Бұ не мазақ?

ХАЛЫҚТЫ КӘМПИТПЕН АЛДАУ...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Білгіштеріміздің бәрі қателесіп жатыр – қаржы саясатына келгенде. «Мықтының мықтысы» деп әспеттегендеріміздің болжамдары босқа кетті. Жорамалдарының «жолға түсіп», төрт аяғымен тең басып кетіп жатқаны және жоқ.

Өткен шілденің он бесі күні Астананың қақ төрінде баспасөз мәслихатын өткізіп, қаржы саясатын «шемішкеше шаққан» Ұлттық банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ: «Дәл қазіргі кезде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 187 теңге болып тұрса, алдағы уақытта да пәлендей өзгерістер бола қоймайды, - деген еді, - өйткені американдық долларға деген сұраныстың күрт жоғарылауына негіз бола қоятындай қандай да бір себеп-салдарды өз басым көріп тұрған жоқпын. Сондықтан да біздің теңгеміз шамамен осындай диапазон мөлшерінде орнығып қалады, ал болашақта бір доллардың 190 теңгеге дейін көтерілуі әлбетте әбден мүмкін, алайда жақын арада, дәлірек айтқанда, алдағы бір-екі тоқсан ішінде мұндай өзгерістер орын алмайды...»

Осылай деп бас банкиріміз ресми түрде мәлімдеме жасағаннан кейін «бір-екі тоқсан» емес, небәрі отыз бес күн өтті ме, өтпеді ме – елімізде теңге мен доллар тайталасы бұрқ ете қалды. Нәтижесінің не болғанын «ақша санай алатын адамдардың» бәрі жақсы біледі. Осылайша бас банкир болжамының күлі көкке ұшты. Мұндай «мағынасы майысып» кеткен мәлімдемелерден кейін өзін кәдімгідей-ақ сыйлай білетін қаржы саласының көзі ашық кез-келген басшысы отставкаға кетсе керек еді, бірақ Келімбетов қыңқ етпеді. ХОШ дейік.

Елімізде жас та болса бас болып, экономиканың да, басқаның да тәп-тәуір дәмін татып үлгерген Ерболат ДОСАЕВ деген мықтымыз бар еді, бұ кісі де «сөзінен жаңылды» – болашаққа болжам жасаймын деп. Еліміздің өткен жылы ғана жаңадан құрылған Ұлттық экономика деп аталатын жап-жаңа министрлігінің жап-жаңа тізгінін министрлік құрыла сала қолына алған Досаев та «көштен қалғысы» келмей, теңгенің тағдырына байланысты өз жорамалдарын жасап тастаған еді. Келімбетовтен қалыспады – былқ-сылқ етпей, әңгіменің ашығын былай деп айтқан болатын: «Ертең немесе бүрсігүні, тіпті жақын болашақта девальвация бола қояды деген ақпарат жоқ, - деді ЕРБОЛАТ мырза дәп бір өзіне біреулер девальвацияның болатынын, я болмайтынын арнайы хабарлап отыратындай ыңғай тынытып, - сондықтан да менің сіздерге айтарым - девальвация  әзірге болмайды. Әзірге. Тіпті жақын болашақта да бола қоймайды...»

Оның және бір айтуына қарағанда, еліміз Үкіметі Ресей Федерациясындағы экономикалық ситуацияларға кірпік қақпай қарап, оған тіпті ара-арасында өзіндік сараптамасын да жасап отырған көрінеді. «Ресей 2014-ші жылы өз экономикасын 0,6 пайызға көтеріледі деп жорамалдап еді, алайда соңғы кездері әртүрлі халықаралық агенттіктер мен түрлі қаржы ұйымдары бұл көсеткіштің бұдан төмен екендігін айтып жатыр.  Осыған орай біздің Ұлттық банкіміз Үкіметімізбен бірге Ресей рублінің қай бағытқа қарай күшейетінін немесе әлсірей бастайтынын дер кезінде түсіне қою үшін барлық қажетті іс-шараларды қазірдің өзінде қолға алуда» - деді Досаев.

Бұл – Ұлттық экономика министрінің осыдан он айдай бұрын, дәлірек айтқанда өткен жылдың оныншы қазаны күні арнайы брифинг өткізіп, қадап-қадап тұрып айтқан әңгімесінің бір үзігі ғана. Әңгімесінің аңысына қарайтын болсақ, министр Досаев сол кездің өзінде-ақ төл теңгеміздің Ресей рубліне «жалтақтап» отырғанын ашып-ашып айтып тастапты. Себеп?

