Дей салдым-ау

ЖЕРДЕ «ЖҰЛДЫЗ» БОЛМАЙДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Телеарналардағы әртістерге арналған түрлі шоу бағдарламалардың атауына «жұлдыз» сөзінің қолданылғаны жөн бе? Байқасаңыздар, біздің телеарналарда осынау сөзді жалғап алған бағдарламалар тым көп-ақ! «Жұлдыздар жарқырайды», «Жұлдызды дода», «Жұлдызды шаңырақ», «Екі жұлдыз»... осылай кете береді.

Алдымен «жұлдыз» сөзінің мағынасына үңіліп алайықшы! Негізі «жұлдыз» сөзінің мағынасы (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі) - салмағы ерекше ауыр, аспан денесі. Ал, ағылшыншасы “star”. Бұл да аспан денелеріне қатысты атау. Сонда аспандағы жұлдыздар жерде қайдан жүр? Алдымен Батыстың «star» атауын әншілер жайындағы бағдарламаларға қолдана бастадық. Сосын оған қанағаттанбай болсын, болмасын әншілердің өздерін жұлдызға теңеу үрдісі белең алды. Қалың көрермен арасында өте танымал топтарға қолданылды. Кейін кезек бағдарламалардың атауына келді. Бұдан шығатын қорытынды- «жұлдыз» атауын қолданған да, одан әрі таратып жатқан да журналистердің өздері. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқайдың пікірінше: « Жұлдыз бен әншінің арасы жер мен көктей. Қазіргі кезде болмайтын жаңадан шыққан әншінінің өзін «жұлдыз» деп, өзіміз дайындаймыз. Олар көтеріледі, өседі, жарқырайды, кейін өшеді, сөнеді. Ал, нағыз әншіні халық қанша буын өтседе тыңдай беруі керек.

Қазіргі кезде қарапайым әнші қалмады! Бәрі «жұлдыз»! Ия, журналист ағайынның «арқасында» «жұлдыз» сөзін соңғы төрт-бес жылда жиі еститін болдық. «Жарық жұлдыз», «халықтың маңдайына біткен жұлдызы», «жұлдызды туысқандар» сынды тіркестер тіпті шаршатып жібергендей. Менің ойымша, халық арасында орынды-орынсыз қолданылып жүрген бұл сөздің кең етек жайғаны «Екі жұлдыз» бағдарламасынан кейін болу керек. Қазақстан арнасынан 2011 жылдан бастап көрсетілген осы бір теле шоу «Stars On The Stage» деген американдық бағдарламаның «жиені» десек те болады.. Ресейліктер оны «Две звезды» деп «жиендік жасаса, біздікілер көп қиналмай, дәлме-дәл аудара салды. Осыдан соң-ақ, қазақ даласының аспаны түгілі, жерінің үсті де «жұлдыздар» мекеніне айналып шыға келді.

Енді бүкіл ақпарат құралдарын, телеарналарды жаулаған «жұлдыз» атауынан құтылуға бола ма?» деген сауал туындайды. Сол БАҚ-тарда көзі қарақты, сөз қадірін түсінетін қазақ журналистері жетерлік. Және де көпшілігі басшылық қызметте. Білдей БАҚ-тың тізгінін ұстап отырған, қазақ журналисткасына жаныашыр Қайнар Олжай, Нұртөре Жүсіп, Бибігүл Жексенбай, Бағдат Қожахметов сынды аға-апаларымыздың осындай кеселмен күресуге қауқарлары жетеді ғой.

Қазақстандағы телеарналарда өнер иелеріне қатысты «жұлдыз» сөзін қолданбасақ ештеңе де бүлініп кетпес деп ойлаймын. Осы мәселені «Бас редакторлар клубы» қарап, бір-ақ сәтте «жұлдыз» сөзін қолданбауға шешім қабылданса қалай болар еді?

