Мәдениет-әдебиет

АБАЙ ХАМЗА. «АБАЙДЫ ҚОРҒАП...»

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

 «Абайды қорғап...»  Осы аяқталмаған жарты сөйлемге Жабал Шойынбет бауырымыздың бүкіл демей-ақ қояйық, жарты тағдыры сыйып тұр десе болады. Оған дәлелдің керегі аз. «Абайтанушы Жабал Шойынбет»  деген анықтама атаумен қазақ зиялылары болып, көзқарақты  оқырман қауым жақсы таныс.

Жабалдың жарты тағдырына айналған осы «Абайды қорғап...»  сөзінің  Жәкең үшін екі жағы бар. Бір жағы – бүкіл қазақ қауымының рухани намысы үшін  «Абайды қорғау»  сөз майданын ашқан  жеке күресі. Екінші жағы –  өзі ғылыми атақ алу жолындағы «Абайды қорғауы».

Иә, Жеңе ең ауыры бірінші жағы болды. Бұл жолда, сөз ұқпайтын Қ. Жүкешев секілді  «іштен шыққан жау жаманға» келетін, өз ана тіліне өзі түкіретін бетбақ, дүйім қазақтың рухани көсемі  саналатын Хакім Абайды менсінбейтін түйсіксізге түсіндірмек болып шаршады. Осы Жүкешев секілділер, Жәке, өзің айтқандай, біздің  орта мектепте  алгебраны, химияны, физиканы, биологияны, астрономияны қазақ тілінде  қатыра оқып, жоғарғы оқу орынына келгенде орыс тілділерден озып жүргенімізді білгісі келмейтіндер ғой. Осыған қосып айтсақ, атау сөздері ең қиын саналатын медицина оқулықтарын қазақша жазғанымыздан осындайлар сірә, хабарсыз. Және, Хакім Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым-жырт дел-сал қып түн басады салбырап...» деген атақты аудармасының түпнұсқа Гетеден де, орысша Лермонтовтан да озық екенін айтып кеткен Бельгер ағамыздың бағасын да естімеген  болу керек... Содан да, бұрын Совет заманында қазақ тіліне құрметсіздікті, қазіргі кезде қажетсіздікті әдейі тудырғандар осындайлар ғой.

Және, әлгіндейлер Хакім Абайды «Кәсіби философ емес» дейтін көрінеді. Осындай, шексіз әлемді шолақ ақылмен ғана өлшейтін, илаһи ілімнен хабарсыз еуропалық пәлсапашылардың тар шеңберімен, далалық ерекше дүниетанымды өлшемек болған жатбауыр біреудің пасық пиғылын әшкерлеу де Жабалға аз жұмыс болмады. Әлгі, Жүкешевтің доктор қорғап, одан да есіріп кетуіне әреңдеп  тосқауыл бола білді. Қосып айтсақ, Жәкең өзі көз майын тауыса зерттеген Хаким Абайдың атақты Отыз сегізінші сөзіндегі «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым. Ғылымдардың ғақлиясымен мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады...» дейтін, бүкіл ғылым халды қамтыған терең толғамын сол жат бауырлар зерделеп көрмеген шығар.  Әттең, егер Жүкешевтер тек қана осы Отыз Сегізінші Сөзді түсіне алғанда докторлық  қорғамай-ақ, кәдімгі доктор құсап жүрер еді-ау, дейсің.

Тағы да, хақ мұсылман Абайды кришнайтқа  айналдырып  «Абайтану» атты оқулық жазған Омаровтардың кім екенін елге ашып берді. Әрі, шетелдік миссионер Ч. Уеллердің қолбала шәкірті болған, белгілі академиктер мен танымал жазушы қатарлы ықпалды адамдардың қолдауына  сүйенген сондай Досым Омаров секілділермен «жекпе-жекке» шығуы да Жәкеңнің азаматтық ерлігі. Бұл күресте өз басына соққы тисе де, еліне пайдасы тиді. Хақ діннен қараңғы қалған  халықты шайтани  секталардан сақтандыра білді. Абайдың өткен жолында  таза мұсылмандықтан өзге ештеңе араласпағанын  айғақтап, адастырушы айтақшылардың ауызын жапты.

