Мәдениет-әдебиет

«ЕШ ЗАМАННЫҢ МАҢДАЙЫНА СЫЙМАҒАН»

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

немесе Таласбек, Бредбери һәм Абай мұңы

Антиутопиялық проза өкілі Р.Бредберидің «451° фаренгейт бойынша» фантастикалық романы ХІХ-ғасырдағы әлем әдебиетінің негізгі контуры – «ҚҰДАЙ БАР МА?» деген ортақ тематикаға жазылған сюрреалистік, абссурдтық,   утопиясы шыңырау әдебиеттің аяғын ала бере, Толстой мен Достоевскийдің құдай іздегіш кейіпкерінің ізін ала бере, заңды жалғасындай ерен интелектілігімен көзге түсті. Р.Бредберидің – құндылықтар күйреуі мен адам жадының жұтылуы туралы романы "фантастикалық" жанр деп таңбаланғанымен, арт-хауысты гипперреалистік роман деуге болады.

Күнделікті күйкілігін, күрделі тағдырын бір кейіпкермен, бір оқиғамен жазып шығуға бейіл қазақ әдебиетінің, уа әдебиетшілерінің арасында – бергі жағалауда отырып, рухымен арғы жағалауда ғұмыр кешкен Таласбек Әсемқұловтың "Талтүс" романы – Бредбери романымен бір аспанға, бір аралға екі белдеуден келіп қосылғандай әсер береді. 1953 жылы алғаш жарық көрген Бредберидің романы – қоғамда үлкен резонанс пен бүлікті ой туғызды, һәм антиутопиялық фантастика ныспылы романның кемел көрегендігін аса көп жазғыш Бредберидің кезекті бір бөспелігіне сайды. Шындық өзінің түсін, киімін өзгертіп алса да, ол шындық. ХХІ-ғасырда интелектуалды әдебиетке бет бұрыңдар деп нұсқаған Ж.Аймауытовтың («Елес» әңгімесі)  ескертпесін құлағына ілмеген дәстүрлі әдебиет өкілдері жазудың ілкілік үрдістерінен айнымай бір ізбен жазуды – жазу деп ұғады. Жазу деп ұққасын – жазудан жазатайым тайғандарды жазалағысы келеді. Көптің жазасы, егер ол тек қазақ қоғамына тиесілі жаза десек – онда ол кеберсіген ернін қыршыған үнсіздік болар еді. «Оқығам жоқ».

Рей Бредберидің «451° фаренгейт бойынша» романында «қоғамдық сананы оятуға болмайды, адамзат неге нәсілдік, озықтық, болмыстық жағынан ерекшеленуі тиіс, адамдар бірдей болсын. Кітап оқылмасын, оқылған кітап артық ой тұғызады. Ал, ойлаудың қажеті жоқ» дейді. Ойлауға бекінгендер қауіпті, олар меңірейген тобырға қозғау салады. Олардың көзін дереу құрту керек. Ал, тірідей өліктердің ортасынан жырақталған саналылар қаланың шетінде, ұсқынсыз үйсіз-күйсіз ғұмыр кешеді. Барлығы бір-бір кітапты оқып жаттаған. Әрбірі – бір кітап. Тіпті, ол кітапты ұқты ма, жоқ па айырмасы жоқ. Арасында, адам есін, естелігін тірілтетін сұйық зат ойлап тапқан профессор да бар. Әр кітапты оқыған адамның миынан ол ақпараттарды кез келген уақытта ақтарып ала алады. Ал, "Талтүстегі" жағдаят мүлдем бөлекше. Әрқайсының көкірегіне толған күмбірлі жыр, шежіресі, қазақ даласының үрдіс-үлгісі бар - әрқайсысы бір кітап. Түртіп қалсаң арқырай кетеді. Мейірім мен ізгіліктің, Құдайы дүниятанудың көзі. Бірақ, азғын отырықшылар бұлақтың көздерін бітеуге барын салды. Даңғайыр даланың қатталмаған, қабатталмаған кітаптарын озбырлықпен өрттеп жіберді. Бірақ, көнелерден қалған үрдіс бойынша, алғырт шәкіртке құнды кітапты табыстау мұраты екі кітапта да айтылады.

Қазақ пен өнер бір ұғым еді, алайда ортасын бөле жарған қоғам - ол асқақ өнерді этнография, экзотика көзіне айналдырды. Бағзы зардан нышан қалмады, мұңды әуеннің өзі эстрадалық нақышта айтылады.