Назерке Шарападдин

Студент

Abai.kz

32 пікір 2076 рет оқылды Қосылған: 16.11.15
    • #1
    • Ерсін, Қазақ елінен
    • дн, 16/11/2015 - 15:45

    Қазақтар үздік әншілерін сал, сері деп дәріптеген. Ал енді орыстарда Кремльдің "звездасы", октебреноктің "звездасы", Батырларының "звездасы" болды. Бір сөзбен айтқанда бұл орыстардың идеологиясы.

    • #2
    • Мен
    • дн, 16/11/2015 - 15:49

    Айналайын, "жұлдызды" жасап алған журналистер емес. Сол журналистердің орнын басқан әртістер мен сайқымазақ блогерлер. Журналистика баяғыда өлген. Қазіргі ТВ-ның саясаты бойынша жылтырақтың бәрі журналистің ролін атқара береді. Қазақ журналистикасы қазір жоқ Оның орнында сайтта отырған не түрлі "жұлдыздар" "блогерлер деген пәлелер. Олар сенсация ғана қуады. Блогерлердің ішінде қандай манадық иелері жоқ дейсің? Бәрі өздерін "жұлдыз" санайды. Журналистика бойынша өзгелерді оқытады. Міне, бүгінгі ақиқат. Ал әртіс-жұлдыздар инкубатордың балапандары сияқты, бір-екі клип түсіріп, фонограммамен ән айтса жұлдыз болып шыға келеді. Ар-ұят деген жоқ... Қазіргі қоғамдағы мәдени өмірдің сиқы осындай.

    • #3
    • Дымбілмес
    • дн, 16/11/2015 - 16:14

    ЖҰЛДЫЗ ДЕГЕНГЕ НЕГЕ ТАҢ ҚАЛАСЫҢДАР?! ҚАЗІР БАЗАРДАҒЫ ТУАЛЕТТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНЫҢ МАҢДАЙЫНДА НҰР ДЕГЕН ЖАЗУ БАР.
    ЖАРАСЫП ТҰРҒАН НӘРСЕНІ ҚАЙТАЛАСА НЕСІ АЙЫП?

    • #4
    • пікір
    • дн, 16/11/2015 - 16:16

    Кезінде Сәтбаев жарықтық ел аралап депутат болып жүргенде жергілікті бір басшы қатты мақтап жіберіпті. "Бұл кісі оқымысты, ғалым, академик тағысын тағылар. Оның үстіне керемет жазушы! Атақты "Абай жолы" романыны осы кісі жазған!" депті. Жанындағылар қатты қысылып Қанекеңе қараса, ол кісі ештеңе сезбейді дейді. Басын изеп мәз болып отыра бертіпі. Содан кейін жанындағы еріп жүрген қолдаушысы "Қанеке, қап-п, қатты ыңғайсыз болды-ау..." депті кешірім сұрағандай. Сөйтсе Қаныш ағай "Үндеме, тыныш отыра бер, әйтеуір "боқтап" жатқан жоқ қой, мақтап жатыр шамысының келгеніше" депті дейді.
    Сол айтқандай, "қоя берші, жастар әйтеуір көшеге шығып кетіп жатқан жоқ қой, әнші болам десе, бол берсінші" дегеннен басқа не айтамыз.

    • #5
    • Бір қазақ
    • дн, 16/11/2015 - 18:08

    Фонограммамен ән айту дегенді заң арқылы тоқтатса талай "жұлдыз" сөнеді.Жұрттың жүйкесіне салмақ түсіріп жүргендер жерге түсіп, "жұлдыз құртқа" айналып,жыбырлап қалар еді. Сондай заңды тез қабылдауға ықпал жасау керек.Нағыз жұлдыздар жарқырай түсер еді.Өнер өркендер еді.