Тағы да, ұлттың жанашыры саналатын белгілі философ ғалым ағамыздың әлдебір шетелдік миссионерді қолдап, қазақтың ұлттық мәдениетін қорлаған диссертациясын қорғатпақ болған кезінде Жәкең оның қорғалуына қарсы тұрды және философия ғылымының   жоғарғы мектепке арналған  оқулығында Ислам дінінен мағлұмат берілмей  шаманизм мен тәңіршілдікті насихаттағанын қатты сынады. Сол оқулықты жазған әлгі сөз ұғар деген ағаларымыздың өзі Жабалдың жеке басына тиісіп, жерден алып жерге салды. Алайда, ақиқатшылдар да аз емес екен, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, М.Тоқашбаев, А.Ісімақовалар қолдау көрсетіп халқымыздың өтпелі кезеңдегі  рухани бағытын  түзеуіне үлкен  серпіліс жасады...

Иә, Жабал Шойынбеттің  бұл рухани күрес жолындағы жеңісі – қазақ халқының хақ дін арқылы қалыптасқанын, ал енді де Ислам дінін ұстанудан өзге  жолы жоқ екенін  толық ұғып, «Дініне бекем болмаған ұлт құриды!» деген қатаң қорытындыға келуі.  Өз сөзі бойынша, «Абай даналығын зерттеудің жемісі осы болды...» дейді.

Енді, «Абайды қорғаудың» екінші жағы дегеніміз, оның Қара Сөздерінің  ғылыми негізін ашудағы  Жабал Шойынбеттің жүріп өткен жолы. Өз сөзі бойынша, «Абай Қара сөздерінен профессор  Ханғали Сүйіншәлиевтен кейін екінші рет менің қорғауға қолым жетті. Алайда, Советтік  жүйеде Абайға Исламды тікелей қатысты етіп зерттеуге ешқандай жол жоқ еді. Зерттегендердің бәрі Абайды қандай бір сылтаумен хақ дінге қатыссыз еткенін көрдім. Бәрі ақылдасып алғандай бір ауыздан, қазақтың да, Абайдың да мұсылмандағы аз, дейді.»

Содан да, Жәкең, «Егер, Абайды мұсылман деп дәлдемесем,  онда ғылыми еңбек қорғамай-ақ, қояйын!» деген екен. Міне, Жабал Шойынбет бауырымыздың  қыруар уақытын сарп етіп зерттесе де, кандидаттық диссертациясын қорғауының он жылдан аса ұзақ жалғасуының  сыры оның осы ұстанымында мызғымай тұра білгендігінде болса керек.

Яғни, Абайды «мұсылман» деп, ғылыми негізде дәлелдеу Жабал үшін  қаншалықты қиын болса да, ақыры қайырлы іс болыпты. Жабал: «Абайдан таза мұсылмандықты ұқтым» дейді.

Расында, Жабал «Абайды қорғаймын» деп, жүріп өзінің иманын қорғаған болып шыққан, екен деймін. Бүгіндері, әріптес замандас ретінде байқағаным Жәкең өтпелі өмірдің алдамшы атақтарынан биіктеп, кемел мінезге жеткен. Пәни дүниеге мұсылман көзбен қарап, бақи дүниеге  назар аудара бастаған. Хакім Абайдың бойынан да, ойынан да бүкіл қазақ халқының болмысын таба білгені  Жабалдың әр сөзінен байқалады. Яғни, Хакім Абай қазақ деген қауымның ең соңғы жетілген жемісі, келер  күндердегі үлгі тұтар көрінісі екеніне көзі жеткен.

Хақ дінде, Ибраһим ғалайсаламды жалғыз адамнан қалыптасқан бір ҰЛТ  ретінде бағалайды. Былайша айтқанда, қалың кәпірдің ортасында, сенімімен де, ілімімен де, ақылымен де, ерлігімен де, кісілігімен де қарсы тұра білгеніне қарағанда бір өзі сан мың адамға сай келгені ғой. Дәл солай, жетілген әр халықтың жеке өз басы бүтін ұлтқа тең келетін тұлғалары болған, мәселен қытайда Күнзі, орыста Пушкин, французда Виктор Гюго, немісте Гете, ағылшында Шекспир, американдық Джек Лондон, түрікте Саид Нұрси, үндіде Рабиндрант Тагор... Олай десек, Хакім Абайдың да бір өзі бір ұлт екенінде сөз жоқ. Олай десек, қазақ та кемелденген Ұлтқа жататын ұлы халық деп білуіміз керек...

