Болған оқиға

БАЙТҰРСЫНОВ "БАЛМҰЗДАҚТАРЫ" ЖАЛАҢАШ БИЛЕП ЖҮР

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Кішкентай күнімізде әжелеріміздің бейбастақтық жасап, еліріп, есерсоқтанып, сөзге тоқтамай кететін балаларға қарап, «топалаң тигір өңкей» деп ұрсып отыратынын жиі еститінбіз.

Көргенсіздер қай заманда да бар. Әсіресе, бүгінгі заманның көгермегірлері дәл ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінен шығады деп кім ойлаған?

Ғаламтордағы youtube.com видеохостинг сервисінде «студенттер ҚМУ» (https://www.youtube.com/watch?t=3&v=iyVtZYRp_2Uатауымен видео жазбаны көргеннен кейін жағамызды ұстадық. Бейне жазбада бір топ жастардың сахна үстінде анау-мынау емес… іш киіммен билеп жүрген сәті жазылып қалған. Қайда дейсіздер ғой? Ахаң атындағы білім ордасының сахнасында!

Ұят болса да айтайық, бұттарында іш киімнен басқа лыпа жоқ бір топ тыриған ер бала бөкселерін қиқаңдатып асыр салып жүр. Мына көргенсіздердің дені өзіміздің қаракөздеріміз. Ең сорақысы, бәрі қаумалап, орталарына бір қыз баланы (ол да қаракөз) алып, соны айналсоқтап, ербең-ербең, бұраң-бұраң етіп жүргенін сөзбен қалай жеткізсем екен? «Сиыр көзін сүзбесе…» десек қалай? Ал тепсе темір үзетін жастағы еркек атаулының «жібектей есіліп» жүргенін көргенде, «біртүрлі» ойлайды екенсің. Рас, жерге кіре жаздадым. Мынау арсыз көрініс студент қатарына қабылдау концерті өтіп жатқанда қойылыпты. Өзі 11 секундтық таспада небір тайраңның бәрі бар. «Мен Ахаң атындағы киелі білім ордасында жүрмін-ау» деген ой жоқ біреуінде. Тыртың-тыртың, ыржың-ыржың жүргендеріне мәз бәрі.

Міне, осы жүгенсіздіктің жай-жапсары жайында аталған оқу орнының бірінші проректоры Орынбай Тағаевқа барғанымда, ол кісі Астанаға шаруамен кетіп қалыпты. (айта кетейік, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ректоры басқа қызметке кеткендіктен, қазір орны бос тұр). Апарған хатымды тағы бір проректор А.Әбсадыққа қалдырғанымда, ол кісі оқиғаның болғанын қысқаша баяндап берді: «Университетімізде студент қатарына қабылдау шарасы өтіп жатты. Жюри құрамы қорытынды жасау үшін сыртқа кеткен кеткен кез. Сол мезетте көрермендерге үзіліс болып қалмас үшін жоғары курс студенттері мына әдепсіз қойылымды көрсетіп шыққан. Бірақ көп уақыт өтпей, ұйымдастырушылар оларды тоқтатып үлгерді».

Бұл проректордың ауызша айтқан әңгімесі. Артынша менің хатыма жауап келді. Ректордың міндетін атқарып отырған Алмас Әбсадықтың атынан. Бұл жерде оқиға басқаша өрбіп сала берген. Онда «Факультет ішінде жыл сайын өтетін «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасының дайындығы кезінде Инженерлік-техникалық факультетінің 1-курс студенттері әдепсіз билегені анықталды… Сахнадағы бұл жағдай, факультет ішілік дайындық кезеңінде болғандықтан, оның өтуіне жауапты тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары жұмыстан босатылды…» делінген.

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дегеннен аулақпыз, әрине. Расымен де Әбсадық мырзаға қарамағындағылары оқиғаны біресе олай, біресе былай жеткізуі мүмкін. Әйтпесе, университеттегі студент қатарына қабылдау шарасына қатысқан шәкірттер әлеуметтік желіде («Вконтакте») ондағы суретті жариялағанын көзіміз көрді. Сурет астына шараның жоғары деңгейде өткені туралы пікірлер де жоқ емес.

Расымен де университетте болатын шаралар осындай «деңгейде» өте ме, әлде студенттердің «деңгейі» соған сай болып кеткен бе, түсіне алмадық. Ал шәкірт қауымы 1-курсқа келмей жатып әдеттерін әдепсіз биден бастап жатыр екен. Ертеңгі күн әлгі бейбақ ұлдар диплом аларда бір-бірімен «біртүрлі» қол ұстасып, тіпті, тырдай жалаңаш келіп тұрса да, таң қалмайтын шығармыз.

