Жұма, 29 Наурыз 2024
Шынның жүзі 13247 0 пікір 24 Тамыз, 2015 сағат 15:00

ҚЫЗ ЗОРЛАҒАН ӘКЕ... ҚОҒАМ НЕ БОЛЫП БАРАДЫ?

Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті

«Түйе шөккенде Қамқа серейіп сұлық түсті де, Қодар өлмеген екен, бүктетіліп түсті», бұл сөйлем кімге де болса таныс шығар. Аға Сұлтан Құнанбайдың Қайын ата мен қаралы келін арасында болды деген дәлелденбеген қатынасына жасалған үікм еді бұл:

«Төрт жігіт жетектеп жылдам тартып, анадай  жатқан қара атанның оң жағына апарды. Басына қап сияқты бірдеңені жаба салды. Бес-алты кісі тапжылтпай, түйенің абырғасына басып, жығып ұстап тұрды. Қодар тағы лағынат айтып айқайлай беріп еді, сыртынан бір қатты күш тарпып, серпіп жібергендей болды. Тұрып бара жатқан түйенің қабырғасы қаққан екен. Осыдан әрі мойнынан «лық» етіп, темірдей қысып, жанын суырып әкетіп бара атқан таудай ауыр күш басты. Жалған жапырылып, үстіне кеп құлады... Көзінің оты жарқ етті де, сөніп бара жатты. Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен, бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады...

Батырға біткен зор денесі, созылған уақытында, бұрынғысынан да ұзарып нар түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер-тиместей болды. Түйені тұрғызып бірталай ұстап тұрғанда, жиын әлі үн қатпады.  Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз...   Аздан соң құздың басына ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға қарады. Құнанбай түрегеліп, оқшауырақ шығып, қолын төмен сілікті, «таста» дегені. Жоғарыдағы төрт жігіт,  Қодар денесін қаумалап, ілгерілі-кейінді толқытып тұрып, бір кезде тастап  жіберді...

Азап пен қорлық шеккен, онсыз да өлі дене, жолшыбай бір тасқа соқпастан тұпа-тура ағып кеп, ауыр салмақпен күрс етіп бір-ақ түсті. Қазір де шоқтай жиылып қалған топтың қақ қасына кеп құлады. Шетірек тұрған кісілерге естілгендей боп, ақырын ғана күтір  етіп сүйек-сүйегі сына түскендей болды» - Бұл сол заманғы зала заңымен шариғат ұштасқан әділ жаза еді. Нәпсіқұмарлықтың, зинаның жазасы еді.

17 тамыздағы Nur.kz ақпараты: «ШҚО-да 5 қызды тәрбиелеп отырған отбасының жағдайы жақсы болатын. Қыздар сабақты жақсы оқып, ата-аналарына көмек көрсетіп отыратын. Алайда үлкен қызы 16 жасқа келгенде бұл мамыражай өмір жантүршігерлік жағдайларға ұласады. Оны туған әкесі зорлап тастайды. Қорқып қалған қызына әкесі: «Біреуге айтатын болсаң, өзіңе де, анаңа да ауыр тиеді!» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Үш жыл бойы әкесі зорлап келгені туралы жеткіншек ешкімге тіс жармаған. Жазасыз білгенін істеп келген ер кісі жасы 15-ке енді келген кіші қызына да тиісе бастайды. Абырой болғанда, азғын кіші қызын зорлап үлгермеген.»

Осы жылдың 16 шілдесіндегі 24.kz  ақпараты: «Павлодар облысында өзінің туған қызын зорлап келген педофил әкенің ісі сотқа жетті. Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны Денис Клеменцов өз қызын 2 жыл бойы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп келген»

Осы жыл. 24 маусымдағы Tengrinews.kz ақпараты:  «Атырау облысында өгей қызын зорлаған әке 2 айға қамауға алынды. Тергеу органдарының алдын ала мәліметі бойынша, ол қыздың анасының жұмыс бабына байланысты үйінде жиі болмауын пайдаланып, өгей қызын қорқытып, бірнеше мәрте азғындық әрекет жасауға мәжбүрлеген. Ал екінші санкция 11 жастағы қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, азғындық әрекет жасаған облыс орталығының тұрғынына байланысты. Ол да 2 ай мерзімге қамауға алынды».

Биылғы жыл. 28 наурыздағы «Астана аранасының» ақпараты: «Оралда өгей қызын зорлаған әке 11 жылға сотталды. Батыс Қазақстан облысының, Зеленов ауданы, Чиров ауылында тұратын ерлі-зайыптылар бұл қызды 2012-шы жылы патронатты тәрбиеге алып, бауырына басқан екен».

2014 жыл. 24 ақпандағы КТК ақпараты: «Оңтүстік Қазақстанда 12 жасар қызын зорлап, жүкті қылған әкеге қатысты сот үкімі шықты.»  39 жастағы әкесі туған қызын бір жыл бойы зорлап келген. Жеткіншектің жүкті болып қалғаны тек 6 айдан соң анықталыпты.

