құдайы Радегас – Перунның төбесіне Аққудың (қазақ М.Қ.) бейнесі салынған». (Д.Громов, А.Бычков. «Славянская руническая письменость». М. София. 2005). Атап өтетін жағдай Славян құдайы Перун – атауының тегі қазақ. Бұл сөз қазақтың бір, пір, пер – один, соған сәйкес Перун – Первый, яғни бірінші құдайдың оты! Одиннің де сөз түбірі Од (от) – Ад (Адай) қауымынан тарайды. Топономикалық айғақтамасы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шоқысы күні бүгінде де Отпан (От Ман, От адам) деп аталады.
    Енді осылардың қасына орыс империясының негізін қалаған қаһарлы Иванның (Грозныйдың) Қаз Адайдың Тобышынан шыққан әйгілі Мамайдың («Өлдің Мамай қор болдың») немересі екенін қосыңыз.
    Ер жетіп, есімді жиып, Ата тарихымызды қазбалауды бастағалы бері мені көп ойландырған және жауабын қанша кітап ақтарсамда еш жерден таба алмаған: Қазақтың осындай ұлы тұлғалары неге орыс патшалығының билік басында болды, ал олар неге өз кезегінде қазақтар орыстарға жат болса, неге өздерін сан ғасырлар бойы жат-жұрттықтардың билеуіне жол берді деген сұрақ болатын. Міне оның да жауабы табылды.
    Сөйтсем, кімнің кім екеніне, кімнің кімнен тарайтынына қазақтың Ана тілі мен оның шежіресі (оның ішінде Қаз Адай шежіресі) ғана толық жауап бере алады екен. Россия, Гос, Государства, Госслужба, Госстрах, Госкино, Москва (город и река), Мост, Господин, Останкино, Космос, Роскосмос, Рост, Рошан, Пост, Тост, Кос, Коса, Косой, Кост, Костер, Костел, Костолем, Кострома, Москит, Нос, Носорог, Очен, Сос, Сосна, Соска, Сосать, Сочный, Состарится, Сосиска, Восход, Волос, Восковый, Босс, Нос, Дочка, Доспех, Сочи, Ростов, Ростов на Дону, Роща, Ноша, Косолапый, Тосол, Восемь, Фосфор, Посол, Посох, Ос, Оса, Остров, Острый, Осанка, Осень, Оскар, Осетра, Осечка, Осел, Ослик, Оспа, Эрос, Осада, Осмелится, Оскорбление, Осквернение, Ослушание, Ослобление, Остановка, Остаток, Основа, Основные т.т. болып кете береді. Бәрінің сөз түбірі «Ос» (Жер өз осінде айналады), былайша айтқанда өзек. Бұның бәрі Қосай атамыздың атынан шығады екен, яғни жоғарыдағы ұғымдардың бәрінің «авторлық» құқығы осы атамыздікі. Қосай – Адай Атаның екі баласының үлкені Құдайке атамыздың екі ұлының кішісі. Үлкенінің аты Тәзіке, сөз түбірі (өз түбі, атасы «Әз (Аз)») ол бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жетіп отыр.
    Қосайлар Нұқ пайғамбар қауымының ағасы. Қаз Адайлардың Қосайларды Аға баласы деп, құрмет тұтатындарының сыры осы. Қосай атамыздың есімі біздің сөздік қорымызда да өте мол қолданылады. Мысалы, Оспан (Осман империясы), Осетин, осы, осы жолы, осы күні, осы бүгін, осы жылы, осы ғасыр да, осы дүние де, осында, осқыла, осып-осып жіберу, осылай, осынша, осыншама, осыншалық, осал, осалдық таныту, оспадар, осқырту, оспақ, оспақтау, қос, қосу, қосылу, қосақ, қосалқы, Коса (Каспидегі арал), Қосай, Қостанай, қосын (жасақ), қос нүкте, қос сөйлем, қос сөз, дос, жосын, тос, тосын, мосы, бос, жосық, Ош, ошақ, ошаған, бошалау, қошақ, шошақ, шошақ төбелі бас киім, шошала, Жошы, Қош, Қоштасу т.т. болып кете береді.
    Жалпы әлемде өздерін Қосайдан тарататындар жалғыз орыстар емес. Қазіргі Түркия елі де кезінде Осман империясы деп аталды. Югославия, Босния, Лаос, Лос-Анжелос, Коста-Рика, Хосе, Сан-Хосе, Тёркис и Кайкос, Кокосовые острова, Косово, Осетия, Костель, Кострома, Осло, Остин т.т. осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Осы елдердің бәрі сөз түбірінде (өз түбінде) Ос деген (жер өз осінде айналады) Қосай атамыздың атын сақтап, өздерінің шыққан тегін айқын көрсетіп отыр. Енді осының үстіне Нұқ пайғамбардың кемесі іліңгір (леңгер, якор) салған ең алғашқы құрылықтың «остров» деп