Талас Әсемқұловтың бүкіл шығармашылығында бағзы заманның «адамзатты қалай ілгері бастаймын?» деген ежелгі мұңлықтардың әз арманы бүк түсіп жатады. Бірақ, күйреген, тоқыраған рухты қайта батпағына лақтырып түңіліс түнегіне тастамайды, өзіңнің кім екеніңді, қайдан екеніңді, қайтпек керектігін  әдеппен түсіндіріп бағады. Қайғы да, қасірет те, құса да әдеппен айтылуы керек дегенді "Тәттімбет" романында Қызылмойын Қуандық күйші айтады: "Айдын көлің суалып, қара орманыңды өрт шалғанның өзінде күй-күй болып қалуы керек. Жұрт көзінше шашын жұлып жылаған әйелдің зарынан, туырлықтың астында көз жасын ешкімге көрсетпей сыңсып жылаған арудың қайғысы әлдеқайда биік. Қасіретте де әдеп бар".  "Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме" - Абай айтқан оптимизм сайрап тұр. Т.Әсемқұловтың қайсібір шығармасы - "Арылу", "Тораңғыл", "Бекторының қазынасы", "Тәттімбет" сияқты шығармалары – рух түлету, рух жағырту, рухани сілкініс пен ояту болып шығады.

Р.Бредберидің тұмса арманы да сол – рух оянса, рух түлесе – адам өзінің ғарыштық ғайыбы дәрежесін білсе ғой – «адамға періштелер сәжде қылған» (Шәкәрім) дәрежесіне көз жеткізсе ғой – бұл дүниенің өзі Құдайыңның құшағы емес пе кен деп тәмсілдейді.

"Талтүс" өнерге құлшынғанға оқулық сияқты, алайда, рухтың кеңдігі, тақырып ауқымы тұсынан қазақтың биографиялық ғұмырын шерткендей эпикалық тынысы бар. Бүгінгі әдебиеттаншуылардың көзқарасында, "Талтүс" пен "Тәттімбетте" бөле жарылған өзгеше формалық жаңалық жоқ. Дәстүршілдік аңқып тұр. Рас, Таласбек сөзсіз Абай мектебінің өкілі, бірақ Таласбекте "жаман" мен "жақсыны" даралап, екі жақты үнемі теңдікте суреттеу жоқ, (яғни, өмірді өлімге қарсы бейімдеу жоқ) ол жақсы мен жаманды қатар сүйетін, жақсы мен жаманды бөле жармайтын - ортасына өткел қойып, өмірдегі өлімді өткерген, өлімдегі өмірді түйсінген, рухтың қалғуын – түртіп оята алған – "мейірім" үлгісімен жазған жазушы. Өйткені, жазушының бойында әр жандының, әр құбылыстың бойын, тегін тінткен көреген абыздықтың сәулесі бар ("Интертескт", "Интернет туралы", "Сұлулықта ояну" мақалалары негіз). Әжігерейге қатты қабағымен тесірейетін Күбағила да автордың мол мейірімділіген аса бай образға ие болады. Күлбағиланың бала кезіндегі жүрегін осқылаған суық жанарынан, арқасын мұздай қылатын озбырлығынан аршып алады. Кешіре салады. Құдайы өнер деген осы шығар. Қазақта халық әні, халық күйінің көп болуы да – аттың емес, заттың мәртебесі, құндылықтың халық атын жамылуы, ұлт үшін жасалуында -  құдайлық мінез бар. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал».  Бұл қазақ ізгілерінің Тәңірлік гимні болса керек. 

Бредберидің бір кейіпкері: «кітаптың сыртына қарап ішінен түңілмеңіз» дейді. "Әуелгі қорлар зор болды, сондай зорлар қор болды" деп толғанған Баласағұнның дегені келді. Кеудесіне том-том кітапты арқалап Сабыт, Сәруар, Ғазиз күйшілер, Ахметжан ұстадай кеудесі керуендер қор болды.  Таласбек Әсемқұлов кешкен заман Мақатаев кешкен дәуірден еш айырмашылығы жоқ. "Еш заманның маңдайына сыймаған"  Таласбек заңғарына жарға соқтыққан толқындай қайта-қайта соға береміз әлі.

Сағадат Ордашева

Abai.kz

24 пікір 3053 рет оқылды Қосылған: 25.09.15
    • #1
    • халық өкілі
    • сб, 26/09/2015 - 0:39

    Қазіргі кезде Таласбекті білмейтін қазақ көп.есесіне Қайрат Нұртасты білмейтін қазақ жоқ. Бир тусинбейтиним Таласбек кезинде Мұхтар Мағауиннің киллері деген атка ие болды.Неге Мағауиннің айтақтағанына ерді екен бул кісі?