Себебін айта алмады. Өйткені өзі де білмесе керек, біздің байқауымызға қарағанда. Екі мың он үштің ақпанындағы девальвациядан кейін есін әрең-әрең жиған Ұлттық экономика министрі мен Ұлттық банк төрағасының халықты дәл осылайша алдаусырата сөйлеуі рас, «баланы кәмпитпен» алдағандай әсер қалдыратыны жасырын емес. Тіпті сондай әсер қалдырды да. Содан бері де міне, көп уақыт өткен жоқ – девальвация дауылы қайта айналып соқты. Теңгенің тағдыры қыл үстіне байланып, американдық доллардың «мұрты аяқ астынан тікірейіп» шыға келді. «Ақшаларыңызды теңгемен сақтаңыздар» деген Келімбетовтің «келелі» сөздеріне сеніп қалған талай қазақстандықтың ақ тер, көк термен жиған ақшасының салмағы қаңбақ салмағындай «жеп-жеңіл» болды да қалды. «Үкімет пен Ұлттық банк тиісті іс-шаралар жүргізіп жатыр» деген ДОСАЕВ мырза сол іс-шаралардың қандай іс-шаралар екенін аталған әңгімесінде ашып айтқан жоқ еді. Демек, ол да бос сөз деген сөз. Аты аталып, түсі түстелмеген соң бос сөз деп айтуға әбден болады.

Ал енді не болды? Байқауымызша, ештеңе де болмаған сияқты. Сол Келімбетов, сол Досаев. Бірі - осыдан бір ай бұрынғы болжамдарының күлінің көкке ұшқанына қарамай, халықты тағы да «кәмпитпен алдауға» көшсе, екіншісі - сол «кәмпиттердің қағазын орауға» кіріскен сыңайлы.

Бір қызығы - екеуінің де басшылық жасап отырған мекемесі ҰЛТТЫҚ деп аталады: Ұлттық экономика. Ұлттық банк.

Марат МАДАЛИМОВ

Abai.kz

 

 

 

 

23 пікір 1883 рет оқылды Қосылған: 01.09.15
    • #1
    • Ануар
    • сс, 01/09/2015 - 11:45

    Экономикада ондай қате болжамдар жиі болып тұрады. Келімбетов те осы жолы қателесті. Бірінші рет қателескен соң, кешіріммен қарауға болады деп ойлаймын.

    • #2
    • мұсылман
    • сс, 01/09/2015 - 11:47

    Ертең елді алдағандарың үшін Бір құдайдың алдында сұраласыңдар сендерге біздің шамамыз жетпейді ол анық нәрсе бірақ бір құдай сендерден де күшті ,оны ұмытпассыңдар инша аллаһ

    • #3
    • Асима
    • сс, 01/09/2015 - 11:50

    Бұл жерде пікірлер жан-жақты болады. Ал ұлттық банк халықты алдап соқты дегенмен келіспеймін. Теңгені еркін айналымға жіберу мәжбүрлі шара болды. Бұл шара арқылы экономикаиыздың тұрақтылығын сақтай аламыз.

    • #4
    • Айгул
    • сс, 01/09/2015 - 11:53

    Бұл ең тиімді шешім болды. Егер теңгемізді еркін айналымға жіберсек, онда ұлттық қордағы қаражаттан айырылып қалатын едік. Ал ол қазіргі дағдарыс уақытында жағдаймызды одан сайын нашарлатып жіберетін еді.

    • #5
    • Айганым
    • сс, 01/09/2015 - 11:56

    Экономика бір орында тұрмайды, кез келген сәтте басқа жаққа бұрылып, бет алуы мүмікін. Сондықтан қандай мықты экономист болсан да болжам жасау оңай емес.

    • #6
    • Ерсін
    • сс, 01/09/2015 - 11:59

    Теңгені 1993 жылы еркіне жібергенде Қазақстанның хал-ахуалы басқаша болар ма еді.

    • #7
    • Алма
    • сс, 01/09/2015 - 12:24

    Бір жағынан әлемде жағдайдың мәз емес екенін ескергеніміз жөн.

    • #8
    • Артур
    • сс, 01/09/2015 - 12:39

    Қалай болғанда да біз жабық мемлекет емес. Біздің де сырт мемлекеттермен байланыстарымыз импорт экпорт деген мәселелер бар. Сол жағынан алып қаарасақ біз қоғаммен ілескеніміз абзал. Оның үстіне валютасы құнсызданып жатқан мемлекет біз ғана емес. Әрине, алдағы уақтта доллар бағамы бір деігейді сақтап қалады деп үміттенемін.

    • #9
    • Айсана
    • сс, 01/09/2015 - 12:53

    Қалай болғанда да мемлекет ұлттық валютаны тығырықтан алып қалу үшін бірнеше жыл доллар бағамын ұстап келді. Алайда, одан біздің ұтарымыз жоқ. Сондықтан осындай қадамдарға барғанын біз жақсы білеміз.

    • #10
    • бас
    • сс, 01/09/2015 - 13:02

    Мәселе, Келімбетов те де, Досаевте де емес! Келімбетов келгелі көп болған жоқ...
    Доллар "иесі" не ойлайды, сол болады. Бұл АҚШ "оңбаған" дегенім емес. АҚШ оңып та тұрған жоқ. Біз бір нәрсені естен шығармауымыз керек, доллар, ол - әлемдік экономика! Өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын Қытайдың өзі доллармен байқап "ойнайды"! Қытайдың әлемдік саясаттағы ең ұзақмерзімді мақсаты осы долларға ең жақын келу. "Доллардың орнын юуан басады дегенді" юуанның иесі емес, біз айтып салдық! Біреудің малын санаған адамды қазакем жек көреді. Бізде байыбына бармай, біреудің долбарымен білімситін жаман әдет бар. Егер әлдебір шенеуниік Қазақ мұнайы 100 жылға жетеді десе бәріміздің басымыз кекжиіп кетеді. Ал сол шенеуник әлгі сәуегейлігін айтқан кннің ертеңіне Қазақ мұнайы таусылуға тақапты десе, бәріміздің басымыз төмен салбырап, деміміз ішімізге түсіп кетеді.