    • #95
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 24/11/2016 - 12:30

    Нұқ пайғамбардың кемесі іліңгір (леңгер, якор) салған ең алғашқы құрылықтың «остров» деп Қосай атамыздың руының (атасының) атымен аталатынын қосыңыз.

    Алайда орыс халқы Қаз (Тәзіке) ағасынан ажырап, басқа дін (Евангелие) ұстануына байланысты, Ата жұртынан ажырап кетті.

    Кезінде солай болғанымен, қазіргі орыстардың бұл жағдайдан ешқандай хабары жоқ. Олардың жазба тарихы осы айтылғандардың ешқайсысын білмейді, біле де алмайды. Оны білу үшін оның сырын ашатын арнайы кілт, яғни «код» керек. Ол «код» қазақтың Ана тілі және рулық шежіресі. Ал, олар оны әлдеқашан жоғалтып алған. Әлем елдері тарихының сыры өзге тілмен ашылмайды. Сіз мұны мойындаңыз, мойындамаңыз одан ештеңе өзгермейді. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат, оны Сіз «мың жерден басыңызды тасқа ұрсаңызда» өзгерте алмайсыз.

    Орыс халқының Аталық тектен безіп, маймылды ата деп мойындап, Раша (наша Раша, Ресей) атануына олардың ежелгі христиан дінінде қалып, еврей «ойшылдарының» қолынан шыққан, яғни Библияның өзгертілген нұсқасы «Евангелие» ілімін басшылыққа алулары себеп болды. Иудей мен христиан діндері бұлар бір-біріне ең жақын діндер.
    Осыған сәйкес, олар өздерін Рус деп атады. Ежелгі орыстар өздерінің жазба тарихының қалай басталғанын жақсы білген. Әйтпесе, әліппесін «Азбука» деп атамаған болар еді.
    Азбука – Әз Бұқа, дыбысталуы орыс тіліне лайықталған таза қазақ сөзі, яғни Әз Оғыз (Өгіз). Бұқа мен өгіздің синоним екендігі барша қазаққа белгілі болса керек. Ол басында Киев Русі болып дүниеге келді. Қазіргі таңда славян халықтарынан бізге жақын үш ел бар. Олар Россия, Киевская Рус (Украина) және Белоруссия, немесе «белорусов, малоросов и великоросов» деп те аталады. Олар мұны Қазақтың үш жүзіне сәйкес етіп жасағылары келді. Олар өзінің тікелей ағалары Қазақтан қашып, өз биліктерінде, сөз биліктерінде түгелдей Еврейлерге берді. Әйтпесе, олар Иерусалимнің сөз түбірі Русті өздеріне ел атауы етіп алмаған болар еді. Олардың осындай өзгерушілік әрекеттеріне сай, бүкіл әлем елдері жұқпалы дертті «вирус» деп атап кетті. Басында Рус сөзі бастауын, Муса пайғамбардың есімінен алып аталық текке жатқанымен, кейіннен еврейлердің (Иерусалимнің) ықпалымен, Мұса пайғамбарды ата деп мойындаудың орнына, Мұса пайғамбардың елін (өздерінің Ата жұртын) маймылға теңеп, аналық текке айналып кетті. Рус (Орыс), русло (су ағатын сай), Маруся, русалка (су перісі) және вирус («клетка кешені» - тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді) осылай дүниеге келді. «Вирус (Би орыс)» - бұл жерде авторлық құқық сақталып отыр. Еске ұстайық. Сөз түбірі ешқашан жаңылысып көрген емес.
    Ақиқатында, олар (ежелгі славяндар) өздерінің Қазақтан тарағанын кәміл мойындап айтып та, жазып та кеткен. Әйтпесе, олар раз (түбірі аз), два (дева), три (тірі, яғни топан судан аман қалған Қосай Нұқ қауымының сандық атауы) деп, сандық жүйесінде ең бірінші болып Әз (Аз) атамыздың атын, ақылды – разум (ақылдың иесі (авторы) Аз (Қаз) ата), мөлшерді – размер, мөлшердің шақ келуін – по размеру (барлық дүние қазақпен теңеліп отыр), сөйлесуді – разговор (ең бірінші тілі шығып сөйлегендер қазақтар), от жағуды – разжеч огонь (ең бірінші от жаққандар қазақтар), ауаны – газ, айрылысуды - разлука (Маңғыстаудан (Айыртаудан, Айрақты дан) қазақтан бөліндік, ажырадық деп атамаған болар еді.
    Бұл тұжырымымыздың тағы бір негізгі айғағы бар. Ол көзді «Глаза» деп, өз көздерінің түбіріне Әз (Аз) атамыздың есімін қоюы. Демек, кезінде оларға арғы аталары әлемге тек қана қазақтың көзімен қараңдар, деп шегелеп тұрып тапсырып кеткен. Бірақ, қазір олардың оны мойындауға білімдері жетер емес.

