Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 5649 0 пікір 27 Қараша, 2015 сағат 19:43

РОСКОСМОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚЫСҚАРТЫП ЖАТЫР

2015  жылдың басынан бері қарай Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласында 600-ден астам маман жаппай қысқартулардан кейін жұмыссыз қалған.  Бұл туралы «regtv.kz» порталы  «Алматы» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Байқоңырдағы жаппай қысқартулар туралы әңгіменің ауаны пайда болғанда, қазақстандық БАҚ мәселенің мән-жайын білмек болып,  Қызылорда облысы әкімдігіне хабарласқан. Ал Қырымбек Көшербаев мырза жетекшілік ететін  әкімдік өкілдері  жыл басынан бері қарай 641 адамның жұмыстан босатылғанын растап отыр. Олардың ішінде (Ресей жалдап отырған Байқоңыр ғарыш айлағындағы жұмыстан қуылғандардың) 409-ы Қазақстан азаматы екен (http://regtv.kz/kyzylordinskaya-oblast/sotszashchita/item/5828-na-bajkonure-idut-massovye-uvolneniya-sluzhashchikh.html?_utl_t=fb).

Ал Көшербаев кабинетіндегі мамандар Қазақстан азаматтарының қысқартылуын, ресейлік ғарыш агенттігінің қаржыландыруды тоқтатуымен байланыстырады. Әкімдік қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, «Роскосмос» агенттігі Байқоңырды жалдап отырған жылдардан бері қарай, қаланы көркейтугет (абаттандыруға) «бір тиын» да бөлмегенін айтады. Сонымен қатар, қаладағы перинатальді орталықтың 240 қызметкері бірнеше жыл қатарынан жұмыссыз, үйде отыруға мәжбүр болған. Себебі, тағы сол «айлықты» жалға алып алып отырған «арендаторымыз» түрлі сылтаумен 2008 жылы ашылған орталықты өз баллансына алудан бас тартып келген.

Ал өңір басшысы Қырымбек мырза Көшербаев, Астанаға арнайы барып, «Роскосмос» үстінен шағым түсірген. Сондағы уәжі, Байқоңыр қаласын жалға беріліп отырған «айлақ» обьектісінен шығарып, облыс активіне қосып алу болса керек. Дегенмен, Көшербаев уәжіне құлақ асқан Астана жоқ.

Әкімдіктегілердің айтуынша, осыдан кейін облыстық әкімшіліктің селекторлық отырысында ғарыш агенттігінен қуылған қызметкерлерді өзге жұмыс орындарына орналастыру мәселесі талқыланған. Қазіргі таңда жұмыссыз қалған Қазақстан азаматтарының 75-іне Көшербаев мырза қызметке алыпты. Дегенмен, тағы 350-дей адам екі қолға бір күрек таба алмай отырғаны жасырын емес. Иә, дейміз-ау, Көшербаев мырза өз елінде, өз жерінен, өз қызметінен қуылған қызметкерлердің барлығын жұмыссыз қалдырмауға уәде беріпті. «Керек болса, келер жылы тағы 1,5 мың адамды «биржаға» аламын. Мен жағдайды бақылауда ұстап отырмын»,-деп ант-су ішкен әкімді айыптау ойымызда жоқ. Тек Ресей билігі тағы да уәдесінен тайқып, жалға алған жерді  (яғни, «Роскосмос» активіне тиесілі жерді) ақша бөліп, абаттандырудың орнына, қазақстандық қызметкерлерді қысқартып жатқаны қанымызды қайнатады. Әкелеріміз айтатын, «әй, дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деген осы ғой. Әй, бірақ, Ресейдің «Роскосмосы» Байқоңырды ескі-құсқы  пратондарын құлатып, улы «гептилмен» халықты улап жатқанда үндемеген үкімет (әлгі айтып отырған Астана) Көшербаевтың сөзіне пысқырып қарасын ба?!

Оның үстіне, ҚР Статистика комитеті таратқан ақпараттарға сүйенсек,  Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жұмыссыздар саны 441 мың адамнан асып жығылған.  Рас, комитеттің осы жылғы он айдағы мәліметтері бойынша, жұмыссыздық деңгейі еңбекке жарамды халық санының 4,9 пайызы болған екен (ДАТ газетінің дерегі).

Осы ретте, тақырыпқа тұздық ретінде тағы бір дерекке назар аударғаныңыз жөн. 015 жылдың үш тоқсанында жұмыстан қысқарған азаматтар саны былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда үш есе көп (http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_reducing/27313910.html). 

Түйін: Егер Астанадағы ақ жағалылар Көшербаев зарына құлақ түріп,  қысқартуға ұшыраған қазақстандықтарға көмек қолын созбаса,  «аренда» ақысын төлеуден жалтарып отырған алаяқ Ресейден еш бір қайыр жоқ екені анық.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516