    • #2
    • Берген
    • сб, 26/09/2015 - 0:50

    Саке, мынау бiр ой салатын дуниелер екен... Галамторда оларды табуга мумкiндiк бар ма екен?

    • #3
    • Оқырман
    • сб, 26/09/2015 - 14:47

    Осы еш заманның маңдайына симаған деп неге БӨСЕМІЗ???!!! Ол жазушы болды, шығармаларын қалдырды, басқа ертегілерді неге ойдан шығарасыңдар?! Иә, талантын, ойшылдығын, шығармасын мақтауға тұрса мақтаңдар, айтыңдар. Қолдан НЕГЕ ҚҰДАЙ ЖАСАЙСЫҢДАР?! Бірақ осы қоғамда оған ешкім кедергі жасаған жоқ қой, ішкілікке салынды деп бәрі айтады, оған қоғам кінәлі ме? Басқа елдердің ойшылдарымен салыстыра мадақтаңдар, бірақ оның жолы болмаған кезіне қоғамды да, басқаны да кінәламаңдар. Өзі ғана кінәлі. Мынадай мақаладан кейін оны оқығығың да келмеуі мүмкін.

    • #4
    • Зира Наурзбаева
    • сб, 26/09/2015 - 19:33

    Бергенге. Таласбектің жазып кеткенінің біразы осында. http://otuken.kz/index.php/talaslistofcat

    • #5
    • Сағадат
    • сб, 26/09/2015 - 20:24

    Берген Мергенұлы Таласбек Əсемқұловты ауадан іздесеңіз де табасыз!

    • #6
    • 6
    • сб, 26/09/2015 - 21:10

    Таласбек дарыны асып төгілген жазушы емес, Таласбектің ойшылдығы да терең емес. Таласбектің адамға тән көрген азын аулақ қиындығын Таласбекті мың орап алатын талантарда көрді. Қолдан данышпан жасау не керек. #3 сб, 26/09/2015 - 12:47 оқырман айтқан пікірге қосыламын.

    • #7
    • Қазақ
    • сб, 26/09/2015 - 21:53

    Түсінбедім Мақатаев өмір сүрген заманмен салыстырғанына . Мақатаевқа ол заманда барлық жол ашық болды ғой, кедергілер болса, солардың туындауына тікелей өзі кінәлі болды. Көзіміз көрді кей сәттердегі "жүріс-тұрысын". Қолдан жасанды бейне жасаудың қажеті не?

    • #8
    • төреғали қазиев
    • сб, 26/09/2015 - 22:28

    Надан қазақ генийлерін тірісінде танымайды, өлгенде де білмейді. Көп болса, Білмедік кадіріңді тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде, деп жазды Момышұлы үш молаға. Қаныштың, Ермұханның, Мұхтардың...

    • #9
    • айбек
    • сб, 26/09/2015 - 23:27

    Топас. Ішсе несі бар. Ол заманда бәрі ішетін. Тек кейбіреулер тығып ішетін. Ол ашық ішкен шығар. Бар болған соң ішеді, жоқ болса несін ішеді. Құдай ішпейтін малдардан сақтасын.

    • #10
    • 10
    • сб, 26/09/2015 - 23:54

    Жалпы арақ зиян. Ішкен күнә.

    • #11
    • Нұрлан
    • жб, 27/09/2015 - 9:46

    Таласбектің қадіріне жете алмадық, бағаламадық. Талтүсті оқып сосын ғана пікір айтыңыз. Күйшілігінің өзі зерттеуді қажет етеді, дауласкер күйші болатын. Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Талай дүние өзімен кетті. А.С. туралы толғауын тебіренбей оқу мүмкін емес...

    • #12
    • Айдос
    • жб, 27/09/2015 - 10:01

    Қайран Таласбек!!! Қазақтың падишасы едің, маңдайымызға сыймадың. Үйсіз күйсіз жүрдің. Тым болмаса өлгеннен кейін мұраларыңды жинақтап, таласбектанудың негізін қалайық, қор құрайық.

    • #13
    • Ай
    • жб, 27/09/2015 - 13:49

    Нұрлан мен Айдос дұрыс айтады.

    • #14
    • окырман.
    • жб, 27/09/2015 - 19:57

    Мен Кызылорда каласында барлык кітапханадан Таласбек аганын кітаптарын таппадым.Типти кітапханашылар ондай жазушы бар екенин де билмейди екен.Тан калдым тап-тауир жазушы .бирак артындагы мурасы биз сиякты жастарга кол жетимсиз .