    Қазақтың рулық шежіре дерегі бойынша үш анадан туған қазақтың үлкен баласының аттары айтып тұрғандай Ұлы жүз - Ақарыс, орта жүз – Жанарыс, кенжесі кіші жүз – Бекарыс (25 таңбалы). Кіші жүздің үлкені алты ата Әлім (6 таңбалы), ортаншысы жеті ата «Жетіру» (7 таңбалы), кенжесі он екі ата Байұлы (12 таңбалы). Он екі Ата Байұлдарының үлкені Алаша, кенжесі Адай.
    Адай шежіресі қазақтың көптеген қарапайым руларының шежіресі емес, Адам атаның шежіресі. Шежіре дерегіндегі, Адайдың Қазақтың рулық жүйесінің ең соңында тұрған себебі де осы. Бұл жоғарыда көрсеткенімдей, Қаз Адайлардың Адам атаның қарашаңырағының иесі екендігін білдіреді.
    Шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі аталатын себебі, Ата (Ада) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең, шөберең, шөпшегің, яғни ұрпағың болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысы әрқашанда баласы, ұрпағы деген мағына береді. Бұл қағида орыс тілінде де еш өзгермейді. Мұнда да «И» алдыңғы атаның, соған сәйкес кез-келген дүниенің жалғасы деген мағына береді.
    Қазақтың ежелгі қағидасындағы «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» дейтіндерінің сыры осы.
    Бүкіл әлем елдері өздерінің тегін қазақтың 8 арыс Адайының және сонымен қатар 105 таңбаны иемденген өзге де қазақ руларының ішінен таба алады. Мысалы, Адайдың үлкен ұлы Құдайкеден (Қу Адай әкеден) – Қу Адайлар (Қумания) қалса, бірінші немересі Тәзікеден - Тәжік, Қазақ, Әзірбайжан т.т. сияқты бүкіл Азия елдері; екіншісі Қосайдан – Осман түріктері, яғни сөз түбірінде «Ос» атауы бар барлық елдер; үшіншісі жоғары да көрсеткенімдей Құнанорыстан – ежелгі орман халықтары, Аорыстар (Сарматтар), орыстар (бүгінгі Ресейліктер), ойраттар; Ақпаннан (Ағарыстан) – Аккадтар, Ақ Ғұндар, Сақтар; Балықшылардан (Шыбынтай)– Алты алаш, Қыпшақтар; Бұзаудан (Айтумыс, Жеменей) – Семит тайпалары, Өзбек, Иемен, Грузин т.т.; Жетірудан – Рим; Тобыштан – Оғыздар (сегіз оғыз, тоғыз оғыз); Мұңалдан - Монғолия сияқты көптеген елдер бөлініп отау тікті. Сол сияқты Ұлы жүздің Албандарын алсақ та, Олардың Европадағы Албандармен тегі бір. Осы рудың тегі бізде, енші алып отау тіккені Европада, күні бүгінде де Албания деп аталады. Немесе, Кіші жүз - Бекарыстың Қарашай (Тобыш) мен Шеркештерін, Ысықтарын алайық. Олардың бізден енші алып шыққандары Қап тауында (Кавказда) Қарашай-Шеркеш автономиясын құраса, Арабияда Мысыр мемлекетін құрап отыр. Маңғыстаулық Адай Жарылардан – Аджария, Мажарстан (Венгерлер), Бөрі Адайлардан – Буряттар дүниеге келді. Сол сияқты Қарақалпақ, Түрікпен, Башқұрт, Татар, Өзбек, Қырғыз, Тәжік т.т. рулық құрамдары бізбен бірдей. Демек, бұл бүкіл әлем елдерінің бәрі бүкіл әлемдік Ұлы держава Қазақтан бөлініп, енші алып отау тікті деген сөз. Демек, бұл бүкіл әлем елдерінің ұлттық тегі Атам қазақтың рулық шежіресінен бастау алады деген сөз.
    Олар қазақтың мемлекет құру жүйесін ұстанып, қанша ұқсауға тырысқанымен олар ешқашан қазақ сияқты жетпіс мың жылдан бері іргесі сөгілмей, біртұтастығын сақтап Үш жүздің, яғни бүкіл әлем ұлттарының бастауында тұрған ежелгі рулардың басын құрап отырған біздің ел сияқты елді ешқашан құра алмайды. Бүгінгі ағайынды екі тумалас Украина мен Ресейдің арасында болып жатқан қырғын-қантөгіс осы айтқанымыздың айдай айғағы.
    Қазақта құрамында «рус» деген (олда буын емес) үш дыбыстан тұратын «ескерусіз» және «тексерусіз» деген екі сөз бар. Аталарымыздың соңғы ғасырларда солтүстігіміздегі өзімізге ең жақын көрші Рустің осындай әрекеттерін ескерусіз және тексерусіз қалдырғанының салдары өз ұрпақтарын сол Руске 300 жылға бодан етті.
    Тарих тағлымы: Тегін білмейтін тексізге, ел тізгінін ұстатуға болмайды.
    Бекарыс демекші, Орыстың белгілі жазушыларының бірі, философ Михаил Веллер (15маусым 2016 жылы «Ұлт Кз» газетінде (http://ult.kz/22319/veller-kazaktar-orystarga-memlekettilik-alyp-berdi/) жарық көрген мақаласында, бүгінгі қазақтың Алтын Орда тұсында өмір сүрген баһадүр бабаларының кешегі орысқа «мемлекеттілік» қалыптастырып, олардың басын біріктіріп ел еткенін айтады. Сонымен қатар, орыстардың басын қосып Алтынордаға тойтарыс берді делінетін Куликов шайқасының мәні мен мағынасының мүлдем басқа екенін, мұны кешегі Кеңестік саясаттың ойдан шығарған жалған тарих екенін дәлелдеген. Ол заманда басы біріккен орыс мемлекетінің болмағанын, қазіргі Европа жерінде (орыстар да соның ішінде) княздіктер (билеушілері князь, ұлы князь) деп айтылып та, жазылып та жүргендей емес, ақиқатында олардың Бектіктер, билеушілерін Бек, барлық бектіктердің билеушілерін «Беглер Бек», яғни Бектердің бегі деп аталғанын айтады. Соған сәйкес орыстардың да Алтын Орданың құрамдас бір бөлігі болғанын айшықтап, бүгінгі қазақтардың аталары Алтынорда тұсында Ресей мемлекетін құрғандығын атап көрсетеді.