    • #11
    • Өміржан
    • сс, 01/09/2015 - 13:13

    Анау дейік мынау дейік, қалай болғанда да бұның барлығы да уақытша нәрсе. Керек десеңіз адамға да өмір уақытша беріледі.

    • #12
    • Қасиет
    • сс, 01/09/2015 - 13:28

    Расымен бұл жерде бір шенеунікті немесе жеке тұлғаны айыптаудың қажеті шамалы. Біз мұнай шығарушы елміз. Сондықтан да оның алу бағамы төмендеп жатса біздің жазығымыз жоқ шығар. Бұл нарық. Сол үшін де халық та нарыққа қарай өмір сүріп бейімделуі керек-ақ.

    • #13
    • сонабай
    • сс, 01/09/2015 - 13:34

    бұл экономиканы өтірік дамытудың әсері. ауылдағы іске аспай жатқан жүн мен тері малдың еті тіпті сүйегіне дейін жамандаған совет заманында қаржы көзі болды. қазір жерден сорып алып не қазып алып доллар тапқанның пайдасын көрудеміз. ұшпайтын ұшақ зауытарын емес бұрын болған кғсіптерді дамыту керек еді.

    • #14
    • Дастан
    • сс, 01/09/2015 - 13:38

    Әлемдік деңгейдегі дағдарысты ұстап тұру мүмкін емес, одан аман-есен өтсек сол да олжа.

    • #15
    • Айзере
    • сс, 01/09/2015 - 13:52

    Қалай болғанда да әлемдік экономиканы ұстап тұра алмасымыз шындық.

    • #16
    • бас
    • сс, 01/09/2015 - 14:22

    Нағашы ағам бірде маған мынадай бір әңгіме айтты: "Ауылда пәлен деген жігіт болды. Көп оқыды. Маман болды. Жұмысқа тұрды. Басына үй, астына көлік берілді. Дәл сол кезде тоқсаныншы жылдардағы дағдарыс басталды. Бірде сол жігітті іздеп бардық. Ауыл берген үйдің алма бағы бар еді. Бақтағы алма ағаштарын ауылдағы мал кемеріп, тоз-тозы шығыпты. Біз барғанда "геройымыз" иығынды жарты қап тезегі бар даладан келді. Түрін, үйін көріп төбе шашымыз тік тұрды". Осындай болғаннан Алла сақтасын! Бізде дарын бар, соны кәдіге жарататын жігер аздау. Жігерлі болайық! Бір көзіміз қиындықты еңсеріп, бала-шағаны бағуда болсын, енді бір көзіміз елдің Тәуелсіздігінде болсын! Мол табылар, ал, Тәуелсіздіктен айырылып қалсыақ, онда тарихтың өзі к.... бір тебеді. Енді жығылсақ, орнымыздан тұру жоқ!

    • #17
    • Самат
    • сс, 01/09/2015 - 15:06

    Қазір бізге тығырықтан шығудың жолдарын қарастырғанымыз жөн, біреулерді айыптамай. Теңгені еркін бағамға жіберу - бұл дағдарыстан шығудың амалы болды.

    • #18
    • Асем
    • сс, 01/09/2015 - 16:08

    Бұл туып жатқан қиыншылықтар уақытша деп ойлаймын, Үкіметіміз халқын қиын жағдайда қалдырмас

    • #19
    • Улдана
    • сс, 01/09/2015 - 16:21

    Барлық мәселелер көп ұзамай шешіледі деп ойлаймын

    • #20
    • тунеядец
    • сс, 01/09/2015 - 20:35

    өкімет өзі асырайды мені

    • #21
    • 007
    • сс, 01/09/2015 - 21:51

    Сайлау алдында да, сайлаудан соң да девальвация болмайды деп халықты алдаган Алдар Көсенiн ең үлкенін жазуды ұмытып кеттің

    • #22
    • графен
    • сс, 01/09/2015 - 23:46

    Сайлау алдында да, сайлаудан соң да девальвация болмайды деп халықты алдаган Алдар Көсенiн ең үлкенін жазуды ұмытып кеттің
    **

    шындығында девальвация жасалған жоқ, теңгенің бағамын еркін нарыққа қоя берді. Теңгенің өсетіні де, өшетіні де әлі толық белгісіз. Ізденген адамға сылтау жетеді.

    • #23
    • мм
    • сн, 02/09/2015 - 7:00

    Келимбетов Марченка былыктырган бокпен алысып, атын кирлеткенше оз жиган богымен алысып, уйинде жатпайма.

Пікір қосу

  • 8 + 23 =

Вход