    • #15
    • Букара
    • дн, 28/09/2015 - 10:05

    Осы еш заманның маңдайына симаған деп неге БӨСЕМІЗ???!!! Ол жазушы болды, шығармаларын қалдырды, басқа ертегілерді неге ойдан шығарасыңдар?! Иә, талантын, ойшылдығын, шығармасын мақтауға тұрса мақтаңдар, айтыңдар. Қолдан НЕГЕ ҚҰДАЙ ЖАСАЙСЫҢДАР?! Бірақ осы қоғамда оған ешкім кедергі жасаған жоқ қой, ішкілікке салынды деп бәрі айтады, оған қоғам кінәлі ме? Басқа елдердің ойшылдарымен салыстыра мадақтаңдар, бірақ оның жолы болмаған кезіне қоғамды да, басқаны да кінәламаңдар. Өзі ғана кінәлі. Мынадай мақаладан кейін оны оқығығың да келмеуі мүмкін.
    ------------------------------------------------------
    Ол казаки спорт емес пе? Бирак Таласбекты олай багалау можно, орысша айтканда есть предпосылки... Ал Алтынбек деген сумдык адамды, допустим, неге ҚҰДАЙ ЖАСАДЫ? Алтекен Рахаттан еш нарсесы омен емес!!!!

    • #16
    • Гүлеке
    • дн, 28/09/2015 - 12:03

    Оқуға тұрарлық дүниелерді тарату үшін дәл қазір дарынды менеджерлер керек-ау! Әйтпесе, оқырман қауым рухани ашығуда. Интернеті барлар оқыды дегеннің өзінде, қаптамаған сайттардан соны тауып алудың өзі жетектеуді қажет етеді. Яғни, бір мықты жетек керек оқуға, оқытуға...

    • #17
    • Сағадат
    • дн, 28/09/2015 - 12:19

    Гүлеке, таңдаулыны оқуда, оқытуда жетек керегі дұрыс. Сол үшін аузы дуалы адамдарды да тыңдап, оқып тұру ләзім. Таласбектің бүкіл танымын, тереңін прозасынан көре алмаған адам Отукен сайтындағы таңдаулы мақалаларын сүзіп шыққаны дұрыс. Байқасаңыздар, адамға ең қажетті, рухани азығы мол дүниенің рекламасы аз болады. Тіпті, қолыңа түсіре алмайсың. Ал, түкке тұрғысыздарды қайдан болсын таба бересіз. Интернеті бар ағайын, Отукен кз сайтына кіріп "Тәттімбет" пен "Талтүсті" таба аласыздар! Осы мақаланың ең аяғындағы бір абзац үшін қырылған халқымды сол абзацқа жеткенше оқығаны үшін бір құшақтап алсам деймін! Сіздер болмасаңыздар, бұл мақаланы ешкім оқымас еді!

    • #18
    • Асқар
    • дн, 28/09/2015 - 12:48

    Тәкеңмен 3-4 рет қана дәмдес болдым. Сөйлесе келе оның білімі керемет екенін сездім. Талай мұрағатты ақтарғанын білдім. Ол өзімен көптеген дүниені ала кетті.

    • #19
    • Әләй шал
    • дн, 25/01/2016 - 12:21

    Таласбекті білмей тұрып,былшылдаудың керегі не? тым болмаса тауып алып "Тәттімбетін" оқы.

    • #20
    • Танысы
    • бн, 28/01/2016 - 12:32

    Орыста: "категоричность первый признак тупости" деген сөз бар. Тәкең марқұм тым категоричный еді... Менікі ғана дұрыс деп танаурап кететін еді, қара жер хабар бермесін...

    • #21
    • Өскен
    • бн, 03/03/2016 - 10:57

    Таласбек талай күйді алтын қорымызға әкелді. Осынысымен ол бізге өте бағалы адам. Бүгіндері Астанада, Алматыда былшиып отырып алып ,түк бітірмей "Қазағым, қазағым"деп оттай беретіндерді көріп отырмыз. Қазақтың бағзы зиялылары өле өлгенше қазаққа қызмет етем демеп пе еді. Таласбек хал-қадерінше елге қызмет етті.