    Михаил Веллердің бұл тұжырымымен кім-кімге де тоқтауға тура келеді. Себебі, осы Михаилдің айтып отырған Бегі – Қазақтың Кіші жүзі, Алшын-Бекарысы болып табылады. Меніңше, Қазақтың үш ұлының үлкені Ұлы Жүз - Үйсіннің - Ағарыс (Аға Арыс), Орта Жүз - Арғынның – Жанарыс, Кіші Жүз - Алшынның - Бекарыс деп аталатынын білмейтін қазақ жоқ.
    Бек (Бекі) – сөз түбірі Ек (Екі). Мағынасы: «Ек» - көбею, балама мағынасы егін егу. «Ек»-тің
    алдындағы «Б» әрқашанда Қазақ Алып биінің (Әліппесінің) бірінші дыбыс-таңбасы «А» (Ата мен Ана), екінші таңбасы «Ә» (Әке мен Әйел), үшінші таңбасы «Б» - бала (ұрпақ, ұл мен қыз) деген мағына береді. Ал, екі саны қазақтың сандық атауы болып табылады. Ол жөнінде келешек те арнайы мақала жарияланатын болады.
    «216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Баарынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Мұңалдың Құпия шежіресі. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталығы) арасындағы алқап пен елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Қазбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі (Бек Арысы) деп аталады. Бұл жерде аса көңіл аударатын жағдай осы Казбек тауының ең биік шыңы күні бүгінде де «Адай шыңы (осетинше Адай хох)» деп аталады. Орта Жүз – Жанарыстың әйгілі биі «Қаз дауысты Қазыбек бидің есімін де» осы қатарға қосып қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.
    Міне осылайша, орыс ғалымдарының өздері мойындап отырғандай бүгінгі Орыс мемлекеті де Қазақтың Алтын Ордасынан бөлініп, отау тіккен көптеген елдерінің бірі болып табылады.
    Қазіргі таңда Ресей саясаткерлері Ата тарихтан ажырағандықтың салдарынан Қазақстанға ашықтан-ашық «ақпараттық соғыс» жариялаған. Соңғы жылдары бұл «соғыс» тіпті күннен күнге өршіп барады. Бұл «соғыстың» басты кейіпкерлері тек қана Ресей билігінің тұтқасын ұстап отырғандар. Әйтпесе, Ресей өкіметі олардың үстінен іс қозғап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан болар еді. (Қазақстандық бір саясаткер осылай деп айтып көрсінші, біздің билік олардың көздеріне «көк шыбын үймелететіні» айдан анық).
    Демек, ерте ме, кеш пе мұның соңы талай жазықсыз жандардың обалына қалатын жағдайға апарып тіреуі бек мүмкін. Олар қазір осындай мәлімдеулермен орыс елін әділетсіз соғысқа күні бұрын дайындап жатыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін дереккөздерге сөз берейік:
    Жақында «Рус православная» талдау агенттігінің директоры К.Душенов «Қазақстанды мемлекет деп айтуға мүлдем болмайды. Ол Ресейдің көмегімен хат таныған тайпалардың бірлестігі. 1991 жылы заңсыз алынған, орыстар қоныстанған Ресей территориясы Қазақстаннан қайтарылып, Ресей құрамына өтуі керек» деп мәлімдеді.
    Осының алдында, сәуір айында «Другая Россия» партиясының жетекшісі, орыс жазушысы Э. Лимонов «Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы, батысындағы орыс қалалары Назарбаев биліктен кеткен соң толықтай Ресей құрамына өтуі керек» деген болатын. (Дереккөз: «Қамшы Кз» 11 маусым 2016 жыл - http://www.qamshy.kz/home/show/7216).
    Тіпті осыған ұқсас пікірді Ресей президенті В.Путиннің өз аузынан да естідік.
    29 тамыз 2014 жылы Владимир Путин «Селигер» жастар форумында, Нұрсұлтан Назарбаев – ерекше адам, себебі ол тарихта болып көрмеген, жоқ жерден, жаңа мемлекет құрды» деп мәлімдеді. Путиннің бұл мәлімдесін Ресей ұлтшылдары сол бойда-ақ іліп әкетті. «Орыстар» қозғалысының көсемі Д. Демушкин «Қазақстан деген мемлекет ешқашан тарихта болмаған, оны большевиктер қолдан жасады» десе, «Другая Россия» ұлттық-большевиктер партиясының көсемі Д.Лимонов «Орыстар тұратын Новороссия, Солтүстік Қазақстан, Приднестровье, Гагаузия, Абхазия және Оңтүстік Осетияны Ресейге қосу шарасын ұйымдастыруды қолға алу» жөнінде Ресей билігіне ұсыныс жасады.
    Осының артын ала орыстың ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский «Украинадан кейін Қазақстанның жеріне қол салатын боламыз» деп мәлімдеді. (Дереккөз: Новости Facenews - http://www.facenews.ua/news/2014/246850/).
    Мұндай әңгімені тәуелсіздік жариялағалы бергі 25 жылдың соңғы он жылында Ресей саясаткерлерінің аузынан үнемі естіп келеміз. Бұл күнде Ресейлік Горбачев, Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Пугачев, Штыгашев, Аксенов, Демушкин, Душенов т.б. бастаған ресейлік саясаткерлердің шовинстік ұстанымдағы мәлімдемелеріне еш таң қалмайтын деңгейге жеттік.
    Осы жерде арнайы атап өтілуге тиісті мәселе, өткен тарихтағы және бүгінгі күндердегі болып жатқан барлық қарулы қақтығыстардың басы осындай ақпараттық арандатумен басталады екен. Демек, бұл Путиндік Ресейдің алдын ала жоспарланған дүниесі. Бұл сол өткен ғасырдың басындағы қазаққа қасақана жасалған «геноцидтің», яғни еврейлік большевизмнің басқыншылық саясатының жалғасы болып тұр. Олар қазір еш ұялмастан, өздерін Алтын Орданың қарашаңырағымыз деп жазып жүр.