Қара Сөздерінде Ислам мен Иманды, адамның Аллаһ алдында құл болып Хаққа қауышқандағы құтылу жолдарын Хакім Абай қалай кемеңгерлікпен айтса,  Жабал бауырымыз дәл солай Кемелдікпен үйренгені көрініп тұр. Құрани ілімге де, құлшылыққа да мейілденіп отбасын да, дос жарандарын да сол ізгі жолда болса  екен деген тілекке тоқтаған...

Жәкең алпыстың асқарынан бала күніне көз жіберіп: «Екі жасымда тиген қызылшадан тұралап мешел болып отырған кезімде, ауылдағылар бастаңғы жасады. Аяқ астынан екі мас келіп, жеңешесініп жас  әйелдерге тиісе бастаған секілді. Мен шошығанымнан орынымнан тұрып жүгіріп кетіппін» дейді.

«Шайтанның сусынын ішкендерден періштелер сақтандырған екен ғой!» дедік.

«Бала күнімде айтқанымды орындату үшін  басымды тасқа ұрушы едім.  Қазір екі немерем  де сүйтеді» деп, күлді.

«Е, Абайды қорғауға осы мінезіңіздің пайдасы тиген екен, сірә!» деп, біз де күлдік.

Демек, осындай қарапайым пенделіктен адами Кемелдікке жету жолында Хакім Абайды зерттей беруден гөрі оның ізгі адамшылығынан үйренудің бәрінен де маңызды болғанын Жабал замандасымыз дәлелдеп берген секілді...

Abai.kz

17 пікір 4041 рет оқылды Қосылған: 05.08.15
    • #1
    • Жамал
    • сн, 05/08/2015 - 10:42

    Жабал деген қай ұлттың сөзі ол!

    • #2
    • Нұрмолда
    • сн, 05/08/2015 - 10:42

    Барша қазақ Абай жолымен жүру керек!

    • #3
    • Оқырман
    • сн, 05/08/2015 - 18:05

    Қанағат Жүкеш Дат газетінің тұрақты авторы, проблемалық мақалалары терң пайымдауымен, соны дәйектерімен ерекше. Ол осал ғалым емес, беталды жамандамаңдар.

    • #4
    • Berik SKO
    • сн, 05/08/2015 - 18:40
    Пікір алынып тасталды!
    • #5
    • Сутегі
    • сн, 05/08/2015 - 20:27

    бұрын уахабист болып жүретін жабал мырзан енді Абай танушы болып құбыла салды ма? ғылымды діни эмоциямен шатастырған даурықпалар деп ойлаймын

    • #6
    • Azat Aytuarov
    • сн, 05/08/2015 - 22:37

    Bul makaladan ukkanim kazirgi kazak degen halik jabal sindi ultin suyetin, jukeshov sekildi halkina karsi shgatin eki topka bolingen eken. Sonday songi kures jurip jatsa jukeshovter jense kazak degen halik jok boladi, jabaldar jense kazak kayta kalpina keledi. Arkim ozinin kay jakti ekenin saraptaytin surak koylipti…

    • #7
    • Туркистан
    • сн, 05/08/2015 - 22:40

    Расында казак Абайды тудырган. Абай да казак деген ултты калыптасырган. Ал бугин сол казак кимдерди тудырып жатыр ози...