2013 жылғы желтоқсан. Bnews.kz ақпараты: «Алматы облысы Іле АІІБ-ға Междуречинск ауылының тұрғыны белгісіз ер азамат кәмелет жасына толмаған қызын зорлады деп шағым түсірді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Хабарламада айтылғандай, 14 жасар қыздан жауап алу кезінде ол бір жыл бойы өзінің өгей әкесі бірнеше рет жәбір көрсетіп келгенін айтқан

2012 жыл. Қараша айындағы КТК ақпараты: Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында түсік жасатқан мектеп оқушысы көз жұмды. Азғын қызын 12 жастан бастап зорлаған. Үнемі арақ ішеді. Бір емес, бірнеше рет болған жағдай. Ана емес ол, құстың өзі балапанын қорғайды ғой. Ол осы уақыт бойы анасын да, қызын да зорлап келген. Диананың құрбылары да кейінгі кезде қыз қабағынан кірбің байқағандарын жасырмайды. Тіпті Дина әкесінің өгей екенін де білмепті.

2012 жыл. Маусым айындағы otyrar.kz ақпараты: Қала іргесіндегі «Қайтпас-2» шағынауданында тұратын Бекболат ащы суға құмартып, үйге жиі-жиі тәлтіректеп келуді әдетке айналдырады Алайда адамдық қасиеттен алыстай бастаған Бекболат нәпсіге ерік беріп, басқа ешнәрсені елейтін емес. Осындай күндердің бірінде, көзі тұманданған әке оңтайлы сәтті пайдаланып, тезірек арам пиғылын іске асыру үшін қызына үйдің есігін іштен бекітіп келуді бұйырады. Ойында ештеңе жоқ балауса қыз әкесінің айтқанын орындап, жанына шақырғанда да жетіп барған. Есік-терезені қымтап, кереуетке жайғасқан жетесіз әке әрі қарай айтуға ауыз бармайтын азғындық әрекетін іске асыруға кіріскен. Қызы шыңғырып, арам ниетті айуанның құшағынан сытылғысы келгенімен, азғын оны күштеп, зорлайды. Осы сәтте кенеттен үйдің есігін әйелі қағады. Ал күйеуі қызын дереу киіндіріп, істеген ісі туралы тіс жармауды бұйырған. ОҚО бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының дерегінше, осыдан кейін ананың шағымы бойынша тұтқындалған әке 15 жылға сотталады.

2012 жыл. 15 ақпан. ҚазАқпарат ақпараты: - Ақтөбе қаласы сотының үкімімен 38 жастағы педофил 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейді. Мектепте дәнекерлеуші болып қызмет еткен ер адам 1999 жылы туылған өгей қызын екі жыл бойы зорлап келген. Жәбір көрген қыз өгей әкесінен қорқып анасына тіс жармаған...

2011 жыл. Тамыз.  ҚазАқпарат ақпараты: «Шығыс Қазақстан облысында өзінің 6 сыныпта оқитын өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды».

...

Интернет бетінен осындай ақпаратты жиі оқитын болдық. Жағаңды ұстатып, жаныңды жиіркендіретін бұндай жаңалық жетіп жатыр ғаламторда. Егемендік алған соң иманымыз түзелді дегеніміз қайсы? Ел аумағында 3 мыңға жуық мешіт бой көтергенімен ел арасында осындай өрескел, азғын қылмыстың азаймай тұрғаны қалай? Ақпарат көздерінде қылмыс жасаушылардың нақты ұлты, діні ашық айталмаған әрине. Алайда, бұның бәрі қазақ қоғамында болып жатқан қылмыстар. Біз көшеде зорлап кетті, жабылып зорлап кетті, зейнеткерді зорлады, мектеп оқушысын зорлады деген ақпараттарға ден қоймадық. Тек әкесі қызын зорлапты деген кісі шошырлық ақпараттарға көз салдық. Ай сайын, жыл сайын мұндай қылмыстар қайталанып тұрады екен. Республиканың барлық өңірінде тіркелген. Сонда біз хаюан болып кеттік пе? Сонша азғанымыз,қасиеттен жұрдай болып тозғанымыз қалай? Тіпті мал екеш мал да, мысалы жылқы баласы да өз төліне шаппайды ғой. Неше он мыңдаған жетім мен, мыңдаған байсыз қатынның, еркексіз ананың обалы кімге? Қылмыстар неге жиі қайталанады. Заңымыздың солқылдақтығынан ба, жазаның бостығынан ба? Мүмкін бүгінгі күннің бір аяусыз құнанбайы керек шығар. Мәдениет-мәдениет деп жүріп, өзгенің тозығын әбден сіңіріп болдық. Есімізді жиып, етегімізді жинайтын кез келген жоқ па?! Қызды қарындас деп білмейтін еркек көбейген заманды қалай түзейміз? Төрелігін сіз айтыңыз, қадірлі оқырман!

 

Ақан Бектас

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616