    Алайда, олар «қарашаңырақ» бола алмайды. Себебі, Ата жұртын ойрандап, қырғынға ұшыратқан «баласын» еш бір ел «қарашаңырағым» деп мойындамайды. Ата жұрттан безіп жаттың шылауында кеткен патшалық Ресей қазақтың Алтын Ордасын күйретіп сан миллиондаған халқын қырғынға ұшыратса, оның орнын басқан еврейлік большевиктер өкіметі олардан да асып түсті. 1919 - 1935 жылдар арасында қазаққа қарсы арнайы «геноцид» ұйымдастырып қазақ халқының үштен екі бөлігін (БАҚ-тар да 4 000 000-нан астам деп жазылып жүр) қырып жіберді. Демек, ежелгі ұлы аталарымыз ондайлар жайлы «Іштен шыққан жау жаман» деген сөзді бекер айтпаған. Олар сол саясаттарын әлі де сол бұрынғыша жалғастырып келеді деп, батыл айтуға болады. Қазақ даласының барлық жерінің асты мен үстінде бірнеше жүздеген ядролық жарылыстар жасауы, Маңғыстауда эксперименталдық Атом электр станциясын салуы, қайта-қайта қазақ даласына ешбір елде қолданыста болмаған, тәжрибе-сынақтан өтпеген, виртуалды жоба бойынша Атом станциясын салуды тықпалап жүргендері, Қазақстанда ядролық отын қорының құрылуы (бұл қордан бүкіл әлем елдері қашып отыр. Жақсы болса ақшаға аса құмар Америка мен Ресей әлдеқашан құрып алған болар еді), Ресейдің сынақ алаңдарынан ұшатын зымыран қалдықтарының қазақ даласына құлауы (соның бірі Ресейдің (Орынбор маңындағы) «Ясная» сынақ алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтарының Маңғыстау облысының аумағына құлайтын болуы) осы айтқандарымыздың айдай айғағы болмақ. Олар және олардың қолшоқпарлары Ата жұртын «тышқан мен үй қоянына» айналдырды. Ғылымда тәжрибе тек қана осыларға жасалады. Сонда олар үшін қазақ халқы мен тышқанның айырмасы болмай тұрған жоқ па?