    • #8
    • Жанарыс
    • сн, 05/08/2015 - 22:44

    Жабалға рахмет айту керек. Ал Жукешевке карғыс,оны колдағанға да сол карғыс айтылады

    • #9
    • С.Ортақсары
    • сн, 05/08/2015 - 23:33

    Бір адам - бір ұлт деген жаңғалақ "философияны" санаға сіңіру үшін ұлт өз атын ұмытуы керек. Олай болмайды, құрметті мақала авторы. Орыстарда: "Пушкин - наше все" дейтін гипербола бар. Ол ұлы ақынға арналған мадақ қана. Абай ұлы, ұлыны тудырған қазақ қазақи таным тәлімі. Жабал дейтін зерттеушіні анда-санда байқайтынымыз рас, бір-ақ Абай әлеміндегі философиялық, метафизикалық, схоластикалық иірімдерді толықтай игерген деу, әлдебіреулердің әлекеті мол тұжырымдамаларына жалғыз тойтарыс берді деу артық. Абай алуан құбылыстардың алауынан жаратылған тұлға, тілдегі, танымдағы сан алуан пайымдарға тиек бола беретіні де сол қасиетінен. Сол Пушкин жұртының киелі кітабында: "Не сотвори себе кумира" дейтін тіркес бар - шмасы тегіннен тегін болмаса керек.......

    • #10
    • Азат
    • бн, 06/08/2015 - 9:44

    С. Ортақсарыға. Мәәселе Жабалдың Абайды бүрмалап, қазақ үлтына қарсы қолшоқпар етушілерге қарсы күресінде. Д. Омаровқа да, Қ. Жұкешевке де әрі өзгеде қара бастарының қамы үшін үлтын сатқан құлдарға қарсы тұрып елді ұйымдастырған өзге емес осы Жабал секілді жалғыздар. Енді оның осы істерін теріске шығару үшін оны "кешегі уаққабист" деп әшкерелегісі келеді, әй, бейшара, біл, кеше Жабал "уаққабист" түгілі намазды білмеуші еді, енді міне сол Абайды танып, соның жолымен намазғада келетін шығар. Қазіргі Абайға қарсы ашық та, жасырын да күрестің негізі оның діндарлығында әрі еңбектерінің барлығы иманға, адалдыққа, адамгешілік пен халықты сүйуге үндеп шақыруында, соған жол көрсетуінде болып тұр ғой. Кеңестік атеистік заманда әсіресе, ақын, жазушылар және әрбір көзі де, көңлі де ашық қазақ - дінін, иманын Абай арқылы танығаны ақиқат. Ал ендігі жаулар қаазаққа Абайдың ықпалын анық сезіп, барынша оны бұрмалауға, оған жала жабуға сөйтіп Абай мен үлттың арасына сына қағу үшін біз ойламайтын не бір құйтыртқы жұмыстар ойластырып та, жасап та жатыр. Д. Омаровтардың Абайды буддист етіп мектеп оқулығына кіргіздірудің өзі бұл жұмысқа не бір дөкейлердің араласып, қаншалық жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді. Қысқасы осы Жабал секілді қырағы азаматтарымыз байқап атой салмаса, қалған көпшілігіміз "көп айтты көндінің" сиқында екендігімізді тән алайық. Аз сөзбен көп жәйтті аңғартқан мақала иесіне рақмет.

    • #11
    • Азат
    • бн, 06/08/2015 - 9:44

    С. Ортақсарыға. Мәәселе Жабалдың Абайды бүрмалап, қазақ үлтына қарсы қолшоқпар етушілерге қарсы күресінде. Д. Омаровқа да, Қ. Жұкешевке де әрі өзгеде қара бастарының қамы үшін үлтын сатқан құлдарға қарсы тұрып елді ұйымдастырған өзге емес осы Жабал секілді жалғыздар. Енді оның осы істерін теріске шығару үшін оны "кешегі уаққабист" деп әшкерелегісі келеді, әй, бейшара, біл, кеше Жабал "уаққабист" түгілі намазды білмеуші еді, енді міне сол Абайды танып, соның жолымен намазғада келетін шығар. Қазіргі Абайға қарсы ашық та, жасырын да күрестің негізі оның діндарлығында әрі еңбектерінің барлығы иманға, адалдыққа, адамгешілік пен халықты сүйуге үндеп шақыруында, соған жол көрсетуінде болып тұр ғой. Кеңестік атеистік заманда әсіресе, ақын, жазушылар және әрбір көзі де, көңлі де ашық қазақ - дінін, иманын Абай арқылы танығаны ақиқат. Ал ендігі жаулар қаазаққа Абайдың ықпалын анық сезіп, барынша оны бұрмалауға, оған жала жабуға сөйтіп Абай мен үлттың арасына сына қағу үшін біз ойламайтын не бір құйтыртқы жұмыстар ойластырып та, жасап та жатыр. Д. Омаровтардың Абайды буддист етіп мектеп оқулығына кіргіздірудің өзі бұл жұмысқа не бір дөкейлердің араласып, қаншалық жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді. Қысқасы осы Жабал секілді қырағы азаматтарымыз байқап атой салмаса, қалған көпшілігіміз "көп айтты көндінің" сиқында екендігімізді тән алайық. Аз сөзбен көп жәйтті аңғартқан мақала иесіне рақмет.