    • #6

    • #7

    • #8

    • #9

    • #10

    • #11
    • біз
    • дн, 16/11/2015 - 18:41

    осы Бағдат Қожахметов деген орыстың жағымпазын қыстырмаңдаршы, жүрегім айниды

    • #12
    • Батырғали
    • дн, 16/11/2015 - 20:02

    Несін айтасыз, қазір фонографиясыз ән айта алмайтын әнші де, редактордың жазғанын сыдыртып,кейбірі қақалып оқитын тележүргізуші де өздерін жұлдыз санайды. Журналистік және мәнерлеп оқу шеберлігінен хабары болмаса да осындайлар кейбіреулерге кеуделерін керіп, дәріс оқиды. Бұл ит жоқта шошқа үредінің кері. Дәлірегі, әлеуметтік желілердің кесірі. Әлгілер суреттері мен пікірсымақтарына лайк басқандардың буымен өздерін жұлдыз санайды. Қайтерсің енді?

    • #13

    • #14
    • Ерлан
    • дн, 16/11/2015 - 21:36

    Халықтың нашар жағдайын білдірмес үшін,теледидардан әншісымақ пен сайқымазақтарды көрсете береді

    • #15
    • Ерлан
    • дн, 16/11/2015 - 21:36

    Халықтың нашар жағдайын білдірмес үшін,теледидардан әншісымақ пен сайқымазақтарды көрсете береді

    • #16
    • Ұлтжанашыры
    • сс, 17/11/2015 - 8:55

    Абай.кz үнемі әртүрлі тақырыптарды қозғап жатады. Бірақ осылар айтып жатыр екен-ау, жазып жатыр екен-ау, деп беті қызарған кейіпті байқай алмай жүрмін. "Қазақстанға" (ҰА) айтылған көп сын орынды. Үнді фильмдері туралы да, экранды "жұлдыздар" басып кеткендігі де, тілі мүкіс, оқиғасы сенімсіз сериалдары да көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. Иә, мәселе көтеріледі, бірақ шығып жатқан қорытындының жоқтығы қорқынышты. Көтерілген мәселеден нәтиже шықпауына "айыптаушы мен айыпталушы" да ойланатын уақыт жетті-ау...

    • #17
    • Жұлдыз
    • сс, 17/11/2015 - 10:43

    Қайнар,Нұртөре,Бибігүл,Бағдаттардың өздері де жанып сөнген, шала жұлдыздар ғой.Олар не жарытар дейсің? "Мен"- дұрыс айтады.Қазір,әсіресе,телевизияда журналистер жоқ.Олардың орнын әртіс сымақтар басқан. Блогер деген сауатсыздар өріп жүр.

    • #18
    • Жанашвр
    • сс, 17/11/2015 - 11:15

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #19
    • Жанашвр
    • сс, 17/11/2015 - 11:15

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #20
    • Жанашвр
    • сс, 17/11/2015 - 11:15

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #21
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #22
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #23
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #24
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #25
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #26
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #27
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:16

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #28
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:19

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #29
    • Жанашыр
    • сс, 17/11/2015 - 11:19

    Менімше телевидение басқаратын басшы бұрын əрітіс болғанға ұқсайды біздің елімізде басшы командасымен келмейме

    • #30
    • Жұмахмет
    • сс, 17/11/2015 - 12:27

    Жұлдыз өздігінен жарқырай алмайды. Машинаның жарығы түскенде қызарып тұратын катафот сияқты. Күннен қарыз алып сәуле шашып тұр. Және жұлдыз тым алыста, жарығы жерге түспейді. жылуы жоқ, болса да жерге жетпейді. Сондықтан жұлдыздар көп болғанымен ешкімге пайдасы жоқ. жарығын, жылуын шашып жүрмегеннен кейін жұлдыз болудың не керегі бар.

    • #31
    • Арман
    • сс, 17/11/2015 - 12:37

    Әншілері халықтың жағдайы жақсы деп жүрген- алааяқтар

    • #32
    • Арман
    • сс, 17/11/2015 - 12:38

    Әншілері халықтың жағдайы жақсы деп жүрген- алааяқтар

Пікір қосу

  • 4 + 2 =

Кіру