    Енді осылардың үстіне патшалық орыс империясынан, 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі еврейлік большевизмнен (КСРО) және солардың заңды жалғасы (правопреемник) Путиндік Ресейден жер бетінде зәбір көрмеген, халқы қырғынға ұшырамаған елдердің жоқтың қасы екендігін қосыңыз. Қазақта «Құн сұрау» деген Ата салт (заң) бар. Құн сұрау - жазықсыз зәбір көрген адамға (руға, елге) зорлық жасалып адамы өлтірілгенде Қазылардың билігі арқылы өндіріліп алатын адамның және өзге де шығындардың құны. Мұндай заң әлемдік деңгейде күні бүгінде де бар. Бірақ мұны соғыстың әділетсіздігіне қарамастан жеңген елдің жеңілген елден бітім шарты бойынша алатын салықпен (Контрибуция) шатыстыруға болмайды. Контрибуция - жеңілген елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады. Демек, Ресей билігі өз саясаткерлерінің мына арандату әрекеттеріне тыйым салмаса, Ресейден зәбір көрген бүкіл әлем елдерінің «Құн сұрауын» БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі арқылы ұйымдастыруға әбден болады. Жақында Қазақстанның осы Кеңеске мүше болып сайланғаны да бұл мәселені шешуге әбден үйлесіп тұрған жоқ па?