    • #12
    • Мыр
    • жм, 07/08/2015 - 16:10

    ғылыми логикадан жүген ұстаған бос даурықпалар, бұлар. Абайды қорғайтындай Абайдан асып кетіп пе? Абай оның қорғауына мұқтаж емес, ол алдымен өзін қорғап, жөндеп алсын. Діни даурықпалықтан арылып, көзсіз соқырсенім ауыруын емдеп.

    • #13
    • Мыр
    • жм, 07/08/2015 - 16:10

    ғылыми логикадан жүген ұстаған бос даурықпалар, бұлар. Абайды қорғайтындай Абайдан асып кетіп пе? Абай оның қорғауына мұқтаж емес, ол алдымен өзін қорғап, жөндеп алсын. Діни даурықпалықтан арылып, көзсіз соқырсенім ауыруын емдеп.

    • #14
    • мен
    • сн, 16/09/2015 - 17:27

    Баяғы ауылда жүргенімізде бір мектеп-интернаттың от жағушысы (ол кезде ондай жылу қазандығын "паровое" деп атайтын) отын жағып, түнге қарай пеш жанында отырып, Абайды оқиды ғой. Түк түсінбейді. Сосын Мұхтар Шахановты оқиды, оны қатты түсінеді. Тіпті оған еліктеп алғашқы өлеңін де жазады. Сонда былай деген екен:
    Абай деген ақын ба,
    Шахановтың қасында, - деген екен.
    Щахановтың .

    • #15
    • ол
    • сн, 16/09/2015 - 17:33

    Сол кезде "Абайды қорғайтын" Жабалдан басқа ешкім қалмадй ма?

    • #16
    • Төре
    • жб, 27/03/2016 - 22:11

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Мынау бір үлкен жаңалық екен?... АЛЛА ТАҒАЛА, "пендесін" жазалайын десе, алдымен есінен айырады екен... Содан кейін пенде - өзінің жазасын өзі табады екен! Мына АБАЙДЫ "қаралаушылардыда - ақтаушылардыда" ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ!, есітерінен айырған екен... АЛЫП - ДАНАНЫ - ҚАЗАҚТАН шыққан ПАЙҒАМБАРДЫ қаралап - қорғап нелерің бар? Бұл қазаққа не болды, "көздерің мен ойларыңды" сайтан байлаған ба? Егер сіздерде солар бар болса... АЛЛА ТАҒАЛА! мына күнәһар пенделеріңдіде, меніде кешіре гөр? Біздерге не көрінді? ҰЛЫЛАРДЫҢ жағасына жармасатын, ЕРГЕЖЕЙЛЕР көбейіп барады... "Таһа" с-сі. Рабби зидни ғилман (О, Жаратқан Ием! Біпімімді арттыр)

    • #17
    • философ
    • жб, 01/05/2016 - 22:54

    Қ. Жүкешев пен Д.Омаров екеуі де философиядан докторлық жұмыс жасаған ғалымдар. Олар Абайды философиялық тұрғыдан зерттеді. Ал Жабал болса тке кандидаттық жұмыс жасап, әрі филлософияға ешқандай қатысы жоқ филология ғылымымен шұғылданған адам. Философиадан алыс филолог Жабал қалай екі философ ғалымның еңбегін жоққа шығара алады. Менің соған таңым бар. Бұрынғы атеистік дәуірде тек қана ақын деп танылып келген Абайды енді қазір оның ойшылдығын халыққа танытуға ұмтылған философ ғалымдардың аяғынан шалуды қалай деп бағалаймыз? Ойлан ағайын!

Пікір қосу

  • 7 + 10 =

Вход