 

Қыдырбек Қиысханұлы, Қостанай

"Қазақстан ZAMAN" газеті

Түп-нұсқадағы тақырып: "АТЫҢ ШЫҚПАСА - ЖАЛАҢАШ БИЛЕ"

25 пікір 3434 рет оқылды Қосылған: 09.10.15
    • #1
    • Айка
    • жм, 09/10/2015 - 10:04

    Казахстан ЖОО тек талiм-тарбие iсi гана емес, бiлiм сапасы да нашар екендiгi шындык. Акшаны уакытылы толеп турсан болды, анау-мынау жагдайларга коз жума караймыз. Дипломын алган тулектердiн кем дегенде 50% жумыска тура алмайтын, мемлекет тапсырысынан тыс керексiз, акылы жуйемен артык кадрлар даярлайтын ЖОО жабу керек. Аз да болса, сапалы бiлiмге, бiлiктi кадр дайындау саясатына кошу керек. Топас "бишiлерден" бiлiктi кадр турмак, толыкканды ел азаматы шыгады дегенге, оз басым сенбеймiн. Олар мангурттер.

    • #2
    • айтқыш
    • жм, 09/10/2015 - 10:14

    тарбие ісі жөніндегі декан орынбасарын орнынан босатқанша бүкіл басшылықты қайта тәрбиелеу керек. 1 пікір дұрыс айтад келмей жатып жалаңаш билеген арсыздар ертең қандай маман болады.

    • #3
    • ТӘРБИЕШІ
    • жм, 09/10/2015 - 10:29

    О КӨРГЕНСІЗ ҰЯТСЫЗДАР АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНАН ҚОРЫҚСАҢДАР ҚАЙТЕДІ! СТУДЕНТТІҢ ДЕ УНИВЕРСИТТЕТІҢ ДЕ ТАЛҒАМ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН. АҚША БЕРСЕ БОЛДЫ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙД АЛ СЕССИЯНЫ МЫНА КӨРГЕНСІЗЕР ОЙНАП ЖҮРІП ЖАБА САЛАДЫ СЕБЕБІ БӘРІ БІР БІР ҮЙДІҢ ЕРКЕ ТОТАЙЛАРЫ.

    • #4
    • ЕСЕКеңе
    • жм, 09/10/2015 - 10:48

    ұятты жерлерін жабынған қыздар туралы мақала шықса, жерден алып жерге салатын Есенғали, Тас, антиграфен деген кәпірлердің адвокаттары қайда?!
    неге олар үндерін шығармайды мына бассыздық туралы?

    • #5
    • Ермек
    • жм, 09/10/2015 - 10:55

    Есекен келедi казiр уйкысынан турсын

    • #6
    • Дуанбасы
    • жм, 09/10/2015 - 11:03

    Еркекке еркек, әйелге әйел артылатын заман осындайдан басталады. Еркекшора мен қызтекелер осылайша көбейе береді.Күні кеше 22 жылғы олимпиаданы өткізуге жолдама алсақ онда халқаралық талап бойынша гейлермен лезбянкаларға еркіндік берер едік. Сонда мына универстеттің көргенсіздері дайын "кадр" болып тұрар еді.

    • #7
    • оқушы
    • жм, 09/10/2015 - 11:14

    БҰндай тәрбие мектептен сол сол тәрбиемен универге келіп сол жерді былғап жатыр. Мына жалаңаш билегендердң бәрде қазақтар екен.Ал ана беті тілінгір қыз солардыың ортасында нестеп жүр. Жоғарғы оқу басшыларынн жаупақа тарту керек.БҰны министерства көру керек. Солар жаза берсе мына унивестет ректорларына.

    • #8
    • Трансаэро
    • жм, 09/10/2015 - 11:27

    Есағаң Антакиядан ұшып келе алмай айырпортта отыр, үш күн болды, біздің компания банкрот, рейстері тоқтап тұр.Есағаң жаяулап кеп қалар.

    • #9
    • Жанболат
    • жм, 09/10/2015 - 11:48

    Есенғали Антакия деген Қазақстандық па,әлде түркилық па? менінше Қазақстандық

    • #10
    • Ақтөбе
    • жм, 09/10/2015 - 12:45

    "Өркениетті боламмыз деп,тыштаңдап жатқандары ғой,қайтсын...

    • #11
    • Ерік
    • жм, 09/10/2015 - 13:09

    Орыс тілді мәңгүрт қазақтардан қандай тәрбие, мәдениет күтіп жүрсіздер? Бұл мүмкін бе?

    • #12
    • Есағаң мен Тасты ктейік
    • жм, 09/10/2015 - 15:28

    Ақылын солар айтсын.