    • #22
    • Толымбек Сылдырбайұлы
    • дн, 03/10/2016 - 22:49

    Ассаламағалейкум, бауырларым! Әсілі, әсіресе қайтыс болған адамның соңынан да, сыртынан ғайбат сөз сөйлемеген, айтпаған абзал. Пайғамбарымыз Мұхамед-Мұстафа (с.ғ.с) хадисінде бар... Осы естеріңізде болсын... Айып етпеңіздер... Мойындауымыз керек, қаламгердің сыншысы шынайы оқырман және мәртебелі уақыт!!! Осы тұрғыдан келгенде, Таласбек Әсемқұлов табиғатынан талант, дарынды жан. Ана "Талтүс" романыдағы Әжігерей бала - Таласбектің өзі ғой! "Талтүс" кезінде "Сорос Қазақстан" қоры жариялаған бәйгеде жүлделі орын алған! Және өте дұрыс алған! Жүлдеге ылайық шығарма! Мен "Талтүсті" оқыдым. Жақсы шығарма! Онда бәрі бар! Қазақтың біз білмейтін, аты беймәлім ғажап күйшілерінің тағдыры, олардың өксікті өмірі, күй өнеріне деген махаббаты, кешегі ХХ ғасыр соңындағы қазақ ауылының өмірі, адамдар арасындағы сыйластық, құрмет, қаймағы бұзылмаған қазақтың дегдарлығы, несін айтасыз бәрі бар! Мен ойымды жеткізе алмай отырмын. Негізі "Талтүсті" қайталап оқу керек! Өте мықты роман!!! "Тәттімбет сері" романын "Жұлдыздан оқығам. Өкінішке орай аяқталмаған шығарма. Мұның сыртында Таласбектің 1980 жылдары жазған "Шымдан" хикаяты, "Кәрі ат", "Атайы", "Арылу", "Үш аяқты ит", "Болмашы әңгіме" әңгімелері керемет дүниелер! Бір сөзбен айтқанда Таласбек талантты еді, білімді еді! Қазақ халқына, ойлы оқырманға мол мұра қалдырды. Жуықта Алматыдағы "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС баспасынан (Директоры-бас редакторы Ж.Тойбаева) 5 томдығы шықты. Алла қаласа, келесі 2017 жылы тағы 5 томдығы жарық көреді. Яғни, 10 том!!! Бұл Таласбектей дарынның үлкен еңбегі! Осы томдарды шығаруға көп еңбек сіңірген, Құдай қосқан адал жары, белгілі мәдениетт, мифолог, философ Зира Наурызбаеваның еңбегі ұшан-теңіз! Сол үшін де Зира ханымға алғысымыз шексіз!!! Жалпы, Таласбек жазушы ғана емес, тамаша аудармашы, күйші, композитор, домбырашы, кино драматург һәм үлкен жүректі, айналасына жайлы, өмірге құштар, қазағын соншалықты жақсы көрген азамат еді!!! Соңының қайырын берсін!!! Артында Жансүгір атты ұлы, Хадиша есімді қызы қалды! Алла оларға ғұмыр берсін! Таласбектің осы көп томдығына мөлдіретіп, мағыналы алғысөз жазған белгілі сыншы, өнертанушы Әлия Бөпежановаға да көп рахмет! Алла риза болсын!!! Құрметті бауырлар!!! Қолдан келсе (келеді ғой), онсыз да азбыз ғой, хәкім Абай бабамыз айтқандай, "біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деген афоризмге айналған тәмісілін ұмытпайық!!! Тұлғаларымызды таниық, ұлықтайық, пендешілігі болып жатса, (мінсіз адам бола ма?) жағымызды ашпайық, жақсылығын айтайық, ұлтымызға жасаған еңбегін бағалайық!!! Бәрімізге 18 мың ғаламның патшасы, аса қамқор, ерекше мейірімді, жалғыз Жаббар иеміз-АЛЛА жар болсын!!!

    • #23
    • Толымбек Сылдырбайұлы
    • дн, 03/10/2016 - 22:56

    Таласбектің көп томдығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрген. Яғни, кітапханаларға тегін таратылады деген сөз. Астана, Алматы қалаларындағы, облыс, аудан орталықтарындағы кітапханалардан алып оқуға болады. Оның сыртында ОТУКЕН сайтында бар. (Зира Наурызбаева жайлы жазғанымда мәдениеттанушы деген сөз, қателесіп "мәдениетт" болып кетіпті. Айып етпеңіздер! Кешірім өтінем!

    • #24
    • Толымбек Сылдырбайұлы
    • дн, 03/10/2016 - 22:59

    ОТУКЕН сайтының дұрыс атауы; www.otuken.kz

Пікір қосу

  • 5 + 45 =

Вход