    Қазақ та «Ердің екі сөйлегені өлгені» және «Уәде Құдай аты» деген «қанатты» сөздер бар. Уәде жұтып, екі сөйлеу ер адамның қылығы емес, ал Ресей сияқты алып елдің Президентіне тіпті де ұят. Адам болсаң берген уәдеңді өлсең де орындауға міндеттісің. Ал, мына арандатушылар (Горбачев, Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Пугачев, Штыгашев, Аксенов, Демушкин, Душенов т.б.) Ресей президенті В.Путинді бүкіл әлем елдері алдында «қарабет» қылып, 1994 жылғы ядролық қаруларыңызды жойсаңыздар, территориялық тұтастығыңыздың сақталуын қамтамасыз етеміз деп Қазақстанға берген уәдесін жұтып екі сөйлетуге барларын салып, жанталасып жүр.
    Түсініктеме: 1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты Қазақстан, Украйна және Белоруссияға Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді.

    Осы жағдайларға байланысты төмендегі шараларды алуды ұсынамын:

    Қандас бауырларым! Біріншіден, бүкіл әлем елдерінің және өз еліміздің тыныштығы, жеріміздің амандығы ең бірінші кезек те бүкіл әлем елдерінің қарашаңырағы Қазаққа керек. Қазақ мемлекеттігінің тыныштығына ең бірінші кезек те мемлекет құраушы ұлт ретінде біз (Қазақтар) жауаптымыз. Сондықтан, ел ішіндегі арандатуға ешқандай мүмкіншілік бермеу керек. Аузымыз бен қолымызға мықты болайық.

    Екіншіден, мен мынау Ресейлік Горбачев, Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Лимонов, Пугачев, Штыгашев, Аксенов, Демушкин, Душеновтар сияқты Сіздердің елдеріңізге еш жамандық тілемеймін. Өзге елдің Атамекенін тартып аламын деп, ары мен намысына тиісу, зорлық жасау, жалпы өзгеге жамандық тілеу, тамыры таяз елдің «ессіз ұландарының» іс-әрекеті болмақ.

    Үшіншіден, Атам Қазақтың Ата салты бойынша Ресейден қазаққа жасаған геноциді кезіндегі 4 000 000 нан астам жазықсыз құрбан болған жандардың құнын сұрау мәселесін күн тәртібіне қою жөнінде қоғамдық пікір қалыптастырып, алғышарттар жасау. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білікті тарихшылары мен заңгерлері бұл істі қолға алғандары жөн.