    • #13
    • шора
    • жм, 09/10/2015 - 16:42

    ұят ай қазақтың тыриған қыз сияқты қылдырықтай балдары мен қыздары.тәрбие көрсету керек бұларға. куратрларымен декандарына сосын жоо басшылығына тәрбие бер қажет сиақты.

    • #14
    • Кокжендет
    • жм, 09/10/2015 - 16:48

    Светская обшество,демократия деген осы ма сонда?? Узын коилек кисе отсталая деимиз, Орамал тартса терарист,сакл шыкса вахобист,деп оштесип оршелене жазгырамыз.Сосын жасьар дурысы осы геи ,жезокше болсак модыдан калмаимыз дегенгои..

    • #15
    • Райхан
    • жм, 09/10/2015 - 17:27

    Орисша тарбиеленген жастаргой аке шешелери кинали уйинде орисша сойлейди .

    • #16
    • шыншыл
    • жм, 09/10/2015 - 23:54

    әрине мына сормаңдайлар көттерін қиқаңдатып билемей қайтеді орыс тәрбиесін көрген болса, орысша сөйлеп орысша ойласа. ал автор проректордың фамилиясын ӘБСАДЫҚ деп жазыпты ал ол ректордың міндетін атқарушы ретінде берген жауабында АБСАДЫК деген. ал хатты орындаған фамилиясын ТОЛЕШ деп. ректорларының өзі осылай орысша фамилиясын жазғаннан кейін студенттен не сұрайсың.

    • #17
    • маке
    • сб, 10/10/2015 - 2:12

    Ұят ай! Оресша оқығандардан шығды бұндай көргенсіздер!

    • #18
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 11/10/2015 - 8:18

    Біз еліктегіш ұлтпыз, ол - факт.
    Орысша сайрасақ, Пушкин мен Толстой көрлерінде өкіріп жылап жатады.
    Сауда жасасақ, өзбек ағайын қызғаныштан ай далаға қаңғырып кетеді.

    Жаңаөзенде жасайтын інім : "Аға, мал-жан аман ба ?" деп сұраудың орнына, "баяғыдай шашың бар ма ?" деп телефоннан сұрайды.
    Оған ағасы : "Ойбай, інім, шаш та бар, сақал да бар" деп жауап береді. Өзі алпысқа келген інімнің ойынша мен әлі Дин Ридпін.
    Ұл-қызыңды орысша оқытсаң, ешкімге өкпелеудің қажеті жоқ.
    Өзім ұлымды ондай аураудан (орысқа еліктеу) сақтап қала алдым.

    • #19
    • Замандас
    • жб, 11/10/2015 - 10:53

    Ей, Қыдырбек! Балалардың 11 секундтық видеосын әлемге жариялап, "түймедейді түйедей" етіп отырғаның қалай? Сенсация таптым деп ойлайсың ба? Проректордың ресми хатында түсіндірілген ғой. Бұл - дайындық кезінде болған көрініс деп. Жауапты адамдардың жазаға тартылғаны айтылған. Оның үстіне 1 курс студенттері кешегі мектептен шығып, енді университетке келіп жатқан жастар. Олардың тәрбиесі мектепте қалыптасқан. Жалпы, тәрбие алдымен отбасынан, сосын мектептен қалыптасады. Жоғары оқу орны олар бере алмаған тәрбиені жөндей алмайды. Мұны сен жақсы білесің. Өзің де оқыдың. Отқа керосин құйып отыратын баяғы Моңғолиядан алып келген оралмандық мінезіңді қоймапсың. Оралман болып оралып, аузы буылған өгіздей болып жүрген кезіңде сол университет емес пе сені оқытып, білім беріп, адам қылған. Өзіңді де, келіншегіңді де сол оқу орнынан білім алып, бүгінгі нандарыңды жеп жүрген жоқсыңдар ма! Саған қандай жақсылықтар жасалғанын білесің. Сен сияқты талай оралманға пана болды сол университет. Соны айтып жазбайсың ба, журналист болсаң. "Су ішкен құдығыңа түкірме" деген. Өзің оқыған білім ордасынан шала-жансар видео көре салып, жерден жеті қоян тапқандай әлемге жар салыпсың. Ұялсаң қайтеді?!

    • #20
    • Қазақ
    • жб, 11/10/2015 - 11:18

    19 - Замандас өте дұрыс жазыпты. Бұл пікірді осыны қоздырған "авторсымаққа" бірден айтып, әрі қарайғы әңгімені тиып тастау керек еді. Автордың кім екенін енді білдік.