    Төртіншіден, елімізде әртүрлі арандату әрекеттерге қарсы қатаң тыйым салатын арнайы заң бар. Онда мұндай әрекеттерге қатаң жаза белгіленген. Мұндай заң Ресейде де бар. Осы заңның орындалысын еліміздің Құқық Қорғау органдары, әсіресе ҰҚҚ мен ІІМ қатаң бақылауға алуға тиіс. Бүкіл қазақстандықтар, яғни кімге ел тыныштығы керектердің бәрі Оларға көмектесуге тиіспіз. Бұл әрбір Қазақстандықтың ел тыныштығына қосқан азаматтық борышы болмақ.

    Бесіншіден, Қазақстан үкіметіне жоғарыда аттары аталған арандатушылық ұсыныстар жариялаған Ресей азаматтарын Ресей заңымен Қылмыстық жауапкершілікке тартуға Ресей өкіметіне Ұсыныс жасау қажет. Біз бұл жерде екі бірдей ең күрделі мәселені қатар шешеміз. Ресей Президенті В.Путиннің саяси билігі олардың аузын жауып, оларды жауапкершілікке тартып жатса тіпті жақсы. Ал, үнсіз қалдырса, онда қорғанудың барлық шараларын алуға тиіспіз.

    Алтыншыдан, Аталарымыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген, біз бұл жерде де, яғни ақпараттық «соғыста да» аса сауатты қорғана білуіміз қажет. Яғни олардың әрбір арандату әрекетінің, адами қасиетке жатпайтын қате ұстаным екенін бүкіл әлемдік БАҚ-тар арқылы ескертіп және оны бүкіл әлем елдеріне жариялап отыруға тиіспіз.

    Жетіншіден, бүгінгі таңда Патшалық, Советтік және бүгінгі Ресейден зәбір көрмеген ел жер бетінде жоқтың қасы. Путиндік Ресей саясаткерлері осындай арандатушылық саясаттарын жалғастыра беретін болса, зәбір көрген бүкіл әлем елдерінің Ресейден құн сұрауын ұйымдастыру.

    Тарих тағлымы: Бүгінгі Америка мен Ресей «Тентек шоқпар жинайды», - деп қазақ мақалында айтылғандай қару-жарақ шығарудан және оны бейбіт елдерге қолданып, қырып-жоюдан әлемдік «жарыс» ұйымдастырып, сол жарыстың алдыңғы шебіне (Америкадан кейінгі) шықты. Ал ақиқатында, жарыстың көкесі қару-жарақ жасау мен өзге елдің жерін жаулап алу емес, ол ұлы аталарымыздың жеткен жетістіктерін біліп, соларға ұқсап бағу, соларды мақтан тұту, солардың үлгілі істерін жалғастырып, жіберген кемшіліктерін де біліп, ондай жағдайлардың алдын алу, яғни адамзатты бақытты ғұмыр кешуге жеткізу болмақ.

    ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!

    • #96
    • Байбек
    • бн, 08/12/2016 - 20:26

    Мына мақаланы оқып бір жаңалық ашпадым,іліп алар зат жоқ осы рудың қажеті жоқ ол осы елдің жауы оданда бәріміз қазақ болайық,Қатын алсаңда сұрай келсең қарындасың болады өтірік десең сұрап көр қатындар құсамай оқ бойы озық өзбектен үлгі алыңдар бір емшек ембесе болды

    • #97
    • Бекен
    • дн, 12/12/2016 - 20:54

    Байбекке! "Бір емшектен ембесе" болды депсіз. Қайда тұрасыз? Туған ағаңмен құда болуды не үшін уағыздап отырсыз? Қазақта жеті атасына жеткенше қыз алыспайды емес пе? Сен айтып отырған өзбектерде одан бас тартып отыр.

    • #98
    • Әбен
    • бн, 15/12/2016 - 18:47

    Байбекке! Сен уағыздап отырған нәрсені қазақтың өзі түгілі, жылқысы да жасамайды. Құлыны есейгесін үйірден шығарып жібереді. Үйірі біріне-бірі шаппасын деп. Сонда Сенің қазақтың жылқысы құрлы болмағаның ба?

Пікір қосу

  • 3 + 17 =

Кіру