    • #21
    • Шерад
    • жб, 11/10/2015 - 16:54

    Түрлі бəлені көргенде жағаңды ұстайсың. Барлығы да "қол жетімді" болды. GAP деген жазу геймін жəне соған жан- тəніммен мақтанамын деген сөз екен. Киіп жүрген қазақтың баласы. Өткенде əп-əдемі, жап-жас бала футболка киіп алыпты, қасында өзі құралыпты ірі денелі бала бар. Мына жазудың мағынасын білесіңба десем, білем дейді, - онда неге киесің? десем жай, əншейін деп мыңғырлап, қайқайды. Ата-ана діни сірə сауатсыз, былайда білімді надан. Нұр кз ашсаң күнде бір педофил сотталып жатыр. Мектеп қыздары анау аузы толы боқтық, төбелесу, бірін -бірі кемсітіп оны суретке, видеоға түсіріп етубқа жіберу. Масқара!

    • #22
    • сары бала
    • дн, 12/10/2015 - 10:54

    осы би дегенді қойса болады. бізде этика мүлдем жоғалды десек те болады. киімдерін шешпесе ае шешкендей билейтін жағдай еліміздің барлық жоғары оқу орындарында етек алған. керек десеңіз мектептегі кішкне ұл-қыздар солай билеп жүр.

    • #23
    • Автор
    • дн, 12/10/2015 - 11:38

    Мен #19 пікір жазған "Замандастың" кім екенін біліп отырмын - сол оқу орнының адамаы. Өздері мына видеоға қымсынып та отырған жоқ - "түймедейді түйедей" етіп" деп қояды. Көріп жүргендері сол болса, қайтесің енді. "баяғы Моңғолиядан алып келген оралмандық мінезіңді қоймапсың" депті. Бірінішіден, мінез болса жалтақтамай тура айтатын мендегідей мінез болсын, "Замандас". Екіншіден, "Оралман болып оралып, аузы буылған өгіздей болып жүрген" депсің. Мен оқушы кезімнен өзімді көрсетіп, басқасын айтпағанда оқушылар айтысын 3 мәрте жеңіп алып, студенттік есікті теуіп кірген жанның бірімін. Оны өзің де, ел де жақсы біледі. Үшіншіден, өз басым Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқыған жоқпын, олай шатылма "Замандас". Жеке меншік болса да Қостанай әлеуметтік академиясында оқыдым. Төртіншіден, "Саған қандай жақсылықтар жасалғанын білесің" депсің. Мен ешкімнен жақсылық сұраған жоқпын, академия басшылығы Алла берген азғана талантымды бағалады. Оны да жақсы білесің. "шала-жансар видео" деген немене? Тырдай жалаңаш емес, жартылай жалаңаш деген сөз бе, "Замандас"?

    • #24
    • Массаган
    • дн, 12/10/2015 - 16:51

    Құрметті сайт жазушылары Сіздерден өтінерім, барлық істің мән-жайына барып жазыңыздаршы. Сіздердің жазғандарыңыз біз секілді оқырмандарға басқаша жетеді. Ия, көз тая бере жасалған студенттік олқылықтарға неге шүйлігеміз. Бірнәрсе болса басшылар кіналі деп, сөге бастаймыз. Бастық деген біреу ғой, ал студенттер мың.. ол әдейі барып студенттерге осылай билеңдер демеген шығар. Баланың ісі шала деген. Ол биді жазып, Ахаңның отауына күйе жаққанша, жақсылығын айтып, жар салмайсындарма...Бүгінгі таңда университеттің атқарып жатқан игі істері шаш етектен. соның біреуін ғана айта салайын Қыдырбек мақтап отырған Академиясы кірмеген ГПИИР мемлекеттік бағдарламасына кіріп, еңтаңдаулы оқу орны атанды. Соны неге жазбайсыңдар, журналист мырза...

    • #25
    • Шеттен келген Керей
    • дн, 12/10/2015 - 17:16

    Ей,19/Замандас/,ойыңыз тым орамсыз болды.Жастардың жалаңаш билегені ақиқат.Соны біле тұра "Оралмансың" деп айдар тағып, айрықша кемсіту пенделік болар.Автор болған жайтты жазды.Және өзге өскелеңге өнеге болсын дегенді меңзеді.Сіз сол университеттің өкілі болсаңыз бір жақсы ақыл айтайын.Шырағым шындықты жазған адамды жазғырып,оралман дегеннен гөрі анау жалаңаш жүрген өңкей өнегесіз-тәрбиесіз немелеріңізді жөнге салыңыз...Тіпті мықты болсаңыз тасада тұрып тас атқанша аты-жөніңізді жазыңыз.Жолығайық

Пікір қосу

  • 7 + 43 =

Вход